Реферат тақырыбы: «Концептуалдық метафоралар»



бет1/4
Дата07.01.2022
өлшемі103 Kb.
#18218
түріРеферат
  1   2   3   4

Пәні: Когнитивтік лингвистика

Мамандық: 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

РЕФЕРАТ


Тақырыбы: «Концептуалдық метафоралар»

Көкшетау, 2014

Жоспар
1. Кіріспе3

1.1 Метафораның тілдік құбылыс ретіндегі сипаттамасы

2. Негізгі бөлім

1.2 Метафораны зерттеудегі когнитивтік бағыт

1.3 Концептуалды метафоралардың тілдік табиғаты

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



І. Кіріспе

Қазіргі қазақ тіліндегі аталым тәсілі ретінде метафора белсенді қызмет атқарады. Аталым бірліктердің уәждемесін, ішкі мағыналық құрылымының түзілуін қарастырғанда олардың тілдік сипатымен қоса танымдық негізі де назарға ілігеді. Тілді жаңа бірліктер ең алдымен аталым қажеттілгін өтеу үшін туындап жатады. Сондықтан, бірліктердің жасалуы тіл қолданушының өзін қоршаған әлем нысандарының тілдік бейнесін түзу мәселелерімен байланыстыра зерделеуді талап етеді. Сөзқосым бірліктердің аталым нысаны ретінде көбінесе заттар мен құбылыстар ұқсастығының негізінде жасалатыны белгілі. Сондықтан да, метафора аталым тәсілі ретінде терең зерделеуді қажет ететін мәселелердің бірі болып табылады.

Метафора дәстүрлі зертеуде көбінесе тілді көркемдеуші құрал ретінде танылады. Ол көркем әдебиет пен шешендік өнердің адресатқа әсер етуі қызметі тұрғысынан зерттеліп келді. Оның тілдік сипатына соңғы уақыттарда ғана көңіл бөліне бастады. Бұл ретте, ең алдымен метафораның адамның ойлау үрдістерімен байланыстылығы және тілдегі әлем туралы білімнің бейнелену заңдылықтарына қатысы ескеріле бастады. Оның тек қана көркемдеуші құрал емес, сонымен қатар тілдің лексикалық, сөзжасамдық сұранысын өтеуші құрал екендігі анықталды. Тілдің күнделікті қатысымдық қызметінде кеңінен қолданылатын метафора шынайы өмірдегі нысанадарды атауда тиімді тәсіл болып табылады. Адам күнделікті тілдік қолданыста өзінің бай тәжірибесі арқылы жинақтаған білім қорын кеңінен пайдаланады. Заттар мен құбылыстар ұқсастығы арқылы метафора жинақтаған білім қорын белгілі бір мақсатта аталым қажеттігіне сай қолдануға көмектеседі. Метафораның аталымдық сипатын ашу – қазіргі тіл білімінде зерделене бастаған мәселердің бірі.

Тіл білімінде метафора мәселесі көне ойшылдар Аристотель, Цицерон, орыс тілі зерттеушілері А.А.Потебня, В.Г.Гак, В.Н.Телия, Н.Д.Арутюнова, В.К.Харченко т.б.; қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы, М.Балақаев, Б.Хасанов, Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы, Б.Қалиев, Б.Қасым т.б. зерттеу еңбектерінен орын алады.

Аристотель алғаш рет метафораны ұқсастық негізінде сөз мағынасының өзгеруі деп көрсетеді. Цицерон оның тілге қажет ұғымдарды атау қабілетін басты назарға алады. Метафора табиғаты әлем лингвистикасында адамның білім қорының құрылымдық сипатымен байланыстыра қарастырылады. Тілдің ойды қалыптастырушылық маңызын басты бағыт етіп алған А.А.Потебня метафоралық ауысуды тілдік семантиканы дамытудың бір құралы ретінде таниды. В.В.Гак, В.Н.Телия метафораның аталымдық, когнитивтік қызметіне баса назар аударады. Н.Д.Арутюнова бұл құбылыстың тілдік аспектілері: бейнелілігін, қолданымдық сипатын ашады. Метафораның мағына дамытудағы маңызы туралы А.Байтұрсынұлы, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиұлы, М.Балақаев құнды пікірлер қалдырған. Оның қызметіне, қолданысттық ерекшеліктеріне Б.Хасанов зерттеу еңбегін арнаған. Әлем тіл білімі метафораның адамның ойлау үрдісін қалыптастырушылық қасиетін ескеріп, оны басқа қырынан қарастыруды алға тартады. Соңғы уақыттарда бұл тақырып когнитивистикамен айналысушы ғалымдардың терең қызығушылығын тудырады. Тілдік бірліктердің жасалуындағы адам танымы, дүниені қабылдауы, оны тілде бейнелеуінде метафора маңызды қызмет атқарады. Метафора ұғымдарды қалыптастырады және дайын таңбалар арқылы оларды атайды. Когнитивтік феномен ретінде танылған метафораның аталым жасаудағы маңызы туралы Б.Қасым: «Метафора аталым тұрғысынан бейнелік қасиетінен өтіп тек ұғымға атау беру қызметіне көшеді»- дейді [1,41]. Сондықтан да, бұл тілдік құбылыстың аталым жасаудағы маңызы ерекше.

Батыс ғалымдары А.Ричардс, Ф.Уилрайт, Макс Блэк, Дж. Лакофф және М.Джонсон метафораның күнделікті өмірдегі, ойлаудағы, тілдегі маңызына кеңінен тоқталады. Тілдегі осы құбылыс жөнінде А.Ричардс төмендегідей пікір айтады: «Біз метафораны қолданғанда, санамызда екі түрлі зат туралы екі бөлек ой болады және сол ойлар бір сөздің немесе сөз тіркесінің ішінде өзара байланысқа түседі. Осы байланыс нәтижесі – жаңа мағына»[5,46]. Жаңа мағынаның туындауындағы метафораның қызметі орасан зор. Санада әртүрлі белгілері жиналып, бейне арқылы сақталған нысандардың тілде жаңа мағына беруі метафора арқылы жасалады. Зерттеушілер бұл құбылысты интерактивті теория, яғни екі нысан арасындағы байланыс арқылы мағынаның метафоралылығы шеңберінде зерделейді. В.Г.Гак, В.Н.Телия, Н.Д.Арутюнова метафораның аталымдық-когнитивтік маңызына баса назар аударады. Оның аталымдық қызметі тілдегі жаңа атаулардың осы тәсіл арқылы жасалуында көрінеді. Когнитивтік дегенде метафораның тілдік таңбалардың астарындағы білім қорын пайдалануы және сол арқылы жаңа ұғымдарды қалыптастыруы болып табылады. Сөзқосым бірліктерін адамның ойлау үрдісімен байланыстыра зерделеуде когнитивтік бағыт таңдалынады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет