Сабақ №1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сынып: 7 Сабақ тақырыбы



Дата18.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#43950
түріСабақ

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:1
Физика – табиғат туралы ғылым



Мектеп: Ақжарқын ОМ

Күні:



Мұғалімнің аты-жөні: Аубакирова Ж.Е.

Сабақ № 1

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сынып:7

Сабақ тақырыбы:

Физика – табиғат туралы ғылым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.1.1. Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар : Табиғат деген сөздің мән- мағынасын түсініп, дене және зат ұғымын ажыратып, мысал келтіре алады
Басым бөлігі: Физика мен табиғат арасындағы байланысты түсінеді
Кейбір оқушылар: Физика мен техника ұғымын күнделікті өмірмен байланыстыра алады

Бағалау
критерийлері:

1.Дене және зат ұғымын ажыратып, мысал келтіреді.
2.Табиғат құбылыстары физика құбылысына жататынын түсінеді.
3.Физика және техника жайлы күнделікті өмірмен байланыстыра алады.

Тілдік мақсаттар:

Лексика мен сөз тіркестерінің мысалдарын қамтитын тілдік мақсаттары:
Арнайы пәндік лексика мен терминология:
Сөздік

Қазақша

Орысша

ағылшынша

Физика

Физика

physics

Табиғат

Природа

nature

Физикалық құбылыстар

Физические явление

Physical phenomenon

Зат

Вещь

thing

дене

тело

body

техника

техника

technigue

құбылыс

явление

phenomenon



Құндылықтарға баулу:

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену қабілеттерін арттыру.

Пәнаралық байланыс:

Математика, ағылшын, астрономия, география,
Жаратылыстану , табиғат заңдылықтарымен танысады , астрономия, аспан денелерін, табиғатта болып жатқан құбылыстарды біледі, түсінеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
0-4 мин


3 мин
2 мин


8 мин



І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу.
Сабаққа қатыстарын тексеру.
2. Ынтымақтастықты қалыптастыру.
Миға шабуыл.
1. «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
2.Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
3. «Табиғат екінші үйіміз» дегенді қалай түсінеміз?
4. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?
5. Табиғатты қандай ғылымдар зерттейді?
ІІІ. Мағынаны тану. Жаңа тақырыпты оқушылар өздері оқып әдісі арқылы өз тақырыптарын оқиды, талдайды, қорғайды.
І топ: Физика және құбылыс . Ментальдық картамен жұмыс.
ІІ топ: зат және танысады.
1- тапсырма.Оқушылар топтасып «Ойлан, жұптас, талқыла»
дене . Ассосация құру.
Бағалау критерий: 1.топ мүшелері физикалық құбылыстар мен табиғат құбылыстарын ажырата біледі.
2. зат және дене ұғымдарына мысалдар келтіре алады.
ҚБ – «Смайлик» арқылы бағалау

Есте сақтау қабілеттерін арттыру





белсенді тақта,


стикерлер,
оқулық
флипчарт,
маркерлер



Сабақтың ортасы



6 мин

7 мин


4 мин

2- тапсырма.
Мақсаты: 1. Физикалық ұғымдармен танысу және зат пен дене ұғымдарын ажырата білу.
1 –топқа тапсырма:
 

1.Төмендегі аталған заттар мен денелерден: шыны, стакан, сия, су тамшысы, гүл, қант, тұз түйірі алдымен заттардың, соңынан денелердің аттарын көшіріп жазыңдар
2.Мына сөздерден: кітап, пышақ, болат, алюминий, ұшақ, балауыз, фарфор, шыны аяқ, қорғасын –физикалық денелерді көрсетіңдер.
3.Дәптер, қағаз , бор, қаламсап, сия, терезе, шыны, бензин, су, мұз, ауа сөздерінен заттарды көрсетіңдер.



Мақсаты: Физикалық құбылыстарды ажырата білу

2- топқа тапсырма





1.Төмендегі кестеге аталған сөздердің қайсысы физикалық денеге, қайсысы –заттарға, қайсысы –құбылысқа жататынын жазыңдар:
қорғасын, күннің күркіреуі, рельстер, қарлы дауыл, алюминий, таң атуы, үстел, мыс, боран, Ай, спирт, қайшы, сынап, қар жаууы, мұнай, тік ұшақ, қайнау, бұрқасын, мылтық ату, тасқын, өрт, от, найзағай.
2.



Бағалау критерийі
Оқушылар физикалық ұғымдар зат және дене ұғымын біледі.
Физикалық құбылыстарды ажырата алады.



Дескриптор



Физика пәнінің нені оқытатынын білді

Табиғат құбылыстары мен физикалық құбылыстарды ажырата білді

Дене және зат ұғымын оқып үйренді

Физикалық құбылыстарды біледі

Күнделікті өмірде кездесетін заттардан дене және затты ажырата алады



Түстерді көрсету арқылы (жеке бағалау)
Мақсатым:
-оқушылардың қаншалықты түсінгенін бақылау
-түсіне алмағандарға жеңіл тапсырмалар беру
ҚБ – «От шашу» арқылы бағалау.
3-щапалақ «Жарайсың»
2-шапалақ « Жақсы »
1-шапалақ « Орташа»
3- тапсырма. Саралау тапсырмалары. Оқушылар теориялық материалға толығымен шолу жасап, тапсырмаларды орындағаннан кейін берілген деңгейлік тапсырмаларды жеке орындайды.
1 (І - деңгей)

1.Теңіз үстінде қандай физикалық құбылыстарды бақылауға болады?
2. Серуенге шыққанда қандай физикалық құбылыстарды бақылауға болады?

2 (ІІ - деңгей)



Сөйлемдерді топтап, кестенің сәйкес ұяшықтарына толтырыңдар:
Тоңазытқыштың камерасында судың қатуы; бидай сабағында масақтың пайда болуы; садақтан оқтың атылуы; шегенің таттануы; түнгі аспанда метеорлар ағынының байқалуы; жолда тұрған машинаның шаң басуы; күміс тиынның қараюы; қанттың суда еруі;

3 (ІІІ- деңгей)



Егер тоңазытқышта ұзақ тұрған минералды суы бар бөтелкені үстел үстіне шығарып қойсаң, бөтелке «терлейді». Бұл фактіні қалай түсіндіруге болады?



Бағалау критерийі:
Физикалық ұғымдар, физикалық құбылыстарға берілген деңгейлік тапсырмаларды орындай алады.





Дескриптор



1

Оқушы физика атауы нені білдіретінін біледі



2

Оқушы негізгі физикалық ұғымдарды ажырата алады



3

Физикалық құбылыстарға не жататынын біледі



4

Физикалық құбылыстарды табиғат құбылыстарынан ажырата алады



5

Физикалық құбылыстарға өздері мысалдар келтіре алады



ҚБ- «Бағдаршам»
4-тапсырма. Сабақты қорытындылау үшін графикалық органайзерлердің бір тәсілі «Балық қаңқасы» беріледі.
1-топ физикалық құбылыстарды жазады
2-топ Физикңалық зат және денеге жататын мысалдар келтіреді.
ҚБ – «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалау

Интерактивті тақтада көрсетіледі












Сабақтың соңы
3 мин

Кері байланыс "Кемпірқосақ" әдісі
Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерді желімдейды. Олар ең төменгі күлгін түстен ең жоғары орналасқан қызыл түске стикерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік /немесе көңіл-күй/ деңгейін білдіреді






.
Стикерлер
/смайлик/

3 мин

Рефлексия:

«Сабақ туралы ой»


Не оңай болды? Не қиын болды? Нені үйрендің?


*сабақ соңында оқушылардың жұмыс дәптеріне смайлик жапсырып беремін және түсінік беремін







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет