Руководство к предмету «Основы сестринского дела»


И9 модулі. Радиоизотопты жəне ультрадыбыстық зерттеу əдістері



Pdf көрінісі
бет39/43
Дата06.09.2022
өлшемі275.32 Kb.
#38528
түріРуководство
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
И9 модулі. Радиоизотопты жəне ультрадыбыстық зерттеу əдістері
Радиоизоптық, ультрадыбыстық зерттеу əдістері. Зерттеу көрсетімдері мен 
қарсы көрсетімдері. Емшаралар жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Науқасты 
зерттеудің əртүрлі əдістеріне дайындау.
К құзыреттілік аумағы -
Мейірбикелік үрдіс
К1 модулі. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру жəне жүзеге асыру. Мейір-
бикелік диагноз
«Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік. Оның рөлі мен міндеттері. Негізгі бес кезеңі, 
олардың өзара байланысы жəне əр кезеңінің мазмұны. Мейірбикенің əр кезеңде 
атқаратын міндеттері. Мейірбикелік сырқатнаманы толтыру. Науқастың мəселелерін 
айқындау. Мейірбикелік диагнозды тұжырымдау. Жоспар жасау жəне стандарт бой-
ынша мейірбикелік іс-əрекеттерді орындау. Күтім жасау жоспарын жүзеге асыру 
тиімділігін бағалау. Мейірбикелік сырқатнаманы ресімдеу.
Л құзыреттілік саласы -
Организмнің түрлі жүйелері қызметінің бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс
Л1-2 модулі. Тыныс алу жүйесі қызметінің бұзылуы кезіндегі мейірбикелік 
үрдіс. Оксигенотерапия
Тыныс алу ағзалары ауруларының негізгі клиникалық белгілері. Мейірбикелік 
үрдіс кезеңдерін ұйымдастыру жəне жүзеге асыру. Науқасты қадағалау жəне оған 
күтім жасау. Науқастың жағдайын жеңілдететін қалта ингаляторын, жеке түкіргішті 
қолдану тəртібі. Науқасты позициялық дренажға үйрету. Физиотерапиялық емшара-
ларды орындау. Ингаляциялар жүргізу.
Оксигенотерапия туралы түсінік, оттегі ингаляциясын тағайындау көрсетімдері. 
Жүргізу ережелері мен мүмкін болатын асқынулар. Оттегі беру тəсілдері. Оттегіні 
Бобров аппараты арқылы, мұрын катетері арқылы, оттегі жастықшасы арқылы 
жүргізу. Бобров аппаратымен жұмысқа дайындық. Оттегі баллондарын қолдану 
кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері.
Л3 модулі. Жүрек-қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы кезіндегі мейір-
бикелік үрдіс
Негізгі клиникалық белгілері. Мейірбикелік үрдіс кезеңдерін ұйымдастыру жəне 
жүзеге асыру. Тəуліктік диурез көлемін анықтау тəртібі.Тəуліктік су балансы туралы 
түсінік. Су балансын есепке алу ережесі. Ылғалдандырылған оттегі ингаляциясын 
қамтамасыз ету. Қарапайым физиоемшараларды орындау. Су балансы мен тəуліктік 
диурезді айқындауды орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет