Реферат Тақырыбы: Владимир Зима «Адамдарды түсіну оларды басқару» кітабының «Басқару құралдары және мотивация»



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі28,8 Kb.
#15501
түріРеферат
  1   2

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Журналистика факультеті

ЮНЕСКО, Халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Владимир Зима «Адамдарды түсіну – оларды басқару» кітабының «Басқару құралдары және мотивация» атты 6-шы тарауын талдау.

Орындаған: Тастан Ж.А.

Тексерген: Тоқсанбаева Н.К.

Алматы 2020 жыл



Басқару құралдары. Мотивация

Бұл тарауда біз мотивация дегеніміз не? Қызметкер жұмысын тиянақты орындап, уақытылы аяқтауға деген ұмтылыс қалыптастыру үшін не істеу керек? Бұған не кедергі болатындығы туралы, сондай-ақ өзіңіз толықтай сапалы жұмыспен қанағаттанатын дәрежеге қол жеткізу үшін алуан түрлі әдіс-тәсілдермен қызметкерлерге әсер ету туралы сөз қозғайтын боламыз.

Комбайнды итермеңіз. Қозғалтқышты қолдануды және іске қосуды үйреніңіз. Бір адамды далада елестетіп көріңіз. Айналасында өсіп дайын болған дәнді-дақылдар. Оның алдында комбайн тұр. Бұл комбайнның көмегімен оны тез және тиімді жинап алуға болады. Бірақ оның қолында орақ, сондықтан ол бар бидайды кезек-кезек кесіп, ұзақ уақытын жұмсайды. Таңқаларлық жағдай, дұрыс па? Сіз оған келгенде мынадай диалог пайда болады:

- Сіз үшін барлық жұмысты жасайтын машина алдыңызда тұрғанда неге қолмен жұмыс істейсіз?

– Мен оны итеруге тырыстым. Тым ауыр. Пайдасыз нәрсе. Қолмен жұмыс істеу оңайырақ.

- Ал қозғалтқыш тетікшесін басып іске қосуға тырысып көрдіңіз бе?

Мен ол туралы әрине ойладым, бірақ оны қалай пайдалану керектігін білмеймін. Бір жағынан білмейтін нәрсеңді қосып, бүлдіріп алу қаупі бар. Қалай болғанда да маған қолмен істеген ыңғайлы - деп астық өсіруші сізге егіннің екінші жағында басқа комбайын айдап жүрген Петровичті көрсетіп, оның жолындағы астықтың быт-шытын шығарып тастағаны жайлы тіл қатты. - Қараңызшы, Петрович қандай қателіктермен мына жұмысты жасап жатқанын. Қазірдің өзінде үшінші комбайнды бұзды, оның үстіне астығы да толық жиналмаған. Мұндай астық өсірушілерге ұқсамау үшін, адамдармен бір қағидаға байланысты жұмыс істеу үшін іс-әрекетті толықтай зерттеп, мотивациялық механизм және оны қалай қолдану керектігін үйрену қажет. Әйтпесе, сізге «комбайнды итеруге» тура келеді.

Мотивация қайдан пайда болады?



Балаларға адамның мотивациялық механизмін көрсету оңайырақ. Өйткені олар әлі толықтай жетілген жоқ және де олар өздерінің шын мотивтерін ересектер сияқты терең жасыра алмайды. Баланың белгілі бір іс-әрекетті не үшін немесе қандай мақсатта жасайтыны жайлы екі қағида бар. Олар: не ол өзінің балалық қажеттілігін өтеу үшін немесе жазадан қашу үшін. Ол жылдар бойы өзгермейтін негізгі мотивациялық механизм. Тек мақсаттар жүйесі біршама күрделеніп, оларды түсіну өзгереді. Ал уақыт келе, белгілі бір жасаған іс-әрекетіне алатын оң (сыйақы, марапат, мақтау) немесе теріс (ұрсу, сөгу, балағаттау) астарында жатқан реакциялар бірдей бола береді. Аулаға шығып, бір топ жігітті көрген баланы елестетіп көріңізші. Ол қандай мақсат алдына қояды? Бір өзі ойнауға қызықпайды. Ол өзін сол ортаға қабылдағанын қалап, сол тұрғыда әрекет ете бастайды. Ол үшін ол осы компанияда өзінің бөтен емес, өз адам ретінде болуы керек. Бала дәл осы мотивпен құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Ол осы компанияның жазылмаған ережелерін және оның арнайы жаргондарын зерттейді. Мақұлдау мен айыптауға себеп болған қандай да бір іс-әрекеттерді зерттей бастайды. Өзін дұрыс ұстауға тырысады. Сәттілікке кенелген осындай жағдайдан кейін олар сені өзінің досы ретінде көре бастайды. Келесі орындалатын іс-әрекет қандай дейсіз ғой? Кейбіреулер оларды ойынға қабылдағанына риза болып және бұл жағдай өзгермеуі үшін соған барынша ат салысады, тырысады. Ал келесі біреулерге бұл іс-әрекеттер аз болады. Оларға басқаларға қарағанда ерекшелену, басқалардан қаттырақ жүгіру немесе секіру, көбелектерді көбірек аулау немесе ренжігендерді басқалармен салыстырғанда тезірек көндіру қажеттігі туындайды. Олар басқалар сияқты болмауға тырысады. Осылайша жасаған әрекеттер басқалардан ерекшелену мақсатымен белгіленеді. Және бала өзінің әрбір әрекетін оның жетістігіне бағыттайды. Кейбір балаларға бір нәрсе қызықты болса, сол ортада, құрбы-құрдастарының арасында қол жеткізген барлық жетістіктерін ысырып, сол нәрсеге назарын аударады. Мысалы, бір кішкентай жәндіктің шөптің сабағында қалай қозғалатынын бала сағат бойы бақылауы мүмкін. Бұл процесс ол үшін жай ғана қызықты. Сірә, ол басқа достарын да осы құбылыты тамашалауға шақырады. Бұл жағдайда мотив бірдей: ол қызықты және оны одан да қызықты ету үшін басқалармен бөлісу керек. Рас, егер бұл құбылыс басқа"бақылаушыларға" қызықты болса әрине. Ал егер де ол жағдаймен қанағаттанбаған достары болатын болса, мынадай елеулі ішкі қақтығысқа тап болуы мүмкін: – қызықты нәрсені жалғастыра беру және компаниямен қарым-қатынаста болу немесе бұл ортаның адамдарынан бас тартып, келесі бір ортаны іздеу. Расында да ересектердің өмірінде кездесетін құбылысқа ұқсас. Екінші жағынан, бала басқа себеппен әрекет етуді үйренеді. Сондықтан ол іс жүзінде орындағысы келмейтін әрекеттерді жасайды. Ата-аналар дәл осы мотивациялық механизмді белсенді қолданады: "Ас ішпесең – далаға ойнауға шықпайсың", "бұзық болсаң – ойыншық сатып алып бермеймін" деген сияқты.Көптеген балалар мұндай тәжірибені өз ортасына бейімдеп алады, яғни олардың ойлау тұрғысына тікелей әсер етеді. Мысалы, "егер де мына жерден секірмесең – бәрі сені әлсіз адам деп ойлайды" және т.с.с. Нәтижесінде

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет