С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары



жүктеу 2.05 Mb.
Pdf просмотр
бет6/14
Дата25.12.2016
өлшемі2.05 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

бірдей,  қайсар  мінезін  жалғыз  ғана  Қапсадыққа  тән  емес,  жалпы  қазақ 
халқының ұлттық мінез ерекшелігі ретінде көрсетеді.  
 
Қаламгер  адамның  мінез-құлқы  мен  оның  бойындағы  психологиялық 
иірімдерге  толы  көзқарастарды  әсерлі  суреттей  отырып,    ұлттық 
психология  жайлы  хабар  береді.  «Қожайынмен  бірнеше  рет  ере  келіп, 
еркелей қонақ боп қайтып жүрген сұлу бойжеткен осындай сый-құрметке 
әбден  еті  үйренген  сыңайлы;  ...Жас  бойжеткеннің  өзін  ұстай  білудегі 
мәдениеттілігі тәрбиелі ортадан шыққандығы мен тектілігін танытады» 
(70). Халқымыздың санасына жазылып қалған, адамаралық қатынаста айқын 
көрінетін қанмен сіңген қасиетті қазақта тектілік қасиет деп текке атамаған. 
Тектіден  текті  туар  сараланып  деген  халқымыз    тек  деп  тегіне  қарап 
сөйлеген.   «...Осы бір еліктің лағындай сүп-сүйкімді періштені қожайыннан 
неге өлердей қызғанатынын өзі де білмейді, ... бұл өзі ғаламат, қызғаныштан 
да  қызулау  жұмбақ  сезім  еді».    Бұл  мысалдарда  қыз  баласы  үшін  әкесі  ет-
жүрегі езіліп, жанын беретіні сияқты қазақы түсініктер көрініс тапқан. 
  Әрбір  шаңырақтың  тағдырына  бейжай  қарамаған  қазақтың  тек  өзіне 
ғана 
тән 
ұлттық 
ерекшеліктерін 
көрсететін 
бірліктер 
жазушы 
шығармаларында  молынан  кездеседі.    «Әкең  марқұм:  «Қара  шаңырақтың 
иесі  Бақайым»,  -  деп  басыңнан  сипап  отырушы  еді...»  (184).  Қазақ  өзге 
балаларын  еншісін  беріп,  отау  етіп  шығарады  да,  кенже  баланы  қара 
шаңырақтың  иесі  деп,  қолына  ұстап  қалатын.  «...«Жесіріне  ие  бола 
алмады»  дегізбе  елге.  Асан  ағаңның  шаңырағына  енді  сен  ие  боласың!» 
(126),  «...Аталарымыз  «он  үште  отау  иесі»  деген»  (127),  «...Ағасының 
орнын  жоқтатпайды  енді...  Кәне,  қолдарыңды  жайыңдар,  батамды 
берейін!..  ...«Орнында  бар  оңалар»  деген.  Екеулеп  Асанжанның  түтеткен 
түтініне  ие  болыңдар,  қарақтарым!  Атадан  жалғыз  еді.  Ғұмыры  қысқа 
болды. Соңынан ерген мына жалғызын бөтеннің бетіне жаутаңдатпайық 
деген тілек қой менікі. Шаңырағын шайқалтпаңдар, боталарым! Айнашқа 
әрі  аға,  әрі  әке  бола  біл,  балам!  Бір  ошақтың  тағдырын  саған  сеніп 
тапсырып отырмын...» (128). Түтеткен түтінге ие болмақ түгілі, сол түтіннің 

 
56 
түзу  ұшқанын  жіті  бақылайтын,  ұрпақ  қамы  мен  сол  ұрпақтың  сана 
тазалығын, қан тазалығын сақтайтын әлемдегі жалғыз ұлт болса, ол – қазақ. 
Қазақтың  ұлттық  психологиялық  танымын    көрсететін  мысалдар  жазушы 
шығармаларында көптеп кездеседі.  
Суреткер  өз  шығармаларында  ұлттық  психологияны  кейіпкер  сөздері 
арқылы да көрсете білген.  
«  –  Ауылдағы  жесір  атаулыны  адақтап  түк  қоймағаныңмен  тынбай... 
Енді баланы бұзайын дедің бе? – деп шешем шаңқылдап жатыр екен.  

 
Оу, не көкіп отырсың өзің? – деді әкем. 

 
Әй,  анау  апасымен  жасты  қатынның  қойнына  апарып  жас  баланы 
неге саласың? Ол қатынға бұл ауылда одан өзге еркек... 

 
Әй,  оттама  деймін  саған,  Қарлыға  –  Дарынның  әмеңгері!  Сол  үйдің 
ендігі иесі Дарын! Айнаш тұрғанда Қарлығаны қаңғытып жіберуге 
біздің  қақымыз  жоқ!  Обал  болады.  Жетім-жесірдің  көз  жасына 
қаламыз... Оларда енді сенің шаруаң болмасын! 

 
Шаруам болады! Болғанда  қандай!  Әмеңгері  несі?  Ол қайдан  шыққан 
заң?!  

 
Атам қазақтың заңы!..» 
Жоғарыдағы  мәтінде    қазақтағы  әмеңгерлік  салт  Дарынның  әке-
шешесінің  ұрсысуына  негізгі  себеп  болып  отыр.  Әкесінің  шегелеп  тұрып 
айтқан  сөзінен  бұл  салттың  қазақтың    жазылмаған  заңы  екендігін  анық 
байқауға  болады.  Бұл  жерде  жесірін  қаңғыртпаған  қазақтың 
дүниетанымдық түсінігі,  ұлттық психологиясы айқын көрініс тапқан.  
Т.Ахметжан  шығармаларында  жігіттің  болашақ  жарының  адал  болуы, 
пәктігін жоғалтпай келу  қажеттігі  жайлы ұлттық  дүниетанымдық  түсініктер 
де  көрініс  тапқан.  Мысалы,  «Бәсе-бәсе,  сұлудың  төсек  рахатына  аса 
ынтызарлығы  көңіліне  күдік  ұялатып  кеткен  еді,  үркек  көңіл  бекер 
секемденбепті  ғой.  Беті  ашылмаған  қыз  болса  сқйтер  ме  еді...»  (95),  «...О, 
тоба,  қарғыс  атқыр  ақжаймада  дақ  жоқ!  Япыр-ау,  бұл  қалай  болғаны! 
...Дақ  тимеген  қардай  аппақ  ақжаймаға  ұзақ  тесілуге  дәті  жетпеді. 
...Ақжаймаға  сүзіліп  тұрып  көз  алды  бұлдырағанын,  жанарынан  ытқып 
жас  шыққанын  көрді»  (96).    “Сұлу  мен  суретші”  хикаятындағы  суретші  өз 
сұлуын  пәк  қызға  балап,  кейіннен  ол  ойының  теріске  айналуы  басты 
кейіпкердің  өмірін  мүлдем  басқа  арнаға  бұрып  жібереді.  Бұл  мысалдардан 
қазақтың ұлттық психологиясы айқын көрініс тапқанын көруге болады.  
 Т.Ахметжан  шығармаларында  уайымсыз  тіршілік  еткен  қазақы  тұрмыс 
пен сол тұрмысқа дағдыланған жайбасар қазақтың басына іс түскен кезіндегі  
іс-әрекеті  де,  таным-түсінігі  де  шынайы  беріледі.  Мысалы,  ««Жұт  жеті 
ағайынды»  деген  тегі  рас.  Өзіңе  көрінгір,  малдың  былтыр  егізден  тууы 
жаман  еді.  Аяулы  ана  секем  алып  қалған.  Кешегі  қаймағы  бұзылмаған 
жарастық,  қымызға  бөрткен  қызулы  күндер  қайда  кетті?  Іргесінен  ат 
үзілмеген,  төрінен  мейман  тарқамаған  киелі  шаңырақтың  бір-ақ  күнде 
түндігі жабылғаны ма?» (190).    Қазақ дүниетанымында адамның дүниеге 
келген күнін мезгіл не белгілі бір құбылыстармен байланысты анықтайтыны 
белгілі.    Сонымен  қатар  жазушы  шығармаларында  қазақ  халқының  туған 

 
57 
күнді  өзінше  бір  өлшеммен  белгілейтін,  оған  соншалықты  мән  бермейтін 
дүниетанымы, ұлттық психология көрініс тапқан. 
 
Т.Ахметжан шығармаларында ұлттық ерекшелік болып табылатын қазақ 
өнерінің болмыс-бітімі де кеңінен ашылған.  
  «Иә-иә, ән шырқамаса отыра алмайтын болған соң сахнаға шықты емес 
пе»  (59),  «Көрші  үйден  домбыраның  үздіккен  үні  күмбірлеп  қоя  берді. 
Бойжеткеннің күміс қоңыраудың сыңғырындай жүрек тербер әсем сазды, сан 
бояулы сырлы дауысы ап-анық естіліп тұр:  
Алтын қайық жарасар күймесімен, 
Наздана алмас сұлу қыз сүймесімен.  
Айқарагөз, жүрмісің сау-саламат
Қызыл гүлім-ай! 
Ұшқынның көзінен ыстық жасы ыршып-ыршып кетті...» (60). Домбыра– 
ұрпақ  арасындағы  сабақтастықтың  алтын  арқауы,  уақытаралық  қатынастың 
басты  құралы.  Халықтың  тарихи  тағдырымен  тамырлас  оның  өміршеңдігі 
уақыт  талғамайды.  Т.Ахметжанның  «Сынық  қанат  көбелек»  хикаятында  ән 
өнері  қазақ  халқының  ұлттық  аспабы  –  домбыра  мен  өз  жолынан 
жаңылысып,  бағытынан  адасқан  бір  кездегі  атақты  әнші  Ұшқынның  көңіл-
күйі арқылы көрініс тапқан.   
«Мен  танитын  адамдардың  бәрі  сіздің  талантыңызға  бас  ұрып, 
мақтағанда  жер-көкке  сыйғызбай  аспанға  көтеріп,  сізге  теңдес  адам 
таппай  теңселіп  отырғандары.  Сізді  Біржан  салдың,  Ақан  серінің,  Үкілі 
Ыбырайдың қатарына апарып қойғысы келетіндер де бар. Атыңызды аңыз 
етеді көпшілік. Бірақ сіз сахнада қаншалықты арқалы, асқақ болғаныңызбен, 
өмірде соншалықты қарапайым екеніңізді көріп қарным ашып қалды» (63).  
Жоғарыдағы мәтінде Ұшқынды халықтың сал-серілері – Біржан сал, Ақан 
сері,  Үкілі  Ыбырайға  теңеп,  атын  аңыз  ететінін  айтады.  Әнсүйер  қауым 
ұлттық-кәсіпқой  әншілердің  кейінгі  буындары  Біржан  сал,  Ақан  сері,  Үкілі 
Ыбырай  бейнелері  мен  олардың  шығармашылығын  өздеріне  идеал  тұтады. 
Олардың  тамаша  музыкалық  стилін,  өзгеше  вокалдық  шеберлігін  қазақ 
әнінің, ән өнерінің қалың бұқараға арналғандығымен берік байланыстырады.  
Ұшқынды  осындай  қазақ  әніне  орасан  ықпалын  тигізген  сал-серілердің 
қатарына  қоюынан  қазақтың  өнер  десе  ішкен  асын  жерге  қоятын  халық 
екенін  көруге  болады.    Жазушы  әншінің  қаншалықты  арқалы,  асқақ 
болғанымен,  өмірде  соншалықты  қарапайым  болатынын  көрсету    арқылы 
қазақтың  нағыз  өнер  адамының  бейнесін  дәл  бере  алған.  Ән  құдіреті 
«Дариға-дәурен!.. Көркіне әні сай нағыз жігіттің төресі екен! Ән деп осыны 
айт!  Қазақтың  ән  жұлдызы;  тау  бұлағының  әсем  сыңғырындай»  (39) 
тіркестері арқылы ашылған.   
«-Не  деуші  едім?  –  деді  Ұшқын  Абзалға  оқшырая  қарап,  -  «Шықпаған 
шыбын жанмен күн өткіздік!» деймін, майор мырза! 
- Тағы... тағы да қайталашы! – деді ұзынтұра Абзалдың көзі жарқ етіп. 
Егер басқа сөз сұраса қиқарланып теріс жауап бермек боп отыр еді, бірақ 
мына  менттің  өлең  сұрағанына  аздап  іші  жылып,  Ұшқынның  жалы 

 
58 
күжірейіңкіреп  қалды.  Жүрек  қылын  қозғайтын  құлаққа  жағымды  қоңыр 
даусын көтере түсіп: 
Мен көрдім дүние деген иттің көтін, 
Жеп жүр ғой біреуінің біреуі етін. 
Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда, 
Көбінің  сырты  бүтін,  іші  түтін!  –  деді  де  терең  күрсініп,  түнеріп 
отырып  қалды».  Жоғарыдағы  мәтінде  автор  қазақ  дүниетанымындағы    ән 
өнері,  өлең  сөздері    қандай  жағдайда  болмасын  жоғары  бағаланатынын 
көрсетіп, өнер құдіретін танытқандай болады. 
«...Сері  жігіт  еді,  шіркін!  Домбыра,  мандалина  шертетін.  Баян 
тартатын.  Тойда  асаба  болатын.  Шешем  тойға  өзін  жалғыз 
жібермейтінін  білген  соң,  үнемі  мені  қасына  ертіп  алатын.  Әкеме 
келіншектер  де  өте  үйір  еді.  Қылмыңдап,  бұраңдап,  әкемді  өздері 
айналдыратын...  Бала  болсам  да  бәрін  сезетінмін»  (126).    Жазушы 
Дарынның  таным-түсінігі  арқылы  әкесін  сал-серілер  өкілінің  бойына  тән, 
сипатына  сай,  ең  жарқын  тұстарын  шоғырландыратын  тұлға  ретінде 
көрсетеді.  Бала  санасында    әке  есімі  халықтың  еркесі,  сүйіктісі,  артист 
мағынасындағы – сері сөзінің мәңгілік бекіп қалуы да заңдылық.   
Т.Ахметжан  шығармаларында  ұлттық  дүниетанымды  көрсететін  тілдік 
құралдар  мол  қолданылған.  Солардың  бірі  –  ұлттық  салт-дәстүрлердің 
жазушы  шығармаларындағы  тілдік  көрінісі  болып  табылады.  Т.Ахметжан 
шығармаларында  қазақ  өнері  –  ән-күйі  ешқашан  ұмытылған  жоқ  деген 
тұжырымдамасымен қатар,  
«...Қайшаның қызының қоржын тойынан қайтқанда «ұшынып» келді де, 
айналасы екі-үш күнде ыңқылдап-сыңқылдап үйіне кіріп-шығып жүріп-ақ көз 
жұмып кетті. Тағдыр деген сол, әне...» (187).  Жазушы Биапаның дүниеден 
өтуінің  өзін  қыз  бергенде  жасалатын  қоржын  тойын  сөз  ете  отырып 
көрсетеді.  Автор  ұлттық  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлерді  шығарма  мазмұнына 
енгізіп, көркем шығармаларының ұлттық нышанын сақтап отырады.   
  Қазақы  тұрмыста  үлкен  ұлдың  тұңғыш  баласын  кемпір-шалдың 
бауырына салатын салт бар. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін ауылды жерлерде 
әлі жалғасып келеді. Ата-әжеге бауыр басқан бала өз анасын “жеңеше” деген 
немесе атын атайды. Жасында анасының атын атаған бала өсе келе өз анасын 
мойындағанмен “шеше” деуге қиналып жатады. Бұл қазіргі қазақы тәрбиедегі 
отбасылардың көбіне тән. Бұл ұлттық дүниетанымды “Айқасқа” әңгімесінен  
көруге  болады.  Мысалы,  «…Нұрқия  әжесі  өзге  балалардан  алабөтен  осы 
Бақайын іш тартып, бауырына салып алған... Аяулы да аналық қызғанышын 
жат  көзді  қойып  өзінен  жасыруға  тырысатын....  ...бірақ  омыраудан 
шығарар-шығармастан бәйбішенің бауырына салып беріп, аналық мейірімін 
бүркеп  келгендіктен  де,  ет-жүрегі  елжіреп,  сәбидің  тәтті  қылықтарына 
елітіп  тұрса  да  емірене  бауырына  қыса  алмаған...    Бақайын  құмары  қана 
иіскей  алмаған  Аяулы  ана  ұлының  кермеде  тұрған  Айқасқа  тайын  көп 
еркелететін»  (189).  Ұлдың  тұңғыш  баласын  ата-әжесі  ғана  емес,  сонымен 
қатар  ағайындылардың  да  бір-бірінің  баласын  бауырына  салып  алу  тек 
қазаққа  ғана  тән  қасиет.  Және  ол  бала  өте  ерке,  шолжаң  болып  өсетіні  де 

 
59 
белгілі.  «Балшекер  бала  көтермеген  соң,  қарындасы  Нұржамалдың 
тұңғышын  бауырына  салып  алған.  Шолжаң  болып  өсті.  Таяқ  жеген  жоқ» 
(187).  
 Т.Ахметжан  шығармаларында  қазақтың  абысын-ажындары  арасындағы 
тату  қарым-қатынас    ұлттық  салт-дәстүрдің  бір  көрінісі  ретінде  көрінеді. 
Мысалы,  «Биғайшаны  Балшекер  абысыным  демейтін,  біресе  Биапа,  біресе 
тәте дейтін. - Тәт-әй, маңдайының соры бес елі бишара болдым ғой мен. Не 
қызық көрдім, не қызық көрдім?.. – деп еңірегенде етегі жасқа толушы еді. 
Биғайша  қосылып  жылайтын»  (3,  31-б).  Т.Ахметжан  шығармаларында 
ұлттық тұрмыс-тіршілік нышандары да байқалып отырады.  
 Жазушы  хикаяттары  мен  әңгімелерінде  қазақ  халқының  ұлттық 
тұрмыстық  ерекшелігінен  хабар  беретін  киіз  үй,  ошақ,  сандық,  т.б. 
тұрмысқа  қажетті  заттар  үйлесімді  көрініс  тапқан.  Мысалы,  «Киіз  үйдің 
орнындай  ғана  жалтыр  тастың  үстіне  келіп  жығылғанда  тау-тас 
шайқалып  кеткендей  көрінді»  (194),  «Бұдан  былай  өз  ошағы  өзіне  пана 
болмай,  тыныштық  іздеп  Ертістің  арғы  бетіндегі  нағашыларына 
баратынын  қайдан  білсін...»  (197),  «Қапты  тастай  салып,  арқанды  шешіп 
оңтайлап  алды  да,  арқан  бойы  биіктегі  үшкір  тасқа  шалма  лақтырды» 
(195), «Аяулы ананың мойнында жүретін гауһар моншақты жары ішкертін 
жаққа  саудамен  барып  жүргенде    әкеліп  беріп  еді,  сандықтағы  шәйі, 
торғын, жібек, пүліш, барқыт бұлдардың ең астында тығулы жататын; 
өзіне  қатты  ұнайтын  қымбат  дүниесін  ері  кеткеннен  кейін  көп  есіне  ала 
берген  соң  сандықтан  алып,  мойнына  тығып  алған»  (191),  «Шақшасын 
қазандық  басына  атып  ұрып,  ауызғы  аядай  бөлменің  ішіндегі  қоқыр-
соқырдың  арасына  насыбай  ұйқалайтын  саптыаяғын  қырып-қырып, 
қолына  ілінген  насыбайды  астыңғы  ерніне  тастап  жіберді»  (183), 
«Үстіндегі  тобылғы  қызыл  торғын  көйлегінің  өңіріндегі  асыл  тастардан 
өрілген қошқар мүйіз оюлары қыздың алма мойнына әр беріп тұрған гауһар 
моншақпен  жарыса  жарқырап,..  ғажайып  түрге  енеді»  (98).  Қазақтың 
ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы оның салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы екені 
даусыз. Автор шығармаларында қазақ мәдениеті мен мінезін, тұрмыстық салт 
ерекшеліктерін  даралап  көрсету  мен  қатар,    көркемдік-тәрбиелік  жағынан 
ұтымды әрі тартымды бере білген.   
  Қазақ 
дүниетанымында  өлшем  бірліктерді  қолданудың  өзіндік 
ерекшеліктері бар. Т.Ахметжан шығармаларында ұлтық өлшем бірліктерден 
мезгіл,  мекен  мәнді  сөздер  кездеседі.  Мысалы,      «Қала  қожайынының  ат 
шаптырым кең кабинетіне ығай мен сығай түгел жиналыпты» (20), «Арада 
ет пісірім уақыт өткенде екі бомж көл жағасында жуынып отырды» (24), 
«Оның  бәрін  несіне  тәптіштейін,  бақсы  ет  пісірім  уақыт  мені 
«жұлмалағаннан»  кейін  сабасына  түсіп,  терін  басып,  тамырымды  ұстап 
қасымда отырды» (51). 
  Жоғарыдағы 
мәтіндерде  “атшаптырым”,  “ет  пісірім”  сөздері 
қолданылып,  уақыт  пен  мекен  өлшемінің  ұлттық  сипатын  ашып  тұр.  Автор 
атшаптырым  сөзінің  орнына  кең  немесе  даладай    деп,  ет  пісірім  сөзінің 
орнына  жай  ғана  сағат  тілін  қолдануына  да  болар  еді.  Мұндай  сөздерді 

 
60 
қазақы  ұлттық  дүниетанымның  тілдік  көрінісін  сипаттауды  көздеген 
авторлық мақсаттан туған  қолданыстар деп есептейміз. 
 Т.Ахметжан  шығармаларында  діни  дүниетанымның  тілдік  көрінісі 
әртүрлі  сипатта  және  молынан  қамтылған.  Жазушы  туындыларында 
қолданылған  діни  лексика:  Аллах,  Құдайдың  жазуы,  Біссімілдә,  періште, 
құран, Көк қақпасы, хор қыздары, жынын алған бақсыдай, мешіт, Рамазан 
айы, тарауық намазы, молда, бас имам, әзәзіл, иесі бар, діншіл, ораза, намаз, 
айт, тәңір жарылқасын, тәубеге келу, садақа, т.б. 
Аллаға сыйыну: «Иә, Алла, адасқан пенделеріңді тура жолыңа бастай 
гөр!  Өзіңнің  мейірімің  түсіп,  нығметіңе  бөленгендердің  жолына  бастай 
гөр!»  (26),  «–  Ей,  Алла,  бізді  тура  жолыңа  бастай  гөр!  –  деп  қайталаңдар 
деді аса бір байыпты үнмен.  
– Ей, Алла, бізді тура жолыңа бастай гөр! – деп екеуі жарыса қайталай 
бастады» (26). 
«Періште Айғанымның қолтығынан сүйеп: 
- Жыла, жылап ал. Бірақ күйінбе! Адамға жалынба, Аллаға жалбарын! – 
деді». (13). 
    Құран  оқу.    «...Құранның  қазақша  түсінігін  бастан-аяқ  екі  қайтара 
оқып шықтым. Содан бастап бойыма тың қуат құйылғандай болды. Сенесің 
бе,  бауырым,  мұз  боп  қатып  жататын  оң  жақ  аяқ-қолыма  жылу 
жүгіргендей сезіндім...»(51).  
Намаз оқу: «Енді намазға жығылмасаң болмайды. Саған дәрігердің емі 
қонбайды.  Сенің  емің  –  намаз!..  Бақсының  осы  сөзінен  кейін  мен  намазға 
жығылдым» (51) 
Бақсы:  «Бақсы  мені  ортаға,  жұмсақ  көрпешенің  үстіне  отырғызып 
қойған.  Селкілдеп,  арлы-берлі  жүгіріп,  ақырып  келіп  шашымнан 
жұлқылайды,  үстімнен  тазыдай  созылып  секіріп  бара  жатып 
жауырынымның  ортасынан  қамшымен  осып  өтеді...  «Иең  бар  жігіт 
екенсің! – деді бақсы тамырымды ұстап отырып, - Иеңді өкпелетіпсің! Сені 
тастап  кеткен  екен.  Құранды  қолыңа  алғалы  алыстан  тағы  айналсоқтап 
келіп  жүр  екен...»,  «Апа-оу,  ертең  қара  ісекті  сойып,  Бабақұмар  бақсыны 
шақырсақ қайтеді?.. ...Ата-бабасы түгел бақсы болған жандар екен» (192).   
 
Жазушы  шығармаларында  діни  наным-сенім,  яғни  Алланы  аузынан 
тастамау, Құдайды ауызға алып отыру, Біссімілдәсін айту, Астафиралла 
деу  кейіпкерлердің  ауызекі  сөйлеу  тілінде  жиі  қолданылады.  Мысалы,  «Ой, 
Алла-ай, тұншықтым-ау!» (191), «Алла сәтін салса шипасы да тиіп қалар» 
(192),  «...«Құдайдың жазуы да»,- дей салар еді» (183), «...«Біссімілдә» деді 
күбірлеп,  деді  де  алақанына  түкіріп,  жоғары  өрмелей  бастады»  (195), 
«Біссімілдә, бірдеңе гүрс ете қалды ғой...» (191), «Мұны ұмыттырған әзәзіл. 
Сендерді  қоқысқа  жетелеп  жүрген  сол...  «Астафиралла!»  деңдер,  -  деді 
періште бұйрықты үнмен...» (25).  
Садақа беру: «Ал ана моншақты таққың келмесе, көрші үйдің бойжетіп 
отырған Балжанына бере сал. Садақа деп бер» (192).  
      Жын-шайтан,  жындану:  «...Ақ  сақалды  шал:  «Әй,  әбілет  басқыр,  сен 
неге  ерегесіп  қоймайсың!  Қанша  рет  ескерттім  саған!  Көнбедің!  Қал  енді 

 
61 
осы жын-шайтанның ортасында!» - деді де, есікті тарс жауып шықты да 
кетті. Қайдан көрдім деп аңтарылып тұрсам, талай рет түсімде көріп ем 
ғой бұл қарияны. «Қой арағыңды!» деп ұрсатын еді ғой түсімде. Енді, міне, 
түсімде  емес,  өңімде  көрінді!  Астапыралла,  мен  жынданған  шығармын! 
Көзіме  бірдеңе  көрінген  шығар!»  (50);  «Содан  соң  жындарын  шақырып 
ойнады-ай дейсің» (51). 
  Т.Ахметжан  шығармаларында  қазақы  діни  дүниетанымдық  түсініктер 
мол  қамтылған  және  олар  шығармада  ұлттық  ерекшеліктер  тұрғысынан 
әртүрлі  қырынан  көрініс  тауып  отырады.  Олардың  барлығын  бір  мақалада 
қамтып шығу мүмкін емес. Автор діни-философиялық дүниетанымды негізгі 
желі етіп алып, халықтық танымды жаңаша, өзінше жетілдіре білген. 
Жазушы  ұлттық-рухани  құндылықтардың  барын  бағалап,  жоғын 
жоқтайды,  замана  көшінің беталысын  түзеуге  адамдық биігінен  көз  салады. 
Адам,  қоғам,  ғасырдан  бастап,  өміршең  сан  алуан  тақырыптарды  қамтитын 
ой түйіндерінің ішкі мазмұны терең, салмағы ауыр.   
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Досова      А.Т.  Т.Ахтанов    прозасының    стилистикалық    ерекшеліктері 
мен танымдық көрінісі: филол. ғыл. канд. ... дисс. – Алматы: Абай атындағы 
ҚазҰПУ, 2006. 
2.
 
Ақбердиева Б. Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық 
тұжырымдар: филол. ғыл. канд. ... дисс. – Алматы: Тіл білімі институты, 
2000.– 146 б. 
3.
 
Гумбольд В. фон. Язык и философия культуры.– М.: Прогресс, 1985. –
456 с. 
4.
 
Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері және тілдік танымы. – 
Алматы: Ғылым, 2005. – 296 б. 
5.
 
Ахметжан Т. Мұң. – Алматы: Қазақпарат, 2003. – 236 б. 
Resume 
The  article  deals  with  the  language  of  the  national  outlook  and 
approach is discussed under T.Ahmetzhana.  
Резюме 
В статье показано язычный облик  национального мировоззрения 
и было обсуждено по произведениям Т.Ахметжана. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
62 
ҰЙҒЫР ТІЛІ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛ ЖАНРЫ  
 
Ф. А.Абдримова –  
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға 
оқытушысы 
(Алматы, Қазақстан) 
 
Фольклор    –  тарихи  оқиғалар  ізімен  қиялдау,  образдау  тәсілі  арқылы 
жасалған  көркем  сөз  байлығының  басты  бір  саласы,  танымдық,  тәрбиелік 
мәні  зор  мәдени  мұра.  Ұйғыр  фольклоры  халықтық  педагогиканың 
таптырмас құралы іспетті қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, 
айтыстар, ертегілер, аңыздар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар және т.б. Ал, біз 
халық  даналығының  қазына-байлығы  болып  саналатын  мақал-мәтелдерге 
тоқталамыз. 
Халық  ауыз  әдебиетінің  бұл  түрі  еңбекші  халықтың  ұзақ  тарихи 
дамуының  барысында  майданға  келіп,  сол  мақалды  шығарушының 
ақылдылығын, парасаттылығын көрсетеді. Мақал-мәтелдерде өмірдің барлық 
жақтары  көрсетіледі,  мысалы,  халықтың  негізгі  кәсібі,  дүниеге  көзқарасы, 
арманы, тілегі, мінез-құлқы, салт-дәстүрі тағы басқалар. 
Мақал-мәтелдердің  негізгі  мазмұны  ақиқат  туралы  халықтың 
данышпан  ой-пікірлерінен,  өмірдің  әртүрлі  жақтары  туралы  айтылған 
қанатты  сөздерінен  тұрады.  Сондықтан  мақал-мәтелдер  өзгеріске  ұшырап, 
жаңалары  пайда  болады,  олар  кеңінен  таралып,  ғасырлар  бойы  халыққа 
қызмет  етсе,  басқа  мақал-мәтелдер  ұмытылуға  тура  келіп,  олардың  орнына 
жаңа мазмұнға ие мақал-мәтелдер пайда болады. 
Мақал–мәтелдерде    ауыз  екі  тілдегі  өзіне  тән  характер,  ортақ 
ерекшелік,  ықшам  құрылым,  жанды  образ,  тәрбиелік  маңызы  күшті  болған 
мазмұндар жалпыланып, айқындалып берілген, сонымен қатар, халықтың әр 
қандай дәуірлердегі оқиғалары, тұрмыс ерекшеліктері, мәдени дәстүрі, салт-
дәстүрлері,  білім  мен  ғылымы,  дүниеге  көзқарасы  және  т.б.  көптеген 
тәжірибелерінің  философиялық  идеялары  баяндалған.  Олар  әдеби  тілімізде 
де,  ауыз  екі  тілде  де  өте  көп  қолданылады  және  сөйлемге  ерекше  бір  мән 
береді. 
Мақал  халық  арасына  өте  кең  түрде  таралған  және  ол  ғасырлар  бойы 
өмір  сүреді.  Өйткені,  мақал  сипаттап  тұрған  ой–пікір  әдетте  тұрмыста 
кездесетін  көптеген  тәжірибелердің  қысқаша  және  анық  тұжырымы.  Мақал 
философиялық түсініктерді бейнелі сөздер арқылы нақтылап, көз алдымызға 
жанды түрде көрсетіп береді.  
Мәтел  әлеуметтік  тұрмыстағы  әртүрлі  құбылыс  және  тәжірибені 
хайуанат  және  басқа  нәрселердің  қасиеті  ретінде  ортаға  қойып,  ауыспалы 
мағынада  айтылатын  бейнелі  сөз.  Оның  негізгі  ерекшелігі,  мәтелде 
айтылатын  ой-пікір  мақалға  ұқсас  тура  айтылмайды,  бәлкі  табиғат 
дүниесіндегі әртүрлі нәрселердің бейнесі, қасиеттері арқылы беріледі.  
Сонымен,  мақал  дегеніміз,  өзінде  халықтың  әлеуметтік  тарихи 
тәжірибесін  сипаттайтын,  адамдарға  үлгі-өнеге  бола  алатын,  белгілі  ырғақ 

 
63 
және  үндестік  негізінде  құрылған  ықшам  нақыл  сөз.  Мысалы:  «Бір  еңбек 
еткен, екі етеді, екі еткен әдет етеді», «Азығымен жер мүсінді, еңбегімен ер 
мүсінді», «Әтиязда ишни пухта қилсаң, жилиң яхши өтәр», «Билимлик киши 
– жутиниң беши, билимсиз киши – сайниң теши». 
Мәтел  дегеніміз,  өмірдегі  бірер  құбылысты  анық  және  орынды 
сипаттап беретін бейнелі сөз. Мәтелде үлгі–өнеге беретін мағына жоқ. Онда 
пікір  аяқталмайды,  бірақ  адамдардың  жат,  жараспайтын  қылықтарын,  ісін 
басқа  нәрселерге  ұқсату  арқылы  баяндап  береді.  Мысалы:  «Ханнан  қазық, 
биден  тоқпақ»,  «Көппен  көрген  ұлы  той»,  «Төгини  чөчәктә  суғарғандәк»,  
«Пути көйгән тохудәк».  
Орта Азия мен Қазақстан халықтарының педагогикалық көзқарастарын 
зерттеген  А.Э.Измайлов  «Мақал-мәтелдер  –  поэтикалық  халық  ауыз 
шығармашылығының ең белсенді және кең таралған мұраларының бірі. Онда 
халық  өздерінің  ғасырлар  бойы  жинақтаған  тәжірибесін  қорытқан.  Мақал-
мәтелдердің афористикалық формасы мен мазмұны халықтың ой-толғанысы 
мен  арманын,  қоғамдық  өмірдегі  құбылыстарға  көзқарасын,  жас  ұрпақты 
тәрбиелеуде пайда болған түсінігін білдіреді», - дейді [1]. 
Уйғыр  әдебиетінің  негізін  салушы,  әрі  педагог  М.Һәмраев  өзінің 
«Әдәбиятшунаслиқ  терминлириниң  луғити»  атты  еңбегінде  мақал  мен 
мәтелге  мынандай  сипаттама  береді:  «Мақал  –  халық  ауыз  әдебиетінің  бір 
түрі  болып,  халық  даналығын  суреттейді.  Ол  ықшам,  әрі  өлең    түрінде  де 
кездеседі. Мысалы: «Булбул чимәнни сөйәр, адәм – Вәтәнни»,  
«Һавада учмақлиғим, 
   
 
Қанат билән пәйдин әмәс. 
   
 
Рисқимни әмгәк берәр, 
   
 
Йәр билән судин әмәс»». 
«Мәтел  –  халық  ішіндегі  ауыспалы  мағынада  қолданылатын  ғажайып 
сөздердің  бір  түрі.  Онда  ұқсату,  мазақ,  әзіл  және  т.б.  тіл  құралдары 
қолданылады.  Мысалы:  «Гәп  десә,  алтә  ешәккә  жүк»,  «Қарғуни  ярда 
қистиғандәк» [2]. 
Ұйғыр  мақал-мәтелдерін  жинап,  зерттеген  Ғ.Сәдвақасов  «Мақал 
дегеніміз  өзінде  халықтың    тарихи-әлеуметтік  тәжірибесін  суреттейтін, 
адамдарға үлгі-өнеге бола алатын, белгілі бір ритм негізінде құрылған ықшам 
нақыл  сөздер.  Ал,  мәтел  –  өмірдегі  бірер  құбылысты  анық  және  орынды 
сипаттап беретін ауыз әдебиетінің бір жанры», – деп өз пікірін айтады [3]. 
Жоғарыда атап өткен ғалымдардың зерттеулеріндегі мақал-мәтелдерге 
берген  анықтамаларына  сүйене  отырып,  біз  төмендегідей  сипаттама  беруді 
ұйғардық:  «Мақал-мәтелдер  халықтың  ғасырлар  бойғы  тіршілігіндегі 
жетістігі  мен  жеңілісінен,  махаббаты  мен  өшпенділігінен  пайда  болған 
үмітін, 
сабырын, 
қайратын, 
әдебін, 
тәрбиесін, 
ақыл-парасатын, 
адамгершілігін, 
бірлігін 
және 
ынтымағын 
сипаттайтын 
халық 
шығармашылығының асыл мұрасы». 
Мақалды  тудырушы  –  еңбекші  халық.  Ол  халық  данышпандығының 
алтын  қазыналы  мұрасы  болып  табылады.  Мақалдар  халықтың  тұрмыс-

 
64 
тіршілігіне,  қоғамдық  өміріне,  еңбегі  мен  тәжірибесіне  байланысты 
туғандықтан, олардың тақырыбы да орасан көп.  
Мысалы, туған жер  – отан туралы мақал-мәтелдер: 
 
 
 
Булбул чимәнни сөйәр, адәм  – Вәтәнни; 
                              Ана Вәтиниң – алтун бөшүк; 
Жут қоғдисаң, өсәрсән, қоғдимисаң, өчәрсән. 
 
Еңбек пен кәсіп туралы мақал–мәтелдер: 
 
 
 
Алтун отта билинәр, адәм – әмгәктә; 
 
 
 
Ямғур билән йәр көкирәр, әмгәк билән – әр; 
 
 
 
Йәр – һосулниң аниси, әмгәк – униң атиси. 
Ынтымақ–бірлік туралы мақал–мәтелдер: 
Бирлик бар йәрдә, инақлиқ бар; 
Байлиқ – байлиқ әмәс, бирлик – байлиқ; 
Җапа чәкмәй, һалавәт йоқ, инақ болмай – саадәт. 
Батырлық-ерлік туралы мақал–мәтелдер: 
 
 
 
Алтун йәрдин чиқиду, батур – әлдин; 
 
 
 
Батур бир қетим өлиду, қорқанчақ – миң қетим; 
 
 
 
Батур жәңдә билинәр. 
Ел-халық туралы мақал–мәтелдер: 
 
 
 
Әлгә баққан хар әмәс; 
 
 
 
Әлгә қошулсаң, әр болисән, әлдин айрилсаң, йәр болисән; 
 
 
 
Хәлиқ ейтмас, ейтса хата ейтмас. 
Адам және оның қасиеттері туралы мақал–мәтелдер: 
 
 
 
Адәм – гөһәр, қоли – гүл; 
 
 
 
Адәм гүлдин назук, таштин қаттиқ; 
 
 
 
Мәрт бир өләр, намәрт – миң. 
Өнер-білім туралы мақал–мәтелдер: 
 
 
 
Һүнәр қилса үнәр; 
 
 
 
Һүнәр алди – қизил тил; 
 
 
 
Билимлик адәм – қанатлиқ қуш. 
Үлгі–өнеге, тәлім–тәрбиеге байланысты мақал–мәтелдер: 
 
 
 
Нәсиһәт аччиқ, мевиси татлиқ; 
 
 
 
Тәртипни сән тапмисаң, тәртип сени тапиду; 
 
 
 
Тәрбийә – камаләт мәктиви. 
Үй-іші, отбасыға байланысты мақал–мәтелдер: 
Анидин яхши, улуқ сөз йоқтур; 
Ат – атидин, адәм – анидин, 
Ачлиқтин өлсәңму, ата-анаңни ташлима. 
Егіншілікке байланысты мақал–мәтелдер: 
 
 
Йери байниң ели бай, 
 
 
Чарвичилиқ – көчә-көчә, деханчилиқ – күндүз-кечә; 
 
 
Су – деханниң қени, йәр – деханниң жени. 
Үй жануарларына байланысты мақал–мәтелдер: 
 
 
Алтә чайнап ат тояр, йәттә чайнап – әр; 
 
 
Ишт билән сайә талишипту, мөшүк билән – төр; 

 
65 
 
 
Калилар су ичсә, мозай муз ялайду. 
Жақсылық-жамандық және достық туралы мақал–мәтелдер: 
 
 
Яман йегинини ейтар, яхши – көргинини; 
 
 
Яхши аз, яман көп, буғдай аз, саман көп; 
 
 
Достуң болмиса – дуния зимистан.  
Денсаулық, тазалық және ас–тамаққа байланысты мақал–мәтелдер: 
 
 
Авал адимини давала, андин – ағриғини; 
 
 
Тән сақлиқ – падишалиқ; 
 
 
Аш вақтида чай керәк, чай вақтида – нан. 
 
Мақал-мәтелдердің  негізгі  ерекшелігі:  ол  –  халық  ойының  ескерткіші 
ғана  емес,  сонымен  қатар  күнделікті  сөйлеу  тілі  құрамындағы  тірі  тілдік 
бірлік. Мақал-мәтел – халықтың рухани,  даналық қазынасы.    
Қорыта  айтқанда,  мақал  мен  мәтел  –  халықтың  ғасырлар  бойғы  іс-
тәжірибесінен,  өмір  тануынан  қорытылған,  тұжырымдалған  ой-түйіні  және 
бір ойды ұтымды, өткір етіп айтып беретін нақыл сөз. 
 
Каталог: docs -> vestnik
vestnik -> Хабаршы. «Жас ғалымдар» сериясы
vestnik -> Хабаршы жаратылыстану-география
vestnik -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
vestnik -> Хабаршы вестник
vestnik -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
vestnik -> Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж
vestnik -> С. Х. Байдильдина (жауапты хатшы)
vestnik -> Казахский национальный педагогический
vestnik -> «Арнайы педагогика» сериясы Серия «Специальная педагогика»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет