С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


§ 4. Ерте орта ғасырлардағы Индонезия



жүктеу 7.55 Mb.
Pdf просмотр
бет3/25
Дата22.12.2016
өлшемі7.55 Mb.
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
§ 4. Ерте орта ғасырлардағы Индонезия
1. Малай архипелагы мен Малакка түбегіндегі алғашқы 
   мемлекеттік бірлестіктер.
2. Қытайдың Индонезия мемлекеттеріне тигізген ықпалы.
3. Матарамның дəуірлеуі.

36
37
4. Индонезия мемлекеттеріндегі феодалдық қатынастар 
    генезисі.
5. Индонезияның мəдениеті.
1. Орта ғасырлардың басында (І—VІ ғғ.) Батыс Индонезия мен 
«Алтын  жарты  аралда»  (Малакканы  ежелгі  грек  авторлары  солай 
атаған) ондаған қала-мемлекеттер өмір сүріп жатты. Олар теңіз 
арқылы өтетін жəне өзінің ішкі саудасы есебінен табыс тауып от-
ырды. Соңдай-ақ олар күріш егумен шұғылданды. Ең алғашқы мем-
лекеттерден Лангкасук пен Тамбралингті атауға болады.
Бұл мемлекеттер теңіз сауда жолын өз бақылауында ұстады. III—
IV ғасырларда бұл мемлекеттер кхмерлік Бапном империясының 
вассалы болды, ал ол ыдырағаннан кейін VІ-VІІ ғасырларда 
Қытаймен тығыз байланысты болды. Бұл мемлекеттердегі үстем дін 
буддизм болды.
Ежелгі Малайлық өркениеттің жоғары дəрежеде дамыған ау-
дандары Шығыс жəне Оңтүстік Суматра болды. Джамби жəне 
Палембанга порттары орналасқан жерде III ғасырдың басына қарай 
Гэин, ал VI ғасырда — Малайю мемлекеттері құрылды.
Олар Индиямен, Персиямен, Қытаймен сауда жүргізді. 
Гэиннің астанасы өте бай болған. Оны Птоломей Аргире  «Күміс 
қала» деп атаған деген болжам бар. VI ғасырдың басында мұнда 
Малайю князьдігі құрылды. Алғашқы Индонезиялық мемлекет-
тердің əлеуметтік-экономикалық құрылысының, яғни өндірісі-
нің негізі деса деп аталған қауым болды. Ол өзін-өзі басқарды. 
Қауым мүшелері жерді бірлесе отырып пайдаланды. Қолөнері 
егіншіліктен толық бөліне қойған жоқ. Құл иеленушілік əлеуметтік-
экономикалық қатынастың негізі болған жоқ, бірақ жекелеген отба-
сылары үйлерінде күң-малай ретінде құлдар ұстады.
Ру жəне тайпа басшылары өз жағдайларын пайдалана отырып 
біраз байлық жинап алып, бірте-бірте өкімет билігін өз қолдарында 
шоғырландырды. Мүлік теңсіздігі ұлғайып, жер көлемі өсіп, 
қол астындағы бодан халықтың саны көбейген соң өкімет билігі 
əскери жасақтар құрып, халықтан бөлініп шыға бастады. Көсемдер 
раджаларға айналды. Олар өздерінің жақын достары мен туыста-
рын жергілікті жерлердің басшылары етіп тағайындап отырды. Бұл 
бастықтар халықтан қазынаға салық жинады. Ақсүйектер біртіндеп 
феодалдарға айнала бастады. Алғашқы мұндай мемлекеттер егін-
шілікпен айналысатын жерлерде құрылды.

38
39
Келесі бір аудандардағы мемлекеттің құрылуы басқаша болды. 
Жекелеген князьдықтардың басшыларының жоғарылауы (биіктеуі, 
өсуі) оларды құдаймен теңеуге дейін барды. Жоғарғы өкімет бас-
шысы сол елдің бірден-бір құдайына айналды. Ол əрі қолбасшы, əрі 
дін басшысы да болды. Сөйтіп, шығыстық деспотия түріндегі билік 
орын алды.
Өкімет  басшысы,  оның  əкімдері  мен  вассалдары  шаруалар 
қауымының есебінен өмір сүрді. Жергілікті əкімдер, вассалдар 
орталық өкіметтің ықпалынан құтылып, тəуелсіздіктерін алуға 
тырысты. Бұл əрекет феодалдық жүйенің құрылуына əкеле жатты. 
Алғашқы феодалдық мемлекеттер суармалы егіншілік үлкен рөл 
атқарған жерлерде туа бастады.
Сондай-ақ мемлекеттердің тағы бір түрі — теңіз жағалық портты 
қала-мемлекеттер де болды. Олардың экономикасының негізін сау-
да қалады.
Бұл айтылған ерте таптық мемлекеттердің бірде-бірі толыққанды 
феодалдық мемлекет болған жоқ. Жердің билеп-төстеушісі мемле-
кет басшысы болды. Əкімдер мен уақытша үлес ұстаушылардың 
иеліктері əлі мұраға қалып отыратын феодтарға айналған жоқ. 
Жерді ұстаушылардың қолында заң шығарушы, соттық, əкімшілік 
жəне орындаушы билік шоғыр-ланған жоқ. Бұл ерте феодалдық 
мемлекеттер болды.
2.  Индонезиядағы  мемлекеттердің  қалыптасуына  Малай  ар-
хипелагының ішкі жəне сыртқы саудасы зор ықпал етті. Сауда 
негізінен теңіздік болды. Индонезия мемлекеттері сонау оңтүстік 
шығыс Африка, Кіші Азия, Жерорта теңізінің Шығысына дейінгі 
жерлермен, Қытаймен, Үндіқытай түбегі елдерімен сауда жүргізіп 
отырды. Мадагаскар аралының тұрғындары Индонезиядан көшіп 
барғандар еді дейді тарихшылар.
Əсіресе Индонезияның Үндістанмен байланысы тығыз бол-
ды. Тіпті оқымыстылардың бір тобы Индонезиялық өркениет 
Үндістаннан келген деген пікірді жақтайды. Дегенмен ондағы мем-
лекеттер халықтардың ішкі дамуының нəтижесінде қалыптасты. 
Үнділік «Рамаяна» дастанында «жеті патшалықпен желкілдеген 
Явадвип» туралы айтылады. Бұл дастанның б.з.б. ІІІ ғасырда 
жазылғаны белгілі.
Сыртқы ықпал архипелагтың теңіз жақтарына ғана тарады да, 
аралдардың орталықтарына жетпеді. Ол ықпалдың өзі де князьдардың 
сарайлары мен портты қалалардан аспады. Сөйтіп, Индонезиядағы 
таптар мен мемлекеттер сыртқы ықпалсыз-ақ қалыптасты.
Дегенмен жоғары дəрежеде дамыған көрші мемлекеттер-
мен қарым-қатынас із-түссіз кеткен жоқ. Елдің басын бірік-тіріп, 
адамгершілік ережелерін қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын 
идеологиялық құралдін Индонезияға Үндістаннан келгені шындық. 
Үнділік будда жəне индуизм діндері Индонезияда кеңінен тарады.
3. Матарам-Орталық Явадағы ерте орта ғасырлық мемлекет. 
Оның дəуірлеуі VIII ғасырдың бірінші ширегінің аяғында бол-
ды.    Ол  кездегі  патшасы    Санджайя  болатын.    Оның  əскері  Ява 
аралындағы бірнеше мемлекетті бағындырды. Тіпті ол Камбоджаға 
да жорық жасады, ондағы мемлекет басшылығына таласты. Себебі 
Санджайяның баласы Камбоджа королінің қызына үйленген бола-
тын. Хроникалар Матарам əскерінің  Бали, Суматраға, тіпті Үндістан 
мен Қытайға жорықтары туралы да хабарлайды.
Шамамен 770 ж. Орталық Явада жаңа, Шайлендра əулетінің билігі 
орнады. Оның негізін Санджайяның немересі қалаған. Шайлендра 
билігі кезінде мемлекет дамып, гүлдене түсті. Əулеттің негізін 
қалаушы суматралық Шривиджайя мемлекетімен одақ құрды.
4. VII ғасырдың екінші жартысында Шығыс Суматрада буддис-
тік Шривиджайя мемлекеті күшейе бастады. Ол туралы  мəлімет 671 
жылға жатады. Оны Қытай саяхатшысы, будда дінінің қажылыққа 
барушысы И Цзин қалдырған. Шривиджайяның орталығы Муси 
өзенінің бойындағы Палембанга ауданында болған. 
Өкімет билігі IX ғасырдың басында орталық Явадан келген 
Шайлендра əулетінің қолында болды. Шривиджайя суматрандық 
Малайю, Джамби, т.б. мемлекеттерді басып алды. Жаңадан ба-
сып алынған жерлерде көптеген сауда орталықтары болған қа-
лалар салынды. 695 ж. қосып алынған Малайлық Кедах қаласы 
Шривиджайяның екінші астанасына айналды.
Шривиджайяның негізгі табыс көзі сауда болды. Үкімет Малак-
ка бұғазы арқылы өтетін сауда кемелерінен салық жинап отыр-
ды. Шривиджайядан алтын, қалайы, піл сүйегі, тропиктік тоғай 
жемістері:  специя,  камфора,  бағалы  ағаш  тұқымдары  сыртқа  шы-
ғарылды.
992  ж.  Шривиджайяға  Явадан  Матарам  əскері  шабуыл  жаса-
ды. Бұл қақтығыс архипелагтағы үстемдік үшін жəне Матарамдық 
əулеттің Шривиджайя тағын тартып алу үшін болды. Алғаш біраз 
сəтсіздікке ұшыраған Шривиджайя əскері 1016 ж. шешуші табысқа 
жетті. Шривиджайя тек өзінің бұрынғы жерлерін қайтарып алумен 
тынбай, Матарамның біраз жерін басып алды. Бұл табыс баянды бол-
мады. 1025 ж. батыстан өте қауіпті жау-үнділік Чола мемлекетінің 
əскері шабуыл жасап, Шривиджайяның біраз жерін басып алды.

40
41
Шривиджайя Индонезия тарихындағы архипелагтың басым бө-
лігін саяси жəне мəдени қатынас жағынан біріктіріп, Оңтүстік Шығыс 
Азия елдерімен — Цейлон, Филиппины, Бенгалияға дейін екіжақты 
сауда қатынасын орнатқан бірінші куатты мемлекет болды. VIII—X 
ғасырларда Шривиджайя оңтүстік теңіздердегі сауда мен суда 
жүзудегі үстемдік құрған мемлекет, Оңтүстік-Шығыс Азияның басты 
мəдени орталығы, сондай-ақ əлемдік буддизм орталығы болды.
Шривиджайя мемлекеті деша деп аталған облыстарға бөлінді. 
Оларды датулар басқарды. Олардан төмен тұрған басшылар хулу деп 
аталған ру, тайпа көсемдері болды. Вассалдық тəуелділіктегі мемле-
кет қадатуан деп аталды.
Шривиджайяның экономикасы, жоғарыда айтылғандай, сыртқы 
саудаға байланысты болды. Дегенмен күріш егу де маңызды 
рөл атқарды. Бірақ Суматрада суармалы егістікпен айналысу 
мүмкіндігі шектеулі болды. Егіншілік жағдайының нашар болуы 
Шривиджайяның құлдырауындағы фактордың бірі болды.
5. IX ғасырда архипелагтың батысында Шривиджайя мемлекеті 
дəуірлеп тұрған кезде оның шығысындағы көршісі Матарам дағ-
дарысқа ұшырай бастады. Оған елдің ішіндегі билік үшін талас-
тартыс, соғыстар барысындағы экономиканың күйзелісі, сарай 
шығындарының өсуі сияқты факторлар себеп болды. Оның үстіне 
стихиялық апат: жанартаудың оянып, атқылауы, оба ауруының 
асқынуы қосылды. 100 жылдай билік құрған будда дінін ұстанушы 
Шайлендра əулеті 870 ж. құлады. Шығыс Явада билікке қайтадан 
индуизм дініндегі Санджай əулеті келді. Мемлекет бұрынғысынша 
Матарам деп аталды, тек астана басқа қалаға  (қазіргі  Прамбанан) 
көшірілді. Бірақ ішкі қырқысулар тоқтамады. Ақыры 928 ж. билікті 
өкімет басындағы жоғары лауазым иесінің бірі Синдок басып 
алды. Ол өзін Матарам патшаларының мұрагері деп жариялады. X 
ғасырдың аяғы — XI ғасырдың басында заңдар жинағы жасалды. 
Осы кезде Матарам, жоғарыда айтылғандай, өзінің басты бақталасы 
Шривиджайяға шабуыл жасады.
1016 ж. Матарам Шривиджайядан жеңілді, патшасы қаза тапты. 
Біртұтас мемлекет бірнеше тəуелсіз князьдықтарға бөлініп кетті. 
Матарамның өзінде Синдоктың əулеті 1222 жылға дейін билік 
құрды.
Орта ғасырлардағы явалық қоғамға феодалдық жер иеленушілер 
құрамының  ұзақ  эволюциясы  тəн.  VIII  ғасырдан  бастап  ірі 
феодалдық жер иелерінің жағдайы нашарлап кетті; керісінше — бір 
жағынан монарх-патшаның, екінші жағынан жаңадан байып келе 
жатқан қауым мүшелерінің билігі күшейіп, жағдайлары жақсара 
түсті. Негізгі жер берушілер ірі светтік феодалдар — ракалар бол-
ды. Ал IX ғасырдың аяғынан бастап жерге рұқсат берушілер монар-
хтар болды.
Салық төлемейтін иегерлер (əдетте ғибадатханалар) сыйлыққа 
жер учаскелерін шаруаларсыз алатын; оларға бұрыннан келе жатқан 
артықшылықтар сақталды.
X ғасырдың аяғына қарай Матарамдағы ауыл шаруашылығы 
ғана емес, қолөнері де жоғары дəрежеде дамыды:
6. Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының рухани мəдениетінің 
дамуына ерте ортағасырларда индонезиялық қоғам өзіндік үлес 
қосты.
Ертеявалық жəне ертемалайлық əдеби тіл мен жергілікті жазу 
қалыптасты. Оған санскриттің элементтері енді. ІХ—Х ғасырларда 
Матарамда əдебиет жоғары дəрежеде дамыды. X ғасырдың басын-
да үнділік «Рамаяна» дастанының явалық нұсқасы өмірге келді. 
Сондай-ақ үнділік «Махабхаратаның», буддалық трактаттардың 
жергілікті халық тіліндегі нұсқалары жасалды.
Матарамдық патша сарайында көптеген ақындар, актерлер, 
музыканттар қызмет етті. Ваянга деп аталған қуыршақ көлеңке 
театрының ойын-сауықтары өткізіліп тұрды. Ол өнердің əр түрінен 
тұратын театр еді.
Ерте  орта  ғасырлар  дəуірі  Индонезия  мемлекеттеріндегі  клас-
сикалық сəулет жəне бейнелеу өнерлерінің қалыптасу кезі болды. 
VIII—Х ғасырларда Оңтүстік-Шығыс Азиядағы буддалық жəне 
индуистік ірі ансамбльдер — Боробудур мен Лара Джонггранг са-
лынды. Буддалық Боробудур ғибадатханасының биіктігі 42 м., 
табанының ұзындығы 123 м. Оның сегіз галереясы Будданың 508 
мүсінімен, 1460 барельефімен безендірілген. Боробудур — Будданың 
өмірі туралы, Явалықтардың тұрғын үйлері мен киім-кешек, тұрмыс 
жағдайы туралы баяндайтын буддалық микрокосм.
Индонезиядағы ең биік 48 метрлік Шива ғибадатханасы Прам-
банан ауылында салынған. Ол Лара Джонггранг, яғни «сымбатты 
бикеш» деп аталады. Шива, Брахма, Вишну ғибадатханаларының 
төңірегінде 156 қабірден тұратын ансамбль бар. Явалық, Малайлық 
шеберлер қоладан мүсін құюдың техникасын жоғары дəрежеде 
меңгерді.
Дерекнамалар Тарумда 21 күннің ішінде ұзындығы 15 км. суа-
ру каналы қазылғандығын хабарлайды. Бұл ерте ортағасырлық 
Индонезияда техниканың жетілгендігін, өкімет билігінің орталық-
тандырылғанын дəлелдейді.

42
43
Боробудур, б. з. 778—850 ж.
Ə д е б и е т т е р:
1. История Востока. В 6 т. Т. ІІ.— М., 1995.— 215—221  бб.
2. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х ч. Ч. І.— М., 
1987.— 65—68 бб.
§ 5. Ерте орта ғасырлардағы Вьет мемлекеті
1. Вьетнам халқының этногенезі.
2. V—ІХ ғасырлардағы Вьет қоғамындағы əлеуметтік 
    экономикалық қатынастар.
3. Вьет мемлекетінің тəуелсіздік үшін күресі.
4. Вьет қоғамының мəдениеті.
Біздің мыңжылдықтың ішіндегі Вьетнам тарихын екі өркениеттік 
кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңі — X ғасырға жатады. Оған 
дейін, сонау б.з.б. ІІ ғасырдан бастап Вьетнам аумағы қытайлық 
Хань əулетінің, ал кейінірек — Суй мен Тан əулеттерінің қол астын-
да болды. Бұл кезеңде Вьетнамның тəуелсіздігін алу мүмкіндіктері 
жеткілікті-ақ болды. Бірақ Қытайдың қиын-қыстау жағдайын көре 
тұрып, вьетнамдықтар шет елдік үстемдіктен құтылу үшін белсенді 
əрекет жасамады. Егер мұндай бірлі жарымды əрекеттер болса, онда 
олар локалды сипатты болды. Сөйтіп ежелгі вьетнамдықтар өздерін 
Аспан асты елінің бір бөлігі ретінде сезінді.
Вьетнам халқының бір аумақта, бір тілде, ортақ мəдениет негізінде 
қалыптаса бастауы X ғасырдан басталады. Б.з.б. 257 ж. Солтүстік 
Вьетнамда ерте таптық Аулак мемлекеті құрылды. Ол б.з.б. 207 
ж. вьеттік Намвьет мемлекетінің боданына айналды. Ал Намвьет 
мемлекеті  б.з.б.  ІІІ  ғасырдың  екінші  жартысында  Сицзян  өзенінің 
бассейнінде  құрылған  болатын.  Б.з.б.  111  ж.  Аулакты  Намвьетпен 
бірге Батыс Хань империясы жаулап алды.
40—43 жылдары лаквьеттіктер (вьетнамдықтардың арғы баба-
лары) Хань əулетіне қарсы көтеріліске шықты. Оны апалысіңлілі 
Чынг Чак пен Чынг Ньилер басқарды. 40- жылғы наурызда Хань 
əскері елден қуылды. Чынг Чак тəуелсіз мемлекеттің басшысы бол-
ды. 42—43 жж. Хань империясы лаквьеттерге қарсы ірі əскери күш 
жіберіп, көтерілісті басты. Апалы сіңлілі Чынгтар 43 ж. шайқаста 
қаза тапты.
Мұндай көтерілістер І ғасырдың екінші жартысында, əсіресе 
ІІ ғасырда жиі болып тұрды. Хань үкіметі ассимиляциялау са-
ясатынан бас тартуға мəжбүр болды. Елдегі билік біртіндеп 
жергілікті ақсүйектер-куандардың қолына көше бастады. II ғасырда 
Вьетнамның орталық бөлігінде индонезиялық тіл тобына жататын 
тьям тайпасының Тьямпа мемлекеті құрылды.
ІІІ ғасырдың орта шенінен бастап лаквьеттіктер базасында вьет-
нам халқы қалыптаса бастады. Оның толық қалыптасуы X-ғасырдың 

44
45
басына дейін созылды. 541 ж. Қытайдың үстемдігіне қарсы көтеріліс 
басталды. 544 ж. вьетнамдықтар ірі куан Ли Бонның басшылығымен 
қытайдың губернаторын елден қуып жіберді. Ли Бон император деп 
жарияланды. Ол 603 жылға дейін билік құрған Ли əулетінің негізін 
қалады. Ли Бон таққа отырысымен мемлекет Вансуан — «Сансыз 
көктем» империясы деп аталды.
Көп ұзамай соғыс қимылдары қайта жалғасты. Ли Бон жеңіліп, 
шағын отрядпен солтүстік-батысқа қашты. Сол жақтағы таулы 
елдің халқын көмекке шақырды. 546 жылғы күзде Ли Бон елдің 
орталық ауданында соғыс бастауға əрекет жасады, бірақ онысы 
сəтсіздікке  ұшырап,  кейін  шегінуге  мəжбүр  болды.  Осыдан  кейін 
въетнамдықтар əскерін қолбасшы Чиеу Куанг Фук басқарды. 548 ж. 
Ли Бон өлген соң ол елдің іс жүзіндегі басшысына айналды. 551 ж. 
қытай əскері жеңіліп, Вансуаннан кетуге мəжбүр болды.
Соғыс аяқталған соң вьеттіктердің арасында қақтығыстар баста-
лып, 50- жылдардың аяғында елдің уақытша екіге бөлінуіне əкеліп 
соқты. Батысында Чиеу Куанг Фук, шығысында Ли Фат Ты билік 
құрды. Соңғысы бүкіл елдің императоры болып саналған əулеттен 
болатын.
602 ж. қытайлық Суй империясының əскері Вансуанға басып 
кірді. 603 ж. вьеттіктер əскері жеңілді. Вансуан Суй əулетінің билігін 
мойындауға  мəжбүр  болды.  Ли  Фат  Ты  тұтқынға  түсіп,  Қытайға 
əкетілді.
Ли əулетінің билігі жойылғаннан кейін қайтадан қытайлық 
əкімшілік жүйесі орнады. 622 жылдан бастап Вансуан «Аньнань 
ду-ху-фу» — яғни « Жуасытылған оңтүстік» облыс деп аталды. 
Өте маңызды стратегиялық пункттерде қытайлық əскерлер тұрды. 
Дегенмен жергілікті билік вьеттіктердің қолында болған сияқты. 
Тан империясына қарсы көтерілістер жиі-жиі қайталанып тұрды. 
Оларды Май Тхук Лоан, Фунг Хынг, Зыонг Тхан, т.б. басқарды.
IX ғасырдың ортасында Қызыл өзеннің төменгі ағысындағы 
бөлек-бөлек жерлерге (дельта) Дали (наньчжао) мемлекетінен көшіп 
келген  тай тайпалары қоныстануға тырысты. Вьеттер мен Тан 
үкіметі тайлықтардың бұл əрекетіне қарсы болды. 865 ж. қытай 
əскері қоныс аударушыларды талқандады. Жеңіс Тан империясы-
ның жағдайын жақсарта түсуге мүмкіндік туғызды. Осы мақсатпен 
қытай наместнигі Гао Пян əкімшілік аппаратын ретке келтіріп, 
салық мөлшерін төмендетті, біркелкі салық жүйесін енгізді. Бұл 
шаралар елде уақытша тыныштық пен тұрақтылық орнатуға қол 
жеткізді.
Енді қытай əскерлері елдің орталығында емес, шет жақтарында 
орналасып, сыртқы жаудан қорғады. Қытайлықтар елдің астанасы 
Латхан қаласының қауіпсіздігін де күшейтті. Осы мақсатпен цита-
дель екі қабат дуалмен қоршалды. Астана маңындағы каналдар мен 
өзендер тазартылып, жол құрылысы қолға алынды.
Гао  Пяннің  мұндай  шаралары  қытай-вьет  қайшылықтарын 
біржолата жоя алмады. Вьеттіктердің азаттық үшін күресі онан 
əрі жалғасты. Ақыры 880 жылы қытай əскері елді тастап шығуға 
мəжбүр болды. Сөйтіп, мың жылға созылған солтүстіктің саяси 
билігі жойылды, вьеттіктер ассимиляцияланудан аман қалды.
939 жылы, Нго əулетінің билігі (939—965) кезінде, вьетнамдықтар 
қытайдың үстемдігінен толық құтылды.
981—1009 жж. тұрақты армия құрылып, Дайвьет мемлекетінің 
құрылғандығы жарияланды. 1069—1077 ж. Вьетнамға Каобанг, 
Тьямпа, Куангнинь жəне Куангчи провинциялары қосып алынды.
1069 жылдан бастап Дайвьет — Ұлы Вьет деп аталды.
Ең ірі жер иеленуші монарх болды. Оның иелігі вуа деп аталды. 
Жердің бəрі монархтың (вуа) иелігі болып саналды. Қауымдардың ба-
сым көпшілігі ірі феодалдарға — сы куандарға тəуелді болды. 945—
967 жж. өзара қырқысулардың нəтижесінде Вьетнам сы куандардың 
иеліктеріне бөлініп кетті. Диньдік вуа (патша) əулеті (968—981) сы 
куандарға қарсы, орталық-тандырылған мемлекет құру үшін күрес 
жүргізді. Ел жаңа Дайковьет (Ежелгі ұлы Вьет) деген атқа ие бол-
ды. Сы куандарға қарсы күрес 981—1009 жж. билік құрған Ерте Ле 
əулеті кезінде де жалғасты. Х ғасырдың соңғы ширегінде ғана сы 
куандар елеулі рөл атқарудан қалды.
Вьет қоғамының əлеуметтік-экономикалық жағдайы. Вьет-
тіктер ежелден егіншілікпен айналысты. Елдің негізгі аграрлық ау-
даны Қызыл өзеннің төменгі ағысы (дельта) болды. Вьеттер күріш, 
бұршақ тұқымдас дақылдар, көкөніс өсірді; жібек маталар тоқыды; 
буйволдар мен ірі қара малын бақты. Сондай-ақ балық аулау кең 
өріс алды. Маржан (жемчуг) жинап, оны тек өздері ғана тұтынбай, 
сыртқа да шығарып отырды.
Сонымен қатар вьеттіктердің жасаған əр түрлі иіс сулары мен 
майлары, жинаған дəрілік өсімдіктері, сирек кездесетін құстардың 
қауырсындары басқа елдерде үлкен сұранысқа ие болатын. Таулы 
жерлерде алтын, күміс, қалайы, темір, цинк, қорғасын  өндірілді. 
Сондай-ақ піл  сүйегімен, мүйізтұмсықтың мүйізімен, маржанмен 
сауда елеулі табыс келтіріп тұрды. Қолөнершілер темірді өңдеді, 

46
47
қоладан көркем бұйымдар жасады. Тоқыма өндірісі, шыбықтан 
өрілген бұйымдар жасау кең өріс алды. Қолөнер өнімдері тек елдің 
ішінде сақталып қоймай, сыртқа да шығарылып отырды. Лаунгбьен, 
Луйлоу жəне басқа қалалар тек қолөнерінің ғана емес, сондай-ақ ірі 
мəдениет орталықтары да болды.
Вьеттік қоғам күріш өсіруші ауылдық қауымның мүшелерінен, 
ірі жер иеленушілер мен қызметкерлер тобынан тұрды. «Солтүстікке 
тəуелділік» кезінде бұл құрылым қытайлық қоғам құрылымына 
жақындай қоймады. Себебі ханьдық қытайлықтар алыста тұрды, 
олар вьеттіктердің арасында аз болды. VІ—ІХ ғасырларда вьеттік 
қоғам азиаттық түрдегі ерте феодалдық қатынастарға көшті.
IX ғасырға қарай вьеттік жер иеленуші ақсүйектер күшейді. Олар 
біртіндеп билікті де қолдарына ала бастады. Ал қытай əскері кеткен 
соң елдегі билік осы ақсүйектердің қолына көшті, олар бұрынғы 
қытай шенеуніктерінің жер иеліктерін де өз қолдарында қалдырды. 
Вьеттік ақсүйектердің жер иеліктері оброк төлеп тұрған ерікті шару-
алар қоныстанған қауымның аумақтарынан тұрды. Сонымен қатар 
тікелей тəуелді шаруалардың саны бірнеше мыңға жетіп жатты. 
Сөйтіп, ақсүйектердің күріштен түсетін артық өнімдерінің көптігі 
соншалық, оны сақтайтын бірнеше қамбалар керек болатын.
Əлеуметтік ұйымның маңызды буыны ру болды. Ол хо деп атал-
ды. Оның ішіндегі ең күштісі ақсүйектер қатарына жатқызылды. 
Олар қауымның белгілі бір топтарынан салық жинаушылар бол-
ды. Хоның құрамына сол кездегі ұлттық дін — əруаққа табынудың 
абыздары да кірді. Олар То Тиен деп аталды.
Кейбір жазба деректер ІІ ғасырдың аяғына қарай Вьетнамға буд-
дизм дінінің тарала бастағанын хабарлайды. Буддизм бұрыннан 
келе жатқан монархтың ата-бабаларына табыну, табиғат күштерін 
құдіретке теңеу сияқгы діни нанымдарды ығыстыра бастады.
Зерттеушілер Вьетнамға буддизм дінінің таралуының бірінші 
кезеңі ІІ—VІ ғасырларды қамтиды дейді. Бұл Үндістанмен тікелей 
қарым-қатынас кезеңі болды, классикалық буддизм сол жақтан келді 
деген пікірді ұстанады. Деректер осы кезеңде Зяоға келген бірнеше 
үндістандық монахтардың атын атайды. Олар: Марадживака мен 
Кшудра (188 немесе 194 жж.), Кальянаручи (255—256 жж.), Кала-
шива (ІІІ ғ.) жəне басқалар.
Осы кезде (ІІ ғ. аяғы) Зяода 20 сангха (мешіт) тұрғызылды, мəдени 
орталықта 500-ге жуық монахтар болды.
Буддизмнің таралуының келесі кезеңі əдетте мұнда дхьян (вьет. 
Тхиен) идеясының пайда болуымен байланысты. V ғасырда вьеттік 
монах Хюэ Тханг (440—479) үнділік монах Дхармадеваның (вьет-
намша Дат-ма-де-ба) шəкірті болған деген пікір бар. Сондыктан да 
осы екеуі вьеттік тхиеннің негізін қалаушылар болып табылады.
580 ж. Вансуан мемлекетіне бұрын Солтүстік Чжоу патшалығы-
ның астанасында қызмет қылған вьетнамдық монах Винитаручи 
келіп, Луйлоудағы Фанван пагодасында будда дінінің мектебін 
ашты. Сөйтіп, буддизмнің вьетнамдық дəстүрі Винитаручиді 
дхьянаның бірінші насихатшысы жəне бірінші тхиендік мектептің 
негізін қалаушы деп санайды. Ол вэньяньға бірнеше сутрларды ау-
дарды. Винитаручидің шəкірті, əрі жолын қуушы вьет монахы Фап 
Хиен болды. Вьетнамда буддизм кытайдағыдай қуғынға ұшыраған 
жоқ,  керісінше,  мемлекет  тарапынан  қолдауға  ие  болып  отырды. 
Оған дəлел алғашқы Ли əулетінен шыққан Вансуан императорының 
Ли Фат Ты — яғни «Ли Будданың баласы» деген аты.
IX ғасырда вьеттерде жаңа тхиен мектебі пайда болды. Оның 
негізін  Во  Нгон  Тхонг  қалаған.  Ол  жартылай  вьеттік  болған. 
Гуанчжоуда туып өскен, вьеттіктерге 820 ж. келді. Жаңа мектептің 
орталығы Киеншо (қазіргі Хабак провинциясы) болды. Во Нгон 
Тхонг  826  ж.  қайтыс  болды.  Оның  мұрагері  деп  вьеттік  монах 
Кам Тхань жарияланды. Ол мектептен патриархтардың 17 ұрпағы 
шықты. Мектеп XIII ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді. Мектептен 
шыққан патриархтардың император болғандары да бар. Мысалы 
мектепті бітірген сегізінші ұрпақтың өкілі, патриарх Ли Тхай Тонг 
(1028—1058) император болды.
Ə д е б и е т т е р:
1. История Востока. В шести томах, т. ІІ.— Восток в средние 
века.— М.: Восточная литература РАН, 1995.— 192—196 бб.
2. Народы Юго-Восточной Азии.— М., 1966.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет