Рметті əріптестер! М ғалімні м ддесін


асимптотические  формулы»



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата21.03.2017
өлшемі2,2 Mb.
#10107
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

асимптотические  формулы».  Тема  координировалась  математическим  институтом  им. 

В.А.Стеклова  АН  СССР.  Принимал  участие  в  региональных,  республиканских  и 

международных  математических  форумах  (в  гг.  Алма-Ата,  Актобе,  Душанбе,  Караганда, 

М осква,  Тбилиси,  Тула,  М инск,  Вильнюс,  Ташкент  и  др.).  Выступал  с  докладом  на 

международной  конференции,  посвященной  100-летию  со  дня  рождения  академика  

И.М .Виноградова, а также в математических и научных центрах ПНР и КНР. 

С  31.08.2006г.  по  31.08.2007г.  Д.  Исмоилов  работал  профессором  кафедры 

"М атематика  и М П" физико-математического факультета ПГПИ г. Павлодар, РК. За этот 

период  Д.  Исмоилов  актив но  занимался  научной  и  научно-педагогической 

дея тельностью.  Яв ляется  одним  из  организаторов и руководителей городского научно-

методологического  семинара  по  математике  и  ее  приложениям.  Был  председателем 

областной  комиссии  по  научным  проектам  школьников  и  руководителем  первого 

технологического  проекта  по  естеств еннонаучным  направления м,  проведенного 

совместно  с ПГПИ и областным центром "Ертыс Дарыны". Также при факультете по его 

инициативе  была  организована  "М алая  академия"  на  базе  областного  центра  "Ертыс 

Дарыны". Организован тесный контакт кафедры математики  с одаренными школьниками 

и  учителями  математики  -  научными  руководителями  школьных  проектов   по 

математике и инфор матике г.П авлодара.  

     Исмоилов  Д.  с  01.09.  2007г.  по  настоящее  время  работает  профессором  кафедры             

«М атематика»  Инновационного  Евразийского  Университета  г.  Павлодар,  РК.  Активно 

работает  и  поддерживает  будущих  молодых  специалистов.  Руководит  магистрантами, 

аспирантами  и  докторантами.  Оппонировал  кандидатские  диссертации  претендентов  на 

соискание  ученой  степени  кандидатов  физико  математических  наук  (М ГПИ  им.  Ленина, 

М ГУ им. Ломоносова, ТГУ им. Ленина Душанбе и М И с ВЦ АН РТ). Тесно сотрудничает 

со  средними  школами  г.  Павлодара.  Руководит  научными  проектами  школьников  по 

математике.  Его  ученики  активно  участвуют  в  олимпиадах  и  соревнованиях  (областных, 

республиканских) по научным проектам.  Занимается с одарёнными учениками. 

       Сфера  его  научных  интересов:  классическая  теория  чисел,  диофантовый  анализ, 

алгебраическая   и  аналитическая  теория   чисел,  теория  тригонометр ических  сумм, 

теория  в ероятностей  и  комплексный  анализ.  Исмоилов  Д.  явля ется  изв естным 

специалистом  в   области  теории  суммирования  арифметических  функций,  одним  из 


создателей  теории  оценок  полных  рациональных  тригонометрических  сумм  и  сумм 

характеров  Дирихле  от  многочленов  и  рациональных  функций.  Внес  заметный  вклад  в 

решение аддитивных проблем делителей и распределения целых точек на алгебраических 

повер хностя х.  Является  основоположником  нового  направления  -  Теории 

последовательностей «наследия». 

Твердо убежден в том, что одним из наиболее оптимальных способов (ключей) к 

познанию мира является  наука МАТЕМАТИКА, ибо язык математики во всём мире 

единый, и она  объединяет все народы во всём мире.  

 

Омарова К.О.- учитель математики 



 школы «Жас дарын» 

 

Мой  Учитель

 

(О Муратхане Нурмагамбетовиче Ильясове) 



 

Такие  слова  как  математическая  красота,  строгость,  точность,  логичность  в  моем 

мышлении  ассоциируются  ни  с  кем  иным,  как  с  Ильясовым  М уратханом 

Нурмагамбетовичем. И это не случайность. Этот человек, будучи преподавателем в ПГПИ 

являлся  также  самым  страшным  моим  «сном»  во  время  сессии.  Но,  не  смотря  на  все 

бесконечные зачеты, экзамены и  его любимые ИДЗ, М уратхан Нурмагамбетович привил 

во  мне  любовь  к  математике  своим  упорством,  трудолюбием  и  стремлением  остав ить  в 

наших головах и сердцах как можно больше математического величия и божественности.       

Вместе с тем, что у Муратхана Нурмагамбетовича довольно- таки, вспыльчивый, грозный, 

требовательный  характер,  он  гармонично  сочетается    с  его    непревзойденным,  ярким, 

метким юмором.  

Оказавшись в  «Жас  Дарыне», первым, кого я увидела в школьном коридоре, был 

именно  мой  любимый  преподаватель.  Чему  я  бесконечно  обрадовалась.  Теперь  я  его 

узнала  уже  с  другой  стороны,  для  меня  открылись  новые  его  грани  педагогической, 

просветительской  деятельности.  Будучи  научным  руководителем  таких  учеников,  как 

Жунусов Ануар, Хабибуллин Куаныш и многих других учеников нашей школы, которые 

неоднократно 

являлись 

призерами 

математических 

олимпиад, 

Муратхан 

Нурмагамбетович показал пример идеального учителя одаренных детей.   

Я  глубоко уважаю его труд, энтузиазм и  энергичность. Он навсегда останется для  

меня эталоном настоящего Учителя и М астером своего дела.  

Ж.Ж.Жунусова 



Ведущий к вершинам Олимпа...

 

Саурбаев  Ришат  Журкенович,  кандидат  филологических  наук, 

профессор кафедры иностранных языков ПГПИ, специалист в области 

теоретической  грамматики  английского  языка,  синтаксической 

типологии. 

С 2009г. в школе «Жас дарын» занятия по подготовке к олимпиаде  по 

английскому  языку  ведет  кандидат  филологических  наук  Саурбаев 

Ришат  Журкенович.  Саурбаев  Р.Ж.  также  консультирует  учеников 

старших  классов  по  научным  проектам  по  филологии.  Под 

руководством  ученого  учащиеся  школы  добились  значительных 

результатов.  В  2012г.  второе  место  в  областной  олимпиаде  по 

английскому  языку  заняла  ученица  одиннадцатого  класса  Талипова  Д.,  третье  место 

заняли  ученики  девятого  класса  Кожахмет  Ж.  и  Калыков  Б.,  а  также  ученица  десятого 

класса Бимаганова Т. В областном конкурсе научных проектов Талипова Д. и Нурпеисова 

А.  заняли  второе  место  с  проектом  «Роль  социальной  рекламы  в  демократизации 

казахстанского  общества».  Этот  же  проект  занял  третье  место  в  республиканском 



конкурсе  научных  проектов.  Проект  «Лингвострановедческий  аспект  в  концепте 

«свобода»  в  русском,  английском  и  казахском  языках»  учеников  Кожахмет  Ж.  и 

Такировой    Е.  занял  третье  место  в  областном  конкурсе  научных  проектов.  Это 

достижения, которых достигли учащиеся школы «Жас дарын» благодаря Саурбаеву Р.Ж,  

только за 2011-12 уч.г. Саурбаев Р.Ж. является крупным ученым в области филологии не 

только  на  территории  Казахстана,  но  и  всего  СНГ.  После  окончания  Павлодарского 

педагогического  института,  Р ишат  Журкенович  поступил  в  аспирантуру  М осковского 

педагогического  государственного  университета  им.  В.И.  Ленина,  где  он  работал  под 

руководством известного российского ученого-германиста, доктора филологических наук, 

профессора  Блоха  М .Я.  В  1998г.  Саурбаев  Р.Ж. защитил  кандидатскую  диссертацию  на 

тему  «Парадигматика  осложненного  английского  и  татарского  языков».  В  данное  время 

работает  над  докторской  диссертацией  «Принципы  осложнения  предложения  в 

современном  английском  языке».  Под  руководством  Саурбаева  Р.Ж.  защищены  20 

магистерских  диссертаций.  Ученый  имеет  более  100  научных  и  методических  трудов

Неудивительно, что учащиеся школы «Жас дарын» успешно выступают на олимпиадах  и 

конкурсах  научных  проектов  под  руководством  такого  ученого.  Надеемся,  что  победы 

наших  учащихся  будут  приумножаться  с  каждым  годом  благодаря  сотрудничеству  с 

профессором Саурбаевым Р.Ж.  

 

Ильясова Г.Р.-учитель английского языка 



 

 

 

Жеңіс тұғырына жетелеуші 

 

Талғат Сапаргалиұлы  Досанов үш  жыл бойы «Жас дарын» 

мектебінің  олимпиадалық  резерв  тобын  физика  пəнінен 

олимпиадаға 

дайындап 

жүрген 


жас 

ғалым. 


Талғат 

Сапарғалиұлының жалпы болмысы,  адамгершілігі,  адам баласына 

пайдалы  болуға  тырысуы,  айналасындағы  адамдармен  қарым  – 

қатынасы  олимпиадалық  додада  сəтсіздік  орын  алмайтытына 

алғашқы  күннен  бастап  сенім  тудырды.  Ол   -  жас  ұрпақты  білім 

нəрімен сусындатып, болашаққа жан-жақты дамыған, толыққанды 

азамат етіп қалыптастырушы ғалым.  

 

Əлемнің  параллель  дамитынын  ескере  отырып,  Талғат  Сапарғалиұлы  аймақтық 



қана  емес,  халықаралық  деңгейдегі  есептерге  дейін  қарастырып  оқушылардың  білім 

аумағын кеңейте түсуде аянбай еңбек етуде.  Ең дəмді тағамның өзі жалықтырмай ма, сол 

сияқты оқытуда да баланың қызығушылығын жоғалтып алмас үшін   аса  сақтықпен түрлі  

əдіс  –  тəсілдерді  қолданып  еліктіре,  қызықтыра  оқытады.  Біздің  мектепте  физикадан 

дайындық  үстіндегі  оқушылардың  еліктейтін,  соған  ұқсасам  деп  армандайтын  бір  ғана 

адамы бар, ол- Талғат Сапарғалиұлы Досанов. 

Басталған істің сəтті аяқталуын тек шыдамды, қиындықты жеңе білетін адам ғана 

көретініне  сенімдімін.  Ешқандай  материалдық  компенсациямен  өлшенбейтін  орасан  зор 

еңбегінің арқасында өзі бастаған жастарды жеңіс тұғырына жеткізіп, жетелеп келе жатқан 

ғалым – ұстаз. Жас ұстаз оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеп, оның 

шығармашылық  қабілеттері  мен  бейімділіктерін,  өздігімен  ойлау  қабілетін  дамытуда, 

жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып келеді. 

 

Сумбаева А.Х. -  «Жас дарын » мектебінің  



физика пəнінің мұғалімі  

 

 



 

 

ТҮЙНЕКТЕП ЖИНАЛҒАН МҰҒАЛІМДЕР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ТƏЖІРИБЕСІНЕН... 

 

 



                                              

                            Заман талабына сай мектеп 

 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары   

Əбдіжүсіпова Б. Х. 

Əлем  тəжірибесі  көрсеткендей,  кез-келген  мемлекеттің 

əлеуметтік-экономикалық  дамуы  сол  елдің  білім  жүйесі  мен 

азаматтарының  білім  дəрежесіне  байланысты.  Осы  орайда 

Қазақстанды əлемдегі бəсекеге қабілетті елдердің қатарына енгізуде 

білім  беру  ісі  басты  құрал  боп  табылады.  Ол  үшін  отандық  білім 

жүйесін  халықаралық  білім  кеңістігінде  жəне  еңбек  нарығы 

бəсекелестігін  қамтамасыз  ететін  білім  сапасының  дəрежесіне 

жеткізу шарт.  

 

Елбасымыздың Қазақстан  халқына жолдауында жас ұрпаққа 



осы  замандағы  білім  беру  міндетін  айқын  қойғаны  белгілі.  «Біз 

бүкіл еліміз бойынша əлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім 

беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек»,- деп атап көрсеткен.  

Ұлттың  ақыл-ой  əлеуетінің  басы  мектеп  қабырғасынан  басталады.  Қаламыздағы 

жалпы  білім  беретін  оқу  орындарының  ішіндегі  «Жас  Дарын»  үздік  мектебінің 

құрылғанына  былтыр  10  жылдық  мерейін  атап  өтті.  Алдына  шығармашылық  жағынан 

белсенді,  интегративті  тұлға  қалыптастыру  мақсатында  білім  мазмұнының  тұтас,  жан-

жақты, проблемалық байланыстарын ашатын технологиялар таңдау міндетін алға қойған 

мектеп директоры Сəуле Төлегенқызы басшылық етіп отырған мектеп ұжымы бүгінгі күн 

талабына сай еңбек етуде. Яғни, Абай атамыздың «Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп», 

«Атаның  баласы  болма,  адамның  баласы  бол!»дег ен  үндеуін  орнықтыру  үшін  шəкіртке 

өзін  ғаламның  бір  бөлшегі  екенін  сезіндіріп,  оны  жалпыадамзаттық  мəдени 

құндылықтарымен  таныстырып,  құрметтеуге  үйрету  жолында  мектеп  ұжымы  жылдан-

жылға  табысты  еңбек  етуде.  Дарынды  балаларға  арналған  мектептің  əрбір  ұстазы,  өз 

заманының  алдыңғы  қатарлы  білімдар  өкілдері:  əр  сабағында  білімнің  біртұтас  жүйесін 

ендіріп,  оқушыларын  əлемдік  ақыл-ойдың  қол  жеткен  табыстарымен  сусындауына  өз 

бетінше білім алуына , шығармашыл бастамаларға бейім болуына баулып, жұмыс істеуде. 

Заман талабына  сай шəкірттерге білім  нəрін сусындату жолында  ерекше үлес қосып келе 

жатқан  мектептің  он  жылдық  еңбегін  қорытындылай  отырып,  ұжымның  жаңа  сапалық 

сипатта істелетін жұмыстарының келелі үрдістермен үндесетіндігіне күмəн жоқ.                  

  

М ектеп  іс-əрекетінің  басты  бағыттарының  бірі-оқу  үдерісінің  сапасының 



басқаруын жетілдіру, түлектерді мемлекеттік стандарт талаптанатындай  деңгейде сапалы 

білім  беру.    М ектеп    қолданатын  білім  сапасын  басқару  моделі    оқушылардың  

жетістіктерінің  жүйелі  түрде  қаралуын  топшылайды.  М ектептегі  оқу  процесінің  негізгі 

мақсаты –  арнайы  педагогикалық əдістермен  мақсатты  жəне жүйелі түрде оқушылардың 

интеллектісін,  шығармашылық  ойлауын  дамыту,  ғылыми  көзқарасы  мен  белсенділігін 

қалыптастыру, оқушының табиғи қасиеттерін, əр пəн бойынша білім деңгейін тереңдету 

үшін  оқытуды  жоспарлы  түрде  ұйымдастыру,  өз  бетінше  білім  алу  дағдыларының 

дамуына негізін құру. 

 М ектептің  педагогикалық  ұжымы  38  мұғалімнен  құралған.  Соңғы  3  жылда 

мұғалімдердің  жоғары  жəне  бірінші  санаттағы  сапалық  құрамының  мониторингісінің 

көрсеткіші бойынша өсу динамикасы байқалады: бүгінгі күні жоғары санатты 29  мұғалім 

– (76 %), І санатты 5 мұғалім – (13 %). санатты 4 мұғалім – (10 %), санатсыз мұғалім жоқ.. 

Педагогикалық  құрамның  рейтинг  картасы  бойынша 

марапатталғандар  

көрсеткіштері:  «Оқу  ісінің  үздіктері»  -  3,  облыс  əкімінің  грант  иегерлері  -  2,  ҚР  БҒМ  


Құрмет  грамотасымен-8,  ҚР  БҒМ   мақтау  қағазымен  –  21,  білім  беру  басқармасының 

мақтау қағазымен – 15.  

М ектеп  əкімшілігі  мұғалімдердің  сапалық  құрамын  жақсарту  жұмыстарын  ұдайы 

жүргізіп  отыр.  ПМ БАИ  жəне  РИКСО  білімін  көтеру  курстарынан  түгел  мұғалімдер 

тақырыптық  семинарларға,  облыс,  республика  шеңберінде  өткен  конференцияларға 

қатысты.  М ектепте  мұғалімдердің  педагогикалық  шеберліктерін  жетілдіруге,  білім  беру 

үрдісін өткізуге жəне қамтамасыз етуге барлық қолайлы жағдай  жасалған. Бұған дəлел - 

оқушылардың  жыл  сайын  пəн  олимпиадасында,  облыстық,  республикалық  жəне 

халықаралық  пəн  олимпиадаларында,  оқушылардың  ғылыми  жоба  сайыстарында 

жеңімпаз атануы. 

Бүгінгі күні 18 сынып- комплектісінде  331 оқушы оқиды, жалпы білім  сапасы 84 

%.  


Орта  білім  беру  ұйымдарында  М АБ  білім  беру  қызметтерінің  сапасын  бағалау 

жəне бастауыш пен негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын 

білім алушылардың меңгеру деңгейін  9- сыныптар үшін орыс тілі, математика, ағылшын 

тілі,  пəндерінен  стандартқа  сəйкес  алған  білімдерінің  беріктігін,  оны    тест 

тапсырмаларына  пайдалана  білуін  байқау,  анықтау  мақсатында  жүзеге  асырылды. 

М ектептің    9  «а»,  «ə»  сыныптарының    30  оқушысы  қатысып  өте  жоғары  96%деңгейді 

көрсетті.  

Оқу  процесін  жетілдіріп,  сабақ  сапасын  арттырудың  əдіс  –  тəсілдерін  жете 

меңгерген М АБ көрсеткіші өте жоғары болған мұғалімдер: Хабылбекова А.Қ., Камелова 

Б.Қ.,  Рахимжанова  А.  С.,    Хасанова  С.  Б.,  Куватова М .Б.,  сынып  жетекшілер  Сумбаева 

А.Х.,  Сəрсембекова  К.А.  Жоғары  жетістікке  жетудің  сыры  -  аталған  əр  мұғалімнің 

шығармашылық  еңбегіне,  əдіс-тəсілдерді  қолданудағы  шеберлігіне,  терең  теориялық 

біліміне,  тəжірибесіне, оқушылардың  жеке  дара  психикалық  ерекшеліктерін  анықтап,  

меңгерілетін тақырыпты əр оқушыға сай үйлестіре білуіне байланысты дер едік. 

         Он  бір  жыл  ішінде  мектеп  жетінші  рет  мектеп  түлектерін  шығарды:  ҰБТ  

қорытындылары  бойынша:  2004  жылы  орта  ұпай  –  87,7;  2005  жылы  орта  ұпай  –  101,2; 

2006 жылы орта ұпай – 98,2; 2007 жылы орта ұпай - 99,7; 2008жылы орта ұпай – 107,5, 

2009жылы  орта ұпай -115,1, 2010ж – орта ұпай – 118, 2011ж – орта ұпай – 115,6. Үш жыл 

бойы    мектеп  республика  бойынша    «жиырма  үздік  мектептердің»  қатарында  жүрсе, 

былтырғы оқу жылының нəтижесі бойынша «он үздік  мектептің» қатарына  енді. Биылғы 

оқу  жылында  мектебіміз  облыс  көлемінде  ҰБТ  нəтижелері  бойынша  бірінші  орында. 

Бізден түлеп ұшқан оқушылардың 100 пайызы жоғары оқу орындарының грантына ілігеді.  

Оқушының  білім  деңгейіне  сүйене  отырып  олардың  дайындық  жұмыстарын 

жоспарлы түрде ұйымдастыруды, білімге деген ынтасын, қызығушылығын, тұрақтылығын 

қалыптастыру  жолдарын,  əр  түрлі  тапсырмаларды  орындату  арқылы  бақылап  отыруды, 

берілген  тапсырмаларды  тиянақты  орындалуын  талап  етуді,  сабақта  уақытты  тиімді 

пайдалануды  жете  меңгерген,  осының  нəтижесінде  ҰБТ  көрсеткіштері  жоғары  пəн 

мұғалімдері:  қазақ  тілінен  Қабылова  А.  М .,  Арынғазина  Ə.  М .;  математикадан  Бокаева 

Р.С, Бегалина Ж.Б., Қазақстан тарихынан Итемгенов Б.Ұ., орыс тілінен Рахимжанова А. С. 

таңдау  пəндерінен  физика  пəнінен  Сумбаева  А.  Х.,  ағылшын  тілінен  Куватова  М .Б, 

география пəнінен Бейсембаева Н.Ə. 

Бір  сөзбен  айтқанда,  заман  ағымынан  бір  елі  қалмайтын  «Жас  дарын»  мектебі 

аймағымыздың білім беру саласын алға жетелейтін бірегей мекемелердің қатарында. 

 

 



 

 

 

 

 

 

Еңбек жолымдағы алғашқы баспалдақ 

 

Арынғазина Əсел Мұратқызы 

-

 



мектеп директорының 

 тəрбие жұмысы  

жөніндегі орынбасары 

             Өмір заңдылығы бойынша барлық адамның өмірі белгілі бір кезеңдерден тұрады. 

Олардың қатарына балабақша, мектеп, жоғары оқу орны жəне жұмыс орны жатады. Бірақ 

əрбір  адамның  өмірі  қайталанбас,  ұмытылмас,  өзінше  бір  тарих.  Барлығы  бірдей 

кезеңдерден  өткенімен  əрқайсысының  өзіндік  жолы  бар. М ен  де  «Жас  дарын  мектебіне 

қалай  келгенім  жайлы,  осы  мектеп  қабырғасында  өткізген  7  жылымның  есте  қалған 

сəттерімен, өз ойыммен бөліскім келеді.  

2002  жылдың  көктемінде  С.Торайғыров  атындағы  Павлодар  М емлекеттік  

Университетінде  мемлекеттік  емтиханға  дайындалып  жүрген  кезіміз.  Қазақ  тілі  мен 

əдебиеті  кафедрасында  лаборант  болып  істеп  жүрген  Алма  Шакуовна  деген  адам  мені 

шақырып  алып  (тобымның  старостасы  болғандықтан,  түрлі  сұрақтармен  кафедраға  жиі 

баратынмын,  мұғалімдермен  де  қарым  –  қатынасым  жақсы  болатын):  «Сендерді  келесі 

аптада  мектептерге  бөледі.  Қызыл  дипломмен  аяқтағандарды  қалада,  ал  қалғандарын 

ауылды жерлерге жібереді. М ына тізімді қарашы»- деп, қазақ тілі  мұғалімдеріне  сұраныс 

білдірген  мектептердің тізімін алдыма қойды. Алдағы  мақсатым  мемлекеттік  емтиханды 

өте  жақсы  тапсырып,  қызыл  дипломымды  дəлелдеу  болатын,  ал  жұмыс  жайында  əлі 

ойланбаған  едім.  Қала  мектептері  жайында  хабарым  да  аз  еді.  Алма  Шакуовна 

мектептерді талдай келе «Жас дарын» деген  мектепке тоқталды. «Бұл дарынды балаларға 

арналған мектеп, осы  мектепке сен лайықтысың. М ен по блату сені осы мектепке жазып 

қояйын»- деді. М ен бірден келістім, ол кісінің  маған жасаған қамқорлығына риза болып, 

алғысымды жаудырттым.  

 

Сол  жылы  университет  аяқтаған  барлық  мамандықтар  бойынша  студернттерді 



аудиторияға жинап, əр мектептен, ауылды жерлердің директор, олардың орынбасарлары 

келіп,  болашақ  мамандарды  өздеріне  ала  бастады.  Бейне  бір  базар  сияқты.  Студенттің 

мінездемесі  оқылады,  оны  алатын  адам  қолын  көтеріп,  атын  жазып  алып  жатыр.  М ені 

«Жас дарынға жазып қойғанымен, мені алуға ешкім келмеді.  

Келесі  күні  қалада  қалатын  болған  студенттерді  облыстық  білім  департаментіне 

(қазіргі  білім  басқармасы)  кездесуге  жіберді.  Онда  бізге  сəттілік  тілеп,  қолымызға 

жолдамаларымызды  беріп,  қалада  қалатындарды  қалалық  білім  басқармасына  жіберді. 

Онда Күлмаш Қасымовна деген адам  (кім болып істейтініне көңіл аудармаппын):  

-  Бұл  дарынды  балаларға  арналған  мектеп,  дарынды  балалар  оқиды,  талап  мықты,  істей 

аласың ба? , - деді. 

 - Тырысып көремін, - деп жауап қайтардым.  

-  Ендеше, тамыздың 15- і күні мектепке бар да, жұмысқа к іріс, - деп шығ арып салды.  

 

Кейбір  студенттер  мүлдем  жұмыс  таппай,  кейбіреулері  ауылды  жерлерге 



барғылары  келмей,  қиналыс  үстінде  жүрсе,  менің  тағдырым  бір  жұманың  ішінде 

шешілгеніне құдайға рахметімді жаудырттым.  

Емтихандар сəтті аяқталып, қолыма аңсаған, армандаған қызыл дипломымды алған 

соң, жазғы демалысымды ата – анамның жанында  өткіздім.  

Сөйтіп,  жазғы  демалыс  та  көзді  ашып  жұмғанша  өте  шықты.  15  тамыз  күні 

таңертең  ерте тұрып, жаныма жеңгемді  ертіп «Жас дарын» мектебіне аттандық. М ен бұл 

мектептің  қай  жерде  орналасқанын  да  білмейді  екенмін.  Оным  заңды  да  құбылыс  еді, 

өйткені мектептің жұмыс істеп тұрғанына 3 жыл ғана болатын.  

Екі  қабатты  ескі  ғимараттың  ішіне  кіріп,  қабылдау  бөлмесіне  жол  тарттық. 

Қабылдау бөлмесінде 2 адам сөйлесіп отыр екен. Ол кезде бухгалтер болып істеген Гүлназ 

жəне хатшы болып істеген Гүлнар Шекерқызы:         

-

 



Сіздер қандай сұрақпен келдіңіздер? – деді бірден екеуі бізге қарап. 

-

 



М ені осы мектепке жолдамамен жіберді.Директорға жолығайын деп едік, - 

дедім мен. 



-

 

Ол кісі қазір бос емес, қабылдауында кісі бар. Сыртқа шығып, күте тұрыңыздар-  



деп, бірден өз əңгімелерін жалғасыра кетті. 

Жеңгем екеуміз дəлізге шығып, (ол кехзде 1 қабаттың ортасында айна , оның  

алдында отыратын тақ сияқты бірдеңе болатын) айнаның алдына отырдық. Біраз уақыттан 

соң, қабылдау бөлмесінен бір əйел адам шығып бізге келді де: 

-

 

Сіздер неге отырсыздар? 



-

 

Біз директорға жолығайық деп едік. 



-

 

М ен – директор.Гүлбаршын Жұмажанқызы. Қандай сұрақпен келдіңізер? 



-

 

М ені осы мектепке жолдамамен жұмысқа жіберді. 



-

 

Кім?-деп таңдана қарады, қарасында шынымен де қатты таңдаңғаны байқалды. 



-

 

Білім департаментінен, - дедім мен. 



-

 

Жүріңіздер, кабинетке барып сөйлесейік – деп, бізді кабинетіне жетелеп əкетті.  



Кабинетке кіріп, жайғасқан соң: 

-

 



М ен сендердің келгендеріңе таң қалып тұрмын. Біздің департаментке сұраныс  

бергеніміз  рас.  Бірақ,  сен  университетті  енді  бітірген  жас  мамансың  ғой.  Біз  жас 

мамандарды  қабылдамаймыз.  Біздің  мектеп  дарынды  балаларға  арналған  мектеп,  мұнда 

тек  тəжірибелі,  көп  жылғы  еңбек  өтілі  бар  мұғалімдер  ғана  жұмыс  істейді,  –  деді. 

Жұмысым  бар деп рахаттанып, уайым – қайғысыз жүрген менің үстімнен жай түскендей 

болды. Үндемей отырған жерімнен директор: 

-

 

Осы күнге дейін қайда жүрдің? Неге ертерек келмедің? – деді. 



-

 

М аған қалалық басқармада жолдама бергенде, жұмысқа 15 тамыз шығасың 



 деген соң, бүгін келдім, - дедім жасқана сөйлеп. 

-

 



Кəне, қандай құжаттар əкелдің?- деді қолымда ұстап отырған қағаздарыма  

қарап. Жолдамамды байқап, қызыл аттестатымды көрді де, ойланып отырып: 

-

 

Жəрəйді, қызым, көрейік. Дипломың қызыл болғандықтан, 1 айға алайын.  



Көрейік, істей алсаң, байқармыз, – деп 1 айға жұмысқа қабылдады. 

Жеңгемді үйге қайтарып, мені алып қалды. Сол кезде мұғалімдердің  барлығы 

кабинетте    жиналысқа  жиналып  отыр  екен.  Директор  мені  ертіп  барып,  ұжыммен 

таныстырды.  М ені  қазақ  тілі  мен  əдебиеті  пəнінің  мұғалімі  Айсұлу  М ажитқызына 

тапсырды,  маған  ол  кісі  көмектесіп,  жауапты  болатын  болды.  Шынымен  де,  ұжымның 

барлығының жасы менен əлдеқайда үлкен екен. Сөйтіп, мектеп тарихында ең жас мұғалім 

болып мен орналасқан болатынмын. 

Жиналыстан  соң    Айсұлу  М ажитқызы  мені  кабинетіне  ертіп  барып,  екеуміз 

мектептің  қабылдауына  кабинетті  дайындадық,  плинтустарды  боядық.  Айсұлу 

М ажитқызы: 

-    Қандай,  кімнің  əдістемесін  пайдаланасың?-  деді  маған  сынай  қ арап.  Жұмысқ а 

енді  келіп  жатқан  менде  қандай  əдістеме  болсын,  əйтеуір  университетте  оқытқан 

мұғалімдерім  Қуандық  Пазылұлының,  Еңлік  Өсербайқызының,  Қанипа  Досжанқызы 

үйреткен  əдістемелерді  айтып  бердім.  Екеуміз  пəн  бойынша  біраз  тілдесіп,  ол  кісі  мені 

мектептің ережелерімен таныстырды. 

- Демалыс кезінде жұмыс 9.00- де басталады, бірақ мен ерте келемін. Сен де 8.30.-  

да  осында  бол,  -  деп  талап  қойды.  Басында  Айсұлу  М ажитқызы  өте  қатал  болып 

көрінгенімін,  жақын танысып, біліскен соң жақсы əріптес, дос болып кеттік. Ол кісі маған 

күнтізбелік, күнделікті жоспар жазу үлгілерін көрсетіп, өзінің əдістемесімен таныстырды. 

Жалпы, мұғалімдік жолымда  мен үшін Айсұлу М ажитқызының орны ерекше. Өйткені өз 

ісінің  мықты  маманы  бола  тұра,  мені  де  көп  нəрсеге  үйретті.  Кез  –  келген  іс-  шараны 

бірлесіп, ақылдасып, бір – бірімізге көмек, қолдау жасай отыра тындырып тастайтынбыз. 

Өмір  жолымда  өз  мамандығым  бойынша  Айсұлу  М ажитқызы  сияқты  маманның 

кездескені де менің бір бақытым болар.  

Тағы бір ерекше мақтанышпен, қуанышпен айтатын жəйт, студент кезімде 

 университетте  сабақ  берген  ұлағатты  ұстаздарым  Қанипа  Досжанқызы,  Бекен 

Сағындықұлы,  Гүлнар  Əдебиетқызы  сынды  ғалымдармен  əрдайым  байланыста  болып, 

ақыл  –  кеңестер  алып  тұрамын.  Білімдерінің  тереңдігі  мен  жан  –  жақтылығы  арқылы, 



қарапайым  мінездері негізінде  ең беделді үлгі бола  алған, ұстаздық –  шəкірттік үдерісті 

берік ұстанған жандар. 

 

2  жұма  жұмыс  істеген  соң,  Гүлбаршын  Жұмажанқызы  мені  шақырып  алып, 



ақылдаса  отырып,  мені  4-  сыныптың  жетекшісі  етіп  тағайындады.  Ол  сынып  Тоқмейіл 

Жайлауқызының  бастауыш  түлектері  еді.  Іштей  «Сынып  берді,  ендеше  мені  жұмысқа 

қабылдағаны  ғой»  деп  қуандым.  2  аптадан  соң  маған:  «Қазақ  тілінің  маманысың  ғой, 

педагогикалық  кеңестің  хаттамаларын  жазасың»-  деді.  Ол  кезде  оқу  ісінің  меңгерушісі 

Сəуле Төлегенқызы болатын. Ол кісі хаттама жазудың үлгілерін көрсетіп, сол кісімен қоян 

–  қолтық  жұмыс  жасадық.  Сөйтіп,  келісімен  бірден  мектеп  өміріне  белсене  араласып 

кеттім.  

1  қыркүйек  алғашқы  қоңырау  мерекесі  де  келіп  жетті.  Салтанатты  жиында 

сыныбымның  жанынды  тұрып,  жиыннан  соң  сыныпқа  келіп  ашық  сабақ  өткіздім.  Бұл 

сабаққа оқушылардың ата – аналары да қатысты. Сайыс түрінде ұйымдастырылған сабақ 

өте  жақсы  өтті.  М ен  де,  оқушылар  да,  ата  –  аналар  да  жоғары  көңіл  күймен 

тарастық..М енің  жауапкешілігіме,  ары  қарай  жетелеуіме  17  оқушы  берілді.  ІІ  тоқсанда 

тағы 2 бала қосылып, барлығы 19 бала болды. Біреуі келеді, біреуі кетеді, көп дегенде 26 

оқушыға  дейін  көбейді.  Оқушыларым  айтқаныңды  екі  етпейтін,  көздері  жəудіреп  не 

айтарыңды күтіп тұратын кішкентай ғана болатын. Бірақ мен сыныбым  жайлы «Шумные, 

но  умные»    дейтінмін.  Ата  –  аларыммен  де  тіл  табысып  кеттік.  Бұл  сыныппен    3  жыл 

жұмыс  істедім  де,  қимастықпен  Клара  Қалиқызына  тапсырдым.    Уақыт  та  зымырап  өте 

шықты, қазір сол балалардың 13- і   мектеп бітіретін түлектер. Сыныпты тапсыруымның 

нақтылы  себебі  де бар еді. Ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Сəуле 

Төлегенқызы  №35  мектепке  директор  қызметіне  тағайындалғандықтан,  тəрбие  ісінің 

орынбасары  қызметін  атқарған  Армангүл  Сартайқызы  сол  кісінің  орнына  көтеріліп, 

тəрбие ісі орынбасарының орны босады. Гүлбаршын Жұмажанқызы, Гаухар Қабдырқызы, 

Армангүл Сартайқызы ақылдасып бұл жұмысқа  мен лайықты деп шешіпті. Бұл жайында 

маған айтқанда кəдімгідей шошып кеттім жəне таң қалдым «Неге мен? М енің еңбек өтілім 

3- ақ жыл, менен басқа да тəжірибелі, мықты ұстаздар бар емес пе? Əрине, мағ ан мұндай 

сенім артқандарыңызға рахмат, бірақ мен ыңғайсызданып тұрмын. Жап – жас болып үп – 

үлкен  мұғалімдерге  қалай  сөзімді  өткіземін?»-    дедім.  Бірақ  олар:  «Сырттан  біреуді 

алғанша,  өз  ішімізден  шықсын.  Сен  істей  аласың.  Біз  көмектесеміз,  алып  кетесің»  деп 

жігерлендірген  соң,  келістім.  Қорыққаным  бекер  болыпты,  ұжымның  мұғалімдері  мені 

бірден  қабылдап,  жасыма  қарамай,  айтқанымды  орындап,  керісінше,  көмектесуге 

тырысты.  Орынбасар  қызметімде  Армангүл  Сартайқызының,  Гаухар  Қабдырқызының 

көмегі көп болды, көп нəрсені  сол адамдардан үйрендім. М ектепке келгеннен –  ақ  үлгі 

тұтып,  көп  сабақ  алған,  ақыл  –  кеңес  алған    мұғалімдер  қатарына  Жарова  Тоқмейіл 

Жайлауқызын, Асаинов М ұрат Бəкенұлын, Ақатаева Алма М ажитқызын, Ельтаева Гүлнар 

Рашатбекқызын, Кабылова Күлкен Ғазизқызын жатқызуға болады.  

Гүлбаршын  Жұмажанқызы  –  менің  өмір  тарихымдағы    алғашқы  директор.  Бұл 

кісінің басшылығымен мен 5 жыл жұмыс істедім. Осы уақыт аралығында ол кісі маған бір 

рет  те  дауыс  көтеріп  сөйлеген  емес,  қандай  –  да  бір  кемшілігің  болса,  ақырын  ғана, 

ақылмен  айтқанынан-  ақ,өзіңе  қорытынды  жасайтындай  дəрежеге  жеткізетін.  М енің  аз 

жылдың ішінде осындай дəрежеге жетуіме себепкер болған да Гүлбаршын Жұмажанқызы. 

Үш-  ақ  жыл  жұмыс  істегеннен  кейін,  мені  өзінің  орынбасары  етіп  тағайындады.  Сол 

кездегі  ол  кісінің  маған  артқан  сенімін  мен  əркезде  ақтауға  тырысамын.    М ені  пəн 

мұғалімі  ретінде  олимпиадаға,  облыс  əкімінің  грант  тағайындау  сайысына  жіберіп, 

қатыстырды.  Алғашында  қорқып  қатысқым  келмегенде  «Бар,  қатыс,  көр.  Сенің  өсуің 

керек. Бұл сенің болашағың. Орын алмасаң да, тəжірибе жинайсың. Бірақ ,сен орын алуға 

тиіссің  »  деп  жіберетін.  Қазақ  тілі  мен  əдебиеті  пəні  мұғалімдерінің  олимпиадасына 

қатысқан  кезде,  І  турында  шығарма  жазып,  ІІ  турға  өткен  соң,  кешке  жеребе  алып, 

таңертең  сабақ  беретін  сыныпты  анықтадық.  Сол  күні  түннің  бір уағына  дейін  өткізетін 

сабғымды  дайындауға  көмектескен  Армангүл  Сартайқызы,  Айсұлу М ажитқызы,  Гүлнар 

Сартайқызы сынды мұғалімдерге алғысым шексіз.   



 

Жалпы бұл мектеп менің өміріммен тығыз байланысты. Осы мектеп қабырғасында 

өмірімнің  қызығы  да,  шышығы  да  ақырындап  өтіп  жатты.  Осы  мектеп  қабырғасында 

отбасы  құрдым,  сəби  сүйіп,  ана  атандым.  Жолдасыммен  кездесуімізге  Сəуле 

Төлегенқызының  да  қатысы  болған  еді.  Ол  кезде  9-  сынып  оқушыларын 

(ЕрмұратВалерийұлының  сыныбы)  мемлекеттік  емтиханға  дайындап  жатқан  едім. 

Кабиенеттің  есігі  сəл  ашылып  тұрған  еді.  Бір  кезде  есіктің  тесігенен  біреу  қарғандай 

болды,  шығып  қарасам,  өзімнің  гимназияда  бірге  оқыған  сыныптасым  келіп  тұр  екен. 

Қасында  інісі  бар.  Көрісіп,  қал  сұрасып,  олар  мені  далада  күтетін  болды.  Сабағымды 

аяқтап, астына түссем, Сəуле Төлегенқызы тұр екен. Ол кісі маған: 

-

 

Саған келген адамдармен жолықтың ба? – деп сұрады. 



-

 

Ия, сіз кіргіздіңіз бе? – дедім. Өйткені үстіңгі қабатқа бөтен адамдарға 



 көтерілуге болмайтын еді. 

-

 



М ен  кіргіздім.  Сырт  келбеттері  дұрыс  болғасын,  кіруге  рұқсат  бердім  –  деді 

күлімдеп. М ектеп аяқтағалы, 5 жылдан соң қайта кездесіп,сол кездесуімізден 

 соң,    2  жыл  өткесін  отбасы  құрдық.  Сəбилі  болдым.  Баламен  үйде  отырған  к езімде 

əріптестерім  үнемі  келіп,  қал  –  жағдайымды  сұрап,  мектептің  жаңалықтарын  айтып 

кететін. Жалпы, бұл мектептің мұғалімдері бір отбасыдай өмір сүреді, бір – біріне қамқор, 

жанашыр. Қуанышыңда бірге қуанып, кейіген сəттеріңде демеу беретін жандар.  

 

М ен баламен үйде отырғанда  мектеп директоры болған Гүлбаршын Жұмажанқызы 



құрметті  демалысына  шығып,  орнына  Сəуле  Төлегенқызы  келді.  Қайта  жұмысқа  шығар 

кезде, мені орныма алар ма  екен,  маған деген көзқарасы қандай болар екен? деген ойлар 

мазалады.  Кабинетіне  кірген  сəтте  күлімдеп,  құшағын  жая  қарсы  алды.Ешқандай  сөзге 

келместен  бірден  жұмысқа  қабылдады.  Бұрын  бірге  істегендігімізден,  бір  –  бірімізді 

жақсы  танығандықтан  тіл  табысып,  жұмыс  жасап  кету  қиын  болған  жоқ.  Өзім  сабақ 

алатын  Сəуле  Төлегенқызының  бір  қасиеті  –  ол  оның  барлығын  жүйемен,  орнымен, 

уақытымен  орындауы.  М ұғалімдер  мен  оқушыларға  мықты  талап  қоя  білгендігінен  де 

мектеп  көптеген  нəтижелерге  жетіп  жатыр.  Тəрбие  ісінің  орынбасары  болғандықтан, 

мектептің түрлі іс – шараларын өткізу менің мойнымда. Ал концерттердің дұрыс шығуы, 

оқушылардың  сыртқы  киіміне  байланысты.  Сəуле  Төлегенқызының  басқаруымен 

мектептің оркестр қатысушыларына, би үйірмесіне қатысатын ұлдар мен қыздарға ұлттық 

киімдер тігіліп, оркестрге қажетті ұлттық аспаптар толық алынды. Бұның барлығы Сəуле 

Төлгенқызының басқара алу, ұйымдастыра алу қабілеттерінің арқасында деп ойлаймын.  

 

Ұстазық  үздік  қасиеттің,  абырой  –  беделдің  артуы  –  баулыған  шəкіртіне 



байланысты.  М ектепте  алғашқы  істеген  жылы  бастауыш  сыныптардың  пəн 

олимпиадасына  ана  тілі  пəні  бойынша  4-  сынып  оқушысы  Темірғалы  Айжан  деген 

оқушыны  дайындадым.  Ол  мəнерлеп  Ж.Аймаутовтың  «Ақбілек»  шығармасынан  үзінді 

оқыды. Бойында əртістік қабілеті өте  жақсы  дамыған,  айтқаныңды бірден қағып  алатын, 

ұялмай, қымсынбай өзіне берілген рөлге еніп, жоғары деңгейде ойнап беретін оқушы еді. 

Сол сайыста ІІ орын алып, менің алғашқы нəтижем деп, төбем көкке жеткенше қуанғаным 

өмір бойы есімде қалды. Одан кейінгі ауыз толтырып айтатын шəкіртімнің бір Изгуттинов 

Анияр  болатын.  Бұл  оқушы  қазақ  тілі  бойынша    5  –  сыныптан  бастап  мектепішілік 

ғылыми  жобалар  жазып,  олимпиадаға  қатысып,  үнемі  жүлделі  орынға  ие  болатын.  7- 

сыныпта  жазған ғылыми жобамыз  сəтті  шығып,  тағы да жүлделі І орынды алғандықтан, 

Сəуле Төлегенқызы мені шақырып алып: 

- Əсел М ұратовна, Аниярдың бұл жобасын жоғары сыныптарға арналған қалалық  

ғылыми  жобалар  сайысына  жіберсек  қайтеді?  Жұмыстарың  жақсы,  баланың  қорғауы  да 

керемет.  Көрейік,  Анияр  да  болшаққа  тəжірибе  жинай  берсін,-  деген  соң,  жобамызды 

сайысқа  жібердік.  Қалалықтан  І  орын,  облыстықтан  ІІ  орынға  иемдендік.  Республикаға 

өту  үшін  тапсырылған  тестен  де  85  %  жинады.  Бұл  сыныпта  одан  соң  Айсұлу 

М ажитқызына  тапсырғандықтан,  ары  қарай  оны  Айсұлу М ажитқызы  жетелеп,  көптеген 

нəтижелерге  жетті.  Жалпы  А нияр  өте  ақылды,  шын  мəніндегі  дарынды,  талапты  да 

талантты  оқушы.  Сондай  ашық,  ақкөңіл,  ақжарқын,  нағыз  қазақы  мінезді  бала.  Барлық 

оқушылар Анияр сияқты болса арман болмас еді.  



М ектепке  алғашқы  орналасқан  кезде  компьютерді    білмеген  едім.  М аған 

компьютердің қыр – сырын үйреткен сол кезде мектептің шаруашылық ісінің меңгерушісі 

болып  істеген  Ахметов  Серік  Зейноллаұлы  болатын.  М ен  əріптерді  бір  қолмен 

теретінмін,ол:  «  Болмайды,  жаман  үйренесің,  екі  қолыңмен  жаз»  деп  ұрсатын.  Бірдеңе 

жазып бер,  істеп бер десең, тек істеп бере  салмай, «былай істейсің, былай істейсің»,- деп 

көрсетіп үйрететін. Сол кісінің арқасында компьютердің нағыз білгірі болып алдым.  

М ен мектепке келгенде ең жасы болсам, менен кейінгі 1-2 жылдың ішінде көптеген 

жас мамандар келіп, ортамыз толықты. Жас ерекшелігімізге қарамай, барлығымыз əріптес, 

дос  болып  кеттік.  Олардың  қатарында  мына  мұғалімдерді  атауға  болады:  Белгібаева 

Гүлшекер М анатқызы,  Какабаева  Айнаш  М анатайқызы,  Сыпатаев  Ермұрат  Валерийұлы, 

М ахамбетова  Ботагөз  Қайыргелдіқызы,  Ембергенова  Айгүл  Еділқызы,  Сүлейменова 

Анаргүл  Серікқызы,  Тұрарова  Динара  М ерленқызы,  Қайдарова  Гүлнар  Сартайқызы, 

Арынова  Зəуре М ұратқызы,  Қайдарова  Лаура  Сартайқызы,  Жарова  Самал  Төлегенқызы, 

Нұрпейісова  Назгүл  Қабдрашқызы,М омынов  Қуат  М ырзатайұлы,  Шаймұрат  Азамат 

Боранбайұлы,  Ахметова  Сəбира  Қуанышбекқызы,  М ұстафина  Айымгүл  Еділқызы, 

Ертаева    Ақмарал  Хамитқызы,  Асқарова  Жұлдыз  М ұфталқызы,  Иглікова  Гүлназ 

Бекболатқызы,  Ибраева  Жанар  Бəкібайқызы,  Жансүгіров  Нұрлан  Тілемесұлы,  Сақанова 

Гүлнар  Бейсенбекқызы,  Күльбаева  Гүлнар  ƏІсетқызы,  Хайсина  Клара  Қалиқызы, 

Сырттанова  Айнаш  Тоқтарханқызы,  Хасанова  Сəуле  Бариқызы,  Тұрсынов  Ғаждембек 

Қуанышұлы, М акина Гүлжан Төлейбайқызы, Бекібаева Сəнгүл Ғосманқызы, Ескендірова 

М айса  Түсіпқызы,  Ашықова  М əншүк  Амангелдіқызы,  Бейсенбаева  Нағима  Əмзеқызы, 

Ильясова  Гульмира  Раушанқызы,  Ахметова  Лəззат  Нарботақызы,  Жүнісова  Жəмиля  

Жұмайқызы.М ектептің  мұғалімдерін  тізбектеген кезде,  мектепте биология пəнінен сабақ 

берген,  əріптес,  дос  болған  марқұм  Төлеубаева  Дана  Балтабекқызын  да  айтпай  кетуге 

болмайды.  Қазір  ортамызда  болмағанымен,  мектеп  тарихында  өзіндік  орнын  қалдырған 

сыпайы, қарапайым, əдепті, ерекше тəртіпті ұстаз болатын. М ұндай ұстазымыздың қазіргі 

таңда ортамызда болмағаны өкінішті – ақ!  

Тəрбие  ісінің  орынбасы  қызметімде  жергілікі  ақын,  жазушы  Қайдаров  Сартай 

Қайдарұлының  да  көмегі  зор.  М ектепте  өткізілетін  түрлі  іс  –  шараларға  арнап  ой 

маржандарын өлең сөзге өріп, жыр жазып беретін керемет дарын иесі.  

Үлкенді сыйлау – халқымыздың өнегелі қасиеттерінің бірі. Үлкендер өз алдына бір  

төбе,  өз  алдына  бір  отау.  Қазіргі  кездегі  ортамыздағы  үлкендеріміз,  ақылшы, 

қамқоршыларымыз  Камелова  Бəтима  Қабиденқызы,  Əбдіжсіпова  Бəтима  Халыққызы 

Жарова Тоқмейіл  Жайлауқызы,  Бокаева  Роза  Сұңғатқызы,    Оспан  Орынгүл  Оспанқызы, 

Хабылбекова  Айсұлу  Қайырбекқызы,  Шайдарманова  Сақыпжамал  Тұяққызы,  Сеитова 

Бақыт 


Жұмажанқызы, 

Жекеева 


Алтынай 

Нұрмағанбетқызы, 

Қасенова 

АйманЖұмажанқызы, 

Сумбаева 

Алтын 


Хайроллақызы, 

Сəрсенбекова 

Күлəш 

Амантайқызы,  Төлекова  Бəтіш  Қайржанқызы      сынды  білікті  маман  иелері.  Бұл  



адамдарды құрмет тұтып, үлгі алу  - өмір жолыма зор бақыт,  мол  сабақ алғанмен  пар – 

пар.  Əсіресе,  Бəтима  Қабиденқызы  (бір  кабинетте  отырғандықтан,  өте  тығыз  қарым  - 

қатынастамыз)  өмірден  көрген,  білгенін,  түйгенін  айтып,  кез  –  келген  жəйттерде, 

оқиғаларда өз ақылдылығының, көрегендігінің арқасында ақыл – кеңес айтып, өмірімізге 

бағыт – бағдар беріп отырады. Кез – келген  жағдайға, сəтке орай ұйқастырып өлең оқып 

ала жөнелуі де өз алдына бір ерекшелігі.  

Вахтада отыратын Əминə апай, мектептің тазалығына жауапты, Жанар апай, Əминə 

апай  Айтжамал  апай,  Қарлығаш  апай,  Гүлнұр  апайлардың  да  еңбегін  айтпай  кетпеуге 

болмайды.  Осы  кісілердің  арқасында  мектеп  əркезде  жарқырап,  мұнтаздай  тап  –  таза 

болып тұрады.  

Топырағы  қасиетті  Ертіс  бойында  орналасқан,  саналы  ғана  ғұмыры  бар 

мектебімнің  мерейтойы  құтты  болсын!  Осындай  кереметтей  мектепте,  еш  жерден 

табылмас,  мықты,  берік, жанашыр да қамқор  ұжымның  жанында, дарынды да талантты 

оқушылардың  ортасында    жүргенім  үшін  өзімді  бақытты  сезінемін.    10  жылдық  тарихы 

бар мектептің өткенінен күткені көп. Сондықтан да  мектептің  алар асулары əлі де алда. 

Сол жолда   мектептің барлық шығармашыл ұжымына  мықты денсаулық, шалқар шабыт, 



зейінді  де  зерделі,  дарынды  шəкірттер  тілеймін.  М əртебең  мен  мерейің  асқақтай  берсін, 

сүйікті мектебім!!! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет