Реферат тақырыбы: Махмуд Қашғари және оның «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі



бет4/12
Дата26.04.2022
өлшемі50,53 Kb.
#32429
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Жұмыстың хронологиясы: Бірінші тараудың бірінші бөлімінде IX - X ғасырды қамтыса, екінші бөлімінде XIX ғасырдың аяғында - XX ғасырдың басын қамтыды.

Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық-педагогикалық, оқу- әдістемелік еңбектерге теориялық тұрғыда талдау жасау, жоғары педагогикалық оқу орындарында қолданылған әдебиеттерді зерделеу, озық тәжірибелерді зерттеу, сауалнама жүргізу, сараптау, тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелерін жүйелеу, статистикалық өңдеу.

I ТАРАУ МАХМҰТ ҚАШҚАРИДЫҢ ТАРИХТАҒЫ ОРНЫ

1.1 МАХМУД ҚАШҒАРИДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, ӨМІРІ, МАҢЫЗЫ

Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр) — түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан. Ғалымның туған, өлген жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен Бұқара, Нишапур, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.

Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.

Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік картасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет