Ромб тәрізді глоссит+



бет1/43
Дата25.05.2023
өлшемі349,5 Kb.
#97505
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

Стоматология
1. 30 жастағы науқас тітіркендіргіш тағамдар қабылдағанда тілінде пайда болатын күйдіру және шымшу сезімдеріне шағымданып келді. Канцерофобиямен зардап шегеді.Объективті: тілдің ортаңғы сызығында- жіп тәрізді бүртіктердің болмауынан үңірейген, сопақша пішінді жеке ошақ анықталды. Диагноз қойыңыз:

  1. ромб тәрізді глоссит+

  2. глоссалгия

  3. қатпарлы тіл

  4. десквамативті глоссит

  5. қара түкті тіл

2. 35 жастағы әйел оң жақ жоғарғы тісінің тістегенде күшейетін үнемі сыздап ауыратынына шағымданады. Анамнезінен: тіс бұрын емделген. Объективті: 17 тістің шайнау беткейінде тұрақты пломба. Перкуссияда ауырады. 17 тіс маңындағы шырышты қабат қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, пальпацияда ауырсынады. ЭОД-120 мкА. Рентгенограммада: ұрттық-медиальды түбір ұшы аймағында периодонтальды кеңістігінің кеңеюі. Қайсы болжамды диагноз болуы мүмкін?



  1. Созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы

  2. Созылмалы гангренозды пульпиттің асқынуы

  3. Созылмалы гранулематозды периодонтиттің асқынуы

  4. Созылмалы гранулирлеуші периодонтиттің асқынуы

  5. Созылмалы фиброзды периодонтиттің асқынуы+

3. Науқас 32 жаста, жоғарғы жақсүйектің оң жағындағы тісте температуралық


тітіркендіргіштерден болатын қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Объективті: 16 тістің медиальді-шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы бар. Кіреукенің салбыраған жиектері көрінеді. Суыққа қысқа мерзімді ауырсынады. Тісжегі қуысының түбін зондтағанда ауырсынады. Перкуссия ауырсынбайды. ЭОД - 12 мкА. Диагноз қойыңыз.

  1. орташа кариес

  2. терең кариес+

  3. созылмалы фиброзды пульпит

  4. жедел диффузды пульпит

  5. жедел ошақты пульпит

4. Науқас 28 жаста. Жоғары жақсүйек тістерінің косметикалық ақауына шағымданады. Тістердің түсі балалық шақтан бері өзгерген. Бала кезінде рахитпен ауырған. Қарау барысында: 11, 12, 21, 22 тістерінің вестибулярлы беттерінде және 16, 26 тістердің төмпешіктерінде симметриялы орналасқан бор тәрізді дақтар бар. Дақтың беті тегіс, жылтыр, 2% метилен көгімен боялмайды.


Диагноз қойыңыз.

  1. флюороз, дақты түрі.

  2. Бастапқы тісжегі

  3. Флюороз, штрихті түрі



  4. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет