Реферат тақырыбы: Ш. Уәлихановтың «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы»



бет1/3
Дата29.04.2022
өлшемі32,17 Kb.
#32764
түріРеферат
  1   2   3

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті



Филология және әлем тілдері факультеті

Әдебиеттану мамандығы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ш.Уәлихановтың «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» зерттеуін талдау
Дайындаған: Максутова Гулсана

Тексерген: Саргелтаева А. К
Кіріспе:
Қазақ халқының ұлы перзенті, аса көрнекті ойшыл, ағартушы-демократ

Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың заңғар тұлғасы мен шығармашылық

мұрасы әр қы­рынан сараланып, өз бағасын алып келеді. Оның дүниетанымы,

әлеуметтік-саяси және эко­но­микалық көзқарастары, шығыстанушы,

тарихшы, географ, этнограф ретіндегі бітімі, әдебиет, тіл мен өнер мәселелері

жөніндегі мұралары сан алуан еңбектердің арқауы болды. Соның бірі - оның

«Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» еңбегі.

Қазақ халқы ежелден ырым-нанымдарға сенген. Сондықтан адам өміріндегі

түрлі тылсым нәрселерді осы сеніммен байланыстырған. Жалпы шамандық

наным о баста көк тәңірге, жерге, отқа табынудан бастау алған. Сөйтіп уақыт

өте келе түрлі қасиеттер арқылы көрініс бере жалғасқан. Шамандық діндегі

адам құдіретті күн нұрына қарап таңданды, осыншама

жарықтың құпиясына түйсігі жетпей табынды, қара аспанға нұр сепкен айды

көріп те табынды. Ертедегі адам табиғаттың барлық құбылысына мінажат

етті, өзінің ұғымы жетпейтін, уақыт сияқты мәңгі, түсініксіз күштердің

бәріне бас иді, көк аспанды — көк тәңірі,— деп атады. ІІІамандық сенімнің

дүниеге келуі — жалпылай немесе жекелей табиғатты қадір тұту, қастерлеу

болып саналады. Жалпы шамандық дін ілімі тарихында толық зерттелмеген.

Қазақтар, әуелде, Мұхаммед пайғамбарды білмей тұрғанда да Алла мен

тәңіріге бірдей табынып, мұсылман әулиелерінің басына құрбандық шалып,

бақсылардың құдыретіне де сенді, пайғамбар ұрпақтары қожаларды да құр-

мет тұтты. Халық отқа табынып, ал бақсылар болса, жын-перілерімен қоса

мұсылмандардың періштелерін де шақырып, Алланы да мадақтады. Осылай

екі дінді араластыра табыну ешқандай қайшылыққа жатпаған, қазақтар

екеуін де қосып үстаған. Екі дінге бірдей табыну осы күнге дейін

келіп жалғасты. Енді ислам діні мен орыс цивилизациясы далаға жеткенде,

татар фанатиктері тәрбиелеген сауатты жеткіншектер ертедегі бабалар діні

шамандықты жек көре қарап, бақсыларды көрген жерлерінде қуғындап,

олардың ойынына зікір салуына тыйым сала бастады. Жоғарыда келтірілген

мысалдардан көріп отырсыздар, осы екі діннің, қазақ нанымында ми-

дай араласуына, ертеден келе жатқан шамандық дін негіз болды демекпіз.

Діни жетекші - молдасыз, сауатсыз халық арасында мұсылман діні ойдағыдай

Тамыр жая алмады, ислам дінінің әуезді дыбысы мен түсініксіз сөздер тізбегі

астарында шамандық салт-сана қалып қойды. Сондықтан да, діни атаулардың

аттары, терминдер ғана өзгерді, ал негізгі шамандық туралы түсінік - ол сол

баяғы қалпында қалды. Бақсылық ойынның өзінде тірі сурет, шамандықты

бейнелеу жатады. Солай болғанымен, шамандықтың негізі, мұсылмандық –

ортақ құдайға табынушылықтың күшінен шайқалып-ақ қалды. Алла деген

жаңа идеямен, сеніммен бұрын құдіретті болған аспан-көк астасып, сол кезде

екінші қатарға шығып қалған құдіретті тәңірі бейнесі де, әсіресе, тағы

сол сияқты санаға сіңіп кеткен бейнелер де, мысалы, жердің жансыз

құдайлары да ұмытылып кетті. Мүмкін, ислам діні алғаш келгенде,

шамандық дінінің көп құдайлары мұсылмандар жек көретін пұттар ретінде

санадан аласталған да болар. Сондай-ақ, мүсылмандыққа дейін табынып

келген: күн, ай, жұлдыздар жаңа ислам идеологиясы тарапынан дәріптелмесе

де, осы күнге дейін құрметтеліп, елдің әдет-ғүрпында сақталып қалды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет