Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне Карагандинская область


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата15.03.2017
өлшемі1,29 Mb.
#9688
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Қапан Майкамал 
11 «А» сынып оқушысы Жезқазған қаласы 
Қарағанды облысы 
Жетекшісі : Тусупова Торғын Бекенқызы  
Бейбіт күн сыйлаған Жеңіс! 
Жеңістің күйі –ерліктің күйі 
даланы кернеп шалқыды. 
Алаулап тулар ал қызыл  
жарқылдап жеңіс жұлдызы 
Ф.Оңғарсынова 
Адамзат тарихындағы  сұрапыл соғыстың  өткеніне, міне, биыл жетпіс 
жыл да толып қалыпты.  
Соғыс сөзін естігенді жаны түршікпейтін жан жоқ шығар. Қазір айтуға 
оңай болғанмен, бұл соғыстың артында жүректе қанмен жазылған жан жарасы 
жатыр. 
Бұл соғыс – талайды әке –шешеден айырды. 
Бұл соғыс –талай бүлдіршінді жетімсіретті. 
Бұл соғыс – талайды мүгедек етті. 
Бұл соғыс –  талайға етігімен су кешкізіп, ауыздықпен су ішкізген  ауыр 
жылдардың    жылнамасы  боп,  тарих  бетіне  өшпестей  жазылды.  Ескерткіш 
тақталарға есімдері жазылған  жауынгер аталарым аты ғана сақталды.  Туған 
жерінің бір уыс топырағы бұйырмай, сүйегі  көмілмей жатта қалды. 
Осындай  бар қасіретті адамзат басына әкелген соғыс еді. 
Ақын Ф.Оңғарсынова осы бір сәтті:  
Оралмай кетті әкелер біздің 
Сонау бір ұзақ сапардан, 
Бейуақыт сөнді албырт жүрек пен 
алаулап тұрған от арман. 
Әкенің жүзін көңілге  түймей  
Бесікте ғана қалыппыз, 
жаутаңдап ұзақ есікке қарап 
өткен күндерге қанықпыз, 

деп жүрегі жылай жырлады. Бірақ қайсар халықтың жігері әсте жасымады. 
Қасық қаны қалғанша жауымен айқасты Тойтарыс берді. Шыдамдылық пен 
төзімділіктің арқасында аталарымыз жеңіс күнін, бейбіт күнді бізге сыйлады.  
59 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Сол  бір  сұрапыл  жылдары  қазақ  халқы  өзінің  Отанына,  жеріне  деген 
патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 
Мен енді жауынгер  
Қатерге буған бел  
Батысқа жол тарттым 
Сен үшін, туған ел!  

деп соғысқа аттанған 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ  Кеңес 
Одағының Батыры атағын алды.  
Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін 
Я өліп, я болмаса өлтіретін. 
Жүректе  жанып тұрған жұлдызыңды 
Жандыратын болмаса, сөндіретін, 

деп жырлаған Сырбай ақын да майдан даласында болды. Ақынның әр өлең 
жолынан  қан  майданның  оқ  дәрісінің  исі  мүңкіп  тұрды,  соғыстың  жанды 
суреті елестеді. 
«Әскери өмір менің өлеңімнің де мектебі болды. Соғыс мені күйретті де, 
көп нәрсеге үйретті. Тәніме өшпейтін таңбасын түсірді» - дейді ақын. 
Бәрі де, Отан, сен үшін! 
Мәуелеп тұрған жемісім, 
Еселеп жатқан жеңісім- 
Бәрі де, Отан, сен үшін,  

деп  ұрпағының амандығы мен елінің тыныштығы үшін  тайсалмай жауға 
аттанған  ерлеріміз  майдан  даласында  болып,  көзбен  көрген  соғысты  бір 
қолында  қаруы  жүрседе,  қаламмен  арттағы  ұрпағынан  өшпестей  мұра  етіп 
жаза білді. Олардың қатарында қазақтың біртуар перзенті Қ.Қайсенов, Кеңес 
Одағының  батыры,  ержүрек  қолбасшы  әрі  көрнекті  жазушы  Б.Момышұлы, 
Кеңес  Одағының  батыры  бола  тұрып  қазақтың  қоғам  қайраткері  әрі  шебер 
қазақ жазушысы М.Ғабдуллин, авиация  генерал-майоры, Кеңес Одағының екі 
мәрте батыры сонымен бірге жазушы болған Т.Бигелдиновтей батырларымыз 
еді. Ұлы жеңіс бізге  оңайлықпен келмеді.   
Отан үшін от кешкен аталарым үлкен құрметке лайық. Ризамыз сізге, 
ардагер аталарым! дегім келеді. 
Өйткені оларға біз - мәңгі қарыздармыз. Ардагерлерді құрметтеу- біздің 
міндетіміз.  Жеңіс  үшін  аштыққа  да,    ауыр  жұмыстарға  да,    тіпті  өлімге  де 
қарсы тұра білді.  Қаншама азапты  күндерді  басынан кешіріп, бүгінгі көк 
аспанында ақ көгершіні қалықтаған бейбіт күнді  сыйлады. 
60 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Қорыта келгенде, Ұлы отан соғысы тарихи маңызы бар ірі оқиғалардың 
бірі.  «Мың  өліп,  мың  тірілген»  қазағымның    тарих  бетінің  сарғайған  бір 
парағы.  «Ерлік  ешқашан  ұмытылмайды»  демекші  біз  бұл  Жеңісті  Тәуелсіз 
елдің  ұрпағы  тұрғысында  тойлаймыз.  Ерлерімізді  ұмытпаймыз.  Біз  -
тәуелсізбіз, азатпыз! Ұлы Жеңіс күні жасасын! Енді бұндай зұлматты күндер 
әсте  болмасын,  аспанымыз  ашық  болсын  деген  балаң  жүректен  төгілген ақ 
тілегіммен шығармамды аяқтаймын. 
Қожан Әлия 
Жезқазған гуманитарлық колледжі 
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы 
Жетекшісі: Есенгабулова Г.О 
 
Соғыс - адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс 
атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам болғалы осылай. Талай 
рет  үстемдік,  байлық  үшін  адам  қаны  суша  аққан.  Арыға  бармай-ақ,  50 
миллионнан  астам  өмірді  жалмаған  соңғы  соғысты  алайық.  Кімге  қажет 
болып,  не  мақсатты  көздеп  еді  сол  соғыс?  Әдетте,  соғысты  әділетсіздік, 
жауыздық,  қанішерлік  бастайды  ғой.  Ол  сонысымен  лағынетті.  Қарапайым 
халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес. Мен 
Ұлы  Отан  соғысының  батыры  өзім  аттас  Әлия  Молдағұлова  жайлы 
айтпақшымын. 
Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе 
облысы  Қобда  ауданындағы  Бұлақ  ауылында  Нұрмұхаммед  Сарқұлов  пен 
Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келді. Әлия 8 жасқа келгенде, 
анасы  қайтыс  болды.  Нұрмұхаммед  Сарқұловтың  қолында  екі  баласы  ұлы 
Бағдат және қызы Әлия қалды. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікенге беруге 
мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған, немересін өте жақсы 
көрген,  оған  адамгершілікті,  жақсылықты,  еңбекқорлықты  үйреткен.  Әлия 
нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас 
Сапурамен өсіп, есейді. Үй-іші Әлияны өте жақсы көрді. Әубәкірдің әйелі Сән 
қыздарға көп нәрсені үйретті, оған қыздар үй жұмысына көмектесті, кішкентай 
бауырларын  тәрбиелеп,  бақты.  Өз  құрдастарына  қарағанда  Әлияның  мінезі 
қисық, қатал болатын. 
1933  жылы  Әубәкір  отбасымен  Әулиеатаға  көшіп  барады.  Сол  жерде 
Әлия мен Сапура №11 мектеп есігін ашты. 1935 жылы Әубәкірдің Москвадағы 
Әскери-Транспорт  Академиясына  оқуға  түсуіне  байланысты,  оның  отбасы 
Москваға қоныс аударды. Әлия Москвада №891 мектептің 4 класын бітірді. 
1938  жылы  Академияны  Ленинградқа  көшірілуіне  орай  Молдағұловтар 
отбасы осы қалаға көшіп барды. Отбасындағы материалдық қиыншылықтарға 
61 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
орай,  Әлия  өз  келісімі  бойынша  Ленинградтағы  №46  мектеп-интернатқа 
орналастырылды. Мектеп тәрбиеленушілері №140 мектепте оқыды. 
Соғыс кезінде Ленинград бомбалана бастағанда, Әлия басқалармен бірге 
өртпен  күресетін  дружинаға  кірді,  үйлерінің  шатырында  кезекші  болды, 
өртегіш  бомбаларды  сөндірді.  1941  жылдың  күзінде  ол  комсомолға 
қабылданды.  Әлия  тетелестерімен  бірге  соғыс  кезеңінің  тауқыметін  бастан 
кешеді, жолдастары қамқорлық жасайды. 1942 жылдың наурызында Ладога 
көлі «Өмір жолы» - арқылы балалар үйі Ярославль облысындағы Рыбинскіге 
эвакуацияланды. Сонда Әлия жеті жылдық мектепті бітірді. Ол он жеті жасқа 
толғанда  Рыбинск  авиация  техникумына  түсті,  бірақ  үш  айдан  соң  әскери 
коммиссариатқа  барды.  Ол  әйелдердің  Бүкіл  одақтық  2-ші  мергендік 
мектебіне қабылданды. Оқу 1943 жылдың күзінде аяқталды. 
1943 жылғы аязды қазан күндерінің бірінде Әлия Ленинград майданына 
жіберілді.  Майдан  тұрмысы  басталды.  Әлия  күн  сайын  дерлік  таңсәріден 
мерген  винтовкасын  алып,  қолайлы  позиция  иемденетін.  Үш  айда  мерген 
Молдағұлова 32 гитлершілдің көзін жойды. 
Сүлейменов  деген  әйгілі  мерген  болған.  Ол  немістің  300-ге  жуық 
адамының  көзін  жойған.  Бірақ  соған  батыр  атағы  берілген  жоқ.  Мұндай 
адамдар  аз емес.  Ал  Әлия  мен  Мәншүкке  қалай берілді  дегенде...  Олардың 
екеуінің ерлігін де командирлері көріп жатқан. Мергендерге өздері тапсырма 
беріп,  соларды  көз  алдарында  орындағандарына  куә  болған.  Сөйтіп, 
мараппаттауға  өздері  ұсынып,  құжат  қағаздарын  толтырып,  қол  қойған  да, 
берген. 
Кеңес  Социалистік  Республикалар  Одағы  Жоғарғы  Кеңесінің 
Жарлығымен 1944 жылдың 4-ші маусымында көрсеткен ерлігі үшін ефрейтор 
Әлия  Нұрмұхаммедқызы  Молдағұловаға  Кеңес  Одағының  Батыры  атағы 
берілді. Ленин орденімен марапатталды. 1944 жылдың 14-ші қаңтарында қазақ 
халқының  ер  қызы,  Ленинградтың  ер  қызы  Әлия  Нұрмұхаммедқызы 
Молдағұлова  отаны  үшін,  елі  үшін  батырлықпен  шәйіт  болды.  Оның 
батальондық достары Әлия үшін жаудан қанды кек аламыз деп ант берді. 1944 
жылдың қаңтарында Псков облысы Насва теміржол станциясынан немістерді 
шығару  мақсаты  қойылды.  Фашистер  қатты  қарсыласты,  артиллерия  оқ 
жаудырды. Әлияның ротасының командирі қаза болды. Жауынгерлер сасып 
қалды. Сонда Әлия атып тұрып: «Отан үшін алға!», деп айқай салды. Оның 
соңында  бүкіл  рота  көтеріліп  шабуылға  шықты.  Әлияның  қолына  минаның 
сынығы тиді, бірақ ол автоматын тастамай бір неміс офицерін атты. Офицер 
жауап беріп, Әлияны екінші рет жарақаттады. Соңғы рет Әлия атып, немісті 
өлтірді.  Казачиха  деревнясының  батысында,  Смердель  деген  кішкентай 
өзеннің биік жағасында достары Әлияны жерледі. 
Әлияның  өмірі  құйрықты  жұлдыздай  қысқа  болды.  Бірақ  сол  аз  ғана 
өмірінде  кейінгі ұрпақтар айтып жүретіндей, ешқашан ұмытылмастай ерлік 
жасап үлгерді. Оны бүгін бүкіл халқымыз мақтан етеді. Әлия, туралы ойласам 
62 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
таң  алдында  жарқырап  туатын  шолпан  жұлдызы  көзіме  елестейді.  Оның 
нұрлы бейнесі, ыстық жүрегі, ақыл-парасаты, жан дүниесінің сұлулығы мені 
де  тәнті  етеді.  Әлияның  майдандас  достарының  айтуымен  бізге  әңгімелері 
арқылы оның кіршіксіз жарқын бейнесін көз алдыма елестете отырып, уақыт 
керуенінің адам ерлігі, адамдардың өлмес ісі алдында дәрменсіз екенін анық 
сеземін. 
Мен 6 мамырда дүниеге келдім, Қожан атам мені Әлиядай болсын деп 
батыр  апамыздың  есімін  қойыпты.  Менде  осы  есімге  лайық  болуы  үшін 
сабағымды жақсы оқып, өзімді тек қана жақсы жақтарынан көрсетіп жүрмін. 
Батыр апамның атына кір келтірмеймін деп сенім білдіремін. 
Қойшыбекова  Ақтолқын 

сыныбы, Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі 
Жезқазған қаласы Қарағанды облысы 
Жетекшісі: Балгимбекова Акнур Габдуллаевна 
 
Ұлы  Жеңіс  -  мәңгілік   ел жадында 
Сан боздағым көрмедің Жеңіс күнін, 
Содан жарқын шықпайды кеміс пе үнім. 
Бейбітшілік, ынтымақ болсын дәйім, 
Амандығын тілеймін Жер үстінің. 
Б. Дәулетияров 
1941-
1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы  –  XX  ғасырдың  жаңаша 
тарихының маңызды парағы. Біздің санамызда ол шексіз қайғы мен қасіреттің 
құнымен қол жеткізген, ұлы ерлік пен жеңістің белгісіндей. Бұл адамгершілік 
ар-намыс    пен  тәуелсіздік  үшін  болған  соғыс.  Міне,  сұрапыл  соғыстың   70 
жылдығы  да  келіп  жетті.  Сол  жеңіске    жеткізген  майдангерлер  мен  тыл 
еңбеккерлерінің    тірі  қалғандары  саусақпен  санарлық.  Ал  тірі  жүрген 
майдангерлер үшін  Жеңіс күні – ең қымбатты, ең қасиетті және бақытты күн. 
«Ер  бақыты  ел  қолында,  ел  бақыты  ерлер  қолында»  -  деп  батыр  ағамыз 
Бауыржан  Момышұлы  айтып  кеткендей,  ардагерлер  -  Қазақстан  халқына 
бейбітшілік,  тыныштық,  береке,  бақыт  орнатқандар.  Сұрапыл  соғысты 
басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ағаларымыз бен бабаларымызды, сол 
жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен 
Жеңіс  күндерді  жақындатқан  аналарымызды  да  мақтан  тұтамыз.  Соғыс 
майдангерлері  Отанға  деген  шын  сүйіспеншілігімен,  ерліктерімен, 
қайсарлығымен,  жігер-қайратымен,  ел  қорғау  сезімімен  келер  ұрпаққа  үлгі 
болды.  Еліміздің  тарихында,  жалпы  әлем  тарихында  Ұлы  Отан  соғысы 
ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Жалпы 
63 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
тарих үшін бұл аз ғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше. Қан 
майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген 
ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне 
бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың өтелмес парызы. 
ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет қайсы десек, ол екінші жаһангерлік 
соғыс дер едік. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысып, майдан 
баталиясына алпыс бір мемлекет тартылды. Қырық елдің жері соғыс өртіне 
шарпылып, жүз он миллион адам қолына қару алды.  Олардың арасында 1932 
жылғы алапат ашаршылықтан қырылып, Ұлы  Отан  соғысы қарсаңында үш 
миллионға  әзер  жеткен,   соған  қарамастан  Батысқа   бес  жүз  мың  боздағын 
аттандырған бейбақ Қазақ елі де бар еді. 
Өзінің  тарихи  маңызы  жағынан  Жеңіс  күнін  әлемнің    жаңадан  пайда 
болуымен,  жер  бетінің  соғыс  деген  сұмдықтан  түбегейлі  азат  етілуімен 
салыстыруға  болады.  Өйткені,  гитлерлік  «жаңа  тәртіп»    әлемдегі  тұңғыш 
жұмысшылар мен шаруалар мемлекеті – КСРО-ны құртып, оның жерін тартып 
алуды,  халқын  құлдыққа  салуды  көздеді,  сондай-ақ  коммунизм  идеясын 
таратушылардың  басында  тұрған  еврей    халқын  жер  бетінен  жойып,  бүкіл 
әлемге фашизм билігін  орнатуды аңсады. Гитлерлік  басқыншылықтың тағы 
бір аңсағаны – славян халықтарын: орыстарды, украиндарды, белорустарды, 
сондай-ақ қазақтарды, өзбектерді, түркімендерді жер бетінен жойып, олардың 
жерін таза қанды «арийлерге» босатып беру еді.  
Ұлы  Отан  соғысы  адамзат  тарихында  болмаған  ерекше  соғыс.  Оның 
ерекшелігі  сонда,  бұл  өнім  өткізу  рыноктары    мен  шикізат  көздерін  бөлісу 
үшін  екі  мемлекет  арасында    болып  жататын  соғыс  емес,  екі  жүйенің  – 
капитализм мен социализмнің қақтығысуы еді. Бұл соғыстың таптық сипаты 
бұрын-соңды болмаған қатыгездік жағдайда қалыптасты. Бұл жерде әлемдегі 
жұмысшылар мен шаруалардың тұңғыш мемлекетінің өмір сүруі, не жойылуы 
күн тәртібіне қойылды.  Сондықтан да кеңес  халқы өзінің социалистік Отаны 
үшін,  азаттығы  үшін  күресті  және  бүкіл  әлем  алдында  моральдық-саяси 
бірлігін, мызғымастығын, ерлігін дәлелдеп берді. 
Иә, жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жау талай ауыл, қалаларды қиратты, 
бейбіт халықты қырғынға ұшыратты. Талай қыршын жастар дұшпанға қарсы 
ұрыстарда  ерлікпен қаза тапты. Майдан даласына Қазақстаннан шыққан аға-
апаларымыз Отанын, елін, жеріін қорғау үшін аттанды. Жастық шақтарына 
қарамастан  батыр  аға-апаларымыз  майданның  алғашқы  күндерінен  бастап, 
қыршын  жастарын  қиып,  қан  төкті.  «Отаным,  елім  үшін  жан  пида»  деген 
қағиданы  ұстанған  батырларымыз  қайтпас  қайсарлықпен,  ерен  ерлікпен, 
жаумен жолбарыстай шайқасты. «Бәрі – майдан үшін, бәрі – жеңіс үшін» деген 
ұранмен алға ұмтылды. Батырларымыздың өлімнен қорықпай, тайсалмастан 
шайқаса білуі – өмірді шын мәнінде сүйе білуінде. Өйткені, олар адам баласын 
құрметтей, қадірлей білді. 
64 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Қара бұлтты сейілтіп, күн шуағын сыйлаған ардагерлер сиреп қалса да, 
әлі  де  арамызда  жүр.  Фашизмге  соққы  берген  аталарымыз  болашақ 
ұрпақтардың жарқын келешегін қамтамасыз ету үшін қасық қанын аяған жоқ. 
Бұл жеңісті қастерлеп, жадымызда мәңгі  сақтау және оның дәстүрлерін 
жалғастыру,  қасиетті  Отанымыз  –  Қазақстанда  ұлтаралық  татулық,  бейбіт 
өмір, халықтар бірлігін  бұлжытпай сақтау біздің парызымыз. 
            
Қаншама  ана  баласыз,  қаншама  жар  қосақсыз,  қаншама  бала  әкесіз 
қалды. Қаншама боздақ қыршынынан қиылып қан майданнан қайтпай қалды. 
Тарих парағы әлі талай ауысар, ал, ол күндердің өшпес даңқы сол қалпында 
қалмақ. Ендеше, бүгінде арамыздан кешегі сұрапыл соғыстан аман қайтқан 
санаулы ардагерлерімізді лайықты құрметтейік. 
Құрымова Мейрамгүл 
5 сынып, Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 ЖББОМ 
Қарағанды қаласы 
Жетекшісі: Берлибекова Балжан Мерекеқызы 
Қарлагтағы «Халық жаулары» балаларының тағдыры 
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да 70 жыл болды. Қырғын соғыстың 
қасіреті осыншама жылдар өтсе де, әлі ұмытылар емес. Қасық қаны қалғанша 
атамекенін  жауға  бермеген  ағаларымыз  бен  әпкелеріміздің  саны  бұл  күнде 
азайып  бара  жатыр.  Олардың  жасаған  ерліктерін  ұрпақтары  ешқашан  да 
ұмытпаулары керек. 
 
31  мамыр  -  қуғын-сүргін  құрбандарын  еске  алу  күні  болып 
жарияланғаннан  бері  де  баспа  бетіне  осы  тақырыпта  көптеген  мақалалар 
шығып, бір кездегі «Халық жауы» атанған зиялы қауым  қудаланып, аттарына 
қара  күйе  жағылғаны туралы  айтылып та,  жазылып жатыр.  Ал олардың 
балалары мен ұрпақтары туралы біз не білеміз? 
   
«Халық  жауларының»  балалары  ересектермен  бірге  Қарлагта  да 
отырғанын баспа бетінен оқып,  ауыр тағдырларын білгенде денем түршігіп 
кетті. 
 
Олардың біразы  тіпті мектеп қабырғасынан тұтқындалған балалар еді. 
Сол  кезде  әкелерінің  әлдебір  «қылмысы»  үшін  балалардың  жауап 
бермейтіндігі ешкімнің ойына кіріп шыққан жоқ. Балалар да өздерінің шыққан 
тегі үшін толық көлемде айыпкер атанып, сотталды және мерзімдерін ақырына 
дейін өтеді. Олардың көпшілігі қатарға қосылған жоқ. Біраз уақыт Спасскіде 
«халық  жаулары»  отбасының  мүшелерінен  тұратын  «балалар  коммунасы» 
болды. 
15 жасар Николай Булка деген жасөспірім 5 жыл лагерьде отырды. Ол 
мектептегі  үзіліс  кезінде  құрбы-құрдастарымен  ойнап  жүріп,  аңдаусызда 
65 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
М.И.Калининнің портретін шынтағымен қағып кетіп, жыртып алды. Осы үшін 
ол 58-ші баппен сотталды. 
1940  жылдың  1-қаңтарында  Қарлагта  16  жасқа  дейінгі  19,  18  жасқа 
дейінгі 132 бала, ал 1942 жылы 16 жасқа дейінгі 38, 18 жасқа дейінгі 178 бала 
болды. 1947 жылы 814 бала болса, 1950 жылы 209 ғана бала қалған. 
Лагер  балалары  үй  дегеннің  не  екенін  білмейтін,  «әке»,  «әже»  деген 
сөздерді түсінбейтін.  Олар тек лагерьге қатысты ұғымдарды ғана түсінетін. 
Егер тақтаға үйдің суретін салса, олар «барақ» деп бір ауыздан шу ете түсетін. 
Егер  сол  үйдің  суреті  әдеттегі  шарбақпен  қоршалған  болса,  балалар  оны 
«зона» дейтін. 
 
Балалардың күтушілері де тұтқын әйелдер арасынан тағайындалатын, 
сондықтан да олар балаларға онша көңіл аудара алмайтын, балалардың жалғыз 
ғана  жан  шуағы  шешелері  еді.  Алайда  шешелерін  этаппен  басқа  жаққа 
әкететен болса, оларды баласынан айыратын. Аналар бәрінен бұрын осыдан 
қатты қорқатын. Қарлагта мұндай оқиғалар болған. 1947 жылы бірнеше әйел 
Қиыр  Шығысқа  жіберілді  де,  балалары  Қарлагта  қалды.  4  жасқа  толған 
балалар Осакаров балалар үйіне жіберілді. Мұнда олардың бірен-сараны ғана 
тірі қалды. Балаларды 3-4 жасында анасынан айырып, сәбилер үйіне жіберу 
аса ауыр оқиғалардың бірі еді. Қайсыбір әйелдер осыдан жынданып та кетті. 
1939 жылы лагерьде 451 сәби болса, жыл ішінде солардың 114-і шығын 
болған. Бұрынғы тұтқын Фогельман былайша еске алады: «Осынау жап-жас 
бүлдіршіндердің  мөлдіреген  көзінен  жазықсыз  жойылып  кеткен  әкелеріне 
деген  аянышты  сезімдері  анық  байқалып  тұратын.  Бұлар  сотталған  «халық 
жауларының»  балалары  болса  да,  әлі  сәбилік  табалдырығын  аттамаған 
бейкүнә жандар еді». 
Жалпы,  еңбекпен  түзету  лагерьлерінде  балалар  мен  аналардың 
проблемасы дұрыс ойластырылмаған еді. Лагерьдегі балалардың жағдайы  өте 
нашар  болды.  Киім-кешегі  тым  жұпыны,  әрі  ескірген  балалар  қамыстан 
буылған  төсекте  жататын.  Олардың  іске  татитын  киімін  ересектер,  тіпті 
сақшылардың өздері ұрлайтын. 
Лагерьге емшектегі баласымен түскен әйелдердің жағдайы тіпті айтуға 
келмейтін. Күніне он сағаттан астам жұмыс істеп келген әйелдерге балаларын 
емізуге рұқсат етілетін. Алайда әбден титықтаған, ауыр еңбек пен аштықтан 
қалжыраған әйелдердің бала емізетін жағдайы да жоқ болатын. Сондықтан да 
шешелерінің  сүті  жоқ  балалар  ауырып,  өліп  жататын.    Лагерьдегі  жағдай 
аналарға  да,  балаларға  да  рухани  жағынан  жүдеушілік  туғызып,  олардың 
көңіл-күйіне  жаман  әсер  ететін.  Балалар  комбинаты  да  дарбазасы,  күзеті, 
тікенек  сымы  бар,  азынаған  барактар  болатын.  Емшектегі  балалар  көбінесе 
кереуетте жататын. Жылағанда оларды шегі шығып кетсе де, ешкім қолына 
алып жұбатпайтын. Оған рұқсат та етілмейтін. 
 
Қарлаг – қасіретті көп шеккен халқымыздың тарихындағы ұмытылмас 
бір кезең. Кезінде жоғарғылардың жоспары бойынша Қарлагта 32 мың тұтқын 
66 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
ұсталуына  тиіс  екен,  бірақ  «халық  жауларын»  «қырағылықпен»  әшкерелеу 
науқанының арқасында тұтқындар саны 75 мыңға жеткен. Қарлаг өмір сүрген 
26  жыл  ішінде  /1930-1956/  бір  миллион  адам  «еңбекпен  түзету»  сүзгісінен 
өткен.  Қарлаг  табиғат  пен  адам  ресурстарын  бейберекет  рәсуалаған  зұлмат 
империясы. Бұл жерде қуғын-сүргінге ұшырап өмірінің көбін азаппен өткізген 
жандардың ауыр қайғысы, жан төзбес азабы, қан аралас төгілген көздің жасы, 
қан сорпа болған қара тері бар. Өткенсіз болашақ жоқ. Кешегі тарихты білмей, 
болашаққа үміт арту мүмкін емес. Қарлагтың тарихы біздің тарихымыздың бір 
бөлігі болып табылады. Сондықтан өзінің елінің тарихын кез-келген адамның 
білуі қажет. Өйткені ол біздің еліміз, жеріміз. 
Мажитова Саягүл 
3 сынып, Әлихан Бөкейхан 
атындағы № 76 ЖББОМ, Қарағанды қаласы 
Жетекшісі: Берлибекова Балжан Мерекеқызы 
Соғыс-қандай  қорқынышты  сөз!  Бұл  оқиға  адам  баласы  үшін  ауыр, 
азапты күндерге айналды. Тарихқа үнілетін болсақ адамзат қауымында талай 
соғыстар  болды.    Солардың  аса  ауыры  фашисттік  Германия  бастаған  ХХ 
ғасырдың қанды  оқиғасы саналатын – Ұлы Отан соғысы.   
Соғысты  бірінші  болып  қарсы  алғандар  қатарында  Кеңес  Одағының 
батыс шебін күзеткен ондаған мың Қазақстандық-шекарашылар болды. Соғыс 
кенеттен  басталғанымен,  Қазақстан,  бүкіл  Кеңес  Одағы  сияқты,  алғашқы 
күннең  бастап  бірікті.  Республиканың  түкпір-түкпірінде  әскери 
комиссиаттарға отаның, жерін қорғау үшін мындаған еріктілер ағылды. 
 
Отан  үшін  неміс  басқыншыларына  қарсы  қолдарына  қару  алып 
майданға  аттанған  жауынгерлердің  бір  миллион  үш  жүз  алпыс  алты  мың 
Қазақстандық жауынгерлер болды. Майдан алаңында алты жүз мыңнан астам 
Қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы мәлімет 
бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл соғыста халқымыздың экономикалық қуаты 
және саяси бірлігі сыңға түсті.  
Соғыстың  тек  майдан  даласында  ғана  емес,  тылда  болғаны  да  мәлім. 
Жаудың  қолына  бермеу  үшін,  соғыстың  алғашқы  айларында  өңеркәсіптік 
кәсіпорындардың барлығы тылға көшіріле бастады. Ер азаматтардың барлығы 
армия қатарында болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер 
еңбек етті. Бірақ ешкім қыңжылған жоқ.  
Ұлы Отан соғысы ең ауыр, әрі қантөгісті соғыс болды, өзінің талқандау 
күші мен ұрыс қимылдарының ауқымы жағынан адамзат тарихында теңдесі 
жоқ  соғыс  болды.  Қазақстандықтардың  майдан  даласындағы  ерліктері  мен 
тылдағы табандылықтары ешқашан ұмытылмайды.  
67 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет