Республикасы заңнамасындағы мемлекеттік тіл: мәселелері және келешегі Республикалъщ зылыми-тэжірибвлік конфвренция материалдары I а стана



жүктеу 12.67 Mb.
Pdf просмотр
бет4/17
Дата06.03.2017
өлшемі12.67 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

сөзсіз.
Қорыта айтқанда, ұлт тілінде ресми стилді  қалыптастырудың, дамытудың 
басты  жолы  -  ұлт тілі  негізінде терминдер  жасау,  орыс  тілінен  не  орыс тілі 
арқылы енген терминдердің қазақша баламаларын табу.  Баламалары жоқ тер- 
миндерді жасанды аударуға тырыспай, сол күйінде алу. Өйткені,  90-жылдар- 
дан  бастап  терминжасам  процесінде  шетелдік терминдерді  жаппай  аудару, 
«қазақшалау» бағытын байқауға болады.  Әр аудармашы  өз бетінше аударып 
алатындықтан,  терминжасамда  ала-құлалықтың  кездесетіндігіне  көптеген
мысалдар келтіруге болады.
Біздіңше, заң жобалары мен мәтіндерін, алдымен, қазақ тілінде дайындап 
жазу  қажеттігі күн тәртібінде тұрған өзекті мэселелердің бірі.
Пайдаланылған 
әдебиеттер:
1. Әлкебаева Д. Қазак тілі стилистикасының  прагматикасы. Монография. -  Ал-
маты,  2Ш5
-
{і\  
Щ
2. Исанова А.Ш. Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі заң терминдері. Канд.дисс. автореф.
-  Алматы, 1998. -23 б.
3. Қалиев Б. Интернационалдық терминдер жайында//- Ана тілі.  1999.
4. Бизақов С. Тілдік норма және варианттылық. —
 Алматы: Ғылым,  1997. -  207 б.
3-837
33

Р. Турысбек, 
Л.Н. Гумилев  атындагы
Еуразия ұлттыц 
университетінің профессоры,  ф.г.д.
Б. МОМЫШҮЛЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТІЛ 
(Майдангер-қаламгер Бауыржан Момыгиұлының өмірі мен
ш ыгармаш ылыгы)

г
Баяндама  арқауы  -   Халық  батыры,  жауынгер  -   жазушы  Бауыржан 
Момышұлы,  оның ұлггық көзқарастары  мен  руханият  әлеміне  қосқан  еңбек 
мүралары  жөнінде  болғандықтан,  бұл  тақырып  — мәселелердің  бәрі-барша- 
сы бүгін мен болашақ үшін маңыз-мәні жоғары екендігі ерекше дәлел-деректі 
тілемесі анық.  Елдік мұраттың жөні бөлек, әрине.
Б.  Момьішұлының  ұлттық  көзқарастары  туғаннан-ақ  :  «Мен  қазақпын» 
деп қалыптаса қойған жоқ.  Ол да ет пен сүйектен жаралды.  Орыс мектебінен 
білім  алды.  Жеті  жылдық  біліммен  мектеп  мұғалімі  болды.  Әскер  қатарына 
шақырылып,  азаматтық  борыш-міндетін  өтеген  соң  есеп-адсап  орындарын- 
да  еңбек  етп.  Көп  ұзамай  қайта  армия  қатарына  шақырылып,  онда  әскери 
бөлімдерде  взвод,  рота  командирі  міндетін  атқарды.  Генерал-майор  Н.В. 
Панфиловтың  басшылығымен  Алматы  маңында  жасақгалған  -   316-шы 
атқыштар  дивизиясының  қүрамында  болып,  майданға  аттанды.  ¥лы   Отан 
соғысы  жылдарында  Ел  қорғаудың,  батырлықтың  үлгісін  көрсетті.  ¥ л т 
мүддесін,  Ер  намысын жадынан шығармады.  Дос-дұшпан арасын тамыршы- 
дай  тап  басып,  ұлттық рух  пен  намысты  биік  көтерді.  Адалдық  пен  тәртіпті 
басты өлшем етті.  Ол туралы А.Бек, А.Кривицкий, А.Кузнецов, М.Ғабдуллин, 
Ә.Нұршайықов, 
М.Қалдыбай, 
М.Жолдасбеков, 
Ш.Мұртаза,  Д.Снегин, 
М.Мырзахметұлы, З.Ахметова, А.Ормантай т.б. кітаптарында кеңінен көрініс 
тапты. Ақын-жазушылар: С.Мұқанов, Қ. Аманжолов, Ә.Тәжібаев, Х.Бекхожин, 
Х.Ерғалиев,  М.Хакімжанова,  С.Мәуленов,  М.Әлімбаев,  Т.Молдағалиев, 
М.Мақатаев, Қ.Салықов, О.Сүлейменов, т.б. өлең-жырларын арнады.
Б.Момышұлының ¥лы  Отан соғысынан кейін де әскери өмірі жалғасты. 
Атап  айтқанда,  әскери  академияны  бітіріп  /1950/,  осы  бағытта  еңбек  етті. 
Кейін полковник атағымен отставкаға шықты.
Ақиқатын  айту  керек,  Бауыржан  Момышұлының  әскери  өмірі  еңбекте, 
жұмыста  — адал,  тәртіпті  болуға  қалыптастырды.  Өмір  сапарының  соңына 
дейін  осы  бағыт-талапты  ұлы  мұрат  етті.  Өмір-дүние  сырын,  адамдар 
арасындағы  қарым-қатынасты,  парасат  пен  саясатгың  сыр-сипатын  да  ұлы 
мұрат  өлшемімен  таразылады.  Бірақ,  өмір-дүниедегі  өзгерістер,  уақыт- 
сынаптың  жүрдек  сипаты  онсыз  да  «туғаннан  өлгенге  дейінгі  кезеңі  дра-
34

ма  мен  трагедияға  толы»,  «ноқтаға  басы  сыймаған»  /Ш.Мұртаза/  -   Б. 
Момышұлының  адамдық  әлеміне,  көзқарас  эволюциясына  эсер  етпей  қала 
адмащ .
Бфі, әсіресе, Б.Момышұлының «Бір түннің оқиғасы» /1956/, «Біздің 
семья»  /1956/,  «Артымызда  Москва»  /1958/,  «Майдандағы  кездесулер», 
«Офицер  жазбалары»  /1962/,  «Куба  әсерлері»,  «Төлеген  Тоқтаров», 
«Адам  қайраты»  /1981/ т.т.  қазақ,  орыс  тілдерінде  жарық  көрген  кітап- 
тарында,  екі  томдық  шығармалар  жинағында,  ондағы  «Жол  үстінде», 
«Олар  менің  есімде»,  «Нар»,  «Ол  екеуі»  сынды  әңгімелерінде  кеңінен 
көрініс тапты.
Бұл  еңбек-мұраларда  Б.Момышұлының  Ар  мен  намысты  биік  ұстаған 
түғырлы  түлғасы  терең  танылады.  Даңқ  тұғырына  -   ақиқат  алдындағы 
адалдығы, шындықтан үстем -  турашылдығы көтерген-ді...
Ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы
Б. Момышұлы қазақ эдебиетіндегі поэзия, проза, драматургия жанрларын 
эскери  тақырыппен  толықтырды.  Әсіресе,  адам  элемін,  ондағы  адалдық пен 
эділеттілік секілді биік қасиет-өлшемдерді әр қырынан танытып, маңыз-мэнін 
арттыра  түсті.  Осы  арқылы  жас  ұрпақты  елдік  пен  ерлікке  үндеді,  ұлттық 
мақсат-мұратқа адал, рух пен  намыс  жолында шынайы  берілгендік танытуға 
бағыт-бағдар берді. Ақиқатқа табан тіреді.
Б. Момышұлының, эсіресе, «¥шқан ұя» туындысы / «Наша семья» деген 
атпен алғаш орыс тілінде жазылған -  Р.Т./ -  автордың өмір кезеңдерін, ата-ба- 
балары мен бауыр-туыстың, жақын-жуықтарының қарым-қатынастарын, ада- 
ми  байланыстарын,  кэсіп-дағдыларын,  өзіндік  белгі-ерекшеліктерін,  Отанға, 
ел-жерге  көзқарастарын,  дэуір  келбетімен,  уақыт  тынысымен  байланыста 
көрсетеді. «Қоссыз қазақ болса да, доссьп қазақ болмаған» (Ж.Молдағалиев) 
дегенді  ойға  алсақ,  Б.  Момышұлының  жақын-жуық,  дос-жарандары  да  көп 
болған. Кітапта осы мәселе-тақырыптарға да кең орын берілген. Бауырмалдық 
пен достық, туыстық тамырлары -  Бауыржан Момышұлы шығармашылығының 
алтын арқауы.
Шығармадағы  әке-шеше  орны,  олардың  ұл-кыздарына  көзқарас- 
сүйіспеншілікгері,  ауыл  мен  оның  адамдары,  олардың  карым-қатынастары 
мен  сыйластықгары,  қазақы  қалжың,  дәстүр  өнегелері  т.т.  жүйелі,  көркем 
бейнеленеді.  Туынды  табиғатындағы  мазмұн  мен  көркемдік,  өмір-уақыт 
шындықгары жоғары бағаланып, Абай атындағы Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік сыйлығын алды. Ал, «Москва үшін шайқас» атты туындысы ¥лы 
Отан  соғысының сұрапыл  сэттерін,  неміс-фашист  басқыншыларының  үстем 
де  өктем,  опасыздық  эрекет-қимылдарын,  ел  басына  төнген  қиын-қыстау 
кезеңдегі  майдандас жауынгерлердің елдік пен ерлікке толы тағдыр-талайла-
35

рын көркемдікпен, реалистікпен суреттейді.  Автордың өлең өрімімен өрілген
өрнектерін ойға алсақ:
Қасиетті қүрбандар жанын қиды ар үилін,
Қойсам деймін ескерткіш,  бүл солдаттық парызым.
Бұл  бағыттағы  ойымызды  ұлтымыздың  рухани  қайраткерлерінің  бірі 
А.Байтұрсынұлының қағидалы көзқарастарымен түйіндейміз:
«Бір  нәрсені  істегенде,  сол  істі  істей  білетін  адам  істесе,  шапшаң  да 
жақсы  істейді.  Бұл  жалғыз  қол  ісі  емес,  ми  ісінде де  солай.  Мал  бағатындар 
мал  бағуын жақсы білерге керек, ел бағатындар ел бағуын жақсы білерге ке- 
рек. Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек».
Ендеше,  Ел  тәуелсіздігі  тақырыбы,  Отан  қорғаудың  өшпес  өнегесі  -  
Б. Момышұлы шығармашылығының алтын арқауы.
Ал, Москва үшін шайқас -  ел-жер, Отан қорғаудың рухани шежіресі.
Ел-жерді көздің қарашығындай қорғау, Отанға деген парыз-қарызды адал 
атқару -  бүгінгі күннің де басты талабы.
Б.Момышұлының  әскери  тақырыптағы  туындылары  осы  реттен  де 
құнды.
Осы  тұста  ¥лы   Отан  соғысы  тақырыбына  арналған  А.Бектің  «Волока- 
лам  тас  жолы» романын  жазар  алдында Б.Момышұлымен  кездесіп,  жазбаша 
келісім-шарт жасасқанын (орыс тілінде) еске алу артық емес.
Бұл -  Б.Момышұлының шығармашьшық шеберханасын толтыра түсетін 
эдеби құжаттардың бірі болып табылады.
Бұл — Б.Момышұлының  адами  болмысымен  бірге  әдебиетке  адалдығын, 
ой-сөз жүйесін кие тұтқанын, Ар мен ұрпақ алдындағы аманатты да танытады.
Б.Момышұлының  шығармашылық  тарихын  байыта  түсетін  «Әдеби 
келісім-шарттың» мәтіні төмендегідей:
«Біз, Александр Бек пен Бауыржан Момышұлы екеуіміз ауызша жасасқан 
шартымызды енді қағазға түсіру қажет деп есептейміз.
1 .Александр Бек Мәскеу түбіндегі шайқастарда аға лейтенант Бауыржан 
Момышұлы  басқарған  панфиловшылар  батальоны  мен  Талғар  полкінің  жа- 
уынгерлік жолы туралы  «Волоколам тас жолы» атты кітап жазады.
Александр  Бек кітаптың авторы,  ал Бауыржан Момышұлының естелік-
тері,  ауызша  әңгімелері,  ойлары,  әскери  жазбалары  —  кітаптың  матери-
алы  болып  табылады.  Бірақ,  бұл  тақырыпқа  тікелей  және  жанама  қатысы
бар  басқа  материалдарды  екі  жақты  келісіммен  кітапқа  пайдалануға  шек 
қойылмайды.
2. 
«Волоколам тас жолында» панфиловшылардың шын есімдері сақталып, 
олардың басынан өткен ұрыстар шындық қалпында әңгімеленеді. Бұл тұрғыда
— тарихтың  және  замандастарының  алдындағы  жауапкершілікті  Александр 
Бек қана емес, Бауыржан Момышұлы да мойнымен көтереді.
Бауыржан  Момышұлы  Александр  Бектен  шығарманың  көркемдік
36

шындығы  мен  маидандағы окиғалардың меилінше  сәикес  келуін талап етуге 
құкылы. Бұл ретге, әрине, баяндаудың эдеби әдіс тәсілі ескеріледі.
3.  Бауыржан  Момышұлы  барлық  соғыс  жэне  эскери-психологиялық 
мәселелердің кітапта баяндалуына жауап береді. Бұл  мэселеде Александр Бек 
екеуі  келісе  алмаған  жағдайда  шешуші  сөзді  Бауыржан  Момышұлы  айтады. 
Әдеби мэселелер бойынша келіспеген жағдайда шешуші сөзді Александр Бек 
айтады.
4.  Кітап қолжазбасына редакторлық және цензорлық жасау құқы Бауыр- 
жан  Момышұлына  беріледі.  Бауыржан  Момышұлымен  толық  келіскеннен 
кейін барып қана Александр Бек қолжазбаны басуға береді.
5.  Кітапты  қазақ  тілінде  шығару  үшін  Александр  Бектің  қолжазбасы 
Бауыржан  Момышұлының  жетекшілігімен  қазак  жазушылары  тарапы- 
нан  өңделуінде  болады.  Кітап  мэтінінің  50  пайыздан  астамы  мұндай 
өңдеуге  түскен  жағдайда  оның  мұқабасына  жаңа  автордың  (яғни,  қазақ 
жазушыларының)  есімі  жазылып,  оның  астына  «Александр  Бектің  кітабы, 
Бауыржан Момышұлының материалдары бойынша» деп көрсетіледі. Мұндай 
өңдеу  кітап  мэтінінің  50  пайызына  жетпеген  жағдайда  Александр  Бек  кі- 
тап авторы болып қалып, «қазақ тілінде басылуы үшін пәленше өңдеді» деп 
көрсетіпеді.
Александр  Бек  бұл  мәселені  шешуді  Бауыржан  Момышұлына тапсыра- 
ды,  ал  ол  аудармаға  жэне  өңдеуге  жетекшілік  етуді  міндетіне  алып,  жұмыс 
бітіп, өткізетін кезде басты  өзгерістер мен қосымшалардың орысша аударма- 
сын Александр Бекке береді.
Александр  Бек  болса,  қажет  еткен  жағдайда  қазақша басылымнан  өзіне 
қажетгісін алып, кітаптың алдағы  орысша басылымдарына қосуына құқылы. 
Бірақ мұны басылымның алғысөзінде атап көрсетеді.
6. Келісім -  шарт 1942 жылдың наурыз-сәуірінде майданда жасалды.  1944 
жылдың  18 желтоқсанында Мэскеуде қағазға түсірілді.
Қол  қойғандар:  «Александр  Бек,  Бауыржан  Момышұлы» 
(«Қазақ 
әдебиеті», 2000, 8 желтоқсан).
«Қанмен жазылған кітап» -1 9 4 4  жылдың 19-25 қаңтар аралығында КСРО 
Ғ ылым академиясының қазақстандық бөлімшесінде академия басшыларының 
ұйымдастыруымен  тарих,  әдебиет,  өнер  қайраткерлерінің  алдында  оқылған 
эңгіме-дэріс нәтижесінде туындаған.  Әңгіме-дэріс стенограммаға түсірілген. 
«Оны  Баукең  машинкаға  екі  том  көлемінде  бастырып,  бірінші  д^насын  ака- 
демик  Қ.Сэтпаевқа  тапсьфып,  екінші  данасын  өзімен  бірге  майданға  алып 
кетті.  Екінші данасын  автор өз қолымен біршама өзгерістер, қосымшалар ен- 
діріп, бірде қаламмен, бірде қарындашпен жазылып, түзетілген  қолтаңбасын 
қалдырды. Осы қолжазба түпнұсқаны Баукең өзініңжетпіс жылдық мерейтойы 
өткен соң маған беріп жатып, «қолыңдағы қолжазбаға абай бол, бұл түзетілген 
жалғыз данасы», -  деп  ескертті.  Өйткені,  бұл  қолжазбаның екі томы да  1975
37

жылы  жаз  айында  маған  тапсырылған  болатын-ды»,  деп  еске  алады  белгілі 
ғалым  М.Мырзахметұлы  /Б.Момышұлы.  Екі  томдық  шығармалар  жинағы.
Бірінші том. А. 2000. 9-бет/.
Кітап академик Қ.Сәтбаевтың кіріспе сөзімен басталып, одан кейін гвар- 
дия полковнигі Б.Момышұлының әңгіме-дәрісімен кең өріс алады. Кітап авто- 
ры  әңгіме-дәрістің мақсат-мұратын,  жұмыс  жоспарын  жүйелі  баяндап,  Отан 
қорғаудың  мән-маңызын,  елдік-ерліктің  сыр-сипатын,  соғыстың  теориялық 
һәм практикалық жай-жапсарларын кең көлемде әңгімелейді.
Автор  күніне  5-6  сағатқа  есептелген  әңгіме-дәрістерінде  эскери 
мэселелерге,  соғыс  жазбаларына,  ондағы  Отан  қорғау  мен  ел-жердің 
тұтастығы,  мэңгілігі  жолындағы  жауынгерлік  қимылдарға,  команднрдің  па- 
рыз-қарыздарына,  ұрыстың  қыр-сырларына,  өмір-өлім  мэніне,  жарғы  талап- 
тарына,  батылдық  пен  табандылыққа,  ұлттық  рух  пен  патриотизмге,  адам 
бойындағы  ізгілік  иірімдеріне,  т.т.  тақырыптарды  түсіндіру,  талдау  арқылы 
байыпты,  жүйелі  дамытып  отырады.  Ой  түйінін:  «Мен  жазушы  емеспін, 
бәлкім  ешқашан  қаламгер  бола  да  алмаспын,  ғылыми  қызметкер  емеспін, 
және ёшқашан ғылыми қызметкер бола да алмаспын. Есіме түсіріп айтып бер- 
ген әңгімелерімнің бэрі қаза тапқан, қайғы-қасірет шеккен жолдастарымның 
рухы алдында солдаттық парызым. Менде бұдан басқа ешқандай мақсат жоқ, 
ешнәрсені де талап етпеймін, дэмеленбеймін. Айтқандарымның бәрін дүрыс, 
келтірілген  сандар  мен  оқиға  болған  күндерді  дәл  уақытына  сәйкес  келеді 
деп  дэлелдеп  жатпаймын,  кейбір  шегіністердің  болуы  эбден  мүмкін,  бірақ 
мен  өз  көзқарастарымды  әділ  жеткіздім  деп  санаймын,  сондықтан  айтқан 
пікірлерім  ешкімді  ешнәрсеге  міндеттемесе  керек»,  -  деп  білдіреді  /сонда, 
207-бет/.  Сондай-ақ кітапта:  адамға тэн  барлық қасиет-белгілер,  батырлық- 
ерлік  сезімдері,  әскери  тэрбие  проблемасы,  осы  бағыттағы  психологиялық 
атау-ұғымдар  сыры,  басқару-үйымдастыру  ісінің  қыры  мен  сыры,  т.т.  өмір 
мен елім беттескен түстағы дэйек-дерек негізінде жүйелі, көркем, нақты сөз 
етіледі. 

і
Асылы,  Б.Момышұлы:  «Соғыста  бес  рет  жау  қоршауын  бұзған,  27 
тактикалық  әскери  жаңалықты  енгізген,  117  рет шайқасқа  кірген»  («Егемен 
Қазақстан», 2000 ж.  11  қараша).
Екінші  дүниежүзілік  соғыс  кітап  авторының  ақыл-парасатын,  елдік-ер- 
лік жайлы таным-түсініктерін, бүкіл адами болмысын бар қырынан жарқырай 
көрсеткен  күрделі  кезең  болатын-ды.  «Бірақ,  оған  майдан  даласындағы  ер- 
ліктері үшін  Батьф атағы  берілмегендей,  екі рет генералға ұсынылса да оған 
оны  Кеңес өкіметі  қимады.  Әскери  академияда өзімен бірге оқыған 250 адам 
болса,  Баукең  солардың  арасында  жалғыз  азиат  болған.  Генерал  атағын  ал- 
май қалған да жалғыз өзі. Тек Қазақстан тэуелсіздік алған соң ғана Батырдың 
туғанына  80  жыл  толу  қарсаңында  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  талап  етуімен 
Баукеңе  Кеңес  Одағының  Батыры  атағы  берілді.  Мұндай  эділдіктің  салтанат
38

құруын халқы 45  жыл  күтті.  Баукең ғана күте алмады»  («Егемен Қазақстан», 
2000,11  қараша).
Соғыс сабақтарьшың бірі осы еді.
Автсрдың  әскери  өмір  жайлы  көзқарастарынан,  ел  қорғау  жолындағы 
биік  тұлғасы  мен  беделінен  -   ар  алдындағы  адалдығы,  Отанға  берідгендігі, 
әділеттілікті жақтайтындығы кеңінен көрінеді.
«Тәрбиелі -  тәртіптің құлы,
Тәртіпті -  елдің ұлы» деген өмір тәжірибесін басты мұрат етеді.
Бұл  қасиет,  белгілер  бүгін  де  ауадай  қажет.  Өйткені,  ел  бірлігі  мен 
тұгастығын сақтау, жердің бүтіндігін қорғау -  ұлтымыздың басты мұраты.
Бұл -  тарих тағылымы, ата-бабаларымыздың аманаты. Аманатқа адалдық 
таныту -  басты борыштарымыздың бірі.
Кешеден бүгінге жеткен басты тағылым осы.
Демек  «Қанмен  жазылған  кітап»  -   әскери  өмірдің,  сұрапыл  соғыстың, 
елдік пен ерліктің шежіресі. Үлттық мұраттың, рух пен намыстың рухани ес- 
керткіші.
Бұл -  Ар  мен  намыстың, ұлттық рух  пен  Парыздың,  Әділеттіліктің  сал- 
танат құрған сәті.
Кітап тағылымы, өмір мұраты осы.
Ақындығы
Б.  Момышұлына  мекгептегі  ұстазы  Тәңірберген  Отарбаев:  «...сенен 
ақындықтың  иісі  шығады»  деген  екен  (қараңыз:  М.Мырзахметұлы.  «Ба- 
уыржан батыр».  А,  1991; А.Ормантаев «Мэңгі тірі Бауыржан».  А, 2000;  т.т.). 
Бұл турасында Б.  Момышұлы  былай  еске  алады:  «...үлкен ұстазымның  бірі 
Тәңірберген  Отарбаев  Медіресені  бітірген,  басына  ақ  сәлде  орап  молда 
болудың  орнына  мұғалім  болып  кеткен.  Арабша  өз  алдына,  қазақ  эдебиетін 
жақсы білетін.  Бізге ол кісі қазақ тілі  мен әдебиетінен сабақ берді. Ол кісінің 
педагогикалық методы  -   сабақты  әдеби  кеңес  түрінде  өткізетін.  Программа 
бойынша емес, еркін өтетін. Егер осы еркін кеңесу методы болмаса біз сабаққа
сонша мықты қызықпас та едік.
¥зын бойлы, келбетті келген, сабырлы, өте ақьшды, ақын кісі еді. Ол кісі 
сабақ бергенде өте рахаттанып тыңдаушы едік.  Қазір жасым жетпіске келген- 
де байқасам, ол кісі шынында әдебиет зертгеушісі екен, шынында ақын екен» 
(«¥шқан ұяға адал болайық» -  естелік.).
Мұның ақиқатына Баукең -  Б.Момышұлы қаламынан туған:
«Ана тілін ардақта», «Арман жер», «Әскер аты», «Біреулерге», «Жардың 
мұңы»,  «Достыма»,  «Ескертпе»,  «Қалыбек  аға»,  «Қайран,  сегіз»,  «Толғау», 
«Солдат эні» сынды эр алуан тақырыптағы өлең мұралары арқылы айқын көз 
жеткіземіз. Кезең көріністерінің сыры мол.
39

Б.Момышұлы  шығармашылығына:  ел-жерге  ~  құрмет,  адам  мен  оның 
еңбегіне -  сүйіепеншілік,  бірлік-берекеге -   қанағат,  өмірде  -әділдікті  ту  етіп 
көтеру секілді снпаттар тән десек, осы белгі-ерекшеліктер ақындық қырларына 
да тән, ортақ екенін айқын аңғарамыз.
Тұтастай  алғанда,  Б.  Момышұлы  шығармашылығы  адам  мен  оның 
еңбегін  биік  бағалайтын,  өмір,  уақыт  талаптарын  адал  атқарып,  әділеттілік 
тұрғысынан  жүзеге  асыратын  елдік  пен  ерлікке  тәрбиелейтін  тағылымды 
туындылар болып табылады.
Асылы, адамтану  ісіне  үлес қосу аса күрделі, ғибратты еңбек болып та- 
былады. Б.Момышұлының адамға қызметі, ел-жерге құрметі, Отанға, майдан- 
дас  жауынгерлеріне  адалдығы,  елдік  пен  ерлікке  тәрбиелейтін  туындылары 
осы реттен де бедерлі, құнды.
Б.Момышұлының  биік  тұлғасы  рухани  өмір  шежіресі  арқьшы  да 
асқақтап, айбынды, жарқын  көрінуінің бір қыры, мың сыры осы.
Тараз  қаласында биік те еңселі ескерткіш  орнатылды. Жуалыдағы батыр 
мұражайы алдына бюст қойылды.
Халық жазушысы  Ш.Мұртаза  «Ноқтаға басы  сыймаған»  атты  пьесасын 
арнады,  Т.Дүйсебаев  пен  М.Жолдасбековтің  деректі  фильмі  өмірге  жолдама 
алды. 
1  1  ' 
^
ҚазМУ-дің  М.Әуезов  атындағы  Әдеби  бірлестігі  «Қайсар  рух»  атты 
әдеби  кеш  өткізіп,  филология  факультетінде  Б.Момышұлының  бюстін  ашуы 
Батырдың биііс тұлғасын асқақтата түсті.
Астанада еңселі ескерткіш орын алды.
Бұл -  Б.Момышұлына құрмет, Ар мен Намысты ту еткен Халық батыры- 
на тағзым болып табылады.
і
Бұл -  Б.Момышұлының өмірі  мен  шығармашылығының бедерлі белгісі, 
биік рухы мен өшцес әнегесі.
40

Д. Әлкебаева, 
әл-Фараби атындагы
\  
Қазақ ұлттық
университетінің
\  
профессоры,  ф.г.д.
ЗАҢДАРҒА ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ -  
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ ӨЗЕГІ
Лингвистикалық  сараптама -  тілдік,  коммуникативтік  -   прагматикалық 
зерттеу нысаны болып табылады. Сондықтан оның зерттеу нысаны көп аспек- 
тілі екені дау тудырмайды.  Қазақстан Республикасы егемендік алган жылдар- 
дан бергі уақытта қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне толық ие бола отырып, 
коғам  өмірінің сан-саласында өзінің қоғамдық  функциясын  атқара бастады. 
Қазақ тілі -  мемлекеттік тіл саясатының  арқасында ақпарат кеңістігінде, білім, 
мәдени, экономика, бизнес, өндіріс саласында шығармашылықтәсілдердің алу- 
ан түріне кең жол ашты. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік арқылы қол 
жеткізген үлкен құжатгарының бірі -  қазақ тілінің қоғам өміріне толық қызмет 
етуі. Тілдің қызметі құрылымдық лингвистикадан шыға отырып,  коммуника- 
тивті-прагматикалық  қызметін  көрсетуі  тілді  зерттеудің  антропоцентристік 
бағыттағы  жаңаша  ізденістеріне  алып  келді.  Бұл  құбылыс  тілді  зерттеудің 
жаңаша бағыттарын, көкейкесті мәселелерін түрлі ғылыми көзқарастар легін 
әкелді. Тілді адамдық фактормен бірлестіре зертгеу тіл мен сөйлеу мәндерінің 
арақатынасын,  тіл  мен  адам,  адамның  сөйлеу  коммуникациясындағы 
прагматикалық бағдарын, адам сөзіндегі сан алуан құбылыстар «әрекеттердің» 
мәнін  ашу  адам  мен  сөз  мәселесін  толық тануға алып  келді.  Соңғы жылда- 
ры қолға алынып қоғам өміріндегі кекейкесті мәселелерді шешуге ең қажетті 
саланың бірі — лингвистикалық сараптама.  «Лингвистикалық сараптама — тіл 
ғылымының қай саласына жатады?» деген заңды сұрақтуады. Лингвистикалық 
сараптаманы тіл ғылымының бір ғана саласына теліп, соның аясында шектеп 
қоюға  болмайды.  Лингвистикалық  сараптама  бірнеше тіл ғылымының  сала- 
сына жатқызуға болады.  Олардың  қатарына  әлеуметпк лингвистика,  психо- 
лингвистика,  прагмалингвистика,  прагмастилистика,  сөз  мәдениеті  т.б.  Ал, 
ең  бастысы  лингвистикалық  сараптаманы  енгізу  Қазақстан  Республикасы 
егемендігінің  үлкен  маңызды  көрінісі тіл  саясатына  да қатысты  екенін  айту 
керек.  Қазақстандағы  тіл  саясатының  басты  міндеті  мен  мақсаты  мемлекет- 
тік  тіл — қазақ тілінің  қоғам  өміріне  толық  араласуы  оны  қадағалап  отыру, 
соған  қатысты  іс-шараларды  жүргізу,  оларды  насихаттау,  заң  шығару,  тілді 
заң  арқылы  бекіту,  тұрақтандыру,  тілдің  өмір  сүруінің  басты  қағидаларын 
бекіту  т.б.  Сондықтаң  мемлекеттік  тіл  саясатының  нақгы  шынайы  көрінісі
41

лингвистикалық сараптама деген жаңа салада толық айқындалуына мүмкіндік 
береді.  Лингвистикалық  сараптама  саласының  қазақ  тілі  үшін  маңызы  ар- 
найы  зерттеуді,  жаңа  сала  ретінде  оқу  орындарына  енгізуді,  теориялық 
және  практикалық  мәселелерін  айқындауды  қажет  етеді.  Лингвистикалық 
сараптама  саласының  теориялық  және  практикалық  мәні  тіл  гылымының 
жаңаша  бағыттарының  қалыптасқанын  ғана  айқындамайды,  мемлекеттік  тіл 
саясатының өзекті ұстанымын толық дәлелдейді. Мемлекетгік тіл саясатының 
өзекті, келелі, көкейкесті мәселелерінің жүзеге асқандығын тағы да айқындап 
береді.  Лингвистикалық сараптама біріншіден прагматикалық бағытта зерт- 
теуді  қажет етеді.  Прагматикалық кешенді  пэнаралық  сипатына  байланысты 
лингвистиканы  бүгінгі  мэдени  коммуникацияның жетілген  коммуникативті- 
прагматикалық  бағдарын  толық тануға  болады.  Сондықтан  лингвистикалық 
сараптама  қолданбалы  лингвистика  саласында  толық  мәнін  айқындайды. 
Лингвистика  сараптаманы тілді  қолданған  адамдық фактормен  байланысты- 
ра қарастырғанда сөз мәдениеті қарастыратын  саласының бірі ретінде толық 
зерттеуге  болады.  Сөз  мәдениетінің  теориялық  негізі  -   стилистика  ғылымы 
болғандықтан,  лингвистиканың  сараптама  прагмастилистика  саласымен  де 
толық  байланысты.  Сондықтан  қазіргі  уақытта  сөз  мәдениетіне  қатысты 
қарастырылып  жүрген  саланың  бірі  -   лингвистикалық  сараптама.  Соңғы 
уақыттарда  лингвистикалық  сараптаманың  практикалық  мэніне  байланыс- 
ты  оның  кейбір  мәселелері  тіл  білімі  жэне  құқықтанумен  шектесе  байланы- 
сатын  салаларды  зерттеуді  талап  етеді,  бұған  қатысты  құқықтану  саласына 
қатысты  лингвистиканың  көптеген мэселелері  көтеріледі.  Заңгерлердің жэне 
лингвистердің  тіл  мен  заңды  шектестіре  зерттеу  нәтижелерінен  «құқықгық 
лингвистика» деген терминдік атау шықты.
Құқықтық лингвистиканың нысаны — тіл  мен заңның ара-қатынасы бо- 
лып табылады.  Ендеше сөз мәдениеті лингвистикалық сараптамамен байла- 
нысты  зерттеу  сөздің  коммуникативтік  мақсатқа  сай  құралуын  талап  етеді. 
Қазіргі  сөз  мәдениеті  тілдік нормаларды дұрыс қолдануды ғана емес  сөздің 
тиімділік теориясын меңгеруді үйретеді, сапалы, орынды сөз стилистикалық 
жэне эстетикалық бағдарға құрылған болуы шарт. Орынды сөздің құрамына 
сөз  эдебінің  компоненттері  толық  қатысады.  Қазіргі  мәдени-ғылыми,  ре- 
сми-ақпараттық  коммуникацияның  сөз  мазмұны  мен  мэніне  қоятын  та- 
лабы  өте  жоғары,  осының  көкейкесті  даулы  мәселелерін  шешу  соттық 
лингвистикалық  сараптамаға  жүгінеді.  Демек,  заңгердің  осы  заңнамалық 
бағыттағы сөздерінің ешқандай заңға қайшы келетін тұстары жоқ деп айтуға 
бола  ма?  Айыптаушы  мен  айыпталушының  сотқа  жүгінген  жеке  тұлғаның 
т.б.  басты 
арасындағы  әртүрлі  қақтығыстар  мен  шиеленістерді  шешу- 
ге  лингвистикалық  сараптаманың  орасан  зор  рөлі  бар.  Лингвистикалық 
сараптаманың  негізі  нысаны  — субъектінің  сөзі.  Прагматиканың  негізгі  бір 
қарастыратын  мәселесі  сөздегі  сөйлеушінің  ниеті  (интенциясы).  Заңгерге
42

қылмыстық,  азаматтық,  т.б.  заң  бұзушылардың  «әрекетіндегі»  ақиқатты 
табуға  қиыншылық  тудыратын  мәселелерге  лингвист-сарапшы  негізгі  рөл 
атқарХды.
Тілдің қолданбалы  аспектілері  ғылыми зерттеулердің  перифериялық ая- 
сында  қарастырылады.  Жалпы  лингвистиканың  өзі  алғашында  осы  салада 
қарастырылған  болатын.  Ал теориялық жақтан тілді  зерттеу кеш  басталғаны 
айтпаса да түсінікті. Қазір, керісінше, тілді зерттеу теориялықтан қолданбалы 
салаға  қайта  бет  бұру  басталды.  Қазіргі  уақытта  білім,  ғылым, 
ақпарат 
ғасырына  қоғамдағы  өзгерістер  үлкен  ықпал  еткендіктен,  тілді  зерттеу 
біржақты  ғылыми  ұстанымнан  басқаша  бағытқа  бет  бүрды.  Лингвистика  —
 
ғылымдардың ғылыми негізі болды. Тілден әр ғылым өз сүрағының жауабын 
іздеуде,  философтар,  элеуметганушылар,  психологтар т.б.  өз ғылымдарының 
ғылыми бағыты мен негіздеріне қатысты көкейкесті мәселелерін тілтаным са- 
ласынан іздеуде.  Лингвистикалық  сараптама деп аталатын саланың шығуы, 
пайда  болуы,  алғы  шарттары  қүқықтану  ғылымымен  байланысы  осыны 
дәлелдейді. Ендеше, қүқықтану саласы да өзіне қатысты көкейтесті мэселесін 
шешуде  лингвистикалық  сараптамаға  жүгінуіне  тура  келеді.  Шын  мәніндегі 
қоғамдағы эр түрлі өзгерістер ғылымның дэстүрлі  бағыттарын тез қарқынды 
езгертулерге алып келеді.
Қүқықтану  саласы  мен  лингвистиканың  бірлескен  түсындағы  жаңа 
атауға  ие  болған  лингвистикалық  сараптама  өзінің  көкейтесті  сүрағының 
ақиқатьш  табуға  үмтылды.  Құқықтану  саласының  араласпайтын  жері  жоқ, 
ендеше  сараптама  соның  дэлелді  фактілік  айғағын  растайтын  инструмент 
болғандықтан, лингвистикалық сараптама да құқық негіздерін дэл шындығын 
табуда  үлкен  роль  атқарады.  Айғақты  дерек  прагматикалық  фактордың  сөзі, 
жазбаша  мәтін.  Заңгердің  сөзі  мен лингвист сөзінің  айырмашьшығы  бар  ма, 
ұқсастықтары  қандай?  Заңгер  субъект  категориясының  сөзінің  мэн  мэтінін 
толық түсіне бермеуі де мүмкін, тек лингвист ғана оны түсіндіріп бере алады, 
бірақ заңгер сияқты лингвист құқықтық мэні  бар жағдайларды құқықтық ка- 
тегорияларды білмеуі мүмкін.
Үлттық  тілдің  нэзік  қатпарларын  эрі  сөздің  кімге,  неге,  не  себепті 
айтылғанын,  қандай  мақсатпен,  ниетпен  айтылғанын  түсінетін,  логикасы 
мықты прагматикалық факгор иесі болуы керек. Лингвистикалық сарапшы өзі 
жүргізген  лингвистикалық сараптамасы  арқылы  (мэтін)  кімнің  кінэлі  екенін 
дэлелдейді.  Мысалы  «шайнама»  деген  сөздің  мэнмэтінде  (контекске)  неме- 
се  ситуация  қатысты  айтылғанын дэлелдеу  үшін  лингвистикалық  сараптама 
жүргізу  арқылы  дәлелдеуге  болады.  Сондықтан  сарапшы  осы  сөздің  мэнін 
ашу үшін белгілі тілдік ұстанымға жүгінуі шарт.
Соттық  лингвистикалық  сараптама  ең  бір  басты  аспектісі  -  сұрақ  қою. 
Сұрақ мәні прагматикалық аспектіде қарастыруда негізгі меже алады, бұл тек 
сөйлеу коммуникациясының механизмін ғана біліп қоюға ғана негізделмейді.
43

Лингвистикалық  сарапшының  құзыретіне  кіретш  сұрақтардың  типтері 
былай  бөлінеді:  1)  айтушының  айту  формасы,  ой-пікірге  стилистикалық 
бағалау  категориялары,  тілдік  бірліктердің  прагматикасын  ашу.  Ауызша 
жеке жазбаша мәтінді толық түсіндіруге  модальды  пропозиция, эмоциональ- 
ды,  экспрессивті  сөз  қолданыстарының  мәнін  табу.  Сараптама  ауызша  сөзге 
жүргізілсе фонограмма, видеофонограмма арқылы талданылады.
Лингвист маман -  лингвистикалық маман бола тұрып,  өз тілінің тіл ере- 
кше  стилистикалық  коннотациясын  ауыспалы,  қосымша  бояулы  мағынасын 
жетік білу керек.
Ю.Лужков пен С.Доренконың арасындағы сұхбат та еске лайық.  Осыған 
лингвистикалық  сараптама  жүргізілгенде,  С.Доренконың  Ю.Лужковтьщ  ар- 
намысына  тигені  толық  делелденді.  Осыны  дәлелдеп  шыққан  -   лингвист 
сарапшы.  Лингвист-сарапшы  маман  лингвистикалық  сараптама  жүргізу 
нәтижесінде  СДоренконың  Ю.Лужковтың  ар-намысына  тигенін  дэлелдеді. 
Негізге дәлелдеме мэтіндегі «его», «ему» есімдіктерінің адамның жеке бейнесі 
мен  дене  кұрылысына  қатысты  айтылғаны  кисынды  сөздің  қатысы  арқылы 
дэлелденді.  Лингвист сарапшы  мамандық  иесі  кім  болуы  керек?  Лингвист 
пе элде заңгер ме? Лингвист сарапшы -  филолог маман болуы керек.  Сот са- 
раптамалары  сияқты,  лингвистикалық  сараптама  процессуалдык-құқықтық 
іс-әрекетті  басшылыққа  алады.  Жүргізілген  зерттеулермен  сұраққа  жауап 
алуда сараптамашының тіл туралы  білімі өте қажет.  Лингвистикалық сарап- 
тама  жүргізетін  сарапшының да  құқықтық  мәртебесі  бар.  Сараптамашының 
өзіне  тән  басты  міндеттері  болады.  Олардың  басты  талаптарына  мына- 
ларды  жатқызуға  болады:  1)  өзіне  тапсырылған  соттың  лингвистикалық 
сараптаманың  өндіріске  қабылдуы.  2) тапсырылған мәселелерді  нысаны  мен 
материалдар  толық  зерттеу  жүргізу,  3)  алдына  қойылған  мәселелер  бойын- 
ша  толық  негіздеме  жасап,  қорытынды  беру,  4)  қойылған  мәселелер  соттың 
лингвистикалық  сараптамашының  нысанына  толық  дәлелсіз  болса  немесе 
оның  білім  аясынан  шығып  кетсе  бұл  туралы  лингвистикалық  сараптама 
жүргізуге тапсырма берген құқықты органдар мен тұлғаларға жазбаша түрде 
уәжді хат, хабарлама жіберуі керек. 
(
Лингвистикалық  сараптама  ендеше  осы  сот  мэтіндерінің  ауызша  жэне 
жазбаша  түрлерін  түсіндіруді  қажет  етеді.  Құқықтық  күші  бар  заңнамалық 
мәтіндерді  құқықтық аспектіде қарастыратын лингвистикалық сараптама са- 
ласы.  Заң  тілі  қазақша  сөйлемей  мемлекеттік  тіл  толық  мәртебесін  жүзеге 
асырмайды.  Жоғарыда айтқанымыздай,  құқықтану  мен лингвистика түйіскен 
тұсындағы пайда болған құқықтық лингвистика сөз жоқ, еліміздегі мемлекет- 
тік тіл саясатының жаңа ұстанымын негіздейді.
Лингвистикалық  сараптама  арнайы  маман  лингвистермен  даулы 
мәселелерді анықтап, түсіндіруді айтушының прагматикалық бағдарын толык 
танып білуге үйретеді. Лингвистикалық сараптаманы бірнеше түрде жіістеуге
44

болады. Ауызша сөйлеу коммуникацияда, сондай-ақ электронды жазбалардағы 
фонологиялық жэне  орфоэпиялық ережелерді талдайды.  Сөйлеу тоны,  инто- 
нация, басты акценттік стилистикалық категорияны  анықтап  қана қоймайды, 
айтушьг, даулы  мэселені  қандай  прагматикалық  максатпен  айтуды  ниет  ет- 
кенін де ьнықтап тануды  үйретеді.  Айтушының  сөйлеу  әдебі,  әдепті,  әдепсіз 
сөз моделдерін қолдану этика заңдарына қайшы келетін тұстарын да аңғаруга 
болады.  Лингвистикалық  сараптаманың  қолжазба  құқығын  қорғауды,  мэтін 
құпиясын ашып береді, мэтінді қалпына келтіруді міндетке алады, қолтаңбаны 
анықтайды, плагиат фактісін шешеді. Осы сияқты көптеген арнаулы құқықтық, 
заңнамалық сараптамаяы талап ететін мәселелердің де шешімдерін шығарып 
береді.
Лингвистикалық  сараптама  мэтінге  стилистикалық  талдау  беруде  жа- 
салынады.  Мәтінге  стилистикалық  талдау  мәтіннің  тереңнен  толғап  мэнін 
ашып  беру,  мэтін  қалай  түзілді,  себебі,  мақсаты,  жан-жақты  қызметі  ашы- 
луы  керек.  Мәтінде  мына  сөз  немесе  тілдік  бірлік  неге  алынды,  синтак- 
систік  конструкциялық  оралымдар  таңдап  алыну  мәнісі  неде,  мэтіннің 
ұйымдастырылуындағы  осы  тілдік  бірліктің  алыну  себебін  «толық  тану» 
көзделінеді. 
Стилистикалық  талдау 
мэтінде 
автордың  эмоционалды 
жағдайын,  тіл  мэдениетін  қолдануы,  ой  өрісін,  жалпы  білімін,  эстетикалық 
талғамын  көрсете  алады.  Мысалы,  «жеңіл  қолмен  жазып  отырмын»  деген 
сөйлем  автордың  тілдік  құрылымды  түсінбеуін,  жете  мэн  бермеуін,  тілдік 
талғамының  элсіздігін,  сөз  жұтаңдығын  т.б.  прагматикалық аспектілерін  бе- 
реді. Сөз сөйлегенде немесе жазбаша мэтінде тілдік функционалдық критерий- 
лерді  сақтамаудан  да басқа мазмұнсыз, жауыр  болған,  штамп,  клише сияқты 
тілдік бірліктерді қолдану стилистикалық норманы бұзады, тыңдаушысының 
эстетикалық  қызығушылығын  тудыра  алмайды.  Соттық лингвистикалық  са- 
раптама сөз «эрекетіндегі» адам мен заң арасындағы көптеген даулы, тартыс- 
ты мәселелерді толық шешуде үлкен рөл атқарады.
Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Л I м а. Ақтанова алалар әдебиеті (Қазақ балалар драматургиясы мәселелері) Оқу қуралы ifb u a h t p j f б а с п а с ы астана-2011
buuk -> Г. К. Сатыбалдиева биология гылымдарының кандидаты
buuk -> Монография «Тұран-Астана»
buuk -> Микркезз алматы
buuk -> Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп
buuk -> Іллаев, Ғ. У. Уәлиев, Н. Д. Абдуллина ж л т л т л fee
buuk -> Физиологиясы
buuk -> Д. филология ғьш ы мдары ны ң кандидаты
buuk -> Әдістемесі тұрдалиева Г. Ж. Тұрдалиева бастауыш
buuk -> Мемлекеттік тілде оқымайтын


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет