Сабақ 8 Тақырыбы: Шырынды азықтарды алу технологиясы Жоспар



бет1/3
Дата25.01.2023
өлшемі45 Kb.
#62898
түріСабақ
  1   2   3

Тәжірибелік сабақ 8
Тақырыбы: Шырынды азықтарды алу технологиясы
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Шырынды азықтарды алу технологиясы

Шырынды мал азығын даярлау үшін сүрлеу әдісін қолдалады. Сүрлеу дегеніміз – микробиологиялық және химиялық факторларды пайдалана отырып, жемшөпті маңызды биологиялық қосылыстармен байыту және сақтау. Сүрлеудің артықшылығы ылғал жемшөпті ауа райының жағдайларына байланыссыз шырынды күйінде сақтауға мүмкіндік береді. Пішенге арнап жиналған шөпке қарағанда сүрлеу процесі шөптегі қоректік заттардың шығынын кемітеді. Соныен бірге мұнда микробтар көмегімен түрлі органикалық қышқылдар, витаминдер, амин қышқылдары түзіліп, азық сапасы едәуір жақсарады. Онда кейде спирт те кездеседі. Сапалы сүрлемде сүт қышқылы — 15%-тей болады. Осы сүт қышқылының көмегімен азық ұзақ уақыт бұзылмай сақталады, яғни конвервіленеді. Әрине сүт қышқылының қажетті мөлшерде түзілуі үшін сүрленетін азықта жеткілікті мөлшерде қант пен оның эпифит микроорганизмдерінің құрамында сүт қышқылы бактериялары мол болуы тиіс.


Жалпы сүрлем даярлаудың екі әдісін ажыратады: салқын әдіспен жемшөпті сүрлегенде онда температура +30°,+35°-тан аспайды. Бұл үшін көк шөпті шауып, турап, тез арада сүрлем қоймасы – орға салып, әбден нығыздайды, үстінен ауа енбейтіндей етіп, қымтап жабады. Сонда сүрлемде тез арада органикалық қышқылдар, соның ішінде басым көпшілігі сүт қышқылы түзіледі. Сапалы сүрлемде аз мөлшерде болса да сірке қышқылы болатыны анықталды. Бірақ сірке қышқылы бактериялары аэробты микроорганизмдер болғандықтан, сүремде тіршілік ете алмайды. Сонда сірке қышқылының түзілу себебі неде? Сүрлемде тіршілік ететін сүт қышқылы бактерияларының ішінде гетероферментативті топтары қанттан сүт қышқылымен бірге сірке қышқылын түзуге бейім келетін де түрлері бар екен. Салқын әдіспен даярланған сүрлем 8-10 күн ішінде даяр болады. Оның түсі жасыл-сары, иісі тұздалған овощ немесе жеміс иісіндей болады. Мал оны сүйсіне жейді.
Ғалымның анықтауы бойынша сүрленетін жемшөпте рН-ты 4,2 жеткізуді қамтамасыз ететін сүт қышқылының түзілуіне қажетті қанттың проценттік мөлшерін «қант минимумы» деп атайды. Бұл теорияның көмегімен өсімдіктердің сүрленгіштігін алдын ала анықтауға болады және ол барлық өсімдіктерді сүрлену дәрежесіне байланысты үш топқа бөлуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет