Сабақ №12-13 Пән атауы: Математикалық логика Тобы: мк 405 Күні



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі53,5 Kb.
#13576
түріСабақ
  1   2
    Бұл бет үшін навигация:
  • Күні

Сабақтың тақырыбы: Дискуссия жүргізу ережелері. Дебат, пікірталас. Гипотезді құрастыру. (практикалық сабақ № 12-13)

Пән атауы: Математикалық логика

Тобы: МК 405

Күні: 11.05.20

Сабақтың типі: Білім, іскерлік дағдыны қалыптастыру
Ғылым мен мәдени өмір, саясат немесе өндіріс қызметінің төңірегінде теориялық және практикалық мәселелерді талқылау кезінде көп жағдайларда бір мәселе бойынша түрлі пікірлер таласы болып қалады. Кейде талқылай қыза келе пікірталасқа айналып кетеді. Ол қатысушылардың пікірлерінің сипатына қарай екі жақты немесе көп жақты болуы мүмкін.

Шешуін әлі таба қоймаған талас мәселелер жайында сын пікірлер айтылатын пікірталас айтысқа айналып кетеді. Сот процесінде, мәселен, айыптаушы мен қорғаушының арасынағы талас, сондай-ақ азаматтық прцесте ізденуші мен жауапкердің мүдделерінің қарама-қарсылығы сот процесін нағыз айтысқа айналдырып жібереді. Айтыса білу өнері тек дәлелдеу логикасын ғана емес, сондай-ақ бекерлеудің тиімді әдістерін де меңгеруді талап етеді.

Сұрақтың танымдағы рөлі. Алайда, логика «таза» сұраулы сөйлемдердің де ойлау, таным процесіндегі маңызын жоққа шығармайды. Тіл білімі

ғылымының дәлелденуіне қарағанда, сұраулы сөйлемдердегі « таза» сұрақ жаңа білім алуға итермелейтін қозғаушы күш болып табылады, өйткені, сұрақтың өзі жаңа пікірде айтылуы мүмкін болатын белгілі бір білімге, мәліметке сүйенеді. Мәселен, «Бүгін кім кезекші?» , « Сотқа куәлар шақырылды ма?» деген сұрақтардың арғы жағында « Біреу кезекшілікке тағайындылуы тиіс», « Куәлар соттың ортасына шақырылуы тиіс» деген сияқты пікірлер тұр.

Демек, дүниетану, білім алу процеснде сұрақтың атқаратын рөлі айрықша , өйткені таным процесінің кез келгені: ғылыми таным ба, оқу арқылы білім алу ма, немесе күнделікті өмірде бірденені білуге талпыну ма, бәрі де сұрақ қоюдан басталады. Олай болса, сұрақ дегеніміз- біздің біліміміздегі олқылықты, күмәнділікті , айқынсыздықты жоятын жаңа, дәл және толық білімге деген талпыныстың түрткісі.

Білмеуден білуге , толық және дәл емес білімнен толық дәл білімге өтудің түрткісі ретінде сұраққа төменгідей талаптар қойылады.

Біріншіден, сұрақтың астарында белгілі бір білім жатуы тиіс. Мысалға, « Кім алғаш рет Жер шарын кемемен жүзіп, айналып шықты?» деген сұрақтың астарында біреу тұңғыш рет кемемен жүзіп, жерді айналып шыққан екен ғой деген білім жатыр. Екіншіден, бұл білім айқынсыз білім: яғни көмескі білім, өйткені, дүниені тұңғыш айналып шыққан біреу бар екенін білгенмен бірақ аты-жөнін, қай елдің адамы екенін нақты білмейміз. Сондықтан, үшіншіден, ол сұрақ енді білмегенді білуге деген ынтаны тудырып, іс-әрекетке бастаушы болады.

Сұрақ дұрыс тұжырымдалуы немесе дұрыс тұжырымдалмауы мүмкін. Дұрыс тұжырымдалып қойылған сұрақ дұрыс жауап табуға көмектеседі, дұрыс қойылмаған сұрақ білім іздеушіні шатастырады. Сондықтан сұрақ дәл, анық және түсінікті түрде қойылуы тиіс, яғни сұрақтың мазмұнын құратын ұғымдар екі ұшты болмай, дәл және анық тұжырымдалған болуы керек.

Ғылым өзінің ішкі қайшылықтарының ішінде дамиды, өйткені эксперементтің, тәжірибенің жаңа мәліметтері мен ескі теориялардың арасындағы қайшылықтардың нәтижесінде ғылымда жаңа проблемалар, гипотезалар (ғылыми жорамалдар) туып отырады. Ал, бұл соңғылар дүниені бұрынғыдан тереңірек танып білу қажетін тудырады. Мәселен ғылымның көптеген ұлы жаңалықтары (айталық, атомдық физиканың ашқан жаңалықтары) өндірістің қажеттілігінен тікелей туған жоқ, ең алдымен ғылымның ішкі даму заңдылықтарының нәтижесінде туып, адамдар оларды практикада пайдаланудың жолдарын кейін ғана тапты. Ғылым дамуының бұл диалектикасы, дүниетанудың дамуындағы әрбір жаңа қадам жаңа проблемалар тудырды. Ғылым қоғамның бұған дейін қол жеткен біліміне сүйене отырып қана дами алады. Мұнсыз қоғамдық прогресс жүзеге аспайды. Қазіргі кезде ғылымның дамуының өндіріс пен техника үшін шешуші маңызы бар, өйткені ғылымның дамуы өндірісті түбірінен қайта құруға, сапа жағынан жаңа техника жасауға мүмкіндікетер туғызады. Ғылымның зерттеу жұмысы төрт кезеннен тұру керек.

1. Ол зерттеліп отырған мәселенің тарихын баяндау, оған белгілі теория мен шешімдерді, сынауды қосу қажет.

2. Осыған негізделе отырып шешілмеген мәселені нақты анық қою (мәселені қоя білу, дұрыс қойылған мәселе шешудің 50% шешілгендігі).

3. Мәселе қойылғаннан кейін өзінің гипотез ретінде шешімін ұсыну.

4. Осы сен ұсынған шешімді логикалық аргументтерге сүйеніп бақылауларды қолданып негіздеу. Сенің берілген шешімдерін, бұрынғы шешімдермен салыстырғанда артықшылығы қандай-міндетті түрде көрсет. Ақиқат екені әлі тәжірибе арқылы дәлелденіп жетпеген қандай да болса бір құбылысты айқындау үшін ғылымда пайдаланатын жорамалды гипотеза деп атайды.

Гипотезаның ғылымдағы маңызын бағалай келе Ф.Энгельс « Гипотеза – жаратылыстанудың даму формасы » деп атап көрсеткен болатын. Таным процесінің қаңдайын алмайық , табиғат құбылыстарын немесе қоғам өмірін бе , жеке нәрселерді немесе жалпы заңдылықтарды ма, барлығында да жаңа білім алғашында гипотеза формасында пайда болады. Сондықтан да ғылым тарихында расталған гипотезалардың орнына әрдайым жаңа гипотезалар келіп отырады. Гипотеза құру әрдайым зерттелетін құрылыс туралы жорамал-түсіндірме ұсынудан басталды. Ол жеке пікір немесе өзара байланысты пікірлер жүйесі түрінде болады және олар әрдайым ықтимал пікір болады. Ол жорамал пікір ақиқат білмге айналу үшін ғылыми және практикалық тұрғыдан тексерілуі тиіс. Түрліше логикалық әдіс-тәсілдермен ойқорытынды формаларын қолдану арқылы гипотезаны тексеру процесі , ақырында, гипотезаны растауға немесе бекерлеуге әкелуі керек. Зерттеу объектісінің ерекшеліктеріне қарай гипотеза жалпы және жекеше болып екі түрге бөлінеді. Жалпы гипотеза деп табиғи және қоғамдық құбылыстардың себептері мен заңдылықтары және сондай-ақ адамның рухани дүниесінің заңдылықтары туралы ғылыми негізделген жорамалды айтады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет