Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет


Мен ақылы хабарландырулар орналастыратын коммерциялық web-сайт ашқым



жүктеу 9.46 Mb.
Pdf просмотр
бет9/23
Дата22.12.2016
өлшемі9.46 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

Мен ақылы хабарландырулар орналастыратын коммерциялық web-сайт ашқым 

келеді. Ол үшін мемлекеттік органдардан қандай да бір лицензия, рұқсат қағазын 

алуым керек пе?

Бейімбет А., Алматы облысы

НАРЫҚ


ТҮЙТКІЛ

Сақтандыру полисі бізді шын 

мәнінде сақтандырып отыр ма?

Бізде автокөлікті сақтандыруды мін-

дет тегеніне он жыл уақыт өтсе-дағы, өкі-

нішке қарай, бұл нарықтың қызмет сапа-

сымен мақтана алмаймыз. Өйткені темір 

тұлпарды тізгіндеуші отандастарымыз әлі 

күнге сақтандыру полисін өз мақсаты үшін 

емес, МАИ қызметкеріне көрсетуде ғана 

пайдаланады. Ал мөрлі жапырақ қағазды 

өз мақсатына қатысты қолдану жағы бізде 

проблемаға толы...

Негізінен, «арашаға қоймасаң, араша-

шы ға зар боларсың» деген қағидаға жүгі-

ніп, сақтандыру полисін сатып алатын кө лік 

жүргізушілері нақ керек кезде – жол оқи-

ғасы орын алғанда әлгі арашашысын 

таппай қалады. Тіпті тапты деген күннің 

өзін де тұтынушы көлігінің тез жөнделе қа-

ла тындығына үміт артпайды. Себебі жол 

оқиғасын тиісті органдарда тіркеп, техни-

ка лық жөндеу қызметі бүлінген көлікті жөн-

деу құнын белгілеп, оны сақтандыру ком-

паниясы мақұлдағанша біршама уа 

қыт 


кетеді. Демек, «біздің полисті алсаңыз 

болғаны, бәрін қатырамын» дейтін сақ тан-

дыру компаниясы мұндайда «Саптаяқ қа ас 

құйып, сабынан қарауыл қараған» кей піне 

көше қалады. Осы жағынан ал 

ғанда, 


сақтандыру полисінің қызығын көр 

се, 


асықпайтындар ғана оған қол жет 

кізе 


алады. Бірақ нарық заманында уақыт та 

ақша, сондықтан көбісі бұлайша шы ғын-

далғысы келмейді. Айналып келгенде, біз 

сақтандыру полисін тек МАИ қызмет керіне 

көрсететін құжаттың бірі ретінде ға 

на 


пайдаланып жүрміз. Жалпы, бұл ара дағы 

тұтынушы талабы – сақтандыру мен техни-

ка лық жөндеу қызметі нарығының уа қытты 

үнемдеуде бір уағдаластыққа келуі. Егер 

олар аталған мәселені шеше ал маса, онда 

жұртқа сақтандырушыдан бас тартуға тура 

келеді. Өйткені осыған де 

йін мәселе 

шешіміне кәдімгідей уақыт берілген. 

Архат ЖӘНІБЕК, көлік жүргізуші:

– Жылда сақтандыру қағазын сатып 

аламын. Өйткені МАИ қызметкері оны 

көрсетуімді талап етеді. Ол маған сол 

үшін ғана керек. Бірде жол оқиғасы бол-

ды, кінәлі мен емес, келесі тарап, ол жігіт 

жүгіріп келді де, қолыма ақша ұстатты. 

Сөйтіп, екеуміз екі жаққа кете бердік. 

Оған да, маған да ыңғайлысы сол бол-

ды. Менің таныстарым да көлік апаты 

жағ дайында мәселені осылай шешкенді 

жөн көреді. Қағаз жинап, бірдеме дә-

лел деп жүруге басын да қатырғысы кел-

мейді, уақытын да жоғалтқысы жоқ. 

Сон да сақтандыру полисінің бізге қажеті 

не деп ойлаймын. Жанар-жағармай жыл-

да қымбаттайды, жолдар – машинаның 

соры, жөндейтін өзіміз дегендей...

Шынтуайтында, екі сектор өзара келіс-

пеушілігі салдарынан бірі – сенімнен жұр-

дай болып отырса, бірі – үлкен жұмыс 

көле мі нен айырылып қалуда. Мұны сақ-

танды ру шы лардың  өзі  де  мойындайды. 

Мәсе лен, сақтандыру омбудсманы Вита-

лий Верев кин өзінің көп уақытының техни-

ка лық жөн деу қызметі белгілеген шотты 

мақұл датуға кететіндігін айтады.

– Стансаның жөндеу қызметіне сұраған 

сомасы көбіне ақылға қонымсыз болып шы-

ғып жатады. Ол қандай да бір нарықтағы 

немесе зауыттың белгілеген құнымен ай-

қындал майды да. Мысалы, бір станса үнем-

ді авто кө ліктің дайын айнасы мен бам перін 

ауыс тыру ақысын 170 мың тең ге ге бағалап-

ты. Бұл цифр қайдан алынып отыр? Ондағы-

лар дың мұны бізге түсіндіріп бергісі жоқ. 

Сон дық тан дауласуға тура ке леді. Сақтын-

ды ру шы да ақымақ емес. На рықтағы баға-

ны біледі, – дейді сақтандыру омбудсманы.

Ал «Көмеск-Өмір» СК» АҚ басқар ма-

сының төрағасы Олег Ханин сақтандыру 

төлемін көлік жүргізушінің емес, тікелей 

станса шотына түсетіндей заңға бап енгізу 

қажеттігін айтады.

Жалпы, станса көлік жүргізушісімен ке-

лі сіп, өз қызметіне жоғары баға сұрауы 

мүм кін. Ал артынан артылып қалған ақша-

ны екеуара бөліп алуы ықтимал. Сондық-

тан сақтандырушылар төлемнің жеке 

қолға берілуіне қарсы.

«Егер сақтандырушылар мен техника-

лық жөндеу қызметі арадағы байланысын 

түзеп, уақытты мейілінше үнемдеуге қол 

жет кізсе, онда СТО жұмыс көлемін 95 па-

йызға арттыруға мүмкіндік алар еді. Қазір 

бұл көрсеткіш 10 пайызды құрайды», – 

дейді О.Ханин.

Жоғарыда өз көзқарасын білдірген екі 

сарапшы да «нарықтық заманда жөндеу 

жұмысының ақысы жария болуы тиіс, сон-

дықтан мүмкін жыл соңында техникалық 

жөндеу стансалары сақтандыру компания-

сына өз қызметтері мен оның ақысы тура-

лы алдын ала тізім өткізіп отырса жақсы 

бо лар еді» деген ортақ пікір айтады. Шы-

нымен де, бізде бұл дұрыс шешім болар 

еді деп қалдық. Алайда...

Тұтынушылар құқығын қорғау маманы 

Артық Сейітқалиеваның айтуынша, елі-

мізде бағалау қызметі реттелмейді, оған 

тек лицензия беріледі. Демек, бізде бел-

гілен ген баға ақылға қонымды ма, оны 

қарап, реттеп, шешіп беретін орган да, заң 

да жоқ екен. Сондықтан маманның пікірін-

ше, бұл ретте, арнайы заң қабылдамай 

мә се ле шешімін анықтау мүмкін емес кө-

рі неді.


жер лерімде жұмысқа алмайды. Өзіме 

ыңғайлы жұмыс таба алмай, сенделіп 

жүр мін. Былайғы қызметтер де, қайда 

бар сам, жұмыс өтілін сұрайды. Жұмысқа 

тұра алмай жүрсем, менде жұмыс өтілі 

қай дан болсын?! Жәрмеңкеде тек қара 

жұмыстарды ұсынады. Айлығы да мар-

дым сыз. Жоғары оқу орнын бітіріп тұ-

рып, қалай қара жұмысқа барамын. Ай-

на лам дағылар күлмей ме?

Медет сияқты қара жұмысқа тұрғысы 

кел мейтіндермен қатар, белгілі бір оқу 

орнын бітіргенімен, сол мамандығы бо-

йын ша қызмет атқарғысы келмейтіндер де 

жеткілікті екен. Мәселен, Ақтөбе облысын-

да медициналық оқу орны болса да, өңір-

де дәрігер маман жетіспейді. Алыс ауыл-

ай 

мақтағы емдеу мекемелерін былай 



қой ғанда, тек қана Ақтөбе қалалық әскери 

госпиталіне бес түрлі мамандық бойынша 

дәрігер жетіспейтін болып шықты. Жала-

қы сы 70 мың теңгеден жоғары десе де, 

ешкім ниет білдірмеген. 

БАР МҮМКІНДІКТІ 

ПАЙДАЛАНА БІЛСЕК...

Жергілікті билік жәрмеңкеге қала, се-

ло лық округ тұрғындарын, әсіресе жұмыс-

сыздарды және өз бетінше жұмыспен ай-

налысушылар мен жастарды, жұмысқа 

жа рамды мүмкіндігі шектеулі жандарды, 

балалар үйінің тәрбиеленушілерін, бас 

бос тандығынан айыру мекемесінен боса-

тылғандарды, мемлекеттік атаулы әлеу-

меттік көмек алушыларды шақыруға ты-

рыс қандарын  айтады. 

Нәйлә БӨРТЕБАЕВА, 

Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту 

бөлімінің басшысы:

– Еліміздің барлық аймақтарында 

қолға алынған «Жұмыспен қамту – 

2020» мемлекеттік бағдарламасын жү-

зе ге асыру мақсатында атқарылып жат-

қан шаралардың бірі – жұмыс сыз дарға 

ақпарат беру арқылы көмек көр се ту. 

Осы бағытта жұмыс атқарып жа тыр мыз. 

Оның үстіне, Ақтөбе қаласында жұмыс-

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ



Жұмыссыздық парадоксы

сыздарға арналған жәрмеңке өткізу дәс-

түрге айналды. Негізгі мақса тымыз – 

қаладағы жұмыссыз жүргендер дің са-

нын азайту. Жұмыс берушілермен кез-

де су ұйымдастырып, халықтың жұмысқа 

тұруына мүмкіндік беріп отырмыз. Өкі-

ніш 

ке қарай, жәрмеңкеде ұсынылып 

отыр ған жұмыстардың 60 пайызы ер 

адам дар ға арналған. Ал әйел адамдарға 

са ту шылық және түрлі қызмет көрсету 

ор 

ын 

дарынан сұраныс түседі. Көбіне 

қара пайым жұмысшыларды сұрайды. 

Де генмен жастардың осы азғантай жа-

ла қыға келісіп, қызметке тұрғаны дұрыс 

қой. Өз қабілеттерін көрсеткеннен кейін 

жоғары жалақысы бар жұмысқа тұру 

мүм кіндігі артатынын көбісінің түсіне 

бермейтіні өкінішті. Өйткені кез келген 

мекеме маманның қабілетін білмей, жо-

ға ры жалақы тағайындай алмайды ғой. 

Сағындық АЛМАҒАНБЕТОВ, 

жәрмеңкеге келген қала тұрғыны, 

жүргізуші:

– Өз басым осындай жәрмеңкелердің 

болғаны дұрыс деп санаймын. Бұл –

жұмыссыз отырғандарға берілген жақсы 

мүмкіндік. Резюмеңді арқалап, анда-

мында жүгіріп жүргенше, кейін содан 

жа уап келер ме екен деп алаңдап тағы 

жүргенше, бір уақытта бірнеше мекеме 

өкілімен кездесіп, сөйлесесің. Жауабын 

бірден естисің. Мысалы, мен өзім жаңа 

бірнеше жермен келісіп кеттім. Ертең 

барып көремін. Айлығы 70 мың теңге 

деп айтты. Мен үшін аз. Мына қымбат-

шы лық заманында бала-шағаны асы-

рау ға жетпейді. Мен үлкен көліктерді 

жүргіземін, кезінде трактор, комбайн-

дар ға дейін айдағанмын. Бірақ жасым 

58-де болғасын, енді біз сияқтыларға 

жа лақысы жоғары жұмыс табудың қиын 

екенін түсінемін. Жасыңа қарайды.

Бақыт ЖАНШАЕВА,

Ақтөбе

ЖҰМЫССЫЗ БЕН 

ЖҰМЫС БЕРУШІ КЕЗДЕСЕ 

АЛМАЙ КЕЛЕДІ 

Ақтөбеде жұмыссыздар жоқ емес, 

жергілікті билік жасыруға тырысса да, ол ар-

дың қатары көбейіп бара жатқанын өм ір-

дің өзі көрсетіп отыр. Десе де, энер гетик, 

дәрігер, құрылысшы, сатушы, тігінші мен 

ас хана қызметкері болып жұмыс істе йтін 

адам таппай отырған мекемелер де көп 

болып шықты. Ал пәтер иелері ко опе ра-

тивтері сияқты халыққа қызмет көр се тетін 

орындар электрші, темір ұсталары мен 

аула сыпырушылар сияқты жұмыс 

шы-

ларды шаммен іздеп, таппай дал бола ды. 



Себебі біреу – айлығы мардымсыз, жұ-

мысы ауыр, абыройы аз деп, ешкім бұл 

жұмыс тар ға тұрғысы келмейді. 

Биыл Ақтөбеде билік бос жұмыс ор ын-

дарының жәрмеңкесін 10-ыншы рет өткі-

зіп отыр. Осы уақыт ішінде тек 402 адам 

тұ рақты жұмысқа орналасқан екен. Бүгінгі 

жәрмеңкені ұйымдастырушылар кем 

дегенде 300 тұрғын жұмыc табады деп 

үміт тенеді. Әйтсе де 10 рет өткен жәрмең-

кеде тек 402 адам ғана жұмысқа орналас-

қанда, бұл үміттерінің ақталуы екіталай. 

Өйткені бүгінде жастар бірден көп мөлшер-

де жала қы сы бар жұмысты жасағысы келе-

ді.  Жәрмең ке де  ұсынылып жатқан 35-40 

мың теңге жа лақы беретін жұмысқа тұр-

ғысы кел мейді

Медет АБДАЛИЕВ, жас маман:

– Мен тарих мамандығы бойынша 

институт бітірдім. Бір жыл болды жұмыс-

сыз бын. Жұмыс өтілің жоқ деп, барған 

Ақтөбеде жұмыс 

жәрмеңкесі өтті. Жұмыс 

іздеп келген адамның 

қарасы көп. Бірақ 

жұмыс орнын тауып, 

орналасқандар саны 

саусақпен санарлықтай. 

Жұмыс берушілер де 

өздеріне керекті маман-

дарды таппай дал.

КЕРЕК ДЕРЕК

Еңбек нарығында өндіріс саласына қажетті жұмысшы мамандарға 

деген сұраныс жоғары. Оны осы акцияға қатысқан жұмыс берушілер 

тарапынан қойылып отырған талаптар тізімінен де көруге болады. Бос 

орындар жәрмеңкесінде ақтөбеліктерге 600-ден аса жұмыс орны 

ұсынылды. Жалақы көрсеткіші 45-50 мың теңгеден бастап, 180 мың 

теңгеге дейін жетеді. 

ҚҰС ШАРУШЫЛЫҒЫ



Пайдалы өнім

Дайындау технологиясы Ресейден 

алын ған Ордабасының құс еті өнімдері 

шым кенттік тұрғындар мен шетелдік ма-

ман дар дың  назарына  ұсынылды.  Мәсе-

лен, күр кетауық етiнен дайындалған қазы 

да сатылымға шығарылыпты.

Мұрат ТАҒАЕВ, 

«Ордабасы құс» ЖШС-ның 

бас директоры:

– Шындығында, күркетауықтың еті 

дәмді, ерекше нәрлi заттарға толы, етте 

холестерин мен май аз мөлшердi 

құрайды. Күркетауық етi басқа жануар-

лардың етiмен салыстырғанда аллер-

гия туғызбайтын жалғыз тағам болып 

табылады. Сондықтан да оны балалар 

мен қарт кiсiлердiң тағамы десек, қате-

леспеймiз. Әрі диеталық тағам ретiнде 

құс етiнiң, оның iшiнде күркетауық етi-

нiң ерекше бағаланатыны рас. Осы 

шараны өткізуіміздің басты мақсаты – 

халық арасында күркетауық етiнiң ден-

саулыққа пайдалы екенiн жеткiзу 

болатын.

Шара аясында «Қазақстан Республика-

сында күркетауық шаруашылығын дамы-

ту» тақырыбында дөңгелек үстел де өтті. 

Бас қосуда «Ордабасы құс» ЖШС-ның бас 

директоры Мұрат Тағаев кәсiпорынның 

қа зiргi күйi мен болашағы туралы ой бө-

лісті. Күркетауық кешенiн дамытудың ал-

ғаш қы  кезеңiнде,  яғни  биыл  5000  тонна-

дай ет өндiру көзделiп отырса, 2015 жыл-

дың соңына қарай, екiншi кезеңде – 8000 

тонна, 2017 жылдың соңында – 20 мың 

тонна, ал 2020 жылдың аяғында 30 мың 

тонна ет өндiру жоспарланып отыр екен.



Юрий МАРКОВ, 

Ресей ұлттық күркетауық 

өсiрушiлер қауымдастығының 

бас директоры:

– «Ордабасы құс» ЖШС-ның бола-

шаққа белгiлеген жоспары өте сенімді. 

Осы бағытта кәсiпорын басшылары 

мен мемлекеттiң қолдауы жақсы үй-

лесiп отырғанын көруге болады.Осы 

тұрғыдан ресейлiк инвесторлардың 

Қазақстаннан үйренерi де аз емес. 

Жиын барысында Қазақстан құс 

өсiрушiлер одағының президентi Руслан 

Шарипов елдегi күркетауық шаруашы-

лығын дамыту жайлы баяндама жасады. 

Из раильдегi МАД компаниясының пре-

зидентi Ави Паюрский күркетауық етiн өн-

дiру кезiндегi қауiпсiздiк, «Кадди Фармз 

Лимитед 2008» компаниясының вице-

пре зидентi Скотт Чэмберс күркетауықтың 

ин кубациялық жұмыртқасын өндiру жа-

йында айтты. 



Нұршат ТӨКЕН,

Шымкент

АЙМАҚ


Жыл сайын ұйымдастырылатын дәс-

түр лі шараға бұл жолы павлодарлық ең-

бек керлер экологиялық таза өнімнің 1000 

тон насын жөнелтіп, қолжетімді бағамен сау-

даламақ. Елорданың орталығында өте тін 

жәрмеңке барысында, сондай-ақ қазақ ұлт-

тық тағамдары сатылып, Павлодардың үз дік 

шығармашылық топтары өнер көр се теді.



1000 тонна өнім жеткізіледі

Керекулік шаруалар бірер күннен соң Астанада өтетін ауыл 

шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне қызу дайындалуда.

Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы орталық алаңда 

І «Халықаралық күркетауық фестивалi» ұйымдастырылды. 

Шараға ҚР ауыл шаруашылығы министрiнiң орынбасары 

Гүлмира Исаева, ТМД елдерiнде күркетауық өсiрумен айналысатын 

iрi кәсiпорын басшылары, Израиль мен Канада, Ресей елдерiндегi 

iрi компания президенттерi мен ғылыми-зерттеу институттарының 

өкiлдерi қатысты.

Жанат ШҰҒАЕВ, 

Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Дәстүрлі жәрмеңке барысында Керекудің 150 шаруа қожалығы өз өн ім дерін 

ұсынбақ. Өңірдің шаруалар қа уымы ауылшаруашылық өнімдердің 1000 тоннасын 

апармақ. Атап айтсақ, ас таналықтарға еттің – 112, сүт өнімде рінің 51 тоннасы, 

сонымен қатар би ыл ғы жылы аста-төк жиналған кар топ тың 330 тоннасы сатылады. 

Жалпы, ұсынар өнім түрлері көп. 

Жарқын ШЫНТАЙ,

Кереку

Еліміздегі сақтандырыл-

ған көлікті жөндеу құны 

на рықтағыдан  бірнеше 

есе қымбат. Бұл арада тех-

никалық жөндеу қыз меті 

көбірек пұл алып қалу ды 

көздесе, ал онымен келіспе-

ген екінші тарап, яғни 

сақтандыру компаниясы 

есепті қайта қарау үшін кейін 

қайтарып береді. Сөйтіп, екі 

арада созбақталған іс, айна-

лып келгенде, тұтынушының 

басына таяқ болып тиеді: 

уақыты тектен кетіп, көлі гі де 

жөнделмей қаңта ры лып тұра 

береді. Әрине, тұты нушы 

жағдайы еленбейтін мұндай 

жайт біздің кеңістіктегі 

елдерге ғана тән шығар. 

Әйтпесе бұлайша көлік иесін 

әбігерге салған дар дамыған 

елдерде заң мен жазаланады, 

мате риал дық  шығын  төлейді.

Кәмшат САТИЕВА

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

Ресми статистика бойынша, Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 3,7 мил-

лионға жуықтайды. Өткен маусым айындағы есепке сүйенсек, оның 365 мыңы – 

7 жыл, 265 мыңы 10 жыл бойына қолданыста жүргендер. Көп көлемді 18 

жылдан арылар құрайды екен: шамамен 2 миллион. Мамандардың пікірінше, 

біздегі ескі көліктер саны бес жылда 5 миллионға жетуі әбден ықтимал.

Абай ОМАРОВ (коллаж)

№193 (1104) 

5.

5.

11

11

.2

.201

013

3

жы

жыл,

л,

 

се

сейс



йсен

енбі


бі

www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

y

y

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



Қазір айлықты, негізінен, банк карталары арқылы 

алатын болдық. Ал оны елімізде қанша адам тұтынады?

Айқын, Қапшағай қаласы

Елімізде пластикалық тө-

ле

лем


м

карт


р

аларына деген сұра-

ны

ныс 


с ар

ар

ты



тып

п 

ке



ке

л

леді. Қазіргі күнде 



елі міздің  банктері 14,3 мил-

лион тө лем карталарын шы-

ғар ған екен. Ал оны тұтынушы-

лар дың саны – 12,8 млн адам. 

Жан ба сы на  шаққанда  бұл 1,1

көрсет кі шін 

н  құ

құра


райд

йды.


ы.

А

Ала



лайд

йда


а

әлем ел дер

рін

інде


де б

б

ұл



ұл к

көр


өрсе

сетк


кіш

іш 


әлде қайда жоғары екен. Мы-

салы, Кореяда  бір адамға – 

4,95, АҚШ-та – 3,42,  Син-

гапурда – 3,42,  Ав стра лия да 

2,8 карт

рт

а 



ада

ан келеді

д

 екен.


н.

Бі

Бізд



зде,

е, н


нег

егіз


із

ін

нен



ен

,

де



дебе

бе

тт



тт

ік

к



т

тө-


ө-

лем карталары кең таралған, 

оның үлесі – 77,2%. Ал несие-

лік төлем карталары 20,1% құ-

рай ды.  Мамандар елімізде 

POS- тер миналдар мен бан-

ко

кома


матт

т

ар



а  саны артқан сайын 

ба

банк



нкт т

ік

ік кар та лардың саны да 



жылына  ша ма мен  10-15 па-

йызға көбейіп отырады деген 

пі кірде.

Қазақстан Респуб

бли

лика


а

сынд


д

а  ақыл


л

ы

ы web-



сайт ашу үшін ешқанд

ндай


ай о

орг


рган

анда


да

рд

рд



а 

 

ті



т рк

рк

ел



ел

уд

удің



ің 

қажеті жоқ. Тек сайттың «домендік есімін» тір-

кет сеңіз  болғаны. Оны «Қазақ торап ақпарат

ор 


талығы» мекемесінің http://www.nic.kz/

index.jsp сайтында жүзеге асыра аласыз. Бұл 

сайтта «Қызмет етіп тұрған Тіркеуші» статусы 

ба

бар



р ак

аккр


к

ед

едит



итте

те

лг



лген

ен

ттір



р

кеушілер тізімі орналас-

қа

қан.


н.

О

Осы



сы ттіз

ізім


ім

де

дегі



гі

ө

өзі



зіңі

ңізз таңдаған тіркеушіге ха-

барласып, қалаған веб-адресіңізді тіркете ала-

сыз. Сайтыңызға домендік есім алғаннан кейін 

интернет кеңістігіне шығып жұмысыңызды 

жал ғастыра аласыз. Ал сайт,, т

т

іп

і ті



ті

 ол Бұұқа

қ

ра

р



лы

ы

қ 



қ 

а

ақпарат құралы болса да, ттір



ірке

кеуд


уд

ен

ен



ө

өту


туге

ге

 ти



иіст

ст

і 



емес (ҚР № 451-I «Бұқаралық ақпарат құрал-

да ры туралы» Заңы, 10-бап, 1-пункт).

Ал коммерциялық, ақылы қызметтерге кел-

сек, ондағы жұмыс барысын, ақша айналымын, 

салық мәселелерін өзіңіздің бизнес-статусыңыз 

ар

арқы



қылы

лы

((ИП



ИП,, ЖШ

ЖШС


С ре

реті


ті

нд

нде)



е ,, яғни тұрғылықты 

же

жері



ріңі

ңізд


здег

ег

і



і са

салы


лық 

қ ор


орга

ганд


нд

ар

арын



ына тіркеліп, жұмы-

сыңыздың ұйымдастыру-құқықтық формала-

рын нақтылап алғаннан кейін тиісті салықтық 

заңнамалар аясында жүргізуге міндеттісіз. 



Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Менің ойымша, баланы 18 жастан бас тап әскерге беріп, оның обалына қалып
pdf -> Әзірейіл емес едік…
pdf -> Заңдармен қорғалатынын білуі керек
pdf -> Дат! 6-б етте Раушан айтжанова
pdf -> Айтөбел-дат! 6-б етте Кеңес аухадиев
pdf -> Халал мәселесі тұрғысынан қарасақ, біз харам жануарлардың генін пайдала
pdf -> Кеше елорданың Конгресс-холл са- райында жиналған ұстаз дар қауымын
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет ИӘ
pdf -> «Қазгидромет» қызметі толық тай тегін болуы керек. Ауа райы өз
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет