Ректордың жолдау сөзі



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата03.04.2017
өлшемі3,77 Mb.
#11060
  1   2

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

Мазмұны 



 

Ректордың жолдау сөзі 

1. Университет жөнінде жалпы мәліметтер 



2. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ құрылымы 

3. I курста әскер қатарына шақырылатындар үшін жаднама 



4. Білім берудің кредиттік технологиясы жөнінде қысқаша ақпарат

 

10 


4.1 Жалпы ережелер 

10 


4.2 Студенттердің білім нәтижелерін бақылау және бағалау жүйесі 

11 


4.3 Академиялық қарыз 

14 


4.4 Келесі курсқа көшіру. Көшіру балын есептеу 

14 


4.5 Студентті оқудан шығару 

15 


4.6 Оқу төлем ақысы 

16 


4.7 «Дене шынықтыру» пәні 

17 


4.8 Кәсіптік практикалар 

18 


4.9 Ауыстыру және қайта қабылдау ережелері   

19 


4.10 Академиялық  демалыс   

 

20 



4.11 Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру 

21 


5. Студенттердің құқықтары мен міндеттері 

22 


6. Студенттік өзін-өзі басқару 

24 


7. Тәжірибе жұмысы                           

26 


8. «Білім орталығы» ақпараттық білім беру орталығы 

28 


9. Бастапқы дәрігерлік-санитарлық көмек орталығы 

29 


10. Білім беру кредиті 

30 


11. Кредиттік технология бойынша сырттай оқу нысанының оқу 

үрдісін ұйымдастыру   

31 

 

12. Қашықтықтаң білім берудің технология бойынша сырттай оқу 



нысанының оқу үрдісін ұйымдастыру 

33 


13. Студенттердің  академиялық  икемділік                                                          

37 


Қорытынды 

37 


2016-2017 

оқу жылы


 

 

 



 

Қымбатты бірінші курс студенттері! 

 

Бүгінгі 


күнде 

сіздердің 

алдарыңызда  өмір  жолыңызды 

дұрыс 


бағытқа 

бағыттайтын 

«мамандықты 

таңдау» 


деген 

жауапты кез келіп жетті.  

Сіз,  облысымыздың  жетекші, 

көп  жылдың  дәстүрі  бар,  ғылыми 

негізі терең, білімі жоғары ЖОО-на 

түсіп,  дұрыс  шешім  қабылдады-

ңыз.  

Ахмет Байтұрсынов атындағы 



Қостанай  мемлекеттік  универси-

теті  –  тамырын  тереңге  таратқан, 

заманауи, 

серпінді 

дамушы, 

Қазақстан  республикасының  жетекші  университеттерінің  бірі.  ЖОО-

ның даму қарқыны болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.  

Біздің  университетіміздің  басты  мақсаты,  еңбек  нарығында 

бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды даярлау. 

        ҚМУ-дың негізгі игілігі , сіздерге жол ашып, өздігінен дамуыңызға 

және алғашқы кәсіби іргетасты қалауға жәрдем көрсететін,  тәжірибесі 

мол,  жоғары  білікті  профессорлық-оқытушылардың  талмай  жұмыс 

жасауы болып табылады. 

Университетіміздің  спорт  үйірмелері,  студиялары,  клубтары 

шығармашылық  мүмкіндіктеріңізді  жетілдіруге  септігін  тигізеді. 

Студенттік  өміріңізді  одан  да  қызықты  етіп,  өздігінен  басқарудың 

негіздерінің  қыр-сырларын  үйренуге  Жастар  бастамаларын  дамыту 

орталығы көмек теседі.  

Сіздерге оқуда табыс және ақ жол тілеймін! 

 

Ректор                                                               Хұсаин Хасенұлы Валиев 



 

 



 

1. Университет туралы жалпы мәліметтер 

 

А.Байтұрсынов  атындағы    Қостанай 



мемлекеттік  университеті  1992  жылы 

тамыз 


айында 

Қазақстан 

Республикасының 

Министрлер  

кабинетінің  №  662  Қаулысымен  Кустанай 

педагогикалық  институтының  негізінде 

өзінің  жарты  ғасырлық  даму  тарихымен 

құрылды.  2000  жылдың  ақпан  айында 

Қазақстан 

Республикасы 

Үкіметінің 

шешімімен 

Қостанай 

мемлекеттік 

университетіне 

Қостанай 

ауылшаруашылық    институты  қосылды. 

2004 


жылы 

наурызда 

Қазақстан 

Республикасының  Білім  және  Ғылым 

министрлігінің  №181  2004  жылдың  4 

наурызындағы 

бұйрығымен 

Қостанай 

педагогикалық  институты  университеттің 

құрамынан шығарылды. 

Университеттің миссиясы: Аймақтық 

инновациялық  университет  –  білім  беру, 

ғылыми  және  мәдени  орталығы,  жоғары 

құзыреттілікті кадрлық әлеует көзі.  

Университет 

құрамында  

бакалавриаттың  33  мамандығы  бойынша 

6000-нан  астам    студент  оқитын  жеті 

факультет: 

гуманитарлық-әлеуметтік 

(ГӘФ),  ақпараттық  технология  (АТФ), 

инженерлік-техникалық 

(ИТФ), 

тарих 


және  құқық  (ТҚФ),  экономикалық  (ЭФ), 

аграрлық-биологиялық 

 

(АБФ),  


ветеринария  және  мал  шаруашылығы 

технологиясы  (ВМШТФ)  бар. 

Оқу-тәрбие  үрдісі  жоғары  білікті 

профессорлық-оқытушылық  құрамымен 

жүзеге 

асырылады. 



Университет 

штатындағы 

200-ден 

астам 


ғылыми 

дәрежесі,  атақтары  бар  адамдар,  оның 



 

 



 

ішінде  ғылым  докторлары  болып  табылады.  Кейбір  бірқатар  пәндерді 

оқытуға  академиялық  жоғары  ЖОО-ның  ғалымдары  және  біздің  еліміздің 

ғылыми-зерттеу  институттарының,  Ресейдің  және  жақын  шет  елдердің 

ғалымдары шақырылады. 

Университетте  қазіргі  уақытта  мамандарды  бәсекелестік  тұрғыда 

дайындау  үшін  жаңа  білім  технологиялары,  мультимедиялық,  компьютерлік 

кластар, 

лингафондық 

кабинеттер, 

техникалық 

құрал-жабдықтар 

қолданылады. 

Университетте 

қырықтан 

астам 


мамандандырылған 

компьютерлік кластар жалпы локальді жүйеге қосылған. 

Студенттер  және  оқытушылардың  игілігінде  қазіргі  заманға  лайық 

жарық,  жылы  аудиторияларымен  5  ғимарат  бар,  шеберлік  орындары, 

тренажер,  спорт  және  мәжіліс  залдары,  көптеген  тамақтандыру  пункттері, 

медициналық  орталық,  студенттік  жатақханалар  жұмыс  істеп  тұр. 

Университетте  қазіргі  заман  талаптарына  сай    «Білім  орталығы»  атты  ішкі 

ақпараттық-білім кешені жұмыс істейді.     

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Университетте    ішкі  ақпараттық-білім  порталы    құрастырылып,  үнемі 



жаңартылып отырылады     

http://ksu.edu.kz/

      

Порталға  электронды  кітапхана, 



студенттің  жеке  кабинеті,  емтихандық 

сессия  кестесі,  хабарландыру  тақтасы 

және т.б. туралы білім беру процессіне  

қажетті материалдар енгізілген. 

Ресми 

сайтта 


және 

ішкі 


ақпараттық  білім  беру  порталында 

бұдан  басқа  студенттің  оқу  жоспары, 

оның  электронды  сынақ  кітапшасы 

және  оқу  процесі  бойынша  басқа  да 

ақпараттар  берілген  студенттің  жеке 


 

 



 

кабинеті  орналасқан.  Интернет  арқылы  немесе  университеттің  локальді 

жүйесіне қосылған кез-келген компьютер арқылы студенттің жеке кабинетіне 

кіруге  болады.  Әрбір  оқу  корпусында  ақпараттық  терминалдар  бар. 

Студенттің  жеке  кабинетіне  қол  жеткізу  үшін  өзіңіздің  эдвайзеріңізден 

логин мен пароль алуыңыз қажет. 

Университеттің  ресми  сайтында  ректордың,  проректорлардың, 

декандардың  виртуальді  қабылдау  сайттары  орналастырылған,  онда 

Сіз  түрлі  мәселелермен  өз  сұрақтарыңызды  қоя  аласыз  және  міндетті  түрде 

жауап ала аласыз. 

Студенттік  өмір  –  әр  адам  өмірінде  ең  маңызды  және  есте  қалатын 

кезең.    Студенттік  өмір  қалай  қызықты  болса,  оқу  үрдісі  де  соғұрлым  

толыққанды болады. Студенттер ҚМУ-нде  білім алуда бір жақты маман ғана 

болмай, 


жан-жақты 

жеке 


тұлға 

болып 


қалыптасады. 

Олардың 


фестивальдерге,  КВН,  концерттерге,  жарыстарға  қатысуы  таланттарынан 

басқа  кәсіптік  дағдыларын  да  дамытады,  лидерлік  қасиеттерін  ашуға 

көмектеседі,  команда  жұмысындағы  әдістерді  меңгеру,  бір-бірімен  қатысу 

тәсілдері  өз-өздеріне  деген  сенімділікті  қалыптастырады.  Сондықтан 

университеттік  білім  біздің  студенттеріміздің  осындай  жарқын  мінез-

құлықтарын, 

бастамашылдықтарын, 

стереотиптерін 

өзгертуді, 

жаңашылдықты, перспективасын қалыптастыруды қамтамасыз етуі керек. 

Университет  өмірінде  студенттер,  оқытушылар  және  қызметкерлердің 

көпшілік 

спортының 

дамуы 


мен 

спорттық-сауықтыру 

жұмыстарын 

ұйымдастыруға  көп  назар  аударылады.  Бұл  үшін  барлық  жағдайлар 

жасалған.  Студенттер  стадионы,  спорт  залы,  күрес  және  тренажер  залдары, 

арнайы  медициналық  топтардың  сабақтары  үшін  залдар,  шаңғы  базасы 

студенттер  игілігіне  жұмыс  істеп  тұр.  Университет  студенттері  тәжірибелі 

жаттықтырушылардың  көмегімен  спорттық  деңгейлерін  секцияларда 

спорттың  барлық  түрінен  көтеруге  мүмкіндігі  мол.  Дене  шынықтыру  және 

спорттық  дайындау  орталығында 

Қазақстан  Республикасының  еңбегі 

сіңген  жаттықтырушылары,  кәсіби 

жоғары 

және 


І 

категориялы 

жаттықтырушы-оқытушылар, 

халықаралық  дәрежедегі,  сондай-ақ  

Қазақстан  Республикасының  спорт 

шеберлері қызмет етеді. 

Студент 

жастардың 

рухани 

және 


адамгершілік 

қалыптасуы 

әрқашанда 

университет 



 

 



 

оқытушыларының  назарында  болады.  Студент  болу  –  тек  қана  оқу  емес, 

сондай-ақ,  өзіңіздің  творчестволық  қабілеттеріңізді  ашуға  және  дамытуға 

мүмкіндік  береді.  «Өнер»  студиясы  оларға  осындай  мол  мүмкіндіктер 

жасайды.  Бұл  –  облысқа  белгілі  көркемөнерпаздың  «Бадрисафа»  би 

ансамблі,  әншілер,  домбырашылар,  ақындар  үйірмелері.  Университеттің 

бірде-бір  салтанатты  жиыны  «Өнер»  студиясының  әртістерінсіз  өтпейді. 

Университеттің  және  қаланың  мерекелік  концерттік  алаңдарында  «Өнер» 

студиясының тәрбиеленушілері әрқашанда жоғары белесте. 

Жоғары  адами  моральдық,  азаматтық    пен  патриотизмді  студенттер 

бойына 

дарыту 


мақсатында 

олардың 


жандүниесінің 

қажеттілігін 

қанағаттандыру үшін университетте «Ахметұрпақтары» дебаттық клубы, КВН-

қозғалыстары, интеллектуалды клубы, «Жасыл Ел» - экологиялық қозғалысы 

және т.б. жастар студенттік ұйымдар жұмыс жасайды.  

Ал университетте өткізілетін КВН-дер – ерекше әңгіме. Факультеттердің 

көңілділер  және  тапқырлар  клубы  командаларының  жарыстары  әрқашан 

ауқымды  іс-шаралар  болып  табылады.  Әзіл-қалжың,  юмордан  басқа  көңіл 

көтеруге не керек? 

Университеттің  шығармашыл  бастамалары  бар  студеннтері  облыстық, 

республикалық  деңгейде  дебаттық  қозғалыстың  көшбасшысы  аталған 

«Ахметұрпақтары»  атты  дебаттық  клубқа  біріккен.  Клуб  отырысында 

студенттердің  білімділігің  артатың  өзекті  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік, 

философиялық тақырыпта мәселелер талданады.  

Интеллектуалды    клуб  мүшелері  университеттің  «Спарта»  атты 

жиынтық  командасы  құрамында  «Тапқырлар  шайқасында»  екі  дұркін 

облыстық  чемпион  аталды,  бұның  өзі  А.Байтұрсынов  атындағы  ҚМУ 

студенттерінің жоғарғы деңгейін көрсетеді. 

ҚМУ-нде  оқуды  оңай  деуге  болмайды.  Дегенмен,  студенттер  бәріне 

үлгереді:  оқуға,  ғылыммен  айналысуға,  демалуға,  сондай-ақ  өз  таңдаулары 

бойынша белсенді де көңілді бола алады. Жалпы студент болу – қызық! 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 



 

2. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ құрылымы 

 

Ректорат (корпус 1, 3 этаж) 



Ректор 

Валиев Хұсаин Хасенұлы 

51-11-95 

Оқу  және  тәрбие  жұмысы  жөніндегі 

проректор 

 

Абсадыков Алмасбек Ахметұлы 



51-11-00 

Ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар 

жөніндегі проректор 

Жарлыгасов Женіс Бахытбекұлы 

51-11-60 

Подразделения и службы 

Академиялық мәселелер бойынша 

департамен- тінің директоры 

Исмаилов Арман Оразалыұлы 

39-06-20 

Білім беру менеджменті мен бақылау 

басқармасының бастығы 

Чехова  Татьяна Ивановна 

51-11-30 

Ғылым және оқу орнынан кейінгі білім 

басқармасының бастығы  

Коваль Андрей Петрович 

51-16-64 

Қашықтан оқыту орта-лығының директоры 

Божевольная Наталья Витальевна 

55-73-60 

Тіркеу бөлімінің бастығы 

Жикеев Азамат Айтпайұлы 

З9-06-24 

Тіркеу бөлімінің бастығының орынбасары 

Кубекова Нуржамал Капбасқызы 

53-80-09 

Жастар бастамалар даму 

орталағының директоры 

Беркенова Гүлнар  Сейтжанқызы 

39-06-11 

Факультеттер

 

Гуманитарлық-әлеуметтік факультеті (ГӘФ) 



Декан 

Берденова Сауле Жалгасовна 

51-11-44 

Тарих және құқық факультеті (ФИП) 

Декан 

Турлубеков Батырхан Салимович 



51-11-53 

Ақпараттық технологиялар факультеті (АТФ) 

Декан 

Медетов Нурлан Амирович  



51-11-98 

Экономикалық факультет (ЭФ) 

Декан 

Васильчук Елена Васильевна 



55-84-50 

Аграрлық-биологиялық факультеті (АБФ) 

Декан 

Калимов Ниязбек Ерханович 



55-84-63 

Инженерлік-техникалық факультеті (ИТФ) 

Декан 

Есимханов Саят Бакытович 



55-85-17 

Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті (ВМШТФ) 

Декан 

Исабаев Азамат Жаксибекович 



55-85-68 

 

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ғимараттары 



Ғимарат № 

Мекен-жайы 

Факультеттер 

Вахта телефондары 

1а 


1б 

 

Байтұрсынов көш, 47 



ГӘФ 

АТФ 


ТҚФ 

 

51-11-19 



 

Абай көш., 28 



ЭФ, АБФ 

55-85-47 

Абай көш., 28 



ИТФ 

55-85-15 

Маяковский көш., 99/1 



ВжАӨТФ 

55-84-88 



 

 



 

3. I курста әскер қатарына  

шақырылатындар үшін жаднама  

 

1-ші курсқа қабылданған қалалық емес барлық жастарға (Қостанай қаласы 



мен  Қостанай  ауданында  тұратындардан  басқалары),  бас  ғимараттың 

(Байтұрсынов  көш.,  47)  213-кабинетіне  бару  керек  және  аудандардан  есептен 

шығуға  және  тіркелген  анықтамаларына  есептен  шыққаны  туралы  белгі  қою 

үшін анықтамалық алу қажет. Бұдан кейін Қостанайдың ҚӘК (Маяковский көш., 

107)  әскери  есебіне  тұру  керек  және  де  Қазақстан  Республикасының  Қарулы 

күштері  қатарына  шақырылу  мерзімінің  ұзартылуын  рәсімдеу  үшін  анықтама 

мен жеке куәлігімен 213 - кабинетке бару керек.  

Қостанай  қаласында  немесе  Қостанай  ауданында  әскери  есепте  тұрған 

бірінші  курстықтарға  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  күштері  қатарына 

шақырылу мерзімінің ұзартылуын рәсімдеу үшін тіркелген анықтама және жеке 

куәлігімен 213 - кабинетке бару керек. 

213  каб. – 1б корпус, Байтұрсынов көш.,47. –  

Зайнуллина Динара Аділжанқызы. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

10 



 

4. Кредиттік оқыту технологиясы жөнінде  

қысқаша мәлімет 

 

4.1 Жалпы ережелер 



А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетінде 

студенттер кредиттік технология оқыту  бойынша білім алады. 

Кредиттік  оқыту  технологиясы  –  бұл  таңдаулы  білім  траекториялары 

және  білімді  кредит  түрінде  есепке  алу,  білім  арқылы  өзін-өзі  тану  және 

шығармашылық  даму  деңгейін  арттыруға  бағытталған  білім  беру 

технологиясы. 

Кредит  –  білім  алушы/оқытушының  оқу  уақыты  көлемінің  үйлестіру 

өлшем бірлігі. Бір кредит білім алушының академиялық кезең аралығындағы 

бір аптадағы аудиториялық жұмысының 1 академиялық сағатына тең. 

Академиялық кезең - жоғары оқу орнында 15 аптаға созылатын семестр 

түрінде оқытудың теориялық кезеңі. 

 

Оқытудың  кредиттік  технологиясы  1-ші  курстан  соңғы  курсқа  дейінгі 



жинақталған кредит есебінің өсімінің жиынтығы болып табылады. 

 

Оқу аптасына 6 күн өткізіледі: дүйсенбіден сенбіге дейін.  



Дәріс, практикалық (семинар) сабақтардың ұзақтығы 50 минутты, «Дене 

шынықтыру»  пәні  бойынша  лабораториялық  және  практикалық  сабақтардың 

ұзақтығы 100 минутты (50 минуттан 2 сабақ) құрайды. 

Белгілі бір логикалық жүйе бойынша студент оқитын курстар тізімі білім 

беру бағдарламалары деп аталады. 

Барлық пәндер міндетті және элективті болып бөлінеді: 

Міндетті 

компонент 

–Типтік 

оқу 


жоспарымен 

белгіленген 

студенттерге міндетті түрде оқытылатын пәндер. 

Таңдау компоненті – (элективті пәндер) – жоғары оқу орындарының 

ұсынысымен  кез-келген  академиялық  кезеңде  студенттерге  өз  бетімен 

таңдатылатын және оқытылатын пәндердің тізімі. 

Бірінші  курс  студенттерінің  пәндерді  таңдауы  оқу  жылының  басына 

дейін,  ал  жоғары  курс  студенттері  үшін  екінші  семестрдің  ортасында  жүзеге 

асырылады.  

Пәндерді  таңдағаннан  кейін  студенттің  жеке  оқу  жоспары  (ЖОЖ) 

құрылады. 


 

 

11 



 

Жеке  оқу  жоспары  –  құрамына  студент  жазылған  оқу  пәндері  және 

кредит  сандары  немесе  академиялық  сағаттар  кіретін  жұмыс  оқу 

бағдарламасы  негізінде  студенттің  өзіне  ғана  жыл  сайын  құрылатын  құжат; 

жеке оқу жоспары жекелеген студенттің оқу траекториясын көрсетеді. 

Әрбір  топқа  эдвайзер  бекітіледі.  Эдвайзер  –  білім  алушының  оқу 

траекторияларын  таңдауына  көмектесетін  (жеке  оқу  жоспарын  жасау  үшін) 

оқыту  кезеңі  бойында  білім  бағдарламасын  меңгеруіне  мамандыққа  сәйкес 

академиялық жетекші функцияларын атқаратын оқытушы. 

 

Назар  аударыңыз!!!  Сіз  әрқашанда  өзіңізді  қызықтырған  кез-келген 



сұрақ бойынша өз эдвайзеріңізге жолығып  кәсіби жауап  аласыз. 

Эдвайзер  өзінің  тобымен  және  жекелеген  студенттермен  кеңестер 

өткізеді.  Эдвайзер  кеңесінің  кестесін  Сіз  факультеттің  ақпараттық  тақтасынан 

табасыз.  

Студент  бітіртуші  кафедраның  меңгерушісіне  немесе  факультет 

деканына  бас  тарту  жөніндегі  дәлелді  өтінішін  ұсынып,  өзінің  эдвайзерінен 

бас тартуына құқылы. 

Барлық пәндер сіз «Білім орталығынан» алатын немесе ақпараттық білім 

порталында 

http://ksu.edu.kz/portal/

құжаттар 

каталогінен 

электронды 

формада  таба  алатын  оқу-әдістемелік  кешендермен  (ПОӘК)  қамтамасыз 

етілген.  ПОӘК  табу  туралы  дәл  ақпаратты  Сіз  пәнді  жүргізетін  оқытушыдан 

аласыз. Бірінші сабақта оқытушы Сізге силлабус беруі керек. 

Назар аударыңыз!!! Егер Сіз силлабус алмасаңыз, топ старостасынан 

немесе пәнді жүргізетін оқытушыдан сұраңыз. 

ПОӘК  студент  үшін  жасалады  және  мынадай  құжатттардан 

құралады:  пән  бойынша  оқу  бағдарламасы  (Syllabus);  дәріс  кешені; 

практикалық (семинар) сабақтың жоспары; пәнді оқу бойынша әдістемелік 

нұсқаулар,  лабораториялық  жұмыстардың,  курстық  жұмыстардың  (жоба) 

орындалуы, студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау  өздік 

жұмыстарының материалдары. 

Силлабус  –  құрамына  оқытылатын  пән  туралы  мәлімет,  пәннің 

мақсаты  мен  міндеттері,  оның  қысқаша  мазмұны,  тақырыптар  мен  әр 

сабақтың  өздік  жұмысының  тапсырмалары,  кеңес  уақыттары,  оқытушы 

талаптары,  бағалау  критерийлері,  рубежді  бақылау  кестесі  және 

әдебиеттер тізімінен құралған пәннің оқу бағдарламасы. 

 


 

 

12 



 

4.2 Студенттердің оқудағы жетістіктерін бағалау мен қорытындылау жүйесі 

Білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бақылау  -  әр  түрлі  бақылау 

тапсырмаларының  негізінде  белгілі  бір  пән  бойынша  студенттердің  білім 

нәтижелерін  бақылау  (жазба  жұмыстары,  тестілеу,  практикалық  жұмыстар, 

портфилио,  ауызша  сұрақтар  және  т.б.);  ол  ағымдағы  бақылау,  рубежді 

бақылау және қорытынды бақылау болып бөлінеді. 

 

Үлгерімнің  ағымдағы  бақылауы  -  әр  тақырып  бойынша  және/немесе 



семестр бойындағы сабақтарда оқытушы өткізген оқу пәнінің бөлімі бойынша 

студенттің білім нәтижесін жүйелі тексеру. 

 

Үлгерімнің  рубежді  бақылауы  –  сабақ  беретін  оқытушының  бекітілген 



академиялық  күнтізбеге  сәйкес  студенттің  білім  нәтижесін  мерзімді  тексеруі. 

Рубежді  бақылау  колоквиум,  жазбаша  бақылау  жұмысы,  аудиториялық 

немесе аудиториялардан тыс сабаққтарда тестілеу. 

 

Қорытынды бақылау – оқу пәні оқытылып біткеннен кейін академиялық 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет