Құрылыс объектілерін атқаратын міндетіне және құрылыстық-құралымдық сипаттамасына қарап бағалау


Әртекті объектілерді салудың технологиялық процесінде



бет8/37
Дата24.02.2022
өлшемі314.6 Kb.
#26275
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Әртекті объектілерді салудың технологиялық процесінде нақтылы айқындалған жұмыс өндірісінің кезеңдері жоқ, ол құрамалы кешенді және жұмысшы процестеріне бөлінеді. Бір немесе бірнеше кешенді процестер мамандандырылған тасқындармен жүзеге асырылады.

Объектілік тасқынды құрайтын мамандандырылған тасқындар ішінде еңбек сыйымдылығы ең көп, бүкіл объектілік тасқын жұмысы қарқынының тағдырын шешер күрделі де қымбат, қуатты машиналар пайдалануды қажет ететін негізгі деп есептелетін тасқын айрықша ерекшеленеді. Объектілік тасқыннын құрамындағы қалған мамандандырылған тасқындардың қуаты мен санын, олардың толық қуатына қосылуға кететін уақытын жетекші негізгі тасқынның дамуына тендестіру немесе үздіксіз өндіріс жағдайын сақтау үшін еселенген жарыспалы тасқынды іске қосу арқылы анықтайды.

Тасқынды дамыту әдетте сызық мерзімдік график немесе циклограмма түрінде бейнеленеді (2,в,г-сурет). Сызық графикте тасқынның әрбір мамандандырылған бригадасы көлденең жолақпен белгіленеді, ал мұндай бригаданың түрлі алымдардағы жұмыс кезеңі бір-бірімен араласқан бөліктер арқылы көрсетіледі. Циклограммада сызық графиктің мерзімдік шкаласы сақталады, алайда алымдар үшін көлденең жолақ нөмір реттері бойынша төменнен жоғары қарай тартылады. Циклограмма сызықтық графикке қарағанда тасқындардың уақыт және кеңістік бойынша дамуын әлдеқайда көрнекті бейнелейді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет