Республики казахстан



Pdf көрінісі
бет1/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,87 Mb.
#7742
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
 РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
 
 
 
 
 
 
БҚМУ 
ХАБАРШЫСЫ 
 
 
Жылына 4 рет шығады 
 
 
№ 4 (60) - 2015 
 
 
ВЕСТНИК ЗКГУ 
Выходит 4 раза в год 
 
 
 
 
 
Орал-Уральск 
 
 
 
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ 
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН 
МЕМЛЕКЕТТІК 
УНИВЕРСИТЕТІ 
ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКИЙ 
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ  
УНИВЕРСИТЕТ  
ИМ. М. УТЕМИСОВА 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 

 
 
 
Выпуск  
4 (60) 
шығарылым
 
Қазан
 

 
қараша
 

 
желтоқсан
 / 
Октябрь
 

 
ноябрь
 - 
декабрь
 
Педагогика,
 
филология,тарих 
 
Педагогика, филология, история 
 
Бас редактор  Главный редактор
ИМАНҒАЛИЕВ А.С. 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор/ 
доктор педагогических  наук, профессор 
Бас редақторының орынбасары – 
 Заместитель главного редактора 
Ғ.И.ИМАШЕВ 
п.ғ.д.,  М.Өтемісов атындағы БҚМУ ҒЖ және ХБ жөніндегі проректоры 
д.п.н., проректор по НР и МС ЗКГУ им. М.Утемисова 
Редакция алқасы – Редакционная коллегия:
 
 
Т. Вюнш
 

 
философия докторы (
PhD)
, профессор,
 
доктор философии (
PhD)
, профессор,
 
Пассау университеті (Германия, Пассау қ.)
 
доктор философии (
PhD)
, профессор,
 
Университет
 
Пассау
 
(Германия, г. Пассау)
 
П.М. Кольцов
 - 
т.ғ.д., профессор, Қалмақ мемлекеттік 
 
университеті (Ресей, Элиста қ.)
 
д.и.н., профессор, Калмыцкий
 
государственный университет (Россия, г. Элиста)
 
А.С. Тасмағамбетов
 - 
т.ғ.д., доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, бірінші 
проректор
   
д.и.н., доцент, первый проректор
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
Т.З. Рысбеков
 - 
т.ғ.д., профессор, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
д.и.н., профессор, ЗКГУ им. М.Утемисова
 
А.С. Турчин
 - 
психол.ғ.д., доцент, Иванов мемлекеттік
                                 
университеті (Ресей, Иванов қ.)
 
д.психол.н., доцент, Ивановский
 
государственный университет (Россия, г. Иванов)
 
А.С. Қыдыршаев 
- 
 
п.ғ.д., профессор, 
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
д.п.н., профессор,
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
Ж.И.Сардарова
 - 
п.ғ.д.,М.Өтемісов  атындағы БҚМУ
 
д.п.н., ЗКГУ им. М.Утемисова
 
А.В. Скали
 

 
 
 
п.ғ.к., доцент, Экономика университеті
 
(Польша, Быдгощ қ.)
 
д.п.н., доцент,
 
Университет экономики (Польша, г. Быдгощ)
 
К. Кайнер
 - 
ф.ғ.д., профессор, Йоханнес Гутенберг
 
атындағы университет (Германия, Майнц қ.)
 
д.ф.н., профессор, Университет 
 
им. Йоханнеса Гутенберга (Германия, г. Майнц)
 
А.Р. Габидуллина
 -   
ф.ғ.д., профессор, 
 
Донбасс  мемлекеттік  педагогикалық  университеті 
(Украина, Горловка қ.)
 
д.ф.н., профессор, Донбасский
 
государственный педагогический университет
 
(Украина, г. Горловка)
 
М.К. Бисемалиева
 - 
ф.ғ.д., профессор,
 
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
д.ф.н., профессор,
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
Г.К. Хасанов
 - 
ф.ғ.д., профессор, 
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
д.ф.н., профессор,
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
А.Г. Абуханова
 - 
ф.ғ.к., доцент,
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
к.ф.н., доцент,
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
 
 
 
2000 жылдан бастап шығарылады. Жылына 4 рет шығады. 
Жинақ ҚР Қоғамдық келісім және ақпарат, мәдениет министрлігінің келісімімен 07.12.1999ж. тіркеліп, №971 – Ж 
куәлігі берілген. 
Жинақ  ҚР  Қоғамдық  келісім  және  ақпарат,  мәдениет  министрлігінің  келісімімен  09.08.2000ж.  қайта  тіркеліп, 
№1432 – Ж  куәлігі берілген. 
ҚР  Байланыс  және  ақпарат  министрлігі  Ақпарат  және  мұрағат  комитетінің  келісімімен  мерзімді  баспасөз 
басылымдарын және (немесе) ақпарат агенттіктерін 26.01.2011ж. есепке алу туралы №11389-Ж куәлігі берілген. 
Жинақ филология, тарих және педагогика ғылымдары бойынша диссертациясының негізгі нәтижелерін жариялау 
үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті бекіткен ғылыми басылым Тізіміне 
енді. 
Издается с 2000 года. Выходит 4 раза в год.  
Свидетельство о регистрации издания № 971-Ж от 07.12.1999г. выдано Министерством культуры, информации и 
общественного согласия РК. 
Свидетельство  о  перерегистрации  №1432-Ж  от  09.08.2000г.  выдано  Министерством  культуры,  информации  и 
общественного согласия РК. 
Свидетельство  о  постановке  на  учет  периодического  печатного  издания  и  (или)  информационного  агентства                    
№11389-Ж от 26.01.2011г. выдано Комитетом информации и архивов Министерства связи и информации РК. 
Журнал включен в Перечень научных изданий Комитета по контролю в сфере образования и науки Республики 
Казахстан,  рекомендованных  для  публикации  основных  результатов  диссертаций  по  филологическим,  историческим  и 
педагогическим наукам.    
 
ISSN 1680-0761 

 М.Өтемісов атындағы БҚМУ,  2015.  
ТІРКЕУ НӨМІРІ  1432
-
Ж
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 

 
 
 
 
 
 
 ПЕДАГОГИКА
 
ПЕДАГОГИКА 
PEDAGOGICS
 
 
ӘОЖ
 
37.01:39 
 
Иманғалиев А.С. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 
М.Өтемісов атындығы БҚМУ
 
Мамбеталиева А.З. – 
М.Өтемісов атындығы БҚМУ
 магистранты 
Е-mail: mambetalieva84@list.ru 
 
ЖАСӨСПІРІМДЕР БОЙЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ЖӘНЕ 
КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ 
АДАМГЕРШІЛІК САНА ТӘРБИЕСІНІҢ РӨЛІ 
 
Аннотация. Мақалада жасөспірімдер бойында этносаралық және конфессияаралық 
мәдениетті қалыптастыру, ү
йлесiмдi этносаралық өзара қатынастар мен конфессияаралық 
келiсiмдi  дамытудың    негізгі  міндеттері,  қоғамдық  болжамдау  мен  реттеудiң  кешендi 
ұстанымы мен тиiмдi тетiктерi қарастырылды.  
Кілт  сөздер:  этнос,  ұлтаралық  қарым-қатынас,  конфессия,  тұқымқуалаушылық, 
табиғи орта, құндылық, мораль, адамгершілік сана, адамгершілік сапалар т.б.  
 
 
Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр,  кез-келген жағдайда    дербес шешім 
жасай  алатын,  ынтымақтасуға  және  өзара  іс-қимылға  қабілетті,    ел  тағдыры  үшін  
жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына жыл 
сайынғы  Республика  Президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауынан,  Қазақстан 
Республикасы азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу Мемлекеттік  бағдарламасынан  және 
т.б.  аса  маңызды  құжаттардан  орын  алуда.  Тәрбие  үдерісіне  тікелей  қатысты  негізгі 
құқықтар Қазақстан Республикасының  Конституциясында бекітілген [1].  
Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  2015  жылғы  30  қарашадағы  «Қазақстан 
жаңа  жаһандық  нақты  ахуалда:  өсу,  реформалар,  даму»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында Дағдарыстың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ 
болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Олай болса ұлы құндылықтарға ел бірлігі 
мен татулығы екендігін айта келе рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу 
үшін  бізде  бәрі  бар.  Тәуелсіздіктің  туын  желбіретіп,  тұғырын  нығайтқан  біздің  тарих 
алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз-
бірлік!  –  деген  болтын  [2].  Олай  болса  еліміздің  бірлігін  сақтау  үшін  және  Жолдаудағы 
міндеттерді  жүзеге  асыруда  этносаралық  және  конфессияаралық  қатынастарды  одан  әрi 
үйлестiру,  төзiмдi  сана  мен  мiнез-құлық  нормаларын  қалыптастыру  және  әлеуметтiк 
тәжiрибеге енгiзу жөнiнде кешендi ғылыми зерттеуді талап етеді.   
Елiмiзде  130  ұлттың,  ұлыстар  мен  этникалық  топтардың  өкiлдерi  өмiр  сүруде. 
Мұндай  әралуандылық  рухани-адамгершiлiк  құндылықтардың  қайнар  көзi  бола  отырып, 
қоғамдық  ортада  белгiлі  бiр  проблемаларды  туындатады.  Үйлесiмдi  этносаралық  өзара 
қатынастар мен конфессияаралық келiсiмдi дамыту  бүгінгі ұрпаққа білім беру жүйесінің 
алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі және қоғамдық болжамдау мен реттеудiң кешендi 
ұстанымы мен тиiмдi тетiктерiн талап етедi.  

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 

Қазақстан  Республикасында  білім  алып  жатырған  әртүрлі  ұлыстардың  өкілдерінің 
өзiн ар-ождан бостандығы мен дiни наным бостандығы қағидаттары, әртүрлi конфессияға 
жататын оқушылардың өзі мекен ететін ортада  жалпыға бірдей білім алып, еркін дамуға 
тең құқылы екендігі және басқа да нормалары заң жүзiнде бекiтiлген [3].  
 
Қазiргi  кезеңде  Қазақстанның  дамуына  тән  ерекшелiктердiң  бiрi  қоғам  өмiрiндегi 
дiн  рөлiнiң  толассыз  артуы  болып  табылады.  Оның  беделi  мен  мәртебесі  артып, 
әлеуметтiк  функциялары  кеңейiп  келедi,  дiнге  сенушiлер  мен  дiни  бiрлестiктердiң  саны 
өсе түсуде. 
Республикада құрамына Қазақстан үшiн дәстүрлi дiни iлiмдердiң (ислам, христиан) 
барлық  дiни  бiрлестiктерi  және  дәстүрлi  емес,  бұрын  Қазақстанда  болмаған  дiни 
қозғалыстардың  жаңа  ұйымдары  енген  көпконфессиялы  кеңiстiк  қалыптасып,  бұл 
ағымдардың дамуы жасөспірімдер санасына тікелей әсерін тигізіп отыр.  
Біздің  қоғамымызда  мәдениеттілігімізді  сақтап  қалу  үшін,  рухани  байлығымызды 
нығайту  үшін  жаңа  дамып  жетіліп  келе  жатырған  жасөспірімдер  көзқарасын  
адамгершілікке  бағыттап,  қоғамға  жат  санадан  тазартып,  жастар  арасындағы  татулықты  
нығайту  керек.  Адамгершілігі  жоғары  адамдар  қоғамдағы  нормаларды  сақтап,  қоғамның 
елеулі  орнына  ие  болады,  ал  адамгершілік  қалыптасу  дамуында  шегеріліп  қалса,  онда 
қоғамға қарсы тұлғалар қалыптасып, олардың антигуманды әрекеттері біздің қоғамымызға 
зиян әкелетіні бәрімізге мәлім.  
Қоғамға жат қылықтар адамдар арасында сынға түседі, осының барысында ол қоғам 
қабылдамаған  адам  болып  шыға  келеді.  Қазіргі  кезде  болсын,  осыдан  10-20  жыл  бұрын 
болсын, мұндай қауіпті топтар қатарына жасөспірімдер жатады. 
Сондықтан  да  жасөспірімнің  адамгершілік  тәрбиесін  қалыптастыру  қазіргі 
қоғамның маңызды ережелерінің бірі болады.  
Адамдармен  көптүрлі  қатынаста  дамитын  балалар  міндет,  ар-намыс,  мейірімділік, 
қатыгездік,  әділеттілік  туралы  түсінігі  қалыптасып,  әртүрлі  адамгершілік  нормаларды 
игереді.  Адамгершілік  көзқарастардың,  ой-тұжырымдар  мен  мұраттардың  қалыптасуы 
адамгершілік нормаларды таңдау шартында қалыптасады. Бұл таңдау -өзінің мінез -құлқы 
мен  іс-әрекетінде  анықталады.  Оның  адамгершілік  тұжырымдарында  адамгершілік 
нормаларын білумен қатар, оған деген қатынасы көрінеді. 
Отбасында,  мектеп  қабырғасында  дұрыс  ұйымдастырылған  адамгершілік  тәрбие 
жасөспірім  бойында қажетті мінез-құлық қалыптастырып, қоғамға пайдалы әрекет  етуді, 
оның  алдағы  өмірде  «жағымды  кейіпкер»  болуын  қамтамасыз  етеді.  Қазіргі  дамуы 
қарқынды  өтіп  жатқан  заманымызда  кейбір  ата-аналардың  балаларына  қатынасы  әлі  де 
болса ескі көзқараста қалып қойып отыр, сонымен бірге олар баласының психологиялық 
даму  ерекшеліктерін  де  біле  қоймайды.  Ал  осының  салдарынан  адамгершілік  және  де 
басқа тәрбие түрлері де дұрыс ұйымдастырылмай, ата-ана назарынан тыс қалады. 
Сондай-ақ  дiни  экстремизмнiң  Қазақстанға  енуiне  ықпал  ететiн  дiнисымақ 
құралымдар  пайда  болды.  Бұл  ұйыдар  жасөспірімдер  санасына  діни  қағидаттармен  қоса 
сананы  улайтын  теріс  ағымдарды  енгізу  мәселесі  де  халық  арасында  орын  алып  отыр. 
Жасөспірімдік кезең дамуы - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық 
процесі.  Балада  анадан  туа  біткен  белгілі  идеялар  мен  түсініктер  және  өжет,  жұмсақ 
немесе  байсалды  мінез  болмайды.  Баланың  бойында  адамгершілік,  әуестік,  белсенділік 
және  батылдық  сияқты  қасиеттері  даму  процесінде  қалыптасады.  Өйткені,  оның  өсіп 
жетілуіне  белгілі  әлеуметтік  тәрбие  мен  орта  әсер  етеді.  Адаманың  дамуы  және  оның 
дүниені  тануы  түрлі  әлеуметтік  жағдайларға  байланысты.  Сондықтан  оның мінезінде  әр 
түрлі  ерекшеліктер  мен  процестер  пайда  болады.  Баланың  дамуына  ықпал  ететін 
факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады. 
Тұқым  қуалаушылық  –  ұрпақтың  ата-ананың  биологиялық  ұқсастығын  елестетуі. 
Кейбіреулері  баланың  сыртқы  пішініне  қарап,  бірден  қалай  әкесіне  не  шешесіне  ұқсап 
қалған  деп  таңданады.  Әрине  бұл  кездейсоқ  нерсе  емес.  Өйткені,  баланың  шашы 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 

мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін 
ұстау  қалпы  тұқым  қуалаушылық  арқылы  берілетін  биологиялық  ұңсастықты  еске 
түсіреді.  Бала  қозғалыс  мүшелерін,  нерв  жүйесінің  функциялық  қасиеттерін,  ал  кейде 
дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді 
тұқым  қуалау  арқылы  алады.  Бірақ,  өте  нәзік  ерекшеліктердің  тұқым  қуалау  жолымен 
берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы:  әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн Себастьян 
Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар болған. Мұны бір 
жағынан  отбасы  мүшелерінің  табиғи  мүмкіншіліктердің  (нышанның)  болуына,  екінші 
жағынан  отбасындағы  музыкалық  дәстүрге,  музыкалық  тәрбиеге  байланысты  деп 
қарастырған  жөн.  Орта  –  жасөспірім  дамуына  табиғи  және  әлеуметтік  орта  ықпал 
жасайды. 
Табиғи  орта  -  бұл  түрлі  табиғат  жағдайының  адам  тұрмысына  қызметіне  ықпал 
жасауы.  Жылы  және  суық  климат  жағдайы  халықтардың  тұрмысына  әрекетіне  елеулі 
ықпал  етеді.  Табиғат  жағдайына  байланысты  олардың  мінез-құлықтары  да  ерекшеліктер 
байқалады. 
Әлеуметтік  орта  –  жеке  адамның  мінез-құлқының  дамуына  ықпал  жасайтын 
әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал 
жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты 
болымды  қасиеттері  дамып  қалыптасады.  Егер  жасөспірімдердің  қалыптасуына  ортаның 
қатысы шамалы болса, онда орта адамдардың талабын қанағаттандырмайды. 
Осындай  жағдайлар  аясында  барлық  ұлттар  мен  ұлыстардың  өкiлдерi  үшiн 
экономикалық,  әлеуметтiк,  мәдени,  дiни  дамудың  бiрдей  мүмкiндiктердi  нақты 
қамтамасыз  етiлген,  ұлтаралық  келiсiм,  Қазақстан  халқының  бiртұтастығы,  iзгiлiк,  ұлт 
құқықтары  мен  адам  құқықтарын  үйлесiмдi  ұштастыру  қағидаттары  iс  жүзiнде  көрiнiс 
тапқан  көпұлтты,  сан  алуан  мәдениеттi  және  көпконфессиялы  қоғам  құру  iсiндегi 
Қазақстанның жетiстiктерi айқын көрiнедi. 
Мемлекеттiк  тәуелсiздiк  пен  егемендiкке  қол  жеткiзген  сәттен  бастап  қазақстан 
демократиялық  мемлекет  құруға,  әлеуметтiк  әрiптестiк  пен  азаматтық  келiсiмдi,  саяси 
және ұлтаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге нық бағыт алды. 
Қазiргi  уақытта  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттiк  ұлттық  саясаттың 
негiзгi қағидаттары: 
-  адам  мен  азаматтың  нәсiлiне,  ұлтына,  тiлiне,  дiнге  көзқарасына,  қай  әлеуметтiк 
топтарға және қоғамдық бiрлестiктерге жататынына қарамастан, олардың құқықтары мен 
бостандықтарының теңдiгi;  
-  әлеуметтiк,  нәсілдiк,  ұлттық,  тiлдiк  немесе  дiни  тәуелдiлiк  белгiлерi  бойынша 
азаматтардың құқықтарын шектеудiң кез келген нысанына тыйым салу;  
- Қазақстанның тарихи қалыптасқан бiртұтастығын сақтау;  
-  Қазақстан  Республикасының   Конституциясына,  халықаралық  құқықтың  жалпы 
танылған  қағидаттары  мен  нормаларына  Қазақстан  Республикасының  халықаралық 
шарттарына  сәйкес  Қазақстан  аумағында  тұратын  халықтардың  құқықтарына  кепiлдiк 
беру; 
-  әрбiр  азаматтың  ешқандай  мәжбүрлеусiз  өзiнiң  қай  ұлтқа  жататынын  анықтау 
және оны көрсету құқығы;  
-  Қазақстан  Республикасы  халықтарының  ұлттық  мәдениеттерi  мен  тiлдерiн 
дамытуға ықпал ету;  
- қайшылықтар мен жанжалдарды уақытылы және бейбiт түрде шешу; т.б. [4]. 
Жоғарыда  көрсетілген  тұжырымдамаларға  сүйене  отырып,  зерттеу  проблемасы 
бойынша  жасөспірімдер  арасындағы  мәдениеттілікті  қалыптастыруда  негiзгi  бағыт 
этносаралық  және  конфессияаралық  қатынастарды  үйлестiру,  қоғамдағы  жастар 
арасындағы әлеуметтiк шиеленiстi төмендету, әлеуметтiк практикаға төзiмдi мiнез-құлық 
нормалары мен экстремизмнiң алдын алу, қоғамдағы әлеуметтiк саяси ахуалдың өзгеруiне 
икемдi    жастарды  тәрбиелеуді  жетілдіру  жолдарын қарастыру болып табылады. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 

Ғылыми зерттеу жұмысы келесі негізгi бағыттарды қамтиды.  
Ғылыми-әдiстемелiк  бағыт:   этносаралық  және  конфессияаралық  қатынастар 
саласындағы ахуалды ғылыми түрде зерделеу және  экстремизмнiң әр түрлi көрiнiстерiне 
қарсы әрекет ету үшін жастарды тәрбиелеуге арналған шаралар бағдарламаларын құру, әр 
түрлi  әлеуметтiк  топтарда  төзiмдi  мiнез-құлықты  қалыптастыру  жөнiнде  практикалық 
ұсынымдарды дайындауға бағытталған ғылыми зерттеулер жүргiзу; қоғамдағы әлеуметтiк 
шиеленiс  деңгейiн  мониторингтеу,  диагностикалау  және  сараптау,  ұлттар  мен  ұлыстар 
арасындағы жанжал тудыратын шиеленіске әкелетін жолдарды анықтау, оның алдын алу 
шараларының  негізін  салу,  жасөспірім  санасындағы  ыдыратушы  көңiл-күйдi 
бейтараптандыру; облыс аумағында жұмыс iстейтiн ұлттық-мәдени және дiни бiрлестiктер 
туралы ақпараттық дерекқорды толықтыруды қамтамасыз ету. 
Ұйымдастырушылық-практикалық  бағыт:   этносаралық  және  конфессияаралық 
қатынастарды үйлестiруге, iшкi саяси тұрақтылықты, азаматтық бейбiтшiлiк пен келiсiмдi 
нығайтуға,  қоғамдағы  жастар  арасындағы  әлеуметтiк  шиеленiстi  төмендетуге  арналған 
фестивальдар, конференциялар, конкурстар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткiзу.   
Біздің  зерттеуімізге  негіз  болып  ұлттар  мен  ұлыстар  арасындағы  адамгершілік 
қарым-қатынас мәселесінсоның ішінде  рухани-адамгершілік құндылықтардың барлығын 
саралап жату мүмкін емес. Тарих тұңғиығынан іс-әрекет  бабында небір дана бақылаулар 
бізге дейін жеткен:  «балаңның немен және қалай шұғылданатынын айтсаң, оның қандай 
адам  болып  жетілетінін  айтып  беремін»;  «қаңғыбас  болғанның  ешқайсысы  да,  дегеніне 
жете алмаған»; «қанша тер төксең – сонша емерсің», «адам өз бақытының ұстасы»; «ерте 
тұрғанның  ырысы  артық»;  «еңбегіне  қарай  –  сый-сияпаты»;  «өнерлінің  қолы  гүл»  т.б. 
Даму  нәтижелері  мен  іс-әрекет  қарқындылығы  арасында  тікелей  байланыс  болатыны 
айдан  анық.  Бұдан  даму  процесінің  және  бір  жалпы  заңдылығы  ашылады:  оқушы 
неғұрлым  белгілі  салада  көбірек  іс-әрекет  жасаса,  оның  сол  саладағы  даму  деңгейі 
соншама жоғары келеді. Әлбетте, бұл заңдылықтың шексіз қолданыла беруі мүмкін емес. 
Ол  жағдай  әрбір  адамның  қабілеттеріне,  жасына,  іс-әрекеттің  өзінің  қарқындылығы  мен 
ұйымдасуына тәуелді келеді.  
Іс-әрекет  барысында  адамның  жан-жақты  және  біртұтас  тұлғалық  дамуы  жүріп 
жатады,  оның  қоршаған  дүниеге  көзқарас,  қарым-қатынасы  қалыптасады.  Таңдалған  іс-
әрекет  көзделген  тұлғалық  қасиеттердің  қалыптасуына  ықпал  етуі  үшін  оны  қажетті 
деңгейде ұйымдастыру және келелі бағдарлап отыру қажет. Бұл тәрбие практикасында өте 
күрделі іс. 
Сондықтан  біздер  оның  ең  бастыларын  тұлға  бойында  өзіндік  ішкі  рухы  “Менін” 
көтеруге  қалыптастыруға  арналған  құндылықтарды  ұсынғалы  отырмыз.  Сонымен  бірге 
адамгершілік рухани аясы кең ұғымды қамтиды, ғұламалардың зерттеулерін зерделей келе 
Абай  қара  сөздерінен  адамгершілік  сапалары  мен  қадір-қасиеттерін  саралап  алуды  жөн 
көрдік.  
Адамгершілік сапалары: 
-
 
адалдық; 
-
 
махаббат; 
-
 
сүйіспеншілік; 
-
 
парасаттылық; 
-
 
ізгілік; 
-
 
моральдық сана сезім. 
Адамгершілік  тәрбие  беруде  жеке  тұлғаның  әлдебір  әрекетке  баруына  түрткі 
болатын сенімді туғызатын сана мен мінез-құлық қалыптасады. Олар өз кезегінде түрлі іс-
әрекеттер  арқылы  көрніс  тауып,  тұлғаның  өз  қызметінде  тікелей  басшылыққа  алынып 
отырады.  Мұндай  іс-әрекеттер  мен  себептер  әрбір  тұлғаның  адамгершілік  қасиеттерінің 
сапасын ашып көрсетіп отырады.   
Адамгершілік моральдық қадір-қасиеттеріне: 
Қоғамға: 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 

-
 
идеялық; 
-
 
ұжымдық; 
-
 
отаншылдық; 
 
еңбекке, оның нәтижелеріне: 
-
 
еңбекқорлық; 
-
 
тәртіптілік; 
-
 
ұқыптылық; 
өзіне және өзге де адамдарға: 
-
 
қайырымдылық 
-
 
мейірімділік; 
-
 
принциптік; 
-
 
табандылық. 
Әрине,  адамзат  тарихында  пайда  болған  адамгершілікке  байланысты  көптеген 
категориялар – жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, 
ар  мен  намыс,  т.б.  сонау  көне  дәуірден  басталып,  күні  бүгінгі  күнге  дейін  маңызын 
жоғалтқан  жоқ.  Сондай-ақ  адамзаттың,  әрбір  адамның  ішкі  рухани-адамгершілік 
дүниесінің негізгі нысандары – үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде.  
Адамгершілік  адамдарға  деген  ізгі  ниеттілік,  құрмет,  жанашырлық  пен  сенім, 
кеңпейілділік,  басқалардың  мүддесі  үшін  жан  аяушылық  сияқты  жеке  қасиеттерді 
қамтиды,  сондай-ақ  кішіпейілділік,  адалдық  шыншылдық  та  адамгершілікке  жатады. 
Осыдан келіп адамгершілік ұғымы ізгілік, гуманизмінің синонимі ретінде, адамның игілігі 
мақсатқа  айналғанда  пайда  болатын  қарым-қатынастар  жүйесі  мен  қоғамдық  ахуал 
ретінде  неғұрлым  кең  мағынада  қолданылады.  Рухани-адамгершілік  құндылықтар  мәні, 
тәрбиелік маңызы туралы қоғам қайраткерлері, ғұламалар, ғалымдар ұлы педагогтар: әл-
Фараби,  Ж.Баласағұни,  Қ.А.  Йассауи,  Ш.  Уәлиханов,  Ы.  Алтынсарин,  А.Құнанбаев,  Ш. 
Құдайбердіұлы,  А.  Байтұрсынов,  Ж.  Аймауытов,  М.  Дулатов,  М.  Жұмабаевтар  өз 
еңбектерінде құнды ой пікірлерін қалдырып кеткен [5, 6, 7, 8, 9].  Адамгершілік туа біткен 
қасиет  емес.  Адамгершіліктің  моральдан  айырмашылығы  мораль  сыртқы  қоғамда 
жазылған заңдар мен нормалар жүйесін қамтып сырттай әсер ететін болса, адамгершілік 
адамның  ішкі  дүниесінде  қалыптасады.  Адамгершілік  адамның  ішкі  еркінің  сезімі. 
Адамгершілік  принциптері  бірлікте  өмір  сүру,  бақытқа  талпыну,  мүдделерді  үйлестіру 
мен  ұжым  болып  жұмылудың,  жоқ-жітік  пен  ауру-кемтарға,  бала  мен  кәріге 
жәрдемдесудің қажеттігін сезіну мен мойындау сияқты факторлар негізінде қалыптасады 
деп ой түйіндей келе Г.А. Ергалиева өз диссертациялық еңбегінде адамгершілік ұғымына 
келесі  анықтама  береді:  «Адамгершілік    дегеніміз  –  тұлғаның  өз  бойындағы  негізгі  ізгі 
сезімдер мен терең руханилықтан туындап, моралдық нормаларға бағынатын еркін қарым-
қатынас жүйесі». Олай болса жасөспірімдер  бойындағы адамгершілік сапаларын дамыту 
олардың бойындағы ізгі сезімдері мен терең рухани құндылықтарын арттырып, қоғамдағы 
моральдық  нормаларды  сақтай  отырып,  түрлі  халықтар  арасындағы  бір  лікті  орнатуға 
негіз  болары  хақ.  Осыған  орай  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 
университетінің  педагогика  және  психология  кафедрасының  ғалымдарымен  бірлесе 
отырып  жасөспірімдер  бойындағы  адами  қасиеттерді  арттыру  бағытында  жүргізілетін 
зерттеу  жұмыстары  бойынша  жоспар  құрылды.  Анықтау  эксперименті  негізінде  Батыс 
Қазақстан  облысында  мекен    ететін  түрлі  етнос  түрлері  анықталынып,  облыстағы  389 
мектептің  ішінде қала мектебі 59 ауыл мектебі 330-ы болса оның ішінде  қанша өзге ұлт 
өкілдері  оқитындығы  туралы  мәліметтер  зерделенуде.  Зерттеуге  Орал  мұнай  газ  және 
салалық  технологиялар  колледжі,  экономика  және  ақпараттық  технологиялар  колледжі 
және  №45  ЖББОМ  оқушылары  мен    студенттері  тартылып  отыр.  Зерттеуге  алынған 
тәжірибелік-эксперимент  тобы  бойынша  «Ізгілік»  деп  аталатын  еріктілер  қатарынан 
тұратын  орталық  құрылды.  Қазіргі  уақытта  орталықта  түрлі  ұлт  өкілдерінің  белсенді 
жастары  бірнеше  бағытты  қамтитын  үлгілі  шараларға  тартылып  отыр.  Ғылыми 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 

жобалар,  облыстық,  республикалық  байқауларға,  конференция,  семинар,  каучинг 
сессияларға  қатысу  жоспарланды.  Этномәдени  бiлiм  берудiң  мақсаты  көпұлтты  әрi 
көпмәдениеттi ортада белсендi және тиiмдi тiршiлiк етуге қабiлеттi, басқа мәдениеттердiң 
ерекшелiгiн түсiнуi дамыған ұлтты, нәсiлi, нанымы мен сенiмi әр түрлi адамдармен бейбiт 
әрi тату өмiр сүруге қабiлеттi адамды қалыптастыру болып табылады. Бұл ретте, әр түрлi 
этномәдени  қауымдар  өкiлдерiнiң  қатар  өмiр  сүруi  мен  төзiмдiлiгi  туралы  ғана  емес, 
сонымен  бiрге  олардың  негiз  қалаушы  iзгiлiк  құндылықтары  мен  демократиялық 
қағидаттар негiзiнде ынтымақтастық жасауы және шоғырлануы туралы сөз қозғалуға тиiс. 
Осы ғылыми зерттеуді iске асыру жан-жақты дамыған, үйлесiмдi, денi сау, көп мәдениеттi 
жеке  адамды  дамытуға  және  жасөспiрiмдерде  төзiмдi  сана  мен  мiнез-құлықты, 
азаматтылық  пен  қазақстандық  патриотизм  рухын  сiңiруге,  сондай-ақ  этносаралық  және 
конфессияаралық  қатынастарды  үйлестiру  саласындағы  жастар  бастамаларына  жәрдем 
көрсетуге  мүмкiндiк  бередi.  Қоғамның  дамуындағы  жеке  адамның  эмоциясы  тұрақты 
қалыпта  болуының  қоғамға  әсері,  экономикалық  техниканың  жетістіктеріне  жетуге 
итермелейді.  Президент  Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Біріншіден, 
осы  өңірде  тұрақсыздық  пен  діни  экстремизм  етек  жая  бастауы...»  деп  келтіре  отырып, 
қазақстан  халықтарының  бірлігін  қамтамасыз  ететін  этносаралық  қарым-қатынасты 
реттейтін жүйелі жұмыстың болуына тоқталады. Бұл әрине өскелең ұрпақ бойында тәлім-
тәрбие беруден бастау алатыны белгілі.  
Кез-келген  тұлғаның ой-санасының,  дүниетанымдық  көзқарасының  қалыптасуына, 
дамуына өзін қоршаған ортасы, алған білімі мен атқарған қызметі, қоғамдық-саяси ахуал 
міндетті түрде әсер етеді. Адам – санасы тәңірлік жаратылыс ғана емес, қоғамдық ақыл-
ойдың  да  жиынтық  көрінісі.  Сондықтан  да  белгілі  тұлғалардың  шығармашылығымен 
дүниетанымдық  көзқарастарын  қарастырған  уақытта  оны  тікелей  тұлға  өмір  сүрген 
кезеңмен,  сол  тұстағы  қоғамдық  даму  ахуалымен  бірлікте  алып  зерттеген  жөн.  Адам 
санасы  өткені  мен  бүгінін  қорыта  отырып  қалыптасады,  жетіледі,  өседі.  «Тарихымызды 
білмей  тұрып  алға  жылжудың  қиын  екені  белгілі.  Сондықтан,  бүгінде  өткенімізді  ой 
елегінен  өткізіп,  барымызды  екшеп,  жоғымызды  іздеп  жатқан  жайымыз  бар»,  –  деген 
академик  М.Қ.  Қозыбаевтың  пікірі  зерттеу  тақырыбымыздың  көкейкестілігін  айқындай 
түседі.  Олай  дейтініміз,  бүгінгі  таңда  этносаралық  және  конфессияаралық  қарым-
қатынастарды реттейтін этномәдени  білім беру жүйесінде нәтижелі жүзеге асыру үшін ел 
тарихында  қалыптасқан  игілікті  тәжірибелерді  саралап,  қорыту  және  оның  даму 
үрдістерін айқындау – кезек күттірмейтін мәселе.  
Біз  этностық  мәдениетті  ел  тарихында  ғасырлар  бойы  халқымыздың  еркін  және 
ерікті  шығармашылығы  процесінде  жасалған  ұлттық  рухани  және  материалдық 
құндылықтар  ретінде  қарастырамыз.  Этностық-мәдени  білім  –  осы  ұлттық 
құндылықтарымызды, түркі әлемінің ортақ мәдени мұраларын, қазақстандық этностар мен 
этностық  топтардың  рухани-адамгершілік  әлеуетін,  жалпыадамзаттық  құндылықтарды 
бойына сіңірген ұлттық қазына. Этностық-мәдени білім беруді осы баға жетпес байлықты 
сақтаушы, дамытушы және келесі ұрпаққа жеткізуші бірден бір құрал деп есептейміз. Осы 
тұрғыдан  келгенде,  тақырыбымызға  қатысты  мәселелер  бірқатар  зерттелгенін  атап  өту 
керек.  ХІХғ.-ХХғ.  басында  ұлттық  білім  беру  проблемалары  Ы.  Алтынсарин,  А. 
Байтұрсынов, С.И. Гессен, М. Жұмабаев, Н.И. Ильминский, П.Ф. Каптерев, В.В. Розанов, 
К.Д.  Ушинский,  Ш.  Уәлиханов  және  т.б.  еңбектерінде  қарастырылды.  ХХ-ХХІ  ғ.ғ. 
педагогикалық теория мен практикада этнопедагогика ғылымы қанат жайып, этномәдени 
білім беру қайта жаңғыртылып, дамытылды.
 
Ғылыми  зерттеу  тақырыбын  ашып,    зерттеу  жүргізу  үшін  әдіснамалық-теориялық 
негіз ретінде қарастыратын,  терминдер тжырымдамаларын талдау, нақтылауда  отандық 
зерттеулер  мен  шетелдерде  кеңінен  орын  алған  заманауи  философиялық, 
мәдениеттанушылық және педагогикалық тұжырымдамалардың маңызы зор. 
 
Зерттеу деректеріне сүйенсек  «Этнос» термині байырғы грек тілінде сөз орайына 
қарай 
«үйір», 
«топ», 
«тайпа», 
«халық»  мағынасында  қолданылған,  ғылыми 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 

әдебиетте  XVIII  ғасырдан  бергі  кезеңде  көріне  бастаған.  Алғашқы  кезде  ғалым-
зерттеушілер  «этнос»  сөзін  «тайпа»,  «ұлт»,  тіптен,  «нәсіл»  мағынасында  қолданды. 
Әсіресе,
 
«этникалық»  деп  келетін  туынды  сөздің  мән-мағынасы  XIX  ғасырдың  соңына 
дейінгі  ғылыми  еңбектерде  бір  ізге  түсе  қоймағандығы  көрінеді.  ХХ  ғасырдың  екінші 
жартысында  әр  салалы  этнологиялық  зерттеулер  «этнос»  сөзінің  аясы  кеңейгендігі 
көрінеді.  Атап  айтқанда,  этностардың  тарихи  типологиясы  (С.А.  Токарев),  этникалық 
сана-сезім  (М.Г.  Левин),  этностың  биологиялық  даралығы  (Л.Н.  Гумилев),  этностың 
ерекшелігі  (Н.Н.  Чебоксаров),  этнос  мүшелерінің  эндогамиялық  тектестігі  (Ю.В. 
Бромлей), этностың аумақтық және экономикалық байланысы (В.И. Козлов), этносаралық, 
синхронды  және  диахронды  байланыстардың  маңызы  (С.А.  Арутюнов),  этносаралық 
кірігу  немесе  ассимиляция  (В.К.  Гарданов,  И.С.  Гурвич)  т.б.  тақырып  өрістері  «этнос» 
сөзінің мән-мағынасын анағұрлым тереңдете түскен. 
 
Ал  енді  зерттеу  тақырыбына  сай  «Этносаралық  мәдениет»  сөзінің  қазіргі  ғылыми 
айналымдағы мән-мағынасын былайша тұжырымдауға болады:  бір мекенде тарихи өсіп-
өнген, ортақ және орныққан, өзіндік  тілі, мәдениеті,  психикасы бар, сондай-ақ өздерінің 
әрі біртұтастығын, әрі өзгелерден ерекшелігін сезінетін, сана-сезімі  қалыптасқан, өзіндік 
атауға  (этноним)  ие  адамдар  қауымдарының  арасындағы  ортақ  қарым-қатынас  
мәдениетін орнату. 
Сәйкесінше «Мәдениет» терминінің де ғылыми еңбектерде анықтамасы алуан түрлі. 
Әсіресе,  мәдениеттің  жергілікті,  аймақтық,  ұлттық  және  халықаралық  аядағы  мәні  мен 
болмысы  туралы  пікірлер  сан  сала.  Тек  қана  ағылшын  тіліндегі  әдебиеттерде  50-ші 
жылдардың  бас  кезінде  «мәдениетке»  160-тан  астам  анықтама  беріліпті.  Ал  жалпы, 
батысеуропалық  әдебиеттерде  мәдениеттің  250-ден  астам  анықтамасы  бар  екені 
айтылады. Мәдениет терминінің  көп мәнді, алуан мағыналы екені сонша, жарық жалған, 
кең  дүние  деңгейіндегі  ұғымдардан  бастап,  тұлғаның  тал  бойындағы  қасиетіне  дейін 
қамтитын  алуан  түрлі  тұжырымдарды  білдіреді.  Мәдениет  адамзат  әрекетінің  құралы, 
адам  қолынан  шыққан  нәрсе  сияқты  қарапайым  пікірлерден  бастап,  қоғамдағы  адамның 
қоршаған  ортаға  бейімделуі  тудырған  биологиядан  тыс  құралдар  мен  механизмдер 
жиынтығы  деп  анықтайтын  таза  абстракциялық  тұжырымдар  мәнінде  де  кеңінен 
қолданылып жүр.
 
Мәдениет  ұғымына  берілген  анықтамалар  мен  пікірлердің  көптігіне  қарамастан, 
барлығына  тән  ұқсастықтары  оның  мазмұнының  сабақтастығынан,  оның  құндылықтары 
ұрпақтан  ұрпаққа  ауысып,  жалғасып  жатқандығынан,  тұрақтылығынан  көрінеді.  Сөйтіп, 
мәдениетке адамдардың бірлесе ғылыми, моральдық-әлеуметтік, көркем және техникалық 
құндылықтар  жасаудағы  қарым-қатынастар  жиынтығы  деген  тұжырымды  құптауға 
болады.  Мәдениеттің  мәні  адамның  дербес  еңбегіне  байланысты  туындайтын  дүние  деп 
санаймыз. Этникалық мәдениет – мәдениеттің базасы және құрамдас бөлігі, ол белгілі бір 
қызмет  атқарады  және  өзіне  тән  мазмұндық  компоненттері  бар.  Этникалық  мәдениет 
тарихи  қалыптасқан  іс-әрекет  тәсілі,  соның  нәтижесінде  түрлі  халықтардың  өздерін 
қоршаған табиғат пен әлеуметтік орта жағдайына бейімделуін қамтамасыз етеді. 
Этникалық  мәдениет  бір  этносты  екіншісінен  ажыратып  тұратын,  әлеуметтік 
өмірдің күрделі де көп аспектілі құбылысы, оны тек жалғыз элемент арқылы ғана сипаттау 
мүмкін емес. Сол себепті, қарапайым этникалық белгі жоқ немесе болуы да мүмкін емес. 
Этностың  ерекшелігі  оның  мәдениетінің  барлық  деңгейлерімен  анықталады.  Этникалық 
мәдениет  көне  заманнан  бүгінгі  уақытқа  дейінгі  түрлі  дәуірлердегі  мәдениетті  қамтиды. 
Оқушыларға  этномәдени  білім  беру  жүйесін  терең  зерттеу  дәстүрлерді  танып-білу  мен 
қатар оқушылардың әлеуметтік ортада өзін-өзі ұстауы,  өзін-өзі жүзеге асыруы тұлғалық 
қалыптасуына әсерін тигізеді. 
 
Әдебиеттер: 
1.  Қазахстан  тарихы.  Энциклапедиялық  анықтамалық.  Құл-Мұхаммед  Мұхтар. 
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары. – Алматы, 2006. – 764 б.  

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
10 
2.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Назарбаетың  Қазақстан  халқына 
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауы. // 
Орал өңірі. – №154-155. – 01.12.2015 ж.  
3.  Қазақстан  Республикасында  этномәдени  білім  беру  концепциясы.  –  Алматы: 
Мәдени мұра баспасы, 1996. – 111 б.  
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. №319-111 ҚРЗ, 27.07.2007 ж. 
– Астана: Ақорда, 2007. 
5. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973. – 190 б. 
6. Уәлиханов Ш. Таңдамалы: 2-басылым. – Алматы: Жазушы, 1985. – 316 б. 
7. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Рауан, 1994. – 215 б. 
8. Ғабитов Т. Философия: жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық. 
–Алматы: Қаржы-қаражат, 2002. – 323 б. 
9. Нұрғалиев Р.Н. Абай энциклопедиясы. – Алматы: Атамұра, 1995. – 318 б.  
*** 
Imangaliyev A.S., Mambetaliyeva A.Z.
 
Adolescents in the formation of inter-ethnic and inter-religious culture and moral 
consciousness of the role of culture 
The formation of the article along the inter-ethnic and inter-religious youth culture 
the  development  of  harmonious  inter-ethnic  relations  and  inter  religious  harmony  and 
forecasting of the main objectives of the public considered the principle of a comprehensive 
and effective regulatory mechanisms. 
Keywords:  ethnos,  interethic  relation,  faith,  heredity,  people  around  environment, 
value, morals, humanity, human quality. 
*** 
Имангалиев А.С., Мамбеталиева А.З.
 
Роль развития этической конфессиональной и нравственной культуры 
среди молодежи 
Данная статья посвящена проблеме способов формы развития  гармоничной 
личности,    развития    этнической,  конфессиональной    культуры    среди  молодежи. 
Актуальность  темы  исследования  обусловлена  многими  обстоятельствами,  среди 
которых  можно  выделить  наиболее  важные  и  имеющие  первостепенное  значение 
для  понимания  того,  какой  смысл  имеют  идентичность,  в  том  числе  этническая, 
конфессиональная  и  гражданская  в  самопонимании,  самоопределении  и 
саморазвитии человека, в реализации им своей социальной энергии. Поэтому наличие 
этнокультурных  особенностей  развития  казахстанской  молодежи  –  данность, 
которая в обозримой перспективе будет оставаться актуальным для Казахстана. 
Ключевые 
слова: 
этнос, 
межэтичное 
отношение, 
конфессия, 
наследственность,  окружающие  среда,  ценность,  мораль,  человечность, 
человеческие качества. 
*** 
ӘОЖ 378.14 
Әбілдина С.Қ. – педагогика ғылымдарының докторы,  
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
E-mail: salta-7069@mail.ru 
Самашова Г.Е. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті  
E-mail: gsamash74@mail.ru 
Құрымбаев С.Ғ. – педагогика ғылымдарының кандидаты,  
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
E-mail: sakura3874@mail.ru 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет