С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата25.12.2016
өлшемі2,05 Mb.
#404
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1.
 
Қазақ тілінің грамматикасы. І том. Морфология.   – Алматы: Ғылым, 1967. 
–11 б. 
2.
 
Ермеков Ә. Қазақ тілі тарихының мәселесі. //Халық мұғалімі, №4, 1949. 
 – 62 б. 
3.
 
Севортян  Э.В.  Аффиксы  именного  словобразования  в  азербайджанском 
языке. – М.: 1966.  – 98 б, 169 с, 104-113 с, 216-223 с. 
4.
 
Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар.  –Алматы 
1976. – 94 б 
5.
 
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы. 1989.  – 29 б. 

 
123 
6.
 
Құрманәлиева    З.А.  Реңк  мәнді  туынды  зат  есімдердің  мағыналық 
құрылымы АКД. – Алматы. 2003. – 9-13 б. 
7.
 
Тенишев Э.Р. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. –
М.: Наука 1986. –100-103 с. 
8.
 
Хабичев  М.А.  Именные  словообразование  и  формообразование  в 
куманских языках. – М.: Наука.  1989.  43-49 б, 130-131 б, 186-187 с. 
9.
 
Карачаево-балкарское    именное  формообразование  и  словоизменение. 
М.А.Хабичев. – Черкесск  1977.  –22-25 с. 
10.
 
 Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков.   
– Ленинград: Наука,   1977. –100-103 с. 
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  происхождения  суффиксов  отценочного 
значения  в  тюркских  языках,  а  также  их  уменшительно-ласкательные, 
уважительные, пренебрегающие семантические особенности.  
Summary 
The article discusses the origin  of suffixes meaning of hueing 
in the Turkic 
languages,  and  also  their  diminutives  and  hypocoristic,  respectful,  neglect  
semantic features. 
 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕ МЕН ЖЫЛНАМАНЫҢ 
ЭТНОМӘДЕНИ БОЛМЫСЫ 
 
Г. Н. Асанова - 
Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология және көп тілді 
білім беру институтының 3-курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы С.А.Жиренов 
 
Әрбір  ұлттың  өзіне  тән  мәдениеті  болса,  ғалымдар  сол  ұлтқа  тән 
мәдениетті  «этникалық  мәдениет»  терминінің  тұрғысында  қарастырады. 
Қазақстан  ұлттық  энциклопедиясының  10  томында:  «Этникалық  мәдениет 
белгілі  бір  тайпаға,  ұлтқа,  халыққа  тән.  Этникалық  мәдениетке  белгілі  бір 
этнос  өкілдері  қалдырған  барлық  заттай  және  рухани  мәдениеттердің 
жиынтығын жатқызуға болады. Бұл мәдениеттің қалыптасуына табиғи орта, 
тіл,  дін,  этноним  өзіндік  әсерін  тигізеді»[1,  101  б.]  -  деп  көрсетеді.  Яғни, 
әрбір  ұлт  өз  таным  деңгейінің  негізінде  жалпы  мәдениетке,  өркениетке  өз 
таңбасын  қалдырып  отырады.  Ұлттардың,  этникалық  қауымдастықтардың 
мәдени таным негізінде қалыптасып, түрлі дәуірде түрлі өзгеріске ұшыраған 
тәжірибелі ілімдерінің бірі – халықтық күнтізбе мен жылнама. Күнтізбе мен 
жылнаманы  әр  ұлт  өзінше  түсініп,  өзінше  анықтама  береді.  Ал,  Қазақстан 
ұлттық  энциклопедиясында  күнтізбе  мен  жылнамаға  мынадай  анықтама 
берілген: «Жылнама  – оқиғаларды болған жылы, күні бойынша баяндайтын 
аса  маңызды  жазба  деректер  [2;123].  Күнтізбе  (латын  тілінен  аударғанда 

 
124 
қарыз  кітабы  деген  мағынаны  білдіреді)  –  ұзақ  уақыт  мезгілін  есептеудің 
аспан  денелерінің  көрінерлік  қозғалысының  ауық-ауық  қайталану 
ерекшелігіне  негізделген  жүйесі,  анықтамалық  басылым»  [2,  132  б.].  Осы 
күнтізбені  ерте  кезе  Қазақстан  жерін  мекендеген  халықтар    табиғат 
құбылыстарына  негіздеген.  Мысалы:  «аласапыран»,  «күзем»,  «соғым»  т.с.с. 
Ал,  бұл  ұғымдар  ителмендерде  «бұғы  бұзаулайды»,  негірлерде  «шұқыр 
толады»  деген  ұғымға  саяды.    Бұл  айтылғандардан  ғылымда  мынадай 
тұжырымдамалар жасалған: 
Біріншіден,  алғашқы  күнтізбелер  жеке  бір  данышпан  адамның  немесе 
бір  дарынды  халықтың  ойлап  шығарған  өнертабысы  емес,  көптеген 
халықтардың  мыңдаған  жылдар  бойы  жинақталған  өмір  тәжірибесінің 
нәтижесі.  
Екіншіден,  алғашқы  күнтізбелер  жер  бетіндегі  табиғи  құбылстарға  – 
қардың  кетуі,  өзендердің  тасуы,  дауылдардың  соғуы,  құстардың  келуі  тағы 
басқаларға сайып келгенде ауа райына байланысты болған.  
Үшіншіден,  алғашқы  күнтізбелер  әр  түрлі  болған,  олардаға  жыл  басы, 
жыл  ішіндегі  айлар  мен  күндердің  саны  әр  түрлі  және  әр  халықтың 
тұрмысына сәйкес болған.  
Төртіншіден,  алғашқы  күнтізбелерде  сағат,  минут,  секунд,  ғасыр 
өлшемдері болмаған, ай есебі тиянақсыз болған [3, 50 б.]. 
Уақыт мөлшерін өлшеу мен есептеу әдістерін алдымен пәлендей халық 
пәлен уақытта тауыпты деген байлам ғылымда нақты айтылмаған. Себебі, ол 
жөнінде  ешбір  тарихи  нақты  дерек  жоқ.  Жалпы  күнтізбенің  жазудан 
әлдеқайда  бұрын  шыққандығы,  мал  шаруашылығы  мен  егіншілікке  көшкен 
халықтар жыл мезгілдерін айыра білгендігі, алғашқы кезде бұл айыру дөрекі 
болды.[3;46]  Бертін  келе  шаруашылығы  күрделеніп,  мәдениеті  біртіндеп 
ілгері  басқан  сайын  халықтардың  уақыт  жайындағы  түсініктері  молайып, 
күнтізбенің өрісі кеңи берді. Жылды бұрын екі, үш, төрт, алты бөлікке бөлген 
халықтар  одан  да  көп  бөліктерге  ажырататын  болды.  Осыдан  жылдың 
бөлшектері – ай есебі туды. Халықтардың көпшілігі жылды 8, 10, 12, 13, 18 
айға бөлді.  Мысалы ителмендер жылды мынандай 10 айға бөлген:  
1.
 
Кеулаол-кулеч – өзен қатты ағатын кез; 
2.
 
Қыжатпы-кулеч – сонарға шығатын кез; 
3.
 
Чюжленген-кулеч – күнәдан тазаратын кез; 
4.
 
Кукамлилинеч-кулеч  –  аяздың  қаттылығынан  балтаның  сынатын 
кезі; 
5.
 
Кыдыхшкойнеч-кулеч – күн ұзаратын кез; 
6.
 
Шижо-лахтаки-кулеч – ит күшіктейтін кез; 
7.
 
Кууль-кулеч – нерпалар күшіктейтін кез; 
8.
 
Кожа-кулеч – үй бұғылары бұзаулайтын кез
9.
 
Каю-кулеч – жабайы бұғылар бұзаулайтын кез; 
10.
 
 Куйткожалидеч-кулеч – балық аулайтын кез; 
Мұнда  алдыңғы  тоғыз  айда  24-25  күннен,  оныншы  айда  130-135  күн  бар. 
Жыл  басы  «кеулаол»  біздіңше  «қыркүйекке»  сәйкес  келеді  [3,  48  б.].  Сол 
сияқты  вавилондықтардың,  еврейлердің,  қытайлардың,  арабтардың, 

 
125 
француздардың 
және 
үнділер 
мен 
парсылардың 
күнтізбелерінде 
ерекшеліктер бар. 
Вавилон күнтізбесі. Вавилондықтар алғашқы кезде жай көзбен көруге 
болатын  бес  үлкен  планетаны  білген,  оларға  мынадай  атаулар  қойған: 
Меркурий-Биббу,  Венера-Дильбату,  Марс-Залбатану,  Юпитер-Мулубаббару, 
Сатурн-Қайману. Планеталар құдайлар деп есептеген. Күн – Шамаш пен Ай 
–Синді  қосып,  аспан  құдайларын  жетіге  жеткізген.  Осыған  сәйкестендіріп, 
олар  жеті  күндік  аптаны  шығарған.  Аптаның  шығуына  айдың  фазалары  да 
себеп болған: жеті күнде ай табағының жартысы көрінеді, келесі жеті күнде 
толады, содан қайта кемиді.  
Аптадағы күндерді вавилондықтар былай атады: 1. Жексембі – Шамаш 
күні,  2.  Дүйсенбі  –  Син  күні,  3.  Сейсембі  –  Залбатану  күні,  4.  Сәрсембі  –
Биббу күні, 5. Бейсембі – Мулу – баббару күні, 6. Жұма – Дильбату күні, 7. 
Сембі – Қайману күні. 
Вавилонда  шыққан  жеті  күндік  апта  бертін  келе  дүние  жүзі 
халықтарының  көпшілігіне  жайылды.  Планеталардың  аттары  да  (кейбір 
тілдерде  аударылған  түрде)  «өздеріне  тиісті»  күндерде  сақталып  қалды.  Ол 
апта күндері: 
Француз тілінде:                                     Румын тілінде: 
1.
 
Диманхе –Күн күні.                           1. Думинека. 
2.
 
Лунди – Ай күні.                                2. Юни. 
3.
 
Марди – Марс күні.                           3. Марти.  
4.
 
Меркреди – Меркурий күні.             4. Миркури. 
5.
 
Иоуди – Юпитер күні.                       5. Иой. 
6.
 
Вендреди – Венера күні.                   6. Винери. 
7.
 
Замеди – Сатурн күні.                        7. Зәмбата. [3, 64 б.]. 
Еврей  күнтізбесі.  Ежелгі  еврейлер  негізінен  алғанда  вавилон 
күнтізбесін қолданған. Олардың тілінде аспан – «хамму». Ай күнтізбесі мен 
күн  күнтізбесі  қосымша  ай  енгізу  арқылы  қабыстырылған.  Ежелгі  еврей 
айлары былай аталған: 
1-нисан – 30 күн, 2-ияр – 29 күн, 3-сиван -30 күн, 
4-таммуз – 29 күн, 5-аб – 30 күн, 6-аддар – 29 күн,  
7-тишри – 30 күн, 8-мархешван – 29 күн, 9-кислев – 30 күн,  
10-тебет – 29 күн, 11-шефат – 30 күн, 12-азар – 29 күн.  
Вавилон  күнтізбесінде  жыл  354  немесе  384  күн  болатын  еді. 
Еврейлердің  жылында  353,  354,  355,  383,  384,  385  күн  болды.  Өйткені 
еврейлердің діни ережелері бойынша жылдың басы жексембі, сәрсембі және 
жұма күндеріне келмеуге тиісті (бұл күндерге сәйкес келетін Күн,  Меркурий 
және  Шолпан  «Жерден  төмен»).  Сондықтан  астрономиялық  жыл  басы  осы 
үш  күннің  біріне  келіп  қалса,  ол  «дехиот  ережесі»  бойынша  не  ілгері,  не 
кейін  жылжытылады.  353  және  383  күндік  жылдар  «хасарин»  («кем»)  жыл 
деп, 354 және 384 күндік жылдар «кесидран» («орташа») жыл деп, 355 және 
385  күндік  жылдар  «шаламим»  («тұтас»)  жылдар  деп  аталған.  Еврейлер 
минутты 18-ге бөлген, әр үлесін халаким деп атаған [4, 68 б.]. 

 
126 
Қытай күнтізбесі. Қытайда зодиак 28 шоқжұлдызға бөлінген. Жылды 
ежелгі  қытайлар  төрт  мезгілге  бөлген:  көктем,  жаз,  қыс,  күз.  Бұл  мезгілдер 
цзеци деп аталған. Көктемнің хабаршысы Құс жұлдыздары – біздіңше Гидра 
шоқжұлдызы болған. Бұлардың таң алдында алғашқы көрінуі көктемнің басы 
болып есептелген [3, 69 б.]. 
ІІІ  ғасырдан  бастап,  қытай  шаруалары  шаруашылық  жылды  бұрынғы 
төрт  маусымға  бөлу  орнына  24  цзециге  бөлетін  болды.  Оның  біріншісі  – 
личунь,  көктемнің  басы  деген  сөз,  екіншісі  –  юйщуй  –жаңбыр,  үшіншісі  – 
цзинчже – шыбын-шіркейдің тірілуі, төртіншісі – чуньфен – жазғытұрғы күн 
мен  түннің  теңелуі  т.с.с.  Жиырма  төртіншісі  –  дахань  –  қарасуық.  Әрбір 
цзециде ауа райы қандай болатынын қытай шаруалары жақсы біледі. Ежелгі 
Қытайда жеті күндік апта болған жоқ және планеталар құдайлар деп саналған 
жоқ. Онда апта рөлін айдың үштен бір үлестері – онкүндіктер атқарған [4, 71 
б.].  
Араб  күнтізбесі.  Исламға  дейінгі  арабтардың  көпшілігі  қолданған 
айлар мынадай еді: әл – Мүтәмір, Нәджір, Хавван, Суван, Хантам, Забба, әл – 
Әсаммы,  Әділ,  Нафик,  Вагиль,  Хува,  Бурақ.  Кейбір  араб  руларында  бұлар 
басқаша да аталды. Кейін келе араб айлары былай аталды: 
1.
 
Мұхаррам, 30 күн.                              7. Раджап, 30 күн.        
2.
 
Сафар, 29 күн.                                     8. Шағбан, 29 күн. 
3.
 
Рәби –әууәл, 30 күн.                            9. Рамазан, 30 күн. 
4.
 
Рәби – ахир, 29 күн.                            10. Шәввәл, 29 күн. 
5.
 
Джумада – әууәл, 30 күн.                    11. Зүльхада, 30 күн. 
6.
 
Джумада – ахир, 29 күн.                      12. Зүльхиджа, 29 күн, кейде 30     
 «Мұқаррам»  -  тиым  салынған  деген  сөз.  Араб  салтынша  бұл 
«қасиетті»  ай,  төбелесуге,  арақ  ішуге  болмайды.  «Сафар»  -  керуендердің 
саудаға  шығатын  айы.  «Рәби»  -  жазғытұры  гүлдер  шығатын  айлар,  әууәл  – 
алғашқысы,  ахир  –  ақырғысы  (бұл  -  екі  ай).  «Джумада»  -  су  қататын  ай. 
«Раджап» - қауіпсіз, соғыс болмайтын ай.  «Шағбан» - ертедегі арабтардың 
жанжалдасып тарап кеткен айы. «Рамазан» - тас балқитын ыстықтар болатын 
ай,  ораза  айы.  «Шәввал»  -  ыстық басылып,  салқын  түсетін  ай.  «Зүльхада»  - 
ұзақ  жолға  шықпайтын  ай.  «Зүльхиджа»  -  «қасиетті»  жерлерге  барып 
табынатын ай. Ислам діні бойынша шәввәлдің 1 – ораза айты, зүльхиджаның 
10 – құрбан айты.[3;98] 
Өте  ерте  замандағы  арабтарда  апта  болған  жоқ.  Олар  үш  түнді 
біріктіріп, бір есіммен атап отырды. Сонда әр ай мынадай 10 бөлікке бөлінді: 
әр  айдың  1,  2,  3  түндері  –  гурар,  4,  5,  6  түндері  –  нуфаль,  7,  8,  9  түндері  – 
туса, 10, 11, 12 түндері  – ушр, 13, 14, 15 түндері  – бид, 16, 17, 18 түндері – 
дура,  19,  20,  21  түндері  –  зулам,  22,  23,  24  түндері  –  ханадис,  25,  26,  27 
түндері – даади, 28, 29, 30 түндері – михак [4, 99 б.]. 
Парсылардың  күнтізбесі.  Ежелгі  парсылар  Күнге  табынған  халық 
болды.  Күнтізбелерін  Күннің  қозғалысы  бойынша  жасады.  Тәуліктің  басын 
күннің шығуынан есептеді [3, 74 б.].  Парсы аңызы бойынша адам бұдан сегіз 
мыңдай жыл бұрын, фервердин айының бірі күні (хурмуз күні) жаралған. Ол 
уақытта  Күн  жазғытұрғы  күн  мен  түннің  теңелу  нүктесінде  болған.  Осы 

 
127 
аңызға  сүйеніп  парсылар  бірінші  фервердинді  жыл  басы  деп  есептейді  де, 
оны  жаңа  жыл  күні  –  науруз  деп  атайды.  Сондықтан  өзге  он  бір  айдың 
бірінші  күндері  ғана  хурмуз  деп  аталады,  фервердиндегі  хурмуз  наурыз 
болады.  Науруз  -  біздің  есебімізше  22  март.  Парсылар  бұл  күнді  су 
шашысып,  біріне-бірі  қонақ  болып,  қант  жеп  т.б.  ырымдар  жасап 
мейрамдаған  [3,  75  б.].  Қазақтарда  бұл  күні  салт-дәстүрлер  орындалып, 
наурыз  көже  пісіріледі.  Осы  жоралғыларға  байланысты  қазақ  баларының 
өздері де мына секілді өлең жолдарын шығарып, жаттап алып айтып жүреді:  
Наурыз келді, той келді. 
Қыз келіншектер жүр еді 
Біздер ән салып, біткенше 
Наурыз көже піседі. Балалар осы сықылды өлеңдер айтқанда, қариялар 
көже  ішіп,  бата  беріп  жатады.  Мұның  бәрі  арнайы  тігілген  киіз  үйлерде 
өткізіледі. 
Жалпы  осындай  түрлі  халықтың  түрлі  күнтізбесін,  жылнамасын 
саралай  келе  қазіргі  таңда  тың  еңбектер  шығарылып,  дұрыс  күнтізбе 
қолданылуда.  Қазақ  тілінде  алғаш  шығарылған  «Қазақ  үшін  күнтізбе» 
еңбегімен  бастап,  М.Ысқақовтың  бірнеше  қайтара  бастырған  «Халық 
календары»,  Г.  Нұрғалымованың  «Қазақ  халқының  күнтізбесі»,  күнтізбені, 
сондай-ақ,  айтулы  күндерді  санамалап  көрсеткен  «Қазақ  күнтізбесі»  (1998-
2011  жылдар  аралығындағы  кей  жылдары  шығарылып  отырған)  оқулығын, 
сол  секілді  көптеген  зерттеу  жұмыстарын,  мақалаларды  қазіргі  күнтізбенің 
шығарылуына бірден-бір себеп, көмек деп нық сеніммен айта аламыз.   
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. -Алматы: 2007. (10том) 
2.
 
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. -Алматы: 2003. (3-4 том) 
3.
 
М. Ысқақов. Халық календары. -Алматы: Жазушы, 2009.  
4.
 
М. Исқақов. Халық календары.  -Алматы, 1963.  
 
 
 
ҚАЗАҚ-ОРЫС ТІЛДЕРІНІҢ ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ  
 
Н.Сұлтанова - 
Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология және көп тілді 
білім беру институтының 3-курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы С.А.Жиренов 
 
     Тіл – рухани барлық құндылықтың негізі болғандықтан, әлемдік мәдениет 
пен өркениеттің дамуынан тысқары қала алмайды. Белгілі бір ұлттың дамуы 
өзінің ұлттық тілін қазіргі жаһандану заманында сақтай отырып, оны одан әрі 
өркендетуге, қоғамдық қызметін сан сала бойынша кеңейтуге, сонымен қатар 
осы  мақсаттағы  іс-шараларының  дұрыс  ұйымдастырылып  жүргізілуіне, 

 
128 
демек  мемлекеттік  тілдік  саясат  пен  бағдарламаларға  тікелей  байланысты.  
Ал  кез  келген  тілдің  даму  жолы  мәдени-тарихи  мазмұнды  құрай  отырып, 
әрбір  ұлттық  ділді  (менталитетті)  басқалардан  ерекшелейді.  Әлемдік 
өркениеттегі  кез  келген  мәдениет  адам  қолымен  жасалған  құндылық 
болғандықтан, ол таза табиғи үдеріс (процесс) ретінде таныла алмайды.  
      Әлемнің  бейне-көрінісі  адам баласының дүниені  қабылдауы, оны  танып-
білуі  арқылы  жасалып,  тілмен  таңбаланады.  Әлемнің  тілдік  бейнесі  тіл 
біліміне  (лингвистика)  тікелей  қатысты  мәселе  болғанымен,  оның  шеңбе-
рінен  шығып,  басқа  ғылымдар  аясында  да  зерттеліп-зерделенеді.  Тілге 
қатысты  мәселелер  –  сол  себептен  де  кең  ауқымды,  көп  қырлы  құбылыс 
болып  саналады.  Оның  сондай  бір  мәселесі  –  тілдің  қоғамдық-әлеуметтік, 
қарым-қатынастық қызметі [1, 23]. 
      Өмір  шындығы  қостілділіктің  (билингвизм)  қалыптасуы  әртүрлі 
болатынын көрсетеді. Бұл ретте қостілділіктің белгілі бір қарым-қатынастық 
жағдайға  (қызметтік,  кәсіптік,  қажеттілік,  мәжбүрлік,  тілдік  орта  т.б.) 
байланысты  қалыптасқан  түрі  бізде  ерекше  орында.  Еліміздің  қостілді 
(қазақша-орысша) азаматтары қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастың түрлі 
жағдайы  мен  мақсатына  байланысты  бәлендей  дайындықсыз,  ешқандай 
қиналыссыз  бір  тілден  екінші  тілге  еркін  ауысып,  екі  тілді  бірдей  қолдана 
береді. Бұл ерекшелік, негізінен, қазақтарға тән. Әрине, бұның «қос тіл – қос 
қанатың»  деген  мақсаттағы  өзіндік  артықшылығы  бар  екені  рас.  Елбасы 
сөзімен айтсақ: «Қазақтардың жаппай қос тілді болуы – оларға осы заманғы 
ақпарат тасқынына жол ашатын ғажайып құбылыс» [2, 15]. 
     Сондай-ақ,  бұның  жағымсыз  жағы  да  бар  екені  жасырын  емес.  Бұл 
мәселеге  кезінде  заманымыздың  заңғар  жазушысы,  академик  М.  Әуезов 
назар  аударған  екен.  Ол  өзінің  «Ана  тіл  әдебиетін  сүйіңдер»  деген 
мақаласында орыс тіліне тым беріліп кеткен қазақ азаматтарын сынға алып, 
тіліміз бен әдебиетіміздің қадір-қасиетін айта келе, кез келген саналы азамат 
өз  ана  тілін  жақсы  білуге  міндетті  деген  талап  қояды.  «Өз  тілін,  әдебиетін 
білмеген,  қадірлемеген  адам  толық  мәнді  интеллигент  емес  деуге  болады. 
Себебі,  ол  қандайлық  білімді  болса  да,  рухани  ой  тәрбиесінде  сыңаржақ 
болады» – дейді. 
    Тілдердің  үштұғырлы  саясатын  ұстансақ  та,  мемлекетіміздің  ішкі 
факторларына  байланысты  көптілділікке  емес,  қостілділік  құбылысқа 
әлдеқайда  ауаны  ауысуда.  Қазақстан  қостілді:  қазақ  тілі  –  мемлекеттік  тіл, 
орыс  тілі  –  ресми  тіл.  Мұндай  тілдік  саясаттың  формуласы  барлық  елдерге 
тән. Бір тіл өзіне тән бір функцияны атқарса, мемлекеттегі екінші тіл тағы бір 
өзіндік  бір  саяси-әлеуметтік  функцияны  атқарады.  Қазақстанда  қазақ  тілі  – 
мемлекеттік тіл. Бұл заңмен бекітілген статус. Ал орыс тілі ресми тіл, бұл да 
заңмен  бекітілген,  алайда  орыс  тілінің  мемлекеттегі  екі  үлкен  функциясын 
айтуға  болады:  бірі  –  ұлтаралық  қатынас  тілі,  екіншісі  –  халықаралық 
қатынас  тілі.  Соңғы  функцияны  орыс  тілі  ағылшын  тілімен  қатар  атқарады. 
Рас,  орыс  тілі  еліміздегі  ұлттардың  өзара  қатынас  тіліне  айналған  (1989 
жылғы  тіл  заңында  айқындалған  ұлтаралық  қатынас  қызметі  ретінде 
танылғаннан бері), бірақ орыс тілі бұл қызметті қазақ тілімен қатар атқаруда. 

 
129 
Дәстүрлі  принцип  бойынша,  Қазақстан  қазақ  халқының  мемлекеті 
болғандықтан  қазақ  тілі  барлық  функцияны  негізгі  міндетіне  айналдырған 
бірден-бір  тіл  болуы  қажет  еді.  Алайда  орыс  тілінің  өлшемін  айқындап 
отырған  үлкен  факторлар  мен  себептер  бар.  Бұлар  айтарлықтай  мәселелер. 
Әсер етуші факторларды сыртқы және ішкі деп бөліп қарастырсақ болады 
 [3, 16]. Сыртқы факторлар: 
    Біріншіден,  қазақ  елі  Ресей  Федерациясымен  шекаралас  және  саяси-
экономикалық  жағынан  әрі  әріптес,  әрі  одақтас.  Қазақстан  мен  Ресей  178 
салада өзара әріптес. Біздің Ресеймен тығыз қарым-қатынасқа түсуіміздің өзі 
сыртқы  фактор  бойынша  орыс  тілінің  рөлін  айқындап  тұрған  ең  негізгі 
көрсеткіш. Екіншіден, біздің еліміздің ақпарат кеңістігі тікелей Ресей ақпарат 
көзімен  байланысты.  Бұл  факторды  екі  тармақта  қарастырсақ  болады.  Бірі, 
Қазақстан  медиа  кеңістігі  мен  баспасөз  басылымдары  Ресей  ақпараттарын 
тасымалдайды.  Екінші,  Қазақстан  интернет  ресурстары  тікелей  Ресейдің 
орыс  тілді  интернет  ақпаратымен  байланысты.  Ал  Ресей  ақпарат  қоймасы 
Еуропа,  АҚШ-тың  ақпараттарымен  қамтамасыз  етіледі.  Үшіншіден,  ғылым. 
Ғылым  саласы  қашан  да  ғылыми  дүниелерді  тиімді  жеткізетін  әрі  кең 
көлемде тарататын тиімділігі жоғары тілді немесе әлемдік ғылымды игеретін 
икемді  тілді  қажет  ететіні  белгілі.  Орыс  тілі  –  әлемдік  ғылыми 
қауымдастыққа қауыштыратын жол. Қазірде әлемдік ғылым тілі – ағылшын 
тілі.  Әлемдік  жаңалықтар  ағылшын  тілінде  жазылып,  ғылыми  форум-
конференциялар ағылшын тілінде өтеді.  
      Ішкі факторлар сыртқы факторларға қарағанда маңызды орын алады. Ішкі 
саясатта  орыс  тілі  толығымен  өзінің  әлеуметтік  функциясын  сақтаған.  
Еліміздегі  орыс  тілінің  орнын  айқындап  тұрған  ішкі  факторларды 
қарастырсақ  болады  [4,  32].  Біріншіден,  қазақстандықтардың  орыстілді 
дискурспен  жақсы  таныстығы,  яғни  Қазақстан  халқының  орыс  тілін  жақсы 
меңгергендігі, қазақ тілімен қатар орыс тілінің де «тасымалдаушысы» болып 
отыр. Статистика бойынша, Қазақстан халқының 94,4%-ы орыс тілін ауызша 
формада  түсінеді,  ал  84,8%-ы  орыс  тілін  жақсы  деңгейде  меңгергенқ  рөлі 
басым.  Екіншіден,  мемлекетте  БАҚ  пен  ақпарат  таратушы  көздердің  көп 
бөлігі  орыс  тілінде  болып  отыр.  Қазақстандағы  2300  тіркелген 
басылымдардың тек 5/1-і (18%-ы) ғана мемлекеттік тілде көрінеді, ал қалған 
бөлігі орыс тілді басылымдардың еншісіне көшіп отыр (басқа тілде шығатын 
басылымдар саны аз). Республикалық газеттердің 40%-ы орыс тілінде, 37,7%-
ы  қазақ  тілінде,  14,5%-ы  басқа  тілдерде  жарияланған.  Үшіншіден,  биліктің 
көзқарасы.  Қазақстандық  билік  тікелей  орыс  тілінің  қолданысына  мүдделі 
болып  отыр.  Төртіншіден,  еліміздегі  орыс  тілінің  ресми  статусы.  Бұл  ең 
үлкен  айқындаушы  фактор.  Бұл  тұрғыдан  біртұтас  ғылыми  кеңістікке  жол 
аша  алатын  әрі  білім  саласында  да  көптеген  тиімді  қырлары  бар  орыс  тілі 
Қазақстан үшін кәсіби мақсатта қажет екені түсінікті. 
     Қостілділіктің тағы бір келеңсіз жағы бар. Олардың басым көпшілігі, көп 
жағдайда,  бір  тілдегі  ойын  екінші  тілге  аударып  жеткізеді.  Жоғарыда 
айтқанымыздай  қазақша  телерадио  мен  газет-журнал  тіліндегі  тіліміздің 
әдеби  нормасына  сәйкес  келмейтін  небір  «тың  қолданыстарды»  екі  тілді 

 
130 
бірдей  меңгергендер  немесе  екеуінің  біреуін  орташа  деңгейде  білетіндер 
айтып-жазып жүр. Себебі, олар өзі білетін тілдің өзіне бір табан жақынында 
(көбінесе  орысша)  ойлап,  сол  ойын  екінші  тілге  аударып,  соны  ауызша 
немесе  жазбаша  түрде  жолма-жол  жеткіземін  деп,  қателесіп  жатады.  
«Әйтеуір, ойын жеткізді  ғой!» деген көзқарас дұрыс емес. Ол – тілдің табиғи 
қалпының біртіндеп бұзылуына апарады. 
     Тілдегі өзгерістер мен жаңалықтар жайдан-жай пайда бола салмайды. Оны 
тілді тұтынушылардың түрлі қажеттілігі туғызады. Олардың түрлі қоғамдық 
іс-әрекет  кезіндегі  тілді  қолдануы  –  тілдік  жүйедегі  өзгерістердің  шынайы 
сипатын көрсетеді. Тілдің қоғамдық қызметі әр тілдің өзіндік ерекшеліктерін 
айқындаумен қатар тілдік құралдар дәстүрлі қолданысына да әсер етеді, оның 
үстемдігі мен пәрменділігін де айқындайды. 
     Бұған  байланысты    Елбасының  мына  бір  сөзі  де  нақты  дәлел:  «Ұлттық 
сана-сезім  үшін  этикалық  мәдениет  пен  тілді  қорғап  дамытатын  қоғамдық 
институттар  жүйесіне  арқа  сүйеу  мейлінше  маңызды.  Мұның,  әсіресе,  білім 
беру жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысы бар. Біз білім беру 
жүйесінің «қазақ тілін қалыс қалдыру» ұстанымына құрылғанын көрдік, онда 
ең бір ділгір де мұқтаж  кәсіптер мен мамандықтар бойынша қазақша білім 
ала  алмайтын.  Соның  салдарынан  ұлттың,  әсіресе,  қалаулы  тобының  тілді 
жан-жақты меңгеруге деген ынта-зейіні төмендеп кетті» [5,153]. 
     Қазақ  халқы  кеңес  саясатының  тіліміздегі  зардабын  әлі  ұмытқан  жоқ. 
Орыс  тілі  арқылы  тілімізге  кірген  терминдер  –  тіліміздегі  ең  көп  кірме 
сөздер.  Оларды  ғалымдар  түрлі  себептерге  байланысты  әр  кезеңде  көрсетіп 
келеді.  Сондықтан  қазақ  тіліндегі  кірме  сөздердің  көбі  орыс  тілінен  келген 
сөздер  және  олар  орыс  тілінен  қазақ  тіліне  тікелей  қарым-қатыс  арқылы 
ауысқан сөздер болып саналады. Ол туралы Ғ. Мұсабаев былай деп жазған: 
«Қазақ  тіліне  орыс  сөздері  басқа  бір  үшінші  тіл  арқылы  емес,  тікелей 
ауысады,  өйткені  қазақтар  орыс  халқымен  көрші  тұрып,  тығыз  қарым-
қатынаста  болды»  [6,  472].  Қазақ  тілінің  дыбыстық  ерекшелігі  бойынша 
өзгеріп  қалыптасқан  орыс  сөздері  алғашқы  ауысқан  сөздер,  ауысу  мезгілі 
жағынан  ертерек  кезеңге  жатады.  Олар  төмендегідей:  самауыр  (самовар), 
кереует  (кровать),  зәйімке  (зимовка),  шәйнек  (чайник),  болыс  (волостной 
управитель),  ояз  (уезд),  поштабай  (почтальон),  сот  (суд),  станса  (станция), 
шәй (чай), божы (вожжи), ауылнай (аульный), мүк (мох), картоп (картофель), 
жандарал  (генерал),  атпекет  (адвокат),  жарма  (ярмо),  бүбірнай  (выборный), 
кінеге (қойын дәптер), жағырафия (география), т. б.   
     Термин  алмасу  дүниежүзі  тілдеріне  ең  көп  тараған  тілдік  құбылыс.  Бұл 
мәселе  туралы  ғалым  Ш.  Құрманбайұлы  сөзін  келтірейік:  «Өзге  тілдерден 
термин  қабылдау  барлық  тілдерге  тән  құбылыс.  Басқа  халықтардың 
тілдерінен сөз алмайтын тіл болмайды деуге болады» [7, 240]. Бұл жалпы Ш. 
Құрманбайұлының  ғана  пікірі  емес,  ол  әсіресе,  терминолог  ғалымдарға 
қатысты.  Термин  мамандарының  бәрі  термин  алмасу  заңды  құбылыс  деп 
санайды.  Ал  Ғ.  Қалиев  пен  Ә.Болғанбаев  сынды  ғалымдар  Қазақстанның 
Ресейге қосылуы қарсаңынадағы тығыз қарым-қатынаста болуы  нәтижесінде 
орыс тілінен ауысқан сөздерді екі кезеңге бөліп қарастырған. Бірінші кезең – 

 
131 
1917  жылы  Қазан  революциясына  дейінгі  кезең,  ал  екінші  кезең  –  Қазан 
революциясынан кейінгі кезең  [8, 141]. 
    Сонымен  қатар,  орыс  тілі  лексикасында  да  қазақ  тілінен  енген  біршама 
қазақ  сөздерін  де  кездестіруге  болады.  Ол  да  сонау  көне  замандағы  сауда-
саттық,  дипломатиялық  қарым-қатынас  негізінде  орыс  тілінде  қазіргі  күнге 
дейін қолданылатын сөздер болып табылады. Фонетикалық ерекшеліктеріне 
байланысты  қазақ  тілінен  енген  сөздер  орыс  тілінде  көбінесе  даyысты 
дыбыстардың  бір-біріне  ықпал  жасау  (сингорманизм  заңына  сай)  арқылы 
дауысты  дыбыстардың  қайталануы  көптеп  кездеседі  [9,  43].    Мәселен, 
башмак,  алмаз,  казна,  батрак,  балда,  сазан,  таракан,  баклажан,  балаган; 
сундук, урюк, утюг, чубук, чугун т.б.   
     Орыс  тіліне  қазақ  тілінен  енген  сөздерді  хронологиялық  уақытына 
байланысты  төмендегідей  жіктеп,  қарастыруға  болады:  монғол  дәуіріне 
дейінгі  кезең,  Алтын  Орда  дәуіріндегі  енген  сөздер,  XVI—XVII  ғасырдағы 
енген  сөздер,  XVIII  –  XX  ғасырдағы  енген  сөздер  және  қазіргі  кезде  орыс 
тіліндегі  қазақ  тілді  сөздер.  Мұнда  сөздерге  соңғы  кезде  елімізде  тұратын 
орыс  халқының  ауызекі  сөйлеу  тілінде  қолданылатын  біршама  сөздерін 
айтуға болады. Мәселен, мемлекеттік саяси құрылымда қазақша мәжіліс сөзі 
қолданылса,  орысша  баламасы  ретінде  мажилис  болып  қолданылады. 
Осыған  байланысты  мажилисмен,  оралман  сөздерін  де  айтуға  болады. 
Сонымен қатар, аким, маслихат сөздері де осылай қолданылуда [10].  
     Көпұлттылық жағдайында тілді сақтап қалу мен оны дамытудың бір жолы 
-  қостілділік  яғни  екі  тілді  қатар  меңгеру.  Бірақ  меңгерудің  өзінде  де  тек 
қажетті қолданысқа байланысты болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда  тілдің 
тіл  болып  қалуы  мен  дамуының  өзі  үлкен  мәселеге  айланары  хақ.  Тіл  о 
бастан  қолдануға  жаралған,  қолдану  үшін  де  дамиды,  даму  үшін  де 
қолданылады.  Өмірдің  сан  қилы  саласында  қай  тіл  жиі  қолданылса,  сол 
тілдің  болашағы  мол  болмақ.  Сондықтан  өз  тілімізді  күнделікті  өмірде  жиі 
қолданып, оның дамуына өз үлесімізді бірге қосайық! 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет