Sa бойынша жұмыс істеуді 1990 жылдардың ортасынан бастады. Pis



бет1/4
Дата19.02.2022
өлшемі39,35 Kb.
#25900
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

PISA (Programme for International Student Assessment) – халықаралық зерттеудің мақсаты 15жастағы оқушылардың математикалық, жаратылыстану мен оқудағы сауаттылығын бағалау болып табылады. Зерттеудің негізі мектептің бағдарламасын меңгеру ғана емес, жеке тұлғаның дамуындағы білімін, дүниетанымын шыңдау, әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдай алатын қабілеттерін дамытуға бағыттау. Біз жобамызда осы қағидаларға, зертеудің мақсатына сүйене отырып тақырып бойынша есеп шығару жолдарын қарастырамыз PISA үш жылдық мерзіммен өткізілетін білім беру ұйымдарында 15 жастағы білім алушылардыңматематикадан сауаттылығын бағалауға арналған Халықаралық зерттеу.   Оқушылардың білімжетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: математикалық сауаттылық,жаратылыстану сауаттылығы, оқу сауаттылығы.Тыңдаушы елдердің білім беру және өз оқушыларының қабілеттері мен өздерінің білім беру жүйесінің тиімділігі жөніндегі тұрақты және анық хабардар болу қажеттіліктеріне қарай, Экономиялық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) PISA бойынша жұмыс істеуді 1990 жылдардың ортасынан бастады. PISA өзінің ресми қызметін 1997 жылы бастады, бірінші зерттеулер 2000 жылы, екінішісі 2003 жылы, үшіншісі 2006 жылы, төртіншісі 2009 жылы, бесіншісі 2012 жылы өткізілді. Келешекте зерттеулерді 2015 жылы, 2018 жылы және т.с.с. өткізу жоспарланған.

Бұл зерттеулер кезінде білім алушылардың білім жетістіктігімен қатар, бағдарламаға қатысатын елдердің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар қарастырылады. Бұл жиынтық сұрақтар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудан бастап, отбасында баланың дамуына қажетті жағдай жасауға кешенді баға беріледі.

Зерттеу нәтижелері отандық білім берудің төмендегі негізгі проблемаларын көрсетіп берген:


  1. Оқушылардың түрлі мәтіндер мазмұнын түсінуі мен өзіндік ойлау қабілеттерінің жеткіліксіздігі;

  2. Оқушылардың математикалық құзіреттілігін сипаттайтын тәжірибелік дағдылардың жеткіліксіздігі;

  3. Күнделікті өмірдегі жағдайларды түсіндіруге арналған жаратылыстану – ғылыми түсініктерді қолдану дағдыларының, алған ақпараттарды сын тұрғысынан бағалаудың, болжамдар жасау мен көзқарасын негіздеу деңгейінің жеткіліксіздігі.

Білім беру ұйымдарының оқу процесіндегі жоғарыдағы кемшіліктердің себептері:

  1. оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жеке қызығушылықтарының жеткілікті ескерілмеуі, жеке

тұлғаға бағытталған жұмыстардың  кемшіліктері;

  1. мұғалімдердің әлеуметтік практиканы қалыптастыратын зерттеу іс-әрекетін, жеке білім беру

бағдарламаларын жүзеге асыратын технологияларды жақсы меңгере алмауы.

Қазақстандағы функционалдық сауаттылық сапасын жақсарту үшін стратегияларды анықтау мақсатымен кейінгі екі жыл ішінде үш жеке іс-шара өткізілетін болады.

1. Мәтіндерді оқу және түсіну сапасының негізгі деңгейлерін анықтау. Бұл бүкіл ел бойынша PISA басып шығарған материалдардың көмегімен бірқатар студенттер мен мектеп оқушыларына тестілеуді өткізу жолымен орындалатын болады. Бұл шара 2014 жылдың қараша айында өткізілді.

2. Бірінші емтихан нәтижелерінің негізінде мәтіндерді оқу және түсіну сапасын тексеру бағдарламасы үшін кәсіби әзірлеу дайындалатын болады, ол 2015 жылдың наурыз айында жүзеге асырылады.

3. Соңында 2016 жылдың ақпан айында кәсіби түрде әзірленген іс-шаралардың әсерін зерттеу үшін кейінгі бағалау болады.

Бағалау және жоғарыда сипатталған кәсіби түрде әзірленген іс-шаралар өзінің сипаты бойынша жоғары шаралар болып табылмайды, бірақ олар бүкіл ел бойынша кәсіби сауаттылықты арттыру үшін жүзеге асырылатын болады.

PISA оқушылардың математика, оқу әдебиеті және ғылыми әдебиет бойынша үлгерімдерін бағалайды. Үш жылда бір рет өткізіледі. PISA-ң әрбір циклында  негізгі назар үш негізгі саланың біреуіне аударылады (негізгі сала болып саналады),  бірақ барлық үш өзекті салалар әрбір циклда бағаланады, қалған екі қызмет саласы екінші дәрежелі болып саналады. Үш жылда бір рет барлық үш пәнді бағалау елдерге үш саланың әрқайсысы бойынша жетістіктері туралы тұрақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет