Сабақ: №1 дәріс Пән: Халық ауыз әдебиеті Күні



бет1/4
Дата06.09.2022
өлшемі36,18 Kb.
#38522
түріСабақ
  1   2   3   4

«С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ!» КЕ АҚ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ


Сабақ: №1 дәріс
Пән: Халық ауыз әдебиеті
Күні: 24.05.2021
Пән оқытушысы: Окасова Е.Е.
Сабақтың тақырыбы: Фольклорлық прозадағы жанрлар жүйесі. Қазақ халық прозасын саралаудың шарттары


ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ПРОЗАДАҒЫ ЖАНРЛАР ЖҮЙЕСІ

Жалпы жанрлар теориясынан фольклорлық проза жанрларының теориясын бөліп алатын болсақ, оның мынадай басты-басты (түбегейлі) міндеттерін атап көрсетуге болады. Олар: а) прозалық фольклорды басқа қара сөздерден, күнделікті жай әңгіме мен әдеби көркем прозадан ажыратудың ғылыми негізделген критерийлерін анықтау; ә) прозалық фольклордың өлең үлгісіндегі фольклордан айырмасын белгілеу; б) халық прозасының өз ішіндегі жанрлық топтар мен бөлшектерді айырудың принциптерін айқындау.


Аталған міндеттердің ішінде дау туғызбайтыны – өлең түріндегі фольклор мен қара сөз үлгісіндегі фольклордың айырмашылығы. Бұл мәселені шешуде фольклортану ғылымы әдебиет теориясының тәжірибесіне сүйене алады. Сонымен бірге, еркінірек, кеңірек, тереңірек бара алады. Себебі дүние жүзіндегі көптеген халықтар фольклорының дәстүрінде өлең жанрлары әнмен, әуенмен тығыз байланысты болып келеді.
Ғылымға қиынырақ тиетін мәселе – фольклорлық прозаны күнделікті жай әңгімеден, жай сөзден ажырату, яғни фольклорлық прозаға не жатады, екі-үш адамның әңгімесі, сұхбаты қалай аталады (не болады) – міне, осыны анықтау қиын. Басқа сөзбен айтқанда, жай әңгіме де ауызша прозаға жатады, бірақ ол фольклор болып есептеле ме, жоқ па – мәселе осында. Біздің ойымызша, жай сұхбат-әңгіме циклге түспесе, бірденбірге тарап, тұрақтанған сюжет құрамаса, фольклор болып саналмайды.
Фольклорлық проза шығармаларын айтылу мақсатына (пайда болуына да) қарай үш топқа бөлуге болады. Бірінші топты танымдық (познавательный) мақсат көздейтін шығармалар құрайды. Мұндай шығармалар тыңдаушы жұртқа жаратылыстың, дүниенің, адамды қоршаған нәрселердің және неше түрлі жан-жануарлардың пайда болуын, олардың мінезінқұлқын түсіндіреді (мифтің барлық түрі, кейбір аңыздар). Екінші топқа мағлұматтық (информативный) мақсатпен айтылатын шығармалар жатады. Бұл шығармалар көбінесе екі-үш адамның сұхбаты, әңгімесі түрінде болып келеді. Мұнда көп жағдайда айтушы өз басында болған ғажайып оқиғаларды немесе естіген хикаясын әңгімелейді (хикая, меморат-әңгіме). Үшінші топтың шығармалары көркемдік-тәрбиелік (эстетическо-воспитательный) мақсатпен айтылады. Бұл шығармалардың көркемдігі жоғары, сюжеті дамыған болып келеді. Бұған классикалық ертегілердің барлық түрі кіреді.
Бұл сараланған проза жанрларының арасында қатып қалған шекара жоқ. Олар өзара тығыз байланысты. Бір-біріне кірігіп жатады. Мысалы, қиял-ғажайып жағдаяттар кәдімгі ауызекі әңгімеде де кездесіп жатады немесе таңғажайып оқиғалармен қатар бір ертегіде болмыстың шындық суреттері де ұшырасады.
Оның үстіне оқиға желісінің дамуына байланысты прозалық жанрлар бір түрден екінші түрге ауысып та жатады. Мысалы, тіршілікте жиі кездесетін бір ғана оқиға жай әңгіме болуы да мүмкін, ал осы оқиға көркемделіп, сюжеттік дамуға түссе, ол аңызға немесе ертегіге айналып та кетеді.
Егер баяндалған оқиғаға ел сенсе, оны құрмет тұтса, онда ол шығарма ертегі жанрына жатпайды, яғни аңыздық проза болып есептеледі; ал, баяндалып отырған оқиғаға тыңдаушы жұрт пен орындаушы сенбесе, одан бір эстетикалық ләззат алса, көңілі қанағаттанса, ол шығарма ертегі жанрына кіреді.
Фольклорлық проза шығармалары табиғатқа табынушылықтың салдарынан да пайда болады. Ондай әңгімелер мен мифтердің алғашқы мақсаты – адамға қас табиғат күштерімен күрес. Сондықтан олардың мазмұны адамның небір мақлұқтармен кездесіп, қақтығысуы, солармен соғысуы болып келеді.
Бірте-бірте фольклорлық проза адамның табиғат күштерімен қақтығысын тікелей бейнелеуден арылады, ол енді көркем жанрға айнала бастайды. Сөйтіп, әу бастағы қарапайым миф, әңгіме енді көркем шығарма бола бастайды. «Шығарма құрылысының қарапайымдылықтан күрделілікке ауысуы, іс әрекеті төтелеп баяндаудан гөрі диалог, монологтар арқылы беруге ұмтылушылықтың бой көрсетуі олардың жаңа деңгейге көшуінің де көрсеткіштері болып саналмақ».
Фольклор жанрларын саралау әр түрлі мақсатта болуы мүмкін. Таза практикалық мақсатпен саралау да, ғылымитанымдық мақсатпен саралау да бар. Практикалық саралау күнделікті жұмыс үшін аса маңызды. Ол қатесіз болмауы ықтимал, бірақ ғылыми тиянақты саралау пайда болғанша оның атқаратын қызметі зор. Мұндай саралауды кітапханалар мен баспалар, архивтер мен библиографтар және фольклорды жинаушылар мен шығарушылар қажет қылады. Кез келген жинақ құрастырушы немесе фольклорлық эскпедиция материалдарын ретке келтіруші қолындағы нәрсені ең алдымен сұрыптайды, топтайды, бір жүйеге келтіруге тырысады. Бұл – саралаудың алғашқы түрі, ол – күнделікті жұмыс барысынан туған қажеттілік. Сондықтан мұндай саралауға жоғары талап қоюға болмайды. Егер практикалық саралау қолдағы материалды дұрыс анықтап, білуге жәрдемін тигізсе, онда ол саралау өте орынды болғаны және міндетін атқарғаны. Міне, осындай саралаудың жақсы үлгісі ретінде біз М. Әуезов пен Е. Ысмайыловтың басқаруымен жинақталып, жарыққа шыққан үш томдық «Қазақтың ертегілерін» атар едік. Мұнда, шынтуайттап келгенде, қазақ халық прозасының негізгі дерлік жанрлары қамтылған. Әрине, олар біркелкі атаумен аталмаған және бірыңғай ғылыми түрде сараланбаған. Бірақ бай материал жақсы жүйеленген. Құрастырушылардың практикалық мақсатында жүйеленген шығармалар жалпы қазақ халық прозасы туралы оқырманға керегінше мағлұмат береді. Сөзіміз дәлелді болу үшін томдарды сипаттап шығайық.
I томның текстері былай жүйеленген: қиял-ғажайып ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер, тұрмыс-салт ертегілер, аңыз ертегілер, Алдар көсе туралы әңгімелер, Қожанасыр туралы әңгімелер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет