Реферат Тақырыбы: Студенттердің тамақтануы Тексерген : Туленова Х. Т. Орындаған: Елдашбаева Т. А. Астана 2023 Мазмұны



бет1/3
Дата10.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#72807
түріРеферат
  1   2   3

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
университеті

Реферат
Тақырыбы:Студенттердің тамақтануы


Тексерген :Туленова Х.Т.


Орындаған:Елдашбаева Т.А.

Астана 2023


Мазмұны

  1. Студенттер тамақтануы

2.Ағзаның дұрыс өмір сүруі үшін балансталған тағам
3. Фаст-Фудқа жоламаңыз
4. Тамақтанудың негізгі ережелері
5. Калориялар

Студенттер тамақтануы

Салауатты өмір салтының басты құрастырушысының бірі дұрыс тамақтану болып табылады. Халықтың басым бөлігі өздерінің денсаулықтарына немқұрайлы қарайды. Уақыттың жетіспеушілігі, тамақтану мәдениетін жете білмейтіндігі, қазіргі заманғы өмір сүру қарқыны – осының барлығы азық-түлік таңдауында қиыншылықтарға алып келді. Студенттер арасында кең танымалға тез дайын болатын, әр түрлі химиялық қоспаларға толы тағамдар ие болғаны алаңдатады. Сондықтан дұрыс тамақтанудың заңдылықтарын сақтамау көптеген қауіпті аурулар дамуының факторы болады. Өкінішке орай, соңғы жылдардың статистикасы бойынша жастар арасында артық салмақтан, жүрек-қантамырларының ауруларынан, қант диабетінен және т.б. азап шегетіндер саны артып келеді. Аталған ауруларды алдын алуға болады, ол үшін салауатты өмір салтын ұсытану қажет және ең бастысы дұрыс тамақтануды қолға алған жөн.


Студенттік кезең өте қызық және жүйке жүйесінің қарқынды жұмыс істейтін дәуірі. Жүктеме, әсіресе емтихандар кезінде, тәулігіне 15-16 сағатқа дейін артады. Ұйқының қанбауы, күн тәртібі мен демалу режимінің бұзылуы, тамақтану сипаты және күнделікті ақпараттық жүктеме жүйкенің психологиялық күйзеліске алып келуі мүмкін. Осындай теріс жағдайдың өтемақысы дұрыс тамақтану болып табылады.

Көп жағдайда студенттер ретсіз, жол-жөнекей, құрғақтай, күніне 1-2 рет тамақтанады, көбі асхана қызыметін қолданбайды. Студенттер тағамдарында басым бөлікті көмірсулары алады, себебі олар арқылы қуат шығындарн толтыру жеңіл.

Ағзаның дұрыс өмір сүруі үшін балансталған


тағаммен бірге:

  • Ақуыз

  • Май

  • Көмірсулар

  • Дәрумендер

  • Микроэлементтер түсіп отыруы абзал.



Тағамның калориясы ағзаның қуат шығынына сәйкес келуі өте маңызды, ол әр адамға жеке анықталады, бұл ретте оның бойы, жасы, салмағы және күнделікті дене белсенділігі, ақыл-ой және эмоционалды жүктемелері ескеріледі.
Ағзаның жалпы қалпы, оның белсенділігі және жұмысқа қабілеттілігі тамақтану режиміне байланысты. Тәулігіне 3-4 реттен аз тамақанбау қажет және тамақтану уақытын күнделікті сақтаған абзал. Емтихан уақытында тамақ құрамына қосымша 10-15 г өсімдік майын табиғи күйде қолданған жөн, ол салаттардағы дәрумендер топтамасын айтарлықтай артырады және жұмысқа деген қабілеттілікті жақсартады. Ірімшік және қышқыл сүтті сусындар құрамындағы сүтті ақуыз күйзеліс деңгейін төмендетеді. Қажудан құтылып шығуға көк шай мен бір қасық бал және жарты лимон шырыны көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет