Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата16.02.2017
өлшемі0,8 Mb.
#4190
1   2   3   4   5   6

Батырбек ҮРІСТЕМБЕКОВ

9

Замана


«Қазақ медицинасы қарыштап дамып 

келеді. Жаңа технологияның тегеуріні ал-

дында ешбір ауру алқынып тұра алмас» 

деп дүркірейміз. Шындығында қазіргі 

денсаулық саласының татымды тұщысынан 

гөрі айтар ащысы басымырақ болып тұр.

Кеңірдектен алған кейбір ауру түрлері 

«емім жоқ» деп еліріп-ақ тұр.Ал,менің 

мына айтайын деген ахуалым, қасиын де-

ген  қотырым өтірік-шыны аралас емшілер 

хақында. «Отандық медицинаның əлеуеті 

əлсіз танылған сырқат түрлеріне шипа тап-

ӘУЛИЕ  ЖАҒАЛАП 

АДАСПАЙЫҚ!



Айзат РАҚЫШЕВА 

1983 жылы Шығыс Қазақстан об-

лысы,  Күршім  ауданы,  Теректі  ауыл-

ында  дүниеге келген. Орта мектепті 

бітірген соң, Өскемен қаласындағы  

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың  

филология факультетіне оқуға түседі. 

Оқу орнын 2006 жылы бітіріп, аудандық газетте тілші болып 

қызмет атқарады. 2007 жылы Алматы қаласына келіп, мек-

тепке қазақ тілі пəнінің мұғалімі болып орналасады. Содан 

бері түрлі республикалық, халықаралық басылым беттерінде 

əдеби көркем жəне публицистикалық шығармалары үздіксіз 

жарияланып келеді.

тым» деп, дертінен қалай айығарын білмей 

дегбірі қашқан жұртқа арамза молдалық 

жасап жүргендер қатары көп-ақ.

Бұлай деуімнің нақты себебі бар. 

«Ақтөбе қаласында  кез келген ауруды 

құлан таза сауықтырып жіберетін керемет 

əулие бар» дегенді өткен жазда құлағым 

шалған  еді.  Алғашында    мəн  бермедім. 

Əйтсе де уақыт  озған сайын əлгі əулиенің 

дақпырты дабырайып, «өліп бара жатқан 

адамға дем салып тірілтіпті-мыс» деген 

сынды аңыздар ақыл көзін тұмшалап, соқыр 


10

сенімге бағындырды. Арнайы Ақтөбеге жол 

шегіп, мекен-жайын тауып бардым.Отарба-

да отыз сағат жолсоқты болып жеткен едім. 

Таңғы сағат тоғызда əулиенің үйінің алды-

на шоғырланған көптің арасында ұзақ-сонар 

кезекке мен де тұрдым. Елу бір жастағы 

Жанарыс Жақсылықұлы есімді əулиенің 

шынайылығына шүбəсіз сенумен болдым. 

Көпшілік арасында «ата» атанған емшінің 

көмекшілері көп екен, тіпті. Онсыз да жол-

дан сілем қатып шаршаған маған олардың 

өмір жайлы, адамгершілік турасындағы 

уағыздарын тыңдау ауырға соқты. Арақ 

пен темекінің кесірінен туындайтын қазіргі 

қоғамымызға аса жақын небір азғындық 

түрлері көмекшілер аузынан тозақтың 

кəріндей естілді.«Мына тұрған бəріңде 

күнə бар» деп жер тепкілеген егде ер адам 

ол күнəлардан құтылудың, ақ жолға ие 

болудың тəсілін «тауып айтты»: «Атаның 

мына суретін 500 теңгеге сатып алып,таза 

бір жерге, қойын қалталарыңа, ақша 

жүрмейтін  өзге  де  адал  тұсқа  жасырсаң, 

əманда жолың болады!». Ешкім ұмтылып 

шыға қоймаған соң, көмекші айғайға ба-

сты. – «Неге жалындырасыңдар?! Алыңдар! 

Ақшасы жоқ адамдар да болады. Оларға 200 

теңгеден сатып алуға рұқсат!» Осылайша 

кішкентай көлемдегі əулие Жанарыстың 

фотосуреті 200-500 теңгеден саудаланып, 

теңгелер топырлап, көмекшінің дорбасына 

түсіп-ақ кетті. «Ақша мен алыпсатарлық  

жүрген жерде қайдан иман болсын?» деп 

ішім қылп ете қалды. Əйтсе де əліптің ар-

тын бағып, үн-түнсіз тұра бердім. Сəлден 

соң егделеу келген үш-төрт əйел ішке бас 

сұқты. Емін-еркін ентелей кіргендеріне 

қарағанда  олар  да    атаның  көмекшілері 

тəрізді. Бір əйел қайта тысқа шығып, өзін 

«Бибігүл» деп таныстырды да, келгендерді 

əзірейілдей 

тергей  жөнелді. Қоятын 

сұрақтары: «Қайдан келдің?, Атадан 

не сұрайсың? Ауруың не деп аталады?, 

Тұрмыста барсың ба?, Ажырассаң,неге 

ажырастың?, («Неге отбасын құрмай 

жүрсің?)» Зірк-зірк етіп жүріп, өзінің көп 

балалы ана екенін де айтты. «Ол балаларды 

ата берген» деп жəне қосып қойды.Сайтан-

дай сап етіп тағы бір əйел келді де, «қазір 

ата шашу шашады. Соған осы тұрғандар 

200 теңгеден жинап бересіңдер. Атаның өз 

қолымен шашқан шашуынан бір кəмпит  

алсаң да, тілегіңнің орындалғаны»-деп 

жұмсақ үнмен жылпың қақты. Көңілімді 

торлай бастаған күдік одан əрмен кеулей 

жөнелді. Дертіне дауа іздеп келген 30-40-тай 

жан екен, сонда шамамен 7-8 мың теңгедей 

жинап алады. Соншалықты құны қымбат 

неткен  шашу  болды?  Атаның  өзін  көрмей, 

асығыс қорытынды шығармайын деп, саба-

ма түстім.

  Ақыры ішке кірдік-ау. Сол баяғы 

«көп балалы анамын» деген əйел «құрметті 

халқым» деп бастап, бүгінгі қоғамның кер-

тартпа тұстарын түгендей жөнелді. «Бала-

ны  аз    табасыңдар,  арақ  ішесіңдер,  жүріс 

жүресіңдер» деп желкелеп алды.«Қатты 

сөйлесем, ренжімеңдер. Халықпен жұмыс 

болған соң, солай болады да» деп сəл 

сыпайылық танытты. Кіргендер 3х4 

көлеміндегі фотосуретке түсуге міндетті 

екен. Ол науқас толтыратын анкета үшін 

қажет.Құны-200 теңге. Аталған анке-

та  парақтарын  таратып,    «Өздерің  жай-

лы толық мəлімет жазыңдар. Қолыңда 

ауруың жайлы дəрігер қорытындысы болса, 

көшірмесін анкета парағына қосып тігіңдер. 

Үйден жазып, түстен кейін алып келіңдер»,  



 *«Үркер»*№72014

11

– деп ескертті.Сосын құлшылық басталды. 

Құлшылық сөздерін көмекші əйел жаттату-

мен  болды.  Садақа  жəшігіне  барып,  өзіміз 

қалаған мөлшерде  садақа тастадық. Осы 

жерде «ата оқыған, дəрілік қасиеттері бар» 

деп орамалдар, иіссулар мен иісмайлар са-

тылды. Бұл заттарды «қайтсең де ал» деп 

ешкім алқымнан алмаса да, емделуге кел-

гендер қалталарына қарап алып жатты. Ол 

заттарға да қол созбай, атаны тағатсыздана 

күтіп мен отырмын. Жəрдемші əйелдің 

уағызын тыңдасам, былай екен:«V ғасырда 

Қыдыр ата өмір сүрген. Ол өзінің аруағын 

он екі мың ғаламның ішінен Жанарыс 

Жақсылықұлына қондырды. Сондықтан 

Жанарыс ата- əулие, əрі «Қыдыр атаның 

сүйікті баласы» атанды. Сендерге емді ең 

бірінші Алла, сосын Қыдыр атаның аруағы, 

сонымен бірге тірі аруақ Жанарыс ата жасай-

ды. Осы отырған қалыптарыңда сендер ем 

алып отырсыңдар...»Құдды бір өзі көзімен 

көріп, қолымен ұстағандай етіп айтып отыр.

  Осы сəт бір мосқал тартқан ер  адам 

кіріп келіп, «мен-ауыл əншісімін. Атаның 

шақыруымен ем алуға келген кісілерге 

дəстүрлі əндер айтып, көңілдерін көтеремін. 

Келмесем, ата түсіме кіреді. Бүгін де сөйтіп 

кеп қалдым,»-деп таңдайы тақ ете қалды. 

Домбырамен əлдебір əнді ащы дауыспен 

орындап шықты. Сонда баяғы көмекшілердің 

бірі тек тұрмай, ауыл əншісінің қалтасына 

ақша салды. Бұл  жиналған қалың жұртқа 

көрсетілген емеурін екенін бірден білдім. 

Домбырасын безілдетіп шал кетер емес, 

себебі қалтасы қампайған жоқ. Жəне бір 

терме айтты. «Бірде Арал жайлы бір термені 

Нұрсұлтанның алдында шырқағанмын.

Ол  орнынан  атып  тұрып,  «менің  Арал 

қаласы бойынша уəкілім бол» деді», – 

деп көпіріп мақтануға кірісті. Ə дегенде 

Нұрсұлтан деп құрдасындай  айтқанына 

қарап, Елбасымыз жайында  жақ ашпаған 

болар деп шамалағаным бекер шықты. 

«Содан бері Нұрсұлтанның қабылдауына 

кезексіз кіріп жүрмін», – деп масаттанып 

тұрғанын көргенде барып, Елбасымыз 

жайлы өтірік-шыны белгісіз əңгіме айтып 

тұрғанын аңдадым. «Ем алып қайтыңдар» 

деген тілекпен əжептəуір ақша жинап 

алған термеші шал жөніне кетті.«Концерт» 

мұнымен бітпеді. Белгісіз жас жігіт ортаға 

шығып,«Ата туралы шығарылған» деп бір 

əнді орындады. Оның да қалтасына маған 

жүзі таныс көмекші ақша салды. Көргенін 

айнытпай қайталайтын  халықпыз ғой, 

отырғандардың арасынан əлгінің əрекетін 

жалғастырушылар көбейді. Емшіге 

келгенімді, жоқ əлде мерекелік кешке кіріп 

кеткенімді бажайлай алмай отырғанымда, 

түс ауып кетті. Сонда бəз-баяғы «Батыр 

анамыз» теледидарды қосып, атаның ал-

дында өзімізді ұстау ережелерімен таны-

стырды. Мына бір сөз кеудемдегі күдігімді 

жандандырып жіберді: «Келгендерге бір-

бірімен  танысуға  болмайды.»  «Бір  көрген 

біліс, екі көрген таныс» дейтін қазақ бала-

сы емеспіз бе? Жөн сұрассақ, ақырзаман 

орнай ма екен? «Таныспаңдар» деп тый-

ым салғандарына қарағанда, сезікті бұрын 

секіредінің керін келтіріп отыр-ау, шама-

сы.  «Батыр  ана»  ортаға  шығып,  атаның 

кереметтігі хақындағы оқиғаларды жіпке 

тізді: 


1. Ата рак, туберкулез, СПИД аурула-

рына ем тапқан. Емі-құдіреттің күші.

2.  Өмірі  бала  тумаған,  жатыры  кеуіп 

қалған əйел атаның бір қабылдауынан кейін 



Айзат РАҚЫШЕВА. «Əулие  жағалап адаспайық!»

12

егіз  ұл    туған.  Еш  толғақсыз  қиналмай 

босанған əйел «баланы мен тудым» деп 

кеудесін кергенде, ата оның жатыры-

нан тоғыз жарым литр қан кетірген. Бұл 

құбылысқа дəрігерлер қайран қалған. 

Ақыры əйел атадан кешірім сұрағанда, қан 

сап тыйылған.

3.Америкадан Ник деген жігіт келіп, 

атадан бала сұрап, тілегіне жетіп қайтты.

4. Сендер ақшаларыңды қимай 

тұрғанда, жолдарың жабылып, бақытсыз 

болып қала бересіңдер. Ал, Ресейден орыс-

тар келіп, атаның суреттерін жəшік-жəшік 

етіп  сатып алып кетіп жатыр.

5. Ата сынған сүйекті қалпына 

келтіріп, бір ақсақты тың етті. Сөзінің 

дəлелі ретінде əйел əлдебір медициналық 

қорытындыларды көрсетумен болды.

    Сағат  үшті  көрсетіп,«аш  бала  тоқ 

баламен ойнамайдының»  кері туа баста-

ды. Көмекші əйел оған да қарамастан, ка-

мераны қосқызып, əрбір келушіге атадан 

не сұрайтынын, əулиеге қалай амандасу 

керектігін үйретіп, «дайындық» жасай баста-

ды. Əйел заты «Сəлеметсіз бе, Қыдыр ата?» 

деп амандасатын болса, еркек кіндіктілер 

«Армысыз, Қыдыр атаның сүйікті баласы 

Жанарыс ата?» деп сəлемдесуі шарт екен. 

Осының бəріне «ширыққан дайындық» 

жүріп жатты. Өмірде бұлай тынысым 

тарылмаған шығар. Арман болған атам сағат 

тілі төртке таяғанда, төбе көрсетті. Иіліп 

сəлемдесіп жатырмыз. Əулиеге тəн белгі 

байқамадым. Джинсы шалбар, жүн күртеше, 

басында шошақ қалпақ. Ем алушы алғашқы 

адам кішкентай қызын ертіп келіпті. 

Соқырішек отасынан кейін қызының іші 

ауыра беретін болыпты. Дəрігерлер нақты 

диагноз қоя алмаған соң, атаға келіпті. 

Ата былай деп ем айтты:«Кешке шейін 

кеспе қуырып бере берсең, баланың іші 

ауырмағанда қайтсін? Балаңа бешбармақ 

жасап бер.» Буын ауруымен ауыратын бір 

əйелге «сыртқа шығып,таза ауамен тыныс-

тап қайт» деген дауа айтты. Баланың ой-

ынындай бір түрлі көрініс болды. Алайда 

көптің арасынан секем алушылар, шүбə 

келтіріп күмəнданушылар болмады. Бір ер 

адам шығып, атадан арақтан қашудың емін 

сұрады. Ата оған «үйлен» деді. Үйленсе 

бар жаман қасиетінен, сырқатынан айығып 

сала береді-міс. Сөйтті де ата шығып кетті. 

Көмекшілер музыка қойып, «билеңдер» 

десті. Би кезінде «шипа жиямыз» екен.

Манағы жас жігіт жəне бір əндерін қоймай 

айтып тұрып алды. Оның қалтасына да 

ақша салып берді «ақылды емделушілер». 

Атамен жүздесу бақыты бұйырып, ол қайта 

кіргенде орнымнан тұрып, иіліп сəлем 

еттім. Əулие ата сұрақтар қойды: «Қайдан 

келдің? Не жұмыс істейсің? Келгендегі 

мақсатың не? Күйеуге тидің бе?» Ана бір 

араққа тəуелді болып қалған бауырымызға 

айтқан емін маған да айтты. «Күйеуге ти. 

Бүкіл сырқатыңмен қош айтысасың. Күйеуге 

тию деген-табиғаттың заңы.» «Неге олай 

дейсіз?» деп аузымды аша бергенімде, мен 

бір қылмыс жасап қойғандай, көмекші біткен 

шу ете қалды: «Ойбай, атаға сұрақ қойма!» 

«Сауал тастау, құбылысқа жан-жақты үңілу, 

зерттеу-журналистке тəн қасиет,»- деп жа-

уап қатқанымда, ата бір жəрдемші əйелге 

«бұнымен оңаша сөйлес. Далаға алып кет» 

деді. Өзін «медбикемін» деген ол əйелдің 

маған айтқаны-«атаның қолынан бəрі 

келеді. Жол ашу да, дертіңді қашыру да. 

Тек сұрасаң болғаны. Ал, сенің ата тура-

лы жазуға ниетің бар ма?» Ниетім жалын-

 *«Үркер»*№72014


13

дап тұрғанын айтып, атамен сұхбаттасуға 

асыққан едім. Медбике «атаға сұрақ қоюға 

болмайды. Бірақ оның өзі рұқсат берме-

се, жаза да алмайсың. Заңға қайшы  əрекет 

еткен болып шығасың» деп үрейлендірді. 

Үрке қоймадым. Əлі де бақылай түспек 

болып, ішке кірдім. Ата бекер  тұрмай, 

менің өмірлік жарымды «тауып қойыпты».  

Емделушілер арасынан бір еркекті алып 

шығып, «екеуің жарасып кетесіңдер» деді. 

Атаның əмірімен вальс билеген болдым. 

Əулиенің айтқанына кіршіксіз сенген бе, ана 

жігіті құрғыр «танысайық» деп мені тергей 

бастады. Музыка аяқталып қалып еді, ата 

«енді сен жігітті биге шақыр» деп қыспаққа 

алды. Осылайша «бақыт тауып», шипа 

алуға болады екен. Жолдан шаршағанымды 

айтып, сытылып кетейін деп едім, 

көмекшілер «атаға қарсы келуге болмайды. 

Аяқ-қолыңды құрыстырып тастайды,»-деп 

ұлардай шуласты.«Жігітпен танысу ойымда 

жоқ» деп жұлқынып едім, көпшілік қоймай 

билетті. Билеген сыңай танытып жүріп, 

музыканың соңына əрең жеттім. Ата ор-

нына барып, көк мұқабалы қалың кітапты 

қолына алды да: «Бұл-киелі кітап. Көзі на-

шарлай бастаған бір қыз осы кітапты 120 рет 

оқып, жанарын қайтарып алды. Кітаптың 

авторы-Назарбаевтың сыныптасы.(Дөкей 

автордың атын атамады.) Егер осы кітапты 

менің өз қолымнан  5000 мың теңгеге сатып 

алатын болсаңдар, бүкіл үрім-бұтағың пəле-

жаладан,  ауру-сырқаудан  алыс  жүреді,»-

деп жарнама жасады. Құлшына сатып 

алғандар санынан көңілі тола қоймаған ата 

кітаптың аз қалғанын, жуық арада қайтып 

шыға қоймайтынын айтып ескертумен бол-

ды. Сосын құны қымбат «қасиетті шашу» 

шашылды. Атаның уыстап пəрменімен 

лақтырған  арзан,тастай қатты кəмпиттері 

біреулердің басына тиіп, енді бірулердің 

көзіне тиіп жатты.Оны емделушілердің «ой-

бай, басым», «көзім-ай» деген дауыстары-

нан аңғардым. Кəмпиттерді көктен жауған 

Алланың нұрына балап, таласып-тармасып 

алып қойдық. Менің қолыма екі кəмпит əзер 

ілікті. Кəдімгі арзан мұз кəмпит екен. Дереу 

жеп қойдым. Жемеске амалым жоқ, таңғы 

сағат тоғыздан бері нəр татпағанмын.

Осындай қарбалас сəтте ата залдан 

шығып кетіпті.. Бір жас жігіт түйетауықтай 

қойтаңдап келіп, «көздеріңді жұмыңдар. 

Сөмкелеріңді жерге тастаңдар» деп бұйрық 

етті. Орындыққа дүмін басып отырғандар 

тегіс бұйрыққа бағынды. «Айдың-күннің 

аманында тоналып қалмайын» деп, сөмкемді 

қолыма алып отыра бердім. Əлгі көмекші 

жігіт жақындап келіп,«Бұл-Құдайдың үйі. 

Бұл жерде заттар жоғалмайды. Көзіңді жұм. 

Сөмкеңді  таста.,»-деп  жекірді.  Отырғандар 

бір кісідей көздерін жұмып, мүлгіп 

отырғанда, сұғанақ қолдарға еркіндік 

тиері хақ. Шығып кетудің ебін таппай 

отырғанымда, медбике келіп, «Чо так си-

дишь? Закрой глаза!», деп шүлдірлеп зікір 

салмақ болды. Сонда сары алтындай сабы-

рым таусылып, шығып кеттім.

Алыстан ат арытып келгендердің көбі  

науқас жандар.Дəрігер дауасын таппаған 

соң, «атадан қайыр болар» деп үміттеніп 

келгендер.Ауруханада ақ халаттылар ақша 

сұрап қылқылдаса, мұнда əулие деп сеніп 

келген атасы «бағыңды ашам, жолыңды 

ашам» деп қалталарын қағумен болды. 

Сонда да секем алмай, ең соңғы болып 

өлетін əлсіз үміт жібінің бір ұшынан ұстап 

отыра берді олар. Сонда 7 сағат бойы жын 

ойнақ ортасында отырып мен не көрдім? 

Айзат РАҚЫШЕВА. «Əулие  жағалап адаспайық!»


14

«Бір ұлым, не бір қызым отау құрмады. 

Перзенттерімнің жолын ашшы!»-деп 

зарлағанда кеудесі запыранға толған қарт 

ананы көрдім. «Арақтан құтқаршы» деп 

еңкілдеген еркекті көрдім. «Күйеуім та-

стап кетті. Азаматымды қайтаршы!»-деп 

қайғы жұтқан жас əйелді көрдім. «Үйлене 

алмай жүрмін. Отбасын құрып берші» деп 

безілдеген, жасы келген ер-азаматтарды 

көрдім. Сол көз жасынан қаймықпастан, 

дорбаларына ақшаны сықитып жинап, суық 

сөйлеп, сыпыңдаған əулие Жанарыстың 

көмекшілерін көрдім. Өзін-өзі Қыдыр 

атаның сүйікті баласы жариялаған Жан-

арыс əулие қаншама адамның тағдырымен 

ойнағандай болып жүргенін біле ме екен? 

Жə, «біреу тойып секіреді, біреу тоңып 

секіреді». Жанарыс Жақсылықұлы той-

ып секірсін, құзғын-құлқыны маза бер-

мей, «Мына кітапты сатып ал. Сонда 

жолың ашылады!»-деп жекірсін. Ал, жаңа 

ғасырдың жаңашыл қазақтарына не жоқ?! 

Кеткен күйеуін Жанарыстан сұрағанша, 

өзінен неге сұрамайды сол келіншек? 

Бірде-бір баласы аяқтанбаған қарт ана 

Жанарыстың аяғын құшып, тілек тілеп зар 

илегенше,  неге өз бетімен əрекет жасамай-

ды? «Үйлене алмай жүрмін» деп үні шықпай 

сүмірейіп тұрған сол бір жігіттің қызға жүзі 

шыдап сөз айтуға рухы жетпей ме? Неге? 

«Арақтан құтқаршы» деп азар да безер бо-

лып тұрған ана бір бауырымыз сол əзəзілден 

құтылудың жолын өз жүрегінен неге 

іздемейді? Бұл көріністерден кеңес кезінде 

«өкімет өлтірмейді» деп жалқауланып 

үйренген қазағымның жалбағайлығын 

байқадым. Ал, Жанарыстың бас салып 

ақша жинағаны, сұрақ қойғызбай ат-тонын 

ала қашқаны көңілімдегі соңғы үмітті де 

өлтірді. Тек жүрегімді ашытқаны-дəрігер 

сырқатынан сауықтырар жол таппаған 

науқас жандар Жанарысқа үмітті көзбен 

мөлиіп отырғандары еді.

Егер біздің отандық медицина адам 

ағзасында болар дерттердің емін тапқан бол-

са, қарапайым қазақ əулие-əнбие жағалап, 

тентіремес еді.Ғылым қауырт дамыса, ме-

дицина «Мен!Мен!» деп тұрса, қалың қазақ 

бақсысымақтардан жанына сауға сұрап, са-

былмас еді.

Бір ғажабы сол-Жанарыс əулиемен 

көрші тұратын  адамдар одан ем сұрап 

ешқашан барып көрмепті. Əйтсе де əулие 

«шарапаты» көршілеріне де тиюде:түн 

қатып, күн жүріп, Ақтөбеге бара қалсаңыз, 

Қыдыр атаның сүйікті баласынан ем 

алғыңыз келсе, оның көршілері сізді пəтер 

жалдаушы ретінде қабыл алады. Пəтер жал-

дау құны-тəулігіне мың теңге.

Тарихтан белгілі, бақсы сарыны, бақсы 

зікірі деген ұғымдарды ғалымдар да теріске 

шығармаған. Бірақ қазіргідей алаяқ пен 

жемқор қаңғыған иттен көп кесірлі заманда 

олардың шын-өтірігін кім анықтай алсын? 

Əрі əулие-əнбие жағалап, алақан жайып, 

тілек тілейтін ескі заман өткен. Басың ау-

ырып, балтырың сыздаса, ауруханаға бар, 

қазақ! Бағың ашылмай боздасаң, жолың 

ашылмай тұсаулы аттай кібіртіктесең, 

бақсыға барып, арам терге түспе, ей, қазақ! 

Əр қазақты бар пəледен құтқаратын-оның 

өзі, қазақы биік рухы мен темірдей төзімі!

 *«Үркер»*№72014


15

Ќанатќаќты



Көк көйлекті көңілдім!

Түйнегіне мұз боп қатқан өмірдің,

Тəңір нұры-таңғы шық боп төгілдің.

Жалаң қалған табиғатты құлпыртып

Қош келдіңіз, көк көйлекті көңілдім!

Сен келгелі мазаламас басқа мұң,

Бітті əуені көңілсіз үнтаспаның.

Күрең күзде күннен үміт үзіп ем

Сен келгелі жыламайды аспаным.

Махаббат та тағы ұзартып құрығын,

Сұлулыққа сеуіп жатыр ұрығын.

Ақ бүрленді шешіп тастап теңіз де 

Өзгешелеу бұйралайды бұрымын.

Сен келгенде, менде көңіл үркулі,

Көбейтер сəт келгендей ме түртуді.

Ғажабыңа жыр тумайды қалайша

Ғазиза 

ЖҮСІПБЕКОВА 

1996 жылы Маңғыстау 

облысы Маңғыстау ауда-

ны, Шетпе кентінде дүниеге 

келген. 2002-2013 жылдары 

Шетпе лицейінде білім алған. Бірнеше рет облыстық 

ақындар мүшəйрасының жүлдегері, республикалық 

ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы.

Баќытты болсам 

дедім...


Сен келгенде жазбаған да біртүрлі.

Жалғыздықтан жатқан жүрек мұз қармап

Сен келгенде орынында сыз қалмады.

Қадірлім-ау, сен сыйлаған сезімнен

Жыр боп өсер кеудемде бір қызғалдақ.

Сен келгелі сезім жайлы үн қаттым,

Барша əлемге бақытымды тыңдаттым.

Қыста қайғы, күзде мұңға қаматып

Жалғыз тастап кетпеші енді,

қымбаттым!!!

Тағы да...

Бүгін мен тағы да өлеңнің үйінде

Түнімен түңіліп, сырымды құшақтап,

Тұңғиық тереңнен шақырып үмітпен

16

Мұңыммен кездестім.

Бүгін мен тағы да мас болып шарапқа 

Еске алып өткенді, жанымды жылатып,

Көңілдің жанарын көр қылған күдікпен

Күрестім...

Басқаша сезімді сезбеспін.

Бүгін мен тағы да телміріп аспанға 

Жұлдыздан жыр алып көшіріп қағазға,

Жаутаңдап бұлттарға қабағы түніккен

Жүгімді жинақтап жүрісті тездеттім.

Бүгін мен тағы да өшігіп қаламға

Жемтікке шүйліккен қыранша қомданып,

Алғысты айтпастан өткенге үңілткен

Мұңыммен қоштастым.

Қайтадан келмеспін!

Бүгін мен тағы да солай деп кетемін,

Жан байғұс шыдатпай сертімнен 

тайдырар.

Бүгін мен тағы да өлеңге келемін

Білмеуге тиісті кездесер кезді ешкім!

Тсс.....

***

Көктегі көпірге сəулесін асып күн

Шуағын сыйлаған сезімге асықтым.

Ақ боз ат үстінде ханзада іздеуші ем...

Қайтейін тағдырды?!

Мен саған ғашықпын!!!

Өкінбен.Ұнаттым.

Кінə да менде еді.

Түсінбей достықты ақ адал сендегі:

Өзгелер өшпестей салдырған жараны

Күн сайын сен шалған қоңырау емдеді. 

Мен жақсы көруші ем даусыңның қырылын,

Тілеуші ем бітпеуін уақыттың жырының.

Сағатта қос нөлдер жұптаса қалғанда

Күтуші ем елеңдеп телефон шырылын.

Байқамай түстім де ішіне ауыңның

Бақыт деп бағалап қиялға табындым.

Өзгелер жылауық деп санап жүретін,

Күлкісін естуші ем ақ ерке жауынның...

Қыран ең жетілген, əр жемге құнықтың

Ойнайтын арымен сезімі тұнықтың

Бақшаңа бөтен гүл жайғасты. Соңында

күндегі сырласың – мені де ұмыттың.

Ойлама!

Мен үшін енді тек елессің,

Ұмытам, кенеттен өзгерді демессің.

Өйткені қайтадан келсең де

Мендегі сезімге лайықты емессің!

Сырласам, сағындым демеші, түсінгін,

Жаныңды билесе тағы да тосын мұң.

Кеудеңде кірленген көңілсіз орынға

Тап-таза жүректі келмейді ұсынғым!

Түсін...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет