«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын Қазақстан Республикасының өңірлерінде іске асыру



бет1/3
Дата31.12.2021
өлшемі353,66 Kb.
#23329
түріБағдарламасы
  1   2   3

БОӨЖ 15

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын Қазақстан Республикасының өңірлерінде іске асыру.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Елбасы бастамаларын жүзеге асыру бойынша ауқымды ақпараттық-имидждік жұмыс жоспары бекітілді, өңірлік жоспарларды іске асыру мақсатында жобалық офистер құрылды. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, аударма бюросының жұмысы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6 бағыт бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы Елбасы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманауи білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды. 2017 жылы осы тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды. Жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық аударма бюросы құрылды.



Жобаның мақсаты – гуманитарлық бағыттағы әлемнің ең үздік оқулықтарын қазақ тіліне аударып, елдегі барлық жоғары оқу орнына жеткізу, сол арқылы гуманитарлық білім мен ғылымның мазмұнын жаңарту. Аударылатын оқулықтарды іріктеу барысында 800-ден аса ұсыныс түсіп, арнайы жұмыс тобының қарауына жіберілді. Оқулықты таңдауда бірнеше талап ескеріледі: әлемнің ең озық 100 университетінің оқу бағдарламасында болуы; кемінде үш басылымда жарық көруі және соңғы 3 жылда басылып шығуы; мазмұнының бейтарап сипатта болуы; заманға сай, түрлі интерактивті қосымшаларының болуы. Аталған талаптардың негізінде 47 оқулық аударылды. Әр оқулық 10 мың данамен басылып, еліміздегі 132 ЖОО-ға таратылды. Оқулықтардың басым бөлігі ағылшын тілінен, сонымен қатар француз және орыс тілдерінен аударылған. Бұл кітаптардың кейбірінің орыс тіліндегі нұсқасының болуына қарамастан, оқулықтың түпнұсқа тілінен тікелей аударылуына баса мән берілді. Іріктелген оқу құралдарын қазақ тіліне аударуға Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарының оқытушылары, білікті аудармашылар мен редакторлар тартылды. Аударма барысында арнайы мамандардың ғана емес, оқырман тарапынан келіп түскен ұсыныстар да ескеріледі. Кез келген оқырман 100kitap.kz сайтындағы кері байланыс жүйесі арқылы өзінің ой-пікірін білдіре алады. Нәтижесінде, соңғы 10 жыл бойы бестселлер қатарынан табылып жүрген Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», әлем назарын аударған Ювал Хараридің «Sapiens: адамзаттың қысқаша тарихы», «Homo Deus: болашақтың қысқаша тарихы», «XXI ғасырға 21 сабақ» туындылары қазақ тіліне аударылды. Оқулықтардың электрондық нұсқасы да әзірленіп, олар «Қазақстанның ашық университеті» – OpenU.kz платформасына жүктелген. Қазіргі таңда платформада 172 курс қамтылған, оған тіркелген қолданушылар саны 46 мыңнан, ал қазақ және орыс тілдеріндегі дәрістер саны 4000-нан асады. Бейнедәрістермен қатар, тапсырмалар мен қосымша оқу материалдары, тест сынақтары және конспектілер беріледі. Өткен жылы 9 мыңға жуық сөзді қамтитын «Қазақ тілінің кірме сөздерінің сөздігі» дайындалып, басылып шықты. Сонымен қатар «Оксфорд әлеуметтік ғылымдар сөздігі» және «Оксфорд экономика сөздігі» жарық көрді. Сөздіктер 10 мың данамен басылып, көптеген оқу орындарына таратылды. 2020 жылы Оксфорд баспасымен бірлесіп, көлемі мың беттен асатын «Oxford Kazakh Dictionary» қазақша-ағылшынша және ағылшынша-қазақша сөздіктерді шығару жоспарлануда.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет