С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата22.12.2016
өлшемі6,48 Mb.
#155
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
§ 23. АМЕрИКА ҚҰрАМА ШтАттАрЫ
трумэн әкімшілігі кезіндегі елдегі әлеуметтік­эконо­
микалық және саяси жағдай. АҚШ Екінші дүниежүзілік 
соғыстан капиталистік мемлекеттер арасында эконо-
микалық және әскери жағынан ең көп күш жинаған 
қуатты мемлекет сапында шықты. Оның жері де, халқы 
да соғыстың зардабын тарта қойған жоқ. Капиталистік 
елдердің өнеркәсіптік өндірісінің жартысынан көбі осын-
да шоғырланды. Соғыс жылдарында өнеркәсіп өнімдерін 
өндіру 2 есеге дейін өсті.  АҚШ қазынасында әлемдегі ал-
тын қорының 73%-ы сақталған.
АҚШ армиясы Германияда, Жапонияда, Италияда 
және  басқа  да  мемлекеттерде  орналасты.  Дүниежүзінің 
түрлі елдерінде АҚШ-тың 500-ден астам соғыс базалары 
жайғастырылды. Америка мұхиттар мен теңізді билеп-
төстеді. АҚШ атомдық қару шығаруда монополияға ие бол-
ды. 1945 жылы 12 сәуірде Ф. Рузвельттің қайтыс болуына 
байланысты АҚШ президенті орнын басқан Гарри Трумэн 
АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады деп 

138
мәлімдеді. АҚШ дүниежүзілік саясаттың орталығына 
айналды.
Реконверсия деп аталатын бейбіт өмірге көшу ба-
ғыты мемлекеттік саясатта және ондаған миллион аме-
рикандықтардың өмірінде шұғыл бетбұрыс жасады. 
Миллиондаған  солдаттар өздерінің  отбасына оралды. 
1947 жылы 12 млн солдаттан армия қатарында 1 млн адам 
ғана қалды. Оларды орналастыру соғыс тан кейінгі қайта 
құрудың аса маңызды мәселелеріне айналды.
Iшкі саясатта Г. Трумэн бағыты өзінің қарама-қай-
шылығымен ерекшеленді. 1946 жылы конгресте респуб-
ликашылдар бағыты күшейе түсті. 1947 жылы 23 мау- 
сым да кәсіподақ қызметін шектеу және ереуілдер ұйым-
дастыруда кәсіподақтардың құқығын реттеу туралы  
Тафт-Хартли заңы қабылданды. Кәсіподақ мемлекет 
бақылауына алынды. Бұл АҚШ-тың саяси өміріндегі оң 
өзгерістердің жалпы көрінісі болатын.
Өндірісті қалпына келтірудің маңызды мәселелерінің 
бірі соғыс жылдарында салынған мемлекеттік зауыт-
тардың жай-күйі болды. Бес жыл соғыс кезінде мемле-
кет  өнеркәсіп өнімдерін шығарушы зауыт құрылысына 
17 млрд доллардан астам қаржы бөлді. 2 800-ден астам 
өндіріс орны салынды.
Олардың көбі біраз уақыттан соң ірі корпорацияларға 
берілді. Рокфеллерлер, Моргандар, Дюпон, “Бэнк оф Аме-
рика” және т. б. ірі корпорациялар мемлекеттің шаруашы-
лық өмірін қолдарында ұстады. Алайда соғыстан кейінгі 
жылдарда өнеркәсіптің ұсақ және орта секторлары да 
әжептәуір ұлғайды. Жекеменшік фирмалар саны 9 млн-
ға жетті.
1948 жылғы президент сайлауына Г. Трумэн әділетті 
бағыт бағдарламасымен шықты. Оның бірқатар тармақ-
тарын сайлауда жеңіске жеткен Трумэн әкімшілігі орын-
дады. 
Сыртқы саяси бағыт. Соғыс бітісімен екі ірі мемле-
кет — КСРO мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық қаты-
настар бұзылып, қарсыласу бағыты өрши түсті. КСРО-
ға қарсы тұру, коммунизмді шектеу және ауыздықтау 
саясаты  АҚШ ұстанған сыртқы саяси бағыт болды. Екі 
елдің озбырлық қимылдары мен текетіреске баруы көпке 
созылған “қырғиқабақ соғысты” туғызды.

139
АҚШ-тың жаңа бағыты “Трумэн доктринасында” 
(1947 ж., 12 наурыз), Маршалл жоспарында (1947 ж., 
5 мау сым) айқындалған. Америка елдерінің конферен-
циясы өзара қауіпсіздік шартын қабылдады (Рио-де Жа-
нейро пактісі), 1948 жылы көктем де Богота қаласында 
“Америка мемлекеттерінің ұйымы” құрылды. Латын 
Америкасы елдеріне техникалық-экономикалық көмек 
көрсету арқылы да АҚШ оларды өз ықпалында ұстап 
келді. 1949 жылы Солтүстік Атлантика Одағын (НАТО) 
құруда АҚШ белсенділік көрсетті. 
1950—1960 жылдардағы Америка. 1952 жылғы пре-
зидент сайлау науқанында Кореядағы соғыс мәселесіне 
ерекше көңіл аударылды. Республикалық партия өкілі 
генерал Д. Эйзенхауэр сайлауда жеңіске жетті.
1950 жылдарда халық бұқарасының жағдайы айтар-
лықтай жақсара түсті. 1954 жылғы 17 мамырда АҚШ-тың 
жоғарғы сотының мектептегі нәсілшілдік конституцияға 
сәйкес емес деген шешімі афроамерикандықтардың аза-
маттық құқықтарын қорғауға көмектесті.
1960 жылғы президент сайлауында демократтар 
Джон Кеннеди ұсынған жаңа дәуір бағытымен жеңіске 
жетті. Кеннеди әкімшілігі экономиканы тұрақтандырып, 
әлеуметтік шараларға көңіл бөлді.
Сыртқы саясатта да біраз өзгерістер орын алды. Да-
мып келе жатқан елдерге көмек көрсету ұлғайтылды. 
Латын Америкасы елдеріне жәрдемдесу жоспары — “Даму 
жолындағы одақ” құрылды. Кеннеди тікелей өзі қатысып, 
КСРО-ның Куба жеріне құпия жағдайда зымырандар ор-
наластыруы себебінен туған қауіпті дағдарысты реттеді 
(1962 ж., қазан). 1963 жылы Мәскеуде АҚШ, Англия, 
КСРО мемлекеттері ядролық қаруларды ауада, жерде және 
суда сынауды тоқтату туралы шартқа отырды.
1963 жылғы 22 қарашада АҚШ президенті Дж. Кен-
недиге қастандық жасалып, оның орнына вице-пре-
зидент Линдон Джонсон отырды (1963—1968 жж.). Ол 
өзіне дейінгі қайраткерлердің саясатын жалғастырды. 
АҚШ-та маңызды әлеуметтік реформалар жүргізілді. 
Кедейшілікпен күрес бағдарламасы негізінде табысы төмен 
отбасыларға көмек туралы заң қабылданды, арзан тұрғын 
үй құрылысы, білім жүйесін дамыту бағдарламасы жүзеге 
асырылды, қарт адамдар үшін медициналық сақтандыру 

140
енгізілді, ал табысы төмен отбасылар дәрігерлік қызметте 
жеңілдіктер алды.
Алайда 1964 жылы басталған Вьетнамдағы соғыс-
тың өрши түсуі үкіметтің әлеуметтік бағдарламаларын 
орындауға бөлінген қаржының қысқаруына алып келді.
1960 жылдардағы наразылық қозғалыстары. 1960 жыл-
дарда нәсілдік қысымшылыққа қарсы қозғалыстар кең 
қанат жайды.
1968 жылы бұқараның кедей топтары Вашингтон-
ға жорыққа дайындалды. Бұл жорықты ұйымдастыру-
шылардың алдыңғы шебінде афроамерикандықтардың 
көпшілікке танылған жас діни қызметкер қара түсті 
халықтың өкілі Мартин Лютер Кинг болды. Нәсілшілдер  
1968 жылдың 4 сәуірі күні Мемфис қаласында оны атып 
өлтірді. Кингтің өліміне қарамастан, жоспарланған жорық 
іске асырылды. Вьетнамдағы соғысқа қарсы қозғалыс кең 
қанат жайды.
Бұл қозғалыстар нәтижесіз болған жоқ. Нәсілдік қы-
сымшылықты шектеу туралы заңдар қабылданды.
70­жылдардағы Аме­
рика. АҚШ барлық капи-
талистік әлемдегі елдер се-
кілді, экономикалық және 
әлеуметтік саясат алма-
суында, ғылыми-техни-
калық революцияның жаңа 
кезеңінде қанат жай ған 
дүниежүзілік  экономи ка-
лық және құрылымдық 
дағдарыстардан туында-
ған ірі өзгерістерді бастан 
өткізді.
1968 жылғы сайлауда 
сәл ғана артық дауыспен 
республикашылдар жеңіс-
ке жетіп, Ричард Никсон 
президент болып сайланды.
1969—1970 жылдар-
да елде орын алған эконо-
микалық дағдарысты жою 
АҚШ президентінің жұмыс орны

141
үшін Р. Никсон жаңа экономикалық саясат жариялады. 
Никсон өкіметі 5 жыл ішінде зейнетақы ны, жәрдемақыны 
бірнеше  рет көбейтті, жұмыссыздыққа жәрдемақы ала-
тындар саны көбейді. 1970 жылдары жәрдемдесу жүйесі 
кең дамыды: кедейліктің ресми деңгейінен төмен кірісі 
бар отбасылардың мемлекеттен арнайы жәрдемақы алуға 
құқығы болды. Бұл төлемақы әлеуметтік сақтандыру 
жүйесін толықтырды. Бұдан басқа азық-түлік көмегін беру 
тәжірибесі орнықты. 1974 жылы ондай көмек алатындар 
саны 13 млн адамнан көп болды. 
Вьетнамдағы соғысты (1964—1973 жж.) жеңіске 
жетпей тоқтатуға мәжбүр болды. 1971—1972 жылда-
ры Никсон әкімшілігі Қытай Халық Республикасымен 
жақындасуға барып, екі ел арасындағы қатынастар жолға 
қойыла бастады.
70-жылдары Кеңес-Америка қатынастарында ма-
ңызды өзгерістер болды. Никсон Мәскеуге сапар жасап, 
халықаралық шиеленісті біраз бәсеңдетуге үлес қосты. 
КСРО мен АҚШ арасындағы зымырандық қорғаныс 
жүйесін шектеу туралы келісімге және стратегиялық 
шабуыл қаруын (ОСВ-1) шектеу саласындағы кейбір ша-
ралар туралы уақытша келісімге қол қойылды. Кейінірек,  
1979 жылы стратегиялық қаруларды (ОСВ-2) шектеу ту-
ралы келісім жасалды.
1974 жылы АҚШ­та үлкен саяси жанжал бұрқ ете түсті. Одан екі 
жыл бұрын президенттік сайлау науқаны кезінде демократтар штабы 
“Уотергейт” (Watergate — Су дарбазасы) қонақүйінде орналасқан. 
Сол жерге Никсонның сенімді адамдары жасырын түрде тыңдағыш 
құралдар қойып, қарсыластарының сырларын біліп отырған. Осы 
әрекет ашылып, Америка сенаты президентті айыптап, сенімсіздік 
(импичмент) білдіріп, соттауға дейін бармақ болған. Соған орай Ник­
сон өз еркімен орнынан кетуге мәжбүр болды.
Орнын басқан Дж. Форд 1976 жылғы сайлауға қатыс-
пады. Президент болып демократиялық партия атынан 
ұсынған Дж. Картер сайланды. Оның саясатын көпшілік 
төмен бағалады.
рональд рейган әкімшілігінің іс­әрекеті (1980—
1988 жж.). “рейганомика”. Республикашылдар партия-
сының жеңісі және президент болып бұрынғы Калифорния 

142
штатының губернаторы Р.Рейганның сайлануы ішкі және 
сыртқы саясатта консерватизмге қарай бұрылыс көрсет-
ті. Рейган әкімшілігі бюджеттік шығынды қысқартуда 
қатал монетаристік саясат жүргізе бастады, сондай-ақ 
мемлекеттің экономика саласын бақылау құқығын қыс-
қартты, кәсіпкерлік істі және бағаны еркін жіберді. 
Салықтың ең жоғарғы деңгейі бірден төмендеді, ол қаржы 
жинау мүмкіндігін, қаржы салымын әжептәуір көтерді. 
1983 жылдан бастап Америка экономикасы дағдарыстан 
шықты, сөйтіп ғылыми жетістіктер мен жаңа техноло-
гияны енгізу арқылы жеделдете даму кезеңі басталды. 
Жұмыссыздар саны 10 млн-нан 7 млн-ға дейін азайды.
Президент Рейганның сыртқы саясатында екі кезең 
айқын көрінеді. 1980 жылдардың бірінші жартысында 
АҚШ-тың сыртқы саясатында текетірестік бағыттар 
басым болды. Әсіресе 1979 жылы кеңес әскерлері Ауған-
станға кіргізілген соң және 1981 жылы Польшаға әске-
ри жағдайдың енгізілуімен КСРО — АҚШ қатынасы 
шиеленісе түсті. Тек 1980 жылдардың екінші жарты-
сында келіссөздер арқылы қарама-қайшылық әрекеттері 
бәсеңдей бастады.
1987 жылы М. С. Горбачевтың АҚШ-қа келуіне орай 
Вашингтонда екі ел арасында орта және шағын қа шықтық-
тағы зымырандарды жою туралы келісімшартқа қол 
қойылды. 1988 жылғы президент сайлауында тағы да рес-
публикашылдар жеңіске жетті. Рейган саясатын Дж. Буш 
жалғастырды, ол Рейганның бұрынғы әкімшілігінде вице-
президент қызметінде болатын. 1991 жылы Мәскеуде екі 
мемлекеттің стратегиялық қару-жарағының үштен бір 
бөлігін қысқарту туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл 
стратегиялық бағыттағы қарулардың қысқартыла бастауы 
екі алып мемлекеттің арасындағы бетбұрысты көрсетті. 
Кеңес әскерінің Ауғанстаннан әкетілуі со циа листік 
елдердегі демократиялық революциялар, Германияның 
бірігуі, КСРО-ның ыдырауы жаңа геосая си жағдайларды 
тудырып, “қырғиқабақ соғыс” толық аяқталды.
Б. Клинтон мен кіші Дж. Буштың саясаты. 1992 жылғы 
кезекті сайлауда Демократиялық партияның кандидаты 
Билл Клинтон (1992—2000 жж.) жеңіске жетті.

143
АҚШ-тың бүкіл халқына міндетті 
дәрігерлік сақтанды ру туралы заң 
жобасын жасауға уәде берілді. Клин-
тон екі мәрте президент болып сайла-
нып, әскери шығындарды қысқарт-
ты. Америка шаруашылығы одан әрі 
дамып, экспорт ұлғайтылды. Көптен 
бері кедергі жасап келген саудадағы 
шығын кәдімгідей азайтылды.
2000 жылғы күздегі президент 
сайлауында Республикалық партия 
өкілі — кіші Дж. Буш жеңіп шық-
ты. Кейін ол 2004 жылғы сайлауда 
қайта сайланды. Америка саясаты қалыптасқан жағдайды 
бұзып-жаруға, басқалармен санаспауға, өз жауластарын 
әрқашан бақылауда ұстауға ұмтылды. Әсіресе осы бағыт 
2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестердің АҚШ-қа қарсы 
жасаған шабуылынан кейін айқын көрініс тапты. БҰҰ-
ның қолдауымен АҚШ өз жақтастарымен Ауғанстандағы 
талибандар үкіметін құлатты. Буш әкімшілігі Солтүстік 
Корея, Ливия, Сирия, Иран, Мьянма, Оңтүстік Африка 
Республикалары сияқты елдерді қысымға алып, ядролық 
қару жасау жөніндегі жоспарларын тоқтатуын талап етті, 
оларды лаңкестік әрекетті қолдауда және адам құқығын 
бұзуда деп айыптап келді. АҚШ әр аймақта, соның ішінде, 
Орталық Азияда да, өзінің саяси-әскери жасақтарын 
күшейте түсті. Оның саясаты халықаралық лаңкестікке 
қарсы бағытталуда. 2003 жылы наурызда Иракқа қарсы 
соғыс ашып, С. Хусейн режімін жойды. Буш әкімшілігі 
АҚШ мүддесін қорғауда тайсалмай әскери күштерін 
жұмсап, дүниежүзінде Америка үстемдігін тұрақтандыру-
ға тырысты және ол нәтижесіз болмады.
2008 жылы қарашада өткен президенттік сайлауда 
демократиялық партияның өкілі, сенатор Барак Хусейн 
Обама жеңіп шықты. 2012 жылы сайлауда Б. Обама қайта 
сайланып, президенттік лауазымын сақтап қалды.
Әлемдік дағдарыс кең етек жайып, АҚШ экономи-
касының өсуіне де өз әсерін тигізді. 2011 жылы қазанда 
Обама әкімшілігі Ирактан әскерлерін әкете бастады, 
ал желтоқсан айында АҚШ әскерлерінің әскери іс-әре-
Барак Обама

кеттерінің ресми тоқтатқандығын жария етті. 2011 жылы 
мамырда Пәкстанда Усама Бен Ладен ұсталды. Америка 
мұсылман елдерімен бейбіт қатынас ұстауға уәде берді. 
Бірақ Иранға қысым көрсетілуде.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.  Соғыстан кейінгі АҚШ­тың дүниежүзіндегі саяси және экономи калық 
жағдайы қалай болды? 
2.  Г. Трумэннің “әділ саясатының” мазмұнын ашып беріңдер.
3. 1950—1960 жылдардағы афроамерикандықтардың нәсілшілдікке 
қарсы күресін түсіндіріңдер.
4. Рейган мен Клинтон әкімшілігінің әлеуметтік­экономикалық сая сат­
тағы табыстарына сипаттама жасаңдар.
5. Кіші Дж. Буштың сыртқы саясаттағы әрекеттерін қалай баға лай­
сыңдар? Б. Обама туралы не білесіңдер?

145
төртінші бөлім.  XX  ғаСырдыҢ  Екінші  
жартыСындағы — XXI ғаСырдыҢ БаСындағы 
аЗиЯ  жәнЕ  аФрика  ЕлдЕрі
§ 24. ЖАпОНИя
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның 
жағдайы. 1945 жылы 2 қыркүйекте Жапония тізе бүгу 
туралы актіге қол қойды. Потсдам  келісіміне орай елді 
Америка әскерлері басып алды. Барлық билік солардың 
қолына өтті, бірақ оның бағытын Жапонияға қарсы 
соғысқа қатысқан елдерден құрылған Одақтас Кеңес 
және Қиыр Шығыс Комиссиясы белгілеп отырды. Олар 
Жапонияның келешекте ешкімге қауіп төндіре алмайтын-
дай болуын көздеп, демократиялық және бейбіт жолмен 
дамуын қалады. Бұрынғы саяси партиялар таратылып, 
соғыс тудырған әскери қылмыскерлер халықаралық 
три буналмен жазаланды. Сахнаға демократиялық, ли-
бералдық, социалистік және т.б. жаңа партиялар келді. 
Либералдық  және  демократиялық  партиялар АҚШ-
тың даму жолы мен буржуазиялық бағытты ұстанды. 
1946 жылғы сайлауда осы екі партия басым дауысқа ие 
болып, үкімет құрды, ал социалистік және ашық қызмет 
атқаруға кіріскен коммунистік партиялар оппозиция 
қатарында болды.
Әскери қылмыскерлерді жазалау үшін құрылған 
Халықаралық әскери трибунал өз жұмысын екі жарым 
жылдан астам жүргізіп, 1948 жылы қарашада 28 адамға 
үкім шығарылды. Бұрынғы үкімет басында болған Тодзё, 
Хирото, генералдар Итатаки, Мацук, Муто, Донхара, Ки-
мура дарға асылды.
Бұқара халық соғыстан қатты зардап шекті. Азық-
түлік жетіспеді. Қираған өндіріс орындары тоқтап, 
миллиондаған адамдар жұмыссыз қалды. Ақша құны күрт 
төмендеді. 
Жапонияның экономикалық дамуы. 1945 жылы 
Жапонияның өндіріс орындары өзінің экономикалық даму 
қарқынын 1937 жылғы деңгейінің 30%-ы көлемінде ғана 
сақтай алды.

146
1946—1949 жылдары аграрлық реформалар помещик-
терге 3 тё
*
 жер қалдырды да, қалған жер сатылды. Соның 
нәтижесінде жерге ие болған шаруалардың саны екі есе 
өсіп, елде фермерлік шаруашылық дамыды.
АҚШ-тың қолдауы арқасында Жапония тез дами бас-
тады. Әрине, бұрыннан қалыптасқан өндіріс салалары, 
білікті жұмысшылар мен инженерлер, жапондықтардың 
еңбекке деген ынтасы, тәртіптілігі ел экономикасын 
дамытудың қайнар көзі болды. Бұған қосымша 1950—
1953 жылдары Кореядағы соғысқа тікелей қатысқан 
өндіріс салалары АҚШ-тың әскери тапсырысын орындау 
арқылы тез қарқын алды. Сол жылдардың өзінде-ақ ел 
экономикасы соғысқа дейінгі деңгейге көтеріліп, келесі 
жылдары орасан зор жетістіктерге жетті.
1950—1960 жылдардағы ғылыми-техникалық револю-
ция нәтижелерін жапондықтар өте ұқыпты пайдаланды. 
Басқа  елдерде  ашылған  не  жасалған  жаңалықтарды  шұ-
ғыл іске қосу, өте қажетті өнімдерді шығару, сапасына мән 
беру, шикізатты, электр қуатын, жұмыс уақытын үнемдеу 
және ұтымды пайдалану, кешегіні — бүгін, бүгінгіні ертең 
жаңарту, жұмысшылар мен қожайындар арақатынасын 
сенімділікке негіздеу және т.б. әдістер кеңінен қолда-
нылды. Жұмысшылар мен инженер-техниктерді оқытуға, 
сапалы жұмыс атқаруға жағдай жасауға мән берілді. Со-
нымен бірге жапон жұмысшыларының жалақысы басқа 
дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен бол-
ды. Тағы да айта кететін мәселе — үкімет өндіріс дамуына 
тікелей қатысып, концерндерге қаржы бөлді, жеңілдіктер 
жасады, шетел рыноктарында жапон өнімдерінің өтуі-
не жәрдем десті әлеуметтік қайшылықтарды реттеуге 
қатысты.
1997 жылы қаржы дағдарысы мен мұнай бағасының 
күрт өсуі елдің экономикасына айтарлықтай қиыншылық 
әкелді. Соған қарамастан Жапония алдыңғы шепте келеді.
Жапонияның саяси жағдайы. 1954 жылы либерал-
дар мен демократтар бірігіп либерал-демократиялық  
партия  (ЛДП) құрды. 1993 жылдың ортасына дейін 
үкіметті осы партия  басқарып  келді. Одан басқа 4 пар-
тия — социалистік,  коммунистік,  демократиялық  со-
* 1 тё — 1 га-ға  шамалас

147
циализм  және Комэйто (таза саясат партиясы) қызмет 
атқарды. 80-жылдардың соңында ЛДП арасынан бірнеше 
топтар құрылып, жаңа саяси партиялар (“Жаңа көкжиек”, 
“Жапон демократиялық партиясы”, т.б.) қалыптасты. 
1993 жылы көктемде болған парламент сайлауында ЛДП 
жеңгенімен, басты орын басқа партияларға тиді. Солар 
бірігіп, коалициялық үкімет құрды (Компартия оны 
қолдады, бірақ үкімет қатарына енбеді). Әуелі үкімет ба-
сында “Жаңа  көкжиек” партиясының өкілі М. Хосакава 
болды.
1996 жылдың қаңтарына дейін премьер-министр 
Т. Мурояма (СДП), содан соң  Р. Хасимото  (ЛДП) болды. 
Сол  жылы тамыздағы парламент сайлауында ЛДП 500 
орынның 207-сін жеңіп алып, өзі бастаған коалициялық 
үкімет құрды. Оған СДП, жаңа партия Сакигаке (баста-
ма) кірді. 1998 жылғы 31 желтоқсанда  премьер-министр  
болып  Дз. О б у т и  (ЛДП) сайланды. Обутидің орнын 
кейіннен Е. М о р и  басты (2000 ж., көктем). Социалистер 
(қазіргі СДП) қатты күйзеліске ұшырап, компартия әлсі-
рей бастады. Комэйто “Жаңа көкжиек” партиясын құрып, 
өзі тарап кетті. Сөйтіп, елдің саяси өмірінде айтарлықтай 
өзгерістер болды.
Е. Мори үкімет басында бір жылдан астам болған. 
ЛДП-ның ішкі тартыстары 2001 жылы сәуірде Дзъюнтиро 
Коидзуми жеңісімен аяқталып, ол үкіметті Комэйто және 
консервативті партияларымен құрастырды. 2003 жылы 
қарашадағы парламент сайлауында ЛДП қайтадан жеңіп 
шығып, Комэйтомен бірге коалиция үкіметін басқарды.
Ол билік еткен тұста саясаткерлер арасындағы 
жемқорлықты шектеп, билеуші партия қатарындағы 
сыбайластықты тыюға қол жеткізілді. 2005 жылы Пар-
ламент оның мүлкі 3 млрд долларға бағаланып отырған 
елдегі пошта желісін жекешелендіру идеясымен келіспеді.
Бұған қарсы дауыс бергендердің арасында ЛДП-дан 
40 депутат болған. Коидзуми осыдан кейін парламентті 
таратып, жаңа сайлау өткізді және одан жеңіске жетіп 
үкімет басына қайта келіп отырды.
2001—2006 жылдары елдің қарулы күштерін бітімгер-
лік операцияларға қатыстыру мақсатында өзге елдерге 
шығаруға мүмкіндік беретін бірқатар заңдар қабылданды. 

148
2006 жылы қыркүйекте Коидзуми қызметтен кетіп, ор-
нына келген С.Абэ алғаш рет үкімет құрамында Қорғаныс 
министрлігін жасақтады. Бірақ премьерлік қызметте Абэ 
ұзақ отырмады. Келесі жылы жазда парламенттің жоғарғы 
палатасына үміткер ЛДП сайлауда жеңіліп, Абэнің орнына 
Ясуо Фукудо тағайындалды. Оның да билігі көпке созыл-
мады. Таластан соң Таро Асо алға шығып премьер болды.
Сол кезде ЛДП басшылықтары арақатынастарында 
жікшілдік ұлғайды. Жұрт ішінде олардың билікке тала-
суы, өкімет орны үшін саудаласуы, топтасып ел мәселесін 
өз пайдаларына қарай шешулері үлкен наразылық ту-
ғызды. Экономика қарқыны да баяулап, жылдық өсім 
2,5%-ға дейін қысқартылған. Демографиясы нашарлап 
кетті.
Сайлаушылар арасында жаңа саяси топтарға үміт арту 
ұлғайды. Соның көрінісі 2009 жылғы парламент сайла-
уында ашық байқалды. Көптеген дауысқа ие болып оппо-
зи цияда жүрген Демократиялық партия жеңіске жетті.  
Оның жетекшілігінде де тұрақсыздық орын алды. Юкио  
Хатояма бір жыл (2000—2009 жж.), Наото Кан бiр жыл 
өкiмет басында отырды. Ал 2011 жылы жазда бұл орынды 
ДП кезекті жетекшісі Ёсикихо Нода иеленді. Ол үкіметті 
бес айдан соң толық жаңартып, келесі жылы маусымда 
тағы өзгертті. 2012 жылдың соңында билікке ЛДП келіп, 
үкіметті С. Абэ басқарды.
Сыртқы саясаты. 1951 жылғы қыркүйекте Сан-Фран-
циско қаласында бітімге қол қойылған соң ғана, Жапония 
басқа елдермен қарым-қатынас жасауға ерікті болды.
АҚШ әкімшілігі Жапонияның премьер-министрі 
С. Ёсидомен қауіпсіздік шартына уағдаласып, амери-
ка әскерлерін, әскери базаларын жапон аралдарында 
орналастыруға мүмкіндік алды. Жапония жақын жерде 
жүріп жатқан Кореядағы қантөгіс соғысты сылтауратып, 
алдында  полиция  корпусы,  кейін  ұлттық  қауіпсіздік  
корпусы аталған әскери күштерін құрастыра бастады.
“Елді қайта милитаризациялау және АҚШ — Жапон 
шартындағы америка жауынгері  жапон  сотына  берілмей-
ді” деген сияқты тармақтар қоғам арасында наразылық 
тудырды. 1960 жылы Жапония мен  АҚШ  өзара ынтымақ-

149
тасу және қауіпсіздік кепілі туралы жаңа шартқа келіс-
ті. Енді қылмыс жасаған АҚШ жауынгері жапон сотына 
берілетін болды. Осы шарт әр 10 жылда жаңартылып, осы 
күнге дейін сақталып келеді.
1954 жылы үкімет басына демократиялық партия 
жетекшісі И. Хатояма келіп, КСРО-мен қатынастарды 
реттеуге ыңғай білдірді.  Н. С. Хрущев бастаған жаңа бас-
шылар да осындай пікірде болды. 1956 жылы 19 қазанда 
КСРО мен Жапония арасындағы араздықты тоқтату 
және  дипломатиялық  қатынастарды  қалпына  келтіру 
туралы  Декларацияға қол қойды. Алайда бітім туралы 
мәселе шешілмей қалды. Оған жер дауы кедергі жасап 
келеді.
Жапония мен Қытайдың арақатынасы 1972 жылы 
қыркүйекте реттеліп, 1978 жылы бітімге қол қойылды.
Сэнаку аралына қатысты жер дауы екі ел арасында 
қайшылық туғызуда.
Қазіргі Жапония жоғары дамыған елдердің алғы ше-
бінде. Ол 7 ірі және бай Батыс елдері құрған топта мүше; 
Азия-Тынықмұхит аймағындағы ықпал етуші үрдістерге 
дем беруші мемлекеттердің бірі.
Жапонияда 2011 жылы наурызда өте күшті жер сіл-
кінісі болды. Оның әсерінен туған теңіз толқында ры 
(цунами) Хонсю аралының солтүстік-шығыс ауданда-
рын талқандады. Жағалауға жақын жерде орналасқан 
Фукусима атом-электр стансысы қиратылып, радиация 
тұрғындарға, мұхит суына зиянын тигізді. 16 мыңнан 
астам адам қырылып, елдің ЖІӨ 2,5—3%-ға төмендеп 
кетті.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Басқыншылық кезіндегі Жапониядағы өзгерістер туралы әңгі ме­
леңдер.
2. КСРО мен Жапония арасындағы бейбіт келісімшартқа дайындық 
қалай жүрді және КСРО 1951 жылы бұл келісімшартқа неге қол 
қоймады?
3. Жапонияның 1950—1960 және 1970—1990 жылдардағы сыртқы 
сая саты туралы әңгімелеңдер.
4.  Елдің саяси­экономикалық жағдайын қарастырыңдар.

150


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет