Реферат Такырыбы-Шап өзегі мен жарығы



бет1/2
Дата09.02.2023
өлшемі19,89 Kb.
#66391
түріРеферат
  1   2

Астана медицина университеті КеАҚ
Адам анатомия кафедрасы

Реферат

Такырыбы-Шап өзегі мен жарығы

Орындаған; Байтилес Альнур


Факультет; Фармация
Топ; 101
Қабылдаған; м.ғ.к доцент Мұхамеджан.Қ.Қ

Астана-2023

Мазмуны
І. Кіріспе
ІІ. Негіз бөлім
1. Шап өзегі анатомиясы
1.2 шап канал өзегі және тесіктері
2. Шап жарығы
Kіріспе
Адам денесіндегі ең нәзік жерінің бірі — шап. Ол адам құрсағының алдыңғы жағынының төменгі бөлігі мен санының аралығында орналасады. Осы жерде шап сіңірі болады. Бұл сіңірге бұлшық еттердің төменгі жағы байланып, құрсақтың алдыңғы жақ қабырғасын құрайды. Шапта кеудеден санның алдыңғы бөлігіне өтетін тамырлар мен жүйкелердің шоғыры жатады. Шап қатпарларын түзетін тіндер кейде өзіне түскен күшке шыдамай, жыртылып кетеді де шап жарығы пайда болады. Шап жарығы дегеніміз — құрсақ қуысы мүшелерінің тері астынан қапшық тәрізді томпайып шығып тұруы. Спортта әдейілеп шапқа тебу — ережені өрескел бұзғандық деп саналады

Негіз бөлім


Іштің алдыңғы қабырғасында жатырдың ақ сызығының екі жағында орналасқан, ол мединалық сызық бойымен кифоидтық процесстен бастап жамбас синтезіне дейін созылады. Түзілуі: шап байламының сыртқы үштен екісіне ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттер бітісіп өседі, ал байламның медиальды үштен бірінде мұндай бітісіп өсулер болмайды да, бұлшықеттер шәует шылбыры немесе жұмыр байлама, арқылы асып өтеді. Сөйтіп, жоғарғы жағынан ішкі қиғаш және көлденеі бұлшықеттердің төменгі жиектері және төменгі жағынан шап байламының медиальді бөлімі арасында үшбұрышты немесе сопақша саңылау п.б., оған жоғарыда аталған құрылымдардың біреуі орналасады. Шап өзегі алдынан төменде шап байламына айналатын іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті апоневрозымен, артынан fascia transversalis арқылы жабылған. Сөйтіп, шап өзегінде 4 қабырғаны ажыратуға болады. Алдыңғы қабырғаны іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы, ал артқы қабырғаны - fascia transversalis түзеді; жарғыны - ішкі қиғаш жіне көлденең бұлшықеттердің төменгі жиегі, ал төменгі қабырғаны - шап байламы құрайды.
Шап өзегі
Шап өзегі ( canalis inguinalis ) шап үшбұрышы аймағында орналасқан . Төменнен шап қатпарымен , жоғарыдан sloшап байламының сыртқы және ортаңғы үштен бірі нүктесінен тік тябұлшықет жиегіне перпендикулярлы жүргізілген шартты сызық медиальды іштің тік бұлшықетінің жиегімен шектелген . Өзек шап байламының ішкі бөлігінен жоғары және қатар жоғарыдан төмен 

Шап өзегі анатомиясы


Алдыңғы құрсақ бетінінің төменгі бөлігінде орналасады. Арнаның ұзындығы 4-5 см. Еркектерде шап арнасы арқылы шәует шылбыры (funiculus spermaticus) құрайды .Әйелдерде шап арнасынан жатырдың жұмыр байламы өтеді. (lig.teres uteri) Жүктіліктің 2 триместрінде аталық бездің түсуі кезінде түзіледі. Шап арнасының төрт қабырғасы бар: алдынғы-сыртқы қиғаш бұлшық етінің шандыры (апоневроз) артқы — көлденең фасция жоғарғы — ішкі қиғаш бұлшық ет және көлденең бұлшық ет төменгі — шап жалғамы. Шап каналында 2 тесік (өзегі) болады: anulus inquinalis superficialis — Беткей шап сақинасы сыртқы қиғаш бұлшықет апоневрозы талшықтарының екі аяқшаға ажырауы арқылы түзілетін, ол аяқшалардың біреуіне бекиді.Пішіні овал тәріздес,ұзындығы -2-3 см,ал ені 1-2 см.Тері арқылы сыртқы тексеруде беткей шап сақинасы кіші саусақ ұшын өткізеді.Әйел адамдарда 2 есе кіші. anulus inquinflis profundus— Терең шап сақинасы, annulus inguinalis profundus, шап өзегінің fascia transversalis түзген артқы қабырғасы аймағында жатады да сақина жиектерінен шәует шылбырына дейін созылып, оны және атабезді бірге қоршайтын қабық, fascia spermatica interna-ны түзеді. Одан басқа шап өзегінің артқы қабырғасының медиалды бөлімінде m.transversus abdominis-тің апоневрозынан шығып, тік бұлшықеттің жиегімен төмен шап байламына түсетін сіңірлі талшықтармен бекітіледі. Бұл шап орығы, falx inguinalis, деп аталады. Ішек Ішперде Іш қабырғасы Жарық қакпасы Жарық қапшығы Жарық қабырғасы Жарық қапшығының ішіндегі мүше Қысылған жарықтар Қысылған жарықтар – кенеттен жарық қабының ішіндегі мүшенің, жарық қақпасындағы қысылып, ишемия мен тіндердің некрозына алып келуін айтамыз.Қысылу асқыну ретінде 8-20 пайыз жарыңы бар науқастарда пайда болады.Қысылуға ең жиі шап жарыңы, сирегірек сан жарығы және кіндік, іштің ақ сызығының жарықтары, операциядан кейінгі, Спигелиев сызығының жарығы бейім.

Шап қабырғалары мен тесікшелері


1. Алдыңғы қабырғасы: іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозынан тұрады.
2. Артқы қабырғасы: іштің көлденең фасңиясы, fascia transversusabdominisжәне ішастардан тұрады.
3. Жоғарғы қабырғасы: ішкі қиғаш бұлшықет пен көлденең бұлшықеттің төменгі жиегінен тұрады.
4. Төменгі қабырғасы: іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің науашығынаннемесе шап байламынан, ligamentum inguinale, тұрады.
Шап өзегінің сақиналары немесе тесікшелері:
1. Шап өзегінің терең сақинасыfossainguinalis lateralis тұсында орналасқан.
2. Шап өзегінің беткей сақинасы, annulus inguinalis superfiсialis ол шат сүйегі қасағасының маңында орналасып, сыртқы пішіні сопақ тәрізді болып келген.
Бұл тесіктің үш қабырғалары ажыратылады:
а) медиалды және латералды қабырғасы іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозының медиалдыаяқшасы, crusmediale, мен латералды аяқшасынанcruslateralis;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет