Сабақ: 2-бөлім: (№1) Абай Құнанбайұлы. Абайдың өскен ортасы. Мектеп: Күні



бет1/3
Дата15.11.2022
өлшемі54,16 Kb.
#50192
түріСабақ
  1   2   3

Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 2-бөлім: (№1)
Абай Құнанбайұлы. Абайдың өскен ортасы.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатыс қан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы. Абайдың өскен ортасы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;
6.2.1.1 шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау;

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: Абай Құнанбаевтың өмірбаянын біледі.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Абай Құнанбаевтың өскен ортасын ажырата алады.
Оқушылардың кейбірі орындай алады: Абай Құнанбаев туралы мәліметтерді жеткізе алады.

Бағалау критерийлері

  • Абай Құнанбаев кім екенін біледі.

  • Абай Құнанбаевтың өскен ортасын ажырата алады.

  • Абай Құнанбаев туралы мәліметтерді жеткізе алады.

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер: ақын, данышпан, халық, жазба әдебиет.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: меніңше, болуы мүмкін, өзгелердің пайымдауы бойынша, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, география, қазақстан тарихы

Осыған дейін меңгерілген білім

Өткенді қайталау.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
5 минут



Сәлеметсіздер ме, балалар! Сабағымызды бастамас бұрын сендерді ой сергітуге шақырамын. Балалар, «Үндеме» тренингі арқылы көңілімізді көтерейік. Мұғалім барлық оқушыларды «Бірінші» және «Екінші» деп санап, екі топқа бөледі. Тапсырма: екі топ үндемей, тек ишарат пен ыммен ғана түсінісіп, туған күндері бойынша сап түзеуі тиіс. Саптың алдында 1қаңтарда туған оқушылар тұрады да, қалғандары туған күндерінің реті бойынша тізіле береді. Енді сабағымызды бастайық! Қызығушылықты ояту. Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Қазақтың бас ақыны кім?

  2. Абай Құнанбаев қашан, қайда дүниеге келді?

  3. Абай Құнанбаевтың қандай еңбектерін білеміз?


Оқулық

Сабақтың ортасы
7 минут

8 минут
10 минут


5 минут

2 минут


Абай Құнанбайұлы – қазақтың ұлы ақыны, данышпаны, композиторы, ағартушы. Ол 1845 жылы 10 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай аудаында дүниеге келген. Ол әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашқан. Он жасқа толған соң, үш жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқыды. Бұл медреседе дін сабақтары, негізінен, араб, парсы тілдерінде жүргізілген. Осы тілдерді білгенінің арқасында Абай шығыс ақындарының ертегі, қиссаларын сол тілдерде оқи алатын болды. Шығыстың атақты ақындары Низами, Науаи, Сағди, Хафис, т.б. шығармаларын ынтамен оқыды. Кейін Абай Семейдегі «Приходская школода» қосымша оқып, орысша сауатын ашқан. Бірақ оқуын бұдан ары қарай жалғастыра алмады. Өйткені әкесі Құнанбай оны әрі қарай оқытпай, қайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп, 13 жастағы Абай ел билеу ісіне араласа бастайды.
Абайдың алғашқы өлеңі он жасында ауызша шыққан. Бұл 1855 жылы болатын. Ол өлең «Кім екен деп келіп ем түйе қуған...» деп аталады.
Ақынның 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған прозалық үлгідегі шығармалары «Қарасөз» деп аталады. Бұл – жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан және «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаладан тұратын еңбек. Абай поэзиясының арқауы – ғылым, білім, еңбек – осы қарасөздерде жалғасын тапқан. Ұлы ақын адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын, адамды аздыратынын айтады.
Ақынның «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі 1889 жылы жазылған. Әрқайсысы алты тармақты бес шумақтан тұрады, көлемі – 30 жол. Бұл шығармасында Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді, яғни, ақын ақыл сөзін өзге ақындарға арнаған-ды.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі 1886 жылы жазылған. Көлемі – 77 жол. Ұлы ақынның бұл өлеңінде ғылымды үйренетін жастар өзінің алдыа қандай мақсат қоюы тиіс деген мәселе көтерілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет