Рекультивация Жерді қайта құнарландыру, рекультивация(лат re — қайта не кері әсерді білдіретін қосымша және cultіvo — өңдеу) — бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп



Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#17529

Рекультивация - Жерді қайта құнарландыру, рекультивация(лат. re — қайта не кері әсерді білдіретін қосымша және cultіvo — өңдеу) — бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, оны халық шаруашылығына пайдалануға беру және қоршаған ортаны жақсарту үшін жүргізілетін кешенд іжұмыс

Эрозия (латынша erosіo – желіну) – топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы. Эрозиялық құбылыстың дамуына сол жердің топырақ-өсімдік жамылғысы және геол. құрылысы да әсер етеді. Эрозия – жер бедерін қалыптастырушы факторлардың бірі

Мониторинг – бұл қоршаған ортаны қадағалау мен бақылаудың жүйесі. Ол үш сатыдан тұрады: қоршаған табиғи орта жағдайының, адамзат қызметінің əсерінен болатын қоршаған табиғи орта жағдайын болжаудың, бағалау жəне қадағалау жүйесі

Рекреация (лат. rесrеаtіо - қалпына келтіру) — адамның еңбек процесінде жұмсаған дене және рухани күштерін қалпына келтіру мен дамыту.

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.

БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы бекітілген.

Озон қабатының бұзылуының және озон тесігінің негізгі себебі - өндірістік химия, әсіресе озон қабатын бұзатын заттар (ODS) деп аталатын өнер кәсіптік галокөміртектік салқындатқыштар, еріткіштер, жанармайлар және үрлегіштер (хлорфторкөміртектер (CFCs), HCFCs, галондар).

Қышқыл жауын-шашынның түсуі атмосферадағы күкірт диоксидтері мен әртүрлі азот оксидтерінің болуы

СМОГ—ТҮТІНДІ ТҰМАН

Смог сөзі ағылшынша «smoke» — түтін, «fog» — тұман деген сөздердің бірігуінен шыққан. Смог — түтіннен, тұманнан және шаң-тозаңнан тұратын аэрозоль, улы түтін. Мұндай смогтар үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында жиі болады.

Парниктік әсер – атмосферадағы газдар Жер бетіндегі жылуды ұстап қалатын табиғи процесс.

Парниктік әсер жаһандық температураны көтеру арқылы адамдарға өмір сүруге жағдай жасайды

Табиғи эко жүйелерге(биоценоз) орман,дала,шөл,көл,т.б жатады.Яғни бұл табиғат күштерінің арқасында пайда болады.

Жасанды эко жүйелерге (агроценоз) өріс, жайылым, егіндік, қала, ауыл, бау-бақша, тоған, бөген, су қоймасы, ғарыш кемесі, аквариум және т.б жатады.Бұлар тікелей адам жасаған орта.

Экология сөзі гректің «оіkоs» - үй-жай және «lоgos» - ілім деген сөзінен шыққан. Бұдан басқа мұнда белгілі аумақта тіршілік ететін ағзалар жиынтығы зерттеледі. Экология термині ең алғаш Эрнст Геккель енгізді.

Арал теңізінің тартылуына байланысты проблема.Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты.

Атмосфера қабаттары

1)тропосфера

2) стратосфера

3)мезосфера

4)термосфера

5) экзосфера

Топырақ деградациясы- кері әсерлі химиялық және физикалық жағдай салдарынан топырақтың әрбір қасиеттерінің нашарлауы(жойылуы)

Топырақтың физикалық деградациясы

Қарашірік көкжиегі әлеуетінің азаюымен анықталатын топырақ құрылысы кескіннің бұзылуымен сипатталады. Ол су және жел эрозиясы әрекетінентопырақтың механикалық жабынының бұзылуы.

Топырақтың химиялық деградациясы

Ауылшаруашылық өнеркәсібінде жерді тиімсіз пайдаланудың нәтижесі-оның құнарлығының едәуір төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл процесте ең алдымен ондағы қоректік элементтер азаюымен байқалады.

Топырақтың биологиялық деградациясы

Топырақ микроорганизмдері қоректік заттардың айналымына үлкен рөл атқарады, қалдықтардың топырақта ыдырауына, ластағыштардың детокскациясы мен микроорганизмдердің патогенді формаларының дамуын тежейді. Топырақтың биолгиялық ластануын микроорганизмдердің патогенді формаларының мөлшерін көрсететін көрсеткіш сипаттай алады, яғни, жалпы микроорганизмдер мөлшеріндегі олардың үлес салмағы.

Шөлейттену – адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуы. Дүниежүз. климаттың өзгеруі мен оның қуаңдануының өсуіне байланысты Шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып, топырақ құнарсыздана бастайды

Жердің қабаттары

Жердің қабаттары:

Атмосфера

гидросфера

Биосфера

литосфера (жер қыртысы) мантия,ядро.

Антропогендік(жасанды) ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады


Табиғи ластануға жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.

Тұрақты даму концепциясы

1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады.

Тұрақты даму


Ой толғау

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет