Реферат тақырыбы: Педагогикалық технология терминінің мәні туралы Орындаған: Казалиева Ансар, довк 18-01



Дата07.01.2022
өлшемі29,08 Kb.
#17990
түріРеферат

Еуразия Гуманитарлық Институты


РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Педагогикалық технология терминінің мәні туралы

Орындаған: Казалиева Ансар, ДОВК 18-01

Тексерген: Муликова А.С.

Нұр-Сұлтан қ. 2020 ж.



Жоспар:

1.Кіріспе бөлім

2. Негізгі бөлім. Педагогикалық технология терминінің мәні туралы

2.1. Педагогикалық технологияның мақсаты, салалары;

2.2. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс.

3.Қорытынды бөлім. Педагогикалық теориялардың даму теориясы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.Қазіргі кезеңдегі психологиялық педагогикалық әдебиеттер ғылыми–технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына “жаңа компьютерлік технологияларды” енгізумен бірге келген “технология” деген ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт XX ғасырдың 60 – шы жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады. Барлық жасалған және қазіргі күнде адамның қолданып жүрген технологияларды екі түрге бөлуге болады: өндірістік және әлеуметтік, өндірістік технологияларға үлгі ретінде табиғат шикізатын қайта өңдеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім “шығуында” белгілі бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен қайта өңдеу прцесі деп атайды. Педагогикалық іс – әрекет саласына “технология” деген сөздікті енгізу “индустриялдық” технология (Ф.Б. Гильбрейт, Ф.У. Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында ғалымдар (В.П.Беспалько, П.И. Пидкасистый және т.б.) қолдайды. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс – әрекетін (Т.А. Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған. Бірақ, егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте–бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне әкелетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша технологиялар ұстаз іс – әрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструциялар ретінде жаслынады.Ғылыми әдебиеттердегі бар терминдер технологияны жасаушылардың дара жеке мәселелерге (проблемаларға) білім меңгеруге бағытталған оқу моделі жағына өлшем жасалған. Назар аударған: (оқыту технологиясы, ойын технологиясы, тест жасау информативтік – оқыту технологиясы, дистанциондық оқыту технологиясы, рейтингілік оқыту технологиясы және т.б.) (Г.К. Селевко). Шындығында педагогикалық технологияны жасаушылардың назары (терминдік түсініктемелеріне қарағанда) педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгілі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытталған. Концепция жсаушылардың “ұстаздар – оқушылар” жүйесінің ерекшеліктерімен ұстаз еңбегінің технологиясының өзгешіліктері арасындағы өзара байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал жері. Егер кәсіби іс–әрекеттке жеке өзгерістер енгізілсе еңбек саласында түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса ықпал жасау мүмкін емес. Бұл тағы да “технология” ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді. Бар және жасалынатын жаңа педагогикалық технологияны бағалаудың негізінде: концептуальдық; Ұстаздық қатысы бар заттық саласының мазмұнын түсіну ұстаздың қатысы бар; ұстаз іс – әрекетінің соңғы парадигмасының нақтылығы; жалпы технология және оның ішінде жеке және педагогикалық технологияның қайда жасалынатынымен және қолданылатындығының саласының ұғымына сипаттама болып отыр. Технология — өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім шыгаруға керекті жүйелі процесс.
Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, ондаөндірістік және әлеуметтік саладағыпроцестер "технология" деген атауға ие болады.
Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп. Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Тсхнологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің тұрл ері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.

2. “Білім беру” ұғымына берілген анықтамалар педагогикалық технологиялар егер олар білім берудің мақсаттарына – біртұтас педагогикалық процестегі тұтас тұлғаның қалаптасуына қызмет еткен жағдайда анықталатындығын көрсетеді. Демек педагогикалық технология егер ол”педагогтар – оқушылар” жүйесінің ерекшелігіне оның жағдайының өзгеруі біртұтас педагогикалық процесс болатындығына негізделе отырып жасалған. Қазіргі уақытта “педагогикалық технология” ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көп тараған анықтама В.П. Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Пеадагогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың объективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды. Бірақ бұл анықтамадағы көрсетілген бір–бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие процестері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты. (Ильин В.С.), демек педагогикалық технологияда осы педагогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек. Педагогикалық технологияда берілген басқа да анықтама бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В.П. Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс–әрекетінің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам және олардың өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г.К.Селевко). В.Н.Бордовская мен А.А Реанның көрсетуінше білім беру технологиялары дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс–әрекеттеріне, ол мақсат мазмұн әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақталы идея негізінде жасалынады. Г.М. Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа – ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен оқу жоспарларымен бағдарламаларында ескерілген іс – әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.

2.1. Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп "Мақсатқа жеттік пе?"- деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада "диагностика арқылы анықталған мақсат" дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.


Технологияның кезеңдері:
•  Оқытудық мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
•  Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
•  Диагностика негізінде оқытудық жаңа мақсатын қою. Технологияда одушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі.
Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырылады, жаңа мақсат қойылады. Сонымен, мақсат аньщ болмаса оқу процесінің жетілдірілуіне кедергі жасалады.
Педагогикада "технология" ұғымын қолданатын салалар
Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
•  қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
•  нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т.б.)
•  қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөз екінші сөзбен алмастырылған. Бұрын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Зан-ков, т.б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.
Екінші анықтамада "технология" ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.


Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымынажақын. Технология дегеніміз - өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? "Білім - оқыту мен тәрбие" - деген анықтамаға сүйенсек, онда мүмкін емес. Оқыту мақсаты - оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс-әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оқай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.
Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі адамға неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп, оның тех-нологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны тексеретін нақты құралдар жоқ.
Оқыту технологиясының ерекшеліктері:
•  түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру.
•  үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.
•  олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.
• оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.

2.2. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс
1. Диогностикалық құралдар арқылы оқушылардың білім, біліктілік дағдыларын анықтап, содан кейін оларды білімдеріне қарай саралап оқытамыз.
2. Оқу материалыи меңгерту және бекіту үшін танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
Бұл бөлік педагогикада жақсы зерттелген, оған бұрын жасалған алуан түрлі оқыту әдістемелері кіреді. Бүгінгі танда бастауыш мектептерде дәстүрлі Л.В.ЗанковжәнеД.Б.Эльконин, В.В.Давыдов әдістемелері қолданылады.
3. Материалды меңгерудің сапасын бақылау
Егер әдістемелерде оқушылардың білімді меңгеріп және бекітуі үшін оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға баса назар аударылса, технологияда танымдық іс-әрекетті ұйым-дастыру және оның нәтижесін тексеру қатар жүреді. Бұлар өзара байланысты. Олардың біреуіне жете көңіл бөлмеу, педагогикалық жүйені бұзады. Осы көзқарасқа сүйеніп оқыту процесін сызба түрінде былай бейнелейміз.
Білім сапасын тексеруді жеке алып қарау оны жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Оқушылар материалды қаншалықты деңгейде меңгергені анықталып, атқарылатын жұмыстар белгіленеді. Мұғалім оқу материалын бекіте алады, бірақ оны меңгермеген жеке оқушылармен оқу жұмыстары ұйымдастырылады. Ал оқу материалын сыныптың көбі меңгермесе, онда өткен материалды бекітумен қатар оны меңгермеу себептері анықталады. Ол үшін диагностикалық құралдар (тест, бақылау жұмыстары, сұхбат, әңгімелесу) қолданылады.

4. Топпен немесе жеке оқушылармен қосымша жұмыс істеудің, тәсілдері мен әдістерін таңдау. Мұндай әдістер жеке пән әдістемелерінде жазылған.
5. Оқушылардың үлгермеу себептерін анықтау. Технологияның бұл бөлігі өлі толық зерттелмеген. Шет тілі, әдебиет, физика, химия пәндері бойынша жекелеген сыныптар үшін тестілер жасалған. Тапсырмалар арқылы оқушылардың біліміндегі кемшіліктер анықталады, оны жойғанда ғана келесі бөлікке өтуге болады.
6. Сыныптың барлық оқушыларының білімі мен тәрбиесіндегі кемшіліктерді жоятын әдістемелерді таңдау.
Бұл бөлікте барлық сынып оқушыларының меңгермеген тақырыптарын түсіндіру үшін мұғалім сабақ жоспарларының алуан түрлі варианттарын қолданады. Мұғалім бұрынғы сыныптарда оқылған, бірақ қазір ұмытылған материалдарды жаңа тақырыптармен байланыстырады.
Сонымен технология әдістемеден өзге, себебі ол оқушылардың материалды меңгеру іс-әрекетін басқарады, олардың үлгермеу себептерін анықтауға ерекше назар аударады. Технологияға білімді сапалы түрде меңгеру процесін басқару және білім сапасын тексеру блоктары, кері байланыс жүйесі енеді. Кері байланысты мұқият түрде жан-жақты жасау керек. Ең бастысы, оқу материалын оқушының меңгеруі. Педагогика ғылымында білім сапасы бірінші орынға шығады. Оны көтеру педагогика мен психология ғылымдары алдында тұрған маңызды міндет.
Оқу материалын меңгеру заңдылықтары. Оқушы кез келген оқу тапсырмаларын бұрынғы меңгерген ақпараттарына сүйеніп орындайды. Бала оқу іс-әрекетінің тиімділігі оның жеке тәжірибесіне байланысты. Баланың өз біліміне сүйеніп жасайтын іс-әрекетін репродуктивтік, өткен тәжірибеге сүйеніп жаңа онімдер жасауын продуктивтік іс-әрекет дейді.
Іс-әрекетке үйрену репродуктивтік іс-әрекеттен басталады. Бала ереже, алгоритмдерді қолданып жаттығулар жазады, есептер шығарады, мәтіннен түсінгенін айтады, бірсөзбен айтқанда, дайын білімдерге ештеңе қоспайды.
Өз бетімен ізденіп, біліміне білім қосса, оқушының репродуктивтік іс-әрекеті продуктивтік (өнімді) іс-әрекетке айналады. Оқушылар білетіндерін бір-бірімен салыстырып өздері үшін жаңалық ашады. Осы аталған екі іс-әрекет түрлері оқушының материалды түсінуіне мүмкіндік жасайды. Түсініктің 4 деңгейін В.П.Беспалько зерттеген. Енді оларға тоқталайық.
I деңгей (оқушылық) - репродуктивтік іс-әрекеттің ең қарапайым деңгейі. Оқушы бұрынғы білімдеріне сүйеніп, түрлі тапсырмалар орындайды, бұрынғы тақырыптың мазмұнын өзгертпей пысықтайды. Оқушы үлгі бойынша есептер шығарып, жаттығулар жазады.
II деңгей (алгоритмдік) - репродуктивтік іс-әрекеттің күрделі түрі. Оқушылар алгоритм бойынша түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы, мұғалім құбылыстарды оқушылардың қалай түсінгенін мынадай жоспармен анықтайды:
•  Құбылыстың сыртқы белгілері.
•  Ол өткен кездегі жағдай.
•  Құбылыс мәні, оның өту механизімі (құбылысты ғылыми теорияларға сүйеніп талдау).
•  Осы құбылыстың басқа құбылыспен байланысы.
•  Құбылысқа сандық тұрғыдан сипаттама беру.
•  Құбылыстың зиянды ықпалдарының алдын алу тәсілдері.
Тәжірибені жасау жоспары:
•  Тәжірибенің мақсатын тұжырымдау.
•  Тәжірибені жасар алдында гипотезалар ұсыну. Тәжірибені өткізуге керекті жағдайларды анықтау.
•  Тәжірибе үшін жабдықтарды және материалдарды анықтау және іріктеу.
•  Тәжірибені жоспарлау.
•  Тәжірибе нәтижелерін шығаратын тәсілдерді анықтау.
•  Тәжірибені өткізу, бақылау, нәтижелерін анықтау.
•  Нәтижелерді математикалық тәсілмен өңдеу.
•  Алынған нәтижелерді талдау.
•  Тәжірибеден қорытынды жасау.
III деңгей (эвристикалық)
Эвристика - грек сөзі - іздеп табамын, ашамын деген мағынаны білдіреді.
Эвристикалық оқыту мақсаты - оқушыға барлық оқу пәндері бойынша білімдік өнімдер жасату, мәселелерді өз бетімен шешуге үйрету.
IV деңгей (шығармашылық)
Шығармапіылық жұмыстардың түрлері. Оқу пәндерінде қорғалатын білімдік німдердің үш түрі бар.
Дәстүрлі оқу курстары бойынша жасалатын пәндік өнімдер: Шығарма, ертегі, құрастырылған есеп, тұжырымдалған ұғым, (феже немесе заңдылық, бұйымдар, белгі, таңба, ойын, викторина, өойылым, сценарий, газеттің мазмұны.
Пәнаралық және пәннен тыс өнімдер - бір пән шеңберінен шығатын іргелі білімдік объектілерді зерттеу нәтижелері.
Методологиялық өнімдер (талдау тәсілдері, құрастырылған сұрақтар, тұжырымдалған жорамалдар; жауаптарды іздеу тех-нологиясы, өздік жұмысының жоспары, жұмыстың мақсатын анықтау, жеке білімдік бағдарламалар, оқу іс-әрекетін талдау, өзіне-өзі баға беру, пікірлер, сын-пікірлер жазу).
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының нысандары:
•  зерттеушілік (эксперимент, тәжірибе өткізу, ғылыми мәселені өзінің шешуі, теореманы дәлелдеу);
•  шығарма (тақпақ, ертегі, есептер, очерктер, трактаттар).
•  көркемөнер шығармалары (бейнелеу өнері, сызба, кескіндеме, ән, саз, би, кесте тігу, суретке түсіру, композиция, көрме);
•  техникалық шығарма (бұйым, үлгі, макет, сызба, фигура, компьютерлік бағдарлама).
•  көрермендергеарналғаншығармалар(концерт, қойылым, жарыс, шағын көрініс);
•  педагогикалық шығармалар (мұғалімнің орнына сабақ беру, сөзжұмбақ жасау, ойын, викторина).
•  методологиялық шығарма (тақырыптың жоспарын жасау, оқушыларға арналған тесті сұрақтарын құрастыру, өзін-өзі талдап жазған күнделік жүргізу.
Шығармашылық жұмыстарды бағалағанда оның жаңалығына, қисындылығына, безендірілуіне, оқушының сұрақтарға дәйекті жауап беруіне, көрермендерді және әділ қазылар алқасын қызықтыра білуіне назар аударылады.
Жоғары деңгей 8-10 ұпай алғандар. 1 -орын алған балалардың да шығармашылық деңгейі жоғары деп бағалауға болады, 4-7 ұпай алғандардық шығармашылық деңгейлері орташа. 1 -3 ұпай алғандардық шығармашылық деңгейлері төмен. Себебі оның жұмысы үлгі бойынша орындалып, аздап жетілдірілген. Жаңалығы аз. Осындай бағалар шығармашылық апталық кезінде беріледі. Шығармашылық жұмыстар бойынша шығармашылық апталық өткізуге болады. Озып шьщқандар моральдық және материалдық жағынан ынталандырылады.
Жоғары сыныптарда ғылыми апталықтар өтеді.
Түсінік деңгейін (сапасын) тексеру үшін ауызша сүрау әдісі, жазбаша тексеру жұмыстары жүргізіліп баға қойылады.
Бағдарламалық материалдық 70% -ын меңгерген оқушы (түсініп, есте сақтаған), 30% қатесін өз бетімен түзете алады. 70% -дан төменгі білім сапасы оқушы білімінің берік еместігін көрсетеді. Сондықтан оқу материалын нашар меңгерген оқушымен қосымша жұмыс жүргізу керек.
Оқыту технологиясы:
•  Оқушыныңбілімділік, білік, дағдыларын диагностикалық құралдар арқылы анықтау.
•  Оқыту процесінің тиімділігін (пайдалылығын) объективтік әдістер арқылы тексеру.
•  Оқу материалының 70% -ын оқушыға меңгерту.
Оқыту қандай болу керек. Негізгі талап — оқыту процесі арқылы оқушыға білімді меңгерту.

3. Педагогика ғылымы мен практиканың өзара қатынас мəселесі, олардың өзара байланысы — педагогиканың ең жалпы, ғаламдық мəселесі. Ол мəселенің шешілуі педагогика ғылымының дамуы мен педагогикалық инновациялардың сапасына, сондай-ақ білім беруді қайта құрудың жетістігіне (табысы), ең соңында білім беру жүйесінің тиімділігіне де байланысты болып келеді . Білім берудің əлеуметтік қызметі іске асып жатқан педагогикалық практика ғылыми негізделген болуы керек, осы практикаға байланысты теориялық жұмыс бұдан əрі дамытылуы тиіс. Біздің уақытымызда оқыту мен тəрбиенің осы жəне басқа түрлерінің, əдістерінің, құралдарының мүмкін бо- латын тиімділігін «көзбен мөлшерлеп» анықтауға болмайды. Педагогика ғылымы оқу үрдісіне ендірілетін жаңа əдістерді, оқу материалдарын жəне т.б. нəтижелерін алдын ала көріп білу тəсілдері туралы білімді береді. Ал практикалық қызметкерлердің əрекетіне нақты ғылыми негіз қажет. Педагогтар арасында əрбір педагогикалық зерттеу оқытушының барлық жұмыстарының нақты қиындықтарын ескеріп, əрбір оның қадамын «тəптіштеп» жазып көрсетуге бағытталу керек деген пікір бар. Бұл көзқарасқа сəйкес кез келген дидактикалық немесе əдістемелік зерттеу университеттегі тікелей жұмыс үшін жасалымдар, ұсыныстар белгілеуі қажет, ал оқытушының міндеті осы ұсыныстарды дəл орындауға тірелуі керек [2]. Мұндай жасалымдар оқытушының белсенділігі мен шығармашылығын шектейді, ал ғылым болса, педагогикалық үрдістің мəні жəне бала психикасының даму заңдылықтары туралы білім беруі керек, ал оқытушы болса, бұл білімді қалай қолдану керектігін біліп алады, өйткені оның шеберлігіне бəрі байланысты болып табылады. Өткен уақытта педагогика ғылымының ең басты жəне бірден-бір міндеті оқытушылардың тəжірибесін жинақтап қорыту деген де көзқарас болған. Басқа жағынан, педагогика ғылымының сипаттау деңгейінен теорияға көшетін уақыты жетті. Ол үшін жинақталған тəжірибе — арнайы талдауға қажет материал. Шындығында, педагогика ғылымының, əсіресе оның теориялық бөлігінің əсер ету саласы тек оқытушы əрекетінде пайдаланылуымен шектелмейді. Əлеуметтік практиканың кең аясында білім беруді реформалаудың стратегиясы жасалынады, білім беру стандарттары жəне т.б. даярланады. Ғылымның міндеті — барлық осы материалдарды, соларға сəйкес материалдарды жəне тұтас əрекеттерді негіздеу. Бұл негіздемеге енетін білімдердің жинақталуы ең жоғары дəрежеде болу керек жəне онымен теориялық білімге деген мұқтаждық анықталады. Осындай пікірлердің көпдауыстылығы мен күмəндерге анықтылық енгізуге ғылымдағы, қоғамдағы жəне білім саласындағы жағдаятты байсалды талдау арқылы қол жеткізуге болады. Біздің өзара байланыс мəселесін зерделегенімізде қызықтыратын негізгі жəне ешкімге талас тудырмайтын тезис — теория мен практиканың бірлігі туралы болжау .

Бірақ қарастырып отырған салада тек осындай бірлік бар деп қана айтып қою жеткіліксіз болар еді. Оны болмыстың материалы негізінде бірлікте айырмашылықты — айырмашылықта бірлікті көре білу арқылы мазмұн жағынан қарастырып көріңіз. Бірлік ұқсастық емес, екеуі бір нəрсе емес. Су — бұл сутегі жəне оттегінің бірлігі. Егер еркек пен əйелдің айырмашылықтары болмаса, отбасы бірлігі мүмкін болмас еді. Бұл бірлік сол айырмашылықтар арқасында өмір сүріп тұр. Білім саласындағы ғылым мен практика арасындағы бірлік пен айырмашылық неден тұрады жəне қалай іске асады? Бұл сұраққа негізді түрде жауап беру үшін педагогика ғылымының аумағынан шығып жəне оның практикамен байланысына басқа жақтан қарау қажет. Педагогикалық əрекеттің бірнеше түрі болады: практикалық, əкімшілік, ғылым нəтижелерін практикаға жеткізу. Бұлардың барлығы, оның ішінде практикалық əрекет те, ғылым əрекет те, ең соңында, жеке əрбір адамның мəдениетін баулу, оның тұлғасын дамыту арқылы өскелең ұрпақты қоғам өміріне қатысуға даярлық қызметін атқарады. Білім беру саласындағы ғылым мен практиканың бірлігінің көрінісінің өзі де осы болатын. Біз осындай бірлік туралы айта отырып, біз əрекеттің екі түрінің бірлігін айтамыз: ғылыми жəне практикалық. Басқа түрі — педагогика ғылымының практикаға əсері жəне практиканың ғылыми білімнің болуы, олардың өзара байланысының бірыңғай жүйесі.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ж.Қобдикова. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. - Алматы, 2002.
2. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамасы. //Бастауыш мектеп. 1999. - №8,9.
3. Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии. Под ред. С.А.Смирнова. 3-е изд. - М.: Академия, 1999.
4. Хуторской А.В. Современная дидактика. - Спб: Питер, 2001.
5. Педагогика. - Алматы, 2003.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет