Реферат Тақырыбы: Тәрбиенің мақсаты, міндеті және жетілген адамды тәрбиелеу Орындаған: Маратова А. А



Дата06.06.2022
өлшемі17,04 Kb.
#36392
түріРеферат

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

Реферат
Тақырыбы: Тәрбиенің мақсаты, міндеті және жетілген адамды тәрбиелеу


Орындаған: Маратова А.А
Тексерген: Токатова Г.Ж
Өскемен қаласы,2022 оқу жылы
Тәрбиенің мақсаты, міндеті және жетілген адамды тәрбиелеу
Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Тәрбиенің мақсаты – қоғамға аса қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан, эстетикалық талғам сезімі мен дене күші мығым, белсенді, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, өмірлік позициясы айқындалған, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру. Тәрбиенің мақсаты - тәрбиенің жаңа технологиясын пайдалана отырып, ізгілікке бағдарланған,әсемдікпен қаруланған, ұлттық тәлім нәрімен сусындаған халық игілігін жасаушы азаматты, жеке тұлғаны тәрбиелеу. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді.
Тәрбиенің міндеттері:
- Еліміздің рәмізін сыйлау, өзінің Отан, жанұя, қоғам алдындағы міндеттерін жете түсінуге, халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу;
- Рухани байыту принциптерін негізге ала отырып,салауатты өмір салтына баулу;
- Адам құқықтарын сақтау, өз құқығы мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілетін, іскерлік қарым-қатынас жүйесі мен дағдыларын қалыптастыру.


Тәрбиенің атқаратын қызметтері: Аналитикалық, диагностикалық, болжамдау (прогностикалық), жобалаушылық, ұйымдастырушылық, бақылау-бағалаушылық.

Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.


Жетілген тұлға – халықтық тәрбиенің мақсаты. Кезінде қазақтың ақыны Абай Құнанбаев та «Адам» ұғымына сипаттама беріп, оның қалыптасу және даму сатыларына тоқталған болатын. Онда ақын өзінің 11- қара сөзінде «Қашан бір бала ғылым білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» деп сипаттама береді. Сонымен қатар адамдық сипаттар немесе қасиеттер ретінде өзі үшін емес халық мүддесі үшін өмір сүрудің маңызын «өзі үшін өмір сүрген адам өз бетінше оттаған хайуанмен тең, ал көпшілік үшін тіршілік ететін адам «нағыз адам» дегенді келтіреді."Адам кемелдігі неде? Бақытқа қалай жетуге болады? деген сұраққа әл- Фараби білім мен іс-әрекет арқылы жетуге болатындығын айтады. Бақытқа жеткізетін барлық іс-әрекеттер мен қызмет әрқашан қайырымды. Әрекетшіл жанның мақсаты - әдейі көзделген ұмтылыс болуға тиіс. Оған іскерлік пен көрегендікті, яғни дүниені тану қабілетін бойына дарыту ұмтылысы ұйытқы болады. "Адам қайырымдылық, сұлулық, игілік және ұлылықты басқа адамдардан емес, өзінің жаны мен тәні арасындағы барлықтан алса, ол шынымен де қайырымдылық пен бақытқа қол жеткізеді". Қайырымды жан—ақыл-парасаттың, адам бақыты мен бақ-дәулетінің күрескері.Қайырымдылық - табиғи бейімділіктің іс-әрекетпен ұштасуы, маңызды міндет-мұрат үшін жігер мен табандылық көрсету. Ғалым Б.Кiшiбеков қазақ халқының мінез - құлқы оны қоршаған ортаға – кең далалық кеңістікке, географиялық жағдайға, баққан малға, оның шаруашылығына байланысты қалыптасты, - деп тұжырым. Кемел адамның этникалық мінезі. Қай заманда болмасын заманына қарай жеке тұлғаның болмысын қалыптастыру туралы ойлар мен пікірлер көпшілікті толғандырып келген. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы кемелділік, мінсіз адам бейнесі тәрбиенің ең жоғары көрсеткіші ретінде қабылданып, қоғамда жоғары жауапты міндеттерді атқаруға лайық деп танылған.Осындай қасиеттерді бойына жинақтаған жеке тұлға елімізді, халқымызды бақытты болашаққа жетелейтін мемлекет басшысы болуға лайық. Мұндай пайымдаулар мен ой - тұжырымдардың бастау алар көзі сонау орта ғасырдағы көне түрік ғұламалары көзқарастарында туындаған болатын. Олардың өкілдері әл - Фараби, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йассауи, Қорқыт ата, «Қабуснама» кітабының авторы Кейкаус және т.б. мұндай қоғам талаптарына жауап бере алатын кемел адамды қалыптастыру негізі отбасы тәрбиесінен басталады дей отырып, оның қоғам мүдделерімен сабақтастықтарының жан-жақты қырларын ортаға салады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет