Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата15.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#9910
1   2   3   4   5   6

Ерлан ТӨЛЕУТАЙ

Дəстүрлі əнші, мəдениет, өнертанушы

                   



АЛТЫН ДОМБЫРА жəне ТАУЫҚТАР

Бізде барлық жағдайдың, қамқорлықтың, сый-құрметтің 

эстрада  фанерщиктері  мен  айтыскерлерге  ғана  жасалатыны 

несі екен?! Əу бастан қазақтың киелі домбырасының иесі əнші 

мен  күйші  емес  пе  еді?  Бүгінге  айқын  болған  бір  анық  жайт 

бар:  ол  қазақтың  əлемдегі  ең  бай  музыкалық  мұраға  ие  халық 

екендігі.  Замана  тезінен  өтіп,  бүгінге  жеткен  он  мыңдай  күй 

мен  бес  мыңдай  əніміз  бар  екен!  Бабалардан  мирас  болған  бұл 

шығармаларды дүниеге əкелген алтын саусақ əншілер мен күйшілер еді ғой. Бұл күнде сол 

мұраны көздің қарашығындай сақтап, елге насихаттап жүргендер тағы да сол əншілер 

мен күйшілеріміз емес пе?! Ендеше, "Алтын домбыра" күйші мен əншінің жолы ғой. Неге 

"Алтын домбырадан" əнші, күйші өнерпаздар сырт қалады?! Біржанның қолындағы дом-

бырасын тартып алған "Жанбота поштабайшылық" қашанға дейін жалғасады?! 

Ақыры  бастаған  соң,  айтайын,  қазақ  қоғамында  бір  қызық  (бəлкім  шыжық) 

құбылыс  орын  алып  отыр:  өнер  десе,  қазақтың  көз  алдына  ауыз  жыбырлатқыш  фа-

нерщик  əншілер  мен  сақалы  бар,  мұрты  жоқ,  шапанын  сүйреткен  айтыскерлер  ғана 

келетін  болған  күнге  жеттік.  Бұл  күнде  жұрт  дүниеде  бұдан  асқан  өнер  бар  деп  ой-

ламайтын болған. Əйтпесе, өнердің төресі əн мен күй еді ғой, қашанда! Бұрынғы қазақ 

үшін солай болған. "Құлақтан кіріп бойды алған əсем əн мен тəтті күй" - өнердің асылы

жауһары  саналған.  Осылай  деген  Абай: "Мал  үшін  жанын  жалдап,  қобыз  бен  домбы-

ра алып, топта сарнаған" ақындарды жек көрген. Ал қазір не болдық: əнші мен күйшіні 

күресінге тастадық. Олардың аузындағы несібесін фанерщиктер мен уахабит айтыскер-

лерге жұлып алып бердік. Салыстыру үшін айтайын: Əміре Қашаубаев атындағы жəне 

Жүсіпбек  Елебеков  атындағы  республикалық  əншілер  конкурсының  бас  бəйгесін  алған 

əншіге  берілетін  жүлде  екі  жүз  мың  теңге.  Ал  айтыскерлерге  беріліп  жүрген  "Алтын 

домбыраның"  құны 120 мың  доллар  тұрады  дейді,  рас  болса.  Аста  төк  өтетін  астар-

да тігілетін 50, 100 мың доллардың қымбат көліктерін былай қойыңыз. Ал сол астарда 

қазақтың  əні  мен  күйіне  орын  жоқ.  Себебі  үкілі  домбыралы  əнші  мен  күйші  ас  иесіне 

тиімсіз. Өйткені əнші мен күйші оның бір заманда кім болғаны белгісіз (қазір батыр яки 

би)  ата  бабасын  мадақтап,  мақтап,  жырлап, "нұрлап"  бермейді  ғой.  Сондықтан  қай 

аста,  айт  пен  тойда  болсын: "Алатаудан,  Арқадан  ақындарым  келіпсің",  ал  "əнші  мен 

күйшіні қойдай қу қамшымен" дейтін "тапқа бөлушілік" салтанат құрып алған. Тіпті, 

дос-жараның тойына барсаң, домбыра орнына диск сұрайтын халге жеттік. 

Мінеки,  ағайын,  өнер  мен  өнерпазды  осылай  алалайтын  болдық.  Себебі  əнші  мен 

күйшіден  "пайда"  жоқ.  Тым  болмаса, "дұрыстап"  уахабист  бола  алмайды.  Өйткені 

"құрғыр"  əн  мен  күй  тым  биік,  тым  асқақ.  Жердегі  жемге  көзі  қызарып  түспейді. 

Кімнің тарысы піссе, соның тауығы болмайды. Ал қазір билікке "тауық" керек. Өйткені 

тауықтан келер қауіп жоқ. Қитұрқы ағымдарға да солай. "Дін тарату" үшін "тауықтар" 

таптырмайтын "құс". "Шіркін, тауық, шыр айналар, жемің болса, қолыңда..!"

Желідегі ой-талас



28

Пакиза АРЫСТАН

2002  жылы 28 ақпанда  Самсы 

ауылында  дүниеге  келген.  Алма-

ты  облысы  Жамбыл  ауданы,  Тел-

тай  Сəрсенбеков  атындағы  орта 

мектебінің 9-шы  сынып  оқушысы. 

Қаршадай ғана оқушы қыздың сөз саптауы, өлең-сиқырды 

өзінше  түрлендіруге  деген  талпынысы  оқырман  көңілінен 

шығады деген ойдамыз.  

МЕН БАРМЫН ДЕП 

ОЙЛАҒАЙСЫҢ 

ЖАНЫҢДА 


Қазақпын

Аспандай ұшқан қырағы көзді қыранмын,

Саралар салған, дара боп қалған 

жыр-əнмін.

Қиын-қыстауда бұрымын кесіп, қару ап,

Тұлпарға мініп, жауына 

шапқан Тұмармын.

Ақбикештер мен Айбикелердің көзімін,

Назым мен Гауһар Ботакөздердің өзімін.

Домалақ ана, Есенбикедей дананың,

Атылған сырлы жебедей өткір сөзімін.

Айғызбын, Данай, Сапармын сонау 

наркескен,

Жорыққа шықса шығара тұрған 

жанды естен.

Майданға түсіп, ерлеген ерен еңбекпен,

Əлия менен Мəншүкпін ерте қан кешкен.

Еркіндік үшін отына түскен азаптың,

Оќушы жїрегініѕ лїпілі


29

Жүрегі таудай Сəбира менен Лəззатпын,

Ту етіп арын биікке қойған қашанда,

Қазық қып қаққан намысын, 

қайсар қазақпын!

***


Тағдыр ғой!..

Көзінен жасы арылмай, 

Іздеген бақыт табылмай, 

Мұңайып жүрсе біреулер, 

Тағдыр ғой дейміз жаңылмай. 

Өмірден қатты түңілсе

Ішінен шала бүлінсе,

Жол таппай жүрсе біреулер 

Тағдыр ғой бəрі бүгінше.

Іштегі сырды айта алмай, 

Білместік жасап байқамай. 

От кешіп жүрсе біреулер, 

Тағдыр ғой дейміз қайталай. 

Бір мəнді ғұмыр сүрмесе,

Кінəсін тағы білмесе.

Сыртынан аяп, адамдар

Тағдыр ғой деумен жүр неше.

Айыпты нəрсе табылмай,

Тағдырға бəрін телеміз, 

Кінəні барлық неге біз,

Тағдырдан көре береміз?!.

***


Мен бармын деп..

Жалғыз қалып, мұң алқасын таққанда,

Қайғы арқаңа аяздай боп батқанда,

Өміріңнің сынақтары мезі етіп, 

Жүрегіңе жара болып қатқанда,

Мен бармын деп ойлағайсың жаныңда! 

Өкпелесең, налып жатсаң өткенге, 

Жабығумен сыр ақтарсаң көктемге,

Жалғыздықтың тағы дəмін татқанда 

Аяқ асты тағдыр тəлкек еткенде, 

Мен бармын деп ойлағайсың жаныңда. 

Өз жаныңа дауа таппай қиналсаң, 

Сынақ толы бұл əлемге сыймасаң. 

Өмір алдап, тұзағына түсірсе, 

Ал сен болсаң жалған сөзге илансаң, 

Мен бармын деп ойлағайсың жаныңда!

Біреу сенің көңіліңді жыққанда, 

Өз-өзіңді керексіз деп ұққанда, 

Жақыным деп сеніп жүрген адамың, 

Ту сыртыңнан келіп пышақ сұққанда,

Мен бармын деп ойлағайсың жаныңда. 

Күдер үзсең қайта ататын таңыңнан,

Айырылсаң қолыңдағы барыңнан,

Мен əрқашан қуанышта қайғыда, 

Табыламын мына сенің жаныңнан!

Ана

Мен өзіңсіз өмір сүре алмаймын,

Басымды да ие білем сен үшін. 

Сен болмасаң, мен бақытты болмаймын, 

Сенен асқан ғажайып жоқ мен үшін. 

Көңілімнің шырағы да өзіңсің

Кетсең жырақ, іздеп сені сенделем. 

«Ғашықсың ба біреуге?»-деп сұраса

Ойланбай-ақ махаббатым сен дегем!

Сен мен үшін, ай мен күннен сəл артық,

Əлемнің бір кереметі ғанасың!

Жаратқаннан тілемеймін басқасын, 

Тек қана сен, аман болшы Анашым!

Достық

(Аға мен қарындастың диалогы)

-Əй, қыз неге доссыз жүрсің?

Сырлас тапшы өтінем!

-Көңіл демеу таппағасын,

Досты ұмытып кетіп ем

Арам ойлы, тасжүрек қой,

Аға, бəрі шетінен! 

Пакиза АРЫСТАН. «Мен бармын деп ойлағайсың жаныңда»


30

-Олай деме, жақсы адам көп,

Неге көре білмейсің?

Танымастан бəрін сөгіп,

Шеттерінен күндейсің.

-Бар қулығын ішке сақтап,

Жүретіндер баршылық.

Аға, қазір жақсы адам аз

Сен ол жағын білмейсің.

-Ақымақ қыз, сен менсінбей

Жүрсің бе əлде оларды?

-Жо-жоқ аға, жəй оларға

Мендік сенім жоғалды.

Барлығына кінəлі қып тек мені,

Неге қорғай бересіз сіз соларды?! 

-Қорғағам жоқ, түсінсеңші сен мені,

Барлық адам жаман емес жердегі.

-Иə, бірақ аға достыққа 

Лайық деп көрмедім бір пендені. 

-Менің тіпті 100- ден аса досым бар!

-Иə білем, басыңызға іс түскенде тосылар.

Бастарыңыз қайғы деген у- да тарқап 

əр жаққа,

Тек қуаныш, шаттықтарда қосылар.

Ондай достың керегі жоқ,

Аға менің басыма.

Ондай досты ерте алмаймын,

Өлсем- дағы қасыма. 

Сен сондықтан неге доссыз мұң 

жамылып  жүрсің деп,

Мен үшін көп өтінемін, бұлай, аға, 

жасыма. 


Досың сырлас, жол көрсетер 

бағдаршың да болады 

Тағдырыңның кез болғанда торабы.

Мен досымды ерте ме кеш бəрібір де 

табамын,

Сенің жаның сол сəттерде мұздай 

суып тоңады. 

- Ақылсынбай, жүрші əрмен 

суынбаймын, тоңбаймын 

Таусылмайды екен сенің əйтеуір 

бір сондайың! 

- Аға, достық өміріңнің негізі 

Ал жарайды уақытыңды алмайын.

Аа, айтпақшы ағатайым, 

Менің де бар жолдасым...

-Ал қанекей айта қойшы, суреттеп 

бер қол-басын? 

 -Мен оны ылғи алып жүрем 

өзімменен ағатай, 

Сырларымды айтуыма оңайырақ

 болғасын. 

Түйін ойы болған сонау ақыл 

менен сананың ,

Мен тек содан бақытыма шабыт, 

ұшқын аламын.

Менің досым, табылатын қайда 

болсам жанымнан

Мен сыр айтсам ,

Ол жыр жазған- қасиетті қаламым!

 *«Үркер»*№12017


31

Күз

Қайғы оранып келдің қайта далаға, 

Тұз себелеп жүректегі жараға. 

Кеуде керіп, ысқырындың өзіңше, 

Қалып едің сан ада.

Неге олай деп барлық адам таңданды,

( Көміп қойдың сары мұңға бар маңды)

Жер жүзінде тек мен ғана білемін,

Күз не үшін зарланды?!

Соным үшін жазғырады көп мені.

Өксініңді жасың еттің төкпелі,

Ашуыңды жасын еттің жарқ еткен,

Елемедің, еленбедің өйткені.

Түсінемін, неге олай етесің,

Көп адамның үміт жібін сөгесің.

Бұрынғыдай оралмаған болсаң да,

Бұрынғыдай үндей алмай кетесің!

Амалсызсың, шараң да жоқ қыларға,

Етің өліп кеткен тіпті бұған да.

Күзді елемей, барлық адам неліктен,

Кетті екен беріліп тым құмарға?

Күзге қарап көп қасірет тартамын,

Мұңданам да, күйін кешем ортаның.

Адамдардың кесірінен сары күз,

Тасжүрек боп кете ме деп қорқамын

Əке

Балалықтың қызуына алданып,

Əке, сені өкпелеттім көп білем.

Болды бітті, тек алдыға қарманып,

Өкініштің тармақ жібін сөктірем.

Ақылыңды тыңдаймын да, кешегі

Өшіп бара жатқан ізді жалғаймын.

Бақыт сыйлап əлі-ақ саған еселі,

Олқылыққа ешқашан да бармаймын.

Қателеспей мың торапқа бəрібір,

Бұл өмірден өз жолымды табамын.

Жұлдызымды жағамын да тағы бір,

Тарихтарда қайтсем-дағы қаламын.

Еңбектердің ақталуын мүдде етіп,

Ықылым күн қарымтасын қайтарам.

Қуанышты жүрегіңе бүрлетіп,

Болған кезде бірақ əке жай табам.

Бұл өмірден əйтеуір бір бақ тауып,

Орындалса «тұңғышыңның» арманы.

«Менің қызым осындай» деп мақтанып,

Маңдайымнан иіскесең болғаны! 

Əже

Көңіліңе ала берме барлығын,

Бет- жүзіңе тұмшалатып ауыр мұң.

Қадіріңді сенің қалай біледі,

Ақ жаулықтың білмейтіндер қадірін!

Бар еңбегім кетіп жатыр текке деп,

Бізді босқа сөкпе өтінем, өкпелеп.

(Қасиетін білмейтіндер ананың,

Нұр жұмаққа қай бетімен беттемек)

Білем, білем бəрі ауыр кəріге,

Сен жай ғана көз жұма сал бəріне.

Менен гөрі өзің жақсы білесің,

Бұл шырмауық уақыттың заңы не?!

Талай- талай тағдырлардың куəсі,

Бұл сынақ қой өтінемін шыдашы.

Сынақ деген бірінен соң біріне 

Берілетін жаратқанның мұрасы.

Ада қалып əлі-ақ осы сынақтар,

Төгіледі саған сансыз шуақтар.

Баяғыда лаулап жанған жалыннан,

Ұмытпағын сөнбей қалған мұрат бар.

Күбірлеуге білесің ғой құмар ел,

Арманыңа жете алмадың кінə не?

Арманыңды орындаймын түбінде,

Тек өзіңе шыда жаным, шыда де!

Пакиза АРЫСТАН. «Мен бармын деп ойлағайсың жаныңда»


32

Тұрымбек ҚАСЕН

1976 


жылы 

Шығыс 


Түркістан  аймағының  Іле 

өңірінде  туған.  Бүгінде  сол 

өңірде  мəдениет  саласында 

қызмет  істейді.  Əңгімелері  қазақстандық  баспасөзде 

жиі жарияланып тұрады.     

ҚИЯНАТ


Көгілдір  телеэкранда  қамшы  салдырмас 

су жорғадай тайпалған өткір тілді, қағылез жас 

жүргізуші еріні-ерініне жұқпай, еліміздегі «Он 

үздік  қызметкердің»  бірі  болған  атағы  дүйім 

елге  танымал  медицина  маманын  көрермен 

қауымға  шаттық  сезіммен  əр  қырынан  та-

ныстыруда.  Оның  қасында  екі  иығына  екі 

кісі  мінердей,  құйған  құрыштай  сом  денелі, 

ай  маңдайлы,  қою  қасты,  ойлы  көзді,  орта 

жастардағы  жігіт  ағасы  Аршын  Көмекбайұлы 

алдында  қойылған  «Қазақ  ұлтының  дəстүрлі 

емшілгі»  атты  ғылыми  еңбегіне  əрегідік  көз 

жүгіртіп,  журналистің  қойған  сауалына  аса 

байыптылықпен  ыждағатты  жауап  қайтарып, 

сұхбаттың шырайын ажарландыра түсті.  

Экраннан көз алмай сүйіне қарап отырған 

Құралбай қарт дəл осы тұсқа келгенде:  

–  Аумаған  Қалдыбай  марқұмның  өзі 

екен,-деп еріксіз дауыстап жібергенін өзі де сез-

бей қалды.  

–  Немене,  түс  көргендей  ерніңді  жы-

бырлатып  отырсың? -деп  қасындағы  құлағы 

мүкіс  шүйкедей  кемпірі  жаратпаған  сыңаймен 

кірпідей жиырыла түсті.  

–  Мына  Көмекбайдің  баласын  айтам, 

қарашы  өзін,  азамат  деп  осыны  айт!  Бір  ауыл 

түгілі бар қазақтың бетке ұстар мақтанышына 

айналды.  Атасы  Қалдыбайды  бала  күнімізде 

көрген едік. Үлкендердің айтуынша көне заман-

да ел тізгінін ұстап, көптің жүгін арқалаған ел 

қамқоры болған деуші еді. «Бір құшақ отыннан 

бір  оқтаулық  шығады»  деп  бұрынғылар  тегін 

айтпаған  ـ  ау.  Жанысбай  тұқымынан  қара  үзіп 

осы шықты. Əттең, осы жігіт білім қуып, кітап 

кемірумен кетті, деп қарт басын шайқады.  

Құралбайдың түсінігінде «Мың күн атан 

болғаннан бір күн бура болу бəрінен артық» де-

ген ескі пəлсəпа мықтап орын алған.   

 - Бұл күнде теледидарға кім шықпай жа-

тыр?  Жұрттың  қалтасын  қаққан  алаяқтар  мен 

жан баласына қайыры тимеген қарау байларды 

да мақтауын жеткізіп, көкке көтеріп жатыр ғой 

бұл жазғандар. . . Оның несі таңсық?   

–  Тəйт,  ақымақ  қатын! -деп  қоразданған 

Алыстан жеткен əѕгіме 


33

Құралбай саңырау кемпіріне қоқилана қарады.

Беталды  көсемсімей  жайыңа  отыр.  Бұл 

жігіт оларға мүлдем ұқсамайды. «Баласы шын 

жақсының  текті  болар,  алдында  үлкендердің 

епті болар» деп Шөже ақын айтқандай, тектінің 

тұқымынан қашанда дегдарлық үзілмейді екен-

ау!.. -деген қарт кең тыныстап, қысық көздерін 

жыпылықтатып,  қиялы  қыраттарды  шарлай  

бастады.  

...«Қайтып  қолым  барды  екен.  Қалай 

ғана?..  Сол  періштедей  кінəсіз  жанға  қиянат 

істеген сынғыр қолым күйреп кетсейші!  Соны 

ұрғанша  қара  жерді  ұрсамшы,  осы  күні  ар-

шын ауылға келіп, ұшыраса қалса, соны ойлап 

бетімнен  отым  шығады.  Жерге  кіріп  кетер-

дей күй кешем. Бірақ, ол мұны ұмытып кеткен 

секілді,  жолыққан  сайын  жайраңдап  аманда-

сып  жатады.  Əй,  қайдам,  сəби  көңіліне  түскен 

жарақат  қайдан  айыға  қойсын?  Е,  надандық, 

бізге жұқтырмаған бассыздығың аз ба еді. Сол 

кезде  əтіретке  əрбакеш  болғаныма  марқайып, 

құдайдың  құлағын  ұстағандай  жер-суға  сый-

май жүріппін. Əй, ақымақ басым... »  

Қаңтар  айының  аласұрған  қаһарлы  бір 

күні  еді.  Ақ  тонға  оранып,  көк  белбеуді  бекем 

байлаған,  түлкі  тымақты  Құралбай  пар  атты 

арбаға жегіп алып, қасқа жолды бойлап, божы-

ны ұстаған беті манағы аттанарда бастығымен 

бөліп  ішкен  жарты  құмыраның  желігінде 

«Сəулем-айды» ыңырси айтып, желдетіп келеді.  

Қарсы  алдынан  арқан  бойы  аралықта, 

жол  шетінде  басына  ескі  сеңсең  тымақ  киген, 

жұтаң киімді қара домалақ бала қолын көтеріп, 

сəлем  жоралғысын  жасаған  еді.  Арбакеш  оны 

елеңғұрлы көрмей жанынан ағызып өте шықты. 

Жолаушы  бала  жүгіре  басып,  арбаның  артқы 

шанағына жармаса бастаған еді. 

  -Əй,  қайтпексің? -деп  алдыңғы  жақтан 

Құралбайдың  гүжілдеген  тарғыл  дауысы 

естілді.  

–  Ағатай,  ала  кетіңізші!  Ауылдағы  мек-

тепке бара жатыр ем! -деп кінəлі бала арбакеш-

ке жəудірей қарады.  

– Түс арбадан! -деп шабынған бурадай ар-

бакеш балаға оқты көзімен шүйліге қарады.  

Баланың  арбадан  түскісі  жоқ  еді.  Таныс 

адам  болған  соң  жолда  тастамас,  əдейі  маған 

көрсеткен қалжыңы болар деп жорыды. Сəлден 

соң  «сарт»  ете  түскен  бишік  жон  арқасын 

ұстарадай  тіліп  түскенде,  ٴөз  болжамынан 

жаңылғанын сонда барып аңғарды.  

Тауаны шағылған жас жүрек екі көзі жа-

саурап,  ақ  кебін  оранған  меңіреу  далаға  ұзақ 

уақыт  жəутеңдеп,  көз  салумен  қала  берген. 

Екі-үш  күн  өткен  соң  Аршынның  ақ  боран-

да  адасып,  жол-жөнекей  бір  малшының  үйіне 

барғанда, иті қауып жараланғанын ол ауылда-

старынан естіді. 

    «Əй,  сол  жолғы  иттігім! . . » деп  ба-

сын  шайқаған  Құралбай  артынан  «Сондағы 

көрсеткен  есер  қылығымның  бодауы  үшін 

аршынды  іздеп  барып,  ат  шапан  айып  төлеп, 

аяғына жығылсам, сол надандығымды кешірер 

ме  екен,  қайтер  екен?.. »-деп  мазасызданған 

қарттың ойы осы араға келгенде, ішкі үйде ма-

надан бері ұйықтап жатқан үрпек бас 6-7 жасар 

немересі оянған беті далаң үйдегі төрдің сыпы-

сына лақша секіріп шықты да:  

–  Ата!  Меңгергішті  қайда  қойғансың?  

Кəртөн филым көремін,-деп қиғылық салған ол 

қарттың назарын басқа жаққа бұрып жіберді.  

Креслода  отырған  арық  тəнді,  аққұба 

əйел  экрандағы  таныс  қонақтың  жарқын 

бейнесін көрген сайын əлденеден қысылып, екі 

беті  дуылдап  өзін  қоярға  жер  таппай  мазасы 

кете  бастады.  Соңынан  Аршынның  бақытты 

жанұясымен  танысқанда,  көкірегіне  улы  жебе 

қадалғандай жүрегі сыздап сала берді. . .  

 «Неткен шолақ ойлы толғамсыз жан едім» 

деді  ол  ішінен  өзін  жазғырып.  Халқымыздың 

Тұрымбек ҚАСЕН. «Қиянат»


34

«Үмітсіздік-сайтан  ісі»  дегені  айна  қатесіз 

даналық  толғам  екен.  Кезінде  мен  Аршынды 

өте  қораш  санаппын.  Əуелі  күні  бүгінге  дейін 

көзге ілмей келіппін-ау. Шынын қуғанда қолда 

бар алтынның қадіріне жетпегеннің бірі мен бо-

лармын. Енді ойласам, оған кешірілмес қиянат 

жасаған екенмін. Тəңір сыйлаған болмашы ажа-

рыма  бола  сол  шақтарда  өзімді  Перизатқа  ба-

лаппын.  Құдай  ұрғанда  əпекемнің  «Ауылдан 

келген  қара  мойын  малшының  баласы  қанша 

кезең аса алар?  Онан да қоғамдық орны жоғары 

біреудің  етегін  ұста! » деген  пəтуəсіне  иман-

дай ұйыппын. Не деген масқаралық десеңізші!  

Басқасын  қойшы,  одан  қол  үзер  сəтте  естіген 

жанның  құлағына  түрпідей  тиетін  сол  была-

пыт сөздерге қалай аузым барды екен. Ол менен 

бұндай сөзді ешқашан күтпеген еді. 

–Мөлдір,  бұл  қайткенің?  деп  маған 

қимастықпен қинала көз салды.  

Дəл  сонда  мен  одан  құтылуға  асық  бол-

дым. Оның күдерін үзу үшін жан жарасына тұз 

себетін  сол  тұрпайы  сөздерді  айтып  көңілін 

тезірек суытуды ғана ойлаппын.  

–Өзіңді  кіммін  деп  жүрсің?  Қолыңда 

оқу  бітірген  бір  жапырақ  деплөміңнен  басқа 

сүйенер  нең  бар  еді,  байғұс!  Бұл  күнде  сен-

дей  қайыршыны  кім  керек  қылады?  Мына 

түріңмен  мені  қалай  бақытты  ете  алмақсың?  

Екеуміз  тегінде  бір  кеменің  адамы  емеспіз.  Ең 

дұрысы – маған жұғыспай көзімнен аулақ жүр, 

жолыңа түс!   

Осыны айтқанда, ол қанша сабырлы бол-

са да төзіп тұра алмады.  

–Жетер енді, -деп жүзінен намыс оты жылт 

ете қалды. Артынан: –Сенің мұндай талғамсыз, 

қауырсыннан  қадырсыз  жан  екеніңді  ертерек 

сезсем,  саған  жалыну  түгілі,  маңайыңа  жуы-

мас  та  едім.  Сен  секілді  ардан  безген  əулекіге 

қор болған қайран уақытым,-деп теріс айналып 

жүрді де кетті. 

Өнер қуған пендеге сүйініш білдірудің ор-

нына оған кемсіту, масқаралау сықылды сорақы 

танымда  болыппын.  Оның  орнына  кастюмін 

қырлап  киген,  сырты  жылтырауық,  іші  қуыс 

көр  кеуде  Ермекке  құдайдай  табынып,  құрша 

жорғалап барымды сыйлаппын. Алайда күндер 

өте  əлгі  мырзам  маған  үрке  қарайтын  болды. 

Жаратушы Аршынға көрсеткен сый табағымды 

өзіме де көрсетті. «Тас-Таразы, тəңір-қазы» де-

ген рас-ау. Жиырма беске жетпей тұрып «Жесір 

келіншек»  деген  желекті  жамылып  үлгірдім. 

Ойласам,  гүлдей  құлпырған  жастық  шағым 

тоғышар  біреудің  көңілін  ашып,  мауқын  ба-

сар  қолжаулығына  айналыпты.  Өзгеден  көрер 

жөнім жоқ. Бəрі өзімнің сəнқойлығымнан тапқан 

кеселім. Аршын қарапайым жан болса да маған 

өте  адал  еді.  Мен  үшін  не  қиындықтың  бəрін 

көтеруге пейіл екендігі оның риясыз көңілінен 

білініп тұратын. Оған істеген опасыздығымды 

ойласам, дүниеде менен өткен тасбауыр жан жоқ 

секілді. Ол бала күнінде сыйласқан сабақтасы – 

Жанарға жанашырлық көрсетіп, жылы құшағын 

ашты. Жаңаша тірлік жолын сыйға тартты. Ау-

ылдан қалаға əкеліп кəсіп иесі етіп тəрбиеледі. 

Шынайы  адамгершілік  қасиетке  бағыштай 

білді. Қажыр – қайраты берік жан қандай қиын 

қамал болса да, алмай тынбайды екен. Ал қазір 

ол  миллиондаған  адамның  сүйіктісіне  айна-

лып, атағы шартарапқа шарлады. «Бейнет түбі-

зейнет»  деген  осы  болар.  Дəл  бүгін  дəрменсіз 

жан  екенімді  енді  сезгендей  болдым.  Оған 

жар  болуға  лайық  жан  еместігімді  аңғардым. 

Оған мəңгілік борыштар екенмін. . . Мөлдірдің 

қабағына  мұң  ұялап,  жанарына  жас  шықтары 

жиналып жүрегі елжіреп кетті. Дəл осы сəтте:  

–Мама! -деп дауыстады қасындағы 14-15 

жасар ұл баласы.  

–Не дейсің, балам?  !   

–Спорт 


арнасында 

бүгін 


темір 

жұдырықшылардың сайысы өтеді екен. Осыны 

көрейікші,-деген бала тілегі кінəлі əйелдің наза-

рын басқа арнаға жетектей жөнелді.  



 *«Үркер»*№12017

35


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет