Реферат тақырыбы: Қозғалыс белсенділігі адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуіндегі маңызды факторы ретінде



бет1/4
Дата27.02.2023
өлшемі36,06 Kb.
#70249
түріРеферат
  1   2   3   4

КеАҚ «Астана Медицина Университеті»
Реабилитология, спорттық медицина және дене шынықтыру кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қозғалыс белсенділігі адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуіндегі маңызды факторы ретінде


Орындады: Сапархан Мерей


Факультет: Жалпы медицина
Топ: 122
Қабылданды: Серик Байтаевич
Астана 2023
Жоспары:

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • Қимыл-қозғалыс белсенділігі

  • Адамдардың тірек –қимыл жүйесінің сипатамасы

  • Қорытынды

  • Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе
Адамның ерікті қимыл – қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді.Қимыл – қозғалыстарға үйретудің нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың қызығушылығына,оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәуелді. Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету процесінде оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер жасалғаны жөн. Алайда, ерікті қимылдарды бойға сіңіру процесінде қимыл тәжірибесінің шешуші рөл атқаратынын естен шығармаған жөн. Адамның ерікті қимылдарын жануарлардың шартты рефлекстерімен теңеуге болмайды. Жануарлардың шартты қимыл рефлекстері, әдетте, шартсыз рефлекстерді немесе олардың өзгертілген формаларын қайталайды. Ал адам іс - әрекеттерінің мақсатқа сәйкестілігі туа біткен рефлекстерді қайталауға жатпайды. Керісінше, ол жеке даму процесіндегі күрделі шартсыз рефлекстердің және қимыл – қозғалыстардың бойға сіңірілген жаңа формаларының бірлестігі болып келеді. Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері ең жоғары психикалық функцияларымен, сана сезімімен және ойлауымен байланысты.
Адам мен жануар үшін бірдей шартты тітіркендіргіштердің биологиялық маңызы мен күштерінің арасындағы ерекшеліктері өте маңызды. Сыртқы ортаның қандай болсын агенті адам мен жануарлар үшін шартты рефлекстердің жасалуына сигнал бола алады. Бірақ адам үшін сөз - өте жоғары маңызды сигнал.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет