Сабақ №4 Тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі Мақсаты: Тірек-қимыл апппаратының құрылысымен танысу және түрлерін сипаттау



бет1/15
Дата07.01.2022
өлшемі42,83 Kb.
#19100
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Практикалық сабақ № 4
Тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі
Мақсаты: Тірек-қимыл апппаратының құрылысымен танысу және түрлерін сипаттау.
Теориялық сұрақтар:

  1. Қаңқаның қызметі: сүйектердің, бұлшықеттердің түрлері, классификациясы, гиподинамия.

  2. Сүйектердің құрылысы, құрамы.

  3. Қаңқаның құрылысы:

    • Бас сүйек

    • Тұлға

    • Иық белдеуінің сүйегі

    • Жамбас белдеуінің сүйектері

  4. Сүйектердің байланысы.




  1. Қаңқаның қызметі: сүйектердің, бұлшықеттердің түрлері, классификациясы, гиподинамия.

Қаңқа немесе скелет – адам мен жануарлар денесіне тірек және оны сыртқы зақымнан қорғайтын қатты тіндерден құралған, бір-бірімен байланысқан дене сүйектерінің жиынтығы. Қаңқа организмде тірек, қимыл және қорғаныш қызметтерін атқарады; минералдық заттар алмасуына қатынасып, кальций, фосфор, т.б. тұздардың жиналатын қоры болып табылады. Сондай-ақ организмдегі қан түзілуі процесі де осында өтеді. Қанның тірек қызметі: бұлшық еттер, шандырлар, ішкі органдар сүйектерге бекітіледі. Қаңқа сүйектері ұзын және қысқа рычагтар қызметін атқарып, бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде қозғалысқа келеді. Қаңқа органдарды сыртқы әсерлерден қорғайды. Мысалы, бас сүйек қуысы – миды, омыртқа бағанасы өзегі – жұлынды, кеуде торы – жүректі, өкпені, ірі тамырларды қорғайды, ал жамбас астауы – несеп және жыныс мүшелеріне қорғаныш болады.
Қаңқа.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет