Сабақ: 5 Мектеп: 49орта мектеп Күні



Дата06.01.2022
өлшемі24.66 Kb.
#16845
түріСабақ

Сабақ жоспары


Сабақ: 5

Мектеп:49орта мектеп


Күні: 10.11.2020

Мұғалім: Нурланова Д.Е


Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны: 22

Қатыспағандар:1



Сабақтың тақырыбы:

4-бөлім: Сүйіспеншілік пен достық

Адал дос пен амал дос



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

7.1.3.1. Мәтіннен ақпаратты анықтау. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.

7.4.4.1. (ӘТН) – етістіктің болымды және болымсыз түрлерін тілдесім барысында қолдану.



Саябақтың мақсаттары:

Оқушылардың барлығы:

мәтіннің мазмұнын түсіне алады;

Оқушылардың басым бөлігі: Факті мен көзқарасты ажырата алады.

Оқушылардың кейбірі:

Тілдесім барысында етістіктің болымды және болымсыз түрлерін қолдана алады..


Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология: 

Достық туралы ойлар, мақалдар, факт мен көзқарас



Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: 

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.



Осыған дейін меңгерілген білім




Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Дереккөздер


Сабақтың басы

5 минут

2 минут

Сабақтың ортасы
3 минут


3 минут

10 минут

10 минут

10 минут


Ой қозғау

  • Нағыз дос деген қандай болу керек?

  • Сіз кімді нағыз дос деп айта аласыз?

  • Оның себебін қалай түсіндіресіз?

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Тыңдалымалды тапсырма
1-тапсырма. Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа мақалдар таратылып беріледі. Берілген мақалдың мәнін ашып, оған қатысты ой айтылу керек.

1-топ: Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.

2-топ: Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа.

3-топ: Дос сыртыңнан мақтар,

Дұшпан көзіңе мақтар

4-топ: -Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын. Ол әрқашанда сенімді.

Мұғалім кері байланыс береді.



2-тапсырма. Тыңдалым тапсырмасы:.

Факті мен көзқарасты ажырата білу үшін теориялық материалдар еске түсіріледі.



  • Факт – шындығында болған немесе бар нәрселер, яғни шындық.

  • Көзқарас – бұл біреудің немесе бірнеше адамның пікірі, жағдайға байланысты көзқарасы. Шын немесе жалған болатын нәрселерге берілетін субьективті бағасы.

Оқушыларға «Достық туралы ойлар» атты мақала тыңдатылады.


Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның  ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.

Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін  дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ.

«Достық» туралы  нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің  «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген  еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу  деген сөз.  Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.

Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық.

Дос табу оңай, ал оны сақтау  қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.     
Оқушылар топта мақалада айтылған ақпараттардан көзқарас пен фактіні постерде анықтайды.

Ақпараттар

Факт

Көзқарас









Дескрипторлар:



  1. Тыңдалым материалын түсінеді;

  2. Берілген ақпараттан факт мен көзқарасты ажыратады;

Факт мен көзқарас ажыратылып болған соң, жұмыстарын сағат тілімен келесі топтарға ұсынады. Өзге топтар өз кезегінде жұмыстың орындалу барысын бағалайды. Стикерде пікір қалдырады. Әр топ өздерінің жұмысына берілген бағалауды талқылайды. Өз ұстанымдарын дәлелдейді.



3-тапсырма. Жазылым тапсырмасы:

Мәтіннен етістіктерді тауып, оған болымсыздық жұрнағын жалғап сөйлем құраңдар.

1-топ: Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенді сынайын деген замандастары: «Достық нешеу» деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

2- топ: - Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық, - деген екен.

Сонда замандастарының ішінен біреуі тұрып:

- Дұрыс- ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? дегенде:

3-топ: - Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен. Жауабына тәнті болған замандастары Әйтімбеттің шешендігін мойындапты.

4-топ: Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның  ақылын тыңдап, шешім таба аласың.


Презентация


Тыңдалым материалы

http://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/21979/

 http://massaget.kz/layfstayl/bilim/negeli-mir/1524/





Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Бүгін не үйрендің?

Ол сенің өміріңе қаншалықты қажет?

(оқушылар осы сұрақтар төңірегінде бір сөйлеммен жауап береді)




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)











Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?


Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?
Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?
Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.
2.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет