Құрманбаева Ш. А., саяси ғ. д


Список использованной литературы



жүктеу 4.01 Mb.
Pdf просмотр
бет4/29
Дата21.03.2017
өлшемі4.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Список использованной литературы 
1. Указ Президента Республики Казахстан от 24 августа 2009 года № 858 «О Концепции правовой политики 
Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года» // Казахстанская правда от 27.08.2009. № 205 (25949) 
С.2. 
2.  Назарбаев  Н.А.  План  нации  –  Путь  к  казахстанской  мечте  //  Казахстанская  правда  от  06.01.2016.  №  2 
(28128) С.4-6. 
3.  Дюсенов  Е.А.  Актуальные  вопросы  проведения  правового  мониторинга  в  Республике  Казахстан  // 
Правовой мониторинг в Республике Казахстан: теория, проблемы, перспективы: Материалы международной 
научно-практической конференции, 29 ноября 2012 года. – Астана: Институт законодательства Республики 
Казахстан, 2013. - С. 74. 
4.  Акмалова  А.А.,  Капицына  Д.В.  Мониторинг  как  вид  правового  контроля  в  системе  государственного  и 
муниципального управления // http://ars-administrandi.com 
5. Тихомиров Ю.А., Павлушкин А.В., Горохов Д.Б. Об организации и проведении правового мониторинга // 
Журнал российского права. - №6 (162). – 2010. С. 28-33. 
6.  Постановление  Правительства  Республики  Казахстан  от  29  августа  2016  года  №  486  «Об  утверждении 
Правил проведения правового мониторинга» // САПП Республики Казахстан 2016 г. № 44. ст. 271. С.56-57. 
   
Дюсенов Ербол Абаевич 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
21 
заң ғылымдарының  кандидаты, ММ «Қазақстан Республикасының Заңнама Институты», Астана 
қ.  
Құқықтық мониторингін жетілдіру өзекті мәселелері: заңнамалық жаңалықтар 
 
Dyusenov Yerbol Abaevich 
Candidate of Juridical Sciences, SI “Institute of Legislation of the Republic of Kazakhstan”, Astana city 
Current questions of improving of legal monitoring: legislative novelties 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
22 
ОӘЖ 343.11 
 
 
Жампеисов Думан Әбілтайұлы 
 
құқық бойынша философия докторы (PhD), Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң 
университеті, Семей қ. 
 
Жампеисов Даурен Әбілтайұлы 
 
докторант, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей қ. 
 
Камбаров Ерзат Серккалиевич 
 
маман-информатик, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей қ. 
 
«ЖЕТІ ЖАРҒЫ» НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАҢҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰҚЫҚ: 
САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ 
Бұл  мақалада  Тәуке  ханның  «Жеті  Жарғы»  заңдары  мен  қазіргі  кездегі  Қазақстанның  заңнамаларымен 
салыстыру  жүргізілді.  Мақалада  «Жеті  Жарғының»  құқықтық  негізі,  оның  ҚР  заңнамалары  мен  ұқсастығы  және 
айырмашылығы туралы жазылды. 
Түйін сөздер: Қазақ хандығы, Жеті Жарғы, қылмыстық құқық, азаматтық құқық, әкімшілік құқық, төрелік 
сот, судьялық этика. 
 
В  этой  статье  рассматриваются  законы  Тауке  хана  «Жеті  Жарғы»  («Семь  уложений»)  в  сравнительном 
аспекте  с  действующим  законодательством  Казахстана.  В  статье  показаны  правовые  основы  статей  «Жеті 
жарғы», их сходство и отличия с действующим законодательствами РК. 
Ключевые  слова:  Казахское  ханство,  Жеті  жарғы  (Семь  уложений),  уголовное  право,  гражданское  право, 
административное право, арбитражный суд, судейская этика. 
 
This article discusses the laws Tauke Khan "Zheti Zhargy" ("Seven Code") in the comparative aspect with the current 
legislation of Kazakhstan. The paper shows the legal basis of articles "Zheti Zhargy", their similarities and differences with the 
current legislation of the Republic of Kazakhstan. 
Keywords:  Kazakh  Khanate,  Zheti  Zhargy  (Seven  Code),  criminal  law,  civil  law,  administrative  law,  the  arbitral 
tribunal, judicial ethics. 
 
Қазақ  хандығының  билігі  1680  жылы 
Жәңгірдің  ұлы  Тәукеге  көшті.  Тәуке  ханның 
өзіне 
дейінгілерден 
айырмашылығы 
– 
хандықтағы 
ерекше 
әлеуметтік 
топты 
құрайтын,  дала  ақсүйектердің  өкілі  билердің 
көмегімен 
өзінің 
үстемдігін 
нығайтуға 
тырысты.  Дәстүрлі  қазақ  қоғамында  билерге 
ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, 
әдетті-құқық,  әскери  және  идеологиялық 
міндеттерді  атқаруда  ерекше  рөлі  болды. 
Төңірегіне  беделді  билерді  топтастырған 
Тәуке  «билер  кеңесінің»  қолдауына  сүйене 
отырып,  хан  билігіне  ашық  түрде  қарсы 
шығушы  Шыңғыс  ұрпақтарына  қарсы  күрес 
жүргізді. 
Тәуке  хан  даулы  істерді  шешуде  билер 
сотының  беделін  арттырып,  билер  кеңесін 
кесімді  үкім  шығаруда  ерекше  органға 
айналдырды. [1; 436 б.] 
Әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  және 
қылмыстық құқық бұзушылықтар. 
Тәуке 
ханның 
«Жеті 
жарғысының» 
мазмұны: 
1.  «Қанға-қан,  мертіктіргені  үшін  нақ 
сондай  мертіктіру  арқылы  кек  алынсын.  [1, 
442 
бет] 
Қазақстан 
Республикасының 
қылмыстық  кодекстің  99-бабына  сәйкес,  адам 
өлтіру,  яғни  басқа  адамды  құқыққа  қарсы 
қасақана қазаға ұшырату – сегіз жылдан он бес 
жылға  дейінгі  мерзімге  бас  бостандығынан 
айыруға 
жазаланады. 
ҚР 
Қылмыстық 
кодексінің 47-бабына сәйкес, 1-бөлімшесі өлім 
жазасы  –  ату  жазасы  адамдардың  қаза 
табуымен  ұштасқан  террористік  қылмыстар 
үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса 
ауыр  жаза  ретінде  белгіленеді,  ондай  жазаға 
келсілген  адамға  кешірім  жасау  туралы  
өтінішхат 
беру 
құқығы 
беріледі. 
3-
бөлімшесіне 
сәйкес, 
Қазақстан 
Республикасының  Президенті  өлім  жазасын 
орындауға  мораторий  егізген  кезде,  өлім 
жазасы  туралы  үкімді  орындау  мораторий 
қолданылған уақытқа тоқтатыла тұрады. [2] 
2.  «Ұрлық,  тонау,  зорлау,  зинақорлық 
жасағаны  үшін  өлім  жазасына  кесілсін».  [1, 
442 
б.] 
Қазақстан 
Республикасының 
қылмыстық  кодекстің  188-бабына  сәйкес, 
ұрлық,  яғни  бөтеннің  мүлкін  жасырын 
жымқыру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір 
мың  айлық  есептік  көрсеткішке  дейінгі 
мөлшерде  айыппұл  салуға  не  сол  мөлшерде 
түзеу  жұмыстарына  не  үш  жылға  дейінгі 
мерзімге  бас  бостандығын  шектеуге  не  сол 
мерзімге 
бас 
бостандығынан 
айыруға 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
23 
жазаланады. ҚР ҚК 191-бабына сәйкес, тонау, 
яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру  – мүлкі 
тәркіленіп  немесе  онсыз,  екі  мың  айлық 
есептік 
көрсеткішке 
дейінгі 
мөлшерде 
айыппұл  салуға  не  сол  мөлшерде  түзеу 
жұмыстарына  не  төрт  жылға  дейінгі  мерзімге 
бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас 
бостандығынан  айыруға  жазаланады.  ҚР  ҚК 
120-бабына 
сәйкес, 
зорлау, 
яғни 
жәбірленушіге  немесе  басқа  адамдарға  күш 
қолданып  немесе  оны  қолдану  қатерін 
төндіріп  не  жәбірленушінің  дәрменсіз  күйін 
пайдаланып  жыныстық  қатынас  жасау  –  үш 
жылдан  бес  жылға  дейінгі  мерзімге  бас 
бостандығынан айыруға жазаланады [2] 
3. «Қылмыстық жаза билердің үкімі немесе 
талапкерлердің келісімі бойынша жеңілдетілуі 
мүмкін,  онда  қылмыскер  кез-келген  қылмысы 
үшін  белгіленген  құн  төлеу  арқылы  ғана 
жазалана  алады».  [1,  442  б.]  Қазақстан 
Республикасының  қылмыстық  кодекстің  53-
бабына  сәйкес,  қылмыстық  жауаптылық  пен 
жазаны  жеңілдететін  мән-жайлар:  алғаш  рет 
қылмыстық  теріс  қылық,  онша  ауыр  емес 
немесе  ауырлығы  орташа  қылмыс  жасау; 
кінәлі  адамның  кәмелетке  толмауы;  жүктілік; 
кінәлі  адамның  жас  балаларының  болуы; 
қылмыстық  құқық  бұзушылық  жасағаннан 
кейін  жәбірленушіге  тікелей  медициналық 
немесе  өзгеде  көмек  көрсету;  қылмыстық 
құқық  бұзушылық  салдарынан  келтірілген 
мүліктік 
залалды 
ерікті 
түрде 
өтеу, 
қылмыстық  құқық  бұзушылықпен  келтірілген 
моральдық  және  өзге  де  зиянның  орнын 
толтыру және т.б. [2] 
4.  «Адамдарды  мертіктіруші  немесе  оның 
қандай  да  болсын  бір  мүшесіне  зақым 
келтіруші соған төлеу болардай мөлшерде мал 
санын төлейді. Бас бармақ – 100 қой, шынашақ 
–  20  қой  турады  және  т.б.»  [1,  442  б.] 
Қазақстан 
Республикасының 
қылмыстық 
кодекс 106-бап. 1. Денсаулыққа қасақана ауыр 
зиян келтiру  – үш жылдан жетi жылға дейiнгi 
мерзiмге  бас  бостандығын  шектеуге  не  сол 
мерзімге 
бас 
бостандығынан 
айыруға 
жазаланады [2]. 
5. «Сұлтанды немесе қожаны өлтірген адам 
өлтірілген адамның туыстарына жеті адамның 
құның  төлейді.  Сұлтанды  немесе  қожаны  тіл 
тигізіп ренжітуші – 9 мал; ал соққыға жығушы 
–  27  мал  айып  төлейді»  [1,  442  б.].  Қазақстан 
Республикасының  қылмыстық  кодекстің  380-
бабына  сәйкес,  билік  өкілінің  өз  лауазымдық 
міндеттерін  атқаруына  байланысты  оған 
немесе  оның  жақындарына  қатысты  өміріне 
немесе  денсаулығына  қауіпті  емес  күш 
қолдану не күш қолдану қатерін төндіру  – екі 
мың  айлық  есептік  көрсеткішке  дейінгі 
мөлшерде  айыппұл  салуға  не  сол  мөлшерде 
түзеу  жұмыстарына  не  екі  жылға  дейінгі 
мерзімге  бас  бостандығын  шектеуге  не  сол 
мерзімге 
бас 
бостандығынан 
айыруға 
жазаланады [2]. 
6.  Егер  әйелі  күйеуін  өлтірсе,  ол  міндетті 
түрде  өлтіріледі,  егер  туыстары  оған  кешірім 
жасамаса,  одан  құн  төлеп  құтыла  алмайды. 
Бұл ереже екіқабат әйелдерге қолданылмайды, 
олар  күйеуін  өлтіргені  үшін  жазаланбайды; 
бірақ мәңгілік қарғысқа ұшырап, ардан безген 
деп  саналады.  Егер  күйеуі  әйелін  өлтірсе,  ол 
өлім жазасынан құн төлеп құтыла алмайды [1, 
442 
б.]. 
Қазақстан 
Республикасының 
қылмыстық  кодекс  53-бапқа  сәйкес,  Жүктілік 
қылмыстық 
жауаптылық 
пен 
жазаны 
жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады [2]. 
7.  Ата-аналарына  өз  балаларын  өлтіргені 
үшін  ешқандай  жаза  қолданылмайды;  бірақ 
некесіз тапқан нәрестесін ұялғанынан өлтірген 
әйел  өлім  жазасына  кесіледі  [1,  442  б.]. 
Қазақстан 
Республикасының 
қылмыстық 
кодекстің  100-бап.  Анасының  өзiнiң  жаңа 
туған баласын босану кезiнде, сол сияқты одан 
кейiнгi  кезеңде  психикасын  күйзелтетін  ахуал 
болған  жағдайларда  немесе  есiнiң  дұрыстығы 
жоққа 
шығарылмайтын 
психикасының 
бұзылуы  жағдайында  өлтiруi  –  төрт  жылға 
дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не 
сол  мерзiмге  бас  бостандығынан  айыруға 
жазаланады [2]. 
8.  «Егер  жүкті  әйелді  атты  адам  қағып 
кетіп,  мертіктірсе  және  одан  өлі  бала  туса 
кінәліден: 5 айға дейінгі сәби үшін – әрбір айға 
1  жылқы,  5-9  айлық  сәби  үшін  –  әрбір  айға  1 
түйе» 
[1, 
442 
бет]. 
Қазақстан 
Республикасының  қылмыстық  кодекстің  345-
баптың  2-бөлігіне  сәйкес,  абайсызда  адамның 
денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан 
дәл  сол  іс-әрекет  –  белгілі  бір  лауазымдарды 
атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу 
құқығынан  үш  жылға  дейінгі  мерзімге  айыра 
отырып,  екі  мың  айлық  есептік  көрсеткішке 
дейінгі  мөлшерде  айыппұл  салуға  не  сол 
мөлшерде  түзеу  жұмыстарына  не  екі  жылға 
дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не 
сол  мерзімге  бас  бостандығынан  айыруға 
жазаланады [2]. 
9.  Зорлау  кісі  өлтірумен  теңестіріледі, 
сондықтан кінәлі адам өлім жазасына кесіледі 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
24 
немесе  әйелі  үшін  күйеуіне,  қыз  үшін 
туыстарына  құн  төлейді;  бірақ  өзі  абыройын 
төккен  қызға  қосылу  және  ол  үшін  қалыңмал 
төлеу  арқылы  қылмыскер  өлім  жазасынан  да, 
құн  төлеуден  де  құтылады  [1,  443  б.]. 
Қазақстан 
Республикасының 
қылмыстық 
кодекстің 120-бап. 1-тармағына сәйкес, зорлау, 
яғни  жәбірленушіге  немесе  басқа  адамдарға 
күш  қолданып  немесе  оны  қолдану  қатерін 
төндіріп  не  жәбірленушінің  дәрменсіз  күйін 
пайдаланып  жыныстық  қатынас  жасау  –  үш 
жылдан  бес  жылға  дейінгі  мерзімге  бас 
бостандығынан айыруға жазаланады [2]. 
10.  Өзгенің  әйелін  оның  келісімінсіз  алып 
қашқан  адам  өлім  жазасымен  жазаланады 
немесе  құн  төлейді;  ал  егер  әйелдің 
келісімімен алып қашқан болса, алып қашушы 
оны  күйеуіне  қалыңмал  төлеп  және  оның 
үстіне оған қалыңмалсыз қыз беріп, алып қала 
алады [1, 443 б.]. Қазақстан Республикасының 
қылмыстық  кодекстің  125-бап.  Адамды  ұрлау 
1.  Адамды  ұрлау  –  төрт  жылдан  жетi  жылға 
дейiнгi  мерзiмге  бас  бостандығынан  айыруға 
жазаланады [2]. 
11.  Әйелге  тіл  тигізуші  одан  кешірім 
сұрауға,  ал  бұлай  істеуден  бас  тартқан 
жағдайда қорлағаны үшін құн төлеуге міндетті 
[1,  443  б].  Қазақстан  Республикасының 
қылмыстық кодекстің 131-бап. 1. Қорлау, яғни 
басқа  адамның  абыройы  мен  қадiр-қасиетiн 
әдепсiз түрде кемсiту  – бір жүз айлық есептiк 
көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға 
не  сол  мөлшерде  түзеу  жұмыстарына  не  бір 
жүз  жиырма  сағатқа  дейінгі  мерзімге 
қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады [2]. 
12.  Қан  араластырушылық  өлім  жазасына 
кесілуге  тиіс;  бірақ  ол  отбасыларының  үкімі 
бойынша 
жазалауымен 
алмастырылады, 
өйткені  бұл  сияқты  қылмыстар  бөгде 
адамдардың  қарауына  берілмейді  [1,  443  б]. 
Неке  (ерлі-зайыптылық)  және  отбасы  туралы 
кодекстің  11-бап.  Некелесуге  (ерлі-зайыпты 
болуға)  жақын  туыстардың  арасында  жол 
берілмейді.  Осы  Кодекстің  1-бап.  жақын 
туыстар  –  ата-аналар  (ата-ана),  балалар, 
асырап  алушылар,  асырап  алынғандар,  ата-
анасы  бір  және  ата-анасы  бөлек  ағалы-інілер 
мен  апалы-сіңлілер  (аға-қарындастар),  ата, 
әже, немерелер [3]. 
13.  Жеті  куә  әшкерелесе,  Құдайға  тіл 
тигізуші  таспен  соғып  өлтірілуге  тиіс  [1,  443 
б.].  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық 
кодекстің  174-бап.  1.  Әлеуметтiк,  ұлттық, 
рулық,  нәсiлдiк,  тектік-топтық  немесе  дiни 
алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық 
ар-намысы  мен  қадiр-қасиетiн  не  дiни 
сезiмдерiн  қорлауға  бағытталған  қасақана 
әрекеттер,  сол  сияқты  азаматтардың  дiнге 
көзқарасы,  тектiк-топтық,  ұлттық,  рулық 
немесе 
нәсiлдiк 
қатыстылығы 
белгiлерi 
бойынша 
олардың 
айрықшалығын, 
артықшылығын  не  толыққанды  еместігін 
насихаттау,  егер  бұл  іс-әрекеттер  жария 
немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе 
телекоммуникациялар  желілерін  пайдалана 
отырып,  сол  сияқты  әлеуметтiк,  ұлттық, 
рулық,  нәсiлдiк,  тектік-топтық  немесе  дiни 
алауыздықты  насихаттайтын  әдебиетті  немесе 
өзге  де  ақпарат  жеткiзгiштердi  дайындау 
немесе тарату жолымен жасалса, – екi жылдан 
жеті жылға  дейiнгi  мерзiмге  бас  бостандығын 
шектеуге  не  сол  мерзiмге  бас  бостандығынан 
айыруға жазаланады [2]. 
14.  Егер  әлдекім  христиан  дініне  кірсе, 
туыстары 
оның 
барлық 
опасыздығын 
мойынына  алады  [1,  443  б.].  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясы  22-бап  1. 
Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. 
2.  Ар-ождан  бостандығы  құқығын  жүзеге 
асыру  жалпы  адамдық  және  азаматтық 
құқықтар 
мен 
мемлекет 
алдындағы 
міндеттерге  байланысты  болмауға  немесе 
оларды шектемеуге тиіс [4]. 
15.  Құлдарын  иелерінің  тірі  қалдыруға  да, 
өлтіруге де құқығы шексіз. Құлдың мырзасына 
шағымы еш жерде қабылданбайды [1, 443 б.]. 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясы 
17-бап  1.  Адамның  қадір-қасиетіне  қол 
сұғылмайды.  2.  Ешкімді  азаптауға,  оған 
зорлық-зомбылық 
жасауға, 
басқадай 
қатыгездік  немесе  адамдық  қадір-қасиетін 
қорлайтындай  жәбір  көрсетуге  не  жазалауға 
болмайды [4]. 
16. Әке-шешесіне тіл тигізген немесе ұрған 
ұлын мойнына құрым киіз байлап, қара сиырға 
теріс қаратып мінгізеді де, ауылды айналдыра 
жүргізіп,  қамшымен  дүрелейді;  ал  қыздың 
қол-аяғын  байлап  анасына  өз  қалауынша 
жазалауға  беріледі  [1,  443  б.].  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясы  27-бап.  3. 
Кәмелетке  толған  еңбекке  қабілетті  балалар 
еңбекке  жарамсыз  ата-анасына  қамқорлық 
жасауға міндетті [4]. 
17.  Ұрлық  жасағаны  әшкереленген  адам 
ұрлағаны  үшін  үш  тоғыз  (27)  төлейді,  ал 
бұлайша  жазалау  айбана  деп  аталады.  Егер 
мал  ұрланса,  кінәлі  адам  түйе  үшін  –  тұтқын, 
жылқы  үшін  –  түйе,  қой  үшін  жылқы  қосып 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
25 
беруге  тиіс.  Жүз  түйе  300  жылқыға  немесе 
1000 қойға тең. 
18.  Кімде-кім  әрі  ұрлық  жасап,  әрі  кісі 
өлтірсе,  ол  екі  қылмыс  үшін  де  жауапқа 
тартылады 
[1, 
443 
б.]. 
Қазақстан 
Республикасының  қылмыстық  кодекстің  13-
бабына  сәйкес,  ҚР  КК-тің  түрлi  баптарында 
немесе  баптарының  бөлiктерiнде  көзделген, 
адам  солардың  бiрде-бiреуi  үшiн  сотталмаған 
немесе  заңмен  белгiленген  негiздер  бойынша 
қылмыстық  жауаптылықтан  босатылмаған  екi 
немесе  одан  да  көп  іс-әрекеттi  жасау, 
қылмыстық 
құқық 
бұзушылықтардың 
жиынтығы  деп  танылады.  Қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың  жиынтығы  кезінде  адам, 
егер  осы  іс-әрекеттердiң  белгiлерi  ҚР  КК-тің 
бiр  бабының  немесе  бабының  бiр  бөлiгiнiң 
неғұрлым қатаң жазаны көздейтiн нормасында 
қамтылмаған  болса,  әрбiр  жасалған  іс-әрекет 
үшiн  ҚР  КК-тің  тиiстi  бабы  немесе  бабының 
бөлiгi  бойынша  қылмыстық  жауаптылықта 
болады [2]. 
19.  Күйеуінің  немесе  әкесінің  ұрлық 
жасағанын  біліп,  оны  айтпаған  әйелі  мен 
балалары  ешқандай  жазаға  тартылмайды, 
өйткені  отбасындағы  үлкеннің  сыртынан  сөз 
айтуға  болмайды  [1,  443  б.].  Қазақстан 
Республикасының қылмыстық кодекс 432-бап. 
жемқорлық,  ауыр  немесе  аса  ауыр  қылмысты 
күні  бұрын  уәделеспей  жасырып  қалу  –  алты 
мың  айлық  есептік  көрсеткiшке  дейiнгi 
мөлшерде  айыппұл  салуға  не  сол  мөлшерде 
түзеу  жұмыстарына  не  алты  жылға  дейінгі 
мерзімге  бас  бостандығын  шектеуге  не  сол 
мерзімге 
бас 
бостандығынан 
айыруға 
жазаланады.  Ескерту.  Жұбайы  (зайыбы) 
немесе  жақын  туысы  жасаған  қылмысты  күні 
бұрын  уәделеспей  жасырып  қалғаны  үшiн 
адам 
қылмыстық 
жауаптылыққа 
жатқызылмайды [2]. 
20. Өлтірілген тазы немесе бүркіт үшін иесі 
құл  немесе  күң  талап  ете  алады  [1,  443  б.]. 
Қазақстан 
Республикасының 
қылмыстық 
кодекстің  316-бап.  1.  Жануарларға  олардың 
өлуiне  немесе  мертiгуiне  әкеп  соққан 
қатыгездiк 
жасау, 
егер 
бұл 
іс-әрекет 
бұзақылық  ниетпен  немесе  садистік  әдiстерді 
қолдана  отырып  немесе  жас  балалардың  көз 
алдында  жасалса,  –  екi  жүз  айлық  есептiк 
көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға 
не  сол  мөлшерде  түзеу  жұмыстарына  не  бір 
жүз  сексен  сағатқа  дейінгі  мерзімге  қоғамдық 
жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі 
мерзімге қамаққа алуға жазаланады [2]. 
21.  Егер  әкесінен  бөлек  тұратын  ұлдың 
өлгенде  баласы  болмаса,  оның  мал-мүлкі 
әкесіне  тиесілі.  Жас  балалар  ең  жақын 
туыстарының,  ал  егер  туыстары  болмаса, 
басқа  бір  сенімді  адамдардың  қамқорлығына 
беріледі 
[1, 
443 
б.]. 
Қазақстан 
Республикасының азаматтық кодекс 1061-бап. 
1. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi 
кезекте  мұра  қалдырушының  балалары,  оның 
iшiнде  ол  қайтыс  болғаннан  кейiн  тiрi  туған 
балалары,  сондай-ақ  мұра  қалдырушының 
жұбайы  (зайыбы)  мен  ата-анасы  тең  үлеспен 
алады [5]. 
22.  Рухани  өсиеттер  туыстары  және 
молдалар қатысып отырғанда жасалады [1, 443 
б]. 
Нотариат 
туралы 
заңның 
37-бап. 
Нотариаттық  куәландырылған  құжаттарға 
мыналар теңестiрiледi:  
1)  ауруханаларда,  санаторийлерде,  өзге  де 
емдеу-алдын  алу  мекемелерiнде  емделiп 
жатқан,  сондай-ақ  қарттар  мен  мүгедектер 
үйлерiнде  тұрып  жатқан  азаматтардың,  осы 
ауруханалардың,  санаторийлердiң,  өзге  де 
емдеу-алдын  алу  мекемелерiнiң  бас  және 
кезекшi  дәрiгерлерi,  сондай-ақ  қарттар  мен 
мүгедектер  үйлерiнiң  директорлары,  бас 
дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;  
2)  госпитальдарда,  санаторийлерде  және 
басқа  да  әскери-емдеу  мекемелерiнде  емделiп 
жатқан  әскери  қызметшiлер  мен  басқа 
адамдардың 
осы 
госпитальдардың, 
санаторийлер  мен  басқа  да  әскери-емдеу 
мекемелерiнiң 
бастықтары, 
олардың 
медициналық  жағынан  орынбасарлары,  аға 
және  кезекшi  дәрiгерлерi  куәландырған 
өсиеттерi мен сенiмхаттары;  
3) әскери қызметшiлердiң, ал нотариустары 
мен 
нотариаттық 
iс-әрекеттер 
жасауға 
уәкiлеттi  лауазымды  адамдары  жоқ  әскери 
бөлiмдердiң,  құрамалардың,  мекемелердiң, 
әскери-оқу 
орындарының 
орналасқан 
пункттерiнде,  сондай-ақ  жұмысшылар  мен 
қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң 
және 
әскери 
қызметшiлердiң 
отбасы 
мүшелерiнiң 
осы 
бөлiмдер, 
құрамалар, 
мекемелер  мен  орындардың  командирлерi 
(бастықтары)  куәландырған  өсиеттерi  мен 
сенiмхаттары;  
4) 
бас 
бостандығынан 
айыру 
орындарындағы 
адамдардың 
бас 
бостандығынан 
айыру 
орындарының 
бастықтары  куәландырған  өсиеттерi  мен 
сенiмхаттары;  
5) 
жүзу 
кезiнде 
Қазақстан 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016 
 
26 
Республикасының  туы  астында  жүзiп  жүрген 
теңiз мекемелерiнде немесе iшкi суларда жүзiп 
жүрген 
кемелердегi 
азаматтардың 
осы 
кемелердiң 
капитандары 
куәландырған 
өсиеттерi;  
6)  барлау  және  басқа  да  экспедицияларда 
жүрген  азаматтардың  осы  экспедициялардың 
бастықтары куәландырған өсиеттерi;  
7) 
халықты 
әлеуметтiк 
қорғау 
мекемелерiнде тұрып жатқан кәмелетке толған 
жастағы  iс-әрекет  қабiлетi  бар  азаматтардың 
осы  мекемелердiң  немесе  халықты  әлеуметтiк 
қорғаудың 
тиiстi 
органының 
басшысы 
куәландырған сенiмхаттары [6].
 
23.  Дауды  шешу  және  кінәлі  адамға  үкім 
шығару  ханның  өзі  болмаса,  талапкер  мен 
жауапкер тұратын ауылдардың билеушілерінің 
не  ақсақалдарының  қолында  болып,  істі 
қарауға екі жақтан да сайланған арада жүруші 
тағы  да  екі  адам  шақырылуға  тиіс  [1,  443  б.]. 
Қазақстан 
Республикасының 
қылмыстық-
процестік  кодекстің  334-бапқа  сәйкес,  басты 
сот  талқылауында  істі  қарау  тапсырылған 
судья төрағалық етеді [7]. 
24.  Егер  айыпкер  билерге  күдік  келтірсе, 
олардың  ауыстырылуын  өтіне  алады  [1,  444 
б.].  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық-
процестік  кодекстің  87-баптың.  1-тармағына 
сәйкес,  егер  судья  осы  iске  жеке,  тiкелей 
немесе жанама түрде мүдделi деп санауға негiз 
болатын өзге де мән-жайлар болса, iстi қарауға 
қатыса алмайды [7]. 
25.  Егер  жауапкер  сотқа  келмесе  немесе 
салынған айыпты төлей алмайтын болса, онда 
әлгі  құн  оның  туыстарынан  немесе  ауылынан 
өндіріліп  алынады,  бұл  жағдайда  ағайындары 
мен  ауыл  тұрғындарына  қылмыскерден  өз 
шығынын  қайтарып  алуға  құқық  беріледі  [1, 
444 
б.]. 
Қазақстан 
Республикасының 
азаматтық  кодексі  933-бап.  Басқа  адамның 
(еңбек  (қызмет,  лауазымдық)  мiндеттерiн 
атқару  кезiнде  қызметкердiң,  көлiк  құралын 
жүргізушi  адамның  және  т.б.)  келтiрген 
зиянды өтеушiнiң, егер заң актiлерiнде өзгеше 
мөлшер 
белгiленбесе, 
төленген 
төлем 
мөлшерiнде  осы  адамға  керi  талап  қоюға 
(регресс) құқығы бар [5]. 
26.  Қылмысты  дәлелдеу  үшін  кемінде  екі, 
ал  кейде  үш  куә  керек.  Куәлар  болмаған 
жағдайда,  ант  беруді  қолдануға  болады;  бірақ 
оны өздері үшін талапкер де, жауапкер де бере 
алмайды:  олар  үшін  адалдығымен  белгілі 
адамдар ант беруге тиіс. Ал егер айыпкер үшін 
ешкім  ант  бермесе,  ол  жауапқа  тартылады. 
Қызметшілер,  малайлар  мен  құлдар  сияқты, 
әйел жынысы да куә бола алмайды [1, 444 б.]. 
Қазақстан 
Республикасының 
қылмыстық-
процестік  кодекс  121-бап.  1.  Дәлелдеу  iстi 
заңды,  негiзді  және  әдiл  шешу  үшiн  маңызы 
бар  мән-жайларды  анықтау  мақсатында 
дәлелдемелерді 
жинаудан, 
зерттеуден, 
бағалаудан және пайдаланудан тұрады [7]. 
27. Билер мен ара ағайындарға істі шешкені 
үшін  бүкіл  талап  етіліп  өндірілгеннің  10-нан 
бірі  берілуге  тиіс  [1,  444  б].  Қазақстан 
Республикасының  төрелік  туралы  Заңның  42-
бабына  сәйкес,  төрелікте  дауды  шешуге 
байланысты  шығыстарды  тараптар  арасында 
бөлуді  төрелік  тараптардың  келісіміне сәйкес, 
ал 
мұндай 
келісім 
болмаған 
кезде 
қанағаттандырылған 
және 
қабылданбаған 
талаптарға барабар жүргізеді [8]. 
28.  Егер  айыпталған  адам  соттың  үкімін 
орындамайтын  болса  немесе  ауыл  басшысы 
істі  қараудан  әдейі  жалтаратын  болса,  сол 
арқылы  қылмыскерді  қорғаса,  талапкер  өз 
ақсақалының  рұқсаты  бойынша  барымта 
жасауға,  яғни  өзінің  туыстарымен  немесе  ең 
жақын  көршілерімен  бірге  жауапкердің 
ауылына  барып,  оның  малын  жасырын  түрде 
айдап әкетуге құқық алады; бірақ үйіне қайтып 
келгеннен  кейін  ол  барымталынған  малдың  
саны  талапқа  мөлшерлес  болу  үшін  бұл  істі 
қадағалап  отырған  өз  басшысына  айтуға  тиіс 
[1,  444  б.].  Қазақстан  Республикасының 
қылмыстық  кодекстің  430-бабына  сәйкес, 
заңды  күшіне  енген  сот  үкімін,  шешімін 
немесе  өзгеде  де  сот  актісін  не  атқарушылық 
құжатты  алты  айдан  астам  орындамау,  сол 
сияқты оларды  орындауға  кедергі  жасау  –  үш 
жылға  дейінгі  мерзімге  бас  бостандығын 
шектеуге  не  сол  мерзімге  бас  бостандығынан 
айыруға жазаланады [2]. 
Осы  заңдарға  қосымша  Тәуке  ханның 
мынадай  есте  қалаларлық  баптары  қосылуға 
тиіс: 
- «Ханның өзі, сондай-ақ барлық сұлтандар, 
рулардың ақсақалдары мен билеушілері халық 
істерін  талқылау  үшін  күзде  ортадағы  бір 
жерге жиналып отырсын. 
-  Бірде-бір  қазақ  халық  жиналысына  қару-
жарақсыз келмейтін болсын. Қарусыз адамның 
даусы болмаған және оған жасы кішілер орын 
бермеген.  
-  Қару  ұстап  жүре  алатын  (сұлтандардан 
басқа)  кез  келген  адам  хан  мен  билеушілерге 
жыл  сайын  мал-мүлкінің  20-дан  бір  бөлігін 
алымға төлеп отыратын болсын. 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет