Реферат тақырыбы "Өзбек халқының салт-дәстүрлері"



Дата06.03.2023
өлшемі19,42 Kb.
#72081
түріРеферат

Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі Е.А.Бөкетов атындағы қарағанды университеті
РЕФЕРАТ

тақырыбы
"Өзбек халқының салт-дәстүрлері"


Орындаған:


1курс студенті Есбол Бекжан
тобы:ГИ 22 1К
Тексерген:Түсіпбек.Қ.Е
Қарағанды 2023

Жоспар
1 Кіріспе


2 Өзбек халқының салт-дәстүрлері
1)Қонақ күту салты
2) Пахта
3) Ош
4) Хан-Атлас
5) Сүмәләк
3 Қортынды
1 Кіріспе
Бүкіл әлем халықтарында өзінің діні,мәдениеті,тарихы және салт-дәстүрі болады.Маңызды емес қандай ел болсын дамымай қалған тайпа болсын осындай құндылықтар кішкене болсын сақталады.
Бүгінгі талқылайтын тақырыбым салт-дәстүрлер болады,нақтырақ айта келсем Өзбекстан халқының салт-дәстүрлері.Өзбек халқы түркі тілдес халықтардың қатарына жатады. Өзбек халқында дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Кейбір дәстүрлі рәсімдер ғасырлар бойы тамыр жайып келе жатқанына қарамастан, олар бүгінгі күнде де өзекті болып қала береді. Ата-бабаларымыздың салт - дәстүрлерін құрметтеу өзбек халқы үшін жай ғана сөз емес, бұл этностың бүкіл өмірі. Ерте жастан бастап балаларды үлкендерді құрметтеуге, қоғамға лайықты мінез-құлық көрсетуге, білім мен еңбекке деген сүйіспеншілік тәрбиеленеді.
Қазақ және өзбек этностарына тән ерекшеліктердің бірі - қонақжайлылық. Келген қонақтарды дастарханға шақырмау немесе оларды дұрыс қабылдамау қазіргі күнде де көргенсіздік болып саналады. Және қонақтар үйге құр қол келмейді - үй иелеріне тәттілер немесе кәде сыйлар әкеледі. Қонақтардың отыруының да өзіндік мәні бар, адам неғұрлым құрметті немесе жасы үлкен болса, дастарханның төрі сол кісінікі. Үстелге әрқашан үйдегі ең жақсы тағамдар ұсынылады, ал сіз тамақтануды қысқа дұға қайыру немесе тамақтан алдын бір кесе шай ішу сияқты рәсімдерді орындағаннан кейін ғана бастай аласыз. Тамақтану шай ішу арқылы басталып, шай ішумен аяқталады. Осындай ғана кішігірім әдеттерімізден қарап-ақ қазақ пен өзбектің қандай жақын бағыттас елдер екенін аңғаруға болады

2 Өзбек халқының салт-дәстүрлері


1)Қонақ күту салты

Өзбек халқына тән қасиет олардың қонақжайлылығы. Өзбек халқында қонақ күту бәрінен де жоғары бағаланады. Қонақты күтпеу отбасын, туысқандарды, ауылыңды ұятқа қалдырумен тең. Қадірлі қонақты үй иесі есік алдынан тосып алады.Ерлер ғана бірі - бірімен қол алысып амандасады. Қол алысу барысында бір - бірінің денсаулығын, жағдайларын сұрасады. Ал әйел адамдар сәл иіліп, оң қолдарын жүрекке қойып амандасады.

Сосын қонақтарды үйге кіргізіп дастархан басына отырғызады. Отағасы қонақтарды төр жаққа отырғызады. Кез келген отырыс шай ішуден басталып, шай ішумен аяқталады. Алғашында үстелге тәттілер қойылады. Соңынан өзбектердің ыстық тағамы палау қойылады.

Қонақтарға шай құяды. Дәстүр бойынша өзбек халқы шайды шамалап қана құяды екен. Қонақ неғұрлым сыйлы болса, соғұрлым оның кесесіндегі шайы да аз болады екен. Бұл салт - дәстүр былай түсіндіріледі: келген қонақ үй йесінен көбірек шай сұраса, жақсы ырым болып табылады. Бұл үйді сыйлаудың белгісі. Егер кесенің түбінде кішкене шай қалып қойса, оны төгіп, жаңа шай құйып беру керек екен.

2) Пахта
Өзбек халқының дәстүрлі киімі бірнеше элементтер тұрады: шапан, кийкча деп аталатын белдік, жейде, шалбар, ерлерге арналған тақия. Әйелдер болса, хан-атластан тігілген көйлек пен шалбар киеді. Көбіне ұлттық киімдері «пахта» оюымен, яғни мақтамен сәнделеді.

Бұл элементті ұлттық өндірістің белгісіне ғана емес, «ақ алтынға» да теңейді. Орта Азияға мақта Батыстан Алдыңғы Азия мен Қытайға қарай өткен сонау байырғы сауда-керуен жолымен келген. Мақта дәні Орта Азияға өзге елдерден осылай жеткен екен.

Сол кезден бері пахта өзбек халқының қолданбалы өнерінің барлық түрінен ойып тұрып орын алды. Мейлі ол ойып жасалған есік, кілем тоқу, қыш бұйымдарды әшекейлеу болсын, бәрінде қолданылады.

Сонымен қатар өзбек орнаментологиясында бәрінің мән-мағынасы болады: анар — байлық пен молшылықты, бадам — сәттілікті, пышақ теріс күштерден сақтаушы болса, бұршақ бұрыш өмірлік күш-қуат беріп, көз тиюден сақтайды деп сенген.

3) Ош
Палау немесе ошпен бәрі жақсы таныс десек, артық болмас. Өйткені ол өзбек асханасының өзіндік ерекшелігі саналады. Түп төркіні тым тереңге кетіп қалғаны сонша, палауды тұңғыш рет кімнің қашан жасағанын анықтау мүмкін емес.
Дегенмен ел ішінде бұған қатысты бірнеше аңыз бар. Соның бірі мынадай: парсы ғалымы әрі медицианың атасы — Абу Али Ибн Сина яки Авиценна бірде емдік қасиеті бар әрі нәрлі тағам әзірлепті деседі. Құрамында қуырылған құйрық май мен пияз, жас ет, тәтті сәбіз, күріш және хош иісті зира болған екен.

Енді бір аңызда дәстүрлі тағамның шығу төркінің жас қолбасшы Александр Македонскиймен байланыстырады. Самарқанға қолбасшы болып келген ол осы аймақтың қызығына ғашық болып, той жасайды. Ал сол тойдағы бас тағам дәмі тіл үйіретін палау болыпты-мыс.

Арада қанша уақыт өтсе де, өзбектер арасында палау маңызын еш жоғалтқан емес. Оны отбасылық бас қосуларда, тойлар мен ас бергенде — кез келген жиында әзірлейді.

Қазақстандықтан палауды әдетте түсте не кешке жеуді әдетке айналдырған болса, өзбектер оны күн шыққан соң, таң намазынан кейін де жей береді. Тағы бір айта кетерлігі, палауды тек ерлер ғана жасайды. Әрі көк шай ішіп қойып отырып жейді.

Бұдан бөлек, Өзбекстанда әр аймақтың Палау әзірлеудің өзіндік тәсілдері барын да айта кету керек. Мысалы ферғана палауына күріштің сирек кездесетін сорты — девзираны қосса, самарқан палауын араластырмай, қабат-қабат қылып пісіреді, ташкент палауына ноқат пен мейіз қосатын болса, бұқар палауын жез қазанда, сорпа мен асылған ет қосып жасайды

4) Хан-Атлас


Өзбек халқының тоқыма тарихы ескі Марғыланнан басталады. Ханның жібек матасы туралы аңыз бойынша, Марғылан билеушілерінің бірі кедей тоқымашыға ғашық болып қалады да, бесінші әйелі етіп алғысы келіпті.

Қыззың әкесі ханның аяғына жығылып, өрімдей қызын жіберуін сұрап, жалынады. Сонда патша бір шартпен ғана жіберетінін айтыпты. Таң атқанша қыздың сұлулығынан асып түсетін, теңдессіз бір бұйым жасауға тапсырады.

Әбден қайғыға батқан ақсақал арық жағасына барып, ұзақ уақыт ойға шомады. Көзінен аққан жас болса, жаңбырмен араласып жатыр. Бір кезде нөсер басылады. Шал су бетінен аспандағы бұлтты байқайды. Қараса, бұлттар кемпірқосақ түстеріне боялып кетіпті. Содан басына тың ой сарт етіп, аспанға алғысын білдіреді.

Шеберханасына жол тартқан ол түнімен көз ілместен жұмыс істейді. Сөйтіп таң ата ханның алдына бұрын-соңды ешкім көрмеген, кемпірқосақтың барлық түсі араласқан, аспан сынды үлпілдек, ауа сынды жеп-жеңіл матаны жайып кеп жібереді.

Мұны көрген патша таң-тамаша болғаны сонша, тіпті алғалы жатқан қалыңдығын ұмытып, бостандыққа жіберуге келісім береді. Көз тоймайтын әдемі матаны содан бері ханның жібегі — хан-атлас деп атап кеткен деседі. Бұл атау сан ғасырдан бері сақталып келеді. Ханның жібегі көрген адамның көзін қуантады, киген адамның бойына биязылық бітіреді.

Түрлі-түсті жібек мата — өзбек мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Марғылан жібегі қайталанбас өрнегімен Шығыс пен Батыста аса танымал. Ұлы Жібек жолы кезеңінде құнды тауар саналды. Керуен жолымен оны Хорасан, Египет, Бағдат, Грекия және өзге де елдерге тасыған.Хан-атласты сый ретінде беріп, мұраға қалдырып, тіпті сауда келісімінде есеп айырысуға қолданған.

5) Сүмәләк
Орта Азияның басқа халықтары секілді, өзбек халқы да көктемдегі күн мен түннің теңескен күні — Наурызды тойлайды. Бұл уақытта Қазақстанда бірлесіп Наурыз көже әзірлеп жататын болса, өзбек халқының мұндай дәстүрлі тағамы деп сүмәләкті айтуға болады.
Мерекелік асты тартылған бидай дәндерінің шырынынан істейді. Оны өсімдік майына қайнатып, ұн қосады. Ал сүмәләк күйіп кетпес үшін қазанның түбіне бірнеше тас пен грек жаңғағын салып қояды.
Ол өте ұзақ қайнайды. Шамамен 20-24 сағаттай қазанда тұрады. Жаман ойдан арыла отырып, оның астына қайта-қайта араластыры тұру қажет.
Оны әзірлеп жатқанда би биленіп, ән айтылып, көтеріңкі көңіл-күйде болу шарт. Өйткені оны бір отбасы ғана емес, бір махалла болып бірігіп істейді. Әлгі тартылған бидай дәндері жабысқақ әрі тәтті қоспаға айнала бастағанда, суытып, одан соң кеселерге құйып беріп, көршілерге дәм татқызады.Бұл жолы дәстүрлі Наурыз тойын тойлауды карантин талаптарына сәйкестендіруге тура келді. Сөйтіп орталықта 400 келі күріштен палау пісіріп, 500 аз қамтылған отбасыны тамақтандырды. Арада бір ай өткен соң, сәуірде, орталықтың қызметкерлері мен еріктілері құрылыс, тұрмыстқ
және санитария құралдары бар екі фура тиеп, мақтааралдықтарға көмектесті.Құрбан айт қарсаңында этномәдени бірлестік жанындағы кәсіпкерлер қауымдастығы әдеттегідей, мұқтаждарға ет таратып шықты.

3 Қортынды


Өзбектер көне дәстүр, салт, ғұрпын осы күнге дейiн сақтап қалған ұлт саналады.Өзбектер ата-бабасынан қалған ескi дүниелердi қастерлеп, болашақ ұлт санасына сiңi­руге көп көңiл бөлген. Дүниеге келген сәтiнен бастап баланың бесiгiн ана тiлiндегi тарихи-эпикалық жырлармен тербететiн ата-анасы баласының нағыз өз­бек азаматы болғанын қалайды. Сондай-ақ отбасының өзге мү­ше­лерi де “өзбек баласы өзбекше тәрбиеленуге тиiс” деген ұстанымды сақтайды.
Қолданылған әдебиеттер
https://the-steppe.com/steppe-qazaqsha/zbek-hal-yny-siz-bilui-iz-tiis-5-d-st-ri
https://baq.kz/ozbek-oz-agam-qazaq-pen-ozbektin-bauyrlastygy-288449/
Узбеки. Этнос. Ассамблея народа Казахстана (орыс.). Қазақстан Халқы Ассамблеясының ресми сайты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет