С. Мухатов Тақырыбы: «Спорт сенің серігің» атты топ аралық сайыс Мақсаты



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі23,03 Kb.
#15693
  1   2   3   4   5


Бекітемін

«Тарбағатай колледжі» КММ директоры

______________С.Мухатов

Тақырыбы: «Спорт сенің серігің » атты топ аралық сайыс

Мақсаты

1.Студенттерді ойната отырып ойлату.

2.Ой өрістерін кеңейту.

3.Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту.

4. Ұжымдық достыққа баулу.

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен студенттер. Бүгін біздің«Спорт сенің серігің атты» спорттық сайысымызға қош келдіңіздер.



Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Жастар жылы» деп 2019 жылдың 5-ші желтоқсанында атап көрсеткендей біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда.

Уа халқым назар аудар денсаулыққа


Өмірде бақыттысың дені сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы абай данамызда

Шынықсаң шымыр боласың,


Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

Олай болса жарысқа қатысатын командаларды шақыруға рұқсат етініздер.

«Барыс» тобын шақырамыз.

«Қыран» тобын шақырамыз


«Тұлпар» тобын
«Сұңқар» тобын шақырамыз.
«Жеңіс» тобын шақырамыз.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.  

Колледжіміздің әдіскері: Шиянбина Айнұр Маратбековна

Гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі: Дуғалиева Балнұр Шаймуратқызы

Алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушысы: Нұрланов Мейіржан Нұрланұлы

Өндірісте оқыту шебері: Иханбаев Ұлан Арғынтайұлы




Әр сайыс кезеңі «10», «20», «30», ұпайлармен бағаланады.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет