Реферат тақырыбы: Махмуд Қашғари және оның «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі



бет11/12
Дата26.04.2022
өлшемі50.53 Kb.
#32429
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
ҚОРЫТЫНДЫ

«Диуани лұғат-ит-түрк» сөздігінің әдеби құндылығы сөздікте кездесіп отыратын дидактикалық сарындағы, оқу білімге, өнерге, әдептілікке үндейтін өлең-жырлар, адамгершілік, мораль мәселелерін қарғайтын маржандай тізілген мақалдар мен тарихи мекендердің негізінде құрылған аңыз-әңгімелердің жиынтығында жатыр.

«Мақсатым-талапты жас іздемпаздарға дәл бағыт-бағдар сілтеп, ілім-білім болашағына барынша мол көмектесу. Пікірлестерімді толық риза еткендей, керегіне жауап беру,»-дейді. «Диуани лұғат-ит түркті» құрастырған автор. Бұл еңбегіміздің маңызын, мақсатын автор осылайша өз аузынан дәлме-дәл түсіндіргендей. Түрік сөздігімен ондағы әдеби үлгілер сол заманның рухани келбетін толықтай тануға мүмкіндік береді. Ондағы әдеби үлгілерді жанрлық ерекшеліктеріне қарай үш бөлімге топтадық.

«Диуани лұғат-ит түрктегі өлең-жырлар» деген бөлімінде өнегелі, өсиетті, табиғатты, ғашықтықты, ерлікті жырлайтын, өлеңдерге талдау жасалды.

Табиғат жырларынан көрініп отырған сюжеттер туған жерге деген іңкәрлікті, ерлікті мадақтайтын өлең-жырлар қаһармандықты байқатады.

«Орта ғасыр түркі шешендігі» деген бөлімінен сөздіктің әдебиет әлеміндегі рухын тануға болады. Үлгі-өсиетке таяп мақал-мәтелдер, нақыл сөздер мен өрілген шешендік дәстүрдің шоқтығы көрінеді. «Жинақтағы аңыз-әңгімелер» деген тарауында түркілердің тамағына, мекндейтін жерлеріне, тарихи тұлғалардың негізінде құрылған аңыз-әңгімелердің маңызына тоқталдық. Жалпы М.Қашқаридың «түрік сөздігіндегі» әдеби үлгілер рухани адамгершілік ізденістер аясындағы түрлі мәселелерді толықтай қамтитын, тарихтың көне парақтарындағы көмексі бейнелерді айқындай түсуге мол көмегі тиетін бай әдеби мұра.

М.Қашқари еңбегінің әдебиет тарихындағы баға жетпес мәнін М.Қашқаридың өз сөзімен айтар болсақ: «түркі ұлыстарының ерте дәуірден бергі бастарынан кешкендерін сараптап, атадан-балаға мирас боп келген, зар шеккен әдемі сөз өрнектерін теріп шықтым. Өміркөріністерін жақсы баяндайтын өлең-жырларынан, шаттық қуанышымен қасірет қайғысын қамтитын терең ойлы мақал-нақылдарын үлгі ұсындым. Оқыған адамдар бұл меруерт сөздерді пайдаланып,өзінен кейінгі ұрпаққа мирас етер деп үміттендім. Міне осылайша лұғат кітабын атадан балаға ел қазынасын жеткізер қымбат мұра боп мәңгі сапарға аттандырдым»-деп сөздіктің мәнің түсіндіреді.

Жалпы алып қарағанда, түркітану әлемі бойынша түркі халқтары мен тайпаларының, олардың ру-ұлыстары мен үрім-бұтақтарының тарихын (азаматтық тарихы мен мәдени әлеуметтік өмірін) оқып үйрену үшін және оларды зерттеп білу үшін ертеректе ұлдары жазып қалдырған мұралар –біздің «Теңіздің терең түбінде жатқан асылдарымыз» [9.137]

Түрік тілінің мәуелі бұтағы қазақ тілі қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде дамудың өзгеше белесіне қанат жайды. Тіл білімінің теориялық, тәжірибелік маңызы ерекше артты. Тіл тағдыры, тіл шеберлігі, жалпы тіл білімі мәселесі елдік, мемлекеттік маңызға ие болды.

Махмұт Қашқаридың өлмес мұрасы ата мекеніміздегі рухани тулеулердің заңды туғыры, кемелдікке бастайтын алтын бесігі санатты. «Түрік сөздігі» ұлттық мәдениетімізді, тіліміздің мәртебесін көтеріп, беделін бекітетін өркенді кітап.

Бұл баға жетпес асыл қазынаны зерттеу, ел игілігіне айналдыру рухани тіршіліктің бұрын соңғы өзіміз аңғара қоймаған тосын да тың, әрі тіл мәдениетіміздің ежелгі замандарда ақ күретамыр өзегіне нәр болып байланған бірегей қасиеттерін аша түседі. Түрік дүниесінің құнарлыда тегеурінді өркениет елінің тунық тұма, терең кембелерінің көзін ашады. Сол арқылы біз дүние жүзілік түтас бір өркениеаттағы өзүнімізді танып, өз тінімізбен қауышатын боламыз.

«Түрік сөздігі» арқылы Орхан-Енисей жырларының заманындағы мәдениет тынысына, Ә.Фараби мен Ж.Баласағұн өмір сүріп, өлмес туындыларын жазған кезеңдердің шығармашылық құпияларына жол табамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет