Республикасы



бет1/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Биология-география факультеті Ботаника кафедрасы


Мусина Р.Т., Кейкин Е.К., Сарсембаева А.Ш.


аға оқытушы

«Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері»


пәні бойынша

ДӘРІСТЕР КУРСЫ


(15 дәріс)


барлық мамандықтарға арналған

Қарағанды 2021


№1 Дәріс Кіріспе. Экология және қазіргі өркениет мәселелері. Дәріс жоспары:


  1. Экология ғылымының мақсаты мен міндеттері.

  2. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы.

  3. Экология ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері.

  4. Экологияның басқа ғылым салалары мен байланысы.

Дәріс ұзақтығы: 1 сағат


Ең алғаш «экология» деген сөзді алғаш рет 1858 жылы Генрих Девид Торо пайдаланды. Ал, «экология» деген терминді 1866 жылы ғылымға енгізген Э.Геккель.


Экология - организмдердің тіршілік ету жағдайларын, организм мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара қарым-қатынастар мен байланыстарды зерттейтін ғылым экология деп аталады. Ол гректің «oikos – үй, мекен жай»,
«logos-ілім, ғылым» деген мағынаны білдіреді.
Экологияның негізгі мазмұны - тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен популяциялық-биоценотикалық деңгейде зерттеуі және одан жоғары рангтағы биологиялық макрожүйелердің: биогеоценоздардың (экожүйелердің), биосфераның қызмет етуін, олардың өнімділігі мен энергетикасын зерттеуі болып табылады.
Экологияның ғылымының негізгі мақсаты – ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. «Адам-қоғам- табиғат»арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды негіздеу.
Экологияның негізгі міндеті – популяция, биоценоз және оларда болып жатқан өзгерістерді зерттеп, қазіргі таңдағы планетаның индустилизация және урбанизация жағдайында экологиялық процестер заңдылықтарын ашып, түсініп басқару.
Экологияның зерттеу пәні биологиялық макрожүйелер (популяциялар, биоценоздар) және олардың уақыттағы және кеңістіктегі динамикасы болып табылады. Б.Иогансен барлық биологиялық ғылымдарды 3 топқа бөлді: жалпы, жекеленген, құрамды.
Жалпы биологиялық ғылымдар барлық органикалық әлемді бір нақты бағытта, оның тіршілік етуінің тек қана бір жағын зерттейді. (морфология, физиология, экология )
Жекеленген ғылымдар бір нақты биологиялық объектісін жан-жақты зерттейді. (ботаника, зоология)
Құрамды ғылымдардың негізінде ағзалардың тіршілік ету жағдайларын зерттеуі жатыр. (топырақтану, паразитология)
Экология зерттеу объектілердің көлемі бойынша: аутэкология, демэкология, синэкология, географиялық, немесе ландшафттық, экологияға және ғаламдық экологияға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет