Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет ойт о лғАҚ Француз ойшылы Ж. Тириар геосаяси теориясында «әлемде АҚШ-қа қарсы тұра алатын бақталас пайда болғанда, Еуропаның мән-маңызы жойылады»



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата28.02.2017
өлшемі2,59 Mb.
#5059
  1   2   3   4   5   6

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

ОЙТ


О

ЛҒАҚ


Француз ойшылы Ж.Тириар геосаяси теориясында 

«әлемде АҚШ-қа қарсы тұра алатын бақталас пайда 

болғанда, Еуропаның мән-маңызы жойылады» деген 

тұжырым айтады. Шынында, биыл алғаш рет 110 

жылдың ішінде Қытай АҚШ-ты экономиканың жекелей 

салалары бойынша басып озды. Нақтырақ айтқанда, 

азық-түлік пен өнеркәсіп өндірісі тауарларының көлемі 

жағынан. Ақша дәуірі дәуірлеген кәрі құрлық та соңғы 

жылдары қаржылық дағдарыстың кезек-кезек 

соққысына ұрынып, күйзелістен көз аша алмай келеді. 

Бұл – нақты фактілер. Ал америкалық ғалым Ф.Фукуя-

ма «Тарихтың соңы және ақырғы адамы» атты өзі нің 

танымал еңбегінде «жаһандану үрдісі салда рынан Жер 

шарының барлық аймағы ең мықты әрі ірі эконо-

микалық орталыққа бірлестіктер сипатында тартыла 

бастайды» деп жазады. Сипаттап айтсақ, атом ядро-

сына электрон бөлшектерінің өздігінен тізбектеліп, 

жинала қалғаны секілді. Міне, атын естігенде жаныңды 

жаһаннамға жіберетін секілді әсер алатын әлем 

елдерінің жаһанданудан қорқатындай жөні бар-ақ 

екен. Өйткені оның бір ел түгіл, бүтін әлемдік тәртіпті, 

тіпті әлемдік басқару формасын өзгертуге осындай зор 

ықпалы бар. Соңғы жылдары әлемде Еуропалық 

одақты қоспағанда, АСЕАН, БРИКС сияқты ірі бірлес-

тік тер құрылды. Демек, Фукуяма айтқан долбар шын-

дық қа айналып, Жер шарында ірі экономикалық орта-

лықтар бой көтере бастады. Осындай әлемдік көштен 

ілгерілеп қалмас үшін де біздің аймақта 2009 жылдың 

1 қаңтарында Еуразиялық одақтың іргетасын қалаушы 

Кеден одағы құрылған-тұғын. Демек, бұл одақты 

құрудан біздің айналып өтуіміз мүмкін емес еді. Онда 

да оған үлкен дайындықпен келдік. Әлемдегі геосаяси 

және геоэкономикалық факторларды есепке ала 

отырып, аса болжампаздық танытқан Елбасымыз 1994 

жылы наурыз айында ТМД кеңістігінде жаңа интег ра-

ция лық бірлестік – Еуразиялық одақты құру туралы 

ұсынысын  алғаш  рет  жариялаған  болатын.  Биыл               

1 қаң тарда Кеден одағы кезекті Бірыңғай эконо-

микалық кеңістік сатысына аяқ басты. Осы жағынан 

алғанда, еліміз әлемдік геосаяси біртұтастыққа кірігіп

жұмылып жатыр. Бұл – еліміздің әлемдік геосаяси 

тәртібіндегі біртұтастық факторы.

Екіншіден, егер адам капиталының сапасын арттыр-

маса, онда мұндай бірлестіктен пайда болмай қалуы 

әбден мүмкін. Мұндай жағдайда білектілердің әмірі 

жүріп тұрған мына дәуірдің құрбанына айналып кету 

қаупі де туындайды. Сондықтан бізге бәсекеге қабілетті 

дамыған елдердің қатарына қосылудың қатаң талап-

тарын қалтқысыз орындау қажет.



Бүгінгі қазақты 

қазақ ететін не? 

ОЙ-КӨКПАР



«Қазақстан азаматтарының жеке мәліметтерінде бірізділік болуы үшін өзге ұлт өкілдерінің аты-жөнін қазақы дәстүрге сай жазу керек» дегенге келісесіз бе?

Әрбір ұлт, әрбір мемлекет қадым замандардан 

бері өзінің болмысын, салт-дәстүрін, мәдениетін 

сақтап, дамыту үшін жанталасып келеді. Ал өзгенің 

уысынан шыға алмай, дербестігіне қол жеткізе 

алмай жүрген қаншама ел бар?! Қаймана қазақ та 

қан шама қуғын көріп, атамекенінен безіп, жан-жақ-

қа тарыдай шашылды? Қаншама баскөтерер арыс-

та рымыз жазықсыз итжеккенге айдалып, атылып 

кетті? Үш ғасыр бұрын достастық келісімге қол 

қойып, «Россияға өз еркімен қосылған» қазақ кезін-

де небір зұлматты бастан кешірді. Одан бертінде 70 

жылдай қызыл құрсаулы Кеңес өкіметінің көлеңкесін 

паналауға мәжбүр болды. Осы бір тарихи кезеңдерде 

қазақ көп құндылығынан ажырап қалды.

Бүгінгідей жаһанданған ақпараттық дәуірде 

өзгемен бәсекеге түсіп, өзіңді мойындату және 

өзіндік ұлттық бет-бейнеңді қалпында ұстап тұру 

асқан табандылық, парасат пен биік рухты талап 

етеді. Бұл тұрғыда Тәуелсіз Қазақстанның тапқан 

олжасы мол. Бейбітшілік, бірлік, ынтымақтастық 

атаулы құндылықтар бүгінгі мемлекеттік саясаттағы 

басты ұстанымдарымыз болып отыр. 

Себебі біз рухани-мәдени, саяси-экономикалық 

мәселелердің түйінін бейбіт елде ғана шешуге 

мүмкін екендігіне көз жеткізген елміз. Сондықтан да 

бүгінгі Қазақстанға онда мекен ететін халықтардың 

ауызбіршілігінің сүттей ұйып тұруы аса маңызды. 

Қазіргі уақытта дүниені шарпып бара жатқан қаржы-

экономикалық дағдарысы, түрлі бағыттағы қарулы 

қақтығыстар мен халықтық толқулар көбіне берекесі 

қашып, ынтымағы ыдыраған елдерде орын алуда.

«Тұрақтылық – біздің татулығымыз берік болуы 

үшін табан тірейтін тұғырымыз. Бірлік – баға жетпес 

басты байлығымыз. Жаңғыру – келер күнге, кемел 

келешекке жетелейтін жарқын жолымыз болып 

табылады. Осы үш ұғым біздің мызғымас 

мемлекетіміздің тұтастығына тірек болып тұр. Үндестігі 

мол, үйлесімін ұштаған мерейлі мемлекетіміздің 

қасиетті құндылығы», – деді Елбасы үш сөздің ұғымын 

осылайша көркем ұштап. Сессия негізінен осы үш 

ұғымды іс жүзінде атқару мәселесі төңірегінде 

өрбіді.

Елбасының айтуынша, қазақстандық тұрақтылық 



дегеніміз шын мәнінде елімізде жаңадан салынған 

600-ден астам мектеп, 750 емхана, аурухана және 

медициналық орталықтар, сондай-ақ баспанамен 

қамтылған 1,5 миллион қазақстандық. Яғни басқаша 

тәпсірлесек, халықты жаппай біліммен қамтамасыз 

етіп, денсаулығына ерекше көңіл бөлуіміз және күйі 

жоққа үй беруіміз мемлекеттің тұрақтылығын 

айғақтайды. Мұның бәрі тұрақты экономикалық 

өсімнің негізінде жүзеге асуда.

АССАМБЛЕЯ «ХАЛЫҚТЫҚ ІРО»-ны

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫНА БЕЛСЕНДІ

АТСАЛЫСУЫ КЕРЕК

Жұмыссыздықпен күрес те – мемлекеттің негізгі 

мақсаттарының бірі. Президенттің мәлімдеуіне 

сүйенсек, 2020 жылға дейін 1,5 миллион жұмыссызға 

жұмыс тауып бермекпіз. Ал индустрияландыру 

картасы бағдарламасы аясында 2014 жылға қарай 

жүзден астам жаңа өндіріс орындары ашылмақ. 

Бизнестің жол картасы да өз соқпағымен келеді.

ТАМЫР

Жалғасы 2-бетте 

ИƏ

ЖОҚ

– Иә, мен бұл пікірмен келі-

семін. Қазір Қазақстандағы бүкіл 

халық тың аты-жөні қалай болса 

солай жазы 

лып жүр. Ше 

телге 

шыққанда Қазақ 



стан азаматы 

екенін аты-жөніне қарап-ақ тани 

алатындай бірізділікке түсіретін 

кез жетті. Негізі, бұл біріз ді лік қана 

емес, әрбір азаматтың ата-тегінен, 

қай 


дан шыққанынан, ұлты 

нан 


хабар беретіндей тарихи ма ңы зы 

бар нәрсе. 

Айта кетер жайт, халықтың 

тегін бірдей етіп жазу түріктердің 

де тари  хында болған. Мәселен, 

Түркия мем 

лекеті құрылғанға 

дейін Осман империясы кезінде 

жұрт шылықтың бәрі бірдей әке сі-

нің атына -ұлы не ме  се -қызы деген 

жалғауды қосып жаз ған. 

– Жоқ, өз басым бұл пікірді 

қол да маймын. Жаппай өзге ұлт 

өкіл де рінің де аты-жөнін қазақы-

лан ды руға тырысу дұрыс емес. 

Бұл өзге ұлт өкілдерінің де нара-

зы лығын тудыруы мүмкін. Кезінде 

өзімізге де -ов, -евті зорлап таң ды. 

Сол кезде өзіміз де «біздің құқы-

ғымызды шектеп отыр» деп қар-

сылығымызды білдірдік қой. Ал 

бүгінде содан құтыл ғанша асығып, 

тегін -ов, -евсіз жазды рып жат-

қандар да өте көп. Яғни қай халық 

болмасын, өзінің ұлты 

на тән 


ерекшелікте қал ғысы келе тіні рас. 

Өйткені тектің қалай жа зылуы сол 

азаматтың қай ұлт еке нінің айғағы 

іспеттес. Ал олар дың ұлтына тән 

ерекшелігінен айы рудан біз еште-

ңе ұтпаймыз. 



ДАТ!

Алмағайып заманда 

қазақ халқы өзінің 

мұңынан арыла 

алмай тұрып, басқа 

халықтың қайғысына 

ортақтаса алды

Әлем бірлік формуласын 

Қазақстаннан тауып отыр

Сабри ХИЗМЕТЛИ, Алматы қалалық 

Шет тілі және іскерлік карьера 

университетінің ректоры, филология 

ғылымының докторы, профессор:

Шерубай ҚҰРМАНБАЙ,

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 

Тіл комитеті нің төрағасы, филология 

ғылымы ның докторы, профессор:

-бетте

3

Бүгінде халқымыздың ата-тегі ала-құла жазылып жүр. Біреулері 



тегі деген жалғауды қосып алса, енді бірі -ұлы, -қызына көшіп 

алған. Тіпті еш жалғаусыз жүргендер де, -ов, -евтен арыла 

алмай жүргендер де жетерлік. Ал өзге ұлттарда тегінің соңы 

-янмен бітсе, армян екенін, -шивилимен аяқталса, грузин 

екенін ұғамыз. Осы орайда мамандар қазақты да тегінен 

танитындай бірізділікке түсіру туралы пікірді жиі айтып 

жүр. Тіпті жаппай бірізділікке өтіп, өзге ұлт өкілдерінің 

де аты-жөнін қазақы дәстүрге сай жазуды ұсынып 

жүргендер де бар. Сондықтан «Қазақстан 

азаматтарының жеке мәліметтерінде бірізділік 

болуы үшін өзге ұлт өкілдерінің аты-жөнін қазақы 

дәстүрге сай жазу керек дегенге келісесіз бе?» 

деген сауалды ой-көкпардың таразысына 

тартып көрген едік...

бетте

6

Халықаралық саясат аренасында Қазақ 



елінің рөліне ықпал етуші фактор қандай? 

Бүгінгі жас бойына ұлттық мүддемен қатар 

сіңіруі тиіс құндылықтар нендей? Бұл 

сауалдарға бір-ақ жауап бар. Елдік мақсатта 

ұлтты ұйыстырып, жұртты жұмылдыратын 

өмірлік мазмұндағы пәлсапалық категория – 

біртұтастық. Мемлекет тіршілігінің сан-

саласында оның өзіндік сипаттары бар. Ал біз 

осы түсініктің түпкі мәнісін айқын аңғарып, 

жете түсініп жүрміз бе?

№73 (755) 

28 сәуір, сенбі

2012 жыл


Ахмет МУРАДОВ:

Адамзат баласы алты құрлыққа 

шашырап, сандаған ұлт пен ұлысқа 

бөлінсе де, өзара байланысып, 

бірікпей өмір сүре алмасы анық. 

Десек те, тізе қосып, қол ұстасып 

тірлік кешу барша жұрттың 

маңдайына жазыла бермейді. 

Алпауыт елдер кіші халықтарға 

үстемдігін жасап, мүдделес елдер 

бір бөлек, тарихы тамырлас 

елдер бір бөлек әрекет етеді. Осы 

тұрғыдан алғанда әлемдік геосаяси 

картада тепе-теңдік пен бірізділікті 

байқау мүмкін емес. Мұның 

заңдылық екенін мойындамасқа 

лаж жоқ.

Тұрақтылық, бірлік, жаңғыру. 

Кеше Астанадағы Бейбітшілік 

және келісім сарайында ел 

Президенті, Қазақстан халқы 

Ассамблеясының төрағасы 

Нұрсұлтан Назарбаевтың 

қатысуымен өткен Қазақстан 

халқы Ассамблеясының ХІХ 

сессиясы осындай ұранда болды. 

Сессияның шымылдығын 

ашқан Елбасы Қазақстанның 

берік тұғырына айналған осы 

үш ұғымға ерекше тоқталып, 

айрықша мән беріп өтті. Себебі 

бүгінгі қазақстандық жол осы үш 

сүрлеуден бастау алып, даңғыл 

жолға айналуы керек. 

Салтан СӘКЕН

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

Алмат ИСӘДІЛ

Жалғасы 3-бетте 

Жалғасы 5-бетте 

Түркі жұртына «кеңесіп пішкен тонның 

келте болмасын» түсінетін кез жетті

С.БОНДАРЕНК

О, Б.О

ТАРБ


АЕВ (фо

то)


№73 (755) 

28.04.2012 жыл, 

сенбі             



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

АССАМБЛЕЯ

 

Ассамблея міндеттері қандай?



Ассамблея мүшелерінің 

саны қанша? 



Қазақстан ХХІ ғасырдың бейбітшіл, 

бітімгер мемлекетіне айналды

Ольга АНДРИЕВСКАЯ,

Болгар этно-мә дени бірлестігінің төр айы-

мы: 

– Мен болгармын. Менің тарихи тамы-

рым, отаным – Балқан. Социализм құлаған 

өткен 20 жылда бұл өңір этникалық қақ ты-

ғыстардан еш көз ашқан емес. Бұл қақ ты-

ғыстардың шегі де білінбейді. Сөйтіп, бір 

кездері гүлденген өлке гуманитарлық апат 

ошағына айналды. Ал осы 20 жылда 

Қазақ станның жеткен жетістігін айтып, бас-

қаның алдында мақтануға әбден болады. 

Біздің еліміз ең қарқынды дамып келе 

жатқан мемлекеттер қатарына қосылды. 

Әлеуметтік саясат нығайды. Оның үстіне 

Қазақстан ХХІ ғасырда тек қана этни ка-

аралық қатынастарды тиімді басқара 

алған, өзінде тұратын этностардың бей біт-

шілігі мен бірлігіне қол жеткізген мем ле-

кеттің ғана келешегі күмәнсіз болатынын 

әлемге дәлелдеп берді. Сондықтан да, ұлт-

тық бірлікті ту еткен Елбасы Нұрсұлтан 

Әбіш ұлының білгір саясаты, қазақстандық 

бірлік жолы – әлемге үлгі. 

Вилен МОЛОТОВ-ЛУЧАНСКИЙ, Қара-

ған ды облысы Қазақстан халқы Ассам-

блея 

сы сараптама тобының төрағасы, 

еврей өкілі: 

– Атам 1938 жылы атылды. Әжем сол 

жылдан бері сегіз жыл бойы түрмеде отыр-

ды. Сосын Балқашқа жер аударылды. 

Әжем ді де, менің шешемді де сол қиын-

қыстау кезеңде қазақ халқы ажалдан 

арашалап қалғанын білемін. Бұндай онда-

ған миллион тағдырлар қазақтардың 

жүрек жылуының арқасында тірі қалып, әлі 

де тіршілік кешіп келеді. Халықтық қасіретті 

жадымызда сақтағаны үшін қазақ халқына, 

Елбасының атына мың алғыс. Бұл ғана 

емес, Қазақстан – ұлтаралық татулық мәсе-

ле сінде әлемге үлгі боларлық ел. Мәселен, 

соңғы 70 жылда жер шарының әртүрлі нүк-

те лерінде 150 ірі қарулы қақтығыстар орын 

алған екен. Оның 127-сі ұлттық сипатта 

болыпты. Этнологтардың мәліметтеріне 

сүйенсек, әлемде 5 мыңға тарта этникалық 

топтар қауіпті қақтығыстар аумағында тұр. 

Ал біздің елімізде мүлдем басқаша. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының 

басшылығындағы Қазақстан – ХХІ ғасыр-

дың бейбітшіл, бітімгер мемлекетіне ай-

нал ды.

Лара ШЕЙКО, мәдениеттанушы, Phd док-

торы, Білім беруді дамыту халықаралық 

қауымдастығының президенті (Прага):

– Бүгінгі Еуропа қым-қуыт, тынышсыз 

өмір ді бастан кешуде. Бұл – жаһандық дағ-

дарыс, тұрақсыздық. Этникааралық қақ-

тығыстардың да «бұрқ» ету қаупі зорая 

түсуде. Бір ғана мысал: ғасырлар бойы 

қоян-қолтық араласып келген Балқан 

халық тары өңірде бейбітшілікті қалып тас-

тырып, бірыңғай қоғам құра алмады. 

Нәтижесінде, ондаған мың адам қырылды. 

Ал 130-дан астам халықтар өкілі тату-тәтті 

өмір сүріп отырған Қазақстанға әркім-ақ 

қызығады. Қазақстан, бұл – ортақ құн ды-

лық, бір тағдыр, толеранттылықтың бірегей 

үлгісі. Ендеше қазақстандық жол барша 

әлем дік қауымдастыққа үлгі болуға лайық-

ты. Балқан ғана емес, Франция, Ұлы бри-

тания, Германия, Ирландия, Түркия, Кипр, 

Африка елдері өздерінің ішкі этникааралық 

мәселесін шеше алмай келеді. Ал Қазақ-

станның 20 жылдық тәжірибесі бұндай 

мүмкіндіктің бар екендігін дәлелдеп отыр. 

Сондықтан да, толеранттық сананы қалып-

тас тыру мақсатында біз, Еуропа өте мұқ-

таждық танытып отырған Қазақстанның 

тәжірибесін саралауға мүдделіміз. Бұны 

ал дыңғы қатарлы ЖОО бағдарламасына 

енгі зуді де құптаймыз. 

Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы, Қазақстан хал-

қы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» 

алтын медалінің иегері: 

– Соңғы жылдары Ассамблея мүше ле-

рі мен тығыз араласып кеттік. Сондай бір 

отырыста Отанымыз бастан кешкен ортақ 

тарихымыз жайлы әңгіме қозғаған едік. 

Осы әңгімеден кейін Ассамблеяның бір 

орыстілді мүшесі маған жақындап: «Мен 

Сізді бұрын ұлтшыл деп жүр едім, кешіріңіз! 

Көзқарасымды өзгертіп отырмын» дегені. 

Міне, осылай араласа келе біз Ассамблеяны 

өзара түсіністік үшін диалог алаңы, биік 

трибунасы деп атап келеміз. Иә, бұндай 

жағымды әңгімелер тек бірлігі жарасқан 

елде ғана болады. Бірлік бар жерде тірлік 

бір. Бұндай сұңғыла саясат арқасында 

тәуелсіз Қазақстан өз тарихындағы ұлта ра-

лық қақ-соқтан аман өтті. Бұған тек мақ та-

нуымыз керек.

Татьяна БУЮКИДИ, грек қызы: 

– Гректер тағдыр талайымен қазақ 

жеріне 40-жылдары келіп, тұрақтаған еді. 

Ардагер аталарымыз сонау азапты жыл-

дар ды ғана емес, сондағы ауыр тағдыр 

сал дарынан арашалап қалған қазақ халқы-

ның жанкештілігін де естен еш шығармай, 

айтып отыратын. Бізге ғана емес, барша 

бө тен елдің өкілдерін құшағына сыйғызған 

қазақ халқы өз даласында достық пен та-

тулықтың дәнін септі. Ал алмағайып 90-

жылдары жайлы жер іздеген гректердің 

біразы Грекияға кеткен болатын. Олардың 

өзі қайтып келіп жатыр. Бұндағы тұрақтылық 

пен тыныштыққа зәру болуда. Ал ондай 

тұрақтылықтың негізі ұлттық бірлікте деп 

білемін. Қазақстан келісім мен бей біт-

шіліктің – Отаны. Бұл – әлемнің жерұйығы. 

Мен Қазақстанда тұрғаныма мақ 

та 

на-

мын.

Михаил ПАНИН,  Семей қаласы орыс 

әлеу мет тік-мәдени  қауымдастық  төр аға-

сы:

– Мен өткен сайлаудағы Елбасының 

жеңісін бүкіл Қазақстандағы тұрақтылықтың 

жеңісі деп санаймын. Бұл біздің халық та-

рымыздың бірлігінің айқын көрінісі. Біздің 

еліміз бір, тағдырымыз ортақ – қазақ стан-

дықтармыз. Тәуелсіздіктегі ең үлкен жетіс-

тігіміз де – бірлік. Сондықтан да 1 мамыр 

мерекесінің орны ерекше. Ал осы бірлікке 

жеткізгені үшін қазақ халқына мың алғыс 

айтуымыз керек. Мен тек қана қазақ 

жерімен, қазақ халқымен әр уақытта бірге 

болуға дайынмын. Сондықтан да, мен үшін 

де, менің ұрпақтарым үшін де Қазақстан 

бір және жалғыз ғана Отан болып қала 

береді. 

Қанат ҚАЗЫ,

Астана

ПІКІР


Қазақстан халқы Ассамблеясының қызмет аясына қандай істер кіреді, басты 

міндеттері қандай?

 Тұрсын, Ақтөбе қаласы

Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын 

алғаш рет ел Президенті 1992 жылы, 

Тәуелсіздіктің бір жылдық мерейтойына орай 

өткен Қазақстан халық 

тарының тұңғыш 

форумында ортаға салған болатын. 

 Ассамблея қызметі мына мақсаттарды 

шешуге бағытталған:

• Қазақстан аумағында тұратын өзге ұлт өкіл-

де рінің достық қарым-қатынасының дамуына 

өзек болатын мемлекеттік саясат жүргізу бойынша 

ұсы ныстарды жасау, ұлттардың рухани-мәдени 

қалыптасуына және теңқұқылық принципін 

сақтау негізінде дамыту жолында күш біріктіру;

• республикада ұлтаралық және конфес сия-

аралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты сақ-

тауға атсалысу;

• өркениетті және демократиялық нормаларға 

иек артатын азаматтардың саяси мәдениетін 

қалып тастыру;

• мемлекет өткізетін ұлттық саясаттағы түрлі 

сипат тағы ұлттық қызығушылықтардың есепке 

алы нуын қамтамасыз ету;

 • қоғамда туындайтын әлеуметтік 

қайшылықтарды шешуге ымыра іздеу. 



Менің білгім келетіні, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің 

саны қанша?

 Бақыт ЖОЛДАСОВА, Астана

Қазақстан халқы Ассамблеясы – 

Қазақ стан Республикасы Президенті 

жанындағы кеңесші орган. Қазақстан 

Республикасы Президентінің «Қазақ стан 

халқы Ассамблеясын құру туралы» 

Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақ -

тылық пен ұлтаралық келісімді ны ғайту 

мақсатында 1995 жылы 1 нау рызда 

құрылған. Ассамблеяның 350-ге жуық 

мүшесі бар. Төрағасы – Мемлекет бас-

шысы Н.Назарбаев. Ассам блея мәжі ліс-

тері арасындағы жұмысты ҚР Прези ден-

тінің шешімімен Ассамблея кеңесі 

жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени 

орта лықтар, ардагерлер кеңесі өкіл-

дерінен, кіші ассамблея жетекшілерінен, 

сон дай-ақ  ассам блея ға  мүше  басқа 

тұлғалардан құралады.

Басы 1-бетте

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХІХ СЕССИЯСЫ

Елбасының аузымен айтсақ, кәсіп кер-

лерді мемлекет тарапынан осынша қолдау 

бізден басқа ешбір елде жоқ шығар. Биз-

нес тің жол картасына биылдың өзінде ғана 

3,7 миллиард теңге қаржы бөлінді. Елбасы 

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы 

бойынша да келелі істер атқарылып жат-

қа нын тілге тиек етіп өтті. Өткен жылдың 

өзінде 1500-ге жуық жас бизнесмен ша-

ғын несие алды. «Бұлардың көбісі ауылдың 

тұр ғындары», – дейді Елбасы. 

Үкімет «Халықтық IPO» жобасын да 

жүзеге асыруды бастап кетті. 2015 жылға 

дейін «Халықтық IPO» нарығына еліміздің 

ірі деген компанияларының бәрі шықпақ. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет