Рефлексивті есептерді жазу және таныстырылым сөздерін дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар Семей, 2013



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата28.01.2017
өлшемі0,49 Mb.
#2892
  1   2   3   4   5   6   7   8

Рефлексивті есептерді жазу

 және таныстырылым сөздерін 

дайындау бойынша 

әдістемелік ұсыныстар

Семей, 2013

УДК 37.0

ББК 74.00

Х 86

Рецензент: к.п.н., профессор Мукушев Б.А. 

Хохотва О.И. 

Қазақшаға аударғандар: Мирашева К.К., Семей қаласындағы ПШО филиалының 

аға менеджері, тренер.,  Адильжанова Д.А. Семей қаласындағы ПШО филиалының 

менеджері, тренер.

Х 86 «Рефлективті есептерді жазу және таныстырылым сөздерін дайындау бой-

ынша әдістемелік ұсыныстар» /Дизайн: Журбенко А.П. - Семей. – 2013. – 39 с.

ISBN 978-601-248-406-9

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы 

мен Кембридж Университеті білім беру Факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан 

Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  курсының  деңгейлік 

бағдарламасы  аясындағы  үшінші  (базалық)  деңгейдегі  педагог  қызметкерлеріне 

арналған ұсыныстар.  

Әдістемелік ұсыныстар деңгейлік бағдарлама аясындағы мектептегі тәжірибе 

кезеңінің қорытындысы бойынша курс тыңдаушыларына рефлексивтік есептермен  

таныстырылымдарды дайындауға көмектеседі.

УДК 37.0

ББК 74.00

ISBN 978-601-248-406-9 

 

© Хохотва О.И., 2013.

МазМұны

Алғысөз ................................................................................................................ 4

Рефлексивті есептерді жазу бойынша ұсыныстар ........................................... 6

Таныстырылым сөздерін дайындау бойынша ұсыныстар ................................. 27   

             

 

 



 

Қорытынды ................................................................................................... 33

Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................. 34

 


4

5

аВТОР жайлы

Хохотва  Ольга  Ивановна  –  2012  жылдан  Семей 

қаласындағы  «Педагогикалық  шеберлік  орталығы» 

филиалының  тренері.  Семей  қаласындағы  физика-мате-

матика  бағытыттағы  Назарбаев  Зияткерлік  мектебінде 

ағылшын тілі мұғалімі қызметін атқарды. Қазақстан Ре-

спубликасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін артты-

ру  курстары,  ағылшын  тілін  оқытудың  жаңа  әдістемесі 

мен  сын  тұрғысынан  ойлау  курстарынан  өткендігі  ту-

ралы  Кембридж  Университеті  мен  Британ  кеңесінің 

халықаралық үздік сертификаттарының  иегері.



аВТОРДан

2012  жылдың  4  сәуір  мен  23  маусым  аралығында  Астана  қаласында  үшінші 

(базалық) деңгейлі курстан өткен №2 топ  тыңдаушыларынан  мен көп нәрсе үйрендім.  

Осы ұсыныстарды жазуға шабыттандырған курс тыңдаушыларына, әріптестер мен  

мұғалімдерге  рахмет  айтқым  келеді  және    берілген  ұсыныстар  алда  өтетін  курс 

тыңдаушыларына көмегін тигізеді деп ойлаймын.

Рефлексивті  есептердің  үзінділерін  мысал  ретінде  қолдануға  рұқсат  берген 

әріптестеріме алғысымды білдіремін.



аЛҒыСӨз

Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру 

курстарының Бағдарламасы бойынша үшінші (базалық) деңгейлі курсының тренері 

және  тәуелсіз  тренері  міндетін  атқарғанда  менің  тыңдаушыларым  болып  еліміз- 

дің  тұс-тұсындағы  жалпы  білім  беретін  мектептерден  келген  мұғалімдер  болды. 

Олардың  ішінде  әр-түрлі  пәннен  сабақ  беретін  тәжірибелі  мұғалімдермен    қатар 

жас мамандар де кездесті. Менің тренингтеріме олар жаңа білім алу мен креативті 

ойларын мектептегі  тәжірибеде жүзеге асыру мақсатында қатысты. Курс соңында, 

бізде,  әріптестердің  таныстырылымы  мен  рефлексивті  есептері  арқылы  олардың 

практикалық жұмысының нәтижесімен танысу мүмкіндігі туды. 

Таныстырылымдарға  қатысу  барысында,  мұғалімдер  өздерінің  мектептегі 

тәжірибесі  туралы  бар  ынтамен,  құлшыныспен  және  Бағдарламаның  жеті  модуль 

идеяларын  өз  тәжірибесіне  енгізгені  туралы  айтқанда,  көздері  жанып  кететінін 

байқадым.

Алайда, көбінесе, мұғалімдердің тамаша, ауызша таныстырылымдары олардың 

рефлексивті есептерді дайындау деңгейлеріне қайшы келіп жатты. Таныстырылым- 

дардың мәнерлілігі мен ойға қонымдылығы, көбінесе, есепті дайындауда «шекті» де-

ген бағамен қосақталды.

Содан  сұрақ  туындады:  мұғалімдер  неге  өз  жұмыстарын  ауызша  тамаша 

қорғайды, алайда жазбаша түрінде табысты жаза алмайды?

Менің пікірімше, оның себебі біздің мұғалімдерді Еуропа және Батыс елдерінде 

қабылданғандай белгілі бір құрылым бойынша жазуды үйретпеген, яғни өз дәлелдерін 

логикалық  ретпен  орналастыру,  анық  дәлелдер  келтіру,  сол  дәлелдерге  өз    пікірін 

айту, болашаққа қатысты болжамдар құру.

Менің  есімде,  мектепте  шығарма  жазғанда,  бізден  өз  ойымызды  жазу  талап 

етілген жоқ, одан гөрі кітапты оқып, оның мазмұнын білу  маңызды  болды. Кейін 

институтта оқығанымда, оқытушылардың рефератқа қойылатын талаптары - өткен 

материал бойынша студенттің алған білімі мен пікірі емес, титул бетінің безендірілуі 

мен жазылған мәтіннің көлемі болды. Мұндай жағдай оқу орындарындардың көбінде 

өзекті болғанына сенімдімін. 

Дәстүрлі оқыту адамдардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға,  өз 

ойларын жазбаша түрде қисынды баяндауға мүмкіндік туғызбады.  

Сондықтан, болашақ курс тыңдаушыларына рефлексивті есептер мен танысты-

рылымда сөйлейтін  сөздерді дайындауға көмектесетін осындай ұсыныстар жазудың  

қажеттілігі туды. Сонымен қатар,  бұл ұсыныстарды «Face to face» кезеңінде тренер-

лер тыңдаушыларға рефлексивті есептің құрылымы мен негізгі талаптарын түсіндіру 

барысында  қолдана  алады.  Одан  басқа  да,  деңгейлік  Бағдарламаның  «мектептегі 

тәжірибе»  кезеңінің  нәтижесін  көрсететін,  таныстырылымды  дайындау  бойынша 

мұғалімдерге кеңестер ұсыныста берілген. 


6

7

РЕФЛЕКСИВТІ ЕСЕПТЕРДІ ЖазУ БОЙынШа ұСыныСТаР



Төменде берілген ұсыныстар курс тыңдаушыларына көмек ретінде:

•  рефлексивті есеп не екенін түсінуге;

•  рефлексивті есептің не болып саналатынын түсінуге;

•  сапалы рефлексивті есеп жазуға;

•  тренерлер  мен  курс  тыңдаушылары  бірлесіп  әзірлеген  рефлексивті

есептерді бағалау критерилерімен танысуға.

көмектеседі деген үміттемін

Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру 

курстарының Бағдарламасына сәйкес (Мұғалімге арналған нұсқаулық 203 бет) ) [1],   

үшінші  (базалық)  деңгейлі  курстарының  тыңдаушылары  бағалау  рәсімін  өту  үшін 

келесі есептерді тапсыру қажет:

Пап-

калар

Папканың аты:

Есептердің аты:

1)

а - Тізбектелген сабақтар 

топтамасына Бағдарлама- 

ның бір модулі қалай және 

неге енгізілгені туралы бір 

рефлексивтік есеп

Тізбектелген  сабақтар  топтамасына 

Бағдарламаның бір модулінің қолданыл- 

ғаны жайлы рефлексивтік есеп (Тізбектел- 

ген  сабақтар  топтамасына  Бағдарламаның 

бір модулі қалай және неге енгізілгені тура-

лы бір рефлексивтік есеп (2000 сөз).



2) 

В1-  Орташа  мерзімді  жо-

спарлау туралы жазба 

Орташа мерзімді жоспарлау.Өзінің оқыту 

және оқу тәжірибесіне Бағдарламаның жеті 

модулі қалай ықпалдастырылғаны көрсетіл- 

ген  тізбектелген  сабақтар  топтамасын  (кем 

дегенде  төрт  сабақ)  орташа  мерзімді  жо-

спарлау.


3)

В2 - тізбектелген сабақтар 

топтамасынан  алынған 

сабақ бойынша  есеп 

Жоспарланған  тізбектелген  сабақтар 

топтамасынан  алынған  сабақ  бойынша  

есеп  Оқушылардың  білім  алғандығының 

дәлелдемелері  (оқушы  жұмыстарының 

фотосуреттері, оқушы жұмыстарының үлгі- 

лері және оларды бағалау жөніндегі жазба-

лар).

4)

В3 - «Мектептегі тәжірибе» 

кезеңінде 

орындауға 

арналған  тапсырмаларға 

қатысты  бірлескен  таны-

стырылым бойынша реф-

лексия 

Топтық  таныстырылымға  қатысу  тура-

лы есеп 

(өз пәнін беруі, не үйренді және осы тапсыр-

ма бойынша бойынша пікірлері) (1000 сөз).

5) 

С  -  Оқу  мен  оқытуды  өз 

тәжірибесіне    енгізгендегі 

өзгеріс жайлы рефлексив- 

тік есеп 

Тізбектелген сабақтар топтамасы жайлы 

рефлексивтік есеп 

(Оқу мен оқытуда өзгеріс енгізілгенін және 

оның басқарылғанын растайтын тізбектелген 

сабақтар топтамасын өткізу  жолдары  мен  

әдістемесін бейнелейді) (2000 сөз).

Бағдарлама  аясындағы  үшінші  (базалық)  деңгей  тыңдаушыларымен  жұмыс 

жұмыс істеу барысында рефлексивті есептерді формативті және суммативті бағалау 

мүмкіндігі болды, сонда мен мынадай қорытындыға келдім. Мұғалімдер рефлексивтік 

есеп жазу барысында келесі қателіктерді жібереді: 

1.  мұғалімдер  плагиаттықпен  айналысады:  толығымен  интернеттен  басқа 

адамның еңбегін көшіріп алады немесе ақпараттың қайнар көзіне сілтеме 

бермейді;

2.  мұғалімдер есеп тақырыбынан ауытқып кетеді немесе мағынасы бойынша 

жазбайды;

3.  мұғалімдер есепті аналитикалық тұрғыдан емес, сипаттама түрінде жазады, 

көбінесе ҚАЛАЙ болғаны жайлы жазады, бірақ НЕГЕ олай болғанына жа-

уап бермейді;

4.  мұғалімдер дәріптеуге бейім келеді, мектепте жұмыс үдерісі кезінде сәтсіз 

болған жақтарын есепте көрсетпейді, сондықтан болашақта қалай

 

жұмыс 



жасау керектігін айқындай алмайды;

5.  мұғалімдер белгіленген сөз мөлшерін (санын) ескермейді: өте көп немесе 

өте аз жазады;

6.  мұғалімдер пайдаланған әдебиеттер тізімін көрсетпейді.



Ойланып көріңіздер, әріптестер, жоғарыда айтылғандардан құтылуымыз 

мүмкін бе? Қалай?

Ең  бастысы  рефлексивті  есеп  ұғымы  бойынша  мен  не  түсінетінімді  айтып 

кетейін.

Рефлексивті  есеп  -  мұғалімнің  сәйкес  теориялық  материалдарды  білуі 

мен  практикалық  тәжірибе  нәтижелерің  терең  талқылаумен  нығайтылған  құжат. 

Нақтырақ айтсақ, өзінің тәжірибесіне қатысты сқрақтарға жауап беру: неге болды 

немесе болған жоқ? Өз «минустарын» «плюске» қалай айналдыру керек? келешекте 

өз тәжірибесін қалай жақсаратуға болады?

Австралиялық педагог-психолог Джон Биггс (2003) «оқушы жоғары баға алуы 

үшін, жұмыстың күтілетін нәтижелері туралы білуі қажет және             оларға жетуді 

үйрену керек» деген [2]. Осы мақсатта  үшінші (базалық) деңгей біліктілік арттыру 

курсы Бағдарламасы бойынша №2 топ тыңдаушылары өздігінен  сапалы рефлексивті 

есеп  қандай  болады  деген  қорытындыға  келіп,  «бағалау  схемасын»  құрды,  яғни 

Қазақстанда қабылданғандай-дескриптор, лейбл мен критерийлері бар рубрикатор-

лар.


8

9

ГЛОССаРИЙ



Рубрикатор  (ағылш.marking  scheme)  –критерийлер,  лейблдер  мен 

дискрипторлардың  болуын  көздейтін,  оқушы  жұмысын  қалай  бағалау  керектігін 

түсіндіретін құжат.

Бағалау критериі (ағылш.assessment criterion) – ұсынылған талаптарға сәйкес 

бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі.



Лейбл (ағылш.label) – тапсырманы орындау деңгейінің сипаттамасы. Қазақстан 

Репсубликасында лейбл ретінде 1-ден (немесе 0-ден) 5-ке дейінгі бағалар ұсынылады. 

Дегенмен  лейбл  ретінде  «үздік»,  «озық»,  «жеткілікті»,  «толықтырылмаған», 

«толықтыруды қажет етеді» деген сипаттамалар да қолданылуы мүмкін.



Дескриптор  (ағылш.  standard)  -    оқушының  белгілі  бір  тапсырма  бойынша 

орындаған жұмысының деңгейін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым.

Сонымен қатар,  Кембридж университетінің Емтихан Кеңесі ұсынған лейбл мен 

критерийлерге дескрипторлар мен  рубрикаторлар жасалды.

Осы  тарауда    келесі  рефлексивті  есептерге  арналған  дескрипторлармен  таныс 

боласыз: «Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулін қолдану 

жайлы» рефлексивтік есеп, «Орта мерзімді жоспарлау туралы жазба», «Тізбектелген 

сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша  есеп», сонымен қатар берілген де-

скрипторга тренердің түсіндірмесі бар.  Алайда, сіз мынадай есептерге: ««Мектептегі 

тәжірибе»  кезеңінде  орындауға  арналған  тапсырмаларға  қатысты  бірлескен  есеп» 

және «Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне  енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік 

есеп» «озық байланыс» ала аласыз (ағылш.тілінен feedforward).

Одан  басқа  сіздер    «Мектептегі  тәжірибе»  кезінде  орындауға  арналған 

тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым және «Оқыту мен оқу тәжірибесіне 

өзгеріс  енгізу»  туралы  рефлексивті  есептерге      «озық  байланыс»  (ағылш.тілінен.

feedforward)  аласыздар.  Рубрикаторға  қосымша  «озық  байланыс»  келесі  есептерге 

де беріледі:  «Тізбектелген сабақтар топтамасына бір модульды қалай қолданғаны 

туралы рефлексия» мен «Топтаманың бір сабағы бойынша есеп».

Қазіргі  уақытта  өзім    және  менің  тыңдаушыларым    рубрикаторлар  мен 

ұсыныстарды рефлексивтік есептерді формативті бағалау үшін  пайдаланамыз. 

«Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулін қолдану 

жайлы» рефлексивтік есепке арналған рубрикаторлар 

Білу және Түсіну

Қолдану

Рефлексия

Жақсы

Есеп 


Бағдарлама 

модульдерін  білу  және 

түсінуді,    тәжірибеде 

қалай    қолданылғанды  

қамтиды. 

Есепте 


«Мұғалімге 

арналған Нұсқаулыққа» 

және 

Бағдарламада 



ұсынылған  қосымша 

материалдарға  логика- 

лық  түрде  сілтеме 

жасалғаны бейнеленеді.

Есеп  мұғалімнің  мо-

дуль  идеяларын    өзінің 

оқыту  мен  сабақ  беру 

тәжірибесінде    қолдан- 

ғанын көрсетеді.  

Модуль  тақырыптары 

шеңберінде  оқушылар- 

ды  оқытуда  мұғалімнің 

сенімді  дәлелдемелері 

көп.  


Жұмыс  аналитикалық 

сипатта 


жазылған. 

Неліктен  болды/нелік- 

тен  болмады  деген 

сұрақтарға 

жауаптар 

қаралған. 

Жұмыста тұжырым мен 

қорытынды бар. 

Автордың 

ой-пікірі 

анық берілген. 

Одан  арғы  іс-әрекет 

жолдары белгіленген.

Қанағаттан

дырылған

Есеп 


Бағдарлама 

модульдерін  білу  және 

түсінуді,    тәжірибеде 

қалай    қолданылғанды  

қамтиды. 

Есепте 


«Мұғалімге 

арналған Нұсқаулыққа» 

және 

Бағдарламада 



ұсынылған  қосымша 

материалдарға  логика- 

лық  түрде  сілтеме 

жасалғаны бейнеленеді.

Есеп  мұғалімнің  мо-

дуль  идеяларын    өзінің 

оқыту  мен  сабақ  беру 

тәжірибесінде    қолдан- 

ғанын көрсетеді.  

Мұғалімнің  оқушылар- 

ды  оқытуда  сенімді 

дәлелдемелері көп.  

Жұмыс  аналитикалық 

сипатта 


жазылған. 

Неліктен  болды/нелік- 

тен  болмады  деген 

сұрақтарға 

жауаптар 

қаралған. 

Жұмыста тұжырым мен 

қорытынды бар. 

Автордың    ой-пікірі  

берілген. 



10

11

Шекті 



деңгей

Есеп 


Бағдарлама 

модульдерін  білу  және 

түсінуді,    тәжірибеде 

қалай    қолданылғанды  

қамтиды. 

Есеп мұғалімнің кейбір 

модуль 

идеяларын  



өзінің  оқыту  мен  сабақ 

беру 


тәжірибесінде  

қолданғанын көрсетеді. 

Көптеген  тапсырмалар 

орындалмаған. 

Мұғалімнің  оқушылар- 

ды  оқытуда  көңілге 

қонбайтын  дәлелдеме- 

лері келтіріл-ген немесе 

сенерлік  дәлелдемелері 

жоқ.  


Талдау 

жоқ 


неме-

се  шектелген,  жұмыс  

түсіндірмелі 

сипатта 


жазылған.

Неліктен  солай  болды 

деген  сұрақтарға  жау-

аптар  қаралған.  Бірақ, 

неліктен  болмады?  де-

ген  сұрақтарға  жауап 

берілмеген. 

Мұғалім  өз  ойларын 

дәйекті  емес  түрде 

жеткізеді,  бір  идеядан 

екінші  идеяға  аттап 

өтеді. 


Өз 

тәжірибесінен 

бұлыңғыр 

мысалдар 

келтіреді. (әр-түрлі тап-

сырмалар,  түрлі-түрлі



әдістер т.с. айқын емес 

сөздерді пайдаланады) 

Жұмыстың    қорытын- 

дысы  жоқ.  Автордың 

өзіндік пікірі жоқ неме-

се шектелген.

  Одан  арғы  іс-әрекет 

жолдары белгіленбеген.  



Өтпеді

Жұмыс тапсырылмаған.

Жұмыс  плагиат болып 

табылады. 

Жұмыс тапсырылмаған.

Жұмыс  плагиат болып 

табылады.

Жұмыс тапсырылмаған.

Жұмыс  плагиат болып 

табылады.



«Орта мерзімді жоспарлау туралы жазба есебіне» 

арналған рубрикаторлар

Білу және Түсіну

Қолдану

Рефлексия

Жақсы

Есеп 


Бағдарлама 

модульдерін  білу  және 

түсінуді,    тәжірибеде 

қалай    қолданылғанды  

қамтиды. 

Есепте 


«Мұғалімге 

арналған Нұсқаулыққа» 

және 

Бағдарламада 



ұсынылған  қосымша 

материалдарға  логика- 

лық  түрде  сілтеме 

жасалғаны бейнеленеді.

Есеп  мұғалімнің  мо-

дуль  идеяларын    өзінің 

оқыту  мен  сабақ  беру 

тәжірибесінде    қолдан- 

ғанын көрсетеді.  

Мұғалімнің  оқушылар- 

ды  оқытуда  сенімді 

дәлелдемелері көп.  

Жұмыс  аналитикалық 

сипатта 


жазылған. 

Неліктен  болды/нелік- 

тен  болмады  деген 

сұрақтарға 

жауаптар 

қаралған. 

Жұмыста тұжырым мен 

қорытынды бар. 

Автордың 

ой-пікірі 

анық берілген. 

Одан  арғы  іс-әрекет 

жолдары белгіленген.

Қанағаттан

дырылған

Есеп 


Бағдарлама 

модульдерін  білу  және 

түсінуді,    тәжірибеде 

қалай    қолданылғанды  

қамтиды. 

Есепте 


«Мұғалімге 

арналған Нұсқаулыққа» 

және 

Бағдарламада 



ұсынылған  қосымша 

материалдарға  логика- 

лық  түрде  сілтеме 

жасалғаны бейнеленеді.

Есеп  мұғалімнің  мо-

дуль  идеяларын    өзінің 

оқыту  мен  сабақ  беру 

тәжірибесінде    қолдан- 

ғанын көрсетеді.  

Мұғалімнің  оқушылар- 

ды  оқытуда  сенімді 

дәлелдемелері көп.  

Жұмыс  аналитикалық 

сипатта 


жазылған. 

Неліктен  болды/нелік- 

тен  болмады  деген 

сұрақтарға 

жауаптар 

қаралған. 

Жұмыста тұжырым мен 

қорытынды бар. 

Автордың    ой-пікірі  

берілген. 



Шекті 

Есеп 


Бағдарлама 

модульдерін  білу  және 

түсінуді,    тәжірибеде 

қалай    қолданылғанды  

қамтиды. 

Есеп мұғалімнің кейбір 

модуль идеяларын  өзі- 

нің  оқыту  мен  сабақ 

беру тәжірибесінде  қол- 

данғанын 

көрсетеді. 

Көптеген  тапсырмалар 

орындалмаған. 

Мұғалімнің  оқушылар- 

ды  оқытуда  көңілге 

қонбайтын  дәлелдеме- 

лері бар немесе сенерлік 

дәлелдемелері жоқ.  

Талдау жоқ немесе шек-

телген, жұмыс  түсіндір- 

мелі сипатта жазылған.

Неліктен  солай  болды 

деген  сұрақтарға  жау-

аптар  қаралған.  Бірақ, 

неліктен  болмады?  де-

ген  сұрақтарға  жауап 

берілмеген. 

Мұғалім  өз  ойларын 

дәйекті  емес  түрде 

жеткізеді,  бір  идеядан 

екінші  идеяға  аттап 

өтеді. 


Өз 

тәжірибесінен 

бұлыңғыр 

мысалдар 

келтіреді. (әр-түрлі тап-

сырмалар,  түрлі-түрлі



әдістер т.с. айқын емес 

сөздерді пайдаланады) 

Жұмыстың    қорытын- 

дысы  жоқ.  Автордың 

өзіндік пікірі жоқ неме-

се шектелген.

Одан  арғы  іс-әрекет 

жолдары белгіленбеген.  



Өтпеді

Жұмыс тапсырылмаған.

Жұмыс  плагиат болып 

табылады.

Жұмыс тапсырылмаған.

Жұмыс  плагиат болып 

табылады.

Жұмыс тапсырылмаған.

Жұмыс  плагиат болып 

табылады.



12

13

Топтаманың бір сабағы бойынша есепке рубрикаторлар



Білу және Түсіну

Қолдану

Рефлексия

Жақсы

Есеп бір сабақ аясында   

Бағдарлама  идеяларын 

қалай  ықпалдастыруды   

білу  және  түсінуді  

бейнелейді. 

Есепте 

«Мұғалімге 



арналған Нұсқаулыққа» 

және 


Бағдарламада 

ұсынылған  қосымша 

материалдарға  логика- 

лық  түрде  сілтеме 

жасалғаны байқалады.

Есеп  мұғалімнің  бір 

сабақ  аясында  Бағдар- 

ламаның  жеті  модулін 

қолдану 

әдістемесін 

көрсетеді.  

Сабақтың  мақсаты  мен  

одан  күтілетін нәтиже- 

лер  SMART    аббревиа-

турасына сәйкес келеді.

Мұғалім  сабақты  жо-

спарлау  үдерісіне  диф-

ференциалды қараған.

Мұғалім  мен  оқушыны 

оқытудың 

сенерлік 

дәлелдемелері өте көп. 

Жұмыс  аналитикалық 

сипатта 


жазылған. 

Неліктен  болды/нелік- 

тен  болмады  деген 

сұрақтарға 

жауаптар 

қаралған. 

Жұмыста тұжырым мен 

қорытынды бар. 

Автордың 

ой-пікірі 

анық берілген. 

Одан  арғы  іс-әрекет 

жолдары белгіленген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет