Құрметті білім алушылар! Қазақстан Републикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 25 қазан Республика күніне орай «Менің арманымдағы Қазақстан»



Дата14.10.2022
өлшемі15,83 Kb.
#43024
түріКонкурс


Құрметті білім алушылар!

Қазақстан Републикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 25 қазан - Республика күніне орай «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбына эссе жазу конкурсын жариялайды. Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын дамытуға және олардың ел болашағы үшін жауапкершіліктерін арттыруға мақсатын көздейді.
Конкурс екі кезеңнен тұрады: университетішілік және республикалық.
Осы орайда, біз Сіздерді университетте өтетін алғашқы кезеңнің қатысушысы болуға шақырамыз.
Конкусқа эссе жұмыстарын 2022 жылғы 15 қазан сағат 18:00-ге дейін vospitatel@kaznaru.edu.kz электрондық поштасына немесе баспа түрінде 1А корпусы, №18 кабинетке тапсыруға болады.
Эссеге қойылатын талаптар:

Бірінші кезең жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.


Ең үздік деп танылған 1 жұмыс республикалық кезеңге жіберіліп, авторы Астана қаласында өтетін марапаттау рәсіміне қатысатын болады.
Конкурс туралы Ережемен сайтта танысуға болады.


Құрметті білім алушылар!
Қазақстан Републикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 25 қазан - Республика күніне орай «Атамекен» диктант жазу конкурсын жариялайды.
Осы орайда, 2022 жылдың 14-15 қазаны күні жалпыуниверситеттік диктант жазу конкурсы өтеді, барлықтарыңызды осы шараға белсенді қатысуға шақырамыз.
Диктант қазақ/орыс тілдерінде «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен жүргізіледі.
Университеттің қазылар алқасы 2022 жылдың 17 қазанында жеңімпаздарды анықтайды.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.


Конкурс туралы Ережемен сайтта танысуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет