Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"



Pdf көрінісі
бет16/27
Дата04.05.2023
өлшемі0,91 Mb.
#90009
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
«Ойын технологиясын» бұл әдісті қолдана отырып жүйе бойынша өткен барлық 
тақырыптарға қатысты сұрақтар дайындап, жалпы шолу жасаймыз. Ойын оқушының 
ойлау қабілетін арттырады. Ойын- әрекеттің қажетті түрі арқылы оқушының 
жинақталған өмірлік тәжірибесі көрінеді, қоршаған ортаға деген көзқарастары терендейді 
және бекітіледі, оларға қажетті табысты еңбек әрекеттері мен дағдылану
ұйымдастырушылық қабілет тәрбиеленеді. 


 «Білім айнасы» 2023 ж. 
20 
Пысықтау сұрақтары:
1. Электронды қоректендіру жүйесінің түрлерін атаңыз 
2. Бензиндік қозғалтқыштың ішіндегі элетрондық қоректендіру жүйесінің басты 
ерекшелігі қандай? 
3. Дизелдік қоректендіру жүйесінде электрондық бүрку қарастырылған ба? 
4. Қоспаны бүрку қалай жүзеге асырылады?
5. Сезгілердің қандай түрлері бар және олардың қызметі қандай?
Нәтижесі сабақ соңына қарай қолданылатын бұл әдіс оқушының жалпы алған білімін 
зерделеуге көмегін тигізеді. 
Не білемін 
Сабақтың 
басында 
толтырылады 
Білгім келеді 
Сабақ 
кезінде 
толтырылады
Білдім 
 сабақ 
соңында 
толтырылады
Үйге тапсырма: Тақырып соңындағы бақылау сұрақтарына жауап жазу. 
Оқулықтан (Автомобиль құрылымы мен пайдалануы П.Жүнісбеков) §9.1—§9.3 оқу. 
 
 
Сагындыкова Райхан 
Түркістан облысы Кентау қаласы 
Әл-Фараби атындағы № 14 мектеп-гимназиясы 
бастауыш сынып мұғалімі 
 
 
 
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту 
 
Бастауыш сыныптарда оқыту барысында балалардың таным процестерін дамытуға, 
олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқаларға жеткізу тәсілдерін қолдаудың 
ойлау процесін қалыптастыруға қосатын үлесі өте үлкен. 
Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту 
жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін 
қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, 
оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет. 
Мида болып отыратын үздіксіз ойлау мен оның жемісі ұғымдар мен сөйлемдер де бір 
емес. Мәселенің шешілуі адам басында реттеліп отырады. Сондықтан ойлау туралы 
зерттеулер, олардың процесс күйін емес, ойлау қалайша жүзеге асып, реттеліп отыруы үшін 
қандай шарттар қажет екенін тексеруге арналған. 
Жас бала үшін мәселені шешудің бірінші құралы – оның практикалық іс-әрекеті. Бала 
мәселені шешу үстінде өзіне берілген затпен тікелей іс-әрекет жасайды. Мұның мәнісі 
шешілуге тиісті нәрсенің көрнекті түрде берілуінде және практикалық іс-әрекетінің 
қатысуымен шешілуінде ойлаудың осы сатысындағы маңызды ерекшеліктерінің бірі – сөздік 
өрнектер арқылы ойлау болып табылады, тіпті жас баланың ойы ең «ақылды» деген 
маймылдың ойлауынан түбегейлі айырмашылығы да осы арада. Ойлаудың ерекшелігі – 
қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай дәлелдерінде. Ойлауға түскен 


 «Білім айнасы» 2023 ж. 
21 
құбылыс көз жетерліктей етіп нақты түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. 
Ұғымдар арсындағы байланыстар мен қатынастар ойлау жолымен ашылады. 
Ойлау – танымның жоғары сатысы. Оның айрықша ерекшелігі – сөзбен тығыз 
байланыстылығы. Ойлаумен сөйлеу органикалық бірлікте болады. Ой шындығы тіл арқылы 
беріледі. Шындықтағы себеп-салдарлық байланыстар тәжірибеде танылып, белгілі тілдік 
формалармен аталады. Адам дүние құбылыстарын тани отрып, бұларды бірінші және екінші 
сигналдық жүйелер арқылы бейнелеп, түрлі сөздермен өрнектейді. Әрбір қабылданатын зат, 
құбылыстың белгісі, қозғалысы, күйі не қатынасын сөзбен атай отырып, адам оларды 
жалпылайды. Ойлау арқылы заң, ереже түйінделеді, фактілер қорытылады, электронды 
күрделі механизмдерді пайдалана отырып, тікелей қабылдауға болмайтын құбылыстардың 
мән-жайын танып біледі. Ойлау шындық жанама жолмен танылады. 
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауы нақтылы болғандықтан, олар көп нәрселерді 
өз қалпында түсінуге бой ұрады. 
Бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесінде психикалық даму дәрежесіне қарай 
белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, таным, ойлау, өзін-өзі 
тәрбиелеу т.б. 
Мұғалімнің міндеті – оқыту процесінде бастауыш сынып оқушысының ой-әрекетін 
қалыптастыру. Осыған орай оқушы оқыту процесінде, әрбір сабақта өзінің оқу іс-әрекетінің 
мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдері мен амалдарын 
қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға үйренуге тиіс. Оқыту процесіндегі ой-әрекетінің 
қалыптасу жолдарында танымдық белсенділіктің мынадай көріністері болатынын білу керек: 
— Білуге деген ықыластың, ұмтылыстың, шабыттың жоғары болуы; 
— Бастауыш сынып оқушысының өзіндік дербестігі, сұрақ беруге құмарлығы, 
пікірталас туғызуға деген ықыласы
— Бастауыш сынып оқушысының материалды еркіне, өз сөзімен айтып беру мүмкіндігі 
және шығармашылық әрекетінің жоғары болуы. 
Егер де сабақтарда бастауыш сынып оқушысының бойында танымдық белсенділік 
пайда болған жағдайда оқушыларда ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: 
зеректілік, зейінділік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі т.б. 
Бастауыш сынып оқушысының оқыту процесіндегі өздігінен жасайтын түрлі оқу 
жұмыстары ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін қалыптастырады. Амалдарды қолдану 
арқылы оқушы материалдың мазмұнын еркін меңгеріп, материалды баяндау тәртібін өзінше 
өзгертіп айтып беруге шамасы келеді. 
Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, 
танымдық белсенділік қалыптасады. 
Бастауыш сынып оқушысының ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі 
шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы 
тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады. 
Таным әрекетінің бірі – қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық 
тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру, 
сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны 
жақсы қабылдауға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет