Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата03.03.2017
өлшемі7,1 Mb.
#7069
1   2   3   4   5   6

Нәзира ЕЛЕУХАН

ПІКІР


САЙЛАУ – 2015

12 наурыз күні Қыздар университетінде «Нұр Отан» партиясының ХҮІ сьезіне байланысты 

«Біздің таңдауымыз – Елбасы!» атты патриоттық шара өтті. Оған оқу орны жанындағы 

«Ұлағат» бастауыш партия ұйымының мүшелері, университет ұжымы мен студенттері 

қатысты.

БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ –

ЕЛБАСЫ!

Ердәулет 

БЕРЛІБАЕВ, 

т.ғ.к. доцент

ры Бауыржан Байбек елімізде өтетін сайлауда 

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының кан-

дидатурасын ұсыну туралы ұсынысты барлық 

депутаттар бірауыздан қолдағанын хабарла-

ды. Қашанда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 

дана саясаты халықтың санасына сәулесін 

шашып, нұрын төгіп келеді. Көшбасшы бола 

білу – үлкен өнер. Мемлекет басшысының 

көшбасшылық көптеген қасиеттері ана сүтімен 

бойына дарыған. Президенттің біздің халқымыз 

үшін жасаған барлық істері мен жетістіктерін 

санамалап жатудың өзі артық», – деп съездің 

өту барысы жайында мағлұмат берді.

Жиында саяси науқанға қатысты баян-

дамалар оқылып, Н.Ә.Назарбаевтың сараб-

дал саясаты, көреген басшылығы, еліміздің 

өркендеп дамуына қосқан үлесі мен тұлғалық 

қасиеті туралы ой-пікірлер ортаға салын-

ды. Оқу орнының белсенді жастары да өз 

ойларын ортаға салды. Физика-математика 

факультетінің 2-курс студенті Кәмшат Мәлік: 

«Жастар – елдің болашағы. Елімізде қолға алы-

нып жатқан ауқымды істерге біз де үн қосқымыз 

келеді. Алда ең маңызды шара – Қазақстан 

Республикасының Президенттік сайлауы 

өтпек. Біз осы уақытқа дейін Нұрлы жолымен 

еліміздің көшілгері дамуына ерен еңбек сіңірген 

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың канди-

датурасын қолдаймыз. Бізге жарқын болашақ, 

кемел келешек керек! Елбасының бұл жолдағы 

бағдары белгілі, мақсаты айқын. Біз сондықтан, 

еліміздің жарқын болашағына сенеміз!» – деді.

Ал, Қазақ филологиясы және әлем тілдері 

факультетінің 1 курс студенті А.Ибра йымова: 

«Біздің Президентіміз – әлемдік деңгейдегі 

саясаткер. Ұлт көшбасшысы қашанда ұлттың 

ұлылығын ұлықтаған текті ұл екенін істерімен 

дәлелдеп келеді. Экономикалық өрлеу, 

өркендеу – қазіргі таңдағы ең басты құндылық. 

Бұл мақсатқа жеткізетін білікті басшы ғана. 

Біз қашанда Елбасымызбен біргеміз!» – деп, 

«Нұрағам» атты арнау өлеңін оқып берді.

Жастар елімізде өздері қажетті бар лық 

жағ  дай жасалғандығын, жоғары білім алып, 

өз білімін магистратура мен докторан турада 

шыңдауға, шығармашылықпен, спортпен 

айналысуға барлығы жасалынғандығын, 

жастарға арналған түрлі бағдарламаларды қолға 

алынып жатқандығын тілге тиек етті.

«Қазақстанның гүлденуіне бағытталған 

шаралардың табысты жалғасуы үшін Нұрсұлтан 

Назарбаевтың алдағы Президент сайлауына 

қатысуының маңыздылығы зор. Елбасының 

тәжірибесі өркендеудің, тұрақтылық пен 

халық бірлігін сақтаудың кепілі деп білеміз. 

Н.Назарбаевқа деген сенім мандаты өркендеу 

жолындағы барлық ауқымды шараларды жүзеге 

асыруға мүмкіндік береді. Біз әрқашанда Елба-

сымен біргеміз!» – дейді университ ұжымы мен 

студенттері.

Н. ЖҰМАҚҰЛОВА


4

4

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№3 (126)

30 наурыз

2015 жыл

Т А Ғ Ы Л Ы М



Қыстың сызы кетіп, күн жылынып, 

айнала жайма-шуақ күйге енген 

ғажайып мезгілде, аспан денелері 

бастапқы орнына оралып, Күн мен Түн 

теңеліп, әлемдік тепе-теңдік орнайтың 

ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында 

жаңа жыл бастау алады. Есігімізден 

еніп, төрімізден орын алған Қой 

жылын қазақта қамбалы, қазыналы 

жыл деп санаған. 

Міне, етімен, сүтімен халық шаруашы-

лығында негізгі орын алған төрт түліктің 

бірі Шопан ата түлегімен аталған Жаңа 

жылды дүйім жұрт жақсылықтың жаршысы 

болсын деген ниетпен қарсы алды. 

Наурыз тойы – молшылық мерекесі. 

Көпшілік асыға күтетін ынтымақтың, 

қуаныштың тойы. Соғымның қыстай 

сақталған сүр етін, қазысы мен қартасын 

қазанға салып, дәнді-дақылдарын қосып, 

құрт-майын езіп, ақ пейілдерімен Наурыз 

көже дайындап, келер жылға амандықпен 

жетуді қалаған барша ағайынға ұсынғанын 

білеміз және бұл дәстүр ұрпақтан ұрпаққа 

жалғасын тауып келеді. Ұлыстың ұлы 

күнінде жасалатын ерекше дәм – Наурыз 

мейрамының ең басты белгісі. 

Мерекенің ықылым заманнан бері той-

ланып келе жатқанын ескерсек, ұрпақтан 

ұрпаққа жалғасып, мән-мағынасы жойыл-

май беріліп келеді. Көктемнің шұғылалы 

мерекесі, ырыс пен ынтымақтың баста-

уы ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне 

арналған салтанатты шара 19 наурыз күні 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінде өтті.

Тарихи тамыры тереңде жатқан жаңару 

мен жанданудың, мейірім мен ізгіліктің мей-

рамы Наурыз тойына арналған мерекелік 

кешке ҚазМемҚызПУ басшылығынан бас-

тап барлық ғылыми-педагогикалық құрам 

мен студенттер қауымы қатысты. Қыздар 

университетінің ректоры Динар Нөкетаева: 

«Көктемнің саумал самалымен ілескен 

тамаша мейрам еліміздің салт-дәстүрін 

аспандатқан, ұлтымыздың ұлылығын 

дәріптейтін Тәуелсіздік күнінен кейінгі 

орны ерекше мереке. Кеңес дәуірінің 

солақай саясаты көп жылдар бойы бұл 

мерекені тұңшықтырып тұмшаласа да, 

дана халқымыз ымырамен құндылығын 

жоғалтқан жоқ. Егемендікпен бірге жыл-

дан жылға дәстүріміз жанданып, жанығып 

келеді. Бұл бағыттағы дамуымыз, даналық 

салт-дәстүрімізбен құндақталған ұлттық 

мәндегі тәрбие берумен тікелей байланысты 

деп ойлаймын. Осы орайда, өзіндік ешкімге 

Қ ы з - к е л і н ш е к ,   ә й е л - а н а , 

әже-кейуана тағылымы өшпес із 

қалдырды. Ол – қазақ тілінің ана 

тілі деп аталуы. Мұндай жағдай 

қазақ әйелінің өзіндік қасиетін де, 

басқалардан айырмашылығын да 

танытады. 

М.Әуезов «Адамдық негізі – 

әйел» деген тұңғыш туындысын 

әйел тақырыбына арнапты. Ғалым: 

«Адам баласы – тағы болып, еркегі 

хайуандық дәрежесінде жүргенде 

әйелден бала туып, ол балаларының 

бәрі де жастық, қорғансыздықтан 

анасының айналасына үйіріліп, үй 

ішінің бірлігін, одан туысқандық 

ұйымын адамшылыққа кіргізген – 

әйел» деген. Ұлы ойшыл осы сөзімен 

әйел – қоғамның ұйытқысы екенін 

әйел еркіндікке жетпесе, адамшылық 

та күрмеулі болатынын қадап айтқан. 

Қазақ елі ел болғалы, қазақ қазақ 

болғалы өмірбақи анасын сыйлап 

өткен. Ертеден келе жатан наным-

сенімдердің түп тамыры да – ана. 

Аспанда Тәңірі, жерде Ұмай ана 

деп табынады қазақтар. Ұмай ана – 

Қамқоршы, жарылқаушы, демеуші, 

Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі 

ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. 

Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, 

оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге 

айналдырған. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, 

кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер 

көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден 

үлгі алған. 

Қыздар университетінің белсенді жастары, «Қыз 

Жібек» клубының мүшелері сол игі дәстүрменен 

мереке алдында жақсы тілек тілеу және құттықтау 

мақсатында Алматы қалалық әкімшілігін, Алма-

ты қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі 

басқармасының басшысы М.К.Ахметовті, Алмалы 

ауданы әкімшілігінің ұжымын, әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-ды, ҚазҰАУ-ды, Абай атындағы ҚазҰПУ-

ды, «Нұр Отан» партиясын, «Жас Отан» Жастар 

қанатын, «Жарасым» республикалық жастар ұйымын, 

қалалық «Жасыл Ел» ұйымын, «Қазақстан-2050» 

қозғалысын, Алматы қаласының жастар саясатын 

дамыту қорының жетекшісі С.Сейітовті құттықтап, 

Қыздар университетінің атынан арнайы дайындаған 

сыйлықтарын тарту етті.

«Баршаңызды көктемнің шуақты да, мерейлі 

мерекесі, жақсылық пен молшылықтың жаршысы 

Наурыз – ата-бабамыздан мирас болып тойла-

нып келе жатқан, ренжіскен адамдар татуласқан, 

халықты тұтастық пен бірлікке, достық мен ынтымаққа 

шақырған ерекше мәнге ие мейрам. Ұлыстың ұлы күнін 

қадірлеу арқылы біз ертеңге елдің болашағы біздер 

ұрпақтан-ұрпаққа оны мирас ете аламыз. Игі дәстүрді 

әрқашан есте ұстайтын Қыздар университетінің 

студенттері Наурыз көже жасауды үйреніп, мереке 

қарасаңында бауырсақ пісіріп барша әріптестерімізді 

құттықтадық», – деді Жастар комитетінің төрайымы 

Маржан Ахтаева.



Нәзира ЖҰМАҚҰЛОВА

Қыз  тәрбиесі мен ұлт тағдыры - егіз

Қыз тілеуі – құт



Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты – ата-бабалардың үлгі-өнегесі, ақыл-кеңесі, дүниеге 

шынайы көзқарасы, бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздік – дербестікке ұмтылысы. Бұл – алдан күткен 

арманы, ойға алған негізгі мақсаты. Тәрбие – ұрпақ үшін күрес құралы. Халқымыз жас ұрпақты 

оқытып, тәрбиелеу жайында небір сындарлы пікірлер айтқан. «Баланы сүйсең, тәрбиесін сүй», «Баланы 

мақтау жетілдірмейді, баптау жетілдіреді» дейтін мақал-мәтелдер баланы құр «айналайын» дей 

бермей, оны адамгершілікке, имандылыққа, мәдениеттілікке баулуға ой тастайтын нақыл сөздер.  

Болатхан 

САРБАСОВ,  

қауым. 

профессор 

м.а., ф.ғ.к.

ІЛТИПАТ


ӨЗ СӨЗІМ

ұқсамайтын бет-бейнесі қалыптасқан, 

болашақ ұлт тәрбиелеуші жастарды сомдай-

тын, киелі қарашаңырақ қазақ қыздарының 

шамшырағы – Қыздар университетінің 

де орны өлшеусіз. Біз сол қағидаттан, 

сол бағыттан тайған емеспіз. Сол пай-

ым-парасат бүгінгі күнге дейін жалғасын 

тауып, қасиетті ордамызда жаңа қырынан, 

жаңа заманауи өреде ұлттық құндылықтар 

негізімен астасып жатыр», – деп достық 

мен ынтымаққа шақырған ерекше мәнге 

ие мейраммен барша жұртты құттықтап, ақ 

тілегін жеткізді.

Төрімізге енген Жаңа жыл – қой жылы. 

Қазақ халқы қазыналы да қамбалы жылға 

балаған бұл Наурызды ізгі ниетпен, шат-

шадыман көңілмен қарсы алды. Қазақ 

елі салт-дәстүрге өте бай ұлт. Нау рыз 

мейрамын тойлаудың да өз салты бар. 

Наурыз – жаңарудың, өсудің, түлеудің 

басы. Көктем мерекесі – еңбектің тойы, 

тоқшылық пен ырыс-құттың көрінісі, 

Наурыз – жақсылықтан үміт күтетін 

уақыт, Наурыз – «Ұйқыашар» даярла-

нып, «Селтеткізер» сый-сыяпат жасайтын 

жастардың, ғашықтардың мейрамы. Осы 

жөн-жоралғылардың барлығы да сахна 

төрінде орындалып, игі тілектер айтыл-

ды. Қыздар қалашығының «тұрғындары» 

ортақ үйіміздің қазаны ортаймасын, 

байтақ еліміздің мәртебелі шаңырағы 

шайқалмауына тілектестік білдіріп, ән 

мен жыры төгілген, күйі күмбірлеп, биі 

шалқыған әсем кештің куәсі болды.

Қызыр бабаның ақ тілеулі батасымен, 

ақ жаулықты аналардың ізгі ниетті алас-

тауымен басталған әсем кеште Қыздар 

университетін әз-Наурызбен құттықтауға 

қазақ циркінің әртісі, иллюзионист Камал 

Қоңқараев, қазақ эстрадасына алғаш гита-

рамен танылған әнші Гүлмира Ақүрпекова 

келді. Сондай-ақ, сахна төрінде Өнер 

және мәдениет факультенінің деканы 

Г.Ш.Өмірбаева бастаған өнер ұжымы, яғни 

әнші қыздар мен«Томирис» би ансамблі, 

«Ұлар» фольклорлық-этнографиялық 

ансамблі, «Айгүл» вокалды-аспаптық 

ансамблі өнер көрсетті.

Көктем мерекесі, Ұлыстың ұлы күні әз-

Наурыз басталды! Дүбірлі той енді бастал-

ды. Ұлыс оң, ақ мол болсын! Босағамызды 

аттаған әз-Наурыз әр қазақтың шаңырағын 

шаттыққа толтырсын!



Қарлыға ТЕЛМАН

жанұя, отбасының пірі. Мұсылман 

дінінде бүкіл адам заттың анасы деп, 

аналардың анасы деп Хауа ананы 

құрмет тұтады. Хауа ана – Адам 

атаның зайыбы.  Мұхамед (с.ғ.с) 

пайғамбарымыз әйел затын аса биік 

бағалап: «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, 

тағы да анаңа, содан соң Отаныңа 

жақсылық жаса», – деп өсиет айтып 

кеткен. 

Бүкіл түркі халықтарына ортақ 

«Құтты білікте» Жүсіп Баласағұн:  

«Әйел алмақ болсаң егер, қарарсың, 

жіті бағып таңдаулысын аларсың...» 

деген екен. Қазақ әйелдері ерін

күйеуін бәрінен де биік санап, 

сыйлап өткен. Өйткені, ол – мал 

табарың, ол – айбат-қорғаның, 

ол – төбеңдегі – шаңырақ. Көне 

шығармалардың  қай -қайсы сының  да 

суреттеу тәсілдерінде эпос дәстүрінің 

көрініс беріп отыруы таңданыс 

тудырмаса керек. Жазба әдебиет 

пен халық шығармашылығының 

бір-бірінен жедел қол үзіп кетуі 

мүмкін емес. Сондықтан, кез-келген 

шығармашылық иесі өзі өмір сүріп 

отырған ортадағы өзіне дейінгі руха-

ни қазынаға назар аударады, содан 

сусындайды, мейлі ол ауызша, мейлі 

жазбаша болсын, қажет уақытында 

дамытып пайдаланады. 

Кейіпкерлерді әр түрлі тұрғы-

дан сипаттап көрсету – ертеден 

халық арасында қалыптасқан 

дәстүрлі ұғымдарды пайдаланудың 

көрінісі. «Оғыз-наме» эпосында 

кейіпкерлер портретін жасау өте 

шеберлікпен жүзеге асырылған. 

Ерекше қабілетімен, айрықша 

көзге түскен тұлғаларды бейнелеу 

үшін көбінесе «Жақсы бір бек бар 

еді», «Жақсы бір шебер кісі еді», 

«Ақылгөй дана бір қарт еді» деген 

сөйлемдермен шектеліп қалмай, сол 

кейіпкерлердің мінез-құлқы, сыртқы 

келбеті, түр-тұлғасы кеңінен сипат-

талады. Эпостағы адам портреттері 

кейіпкерлердің мінез-құлқын ашып 

көрсетуге мүмкіндік берген. Бұл 

тұста, ең алдымен, Оғыз ғашық болып 

үйленген қыздардың бейнелері ойға 

оралады. Оғыздардың арғы атасы - 

Оғыз қаған екі қызбен некелеседі. 

Біріншісі – Көктен түскен көгілдір 

сәуледен жаратылған, Көк Тәңірінің 

құдіретін бейнелейтін құбылыс, 

екінші қызды көлдің ортасындағы 

ағаштың қуысынан кезіктіреді, бұл 

судың, жердің, аспанның құдіретін 

меңзейді. Әрқайсысы, үш-үштен 

ұл табады. Ол ұлдардың атын аспан 

денелерімен байланыстырып қояды. 

Осы киелі құбылыстың шапағатын 

танытатын алты ұлдан 24 ұрпақ – 

оғыз тайпаларының ата-бабалары 

тарады.


Сондай-ақ, «Едіге» жырында 

бой көрсететін әйелдердің барлығы 

да атсыз кейіпте, тұйық, келте бейне 

ретінде көрінеді. Ілкіде, Қаныкей, 

Тінікей деген, эпосқа тән дәстүрлі 

есіммен аталатын Тоқтамыс қыз-

дары қандай да бір іс-әрекетпен 

көрінбейді. Жырға бұл екеуі Едіге мен 

Нұралы арасындағы араздыққа себеп 

үшін ғана енгізілген. Тоқтамыстың 

әйелі Ноғайлы жұртының бүлінуіне 

себепкер, ұнам сыз кейіпте көрінеді. 

Ал, Нұралынның әйелі әке мен ба-

ланы табыстырушы ғана емес, ол 

араздықпен айрылысқан елді «судың 

екі жағында жатқан» Ноғайлы 

жұртының қайтадан бірігуіне себеп-

кер болады. Бұл жағдайдың екі түрлі 

мәнісі бар сияқты. Біріншіден, ежелгі 

түрік ұғымында Ана (Ұмай-Ана) – 

ошақтың құты, бесіктің пірі, елдің 

береке-бірлігі ананың ақ сүті мен 

парасатына байланысты саналған, 

ежелгі Орхон ескерткіштерінде 

атақты Күлтегін бабасы Елтеріс 

қаған мен әжесі Елбілге қатынды 

тең дәрежеде атайды, тоғыз елдің 

қайта көтерілуі «Бабам қағанның, 

әжем қатынның» арқасы деп атап 

көрсетеді.

«Едіге» жырының байыптауын-

ша, елдің тозуына себеп болған 

әйел, енді елдің қайтадан оңалуы да 

әйелге байланысты болып шығады. 

Осы орайда, М.Әуезовтің «Ел бо-

лам десең – бесігіңді түзе» деген 

пікірі еріксіз ойға оралады. Әрбір 

үйдің тірегі, жүрегі бола білген әйел 

қоғамда да осы сипатқа ие. Қазақ 

Ананы – нарға балаған. Кез келген 

ананың мақсаты ұрпағын ұлттық 

рухта тәрбиелеу. Ал мемлекетті 

қорғайтындар – ұлтын сүйген рухты 

ұлдар мен қыздар. Ана осы рухты 

сіңірумен де қоғамда басты орын 

алады. Ұрпақтың сана-сезімін 

ата-ана имандылық, инабаттылық 

арқылы тәрбиелейді. Жаман әдет-

терге тосқауыл қоятын – діні мен 

тілі. Аналар осы екі құндылықты 

отбасында әрқашан баласының са-

насына сіңіріп айтуға міндетті.



Ұлыстың ұлы күні Наурыз – бірлік пен 

ынтымақтың, достық пен татулықтың, ырыздық 

пен несібенің мерекесі. Жер жүзіне жаңару мен 

өзгеріс сыйлайтын Ұлыс тойы – береке мен 

бірліктің негізі. Самарқанның көк тасын жібіткен 

Наурыз – араздасқан жандарды татуластыра-

тын кешірім күні. Жаңа жылдың бастауы наурыз 

айы – өткенді саралап, болашаққа жоспар құрып, 

жақсылыққа ниет ететін тілек айы. 

Қош келдің, әз-Наурыз!

МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ 

ЖҮЗДЕСУ

Осы айтулы мерекеге орай, Қыздар 

университетінде акция ұйымдастырылды. 

Қыздардың тәлім-тәрбиесіне ерекше көңіл 

бөліп, қаракөз қыздарға салт-дәстүрді 

дәріптеу мақсатында студенттер арасында 

сауалдар қойылып, айтулы мерекеге орай 

ынталандыру сыйлықтары берілді.

Қыздардың мерекесін тортсыз елесте-

Ұстаз ұлағаты – мәңгілік

АРУЛАРДЫҢ 

жанданған бірлестігі



С т у д е н т т е р   г а з е т і

№1 (05)


30 наурыз

2015 жыл


s t u d e n t t e r _ g a z e t i @ m a i l . r u

ту мүмкін емес. Бас корпуста туған күнге 

арнайы әзірленген дәмді торт таратылды. 

Қаракөз қыздарды алақанына салып аялап, 

қамқор болып жүрген университет ректо-

ры Динар Нөкетаева «Қызжібектіктерді» 

туған күндерімен және барша аруларды күн 

шуағы мол көктемнің алғашқы мерекесі – 

Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, 

көпшілікпен бірге «Қыз Жібек» клубының 

логотипі бейнесімен безендірілген 

мерекелік торттан дәм татты.

Осыдан кейін сөз алған Қыздар 

университетінің Бірінші проректоры 

Б.Алиев, Тәрбие ісі жөніндегі прорек-

тор З.Сабырова, Әкімшілік-әлеуметтік 

м ә с е л е л е р   ж ө н і н д е г і   п р о р е к т о р 

А.Бөкебаев, Ректор Аппаратының 

жетекшісі С.Айнақұлов «Қызжібектіктерді» 

шын жүректен мерейлі мерекесімен 

құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. «Қыз 

Жібек» қоғамдық бірлестігінің негізінің 

қалануына, көркейіп бүгінгі күнге жетуіне 

атсалысқан жастар саясатын дамыту 

бөлімін ерекше атап өтті.

Қыздардың ой бөлісетін, сырласатын 

ор тасы – «Қыз Жібек» клубына айтылған 

ізгі ті лектер мен жылы лебізден кейін, сұлу 

қыз дар дың университеттің көркеюі мен 

да муына, ертеңгі ұлт тағдыры мен ел бо ла -

ша ғына елеулі үлес қосарына сеніміміз мол.

Сондай-ақ, 8 наурыз – Халықаралық 

әйелдер күні мерекесіне орай, Жоғары 

студенттер кеңесінің және Жастар саяса-

тын дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 

«АНА» сөзі университет алдына ақ 

гүлдермен әдеміленіп жазылды. Аты да, 

заты да алтыннан да қымбат асыл сөзді 

белсенді қыздарымыз 5000-ға жуық қағаз 

қызғалдақтарды қолданып жасаған бо-

латын. Бұл – қыздардың үні, қыздардың 

сыйы.


Қазына ЯХУДАЕВА,

Физика-математика факультетінің

1-курс студенті

Қазақ филологиясы және әлем тілдері 

факультетінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті 

мамандығының 2-курс студенттері №2 Балалар 

үйіне барды. 

Кездесу барысында студенттер балалар үйінің 

тәрбиеленушілерімен жүздесіп, қызықты ой-

ындар ойнатты. Ойын барысында бүлдіршіндер 

белсене атсалысып, өз өнерлерін де ортаға сал-

ды. Балалардың кіршіксіз таза күлкісі бәрімізге 

жаймашуақ көңіл-күй сыйлап, бір сәтке балалық 

шаққа саяхат жасап қайтқандай болдық. Ең басты 

таңғаларлық жәйт бұл сондағы орыс ұлтының 

балаларының көбісі қасиетті қара домбыраның 

құлағында ойнайтындығы болды. Студенттер 

ойын кезінде өз сыйлықтарын табыстап, естелік 

суреттерге түсті. Жанға жылу ұялататын кездесу 

көл-көсір қуаныш пен мол мейірімге толы жанар-

лар бір-бірімен қимай қоштасты. Кетер алдында 

балалардың хормен «Рахмет!» дегендерін естіп, 

іштей риза болдық.  

Бұл кездесудің басты нәтижесі осы бір сүйкімді 

бүлдіршіндердің көтеріңкі көңіл-күйі мен оларға 

тарту етілген ақ-адал ниеттен туындаған мейірім 

шуағы болды, ал баланың көңілін шалқыту үшін аса 

көп ештеңе де қажет емес екеніне көзіміз жетті. Ең 

бастысы таза ниет пен иненің жасуындай мейірім 

ғана. 


БҰҰ-ның балалар қорының хабарлауынша, 

төрткүл дүниеде 100 миллион бала ата-анасының 

қамқорлығынан айырылған. Ал Қазақстанда рес-

ми мәліметтер бойынша олардың саны 75 мыңды 

құрайды. Көңілі дархан қазақ халқына бұндай 

нәтиже жараспасы анық. Дегенмен болашақ 

біздің қолымызда емес пе?! Елінің ертеңіне ай-

налар білімді ұрпақ тәрбиелеу парасат мектебінің 

қыздарының қолынан келеді деп сенеміз. Ең 

бастысы, қазақтың «жетімін жылатпаған» деген 

қасиетті сөзінің қадірін желге ұшырып алмасақ 

екен деймін. 



Балалар үйінен шығып келе жатыр едік. 

Мерей деген қазақ бала артымыздан еріп 

келді. Дәл есіктен шығар сәтте қоштасып 

жатқанымызда Мерей: «Енді қашан 

келесіздер?» –деп мөлдірей қарады. 

Бұндай сауалды күтпеген едік. Бір-бірімізге 

жалтақтай қараймыз...

– Жақында... Жақында міндетті түрде 

келеміз!

Маржан ӘБІШ, 

Студенттік медиа клуб мүшесі

Кездесуді ұйымдастырудағы 

басты мақсат – ұлағатты ұстаз, 

өзінің ғибратты ғұмырын болашақ 

буындарды оқыту мен тәрбиелеуге 

арнаған, өз ісінің хас шебері, 

университеттің ардагер ұстазы 

Қазына Аймағамбетованың еңбегін 

университет студенттеріне үлгі-

өнеге, тағылым ретінде көрсету.

Ұзақ жылдар бойы өзінің ерен 

еңбегімен дараланған ұстаздың 

еңбек жолы 1968 жылдан баста-

лады. Көптеген оқулықтардың 

авторы, бастауыш сыныптардың 

білім беру ісін жетілдіруде осы 

буынға арналған бүкіл білім 

бағдарламаларының, стандарт 

авторларының бірі. 250-ден аса 

мақалалары мен ғылыми еңбектері 

жарық көрген.

Қазақтың әйгілі жазушы-

сы Ғ.Мүсірепов «Білім қуған 

жастардың ең сенімді ұстазы, 

с ы р   ж а с ы р м а й   а ш ы қ   а й т а -

тын адамы – ұстаз» демекші 

Қазына Аймағанбетқызы қазіргі 

уақытта педагогика-психология 

факультетінде оқытушылық қызмет 

атқарады. Ата-анадан жырақта 

жүрген студент жастарға оң бағытқа 

жол сілтер ақылшысы, кез келген 

сәтте көмек қолын соза білетін 

қамқор ұстаз.

– «Жақсының жақсылығын 

айт – нұры тасысын» дейді қазақ. 

Қазына Аймағамбетқызы – көп 

жылдардан бері осы Қыздар 

университетінің құрметті ұс-

тазы, айнасы. «Бұлақ көрсең 

көзін аш» демекші, қаншама 

түлектерді білім нәрімен су-

сындатып, шәкіртінің жа-

нына нұр құя білген Қазына 

Аймағанбетқызының ұстаздық 

өмірі – біздің болашақ арула-

рымыз үшін үлкен өнеге, – деп, 

оқырмандарға қызмет көрсету 

бөлімінің меңгерушісі А.Күріш-

бекова жиналған қауымға өз 

пікірін білдірді.

«Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі 

абырой. Шындығында ұстаз болу 

оңай болып көрінгенмен, ал нағыз 

ұстаз болу екінің бірінің қолынан 

келе бермесі анық. Ұстаз жолы – 

қиыншылығы мен рахаты бір басқа 

жетерлік мамандық атаулысының 

ұлысы», – деп кездесуді ұйымдас-

тырған А.Кенжан барша жұрт шы-

лыққа алғысын білдірді. «Ұс таз дық 

еткен жалықпас, үйре туден балаға» 

деген. Ғылыми кітапхананың 

ұйым дастыруымен «Ұстаз – тұлға, 

шәкірт-тағылым» атты кітап 

көрмеде ұстаздың әр жылда жарық 

көрген еңбектері, фото суреттері 

топтастырылды. Кездесу соңы 

студенттердің дайындаған ән-

күйіне ұласты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет