Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне Карагандинская область



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата15.03.2017
өлшемі1,29 Mb.
#9688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Женисова  Самал 
     
6  сынып, Әлихан  Бөкейхан  атындағы  №76  
ЖББОМ Қарағанды  қаласы              
49 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Жетекші: Мустафина  Ботакоз  Сейілханқызы 
Ешкім  де  ұмытылмайды, ешнәрсе  де  ұмытылмақ  емес 
Қараңғыңда  көрген  жоқ  оны  ешкім де, 
Келе  жатты  ұрланып  соғыс  түнде. 
Келе  жатты  ол  қап-қара,  бүйі  болып,  
Жолбарыс  боп  жалаңдап жол  үстінде. 
Сырбай   Мәуленов 
Соғыс!  Сен    қандай  суық    едің!  Қасіреттің    қара    қайығына    мініп, 
қайғыны желкен  етіп,  қара  жерді  қапсырып  төніп  келдің! Мен  сендік 
салқындықты  бір  ғана  атауыңнан  сезінем. Талай  армандарды  сөндірген, 
қырандарды  сенделткен,  жайсаң  даланы  селдеткен   сендегінің   барлығы 
сұмдық  еді. Талай-талай   текті  ұлдарының  өмірін  өзің   иемденіп  алып, 
қанды  майданға  тастап  жібердің. 
Осыдан  70  жыл  бұрын,  21 маусым күні  таң  қылаң  бере  фашистік 
Германия  Кеңестік  Социалистік  Республикалар  Одағына   шабуыл  жасады. 
Соғысты    бірінші    болып    қарсы    алғандардың    қатарына    Кеңес 
Одағының  батыс  шебін  күзеткен   ондаған  мың  қазақстандық –шекарашылар 
болды. Атақты  Брест  гарнизонының  өзінде  1941  жылдың  көктемінде  біздің 
3    мыңдай    жерлесіміз    қызмет    еткен,  шілде    айында    олардың    көпшілігі 
әскерден  елге  қайтулары  керек  болған. Бірақ  жаудың  шабуылы  олардың 
бұл  жоспарларын   күл-талқан  етті. Соғыс  өрті  ішке  қарай  тез  еніп, Брест 
қамалының   тірі  қалған  қорғаушылары  партизандар  қозғалысына  қосылады. 
Олардың  қатарына  190  қазақстандық   болған  және  олардың  көбісінің 
сүйегі  беларусь  жерінде  қалған. 
Соғыс    кенеттен    басталғанымен,    Қазақстан,    бүкіл    Кеңес    Одағы 
сияқты,  алғашқы  күннен  бастап  жұдырықтай  жұмылды. Республиканың 
түкпір-түкпірінде  әскери  комиссариаттарға  еріктілер  ағылды. Кеше  ғана 
мектеп  партасында  отырған  бозбалалар  мен  бойжеткендер  де,  қала  мен 
ауыл  тұрғындары  да  соғысқа  сұранды.  
 
«Отан    үшін    отқа    түс,  күймейсің!»    ұранын    ту    ғып    ұстап,    қан 
майданға  аттанған  аталарымыздың  сондағы  ерлігін  айтсаңшы. 
   -
Үстінде  сұр  шинелдім, 
   
Ақсаңдай  басып  келемін, 
   
Ұмытса  да  достарым
   
Ұмытар  ма  мені  достарым, - 
деп  Қасым  Аманжолов   жырлағандай,  елі  үшін  қасық  қаны  қалғанша 
арпалысқан  ер  мінезді  ұлдарының  ерлігін  ұмытпақ  емес, ұмытпайды  да. 
50 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
  -  
Ежелден  ел  тілегі – ер тілегі, 
Адал  ұл  ер  боп  туса – ел  тілегі, 
-
деп  Бауыржан  Момышұлы  айтқандай, қашан  да  халық  адал  ұлдың 
елге  тірек  болуын  аңсаған. Халыққа  тіреу  болған  да  сол  ерлер  еді. 
Сол  кездің  қиындығын  Қадыр  Мырза  Әли  былай  деп  жырлайды: 
    -
«Қырық  екінші  жылды  басқа  жазбасын, 
    
Ұмытты  ғой  ерлер  онда  өз  басын... 
    
Москваға  жетпей  жолдан  тоқтасын, 
    
Астанадан  киіп  қайтсын  ноқтасын»,- 
    
Деп  әкеміз  елді  жаудан  қорғаса, 
    
Біз  қорғадық  опасыздан  отбасын». 
Ер  басына  күн  туып, етегімен  су  кешкен  қиыншылық  жылдарды, 
мұң-шерге  толы  жырларды  тамаша  суреттеген  ақын  өлеңін  оқи  отыра, 
сол  кезге  бір  көз  жүгіртесің. Сезінесің,  түсінесің,  шошисың  да  жиренесің. 
Сол  кезде  ерлік  көрсеткен  жауынгерлерге  бас  иіп, әрдайым  есімдерін  сан  
қайталап   отырасың. 
-
 
 
Үйдің  жылысын  қыс  келгенде  білерсің, 
Кімнің  батыр  екенін  жау  келгенде  білерсің, - 
деп    Балпық    би    айтқандай,    жау    келгенде    тойтарыс    бере    білген 
батырлар  сан  мыңдаған  еді. 
Қолына    қару    алып,  «фашизмнің    тамырын    құртамыз»    деп    ерлік 
көрсеткен  Қасым  Қайсенов,  Бауыржан  Момышұлы  есімдері  тарихқа  алтын 
әріппен  жазылды. Әлия  Молдағұлова,  Мәншүк  Мәметова, Хиуаз  Доспанова 
сынды  апаларымыз  қара  бұлт  төнген  кезде  нағыз  өр  мінез  танытты. Сызға 
ұйықтап,  мұзды  жастанған  қанша  өмір  қиылды. «Ертеңгі  ұрпақ  келешегінің 
арманы  ақ  болсын,  жүзінде  күлкі жайнасын, аспаны  шуаққа  толсын»  деп 
кеткен  жандар  еді. Майданда  жауынгерлер  қолына  қару  алса,  Жамбыл 
Жабаев    өз    жырларын    қару    ғып    жұмсады.  Еңіреп    кеткен    ерлерді 
жігерлендіріп,  рух  беріп  отырған  Жамбыл  өлеңдері  талай  жауынгерлердің 
қалтасынан  табылып  жатты. 
Сол  бір  сұрапыл  жылдары қазақ  халқы  өзінің  Отанына, жеріне  деген 
патриоттық    сезімін,    ұлттық  мақтанышын      дәлелдеді.  500-ден    аса 
жерлестеріміз, оның  ішінде  96  қазақ  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  алды. 
Олар: Бауыржан  Момышұлы, Талғат  Бегилдинов, Сергей  Луганскиий,  Иван 
Павлов,  Мәншүк  Мәметова, Әлия  Молдағұлова  және тағы  басқалары. Жауға 
қарсы  шайқастар  алдыңғы  шептегі  ұрыстарда  ғана  емес,  алыстағы  ауыл 
мен    кең    байтақ    далада  да    жүріп    жатты.  Сол    жылдары    Қазақстан 
51 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
миллиондаған  босқындарды  өз  бауырына  аналық  мейіріммен  тартушы, 
эвакуацияланған  завод  пен  фабрикаларға, майданға  керекті  оқ-дәрі мен 
азық-түлік  жеткізуші  үлкен  арсеналға  айналды. 
Біздің    жерлестеріміз  майдан    даласында    ерлікпен    шайқасқан. 
Жауынгерлік    ерліктері    үшін    жүздеген    мың    қазақстандық    медаль  –
ордендермен  марапатталса, 500-дей  адам  Кеңес  Одағының  Батыры  атанды. 
Күні-түні  жарылған  бомба,  атылған  оқ  Жер – Ана  төсінде  ойран  салды. 
Ақын  Сырбай  Мәуленовтың  өлеңі  еріксіз  ойға  оралады: 
-
 
Қоштас, -деді  ол,- туған ел, жеріңмен, 
      
Тастарды  да  күйдірді  темірменен. 
 
Миллиондаған  жандардың  атын  жойып, 
 
Құлақкесті  құл  етті нөмірленген. 
Иә,  бұл  нағыз  соғыс  еді. Есте  мәңгілік сақталатын  соғыс  тамұқ 
отымен  бірдей  болды. Дегенмен  жеңістің  ауылы  алыс  емес  еді. Кеудеде  
от  боп  жанған  ар-намыс  жауынгерлерді  алға  жетеледі, болашақ  жеңіске 
сендірді. Жан  қиып  кеткен  жандар  ертеңгі  өмірдің  жарқындығын  тіледі. 
Жеңіс! Көптен  күткен  ақ  арман  бір  сенің  ғана  өне  бойыңа  сыйып 
тұрғандай. Көңіл  тебіренді, сәби  күлді, ана  жадырады, аспан  қара  түнектен  
ашылды. 
Жеңіс  күні  соғыстан  оралмай  қалған  ерлеріміздің  рухына  бас  иіп, 
арамызда    жүрген    соғыс    ардагерлеріне    құрметпен    қарап,  олардың 
қайсарлықтары  мен  ерліктеріне  тағзым  ететін  күн  емес пе? Президентіміз 
Нұрсұлтан    Әбішұлы    Назарбаев:  «Ұлы    Жеңіс  –  Қазақстан  тарихының 
жарқын  беттерінің  бірі. Бұл – қан  майданда  от  кешкен  соғыс  ардагерлері 
мен    сол  жылдарда    «Бәрі    де    майдан    үшін,  бәрі    де    жеңіс    үшін»  деп, 
құлақтары  жастыққа  тимеген  тыл  ардагерлерінің  мейрамы» деп  атап  өткен 
болатын. 
Сұрапыл    соғысты    басынан    өткеріп,  жеңіс    үшін    жанын    берген 
аталарымызды, сол  жылдарда  қиындыққа  төзіп,  тылдағы  ауыр  жұмыстарды 
атқарып,    сонысымен    Жеңіс    күндерді    жақындатқан    апаларымыз    бен 
әжелерімізді  мақтан  етеміз. Осы  орайда  ел  намысы  мен  Отан  абыройы 
жолында    от    кешіп,    кеудесін    оққа    тосқан  қандастарымыз    бен 
жерлестеріміздің  есімін  жаңғыртып, жас  буын  санасына  сіңіре  түсу –біздің 
басты  борышымыз. Біз  әрқашанда  Жеңіс  күнін  аға  буынның  Отанға  деген 
сүйіспеншілігінің,  жастарды  патриоттық  сезім  мен ерлікке  тәрбиелейтін 
өлшеусіз  өнегесі  деп білеміз. Өкінішке  қарай, жыл  сайын  ардагерлердің 
қатары  азайып  бара  жатқандығы  көңілге  қаяу  түсіреді. Бірақ  көзден  кетсе 
де, олардың  ерлігі  көңілден  кетпесі  анық. Олар  тек  жеңіс әкеліп  қана 
қойған  жоқ, сонымен  қатар  ел  еңсесін  көтеруде  аянбай  еңбек  етті. 
52 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
9 мамыр – бұл  мереке  ғана  емес, бұл  ауыр  еңбек, бұл  халықтың 
батырлығы. Біздің  парымыз – бұл  күнді  есте  сақтау. Біздің  ардагерлеріміз! 
Олар  кемде -кем  қалды. Оларға  лайықты  кәрілікті  қамтамасыз  ету, оларға 
көмектесу  керек. 
Қайпас  тұлғаларды    ұлықтап    отыру  –  тек    халықтың    ғана    емес, 
мемлекеттің  борышы. Еліміз  олардың  еңбегін  бағалап, көше  аттарын берді, 
ауыл-ауылға  соғыс  құрбандарының  ескерткішін  орнатты. 
 
«Бұл  өмірде  әр ісінің  жаңғырығы  болады»  деген  Мұхтар  Шаханов 
сөзін  сараласақ,  бүгінгі  ашық  аспанның  кешегі  жаңғырығы – отты  жылдар 
еді. Біздің  міндетіміз – солар сыйлаған  ел  тыныштығын  сақтау. 
Ешқашанда жауынгер  ерлігі  мен  жеңісті  еңбегімен  соққан  еңбекшінің 
ерен  ерліктері  ұмытылмайды. 
Жаркен Алдияр 
9-
сынып, Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені 
Қарағанды каласы 
Жетекші: Жаманкулова Айгерым Жанжумановна 
Ерлік тағылымы 
Отанға салынған жараны біздің әрқайсымыз 
өз жүрегіміздің түкпірінде сезінеміз 
Виктор Гьюго 
Ұлы Отан соғысы елдің елдігін, ердің ерлігін сынға түсірді. Сол ерлікті 
кейінгі ұрпақ біздер ұмытпаймыз! Қазіргі біздің сәулетті өміріміз үшін жас 
жанын қиып, кеудесін оққа төсеген батырлар қаншама! 
Отан-ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, 
жауға қарсы шығарып салды. Бұл соғыс 1418 күнге созылған қанды қырғын 
еді. Оған бір миллион екі жүз мың адам шақырылды. 
И.Г.Эренбургтің  сөзімен  айтсақ,  «Соғыс  халықтар  үшін  –  бұл  бір  көз 
жасымен төгілген қан, бұл жесірлер мен қаңғып қалған балалар, бұл талқан 
болған ұя, ерте солған жастық шақ пен құса болған кәрілік». 
Биыл халқымыз жеңістің 70 жылдығын атап өтпекші. Мамыр айы өзінің 
салтанаттылығымен ерекше, себебі бұл айда халқымыз сағына күткен жеңіс 
болды. Туы көкте желбіреді. Әр жыл сайын мамырда ардагер өздерінің барлық 
орден, медальдарын тағып, қарулас достарын еске алып, ескерткіштерге барып 
тағзым етеді. Олай болса, мен де оқығандарымды, естігендерімді ортаға салып 
ой толғайын. 
53 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
«Мен ешқандай батыр емеспін. Менен он есе, жүз есе батыр боздақтар, 
небір бозым жігіттер құрбан болды. Шейіт кетті. «Ер намысы - ел намысы» 
дегендей жігіттердің көбі атасының күшін, анасының сүтін ақтап, елін өрге 
сүйреді. Халқымның, елімнің намысына дақ түсірмеймін деп шайқасты. Ар 
мен  намыс  бізді  алға  бастады.  Адамгершілік  пен  адалдық  темірқазығымыз 
болды» деп,  Бауыржан Момышұлы атамыздың айтқанын оқыған соң,  мен 
соғыстың майдандағы жігіттер үшін қаншалықты сын болғанын сезіндім.  
 
«Соғыс  -  халықтың  қасіреті,  халықтың  трагедиясы»  деген  сөздерді 
тарих пәнінен жиі естиміз, біз оның халық үшін қаншалықты қиын болғанын 
түсінеміз. 
 
«Менің балалық шағым соғыстың ауыр кезімен тұспа-тұс келді. Жалпы 
халық басына түскен қасіретті біз бала жүрегімізбен сезіндік, сондықтан да 
көпшілік арасында «соғыс балалары»  деген салқын тіркес сөз жиі айтылады. 
Соғыстың  салқыны  мен  сұрапылын  кешкен  ұрпақтың  өкілімін  ғой  мен. 
Жарылған  снаряд,  жауған  оқ  болмаса  да,  аштықты,  суықты,  жоқшылықты 
көрдік. Ойын дегенді білмедік. Бізді соғыс ерте есейтті. Біздің санамыздағы 
соғыс деген суық сөз көп уақытқа дейін бізге қорқыныш, үрей әкелуші болып 
есімізден көпке дейін өшпеді. Өйткені соғыс біреудің әкесін, біреудің ағасын 
келмеске алып кететін. Ауылға келген әрбір қаралы хабар біздің де жүрегімізді 
сыздататын.  Ауыл  балалары  жинала  қалсақ,  батысқа  қадала  қарап, 
әрқайсымыз  ағаларымыз  бен  әкелерімізді  ойлап  «аман  келсе  екен»  деп 
тілейтінбіз.  Ойша  олармен  тілдесіп,  қиялға  да  берілетінбіз.  Күте-күте  көп 
күндер өтті, бір күні бізге де қуанышты хабар келді. Алғаш «жеңіс» хабары 
жеткенде, балалар қуанып ән салдық. Ол әнді кім шығарғанын да білмеймін, 
есімде қалғаны:  
«Әлеумет, құтты болсын жеңіс тойы,  
СССР елдерінің өскен бойы.  
Жеңіске жеткен елдің ұл-қызымен, 
Шыңдалған ғылымымен ақыл-ойы»,  - 
деп айтылатын көңілді ән еді. Осыдан бастап бұл әнді күнде айтып, жол 
тосатынбыз.  Бірте-бірте  ауылға  майданнан  ағалар,  әкелер  келе  бастады. 
Көңілдегі  кірбің  кетіп,  қатулы  қабақтар  жазылып  жаз  шыққандай,  күннің 
шуағын сезіне бастадық» деген әжемнің әңгімесінен ауылда да майдандағыдай 
қиындықтардың болғаны мені ойлантпай қоймады.
  
«Аңыз  адам»  журналынан  КСРО  және  Қазақстанның  халық  әртісі 
Асанәлі  Әшімов  атамыздың  төрт  жасынан  бастап  соғыс  кезінде  өгіз  айдап, 
қырманда  жұмыс  істегенін  оқығанда,  жалпы  соғыстың  балалық  шақты 
балаларға сезіндірмеген қасірет болғанын ойладым. Олардың балалық шағы 
болмаса да, олар бір үлкен мектептен өткен сияқты. Ол мектеп майданда да, 
еңбекте де барлық халықтар арасындағы достығы жай достық емес, қанмен 
54 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
жуылып, жүрекпен бекітілген берік достық екен. Сол достық бүгінгі Тәуелсіз 
Қазақстандағы 100 шақты ұлт өкілдерінің бірлігі деп ойлаймын.  
Тыл  ерлері  -  ауыл  әйелдері,  дегенмен  майданда  шайқасқан  әйелдерді 
білеміз. Әлия мен Мәншүктен бастап зерттесең, майдан жолынан көп әйел-
аналар іздерін табасың да ойлайсың.  «Әйел мен соғыс» кереғар ұғым, әйел 
өмірге ұрпақ әкеледі, соғыс оны құртады, жояды, өлтіреді.  Бірақ бұл ұғым ел 
басына күн туғанда әйелдердің де ел үшін, Отаны үшін, ұрпағы үшін қорқуды 
білмей,  ерлермен  қатар  атқа  қонып,  жерін  жаулап  қорғаған  Есет  батырдың 
қызы  Ботакөздің, Гаухардың, Айтолқынның жалғасы бола білді. Сондықтан 
ата-ана – баба дәстүрін жалғастырушы, Отаншыл ұрпақтың анасы. Олай болса, 
қазақтың шексіз даласы, дәстүрі мен салты, тілі мен мәдениеті  –  тәрбиенің 
алтын бесігі, ерліктің рухани көзі. 
Мен  қатарлы  балалардың  соғысқа  қатысқан  ардагерлерді  ерекше 
құрметтеуі парызы деп білемін. Ел қорғаған батыр бабаларымыздың да, күні 
кеше елді фашизмнен қорғап құрбан болғандарды да, арамызда тірі жүрген 
ардагерлерді  де  құрметтеуге,  құрметтеп  қана  қоймай,  ата-баба  дәстүрін 
жалғастыруға, қызметіне қарай әр адамның отаншыл болуы – парызы. Өмірдің 
қай саласы болсын еліміздің азаматтары осы мемлекеттің құндылықтарының 
иесі  екенін  түсіне  білгені  дұрыс.  Қазақтың  Қазақстаннан  басқа  отаны  жоқ, 
оның тарихи тамыры, қасиетті топырағы – қазақ жері. Кешегі ата-бабамыз бен 
батырларымыз  –  біздің  мақтанышымыз.  Батырлар    қорғаған  елдің,  жердің, 
мәдени  мұраның  қазақ  ұлтының  талай  ғасырлар  бойына  жинақталған 
құндылықтардың мұрагеріміз. Сондықтан да, бізге бүгінгі өмір бейбіт болса 
да дәстүрімізге, тілімізге, дінімізге деген құрмет, елге тағзым, халықты, елді 
сыйлау,  кешегі  мен  бүгінгі,  бүгінгі  мен  ертеңгі  күннің  терең  тарихи 
сабақтастығын  білуді  міндеттейді.  Аталар  тағлымы  ел  басына  күн  туса, 
жауапты да күрделі іске дайын болу, қиындықтарды жеңе білуге жетелейді.  
Фашистік Германияны жеңуіміздің мерекесі – үлкен мереке. Бұл – ең 
ұлы мереке! Бұл жеңіске қазақ халқы аз үлес қосқан жоқ. Біздің халқымыз 
батыр  халық.  Ұлы  Отан  соғысына  қазақ  халқы  абыроймен  қатысты.  Осы 
абыройлы іс ұрпақтар жүрегінде мәңгілік болсын! 
Жүрсінова Еркеназ 
4 «А»сыныбы №9 Жалпы білім беретін орта мектебі 
Қарағанды облысы,Жезқазған қаласы 
Мұғалімі:Коккозова  О.У
Мен соғысты көрмедім 
55 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Мен  соғысты  көрмедім,  көрмеймін  де.  «Соғыс»  аты  айтып  тұрғандай 
суық сөз. Осы бір сөзді   сонау сұрапыл жылдары ата-әжелеріміз естіген. Бұл 
күнде    жастары  ұлғайған,  самайларын  ақ  шалған  ата-әжелердің  ерліктерін 
айтып  жеткізу мүмкін емес.  
Ардагер аталар  бізге  тыныш өмір сыйлады. Бейбіт өмір үшін қаншама 
адам құрбан болды. Олардың ішінде менің атам хабарсыз кеткен. Бұл күнде 
тыл  ардагерлері  тоқсан  жастағы  әжем  бар.  Әжемнің  басынан  талай 
қиыншылықтар өткен. Әжем ашаршылық, соғыс жылдарын өз көзімен көрген. 
Әп-әдемі  қолдарымен  байпақ,    қолғап  тоқыған,  пима  басып  соғыстағы 
жауынгерлерге жіберіп отырған. 
Бұл күнде біз бақыттымыз. Барлық  бүлдіршіндердің тілегі тыныш өмір. 
Мен тәуелсіз елдің ұланымын. Жүрегім  дүрсілдей соғып әр таңды асыға 
күтемін. Ашық аспан, шуақты күн, тыныштық, тоқтық бәрі менің көңілімді 
сергітеді.  
Өз жүрегімнен шыққан жырымды ардагерлерге арнаймын. 
Ардагерлер ардақты 
Айтары көп салмақты 
Таңданып сен қарама  
Ата көрсең, балдақты. 
Иіліп барып, тағзым ет 
Уақыт бөл, асықпа 
Аяқ түгіл, жан берген 
Сонау соғыс жылында! 
Ардагер тұр жаныңда 
Асықпа, ұлан асықпа 
Ашық аспан астында 
Адымда,бірге адымда! 
Бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге бас иеміз!! 
Кривопляс Евгений 
8«В» сынып, Негізгі ортамектеп№34 
Қарағанды облысы 
Жетекшісі: Мендибаева Зауре Нургалиевна 
 
Ұрыстың мерейі – ерлік, 
Ырыстың мерейі – бірлік 
56 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
1933 
жылы  Германияда  билікке  Адольф  Гитлер  бастаған  фашистер 
келді. Фашистер неміс ұлты жер бетіндегі ең таңдаулы  ұлт деп  санады.  Олар 
бүкіл әлемді жаулап, өз үстемдігін орнатуға ұмтылды.  Барлық елдерді күшпен 
бағындырып,    халқын  құлға  айналдырмақ  болды.    Гитлер  өз  заманындағы 
мықты  әскерді  жасақтап,  озық  қарумен,    танкілермен,  ұшақтармен 
жарақтанды.   
1941  жылы  22  маусымда  таңсәріде  фашистік  Германия  соғыс  туралы 
жарияламастан, КСРО-ға опасыздықпен басып кірді.  Кеңес халықтары үшін 
Ұлы Отан соғысы басталды. 
Отанды  қорғауға  бүкіл  кеңес  халқы  көтерілді.  Көптеген  адамдар 
майданға  еріктітүрде  аттанды.    Қазақстанда  да  әскери  бөлімдер  құрылды. 
Алматыда    316-шы  дивизия  жасақталды.    Оған  генарал    И.В.  Панфилов 
жетекшілік етті. И.В. Панфиловтың дивизиясындағы  28 жауынгер Мәскеуді 
ерлікпен  қорғады.  Оларға  немістің  50  танкісі  бағытталды.    Бірақ 
жауынгерлердің ешбірі тайсалмады.  Олардың барлығы дерлік жер жастанды. 
Бірақ  жауды  жібермеді.    Осы  ұрыста    қазақ  жазушысы  Бауыржан 
Момышұлының даңқы шықты.  
Қазақ  ақыны  Жамбыл  Жабаев  «Ленинградтық,  өренім!»    атты  өлең 
жазды. Бұл өлең радиодан оқылды, қоршауда қалған Ленинградтағы үйлердің 
қабырғаларына  жабыстырылды.    Ленинградтықтардың  тағдыры  бүкіл  елді 
алаңдатты, оларға барша халық қолдау көрсетті. 
Қазақ халқының даңқты ұлы Нүркен Әбдіровтің есімі өшпейді. Ержүрек 
ұшқыш  ұшағына  оқ  тигенде,  отқа  оранған  ұшағын  жаудың  шоғырланған 
тұсына  бағыттады.    Жарылыс  болды...  Нүркен  Әбдіров  қаза  тапты.    Бірақ 
елімізді билеп-төстеуді көксеген жүздеген жау да жер жастанды. Осы соғыста 
мыңдаған  қазақтар  ерлік  көрсетті.    Ұшқыш  Талғат  Бигелдинов  фашистерге 
қырғидай  тиді.  Оған  ең  жоғарғы  Кеңес  Одағының  Батыры    атағы  екі  рет 
берілді. Талғат Бигелдинов жау «қара  ажал»   деп атаған  «Ил - 2»  ұшағымен 
көптеген фашистер мен олардың соғыс техникасын жойды. 
Майданда мерген қыз Әлия Молдағұлова ерлікпен шайқасты.  Достары 
оны еркелетіп Лия деп атайтын.  Оған кейін Кеңес Одағының Батыры атағы 
берілді. 
Бұл соғыста қазақтың тағы бір мерген қызы Мәншүк Маметова асқан 
ерлік көрсетті.  Ол да шайқаста мерт болды.  Оған ерлігі үшін Кеңес Одағының 
Батыры атағы берілді. 
Сталинград  шайқасы  соғыстың  шешуші  сәті  болды.  Ол  соғыстың 
барысын  күрт  өзгертті.    Кеңес  әскері  осы  шайқаста  жеңіске  жетіп, 
басқыншыларды  өз  жерінен  біртіндеп қуа бастады. 
1
945 жылы мамырда Германияның астанасы – Берлин алынды.  Берлинді 
алуға мыңдаған қазақстандықтар қатысты.   Солардың бірі аға лейтенант Р. 
Қошқарбаев  Рейстагқа  Жеңіс Туын тіккендердің арасында болды. 
57 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
1418 күнге және түнге созылған Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды.  9 
мамырЖеңіс  Күні  болып  жарияланды.    Соғыс  жылдары  497  қазақстандық 
ерлігі үшін  Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 
Міне, Ұлы Отан  соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл өтті.  Бұл 
сол  кездегі    кеңес  халқының  ержүректілігі  мен  төзімділіктерін  паш  ететін, 
тарихта  мәңгілік  қалатын  күн.    Бұл  күнді  соғыстың  алғы  шептерінде 
қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін  көрсеткен  ардагерлер 
тойлайды.    Бұл  мейрамды  өздерінің  тылдағы  қажырлы  еңбегімен  жеңісті 
шыңдаған,    станоктың    қасынан,    егін  даласында,    күні-түні  мал  бағып, 
тынымсыз  жұмыс  істеген    жұмысшылар,    ауыл  адамдары    тойлайды.    Бұл 
мейрамды  біздің  аяулы  да  даңқты  әйелдеріміз – өздерінің  әкелерін,  ерлерін, 
ұлдарын  және  сүйіктілерін  көзінен  жасы  сорғалай  жүріп  төзімділікпен 
күткен,  олардың  орнын  жоқтатпаған  аналар   мен  жұбайлар,  қалыңдықтар 
мен  қыздар  тойлайды.  Бұл  мейрамды  өздерінің әкелері мен  ағалары  қанын 
төгіп,  жанын қиып  бақытты  өмірін  қамтамасыз  еткен құрдастары  тойлайды. 
Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, 
жақын-жарандарына,    туған  жеріне,   ауылына    оралмай   қаһарман    ерлерді 
бүкіл  елі  болып еске түсіреді. 
Иә, содан бері 70 жыл  уақыт  өтсе де, ешнәрсе де  ұмытылған жоқ. 
Ұлы  Отан  соғысы...  бұл  сол  кездегі  кеңес  ержүректілігі  мен 
төзімділіктерін паш етеін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы 
шептерінде  қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін  көрсеткен 
ардагерлер тойлайды. 
           
Қариялар азайып бара  жатқанын  әсіресе  олардың  ортасында  Ұлы 
Отан  соғысынан    аман    оралған  ақсақалдарымыздың  қарасы    жыл    санап 
азайып  барады  емес пе?!  Солардың  жанымен,  қанымен,  терімиен,  көз 
жасымен,    күшімен,    ісімен,    ерлігімен,    атаның    туын    жықпай,    ананың 
намысы  үшін  туған  жердің  топырағын  жауға  таптатпай,  еңіреп  жүріп 
жауды  жеңіп,  тауын  шағып,  туын  жағып, жеңістің  таңбасын  басқан  күн  -  
Жеңіс күні!  Бұл күннің  толғағы  ашшы  болса да,  туғаны  бар  халқы  үшін 
қуаныш  болған  күн.  Сондықтан да  бұл  Ұлы  мереке. Оққа ұшқан қарулас 
жолдастарының  аманатын  арқалап, аман оралған  ардагер  аталарымыздың 
өздері  қорғап,  қамқор болып оралған  арттағы  қалың  елдің  қамығып  жеткен 
Жеңіс күнін,  біз  ұмытсақ та  тарих ұмытпайды.  Біз Ұлы Отан соғысындағы 
Ұлы Жеңіске  ештеңе теңеспейтін  ғажап  күшпен  жеттік. Ол күш  - әрине, 
«бірлік».  Қаншама  халық  бір    тудың    астына    бірігіп    күштерін  бір  арнаға 
салды.  Ұлы  Жеңіс  он  бес  одақтас  болған  мемлекеттердің  ортақ  мерейтойы. 
«Ер  есімі  -  ел есінде», - демекші,  бізге  жарқын болашақ, бақытты 
ғұмыр  сыйлаған  аталар,  апалар,  ерлігі  ешқашан ұмытылмайды. Солардың 
қасиетті рухы бүгінгі  бейбіт  тірлігімізге  нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. 
Ұлы Жеңіс құтты болсын,  ардақты  халқым менің! 
58 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет