С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата25.12.2016
өлшемі2,05 Mb.
#404
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Пайдаланылған әдебиеттер: 

 
102 
1.
 
«Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандарты» 
2.
 
Б.Б.Телжанқызы, 
Научно-педагогические 
основы 
формирования 
профессионально-дидактической 
компетентности 
будущих 
учителей 
начальных классовМұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – білім сапасының кепілі 
//  «Бәсекеге  қабілетті  маман  дайындаудың  өзекті  мәселелері»:  облыстық 
ғылыми – практикалық конференция материалдары. -Атырау, 2007. -Б.7-11. 
3.
 
Дж.Равен. Компетентность в современном обществе: Выявление, развитие 
и реализация / М., с.48. 
4.
 
Б.Б.Телжанқызы, 
«Научно-педагогические 
основы 
формирования 
профессионально-дидактической 
компетентности 
будущих 
учителей 
начальных классов». ОҚ., - 2010. 
Резюме 
В  данной  статье  рассматривается  научные  труды  исследователей, 
обосновывается 
формирование 
и 
необходимые 
направление 
профессиональной компетентности будущего педагога начальных классов.  
Summary 
This  article  examines  the  scientific  work  of  researchers,  proves  the 
formation and direction of versatile professional competence of future teachers in 
primary schools. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
103 
ҒЫЛЫМДАҒЫ ЖАС ӨСКІН 
МОЛОДЫЕ РОСТКИ НАУКИ 
 
60-80 ЖЫЛДАРДАҒЫ КӘСІБИ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ 
ТУЫНДЫЛАРЫ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӨРКЕМДІК 
БІЛІМІН АРТТЫРУ 
 
Жаңалық Азамат  - Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 
Магистратура және РҺD докторантура институтының  2-курс   
магистранты 
 
   Аннотация:    Мақалада  60-80  жылдардағы  кәсіби  бейнелеу  өнері      
туындылары  арқылы  студенттердің  көркемдік  білімін  арттыруды  
теориялық  тұрғыда  негіздеу  және  педагогикалық  тәжірибе  жұмысында 
тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты қарастырылған. 
 
 Кілт  сөздер:  Қазақтың  бейнелеу  енері,  шығармашылық,  кәсіби, 
эстетика, т.б. 
 
Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  саясатының  әлеуметтік-мәдени 
дамуы  жөніндегі  тұғырнамасында  Республикада  тұратын  барлық  халықтар 
мәдениетінің өзіндік ерекшелігіне тиісті көңіл бөлінетіндігі және кез келген 
мәдениет  қайталанбас,  теңдесі  жоқ  қазына  екендігі,  сондай-ақ,  белгілі  бір 
халықтың  өзін  дүние  жүзіне  сол  арқылы  толық  танытатыны  айтылған. 
Сонымен қатар, бұрынғы өткен өзіндік мәдени дәстүрлерін еске түсіру, есте 
ұстануына, одан рухани қуат алып, өзіндік жасампаздық үрдісін таныту үшін 
оған  басқа  мәдениеттердің  белгілерін  шеберлікпен  өз  бойына  дарытуға 
мүмкіндік  беретіні  көрсетілген.  Халықтық  мәдениеттердің  өзіндік 
ерекшеліктерін 
мойындай 
келіп, 
Қазақстан 
халықтары 
мәдени 
қазыналарының  бірлігі  қалыптасатынын  ескеріп,  мемлекет  барлық 
халықтардың  мәдени  мұраларын  сақтап,  қорғайтыны,  мәдениеттердің 
теңдігін және әрбір халықтың өз мәдени ерекшелігін орнықтыру, сақтау және 
дамыту құқығынқамтамасыз ететіндігі тұжырымдалған. 
XIX ғасырдың аяағы мен  XX ғасырда қазақ бейнелеу өнері өзінің жаңа 
қырынан  көрінді.  Кейінгі  өнер  зерттеушілері  мұны  көбінесе  төңкерістен 
кейін дамыды деп көрсетеді. Бырақ кеңес үкіметінен бұрында қазақ халқында 
маман суретшілер болған [1, 241 б].  
Қазақстандық  кәсіби  көркемөнер  мектебінің  қалыптасуына  көп 
жағдайда,  өзінің  ағартушылық  идеяаларямен,  географиялық  жаңалықтарды 
ашумен  және  қоғамның  прогресшіл  тобының  революциялық  ақыл 
парасатымен  атышулы  соңғы  жүзжылдықтағы  біздің  Ресеймен  ортақ 
тарихымыздағы оқиғалар мен даму процестері мүмкіндік туғызады. Қазактың 
бейнелеу  енері  олардың  аттарымен  тікелей  және  орыс  реалистік  мектебімен 
түтастай байланысты, атап айтсақ, нанымды көрнекілік, табиғи болмыс  пен 
калыптасқан  жаңалық  құрылымға  сүйену  оның  алғашкы  кезеңінде  шапшаң 

 
104 
түрде  Еуропалық  көркеменер  жүйесіне  енуінің  және  кірігіп  кетуінің  тәсілі 
болды. 
Суретшінің негізгі және басты міндеті – бояуды, қалам ізін, мәрмәр мен 
қоланы  жанды  бейнеге  айналдыра  білу.  Кез-келген  кескіндеме  оның  ішінде 
портрет  те  бар,  суретшінің  жанында  көптеген  әсерлердің  қосылуындағы 
образдардан  туындайды,  бояуға  да,  не  мәрмәрға  да  еш  ұқсамайды.  Әрбір 
суретші  ішкі  сырын  сыртқы  ортақ  тілге  «аударумен»  айналысады. 
Интуицияны  қосқанда  барлық  бес  сезімге  әсер  ететін  мөлдір  де,  езгелек 
образды  түс  немесе  қола  тілімен  қабылдап,  түсіну  қажет.  Әр  дәуірде 
бейнелеу  өнерінің  әр  түрлі  жүйесі  жасалынды.  Әлемдік  бейнелеу  өнері 
процесіне кіретін біздің суретшілер оларды ХХ ғасырда ғана дайын күйінде 
пайдаланды.  Алайда,  өзіңдікі  туралы  айтуға  тура  келгенімен  бұл  олардың 
қызметтерін төмендетпейді. Әрбір тіл оны жақсы сөйлеу үшін қызмет етеді. 
Ол үшін дарын мен мектеп қажет [2, 161 б]. 
Қазақ  кәсіби  бейнелеу  өнерінің  пайда  болған  кезеңінен  бастап  1980 
жылдарға  дейінгі  жетістіктері  айрықша  болды.  Кескіндеме  туындылары 
мазымұндық  ерекшеліктері  негізінен  халықтық  сарын  және  ұлытқа  тән 
философиялық  дүние  таным  мен  табиғат  көрінісін  кеңінен  енгізу  арқылы 
әлемді  тұтас  қабылдауын  көрсетеді.  XX  ғасыр  60-80  жылдарда 
шығармашылық  жұмыспен  айналысқан  Қазакстан  суретшілерінің    Қазакстан 
өнеріне  қосқан  үлесін  бағалау  -  өте  қиын  да  күрделі  құбылыс.  60- 
жылдықтардың  өнеріндегі  ең  күрделі  болған  ұлттық  және  өзін-өзі  тану 
мәселесі,  сонымен  қатар  олардың  өмірі  мен  шығармашьшықтарындағы 
белгіленген  жолды  аяғына  дейін  жүріп  өтуге  мүмкіндік  бермеген  ең  қиын 
қарама-кайшылық  еді.  Соған  карамастан,  олар  XX  ғасырдағы  көркемөнерлік 
ойдын жеңісі мен аймақтык, көркемөнерлік дәстүрді ұйлесімді де жан-жақты 
талдай отырып, ұлттық бейнелеу енері мектебінің негізін салып үлгерді. Міне 
осынысымен  де  олар  Қазақстанның  бейнелеу  өнерін,  оның  халықаралық 
мәдениеттегі алатын орнын, ондағы жекелеген шығармашылық тұлғалардың 
ролін анықтау болып табылатын, келесі кезеңнің мәселелеріне әкеп тіреді. 
Түстің  кескіндемелік  қасиеттері,  оған  деген  Қазақстандык  суретшілердің 
айрықша органикалық сезімтаддығы  Қазақстандык станоктік кескіндемелердің 
ерекше сапалық қасиетіне, ал көптеген авторлар үшін көркемөнерлік ізденістің 
және шығармашьшықтарын іске асырудың дәрісіне айналды. Бұл 60-жылдардың 
көшбастаушысы,  сондай-ақ,  творчествосындағы  ең  маңызды  мәселелердің 
бірі көркемөнерлік айқындылықтың ұлттық амалын анықтау болған.  
1960-1980  жылдардағы  қазақ  кескіндеме  өнеріндегі    туындылардың 
эпикалық сипаты мен монументалды шешіміндегі халық тұрмыс тіршілігінің 
дәстұрлі  көрінстері  арқылы  «ұлттық  стиль»  қалыптасты.  1970  жылдарда 
қалыптасқан  үздік  сипаты  бар  ұлттық  мектеп  негізінде  тәрбиеленген  қыл 
қалам  шеберлері  өздерінің  жеке  көзқарастары  негізінде  тақрыптарында 
ұлттық  дүние  мен  қоғамдағы  қарама  қайшылқтарды  бейнелеу  жаңа 
мазмұндық және көркемдік пластикалық ізденстерді қарастырған.  
1966  жылы  Қазақстан  Суретшілер  одағы  үйымдастырған  жас 
суретшілердің  Бірінші  көрмесінде  көптің  назары  Салихитдин  Айтбаевтын 

 
105 
(1938—1994) «Бакыт» (1966 ж.) полотносына ауған еді. Бүл жұмыс туралы 
көп айтылып, тіпті соңғы жылдарға дейін жазылып та жүрді: мұнда ұлттық 
дәстүр мен интернационалдық әсер етуге  негізделген суретшілік ізденістің 
жалпы  бағыты  көрсетілген  картина  негізгі  бағытты  көрсететін 
бағдарламалық шығарма болып табылады. 60-жылдардағы біздің  бейнелеу 
өнерімізге  тән  монументализациялау  мен  типизациялаудың  шегі  , 
Қазақстандық  қатал  стильдің  версиясы.    Авторлардың  шығармаға  деген 
көзқарастары  даусыз  дұрыс,  бұл  аспектілердің  барлығы  да  мұнда  бар. 
Сонымен  қатар,  ол  бүгінгі  күні  ғана  өткен  жүз  жылдықтың  аяғына  дейін 
дамыған  Қазақстан  бейнелеу  өнерінің  жаңа  кезеңін  таңқалдырған, 
көркемөнердегі  құбылыс  ретінде  танылып  отыр.  Оның  көптеген  басты 
мәселелері  —  шығармашылықтағы  еркіндіктің,  жалпы  ұлттық  және  жеке 
бастың  өзін-өзі  тануға  талпынудың,  көркемөнерді  айқындайтын  жаңа 
кұралдарды дайындау мен пайдаланудың қажеттілігі еді [3, 121 б]. 
Алпысыншы  жылғы  қазақ  суретшілері  үшін  бұл  проблемалар 
кадемиялық  және  идеологиялық  ережелердің  таптаурын  жолына  түскісі 
келмегендіктен,  орыс-еуропа  стилистикасына  қараганда  аймақтың  өз 
мәдениетінің «екінші кезектегі» екенін жан ауырта сезінуден туындап отыр, 
міне  осыдан  келіп,  көркемөнер  мектебінің  ұлттық  принциптерін  «жаңа 
технологияларда»  құруға  талпыну  қажет  болды.  Әрине,  осы  және  баска  да 
өзіндік  шығармашылык  мәселелерін  шешу  үшін  ең  бастысы  өнерде  өз 
көңіліндегіні еркін айту қажет болды. 
Қазақстанда  60-80  жылдар  социализмнің  жеңіске  жетіп  нығайған" 
уақыты.  Жаңа  бейнелеу  өнері  кәсіби  тұрғыдан  қарағанда  бекіген  еді,  дей 
тұрғанмен, С.Мәмбеев сәл ертеректе «Творчество» журналында айтқандай:  
ескі  дәстүрлер,  таным,  ою-ернек  өнерінің  жолын  ұстаушылық  өте  күшті 
болды,  сондықтан  да  шын  болмысты  шыншыл  етіп  бейнелеуге  кешу  қиын 
болды"  .  Өткен  кезеңдердегі  өнерді  формасы  бойынша  ұлттық,  мазмұны 
бойынша  реалистік  етіп  жасау  туралы  табысты  орындалып  келе  жатқан 
нұсқауды  «Бақыт»  жұмысы  түп-тамырымен  ұлттық  модельге  айналдырды: 
өнер  формасы  бойынша  да  мазмұны  бойынша  да  ұлттық  болуы  тиісті. 
«Бақыттың»  реалистік  бағыттан  үзілді-кесілді  бас  тартуы  бізді  қазақтың 
көркемөнерлік мәдениетіндегі бейнелеудің дәстүрлік методтары - тайпақтау 
үстірт,  жергілікті  дақ,  қысқаша,  анық  жене  сызықтың  кеңдігі  және  ең 
бастысы, 
бейнеліліктің 
шеңберінде 
қалғанымен, 
образдылықтың 
символикасына оралтады. Мұнда ресми модельден қалғаны: тұтастай советтік 
өнерге  тән  оптимистік,  жалынды,  қызулық  сезілгенімен,  форманың 
тығыздығында,  бірден  өзін-өзі  қорғау  үшін  арпалысқа  айналуға  дайын 
әлдебір ширығу сезіледі. 
Алпысыншы  жылдыктардың  жоғарыда  қалыптастырған  идеялары  мен 
шабытты ойлары туралы баспасөзде, толық түсінікті себептер бойынша, жақ 
ашылмады,  не  көзге  еленбеді.  Көркемөнер  шығармашылығының  барлык 
саласында, өзгеше ойларға қарсы тұру байқалды және бұған формализммен 
күрес  қосыла  салынды.  Бүған  мысал  -  1963 жылы бүкілодақтық  «Советская 
культура»  газетіндегі  „тірі  форманың  өңін  айналдырып,  субъективті 

 
106 
көзқарасты  таңу"  арқылы  өнерге  «жаңа  бағытты»  күштеп  енгізуші,  Алматы 
көркем  өнер  училищесінің  оқытушысы  А.Свитичке  карсы  және 
«формалистік  көрмелерді»  өткізу  үшін  „бағалаушы  әрі  коллекционер 
зейнеткер  М.Медведевтің  үйіне  жиналған  студенттер  Көпбосынова, 
Әбылқасова,  Исмайылова,  Мергенов  және  басқаларды  «әшкерелеген» 
мақала.  Орталықтағы  баспасөздің  алыс  аймақтағы  училище  студенттеріне 
соншалықты  шүқшия  көңіл  аударуы,  мүмкін  әлдекімнің  қүпия  хабарының 
арқасы шығар [4, 201 б].  
Суретшінің  ақыл-ойлары  мен  жүректерінде  Медоев  жаққан  «ұлы 
кешпенділердің оттары» , бүкіл XX ғасырды қоса, көне кезеңдерден бастап 
оның біртұтас даму жүйесінің кейбір кезеңдеріне символды түрде қойылған 
белгі  Қазакстан  мәдениетінің  тарихи жолына сәулесін  түсірді.  Қола дәуірінің 
күн  секілді  дөңгелектері,  сақтар  өнерінің  айқын,  бейнелі  анимистік 
көріністері,  түріктік  «Аттылы  ту  ұстаушылар  мен  сауыт  киіп,  бес  қаруын 
асынған,  жабу  жабылып  тұмшаланған  аттарға  мінген  серілер»,  «тарихи 
құжаттардың  әмбебап  түрлері»  тәрізді.    Адамзат  баласы  тарихындағы 
көркеменер  мәдениетінің  бірегейі  әрі  төл  түрі  ретінде  салт  атты  көшпелі 
формация суретшілерінің шығармашылығын алға тартты. 
Бұл тарихи ескерткіштер еуропалық көркемөнер классикасынан бірде-
бір кем түспейді. Міне сондықтан  да, адамзат баласына ортақ қүндылықтар 
арасына  оларды  енгізіп  орнықтыру  мақсатында,  Қисаметдинов  Шекспир 
(1981)  шығармаларына  жасаған  иллюстрациясына  скиф-сақтық  мифология 
образдарын  өзгертіп,  басқаша  етіп  және  уақыт  ағысьн  қадағалаушы 
жасаушының символы ретінде тіпті езінің портретін енгізген.  
Үғым  алып  меңгерілген  сабақтар  көркемөнерлік  дәстүрлердің  тікелей 
сабақтастығын  ғана  көрсетіп  қойған  жоқ.  Өзіндік  образды  көркемөнер 
жүйесін  жасаудың  жолы  бұл  уақыттың  барлық  ағымына  үн  қосу  немесе 
Пикассо  айтқандай:  «...  өткеңді  қайталамай,  барлығын  қайта  жасау  керек 
екенін  тарихтың  өзі  үйретті».  Сол  кездің  өзінде  алпысыншы  жылдық  жас 
қазақстандықтар үшін станоктык өнер принциптері жат емес еді, олар талмай 
осы  жолды  іздеді,  әрине,  олардың  ізденістері  «XX  жүзжылдықтың  өнерін 
ашқан»    Сезанн,  Ван  Гог,  Гоген  төрізді  шеберлердің  жетістіктеріне,  әлбетте 
сол ғасырдың орталық карама-қарсы тербеліп тұрған баланс күшін іске асыра 
алған Пикассоның өзінің шығармашылығьна бағытталған болатын. 
Айтбаев  60-жылдардың  аяғында,  «Бакыттың»  табысынан  кейін  бүл 
жұмыстың бейнелілік пен сәндік принциптерін дамытатын сурет  пен түстің 
жалпы,  дайын  символдық  шарттылығына  қарамастан,  күтпеген  жерден 
жаирлық  аспектіні  күшейтіп,  «Жас  қазақтар»  (1968  ж.)  мен  «Қонақ 
келдіні» (1969 ж.) атты екі картина салды. Суретші 70-жыдцардың басында 
сурет  салудың  палитрасы  мен  стилін  шалт  өзгертті,  бұрынғы 
жұмыстарындағы  күн  бейнелі  ашық  түсті  гаммалардан  бас  тартып, 
көптеген  жылдар  бойына  оның  кескіндемесіндегі  ең  бастыға  айналған 
ультрамарин! басым қара коңыр, күңгірт түске ден койды. 
Қорыта  айтқанда,  суденттерді  Қазақстан  бейнелеу  өнерінің  жаңа 
үрдістерімен таныстыра отырып, қазіргі заман талабына сай, актуальды білім 

 
107 
беру  олардың  келешекке  жаңа  көзқараспен  қарауға  ықпалын  тигізеді. 
Тәуелсіздікке  талпынған  халықпен  бірге  өнер  саласында  да  еркіндікке  бой 
ұрған  суретшілеріміздің  еркін  ойын  шығармаларында  көреміз.  Ескіні 
жаңартып,  жаңаның  мәнін  ашып,  адамға  берер  әсерінің  ішінде  эстетикалық 
тәрбиненің ықпалы көп екенін аңғарамыз. 
Студенттерді  Қазақстан  Бейнелеу  өнеріндегі  жаңа  үрдістерімен 
таныстырып,  бұрынғы  ағымдардан  ерекшелігін  айырып,  сыры  мен 
мағынасын  түсіндіру,  көркем  ойлауға  баулып,  эстетикаға  тәрбиелеу, 
шығармашылық ойларын дамыту болды. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
 
Т.Ә.Төлебиев,  А.Б.Әлмұханбетов.  Өнер  тарихы.  Оқу  құралы.  –
Алматы: Арман-ПВ, 2009. - 304 б. 
2.
 
А.Б.Вишняков,  Р.Т.Көпбосынов.  Қазақстан  бейнелеу  өнері  ХХ 
ғасыр. –Алматы: Атамұра, 2001. 
3.
 
Ү.Әжиев.  Қазақстан  бейнелеу  өнерінің  шеберлері.  –Алматы:  
Өнер. 1984. 
4.
 
Қазақстан бейнелеу өнерінің Інжу Маржаны. –Алматы:  A. BEREI 
2005. - 263. 
Резюме 
В  этой  статье  рассматривается    теоретическая  основа  Развитие 
художественного  знания  студентов  с  помощью  профессионального 
изобразительного искусства Казахстана  в  60-80 -х годов. 
Summary 
This article discusses the
 in 60-80 years Kazakhstan to improve the students 
aesthetic knowledge of professional fine art.
 
 
 
 
ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ  НАТЮРМОРТЫ АРҚЫЛЫ  ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
КӨРКЕМДІК ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Р.Талиев - Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Магистратура 
және РҺD докторантура институтының  2-курс   магистранты 
 
Аннотация:  Мақалада  шығыс  натюрморты  жанрына  оқушылардың 
көркемдік  қызығушылығын  қалыптастыруды  теориялық  тұрғыда  негіздеу 
және педагогикалық тәжірибе жұмысында тиімділігін арттыру мәселелері 
қарастырылады. 
 
 Кілт 
сөздер: 
натюрморт 
жанры, 
Укиё-э, 
ксилография, 
жылжымайтын табиғи бейне. 
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың    «Қазақстан-2050»  Қазақстан  халқына 
Жолдауында  ,  «Біз  өзіміздің  ұлттық  мәдениетіміз  бен  дәстүрлерімізді  осы 

 
108 
әралуандығымен  және  ұлылығымен  қосып  қорғауымыз  керек,  мәдениет 
ұлттың генетикалық коды» [1, 8 б.] ,- деп айтып  біздің міндетімізді айқындап 
берді.  Орта  мектепте  білімді  дамытуда  білім  берудің  маңызды  мақсаты 
адамды  әдеттегі  үйреншікті  сана  –сезім  шеңберінен  алып  шығатын  
мәдениеттің  биік  деңгейіне  көтеру.  Өнер  мен  мәдениетті    дамыта  отырып, 
жас  ұрпақтың  эстетикалық  және  адамгершілік  талғам  –сезімдерін,    көркем 
білім беруді дамытуды көздеуінде.     
Қазіргі  кезеңдегі  білім  жүйесіндегі  түрлі  өзгерістерден  өтіп  дамудың 
жаңа  бір  кезеңі  басталды  .  Мектеп  оқушыларының  көркем  талғамын 
қалыптастыруда  қазақ  халқының  бейнелеу  өнерінде    шығыс  натюрморты 
жанрына 
қызығушылығын 
дамытып, 
бүкіл 
шығыстық 
стилдер 
жиынтығындағы    құнды  шығармаларды  түсінуге,  бағалап,  бағыт  беру, 
көркем  білім  беру  ісінің  көкейкесті  мәселелерінің  бірі  болып  табылады. 
Шығыс елдерінде 10 – 16 ғасылардағы Арабтар , Иран , Үндістан арасындағы 
түрлі  миниатюрасы және  сол  көрініс  Орта Азияда  ерекше  дамыды.Сонымен 
қатар    қытай,  жапон,  вьетнам  халықтарының  кескіндемесі    өнерінде  де 
ерекшеліктер  болды.  Яғни  қазақ  елінің  бейнелеу  өнері  кескіндемесіне  
шығыс  кескіндемесі  қисынсыз  болмайды.  Мысалы,    қазақ  суретшiлерi  де 
шығыс  үлгiсiнде  натюрморт  жанрымен  көптеп  айналысты,  атап  айтсақ: 
А.Ғалымбаева,  Г.Исмаилова,  Т.Тоғысбаев,  Т.Ордабековтердi  айтуға  болады. 
Біздің  тарихымыздан  белгілі  шығыс  елдерімен  етене  араласқандықтан 
бейнелеу  өнеріміз  осы  тұрғыдан  дамып  жетілді.  Шығыстың  тарихи 
қалыптасқан  дәстүрлі  өнерін  ерекше  «сезімдік  өнер»  деуге  болады.  Мұнда 
көркем айқындық пен айқындаушы құрал тәсілдер жөніндегі түсінік те бөлек. 
Шығыс  елдерінде  жетекші  орын  алған  ою  –өрнек,  каллиграфия, 
миниатюраны,  Жапон өнеріндегі түсті ксилографияны, Қытай живописіндегі 
өте  нәзік  сезіммен  орындалған  пейзаждық  шығармаларды,  Орта  Азия  мен 
Қазақстан ою – өрнектері мен архитектурасын еске түсіріңіздер. Орта Азияда 
шығыс    натюрморт  жанрында  бейнелеудің  орнын  қалыптастырып  келген 
Аббасов  Муслим  Аждироглы  (Әзербайжан),  Аннануров  Я.  (Түркмения),  
Асам Хафез (Ирак),  Бабиков Г.Ф. (Түркмения), Джавадов Тофик  Галимоглы 
(Әзербайжан),    Ле  Хоа  (Вьетнам)  суретшілерін  айтуға  болды.Сондықтан 
қазіргі  кезеңдегі  батыстық  және  түрлі  бейнелеу  өнерін  оқытудан  ,өзімізге 
ертеден  тән  шығыстық  бейнелеу  өнерін  дамытып  отырған  жөн.  Шығыс 
натюрморты  жанрын оқушыларға  тереңдете түсіндіруді жетілдірген дұрыс. 
Өйткені  мектептерде  бейнелеу  өнері  сабағында  шығыс  натюрмортына  аз 
тоқталатыны бізге мәлім. Сондықтан оқушыларды қызықтырудың сендірудің 
әдістерін  білген  дұрыс.  Адам  қызметінің  бағыты  бойынша  қызығушылық 
танымдық,  техникалық,  көркемдік  ,қоғамдық,  эстетикалық  қызығушылық, 
кәсіптерге және еңбекке қызығушылық және т.б. болып бөлінеді. 
Жеке  оқушыны  дамыту  барысында    бұл  қызығушылықтардың  бәрі 
бірдей  бір  адамның  бойынан  табыла  бермейтіні  секілді,  ол  тек  бір 
қызығушылықпен    шектеліп  қала  алмайды.Сондықтан  қазіргі  кездерде 
көптеген  зерттеушілер  жеке  адамды  жан-жақты  дамытудың    басты  шарты 
ретінде  қызығушылықты  қалыптастыру  қажеттілігін  айтады.  Сондай 

 
109 
қызығушылықтың  бірі  –өнерге  қызығушылықты  көркемдік  қызығушылық 
деп қарастырсақ, мұның өзі тәрбие берудің құрамдас бөлігі. 
З.А.Гуцудің  айтуынша:  көркемдік  қызығушылығын  қалыптастыру  
бірнеше  кезеңдерден  өтеді:  өнерге  дұрыс  көзқарас  және  көркем 
шығармаларды  терең  түсіне  білуге  белсенді  бағыт  ұстау,  өнер  жөніндегі 
білімге    құштарлық  туғызу  және  оны  дағдыға  айналдыру  .  Яғни  ,  
оқушыларға  сабақ    барысында  шығыс  натюрмортын  көркемдік 
қызығушылықты қалыптастыруға болады. Сөйтіп ,оқушылар бойында белгілі 
бір көркемдік шығармашылық іс –әрекет арқылы көркемдік қызығушылықты 
қалыптастыру  жолдарына  назар  аударады.  Қызығушылықты  натюрморт 
шығармалары  арқылы  қабылдау  және  оларды  үйрену  нәтижесінде 
қызығушылықты қалыптастыруға болады. 
Жоғарыда  айтып  өткеніміздей  ,жалпы  қызығушылық  жеке  адамды 
жан  –жақты  білімге  ынталандырса  ,көркемдік  қызығушылық  оқушылардың 
бойында  әсемдікке  талпынысын  тудырып,  эстетикалық  тәрбие  беруде  өз 
үлесін қосады. 
Көркемдік  тәрбиелеу  дегеніміз  –өнер  құралдарымен  тәрбиелеу  деген 
сөз.  Ал,  эстетикалық  тәрбие  дегеніміз  –  Ильинаның  айтуынша  –өнердегі, 
табиғаттағы  және  бүкіл  қоршаған  өмірдегі  әсемді  құралдары  арқылы 
тәрбиелеу  деген  сөз.Сондықтан  көркемдікке  тәрбиелеу  эстетикалық 
тәрбиемен  пара  –пар  емес,  оның  өте  маңызды,  бірақ  құрамдас  бөлігі  болып 
табылады [2, 134]. 
Қазақ  ғалымдары  өз  еңбектерінде  өнер  арқылы  эстетикалық  тәрбие 
беру  жолдарын  қарастырған  .Қазақтың  біртуар  ағартушысы  Ы.Алтынсарин 
халықтың көркем шығарма туындыларын өте жоғары бағалап ,өнердегі және 
өмірдегі  барлық  әдемі  нәрселердің    құндылығын  түсінуге  тек  қана  білім 
берудің  арқасында    жетуімізге  болады  деп  есептейді.Ы.Алтынсарин  өзінің 
педагогикалық еңбектерінде , тек білімділікке ғана емес ,мәдениеттілікке де 
үндейді.Ол:  «Мектеп  қазақ  халқының  арасында    жаңаша  мәдениетте  өмір 
сүрудің  жаңа  әдет  –ғұрып,  тәртіп  тазалық,  қолөнер  мен  өнердің  үлгісі  болу 
қажет», -деп атап көрсетті [3, 40]. 
Абай 
Құнанбаевтың 
эстетикалық 
көзқарастарында 
 
өзінің 
педагогикалық  идеялары  мен  көркемдікте  тәрбиелеу  ой  –тұжырымдарын 
өрбіте  келіп,  27-ші  қара  сөзінде  былай  деп  атап  айтады:  «Сократ  пен 
Аристотельдің пікірлері : «Әуелі көзді көрсін деп беріпті ,егер көз жоқ болса, 
дүниедегі  көрікті  нәрселердің  көркінен  қайтып  ляззат  алар  едік...Құлақ 
болмаса  қаңғыр,  не  дүңгір  дауыс,  жақсы  үн,  күй,  ән  –ешбірінен  ләззат  ала 
алмас  едік»  [4,  122].  Осы  ойды  Абай  қырық  үшінші  қара  сөзінде 
толықтырады. «Ол хабарлардың ұнамдысы –ұнамды қалыппен , ұнамсызы –
ұнамсыз  қалыппен  ,  әрнешік  өз  суретімен  көңілге  түседі...Жан  қуатыменен 
адам  хасия  қылған  өнерлері  де  күнде  күнде  тексерсен  күнде  асады.  Көп 
заманнан    тексермесең,  тауып  алған  өнеріңнің  жоғалғандығын  және  өзіңнің 
ол мезгілдерден бір басқа адам боп кеткеніңдігіңді білмей қаласың» [4, 160-
161]  -  деп  Хакім  Абай  айтқандай  мұнда    адамның    көркемдік 
шығармашылығының  негізінде  эстетикалық  сезімді  жатқызады.  Абай  өзінің 

 
110 
шығармаларында  эстетикалық  түсініктерге  ,  әсемдік,  сұлулық,  талғам  және 
т.б.  эстетикалық  категорияларға  арнайы  талдау  жасамағаны  мен  оның 
өлеңдерінде осы түсініктерді қамтитын мазмұнды шумақтар аз емес. 
Осы  тұрғыда  оқушылардың  қызығушылығын  қалыптастыруда 
бейнелеу  өнері  сабағында  шығыс  натюрморты  жанрларымен    таныстырып, 
әсемдік,  сұлулық,  талғамын  қалыптастыруда  сабақ  үстінде  орындауы, 
натюрморт 
жанры 
аспектілері, 
яғни 
заттар 
түсі, 
сызықтары, 
семметрия,пропорция, көлемі, формасы, материалы және т.б. арқылы тәрбие 
берудің мазмұнын  айқындап алу. 
«Эстетикалық қызығу, эстетикалық қажеттілікке қарағанда ,белгілі бір 
эстетикалық  құнды  нәрсені  меңгеру  мақсатына  бағытталған  ұмтылыс»  [5, 
61].Бұл  жерде  ол  эстетикалық  қызығу  үлкен  бір  мақсаттан  туындаған  іс  –
әрекет  пен  саналық,  жеке  адаммен  эстетикалық  объектісінің  арасындағы 
тығыз  байланыстық  екенін  айтады.  Эстетикалық  қажеттілік  эстетикалық 
қызығушылықтың  негізі  болып  табылады,  ал  бұл  екеуінің  бір  біріне  ауысу 
буынында эстетикалық ләззаттану жатады.  
 «Өмірде  барлық  жағдайларда  :көңіл  көтеруде,  қарым  –  қатынаста, 
өзін–өзі тануда ,танымда,көркем шығармашылықта ,еңбекте ,тұрмыста –адам 
өзінің  эстетикалық  қызығушылығынан  қанағаттанады  және  оны  іздейді»,  -
деп  тұжырымдады.С.П.Кудрявцева  өз  еңбектерінде  адамның  эстетикалық 
қажеттілігін  дамытып  қанағаттандыруы  сол  адамның  өзінің  психологиялық, 
физиологиялық, әлеуметтік және материалды, рухани деңгейіне байланысты. 
Оқушылардың  эстетикалық  қажеттілігі    мен  қызығушылығын 
қалыптастыру, дамыту формасы мен әдісінің тиімді жақтарының бірі қазіргі 
уақытта  олардың  эстетикалық  қажетілігімен  қызығушылығының  мазмұны 
мен тенденциясының (негізгі ой мақсаты) өзгеруінде деп есептеді. 
Оқушылардың 
бейнелеу 
өнері 
сабағында 
қалыптасатын 
қызығушылығы  қандай  белгілермен  ерекшеленеді  дегенге  келсек.  Егер 
ғылыми –жаратылыстану бағыттағы сабақтарда мұғалім логикалық, ұғымдық 
ойлау  қабілетін  терең  дамытуды  міндет  етсе  ,көркемдік  –эстетикалық 
бағытағы  сабақтарда  мұғалім  өзінің  пәнінде  басқа  нәтижелерге  жетуге 
талпынады,  атап  айтсақ:оқушылардың  санасында  көркем  бейнелердің 
көрінісін табуға көмектеседі ең бастысы, өмірді, білімді, өзін эмоционалдық 
көзқараспен қарауды үйретеді.Көркем –эстетикалық бағыттағы оқу пәндерін 
меңгеру  процесінде  қалыптасатын  қызығушылықтың  ерекшелігі  туралы 
мәселені қарастыру да міне осыған байланысты. 
Оқушылардың  қызығушылығын  қалыптастыруға  әсер  ететін 
факторларға оның жеке шығармашылық танымы, өзін –өзі тәрбиелеуге және 
өз  бетімен  білім  алуға    қажеттілік,  белсенділік,  ой  дербестігі  жатады. 
Адамның  қоршаған  ортаға  эстетикалық  қатынасының  көрсеткішінің  бірі–
эстетикалық  қызығумен  эстетикалық  қажеттілік.Өнерге  қызығушылық 
көркемдік  қызығушылық  болып  есептеледі.  Ал  біз  өзіміздің  зерттеуіміздегі 
шығыс  натюрморты  жанрына  қызығушылықты  кең  мағынасында  алып 
қараймыз. 

 
111 
Шығыс  натюрмортын  қызығушылығында  эстетикалық  құндылығы 
бар  объектіге  мақсатты  танымдық  қатынасты  түсінеміз.  Қызығушылық 
объекті  мен    субъектінің  эмоциялық  әсер  толқынысы  мен  түсінігі  арасында 
пайда  болады.   
Қызығушылық 
деп 
 
көркемдік 
–эстетикалық 
қызығушылықтар  айтылып отыр.  Бұл арада  көркемдік  қызығушылықтар  іс–
әркеттердің  мазмұны  мен  мақсаты,  эстетикалық  ләззат  алудан  объект  жеке 
мәнді  эстетикалық  құндылыққа  айналады,  ал  қайта  сынақтан  өткен 
эстетикалық  ләззат  алудан  эстетикалық  қызығушылық  қалыптасады.Бұл 
мәселені  жан  –жақты  ашып  көрсету  үшін  біз  өзіміздің  жұмысымызда 
бейнелеу  өнері  сабағында  шығыс  натюрморты  жанрына  оқушылардың 
қызығушылығын  қалыптастырудағы  оның  тәрбиелік  мүмкіндіктерін 
қарастырдық. 
Еуропалықтардың    түсiнігінде  Қиыр  шығыс  аймағы  елдерінің  
өнерінде  натюрморт жанры  болмады.  IX ғасырда Қытайда қалыптасқан Тан 
кезеңіндегі    «Хуа-няо»  —  кескіндемесіндегі    «гүлдер  және  құстар» 
жанрындағы  жұмыстары жанында жансыз  заттар  болмауы , еуропалықтар 
сияқты    суреттер  бір  мағыналы  жүйеде  салынбады.  Ежелгi  қытайлықтар 
өзiнің  жиынтық  болжағыш  қағидаларымен  әлемге    тез  таныстырылды. 
«Гүлдер  және  құстар»  жанрдың  рухани  мағынасы  әр  түрлі  гүлдер  мен 
құстардың    түстерін  жаңғыртумен  болды,  ал  кейде  осы  жанрдағы  ұқсас 
заттарды да бейнелеп отырды. 
 «Өсімдік    және  гүлдер»  кескiндемесі    әдістері    туралы  айтқанда 
қағидаттары  мен  көп  тәсiлдерi,  гүлдерге  арналған  ыдыстары  туралы  емес, 
өсiмдiктердiң  алуан  түрлі  бейнесін,  белгілерін  сипаттайды.  Бұтақтардағы 
немесе өсiмдiктердiң  қабықпен  өмір сүруі  және жанды жылы  тыныс алуын 
көрсетуге  болады  .  «Қашан  мен  құрт-құмырсқа  көремін,  гүл  немесе  бір  тал 
шөп,  мен  оларға  өмір  тілеймін.Әдемілік  жойылғанын  маған  көру  қиын»,        
[6,  101] –деп жиі айтатын Ци Бай-ши. Сондықтан оның жұмыстарындағы  
шырмауық  кеңiстiкте  еркiн  иретіліп  ,  хризантема    жерден  жоғары  өседi, 
асшаяны жылғада көңiлдi асыр салады. 
            Тек    XX  ғасырда  «хуа-  няо»  кескіндемесінде    тұрмысқа  қажетті  
заттардың  бейнелері араласа бастады:  гүлдерге арналған ыдыстар, үстелдер 
және  орындықтар,  себет,    қармақ,  қылқалам  т.б.  Бiздер  үшiн  өте  қызықты 
болып көрiнедi онда, ежелгі бейнелеу өнері қағидаларында заттардың  жанды 
формасын  көрсетуі.  Е.В.  Завадскаяның  жазуынша,      Ци 
Бай-шидің  шығармашылығы,    «ырғақты  болып    (сызық 
және  гүл)  өз  жұмыстарын  қатарын  жандандыратын. 
Осылайша  өз  жұмыстарында    тырма  және  қармақты, 
себет  және  шәйнектер,  шырақ,  тағамға  арналған  таяқша  
,тiптi  бухгалтерлiк  есепшотты  бейнелеп  көрсете 
бастады»[7,101б].  Қорыта  келгенде,  дәстүрлi  қытай 
кескiндемесiнiң шеберлерiнде, тірі құстар әлемі бейнесін 
бейнелеу  әр  бір  адамның  үйiне  ілінді,  ал    бейнені    тiрi 
күйінде  сезініп,  табиғат  өмiрге  енетiн  деп  қабылдады  ! 
Композицияның  үзiндісін    фильмдегі    шексiз  ғаламның 
Сурет  1-  Ци 
Бай-ши. 
Жеміс.1936.Тушь 

 
112 
әдемi қысқа мерзiмдi стоп-кадры келтірілгеніндей  әсер пайда болады. (сурет 
1-2).  
Қытай  шеберлерi  бейнелерінiң    тірі  күйінде  сезінуі  құпиялықтарына 
жетуі  он  жылдықтар    ішінде  болды.  Ци  Бай-  шидің  1944  жылғы  «Шырақ» 
атты  жұмысына  талдаулардан  ұғынатынымыз    жеңіл    шығарманың 
маңыздылығы. Еуропалық үшiн бастысы, шырақ болып  көрінеді , қытайлық 
үшiн  —  балға  ұшып  бара  жатқан  ара.  Майлы  бояу  суретшiсiнiң  кейбiр 
жұмыстарында  шырақты  әсірелеуде  ара  ғана  емес  тышқан  да  бар.  Мұндай 
тышқан туралы суретшi кекесiнмен жазады: «Менiң май шырағым бұлыңғыр, 
бір өкiнiш шақырғандай. Ал сен әр түнде май ұрлау үшiн қолдандың . ( Мен 
қараңғыда өлең жаза алмас ем.) Әттең,  менiң кескiндемем  ақшалай түсiмдi 
көп  бермейдi,  мен  үшiн  cоған  қажеттi  май  сатып 
алу»  [8,  114]  Суретшi    натюрморт  қойылымен 
күрделi сюжеттi сахнаны көрсетіп сендірген. 
Құмыра немесе гүлге арналған себеттер және 
жемiстер  композицияда  қашан  жиі  жағдайда 
қосылады,    бұлар    басты  әдемiлiкте  қолданыста 
болса    көрiнiстердiң  адам  қаратуы  үшiн  ерекше 
қызмет  етедi.  Ашық    түсті  жемiстер  мен  жасыл 
жапырақтар  боз  түсті  себетке  қызыл  қоңыр  түс 
жалындағандай 
көрінеді. 
Ци 
Бай-шидің 
«Дайындау»  тақырыбында  бейнелеп көрсеткен үй 
іші  натюрморт  композициясынан    жапырақты 
санауға болады.  
Эдо  қаласында  XVII  ғасырда  пайда  болған    Укиё-э    (укиё  -баянсыз 
әлем, күнделiктi қарбалас, э- сурет ,бейне, көрiнiс) жапон шеберлері  көркем 
мектебінде    бейнеленетін  затты  баспа  графикасында    ең  сәттi  орындады. 
«Б.Г.Воронова    жапон  гравюра  зерттеушiсi  жазуынша  –Укиё-э    ұғымы, 
сонымен  қатар  дәл  осылай  сөз,  елеулi  табиғи  дамудан  өттi.  –  ертеде  әлем 
басында    Буддизмның  терминологиясы    "баянсыз,  қарбалас"    белгiсімен  
пайда болғаны,  расында  оны қарсы қою, соңынан ол "қазiргi"немесе "сәндi" 
рең  алды.  Укиё-э  өнер  шығармашылығы    халықтың    арасында  өз  орнын 
былай  алды:  қарапайым  өмiрлiк  құндылықтарға  қуантатын  болашақты 
суретшi  бейнелеп  көрсеттi  -  әйел  туралы  күнделiктi  және  тартымды поэзия,  
әдемiлiкке  итермелеп,  мерекелiк  ойын-сауық  және  театр  оқиғаларын 
көрсетті. Бұл өнер күнделiктi қайғыны  ұмытуға көмектестi , халыққа көңілді  
демалыс бердi , армандап  ақындық әлемге әкелді»
 
[9, 433-434]. 
Сонымен  қатар  Қытайда,  көркем  дәстүрлері  жапон  ксилографиясы  
бейнелерi, ежелгi көркем дәстүрлерімен байланысты. Контур сызығы, жазық, 
тегіс силуэт, дәл салынған сурет түс жазықтығына күш береді. Бұлардың бәрi 
кескiндемеде жақсы жан-жақты болып зерттеген, графика да  бұл тәсiлдердi 
енді қолданылды. Бейнелерді  шығару пәндiк болған iс емес, қай  ықпалдың 
әсерінде болмасын қытай және жапон көркемдік дәстүрлі өнерінде  айрықша 
болды. 
Сурет  2- 
Ци  Бай-
ши. 
Құмыра 
және 
жемісте
р.1946.Ту
шь 

 
113 
Жапондықтар  тұрмыстық  қызығушылық танытып, суретшi көркемдiк 
тәсiлдердi  укиё-э өзінің  бiртумалығынан  тез дамыды. Сонымен қатар қытай 
натюрморт жанрдың дамыған жолында,  жапон ксилографиясы кесдеспейді, 
бірақ  түнгі  құмарлық  бейнесінде  адамның  заттық  ортасында    құрылған 
сюжеттi  бейнеленген  натюрморт    жеткілікті  болды.    Қорапшалардан 
композиция, шырақ, оралған қағаз, шүберектермен шыны аяқтардан құралған 
бейненің суретiн суретшiлер  сүйсiне салды .Гравюра және басқа белгiлiмен 
айналысқан шеберлері Кацусика Хокусай, Андо Хиросиге болды. Натюрморт 
салушы    топтарына    мүмкіндік  берді  «көрермен,  гравюраны  қарастырушы, 
жанның ерекше күйiнде жаттықты, дене бiтiмiн  түсiнуге жақсы көмектестi, 
көрінетін көріністе, автор әлемдік бейнедегі көріністегі  ойларын гравюраға 
ауыстырады»
 
[10,  295  б].  Хокусаяның    композициясындағы  ең  маңызды 
мағыналы  гравюра «Фонарда»,  ал  ағаш  жылқыда  -  бастысы  гравюра  «Ағаш 
жылқы».  Хиросиге  гравюрасында  «Асакуса  округіндегі    күрiш  далалары. 
Торино  маси  мерекесі    өту  уақытында»  алдынғы  планда  шыны  аяқ  және 
сүлгі, композициядағы  оралған қағаз адамның бөлмесiне қатысы  бар туралы  
және  мағыналы үйлесім  жасайды. Міне жапон суретшілерінің де натюрморт 
жанрындағы ерекшеліктерін байқауға болады. 
Қорытындылай    келе,  бейнелеу  өнері  сабағында  натюрморт  жанры 
арқылы  эстетикалық  қызығушылығын  қалыптастырсақ  тұлғаның  құнды 
қасиеті,  оның    жан  –жақты  рухани  дамуының  көрсеткіші  болып  табылады 
деуге болады. Көркем қызығушылықтың мәнін зерттеу, оның педагогтардан 
ерекше көзқарасты талап ететінін көрсетті, атап айтсақ :оқушыларға шығыс 
натюморты  арқылы  эстетикалық  қызығушылығын  дамыту  олардың 
қабылдаған  көркемдік    бейнелеріне  қарай  біріге  әсерленушілігін 
қалыптастыруға  байланысты.  Сонымен  бірге  біз  бір  мезгілде  балалардың 
эмоционалдық талғамын қалыптастырамыз, қабылдаған көркемдік әсерін ой-
елегінен  өткізу  процесін  тереңдетеміз.  Натюрморт  бейнелету  арқылы 
эстетикалық  қызығушылықты  дамыту  бейнелі  ойды  ынталандыруға  ықпал 
етеді,  сұлулықпен  қатынаста  алған  эстетикалық  ләззатті  сезіне  білуге 
үйретеді.            Бейнелеу  өнеріндегі  шығыс  натюрмортына    қызығушылық 
өмірдегі адамға қажетті эстетикалық құндылықтар мен құбылыстарды танып 
–білу  мақсатымен        өз  қалауы  бойынша  жасалатын  нысаналы  іс  –  әрекет 
екені  белгілі.  Ал  мұндай  іс  –  әрекетті  оқушылардың  бойында 
қалыптастырып,    қызығушылықты  оятудың  маңызы  зор  екені  күмән 
туғызбайды.  Жас  жеткіншектерімізді      еңбек  етуге  үйретіп,  эстетикалық 
талғамын  күшейте  беруде  біз  аянбауымыз    керек.Сурет  салу  өнеріне  деген 
қызығушылығын арттыруға бағыттау керек. Соның ішінде шығыс халықтық 
рухани  қазынасын  үлгі  етсе,  шығыс  натюрморты    жанрын    салуға  саналы 
түрде оқып үйренуге дағдыландырса  тиімді болар еді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет