С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



жүктеу 2.05 Mb.
Pdf просмотр
бет9/14
Дата25.12.2016
өлшемі2.05 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясы. Егемен 
Қазақстан газеті. 2006 ж.  
2.
 
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 
Қазақстан  халқына  Жолдауы  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан 
мемлекеттің жаңа саяси бағыты. http://www.inform.kz/kaz/article/2518877. 
3.
 
Жүнісбек Ә. Әліпбидің әңгімесі. http://www.tilmaydan.kz/?p=1655. 
4.
 
Хасанов  Ғ.Қ.  Латын  әліпбиіне  көшу  –  тіл  реформасының  бір 
сатысы.http://www.kyzdaralemi.kz/adistemelik-burish/192-2013-04-01-19-03-
22.html. 
 
Резюме 
В  данной статье  подробно рассматривается  роль  и  важность  латниской 
графики. В переходе в латинскую графику были охвачены ряд трудностей и 
особенностей. 
Summary 
In this article a role and importance of the Latin graphic arts are examined in 
detail. In passing to the Latin graphic arts the row of difficulties and features was 
overcame. 
 
 

 
83 
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ 
ҰЛТТЫҚ  ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ АЛАТЫН 
ОРНЫ 
 
 
Ш.Ә.Ақбаева - Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық 
университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты 
(Алматы, Қазақстан) 
 
Ключевые 
слова
мировозрение, 
изобразительное 
искусство, 
космогония, национальное, познание, мир, композиция, эстетика, традиция. 
Keywords:  vision,  fine  arts,  cosmogony,  national,  knowledge,  world, 
composition, aesthetics, tradition. 
 
Халқымыздың  ұлттық  санасының  оянып,  рухани  тұрғыда  дамуын 
қайтадан жандануы соңғы кездері жан-жақты сипат алып келеді. Күнделікті 
өмірде  адамдармен  қарым  қатынас  орнатудағы,  тұрмыс  -  салтымызды 
сақтаудағы  ұлттық  қалыптасудың  көптеген  белгілері  күннен  күнге  анық 
көріне  түсуде.  Бүгінгі  таңда  тілін  ұмытып,  діннен  безген  жас  ұрпақты  оң 
жолға  бағыттаудың,  оларға  тәлім  -  тәрбие  берудің  қажеттілігін  өмірдің  өзі 
көрсетіп  тұр.  Ұлттың  болашағын  ойлаған  қазақ  зиалылары  мен  ұстаздар 
қауымы жастарды халқымыздың ежелден келе жатқан үлгі - өнегесі бойынша 
тәрбиелеудің қажеттілігіне басты назар аударуда. 
Сөздің  құдіретті  күшін  қадір  тұту,  аталы  сөзге  тоқтау,  өнерді 
жалғастыру  дәстүрі  де  педагогиканың  ежелгі  қағидасы.  Өнер  иесі  атанған 
адамдардың  жақсы  қасиеттерін  бағалау  да  тарихи  мұра  ретінде  саналған. 
Халықтың  тұрмыста  пайдаланып  жүрген  тамаша  ою-өрнектер  мен 
әшекейлері-адам  ойы  мен  қабілетінің  зор  нәтижесі.  Тұрмыс  заттарының 
бетінде  бейнеленген  бұл  өнердің  тәрбиелік  ерекшелігі  әлі  толық  зерттелген 
жоқ.  Халық:  «Баланы-жастан»  деп  бекер  айтпаған.  Түрлі  отырыстарда,  бас 
қосуларда үлкен адамдардың жақсы ісін, еліне сіңірген еңбегін, мінез-құлқын 
жастарға  үлгі-өнеге  еткен.  Жаманнан  жирендіріп,  жақсыға  жақындатып 
отырған. 
Бала  тәрбиесі  туралы  бабаларымыздың  өсиет  сөздерінде  жастайынан 
ұл-қыздарының  құлақтарына  құйып,  тәрбие  ретінде  қолданған.  Мысалы: 
«Баланы  ең  әуелі  мейір-шапағатқа,  сонан  соң  ақыл-парасатқа,  ақырында 
нағыз пайдалы ғылымға баулу»,«Ұл-қызыңды бес жасқа дейін хандай көтер, 
он беске келгенше құлдай жұмса, одан соң құрбыңдай көріп ақылдас» –деген 
екен.  
Адамның жеке тұлға болып қалыптасу мәселелеріне  әлемнің көптеген 
ойшылдары атсалысты, сан алуан тұжырымдамалар мен анықтамалар беріп, 
зерттеп,  өздерінің  ақыл-ойларымен  бөлісті.  Осыған  сәйкес,  зерттеу  пәні 
ретінде 
орта 
мектеп 
оқушылардың 
көркемдік 
дүниетанымын 
қалыптастырудың  сипаттамасын  анықтау  мақсатында  философиялық, 

 
84 
психологиялық-педагогикалық  еңбектерді  қарастырып,  зерттеп,  оларға 
талдау жұмыстарын жүргіздік. 
Ежелгі кезеңдерден бері адамзаттың асылдары мен ойшылдарының көп 
толғандырған  адам  мәселесі  –  қазіргі  біздің    заманымыздың    да  ең  өзекті 
мәселесі. Ұлы ғұламалардың, ойшылдардың дүниені танып, білудегі күрделі 
ұғымдар  туралы  ойларында  келешек  өскелең  ұрпаққа  берілетін  сарқылмас 
мол қазына жатыр. 
Дүниетанымдық  ұғымдардың  негізінде  ұлттық  дүниетаным  тұр. 
Дүниетанымды  қалыптастыру  мәселесін  зерттеуге  кірісер  алдында, 
«дүниетаным»  феноменінің  жалпы  алғандағы  өзіндік  ерекшелігі  мен  мән-
маңызын  анықтап  алу  қажет  деп  есептейміз.  Дүниетанымның  анықталуы 
дүниеге  көзқарас,  яғни  адамның  тіршілік  болмысынан  пайда  болған 
қоғамдық-тарихи  құбылысымен  тығыз  байланыста  болады.  Адамның  әрбір 
таихи кезеңдерде табиғат, ондағы құбылыстар, өмір, тіршілік, тұрмыс туралы 
өзіндік  көзқарасы,  түсінік-пайымдаулары  болады.    Дүниетаным  адам, 
қоршаған орта, таиғатқа деген философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік, 
эстетикалық  көзқарастарды  білдіреді.  Дүниетанымның  барлық  жүйесінің 
негізін философиялық көзқарас пен сенім құрайды. 
Дүниетанымның  негізін  көне  грек  филосовтары  Демокрит,  Платон, 
Аристотель салды Одан кейін Ф. Бэкон, Р. Декарт, Дж.Локк, Д. Спиноза, И. 
Кант, Г, Гегель сияқты ғұлама ғалымдар ары қарай зерттеп, дамытты. 
Демокрит  дүниені  тану  туралы  ауқымды  проблемалар  көтерді.  Оның 
ойынша,  дүниетаным    алдымен  сезімділіктен  бастау  алады  деп,  көрсетті. 
И.Канттың  пікірі  бойынша  да,  дүниетаным  –  «гетерогенді»  жасалым. 
Дүниетаным  қалыптасуына  жеке  тұлғаның  эстетикалық,  шығармашылық 
аспектілерімен  өзара  қатынастары  жайлы,  оның  ой  пікірлері  ерекше  құнды 
болып  табылады.  Осы  ойды  қолдай  және  жетілдіре  отырып,  философтар 
кейінгі  уақытта  да  жеке  тұлғаның  дүниетанымдық  санасының  осы  көп 
жоспарлылығын,  «полифониялылығын»  (көп  дауыстылығын),  оның  тек 
теориялық  қана  емес,  сонымен  қатар  рухани  практикалық  сипатқа  ие 
екендігін баса айтады [1]. 
Дүниетанымның  ең  негізгі  ұғымы  –  дүние.  «Дүние»  араб  сөзі.  Ол  көп 
ұғымдарды білдіреді, ең негізгілері – өмір, тіршілік ретінде түсіндірілсе, енді 
бірінде  қоршаған  орта,  табиғат,  әлем  ретінде  түсіндіріледі.  Дүниетаным 
құрылымы,  ғалымдардың  пікіріне  сүйенсек,  мына  түсініктерден  тұрады: 
көзқарастар, білімдер, пікірлер. Көзқарастар белгілі бір ұстанымды бағытты 
білдірсе,  білім  жеке  адамның  қоршаған  ортадағы  әртүрі  жүйелер  мен 
құбылыстарды  бағалауы,  қатынасы,  ал  пікірлер  адамға  осы  көзқарастардың 
тек  дүниетаным  мәселелеріне  ғана  емес,  сонымен  бірге  өзінің  өмірлік 
мақсаттарын  қоюы  мен  жүзеге  асуында  да  мүмкін  және  мақсатқа  сәйкес 
болатындығы жайлы мәселені шешуге жол береді. Дүниетаным –дүние және 
тану  деп  аталатын  екі  бөлімнен  тұрады.  Қоршаған  ортаны  білу  –  танымға 
байланысты. Таным –адам санасын дамытудың негізгі және ол арқылы адам 
өзін қоршаған ортаны игеруге де үйренеді. 

 
85 
Дүниетаным  ұғымдарының  өзегіне  ұлттық  дүниетаным  жатады.Соған 
сәйкес,  шығыс  ойшылдары  Қорқыт  ата,  Әль-Фараби,  Қожа  Ахмет  Яссауи, 
Махмұт  Қашқари,  Жүсіп  Баласағұн,Ұлықбек,  Абай  Құнанбаев,  Шоқан 
Уалиханов.т.б. дүниетаным табиғатын ашуға маңызды үлес қосты. 
Қорқыт  дүниетанымын  ел  аузында  сақталған  аңыз  әңгімелерден  танып 
білуге  болады.  М.Әуезов  «..Қорқыт  өлмеудің  амалын  өнерден  табады»  деп 
жазады [2]. 
Шығыс  философы  Әбу  Насыр  Әл-Фараби  -  тарихымыздағы  ұлы 
тұлғаларымыдың  бірі.  Ол  жасаған  қорытындының  басты  түйіні  білім, 
мейірбандық,  сұлулық  -  осы  үшеуінің  бірлігінде.  Ақыл-ой  мен  білімнің 
жоғарғы  мәнін  дәріптей  отырып,  көркемдік  өмір  шындығының  өзіне  тән 
қасиет  ол  әлеуметтік  өмірдің  көкейдегі  елесі  дей  келе  көркемдік  адамның 
денесімен  рухани  жан  дүниесінің  адамгершілік  қасиетінің  сұлулығын 
көрсететін белгі деп санады. 
Әл  Фараби  өзінің  «Риторика»,  «Поэзия  өнері  туралы»,  «Бақытқа  жол 
сілтеу»  туралы  трактаттарында  этникалық,  көркемдік,  дүниетанымдық 
мәселелерге 
көңіл 
бөліп, 
бақыт, 
сұлулық,мейірбандық 
білім 
категорияларының бағытын көрсетіп,негізін дәлелдеп берген [3]. 
Халық    философиясы  дүниетанымы  Асан  қайғы,  Төле  би,  Қазыбек  би, 
Әйтеке би, Бұхар жырау, Махамбет, Шоқан, Ыбырай, Абай т.б. ұлы тұлғалар 
ел  тағдырын  толғаған  кемеңгерлер  арқылы  дамыды.  Қазақ  ақын 
жырауларының  дүниетанымына  талдау  жасайтын  болсақ,  Шалкиіз  жырау  – 
дана, ақылдылығымн ойлылықтың, көркемдіктің шыңына шыға білген. 
Дүниетанымның  анықталуы  дүниеге  көзқарас,  яғни  адамның  тіршілік 
болмысынан  пайда  болған  қоғамдық-тарихи  құбылысының  байланыста 
болады. Адамның әрбір таихи кезеңдерде табиғат, ондағы құбылыстар, өмір, 
тіршілік,  тұрмыс  туралы  өзіндік  көзқарасы,  түсінік-ұғынулары  болады. 
Адамзат  санасының,  дүниетанымының  қажетті  бөлігі  де  –  осы  дүниеге 
көзқарас  болып  табылады.  Дүниетаным  адам,  қоғам,  таиғатқа  деген 
философиялық,  ғылыми,  саяси,  адамгершілік,  эстетикалық  көзқарастарды 
білдіреді.  
Италияндық  ұлы  суретші,  ғалым,  философ  Леонардо  да  Винчи  – 
«Дүниетаным – ақиқатты рухани қажетті игеру жүйесі, тұтастай алсақ білімі 
мен нанымы, қоршаған ортаға психологиялық және эстетикалық көзқарасы» 
дей  келе  [4],  дүниетанымды  қалыптастыру  мен  оны  мәдени  құбылысқа 
айналдыруда  қосқан  үлесі  зор  болды.  «Дүниетаным»,  «таным»  түсініктері 
«Яссауи  дүниетанымы»,  «Қазақ    халқының  дүниетанымы»,  «Абайдың 
дүниетанымы»т.б. көптеген ғалымдардың зерттеген еңбектері мен ойларында 
«дүниетаным»,  «қазақ  дүниетанымы»  жөнінде  құнды  ой-пікірлер  жауабын 
тауып,  Ә.Нысанбаев,  Ж.Әбділдин,  М.Орынбеков,  М.Мұқанов,  Т.  Әбжанов, 
Ж. Алтаев, О. Сегізбаев, Ғ.Ақпанбек т.б. тұжырымдалады. 
Соңғы кездері қазақ дүниетанымы қалыптасып даму кезеңдері жайында 
көптеген  ғылыми  еңбектер  жарық  көрді.  Олардың  қатарында:  Ж.Алтаев,  С. 
Сегізбаев, М.Орынбеков, жәнет.б. атауға болады. 

 
86 
М.Орынбеков:  «Дүниетаным  жеке  адам  және  оның  қоғамдағы  орны, 
сана-сезімдік қалпы жайлы ұғымдарының жиынтығы, дүниені біртұтастығын 
түсіну болып табылады», - дейді [5].  
Дүниетанымды дүниенің бейнелену нәтижесі деп түсіндіре келіп, оның 
қалыптасу деңгейлерін В.П.Ратникова, В.Н.Лавринко [6] сынды философтар 
анықтады.  Олардың  түсіндірулерінше,  бейнелеудің  алғашқы  деңгейлері 
түйсікпен  байланысты  болып,  құбылыстардың  дүниесі,  болмыстың  сыртқы, 
жеке көріністері белгіленеді. Ал, дүниені сезініп, түсіну бейнелеудің екінші 
деңгейі екендігін көрсетеді. Дүниетанымның қалыптасуына бейнелеу арқылы 
дүниедегі  құбылыстар,  үрдістердің  мәндері  мен  заңдылықтарының  ашылуы 
тікелей ықпал жасайтындығы нақты көрсетіледі. 
Философ  Д.Кішібековтың  осыған  сәйкес  айтқан  тұжырымында  қазақ 
халқының  мінез-құлқы,  оны  қоршаған  ортаға  –  кең  далалық  кеңістікке, 
географиялық  жағдайға,  баққан  малға,  оның  шаруашылығына  байланысты 
қалыптасатындығы айтылады [7]. 
Осындай  жоғарыдағы  философиялық  пікірлерді  талдай  келе, 
дүниетаным  –  адам  санасындағы  дүниенің  сыртқы  бейнесі  ғана  емес,  оның 
сол дүниеге, қоғамдық өмірге қарым-қатынасы, адамдардың философиялық, 
саяси,  құқықтық,  адамгершілік  және  эстетикалық  идеалдары  мен 
сенімдерінің  жаңа  қоғамдық  өзгерістерге  сай  жиынтығы  деген  қорытынды 
жасауға  болады.  Сонымен  қатар  дүниетаным  адамның  мінез-құлқы  мен  іс-
әрекетінің жалпы бағытын анықтайды.  
Академик  М.Қаратаев  "Өнердің  эстетикалық  сипаты"  атты  сын-
зерттеулерінде: «Бұл  бізде тың жатқан мәселе. Қазақстанның философиялық 
ғылымы болсын, филология ғылымы болсын, эстетика проблемаларын әлі де 
жөнді қолға алған жоқ», – деп көрсеткен [8]. Әсіресе эстетиканы әдебиет пен 
өнердің  философиясы,  ғылымы  деп  қарап,  осы  ғылыми-философиялық 
тұрғыдан өмір мен өнердегі эстетикалық қасиет-сипаттарды анықтау әрекеті 
бізде  мүлде  жоқ"  деп  бұл  мәселенің  маңыздылығына  айрықша  тоқталса, 
З.Серікқалиұлының  "Дүниетану  даналығы"  атты  ғылыми  және  көркемдік 
тану  еңбегінде  "өзіміздің  ғалым-мамандарымыз  эстетика  саласы  бойынша 
арнаулы  зерттеулер  жүргізбегеніне,  не  оқулық  жазбағандарына"  ғылыми 
қауымның назарын аударады.  
Дүниетанымның  ұғымын  психологиялық  жағынан  қалыптасу  жақтары 
да  маңызды  екендігін  көруге  болады.  Бұл  жөнінде  көрнекті  психолог-
ғалымдар Л.С. Выготский [9], С.Л. Рубинштейн   [10], Б.Г. Ананьев [11], т.б. 
өз  тұжырымдамаларын  психолог  С.Л.  Выготский:  «Дүниетаным  адамның 
сыртқы  дүниеге  қатынасы  бойынша  мәдени  тұрғыдағы,  оның  бүкіл  мінез-
құлқын  сипаттайды»,  –  дей  келе,  дүниетаным  мен  жеке  тұлғаның  өзара 
байланысына  диалектикалық  тұрғыдан  талдау  жасайды.  Дүниетанымды  тек 
дүние  мен  оның  құрамдас  бөліктері  туралы  түсініктер  жүйесі  деп  қарауға 
болмайтындығын көрсетеді [12].  
Сонымен,  зерттеудің  мәселесі  бойынша  психологиялық  ой-пікірлерді, 
еңбектерді  талдау  қорытындысында  авторлардың  дүниетанымы  мен  жеке 
тұлғаның өте тығыз байланыста болғандығы анықталды. 

 
87 
Бұдан  шығатын  қорытынды  жастарымыздың  көркемдік  дүниетанымын 
көтеруде  бұл  мөселе  қазақ  педагогика  ғылымының  да  айрықша  зерттеу 
нысанасына  айналуы  қажет.  Қазақ  этнопедагогикасының  тәлімдік 
тағылымдары, 
құнды 
идеялары,әдіс-тәсілдері,амал-жолдары,құралдары 
А.Мұхамбаева,  К.Сейсенбаев,  И.Оршыбеков,  К.Қожахметова  және  т.  б 
еңбектерінде жан жпқты пайымдалды. 
Педагогикалық  тұжырымдамаларда  дүниетаным  жеке  тұлғаның  дамуы 
мен  қалыптасуының  анықтаушы  факторы  ретінде  қарастырылған.  Яғни 
дүниетаным оның жеке  тұлғаның дамуы  мен  өзара  байланысы, дүниетаным 
құрылымының  компоненттері  туралы    В.Лихачев  және  И.Лернер, 
Ю.Бабанскии,  В.Беспалько  еңбектерінде  қарастырылған.  Дүниетаным  жеке 
тұлғаның  дамуымен  байланыста  өрбитіндігін,  яғни  арқашан  дамып 
отыратын,  айнала  қоршаған  орта,  өмір,  тіршілік  етумен  бірге  жүретіндігін 
анықтаған  педагогтар  жеке  тұлғаны  жетілдіріп,  кемелдендірудің  жоғары 
дәрежедегі  диалектикалық  үрдіс  екендігін  анықтап  берді.  Жеке  тұлғаның 
жүйке жүйесіндегі іс-әрекеттік мүмкіншіліктерінің, психикалық үрдістерінің, 
адами  қасиеттерінің,  көзқарастарының,білімінің,  оқу  белсенділігінің  адам 
баласы жасаған материалдық рухани байлықты игерудің және сол байлықты 
болашақта іске асырудың даму тарихын – жеке адамның дамуы деп атаймыз. 
Әлеуметтік 
ортаны, 
педагогикалық 
тәрбиені 
және 
тұқым 
қуалаушылықты  адам  дамуына,  сонымен  қатар  бала  дамуына  ықпал  етуші 
факторлар ретінде көрсетеді.  
      Халық бейнелік өнері, мүсін өнері, металл, тері өңдеу, ағаш ұқсату өнері, 
өрнек-әшекейлері  т.б.  негізінде  бейне  ырғағының  үйлесімі  арқылы 
қарапайым  өзіндік  композициялар  жасау  оқушылардың  ұлттық  мәдениетін 
арттырады.  Ал осындай композициялар орындау барысында қазақ халқының 
иманды, кішіпейіл, ақжарқын болуына байланысты әр түрлі әңгімелер айту, 
қазақ  халқының  ұлттық  тұрмыс  көріністерін  суреттейтін  өлең  жолдарынан 
үзінділер  оқу,  музыкалық  шығармалар  мысалдарын  көрсету  оқушылар 
білімін,  өмірге  көзкарасын,  көркемдік  қабілеттерін  дамытады.  Сондай-ақ, 
қазақтың  тәрбиелік  мәндегі  еңбекке,  өнерге,  білімге,  иманжүзділікке 
баулыйтын  мақал-мәтелдерін,  қанатты  сөздерін,  аңыз  ертегілерін 
оқушыларға  мәнерлі  әңгімелесу  арқылы  бейне  сюжетін  көз  алдына 
елестететіндей  етіп  түсіндіру  бейнелеу  өнері  сабағын  жандандыра  түседі. 
Жастарға  ән  айтқызу,  күй  шерткізу,  өлең-жыр  жаттау,  жаңылтпаш,  жұмбақ 
үйрету  немесе  теңге  ілу,  жамбы  ату,  аударыспақ,  күрес,  тағы  басқа  ұлт  
ойындарын  үйрету  тәрбиенің  өзекті  мәселесі  болған  [13].  Олай  болса, 
оқушыларымыздың  санасына  имандылық  қасиеттерді  сіңіріп,  салт-дәстүрді 
сақтауға, әдет-ғұрыпты қолдануға үйрету үшін әр сабақта тиісті әдіс-тәсілдер 
пайдалана  отырып,  көркемдік  сезім  қалыптастыруымыз  қажет.  Ол  үшін 
ұлдарды  металл, тері өңдеуге, ағаш ұқсатуға дағдыландырып ер-тұман, киіз 
үй  сүйегін,  кебеже,  сандық,  аяқ-табақ  т.б.  сәндік  мүліктерді  өз 
мүмкіндіктерінше  бейнелеп  және  жасап  үйренуге,  ал  қыз  балаларды  киіз 
басу, сырмақ, текемет, түскиіз жасау, кесте, өрнек тоқу тәсілдеріне үйретіп, 

 
88 
ұлттық  киімдер,  көрпе-төсек,  өрнек,  үй  жиһаздарын  пішіп,  тігуге 
машықтандыруымыз қажет. 
Педагогика  тәрбиені,  әлеуметтік  ортаны  және  тұқым  қуалаушылықты 
бала  дамуына,  жеке  адамның  дамуына  ықпал  етуші  факторлар  ретінде 
танытады.  
Дж.Локк  баланың  дүниетанымын  қалыптастыруда  тәрбиенің  маңызды 
әрі шешуші ролін айқындап, баланы тәрбиелеу барысында оны таза тақтаға 
баламалайды,  яғни  тәрбие  бала  дамуының  бірден-бір  көзі  екендігі,  баланы 
тәрбиелеудің  деңгейі,  оның  келешектегі  дүниетанымының  да  сапасын 
көрсететіндігін тұжырымдайды [14]. 
Оқушыларды  сурет  салдыру  арқылы  олардың  ұлттық  көркемдік 
дүниетаным элементтерін қалыптастыруға көмектеседі.  
Қазіргі  жаңа  дәуірде  де  мектеп  балаларды  салт-дәстүрлер  негізінде 
тәрбелеуді  қолға  алып  отыр.  Мысалы:  бейнелеу  өнері  сабақтарында  ұлттық 
"қазақша  күрес",  "Білектесу",  "Соқыр  теке",  "Алтын  сақина",  тақырыптың 
ойындарын  ойната  отырып,  практикалық  жұмыс  орында  шығармаларында 
көркем  сюжеттерді,  қызықты  оқиғаларды  композициялық  бейнелеу 
жұмыстарында  пайдалану  оқушылардың  көркемдік  дүниетанымына  жан-
жақты әсер етеді. Қазақ халқының тәрбиелік мәндегі ауыз әдебиетінің, мақал-
мәтелдерінің, 
әдет-ғұрыптарының 
үлгілерін 
сабақ 
мазмұнымен 
байланыстыра  отырып  пайдалана  білу  халықтық  педагогика  негіздеріне 
сүйенеді.  Өнер  шығармаларын  қабылдау  сабақтарында  балалардың 
суретшілер  туындыларын,  сәндік  қолөнер  туралы  түрлі  әдістемені  қажет 
етеді.  Сурет  өнері  де  өз  тақырыбына  сай  Қазақстан  қылқалам  шеберлерінің 
туындыларын  пайдалануды  қажет  етеді.  Оқушыларды  сол  туындыларды 
дұрыс  қабылдап,  өз  ойын  айта  білуге  үйретсе,  олардың  көркемдік  санасы 
дамиды.  Әбілхан  Қастеевтің  "Амангелді  Иманов",  "Ғани  Мұратбаев", 
"Жамбыл  Жабаев",  "Абай"  атты  портреттерін,  не  болмаса  қарапайым 
"Жайлаулар"  жайлы  тақырыптағы  еңбектерін  немесе  салт-дәстүрлер  "Қыз 
қуу",  "Көкпар",  "Құда  түсу",  "Қойлы  ауыл",  "Келін  түсіру",  "Киіз  үй" 
көріністерін әсерлі тәсілдерімен көрсетіп, сабақ жүргізу оқушылар талғамына 
кереметтей  әсер  етері  сөзсіз.  Суретші  А.  Ғалымбаеваның  "Дастархан", 
"Үйлену  тойы",  тағы  көптеген  шығармаларын  үлгі  ретінде  пайдалана 
отырып, бала бойына халық салт-дәстүрінен көркемдік сана қалыптастыруға 
болады. Оның ойына халықтың көркем көріністерді елестету арқылы ұлттық 
дәстүр  туралы  әсер  туғызып,  образдың  ой  қабілетін  музыка,  ән-күй  әлемі 
арқылы дамытуға болады. 
Сондықтан  әдебиет  пен  өнердің  жастарға  эстетикалық  тәрбие  беруде, 
сол  арқылы  оның  рухани  өмірін  жан-жақты  қалыптастыруда  ықпалы  зор. 
Өнер адам өмірін, адам тағдырын, адам характерін бейнелеу арқылы адамды 
танытады  және  сонымен  бірге  түзеу,  жөндеу,  тәрбиелеу  мақсатын  көздейді. 
Осы  орайда  қазақ  халқының  өнер  тану  жолын  танытатын  әр  алуан 
эстетикалық зерттеулердің бар екені кімге болса да аян. Олар халқымыздың 
өнерге,  әсемдікке  деген  қатынасын  көрсететін  эстетикалық  ғылыми  ойлар 
мен ізденулердін, шама-шарқын аңғарта алады. 

 
89 
         Байқағанымыздай,  өнердің  эстетикалық  тәрбиеде  атқаратын  қызметі 
баға  жетпес.  "Эстетика  әсемдікті  зерттейтін  ғылым  десек,  әсемдікті 
танытатын  қоғамдық  сананың  ерекше  саласы  -  өнер.  Ендеше  өнер  эстетика 
ғылымының  негізгі  нысанасы.  Әрине,  эстетика  өмірдегі  әсемдікті  де  дербес 
алып зерттейді. Бірақ оны көбіне-көп өнердегі көрінісіне байланысты алады, 
дей  келе  М.Қаратаев,  бұлай  зерттеу  бір  жағынан  жалпы  адам  санасынын 
дүние тану әрекетіне өнер атаулының қосатын өзіндік үлесін көрсетсе, екінші 
жағынан  өмір  шындығының  өнер  шындығына  (көркем  шындыққа)  айналу 
процесінің  диалектикасын  көрсетеді  [15]  -  деп  өнердің  қоғамдағы  мәнін 
айқындай түседі. 
              Қоғамдағы  халықтың  мәдениет  саласындағы  кажеттіліктері  артқан 
сайын, өнердің адам баласына тәрбиелік қызметі де артып отырады. Ондағы 
өнердің басты мақсаты - әдемілікті адам өмірінде баянды ету. 
Өнерді, оның қоғамдық,  тәрбиелік  мәнін  түсіну  үшін  әсемдік,  әдемілік 
заңдарын  жақсы  түсіну  шарт.  Мысалы,  П.Корин  «Өнер  -  адамды  асқақ 
сезімге  бөлеуге,  адамның  жан  дүниесін  нұрландырып,  байыта  түсуге,  ол 
өмірдің өзін кемелдендіріп, игілікті етуге тиіс», деген екен. Қазақ мәдениетін 
әлемдік деңгейге көтерген қайраткер М.О.Әуезов өнер туралы ойында: «Өнер 
атаулының барлығы да қай елде, қай жерде туса да сол ортаның шартынан, өз 
топырағының  қалпынан  туады.  Сол  ортаның  тонын  киіп,  соның  іші- 
бауырынан  шыққан  суреті  сияқты  болып  тұрады»  -  дейді.  Бұлай  өнер 
болмысы мен табиғатын айқара аша түспек [16]. 
Орта мектеп дүниетанымын қалыптастыру өте күрделі әрі ұзақ процесс 
болып  табылады.  Дүниетаным  оқушылардың  дүниені  диалектика 
заңдылығына  сай  тануға,  өзгертуге,  ғылыми  тұрғыда  түсіндіруге  мүмкіндік 
жасайды. Дүниетаным оқушыларды ойлау тәсілімен және тәрбиенің барлық 
түрлерімен  қаруландырады,  сонымен  бірге,  қоғамдық  сананың  барлық 
қалыптарына,  дүниеге  қатынасын  анықтайды.  Мектеп  оқушыларының 
дүниетанымы  да  ғылыми  білімдерлің  жүйесіне  топтастырылып,  негізделеді. 
Сондықтан  олардың  ғылыми  дүниетанымын  қалыптастырудың  ең  маңызды 
алғышарттарының,  талаптарының  негізі  –  нақты  дректерге  негізделген 
білімдермен  қаруландыру.  Яғни,  ғылыми  дүниетаным  ғылыми  білімге 
негізделуі  қажет.  Дәлірек  айтсақ,  ғылыми  білім  жеке  тұлғаны 
қалыптастырудың,  дүниені  терең  танудың  тірегі  деп  есептеледі.  Білім 
арқылы  оқушы  дүниені  бейнелейтін  мол  тәжірибе  жинақтау  үшін  қоға 
құбылыстарының,  табиғаттағы  құбылыстардың,  адам  өміріндегі  сан  алуан 
құбылыстардың объективті жақтарын зерттеп, түйсініп түсінеді.  
Дүниетанымды қалыптастыру жас ұрпақты тәрбиелеудің, қиындықтарды 
жеңіп,  алдыға  ұмтылуға  тәрбиелеудің  қазіргі  кездегі  өте  қажетті  шарты 
болып  табылады.  Дүниетанымды  қалыптастыру,  оны  қазіргі  даму  сатысына 
қарай бағыттау – орта мектепте білім берудің көкейкесті мәселелерінің бірі.  
Ғылыми  дүниетанымның  қалыптасуы  тек  шынайы  дүние  туралы 
білімдердің  саналы  игерілуінің  нәтижесінде  жүзеге  асырылады.  Яғни, 
оқушылардың  игеріп  жатқан  құбылыстарының  мәнін,  олардың  даму 
заңдылықтарын  түсінген  кезде,  алынған  білімді  алдыдағы  оқу  және 

 
90 
практикалық  міндеттерді  шешуге  шығармашылықпен  қолдануды  білген 
кезде  ғана  мүмкін  болады.  Ғалымдардың  дүниетанымынды  адамдардың 
қоғам,  қоршаған  орта  туралы  ғылыми,  философиялық,  психологиялық, 
педагогикалық  көзқарастардың  және  адам  іс-әрекетінің  бағыт-бағдарын 
анықтайтын  біртұтас  жүйе  ретінде  қарастыратын  ойлары  мен  пікірлері, 
тұжырымдары бір арнаға келіп түйіседі.  
     Балалардағы  сурет  салуға  үйрету  сабақтары  арқылы  олардың  ұлттық 
дүниетанымының  элементтерін  қалыптастыруға  өте  көп  септігін  тигізеді, 
олардың  патриоттық  сезімін  оятуға,  халықтық  тәрбиенің  бастауларынан 
сусындауына мол мүмкіндіктер береді. Балалардағы ұлттық дүниетанымның 
қалыптасуына,  оның  дамуына  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  Абай 
Құнанбаев  сынды  ағартушы,  ойшылдардың  қосқан  үлесі  ұшан-теңіз.  Олар 
қазақ  балаларының  дүниетанымын  кеңейтуге  ұмтылып,  оларды  өнер  мен 
білімге, Отанын, туған жері мен елін сүюге шақырып, ұлттық дүниетанымын 
аясын кеңейтуге ат салысты. 
 Ыбырай  Алтынсарин  қоршаған  дүние,  орта,  табиғат  туралы  өлеңдерін 
бейнелеу  өнеріне  пайдалану  балалардағы  сұлулықты  сезіну,  көз  алдына 
елестету,  қиялдау,  шығармашылық  ой  сияқты  дүниетаным  қалыптастыруға 
қажетті  процесстердің  дамуына  ықпал  жасады.  Мысалы  «Өзен»  өлеңіндегі 
табиғаттың  сұлу  бейнесі  тамаша  суреттеледі.  Өмір  ағысына  салыстырылған 
өзен ағысының сұлу қозғалысы,  дыбыстары, соған қатысты суреттеулер мен 
теңеулер  орта  мектеп  оқушыларының  эстетикалық  қабылдауын,  талғамын 
ұштап,  олардың  эмоция  мен  сезімдерге,  қиялға  толы  суреттер  салуына 
септігін тигізеді. 
Ыбырай  Алтынсариннің  көптеген  мысалдары,  әңгіме-новеллалары 
оқушылардың  табиғат  пен  қоршаған  дүниеге  терең  оймен  көз  жіберуге, 
табиғат  сұлулығын,  әсемдігі  мен  құпияларын  тануға  үйретіп,  бейнелі  ой 
іскерліктерін дамытуға  үйретеді. Мәселен,  «Өрмекші,  құмырсқа, қарлығаш» 
атты әңгімесі балалардың түрлі жәндіктердің тіршілігін бейнелі қабылдауға, 
сурет  салуға  қажетті  қиял  мен  шығармашылық  ойлауын  дамытуға  ықпал 
жасап, эстетикалық-шығармашылық қабілетін арттыруға көмектеседі. 
Ұлттық  дүниетаным  элементтері  Ы.Алтынсариннің    «Орынбор 
ведомствосы  қазақтарының  құда  түсу,  қыз  ұзату  және  той  жасау 
дәстүрлерінің  очеркі»,  «Орынбор  ведомоствосы  қазақтардың  өлген  адамды 
жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі» т.б. еңбектерінде ұлттық салт-
дәстүрлердің  мәнін  түсінуде,  оған  өз  көзқарастарын  білдіріп,  дәстүрді 
дәріптеуде  байқалады.  Бұл  еңбектердің  оқушылардың  ұлттық  санасын 
оятуға, ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға тигізер әсері мол болды. [17],   
Шоқанның  кейінгі  ұрпаққа  қалдырған  этнография,  әдебиет,  география, 
биология,  тарих,  психология,  педагогика  ғылым  салалары  бойынша 
тұжырымдары,  идеялары  мен  ойлары  –  ұлттық  тәрбиенің  сарқылмас 
көздерінің  бірі.  Ол  «киіз  үй»,  «қазақтардың  космологиялық  түсініктері», 
«Қазақ  молалары  мен  жалпы  Кесене  ескерткіштері  жөнінде»  т.б. 
еңбектерінде  ғылыми  дүниетаным  қалыптастырудың  мәселелеріне  қатысты, 

 
91 
сонымен  бірге  ұлттық  дүниетанымның  да  негізгі  мазмұнына  тиесілі  ой-
тұжырымдарды, көптеген  дәйекті түсініктемелер жасады.  
Атақты  ғалым  киіз  үйді  қазақ  психологиясындағы  дүниеге  символдық 
көзқарастардың  жиынтығы  есебінде  қарады.  Оның  «Тәңір»,  «Ұлы  жүз 
қазақтарының аңыздары» т.б. көлемді ғылыми мақалаларында халқымыздың 
әлем  жөніндегі  түсініктері,  астрология  саласындағы  практикалық  білімдері, 
календары баяндалады [18]. 
Қазақ  ақыны  Абайдың бүкіл  еңбектеріндегі  зерттеу  нысаны  да  –  адам. 
Адам және сана мәселелерінің көптеген баға жетпес тұжырымдарын жасаған 
ойшылдардың  бірі  де  Абай  болып  саналады.  Ол  өзінің  көзқарастарында 
сананның  адам  сезімін,  көңіл-күйдегі  ерікті  қадағалай  алатындығын, 
сондықтан ада өз «табиғатының» шырмауына қалмай, оның шегінен шығып, 
өз табиғатынан жоғары тұруы тиістігін көрсетіп, білім мен өнерге, мәдениет 
арқылы  адам  өзінің  табиғи  қасиеттерін  жоғары  сатыға  көтеруі  қажет 
екендігін атап көрсетті [19]. 
Оқушылардың сурет салуы арқылы бейнелеу өнері пәнінде салыстыру, 
талдау,  абтракциялау  сияқты  күрделі  ой  операцияларымен  қатар, 
шығармашылық  бейнелі  ойларын,  елестету,  қиялдау  әрекеттерін  дамытуда, 
дүниетанымды  кеңейтуде  Абай  шығармаларын  қолданудың  маңызы  орасан 
зор. Абай шығармаларындағы эстетикалық тәрбиеге толы, саналуан теңеулер 
мен  салыстырулары,  суреттеулері  мол  кездесетін  өлеңдері  мен  мысалдары, 
қара  сөздері  –  бейнелеу  өнерінде  дүниені  танып-үйренуге  қажетті  құнды 
әдеби материалдар болып табылады. Абай өлеңдерінің эстетикалық мәні зор. 
Абай  шығармаларындағы  табиғат  лирикаларында  табиғат  пен  адамның 
бейнесі, іс-қимылы үйлестіріле жырланды. Оның суреттеуі мен көркем тілді 
теңеулері  оқушыларды  табиғат  сұлулығына  деген  қызығушылыққа 
тәрбиелеп,  көркемдікті,  адамгершілікті  сезіндіре,  әсерлендіре  қабылдауға, 
дүниені кең тұрғыда тануға үйретеді.  
 
Каталог: docs -> vestnik
vestnik -> Хабаршы. «Жас ғалымдар» сериясы
vestnik -> Хабаршы жаратылыстану-география
vestnik -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
vestnik -> Хабаршы вестник
vestnik -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
vestnik -> Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж
vestnik -> С. Х. Байдильдина (жауапты хатшы)
vestnik -> Казахский национальный педагогический
vestnik -> «Арнайы педагогика» сериясы Серия «Специальная педагогика»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет