С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары



жүктеу 2.05 Mb.
Pdf просмотр
бет12/14
Дата25.12.2016
өлшемі2.05 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Пайдаланылған әдебиеттер: 
 

 
114 
1.
 
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2050 әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу 
елдің  қатарына  кіру  стратегиясы  /  Қазақстан  халқына  Жолдауы.  –Астана  : 
«Елорда», 2013. -44 б. 
2.
 
Ильина  Т.А.  Педагогика  /  Педагогтық  институттардың  студенттеріне 
арналған оқу құралы. -Алматы: Мектеп ,1977.-134б. 
3.
 
Сыдықов  Ә.Ы.  Алтынсариннің  педагогикалық  шығармалары  мен 
ағартушылық қызметі. -Алматы: Мектеп, 1969. -40 б. 
4.
 
Абай  (Ибраһим  Құнанбаев)  Екі  томдық  шығармалар  жинағы.  -Алматы: 
Жазушы, 2003.  
5.
 
Эстетическое  воспитание  школьной  молодежи  /Под  ред.  Б.Т.Лихачева, 
Г.Зальмона. -М: Педагогика,1981. -278 с. 
6.
 
Завадская Е.В. Ци Бай-ши. М., 1982, 101 с. 
7.
 
Завадская Е.В. Указ. изд., 101 с. 
8.
 
Завадская Е.В. Указ. изд., 114 с. 
9.
 
Очерки  по  истории  и  технике  гравюры.  Тетрадь  11//Японская  гравюра 
XVII-XIX веков. М., 1987, 433-434 с.с. 
10.
 
Энциклопедия натюрморта. М., 2002. -295 с. 
 
Резюме 
В этой статье рассматривается  теоретическая основа формирования 
интереса красочности у учеников через  натюрморта стран  востока. 
Summary 
This  article  discusses  the  theoretical  basis  of  the  formation  of  interest  in 
students through colorful still life of the east. 
 
 
 
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕ ЗАТ АТАЛЫМДАРЫН ТУДЫРАТЫН 
РЕҢК МӘНДІ ЖҰРНАҚТАР 
 
Алтайбаева Д. –  
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  
4-курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры, ф.ғ.д 
Б.Қасым  
(Алматы, Қазақстан) 
 
Түркі тулдеріндегі тілдік бірліктерді ұлттың тарихымен, мәдениетімен, 
рухани  қазынасымен,  яғни  дүниетанымымен  тығыз  қарым-қатынаста, 
бірлікте  алып  қарастырылған  жағдайда  ғана  түркі  халықтарының  тілдік 
табиғатын  шынайы  танып  білуге  жол  ашады.  Тілдің  өзге  де  құрылымдық  
тілдік  бірліктерінің  өзді-өздеріне  тән  жүйесі  болатыны  сияқты,  сөздің 
құрылымдық  бірліктерінің  бірі  болып  есептелетін  қосымшалардың  жүйелі 
құбылыс  екенін,  біріншіден,  түбір  морфемамен  түйіскендігі  қарым-

 
115 
қатынастарынан  байқауға  болса,  екіншіден,  олардың  грамматикалық, 
семантикалары мен грамматикалық қызметтерінен де көруге болады.  
Қосымшалар  іштей:    сөз  тудыратын  қосымшалар,  сөз  түрлендіретін 
қосымшалар болып бөлініп, олардың әрқайсысы өзді-өздеріне тән сипаттарға 
ие.  Жаңадан  сөз  жасау  қабілеті  жұрнақтардың  бәрінде  бірдей    болмайды. 
Олардың кейбіреулері арқылы туған жаңа сөздер жұрнақ жалғанған түбір қай 
сөз табына тән болса, сол сөз табының аясында ғана қалып қояды. Мысалы: 
Соқпақ  бұралап  ағып  жатқан  бір  кішкентай  өзеншікке  келді.  Нұған, 
Ғалиянұр,  мен  тағы  үш-төрт  жігіт  «Шарықтас»  аталатын  өзенсымақтың 
бойында  жайылып  жатқан  қалың  жылқыны  біраз  уақыт  араладық.  Осы  екі 
сөйлемдегі  өзеншік,  өзенсымақ  деген  сөздердегі  -шік,  -сымақ    жұрнақтары 
өзен  деген  зат  есімнің    бастапқы  лексика-семантикалық  мағынасынан 
алыстатпай-ақ,  соның    негізгі  лексикалық  мағынасының  аясында  ғана 
қалдырып, демек,  сол категорияға ауыстырмай, тек өзеннің я кіші екенін, я 
өзеннің  өзендік  қасиетінің  мардымсыз  екенін  білдіретіндей  ғана  мағына 
үстеп тұр. 
   
Бір алуан жұрнақтар өздері жалғанған сөздерден лексикалық мағынасы 
бар  басқа  немесе  басқа  бір  сөз  табына  тән  жаңа  сөз  тудырмайды,  түбір  қай 
сөз  табына  тиісті  болса,  сол  сөз  табына  тиісті  сөздер,  демек,  ішкі 
категориялық  жаңа  формалар  тудыратын    осындай  жұрнақтарды  «форма 
тудырушы»  және  сондай  форма  тудыратын    жұрнақтар  арқылы  жасалған  
жаңа  формаларды  «ішкі  категориялық  формалар»    деген  анықтама  берілген 
«Қазақ тілінің грамматикасында»  [1; 11]. Ал, ондай формаларға зат есімнің 
эмоциялы экспрессивті рең (мағына) жасайтын жұрнақтары кіреді. Олар: -ш, 
-ша,  -ше,  -шық,    -шек,  -шік,  -тай,  -жан,  -қан,  -қай,  -й,  -ек,  -сымақ 
жұрнақтары болып табылады. 
   
Реңк  мәнін  тудыратын  жұрнақтардың  кейбіреулерінің  шығу  төркіні 
туралы мынадай пікірлер бар:  
-шақ (-шек)  жұрнақтарының шығу тегі де түркологияда түрліше түсіндіріліп 
жүр.  Ғалым  Ә.Ермековтың    мақаласында:  академик  Н.Я.Маррдың  айтуы 
бойынша  бұл  аффикстің  арғы  төркіні  бала  сөзіне  соғады  деген  пікіріне 
тоқталады. Бұл пікірдің растығын дәлелдеу үшін: осы күнгі түркімен тілінде 
қолданылып  жүрген  шаға  сөзінің  қазақша  эквиваленті  (баламасы)  –  бала 
деген  сөз.  Қазақ  тілінде  шаға  сөзінің  бір  өзі  дербес  бала  мағынасында 
қолданылмайды,  тек  бала-шаға  дегенде  қос  сөздің  бір  сыңары  ретінде 
жүреді. 
     
Түркімен  тіліндегі  шаға  сөзі  мен  қазақ  тіліндегі  құлыншақ  дегендегі 
шақ-тың айырмасы дыбыстық жағында: қазақшада а фонемасы түсіп қалған, 
сондықтан  оның  қ  дыбысы  ұяңға  айналмай,  өз  қалпында    сақталған,  ал 
түркімен  тілінде  соңғы  а  сақталған,  осының  нәтижесінде  қ    қатаң  дыбысы 
ұяңдап, ғ болған.  
     
Академик  Н.Я.Маррдың пікірі бойынша, осы күнгі орыс тілінде дитя, 
ребенок  деген  сөздердің  семантикасы  солнце  деген  сөзбен  шендес.  Осы 
жорамалдың  ғылыми  ақиқаттығын  қазақша  шақ  (уақыт,  мезгіл  деген 
мағынадағы  шақ)  деген  сөз  қуаттайды;  осы  тұрғыдан  қарағанда,  Шаған 

 
116 
(өзеннің  аты),  шағын  деген  сөздер  де  этимологиясы  жағынан  шаған  (кіші, 
кішілік) деген сөзбен шендеседі [2; 62].  
-шық, -шік жұрнақтарын кейбір түркологтар; 
-шақ, -шек жұрнағының дыбыстық жағынан ғана бөлектеніп тұрған жіңішке 
сыңары («узкая разновидность») деп қарайды. 
     
Ал  А.Фон  Габен  «-чығ»  және  «чағ»  жұрнақтарының  төркіні 
кішірейткіш  мағына  беретін  -ч,  -ық, пен  -ч,  -ағ  қосымшаларының  кірігуінен 
пайда  болған  құранды  формант  деп  қараса,  кейбір  түркологтар  соңғы  ғ 
дыбысының түсіп қалуы арқылы жасалған дара аффикс ретінде қарайды. 
    
Бұл  жұрнақтарды  Э.В.Севортян  өз  еңбегінде  ең  көне    жұрнақтарға 
жатқызады  [3;  98].  -ша,  -ше    жұрнағын  көптеген  түркологтар  оның  шығу 
төркіні  жеке  сөздермен  байланыстырады.  А.Есенқұловтың еңбегінде:  шама, 
шамасы, шақты  сөздерінен қысқарып, жұрнаққа айналған деген пікірі бар. 
         Э.В.Севортян  еңбегінде    профессор  Ж.Дэни  -чығ,  -чағ,  -ча 
қосымшаларды  -чағ  сөзімен  байланыстырады  да,  -ға  қосымшасы  сөз 
тудырушы    қызметімен  қатар,  сөз  түрлендіруші  (септік  жалғау)  қызметін 
атқарады  деген.    -ш  жұрнағын  кейбір  ғалымдар  башқұрт  және  әзербайжан 
тілдеріндегі  ескіден  келе  жатқан  тарихи,  ең  көне  қосымшалардың  бірі 
саналған.  А.Есенқұлов    жұрнағы  қазіргі  түркі  тілдерінің,  соның  ішінде 
әзербайжан тілінде осы күнге шейін жаңа сөз тудыратын жұрнақтардың бірі 
болып есептелетіндігін айтап өтеді [4; 94]. -тай жұрнағын И.А.Батмановтың 
айтуы  бойынша  бұл  жұрнақ  қазақ  тілінен  қырғыз  тіліне  ауысқан.  Мысалы: 
қазақша – ағатай, қырғызша   - абатай
     
Лексикалық  мазмұны  жағынан  жаңа  сөз  тудырмай,  сөздерге  әр  қилы 
эмоциялық  әсер,  экспрессивтік  реңк  үстейтіндей  қосымша  семантикалық 
мағыналар  ғана  жамайтын  жұрнақтар  бар.  Олар  зат  есімнің  реңк  мән 
тудыратын жұрнақтар: -еке (-қа, ке), -й, -тай, -жан, -қан, -ақан, -қай(-кей), -
тақ(-тек),  -шық(-шік),  -та(-те),  -ш,  -сымақ,  -екеш  (-егеш)  т.б.  формалары 
жатады.  Бұл  жұрнақтардың  мағынасы  әлі    толық  ашылмаған.  Олардың  сөз 
мағынасын  өзгерту,    лексикалық  мағына  жасау  қабілеті  бар-жоғы  даулы 
мәселе.  Соған  орай,  олардың  сөзжасамға  қатысы  да  анықталмаған.  Бұл  
тұрғыда мынадай жағдайлар ескеріледі: 
   Сөзжасамның  жалпы  теориясында  сөзжасам  бірліктерінің  сөз 
мағынасын өзгертуі  (деривационное  значение) және  сөз  мағынасына үстеме 
мағына қосу (модифицирующие значение) танылып жүр. 
 Қазақ тілінің грамматикаларында да осы жұрнақтардың сөз жасаушы 
жұрнақтар тобында беріліп жүргені де бар. 
 Сонымен бірге, иттің күшігі мен үй деген сөздің, бала мен балапан
көке  мен  көкетай,  Қасым  мен  Қасымжан  сияқты  қолданудың  мағыналық 
жағынан да дербес сөз ретінде танылуын тіл тәжірибесі көрсетіп жүр. Әрине, 
дәл  осы  жұрнақтардың  сөздің  лексикалық  мағынасын  мүлдем  өзгертіп 
жібермей, үстеме мағына қосып, тілде өзінше сөз ретінде қолданылуы да көп. 
Мысалы: аға, ағеке, апа, апай, кітап, кітапша сияқты қолданылуда мағына 
мүлдем  өзгерген  деп  дәлелдеу  қиын.  Бірақ  сөз  тұрғысынан,  дербестігінен 

 
117 
тануға болады деп айтылған «Қазіргі тілінің сөзжасам жүйесі» деген еңбекте 
[5; 29]. 
Реңк мәнін тудыратын жұрнақтар өздері жалғанған сөздерге кішірейту, 
еркелету,  үлкен  тұту,  сыйлау,  қомсыну  мағыналары  үстейді.  Осы 
мағыналарды мынадай жұрнақтар үстейді: 
  -еке,  -қа,  -ке,  жұрнақтары  жалпы  және  жалқы  есімдерге  жалғанып, 
сыйлау,  құрметтеу,  үлкен  тұту    сияқты  мағыналық  реңктер  үстейді.  Өзі 
жалғанатын  кейбір  сөздердің  толық  түрлеріне  тікелей  тіркеспей,  соңғы 
дыбысы  я  соңғы  бір  немесе  бірнеше    буыны  түсіріліп  барып  жалғанады. 
Мысалы:  -  Ағеке,  жеткенде  ұйқы  бір-ақ  қансын,  жарықтық,  аңсаппыз  ғой 
дала  ауасын.  -  Әжек,  мынадан  бір-ақ  уыс  жейін  бе?  Қарным  ашты,  көзім 
қарайып  барады,  әжеке?  –  деді.  Осында  аға,  әже  сөздеріне  -ке,  -к 
жұрнақтары  қосылғанда,  сыйлау,  құрметтеу,  әдептілік  мағынаны  беріп  тұр. 
Бұл  жерде  осы  жұрнақтар  арқылы  жаңа  сөз  туып  тұрған  жоқ,  тек  
грамматикалық  мағынасы  құрметтеу,  сыйлау  сияқты  мағынаны  үстейді. 
Сонымен  бірге  тіліміздегі  еке  (Құнеке,  Есеке)  жұрнағы  үке  деген  сөзден 
шыққанға ұқсайды – дейді Ғ.Мұсабаев. 
  -й    жұрнағы  негізінде  туыс  атауларына  жалғанып,    оларға  сыйлау, 
құрметтеу мағынасын қосады. Мысалы: Ұлтуған жеңгейдің үш мезгіл беретін 
тәтті  тамағы  Ғабит  екеумізге  курорттық  жағдайдан  кем  болған  жоқ.  Осы 
сөйлемде    қосымшасы  қазіргі  әдеби  тілімізде  тек  жақын  туыс  атаулының 
аясында ғана қалмай, алыс-жақындығына қарамастан, құрмет тұтатын жасы 
үлкендердің  бәріне  де  қолданыла  беретіндігін  жоғарыдан  байқалады. 
Н.А.Баскаковтың    жұрнағының  демеулік  -ай  шылауынан  деген  пікірі  бар. 
Көбіне кішіпейілдік, сыпайыгершілік мәнде жұмсалады. 
  -тай  туыс  атауларына  жалғанып,  оларға  кішірейту,  еркелету,  ізет 
көрсету сияқты қосымша мағына үстейді. Мысалы:   Ағатай, көкетай! – деді 
ол  даусы  шырылдай  шығып.  Осы  сөйлемде,  ағаны  құрметтеу,  ізеттеу 
мағынасында жұмсалған. 
  -жан    жұрнағы  көбіне  адамзатқа  қатысты  бір  алуан  сөздерге  және 
кісі аттарына жалғанады да, оларға әрі еркелету, әрі кішірейту реңкін үстейді. 
Мысалы: Айналайын, келінжан, өркенің өссін!... 
  -қан(-ақан)  жұрнақтары  өнімсіз  болғанымен  еркелету,  кішірейту 
реңкін    білдіру  үшін  қолданылады.  Мысалы:  Ержаным,  ботақаным,  қайда 
кетті, қайда кеттің, қайда екенсің жалғызым? 
-қай(-кей)  –  өнімсіз  форма  болып  табылады.  Мысалы:  Туыстарыңа 
қарайласып, көмегіңді тигізшеңші...  Иттің құлы итақай құрлы жоқпыз ба – 
деп  Шымырбай  қалды.  Осы  сөйлемдегі  -қай  аффиксі  кішірейту  мағынасын 
білдіріп тұр. 
  -шақ(-шек)  жұрнағы  кішірейту,  еркелету  мағыналарын  үстейді. 
Мысалы:  Қыз-келіншектер ауылда қалып, Абай өз жолдастарымен он-он бес 
кісі  боп  бөлек  аттанып,  әрлі-берлі  жүрген  қалың  топтан  оқшауырақ 
шығысты. 
  -шық(-шік)  жұрнақтары  да  кішірейту,  еркелету  мағынасын  үстейді. 
Конкретті  зат  есімдерден  кішілік  мағынасын  білдіретін  атаулар  тудырады 

 
118 
Мәселен,  Гүлшаш  күшігіне  күркешік  жасап  бермек  болып,  еңісте  алабота 
шауып  жатқан.  Үйге  келгесін,  қапшықтағы  бар  астықты  есекке  артып, 
кеңсенің  алдына  апардым.  Осы  жердегі  -шық,  -шік    кішірейткіш 
мағынасында. 
  -ша,  -ше  формасы  зат  есімдерге  жалғанып,  кішірейту  ұғымын 
білдіреді. Мәселен, Үлкен киіктер қатарында бір киікше тұр. 
 жұрнағы кісі аттарына және бір алуан жалпы есімдерге жалғанып, 
оларға,  еркелету,  кішірейту,  аялау  тәрізді  қосымша  мағына  жамайды.  Бірақ 
кісі аттарына, сондай-ақ, кейбір жалпы есімдерге қосылғанда олардың толық 
түрлеріне тікелей тіркеспейді, я соңғы дыбысы, я соңғы бір немесе бірнеше 
буындары  түсіріліп  барып  жалғанады:  Ендеше,  Байдаш  аға,  байлық  сол 
болсын... 
 -сымақ  формасының өзі төл жұрнақтардан айрықша бір ерекшелігі 
сөздің  я оның соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарамастан, үнемі 
жуан  қалпын  сақтап  отырады.  Мәселен,  Тым  болмаса  аяқ  аттар  атсымақ 
алар ма екенбіз деп ініміз екеуміз Тайтабай байға жалға тұрдық. Бұл жұрнақ 
өзі  жалғанған  зат  есімдерге  қомсыну,  кекету  тәрізді  салыстыру  ұғымын 
үстейді. 
  -екеш(-егеш)    –  бұл  жұрнақ  категориясы  ретінде  қалыптасып 
кетпеген,  жұрнақ  пен  көмекші  (шылау)  сөз  категориясы  арасында  тұрған 
форма.  Бұл  форма  есім  сөзбен  тіркесіп  оған  қомсыну,  менсінбеу,  кем  тұту 
сияқты  мағыналық  реңк  жамайды.  Мәселен,  Кен  егеш  кенге  осындай  тар 
адам болады екен-ау!  
Э.В.Севортян  еңбегінде  әзербайжан  тілінде  де  реңк  мәнін  тудыратын 
жұрнақтар  бар  деген  пікірінеде:  -чыг,  -чаг,  -ча  аффикстері  кішірейту, 
еркелету  мағынасын  береді  дейді.  -чыг  жұрнағы  әзербайжан  тілінде  төрт 
нұсқалы  түрде  қолданылады:  -чыг,  -чик,  -чуг,  -чүк.  Бұл  жұрнақ  кішірейту 
мәнде  жұмсалады.  Мысалы,  габырғачыг  –  қабырға;    дамарчыг  –  талшық;  
аначыг    анажан;  бачычыг    қарындас;  алмачыг    алма;  топачыг   
түйіршік. 
Түрікмен  тілінде  бұл  жұрнақтың  басқа  тұлғасы  кездеседі.  Мысалы, 
багжык   бау; газанжык   бақыраш. 
Түрік тілі: кöргȕсȕк «кішкене көпір», civicik  «шеге». 
Қырғыз тілі: айчык «айшық»; көлчүк «көлшік»; кыйырчык «шөпшек». 
Тыва тіл:.  чанчык  «құты». 
Кейбір  түркі  тілдерінде  (түрікмен,  түрік)  -чыг  жұрнағымен    -чығаз,  -
жағаз жұрнақтары да кішірейту мәнде қолданылады. Ғалым айтуы бойынша 
түркімен  тілінде  жағаз  деген форма кішірейту  мағынасын  береді.  Мәселен, 
аялжағаз  – кішкентай әйел. 
-саг  жұрнағы.  Мысалы,  гурсаг    –  құрсақ;  quruysaq    асқазан.  Ал  өзбек 
тілінде  саримсоқ  –  сарымсақ,  яғни  -соқ  формасында,  башқұрт  тілінде 
һарымһак – сарымсақ,  -һак формасында келеді. 
        Көне  жұрнақтардың  бірі  -ч.  Ол  кішірейткіш  мағына  үстейді.  Бұл 
жұрнақта  әзербайжан  тілінде  кішірейту  мағынасымен  бірге  үлкейту 
мағынасы  да  бар:  апач    большой  [3;  169].  Заттардың  белгілері  бірде  тіпті 

 
119 
анық, бірде тым күңгірт немесе сәл ғана артық, я сәл ғана кем деген сияқты 
әр алуан дәрежеде болуы шарт.  
         З.А.Құрманәлиева    еңбегінде    зат  есімнің    реңк  мәнді  жұрнақтарының 
мағыналық  ерекшеліктері  мол  екендігін  айта  отырып,    реңк  мәнді 
жұрнақтардың 7 синонимдік қатарын анықтаған: 
№  Реңк 
мәнді 
жұрнақтардың 
мағыналық ерекшеліктері 
Жұрнақтары  
Мысалдары 

Құрмет мәнді 
-еке, -қа, -ке, -а, -е, -
ң, -аға 
Нұраға, Секе 

Сыйлау мәнді 
-й 
апай, ағай 

Жақсы көру мәнді 
-кеш,  -й,  -аш,  -ыш,  -
іш, -ш, -тай, -жан 
ағатай, ағажан 

Еркелету мәнді 
-қан,  -ақан,  -қай,  -
кей, -пан, -шақ, -шек 
бұзауқан 

Кішірейту мәнді 
-шық, -шік, -ша, -ше, 
-ес,  -қа,  -ат,  анақ,  -
аң, -ең, -ақай  
көлшік,  балаша 

Кемсіну, қомсыну, кекету мәнді 
-ек, -шекеш,  
-шығаш 
-шігеш,   
-бай, 
-
сымақ, -шік, -шек 
Әкімсымақ, 
салпақбай, 
кедей-
кепшік, 
жетімек, 
бәлекет,  

Жансыз затқа қатысты үлкейту мәнді 
-уыт, -тақ, -тек,  
-дақ, -дек, -ыр, -пат, 
-қал, -ай, -ей, -қат 
 алпауыт  
   
Сонымен  қатар  З.А.Құрманәлиева  зат  есімнің  реңк  мәнді  туынды 
сөздерін екі үлкен топқа бөледі. 
 Обьектіні бағалауға қатысты реңк мәнді туынды сөздер. 
 Сезімдік мәнді (эмоционалды) туынды сөздер. 
      * Жағымды мағынады эмоционалды  мәнді туынды сөздер. 
       • құрмет мәнді туынды сөздер; 
       • сый, ізет мәнді туынды сөздер; 
       • жақсы көру мәнді туынды сөздер
       • еркелету мәндегі туынды сөздер. 
      * Жағымсыз мағыналы эмоционалды  мәнді туынды сөздер. 
• менсінбеу мәндегі туынды сөздер. 
• мазақтау, келемеж, кекету мәндегі туынды сөздер  [6; 13] 
        А.М.Щербак  «Очерки  по  сравнительной  морфологии  тюркских 
языков»  атты  еңбегінде  реңк  мәнді  тудырушы  жұрнақтардың  бірқатарын 
көрсеткен [10; 100]. 
1) -чïк ~ чук ~ -(-а) -  jok   - jyk ~ -шïк  ~ -шук 
№  Түркі тілдері 
Мысалдар 

алтай 
кïскачïк - қысқалау 

гагауз 
алмаjïк – алма, уjшік - үйшік 

қарашай-балқар 
ташчік – тас, кöлчӱк - көлшік 

қырғыз 
кöлчӱк – көлшік, оjунчук - ойыншық 

қырым татарлары 
кïскачïк - қысқалау 

татар 
тавчïк - таушық 

қазақ 
көлшік 

 
120 
 
2) -чак ~ -чок – jаk ~ - jok 
№  Түркі тілдері 
Мысалдар 

алтай 
балачак – бала, тöчöк - бота 

гагауз 
ӱзӱjӓк - жүзік 

қазақ 
кӱлïншак - құлыншақ 

түрік 
кӱчӱjэк - кішкентай 

қырғыз 
інічэк  -інішек, кэліншэк - келіншек 
 
 3) -(а) лак ~ -(а) лɔк  - о 
№  Түркі тілдері 
Мысалдар 

өзбек 
кізалɔк – қыз, чакалɔк - нәресте 

ұйғыр 
ботілак - ботақан 
 
4) -ач ~ -аш -ас 
№  Түркі тілдері 
Мысалдар 

алтай 
бïчічэш - кітапша 

ұйғыр 
анаш – ағажан, һӓдӓш  - әпке 

шор 
аппақаш - аппақ 

қазақ 
Мағаш  - Мағауия 
 
5) -ак 
№  Түркі тілдері 
Мысалдар 

алтай 
коjoнок – қоян, таjïзак - кішкентай 
 
6) -біне  ~ қана  ~ 
№  Түркі тілдері 
Мысалдар 

қазақ 
кішкэнэ қана – кішкене ғана 

қырғыз 
кічінэкэ – кішкене 

қарақалпақ 
башкіна – бас, картхіна - қарт 

татар 
ак кіна – аппақ, jіңіл гіна - жеңіл 

ұйғыр 
аккіна  - аппақ, татліккіна - тәтті 
 
7) каj 
№  Түркі тілдері 
Мысалдар 

башқұрт 
ӓсӓкӓj - ана 

қарашай-балқар 
атакаj - әке 

татар 
балкаj - бас 

өзбек 
болакаj - балақан 
 
8) -кач ~ -каш – алт 
№  Түркі тілдері 
Мысалдар 

қарақалпақ 
кушкач - құс 

якут 
сонобас - жылқы 
 
9) -кан 
№  Түркі тілдері 
Мысалдар 

қазақ 
ботақан,  қошақан  
Э.Тенишев  «Сравнительно-историческая  грамматика  тюркских 
языков»  деген  еңбегінде  түркі  тілдерінің  фонетикалық,  морфологиялық, 

 
121 
синтаксистік ерекшеліктерін  талдайды. Сонымен қатар, ол кішірейту мәнді 
зат есімдердің жасалуы жайлы мәліметтер қалдырған [7; 100]. 
Қ қалыбы  - бұл аффикстер  қ, к қалыбымен келеді. 
-ақ//-әк (-оқ//өк) 
алтай. салқынақ – жел;  татар. башақ;  хакас. позах; алтай. мажақ 
-қа/-кә 
қырғ. атаке - әкетай; өзбек. еркә  - ер 
-қы/-ки 
түрікм. атақы  - әкетай; тува. аwақы  - анашым 
-қақ/-кәк 
өзб. еркәк  - еркек; тузғоқ  - шаң 
-қач/-кәч 
алт. қушкач; тува. қушқаш - құс 
Ч қалыбы 
ч 
көне түркі. Атачым - атам менің; ноғай. абашым  -анашым менің 
-ач/-әч 
хак. хазықас -  қайың; шор. өртегөш  - үйрек 
-ча/-чә 
татар. теркімщә - кішкене топ; әзерб. бағча - бақша; қырғ. төкөче  
- лақ; өзб. көприкчә - көпір; ұйғ. алмичә  - алма 
-чақ/-чәқ 
алт. балачақ - балақан; қазақ. құлыншақ;  түркм. дөвүнчек - жалғау. 
 
Сонымен қатар, мынандай жұрнақтар бар: 
-аj//-әj   
кішірейту  мәнін  тудыратын  жұрнақтар.  тат.  ба°баj    -  ата  а°тай    - 
ата; ноғай. атай – тәте.  өзб. бõбõ - ата  
-лақ//-лә   
өзбек тілінде  -лақ/-ләк  түрінде келеді: буталõқ - ботақан 
-ма/-мә 
әзерб. гөлмә  - кішкентай көлшік 
-аш/-әш 
алт. аjағаш - тостақ; ұйғ. қызъш - қызым. 
       М.А.Хабичев  «Именные  словообразование  и  формообразование  в 
куманских языках» атты еңбегінде кішірейту мәнді жұрнақтардың көпшілігі 
къакъ  жұрнағынан  тарайтындығын  айтады.  Бұл  жұрнақ  мынандай  тұлғалар 
арқылы беріледі: -хакъ, -къыкъ, -къай, -кай, -ай, -къ, -къа, -ка, -къы, -кы, -акъ, 
-ак, -ыкъ, -ык, -аỹ, -ỹ, -а, -ы, -анакъ, -накъ, -на, -пакъ, -пыкъ, -па, -пы [8; 49]. 
№ 
Жұрнақтар 
Мағынасы 
Мысалдар 

-ай, -ей жұрнағы 
 
көптік 
және 
кішірейту 
мәнде 
жұмсалады.  -ай,  -ей  жұрнағы  арқылы 
жасалған  сөздердің  көпшілігі  есімді 
түбірлерден 
туындайды. 
Көпшілік 
сөздерде  кішірейту  мәні  танылмайды, 
тек еркелету мәнде жұмсалады. 
адей - әкетай; кьозай - 
қозы 

-чар, 
-цар 
жұрнағы 
 
Бұл  жұрнақ  арқылы  куман  тілдерінде 
көбінесе  үй  жануарларының  атаулары 
жасалған.  -чар  жұрнағы  құранды  , 
себебі  екі  бөлшектен  тұрады:   
(кішірейту  мәнді)  +  -ар  (кішірейту 
немесе салыстыру мәнді).    Бұл жұрнақ  
басқа куман тілдерінде кездеспейді, тек 
сарығ-ұйғыр тілінде қолданылады. 
Бучар - бұғының төлі; 
бугъа-цар - бұқашық 

-сын жұрнағы 
 
(ұқсату мәнді) 
Бұл 
жұрнақ 
арқылы 
табиғат 
құбылыстарының,  тірі  организмдердің, 
сұйықтықтардың атаулары жасалған. 
алы-сын  -  шөп;  ал(ы) 
бастапқы; 
тюр-сюн-образ;  суỹ-
сун-сусын. 
 

-чыкъ жұрнағы 
 
-чыкъ  жұрнағы  жанды  зат  есмідерге 
жалғанып  келіп,  кішірейту  мәнді 
тудырады: 
 
бала-чыкъ-бала, къыз-
цыкъ-жас  қыз,  ана-
цыкъ-анажан, 
ат-чыкъ-кішкене  ат; 

 
122 
баш-чыкъ-бас; 
жулдуз-чукъ-
жұлдызша 
        М.А.Хабичев  «Карачаево-балкарское  именное  формообразование  и 
словоизменение»  деген  еңбегінде  қарашай-балқар  тіліндегі  кішірейту  мәнді 
жұрнақтар  жайлы  мәлімет  келтірген.  Зат  аталымдарының  кішірейту  мәнін 
мынадай  төрт  нұсқалы  жұрнақтар  жасайды:  -чыкъ//цыкъ,  -чик//цик,  -
чукъ//цукъ, -чюк//-цюк. 
         Қарашай-балқар  тілінде  -чыкъ  жұрнағы    зат  аталымдарын  жасаса,  ал 
қырым татарлары және қарайым тілдерінде зат есімге жалғанады. Қарашай-
балқар  тілінде  бұл  жұрнақ  арқылы  жасалған  есімдер  септеледі.  -чыкъ 
жұрнағы жаңа сөз тудырмайды, тек сөзге кішірейту мәнін қосады.  Мысалы, 
анакычъ    -  анажан,  чыпчыкъ      құсша.  Кемсіту  мәнді:  адамчыкъ      адам  , 
теличек  ақымақ [9; 25]. 
Саха  тіліндегі  реңк  мәнді  жұрнақтар.  Кішірейту-еркелету  мәнді 
жұрнақтардың  қатарына:  -каан/-чаан  (  -чаас),  -чык,  -ка,  -ык,  -тай(-чай). 
Бұлардың  ішінде  -каан,  -ык,  -тай  (чай)  жұрнақтары  халық  ауыз  әдебиеті 
үлгілерінде,  ал  -чаан,  -чык,  -ка    жұрнақтары  ауызекі  сөйлеу  тілінде 
қолданылады. 
Кемсіту мәнді жұрнақтар: -тыны, -дээн, -сыт, -нньик, -ооску (-ууска), -
ннъах, -ах(-эк, -эх), -мсый, -ннаа, -скайдан
Мақтау мәнді жұрнақтар: -кан, -лаах (-лаахай), -лыыр, -мтыа.  
     
Қорыта  келгенде,  түркі  тілдерінде  зат  аталымдарын  тудыратын  реңк 
мәнді  жұрнақтардың  көпшілігі  кішірейту  мәнде  жұмсалады.  Бірқатар 
ғалымдардың  (Э.В.Севортян,  И.А.Батманов,    Э.Р.Тенишев,  А.М.Щербак, 
Ғ.Мұсабаев,  М.А.Хабичев,  А.Есенқұлов  т.б.)  пікірі  бойынша  түркі 
тілдеріндегі  реңк  мәнді  жұрнақтардың  шығу  тарихы  мен  мағыналық 
ерекшеліктері,  түбірге  қосымша  мағына  үстеу  қабілетін  қарастырған.  Қазақ 
тілінде  зат  есімнің  реңк  мәнді  жұрнақтардың  құрмет,  сыйлау,  еркелету, 
жақсы  көру,  кішірейту,  кемсіну,  қомсыну,  кекету,  жансыз  затқа  қатысты 
үлкейту  мәнді  секілді  мағыналық  топтары  бар.  Қарашай-балқар  тілінде 
кішірейту  мәнді  жұрнақтардың  көпшілігі  зат  аталымдарын  тудырады.  Саха 
тіліндегі  жұрнақтар  кішірейту-еркелету,  кемсіту,  мақтау  мәнде  жұмсалады. 
Әзербайжан  тілінде  жұрнақтардың  көпшілігі  кішірейту,  еркелету  мәнді 
білдіреді. 
Каталог: docs -> vestnik
vestnik -> Хабаршы. «Жас ғалымдар» сериясы
vestnik -> Хабаршы жаратылыстану-география
vestnik -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
vestnik -> Хабаршы вестник
vestnik -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
vestnik -> Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж
vestnik -> С. Х. Байдильдина (жауапты хатшы)
vestnik -> Казахский национальный педагогический
vestnik -> «Арнайы педагогика» сериясы Серия «Специальная педагогика»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет