Құрылыс объектілерін атқаратын міндетіне және құрылыстық-құралымдық сипаттамасына қарап бағалау


Мерзімдік жоспарлаудың негізгі ережелері тиімділік белгілері (өлшемдері)



бет15/37
Дата24.02.2022
өлшемі314.6 Kb.
#26275
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Мерзімдік жоспарлаудың негізгі ережелері тиімділік белгілері (өлшемдері)

Өндіріс жұмыстарының мерзімдік жоспары - жалпы құрылыстык арнаулы және құрастыру жұмыстарының реттілігі мен ұзактығын үйлестіру және жұмыс процестерін мүмкіндігінше қатар жүргізу, олардың орындалу мерзімін реттеу, Құрылыс  машиналарының нормативті уақытын, еңбек ресурстары мен механикаландыру құралдарына деген қажеттілігін анықтау үшін жасалады. Ол негізгі кұжат есебінде құрылысты ұйымдастыру мен жұмыс өндірісі жобаларының күрамына енгізіледі, сондықтан да оның негізгі көрсеткіштерінің құрылымы, құрамы және нақтылану деңгейі жобалық құжаттардың қандай мақсаттарға арналғанына байланысты болады.

Жұмыс ондірісі жобасының құрамындағы мерзімдік жоспарды жасау үшін кажет бастапқы мәліметтер қатарына мына құжаттар жатады:



  • құрылыстың мөлшерлі ұзақтығы немесе нұсқаулы тапсырма;

  • жұмыс сызбалары мен сметалар;

- негізгі мамандықтар мен кәсіптік шеберліктері бойынша кадрлармен, ондірістік-техникалық жинақтар мен құрылыс жүктерін тасымалдау, қолда бар механизмдердің мәліметтерімен камтамасыз өту жоніндегі шарттар.

Мерзімдік жоспарлау негізінде жұмыс барысына бакылау жасалады және орындаушылардың жұмыстары үйлестіріліп отырылады.

Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары екі бөлімнен тұрады: сол жактык - есептік және оң жақтық - графикалык. Графикалық бөлімі сызбалы (Ганттың графигі, циклог­рамма) немесе тор көзді болуы мүмкін.

1-графасына (жұмыс тізімі) жұмыстардың технологиялык реттілігі мен орындалуы және жұмыстардың түрлері мен кезеңдері бойыншатопталуы көрсетіліп жазылады. Бір ескеретін жайт, түрлі орындаушылар (құрылыс баскармалары, учаскелер, бригадалар немесе звенолар) аткаратын жұмыстардан өзгелерін біріктіру кажет.

Жұмыс көлемі - (2, 3 гр.) жұмысшы орындары мен сметалар аныкталып, бірыңғай мөлшерлер мен БМБ-де кабылданған бірлікпен бейнеленеді. Егер еңбек сыйымдылығы онімділік бойынша есептелетін болса арнаулы жұмыстар келемі күн түрінде (смета бойынша) аныкталады, ірілендірілген көрсеткіштерді пайдаланғанда - оларға сәйкес келетін олшемдермен есептеледі.

Жұмыстардың еңбек сыйымдылығы (4 гр.) мен маши­на уақытының шығындары пайдаланылып жүрген БМБ бойын­ша норманы асыра орындауға байланысты түзету коэффиценті еңгізу жолымен еңбек өнімділігінің жоспарлы түрде өсіп наза-рға алынып есептеледі. Осы сияқты 5,6-графаларды да негізгі жетекші машиналардың еңбек енімділігі бойынша алынған есептеулер нәтижесімен толтыруға да болады.

Жұмыстардың ұзактығы - 7 гр. Мерзімдік жоспар жасалғанға дейін жұмыс өндірісінің әдістері мен машиналар және механизмдер таңдап алынуы керек. Және негізгі машиналарды карқынды пайдалану жағдайлары да ойластырылуға тиіс. Ме-ханикаландырылған жұмыстардың ұзактығы тек машиналардың пайдалану кезіндегі өнімділігімен аныкталуы керек. Сондықтан алдымен механикаландырылған жұмыстар ұзактығын белгілейді, ал механикаландырылған жұмыстар ырғағы график жасаудың негізін анықтайды, одан кейін колмен аткарылатын жұмыстардың ұзактығы есептеліп шығарылады.

Механикаландырылған жұмыстарды орындаудың ұзақтығы күн есебімен мына формула бойынша аныкталады:

Т мех = N маш-ал /п маш   m

Мұндағы Nm - қажетті машина-сменалар саны (6 гр.); Пмаш - машина саны; m - тәулік ішіндегі алмасу саны (8 гр.).

Қолмен атқарылатын жұмыстардың ұзақтығы Тқ күн есебімен былайша есептеп шығарылады: енбек сыйымдылығы QK адам-күнді жұмысшылар санына пж -ға болу аркылы жұмыс-шылар камти алатын жұмыс майданы аныкталады немесе оны былайша бейнелеуге болады:

Т к =Q к  /n ж

Алымда жұмыс істей алатын ең көп деген жұмысшылардың саны жұмыс майданының көлемін звеноның немесе бір жұмысшының бір алмасудагы өнімділігіне тең болатын кесінділерге бөлу аркылы аныкталады. Кесімдер санын звено құрамына көбейтсе жүмыс істеуге барынша кажет бригадалар санын білуге болады.

Алмасу саны 8 гр. бейнеленеді. Негізгі машиналарды құрастыру крандары, әкскаваторлар пайдалану кезінде алмасу саны екеуден кем болмауы керек деп есептеледі.

Алмасудағы жұмысшылар саны және бригада құрамы (9 және 10 гр.) еңбек сыйымдылыгына және жұмыс ұзактығына сәйкес белгіленеді. Бригада құрамын есептеген кезде бір алымнан екінші алымға ауысқанда ондағы адамдар саны мен мамандық түрлерінің де өзгермеуін ескеру кажет. Осыган байланысты кейінді бригаданың құрамында тапсырылған жұмысты аткаруға қажетті мамандық иелерінің болуы мұкият ескеріледі. Бригада мүшелерінің саны жетекші машинаның өнімділігіне сәйкес болуы керек, есеп негізіне машина жұмысының есепті уакыты бойынша аныкталатын жұмыс мерзімін алу кажет.

Әр звеноның сандық құрамы - пзв; звеноға тапсырылған жұмыстарға кеткен еңбек шығыны – Qж; адам-кун және жетекші процестің орындалу ұзақтығы -Тмех негізінде мына формуламен аныкталады:

зв  = Qж / Т мех m

Жұмыс өндірісінін графигі. Мерзімдік жоспардың оң жақ бөлігі жұмыс барысын уақыт бойынша, реттілікті және олардың өзара үйлестірілуін нақтылы бейнелейді. Жеке жұмыстарды орындаудың технологиялық мерзімдері реттілікті қатаң сактау талаптарына орай белгіленеді. Бұл ретте келесі процесті орындау үшін жұмыс майданымен мейлінше аз уақыт ішінде қамтамасыз етілуге тиіс.

Жұмыстарды орындаудың технологиялық реттілігі нақтылы жобалык шешімдерге, технологиялык үзілістерге, жыл мезгіліне, құрылыс ауданына және баска да жағдайларға тәуелді бо­лып келеді.

График жасауды объекті құрылысын салу мерзіміне шешуші дәрежеде әсер ететін жетекші жұмыстан немесе процестен бастау керек. Құрылыстың мерзімін қыскартудың негізгі әдісі - құрылыс-құрастыру жұмыстарын тасқынды-жарыспалы және біріктіріп жүргізу болып табылады. Өзара байланысты емес жұмыстар катар және бір-бірінен тәуелсіз жүргізілуі қажет. Мұнда еңбекті қорғау ережелерін катаң сактауды қамтамасыз ету ке­рек.

Жетекші процестің ұзактығын алмасуларды және механизмдер санын немесе колмен аткарылатын жұмыстарды орындаушылар санын арттыру аркылы кыскартуға болады. Қалған процестердің орындалу мерзімі жетекші процеспен байланыстырылады.

Жұмысшы күші қозғалысының графигі төменгі жағында орналастырылады. Жалпы объект бойынша жұмысшы кадрларына деген кажеттілік графигін теңестіруге жұмыстардың басталу және аяқтау мерзімін ауыстыру аркылы кол жеткізіледі.

 




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет