Сабақ: «Қалай оқу керектігін үйрену»



бет1/2
Дата28.04.2022
өлшемі36.42 Kb.
#32667
түріСабақ
  1   2

НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН САБАҚ: « ҚАЛАЙ ОҚУ КЕРЕКТІГІН ҮЙРЕНУ» МОДУЛІН ӨЗ САБАҒЫМДА ҚОЛДАНУ

Калиева Назекет Мадиевна

А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы
Оқушылардың білімді болуы, қазіргі заман талабына сай білім алуы, мұғалімдердің білімді болуын және кәсіби шеберлігін қажет етеді. Әр ұстаз өзінің жұмысын шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай сабақты түрлендіріп, сабақта әр-түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланып, топтық,жұптық жұмыстар жүргізу арқылы сабақты бірлесіп оқу арқылы, нәтижеге жетеді.

Мен орыс сыныптарына қазақ тілінен беретін болғандықтан, оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, танымдық қабілетін дамытумен қатар, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру басты мақсатым болды. Бұл орайда мен «қалай оқу керектігін үйрену» модулін таңдағанды жөн көрдім. Өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде өз ойын жеткізе алмай қиналып жатады. Сол себептен өз тәжірибемде оқушылардың өзіндік ойлау, сұрақ қойып, жауап беру, сөйлем құрастыру, сөйлеу қабілеттерін қалыптастырғым келді. «Қалай оқу керектігін үйрену» модулінің атауы «өзін-өзі реттеу» үдерісіне жатады. Бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжирибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады. «Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын ықпал ететін бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады. Метатануға танымдық үдерістерді білу, түсіну және реттеу немесе танымдық үдерістерді қарастыру үшін танымдық үдерістерді қолдану, соның ішінде қатесін танып білу және ойлауды бақылау деген анықтама беруге болады. Өз жұмысының нәтижесінде Флейвелл (1976) метатану өлшеудің үш құрылымын сипаттай отырып, балалар метатануының мониторингі мен талдауының негізін анықтады:



  • білім алушы тұлға өзі туралы білімі;

  • мақсаттар мен тапсырмалларды білу, түсіну және бағалау;

  • тапсырманы орындатуға қажетті стратегияларды білу және оларды бақылау.

Бірінші өлшем жеке білімге қатысты; өзін оқушы ретінде тани отырып, бала мысалы, өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезінеді, оқу үдерісінде не ұнайтынын, не ұнамайтынын түсінеді және жеке мақсаттарды белгілеу қабілеті туындайды. Флевелл оқушылардың өзінің оқуын саналы түрде сезіну дамыған сайын балалардың басқа оқушылардың да өз оқуына қатысты таңдауы, күшті және әлсіз жақтары бар екендігі туралы метатанымдық түсінігінің де кеңейтетіндігін анықтады.

Флейвелдің екінші өлшемі тапсырмаға бағытталған, ол оқушының өз мақсаты мен тапсырмаларын білу,түсіну және бағалауды қамтиды. Метатанудың бұл аспектісі оқушының тапсырманы қалай таңдайтынын және бағалайтынын немесе күрделілік деңгейін қалай салыстыратынын көрсетеді.

Сондай-ақ үшінші метатанымдық құрылымды Флейвелл тапсырманы орындауға қажетті білім мен тәсілдерді бақылау деп анықтайды.

Өздігінен реттелетін оқудың үш елементі аса маңызды болып табылады. Перри 2002



  • Тапсырмамен жұмыс барысында өздігімен бағыталушылығы.

  • Оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы.

  • Проблеманы шешу мен мақсатқа жетуге арналған әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.

Таңдалып алынған тапсырмалар өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға ықпал етуі қажет.Өздігінен реттеу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгейіне өтуге ықпал етеді.

Оқудың әлеуметтік - мәдени теориясын дамыту барысында Выготский оқушының өз бетінше қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек немесе «маңызды» адамның көмегімен қамтамасыз етудегі ролі туралы жазады; мұндай оқудың әлеуметтік көлемі «Жақын арадағы даму аймағы» - ЖАДА ретінде анықталды.

Мен үшін ең басты міндет жеті модулді өз сабағыма ендіру. Көкейімде қалай сабағымды түрлендіріп, одан әрі оқушыларды ынталандырсам деген сұрақ пайда болды? Мерсер мен Литатон өз еңбектерінде диолог сабақта оқушылардың қызығушылықтарымен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті. Олар:


  • Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді.

  • Оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі.

  • Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі.

Диалог арқылы оқушылардың тілдік қарым-қатынасы, сөздік қоры, ойлау қабілеті дамиды. Диалогті оқыту баланың қабілеті мен талантын ашуға көметеседі. Оқушының бойында еркін пікір айтуға деген құлшынысын арттырады. Белсенділігін арттырады. Сабақ кезінде ең қиын кездесетін жағдай ол – оқушылардың ойларын еркін жеткізе алмауы, сөздік қорының жоқтығы, сөйлем құрай алмауы. Диалогты оқытудың өзі осы мақсатыма, осы мәселені шешуге көп септігін тигізді. Сыныптағы диалогтік әңгімені дамытудын Мерсердің (2000) зерттеуі бойынша 3 түрі бар.

  • Әңгіме- дебат;

  • Кумулятивтік әңгіме;

  • Зерттеушілік әңгіме.

Мен өз сабақтарымда диалогтік әңгімелесудің 3 түрін қолдандым десем де болады. «Наурыз – түркі халықтарының дәстүрлі мейрамы» тақырыбындағы сабақты бастамас бұрын «Ой сергіту» сәтін ұйымдастырдым. Оқушылармен бірге шеңберде тұрып қолдарын жоғары көтеріп,беліне қойып, шеңберде айналып киіз үйді бейнеледім. Киіз үйдің құрлысы туралы шағын видео көрсетіп.

«Егер сіздер бүгінгі сабаққа әдемі көңіл-күймен келген болсаңыздар, оң қолдарыңызды көтеріңіздер...

Егер сіздер өз білімдеріңізге сенімді болсаңыздар сол қолдарыңызды көтеріңіздер...

Егер сіздер бүгінгі сабаққа дайынмын десек, қолымызды алға созамыз...

Ал, ендеше сабағымызды бастаймыз десек, қол соғамыз» - дей келе жағымды орта қалыптастырдым.

Оқушыларды «мазайка» әдісі арқылы Қызғалдақ, Раушан, Бәйшешек қима қағаздары арқылы 3 топқа біріктірдім. Топқа біріктіргеннен кейін оқушыларда келіспеушіліктер кездесті, мен оларға мадақтау сөздерімді айтып, ескерту айтып бір жүйеге келтірдім. Оқушылар шеңбер құрып «доп лақтыру» әдісі бойынша өткен тақырыптардағы сөздерді қайталады. «Үштік одақ» құру арқылы өткен тақырыпты пысықтады. Берілген сөздерге сұрақ-жауап ұйымдастырды. Оқушылар бірін-бірі Жапондық әдісі арқылы бағалады. О-О-О тамаша керемет! М-М-М ойлану керек.Дұрыс келісемін! Басқа көзқарасым бар! Толықтырамын!

Миға шабуыл. Сурет арқылы сабақ тақырыбын болжады. Сабақтың мақсатымен таныстырдым. Мағынаны тани отырып мәтінмен жұмыс тапсырамалары берілді. Мәтінді түсініп оқып, таныс емес сөздерді түртіп алу еді. Сабақ барысында топтағы оқушылардың іс-әрекетін көруге болады. Топ ішіндегі оқушылардың берілген тапсырмаға белсене қатысып отыруын өз беттерімен жаңа материалды меңгерулерін, жұпта және топ ішінде талқылауын бақыладым. Топтағы әрбір оқушы мәтінді түсініп оқып, дәптерге таныс емес сөзді түртіп алды. Содан кейін өз ойларын, пікірлерін бөлісе отырып, «Суретті сөйлет» әдісі бойынша. Сұрақтарға жауап бере отырып, суреттер бойынша оқиға желісін баяндады.Осы тұрғыда топтық жұмыс жасау оң нәтижесін берді.Әңгіме-дебат барысында оқушылардың ой пікірлерінде үлкен алшақтық болды және әркім өз шешімдерінде қалды. Ресурстарды біріктіруге аздаған талпыныс жасалды. Қарым –қатынас көбіне « Иә бұл солай», «Жоқ олай емес» деген бағытта жүзеге асты.

Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталды. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріп отырдым. Таратпа материалдар, кеспе қағаздар беру арқылы оқуға қызығушылығын арттырдым. Оқушыларға көбіне «Семантикалық карта» бойынша мәтінді талдау ұнады. Өйткені олар Семантикалық карта ішіндегі сұрақтардың жауабын өздері таңдап алды. Өзі таңдаған сұрақтың қиын болуы да, оңай болдуы да өз таңдауларында болды. Оқушылар «Ұяшықтағы ұпайлар» ойыны бойынша сабақты пысықтау мақсатында сұрақты топпен талқылап жауап берді.



Кері байланыс алынып, ішкі уәждерін ескере отырып, ертеңгі сабақта нені? қалай? қайтіп? оқыту керектегін түсіндім. Менің түсінгенім: оқушылардың пікірлерінің құндылығы, топта жұмыс жасағанда бір-бірімен тығыз қарым қатынаста диалог орнайтындығы. Мен сабағымда «қалай оқу керектігін үйрену» модулін соның ішінде жаңа тәсілдердің көрініс тапқанын білдім. Әйтседе уақыт тапшылығана байланысты оқушылардың ашылмай қалған қырларын зерттеу менің алдағы мақсатым болды. Үздіксіз білім алудың басты қағидасы осы жеті модулмен тығыз байланысты екендігіне көз жеткіздім. Жеті модулдің бірі «қалай оқу керектігін үйрену» жұмыс жүргізгендегі жетістіктерім: сұрақ қойып, жауап беруге машықтанды. Өз ойларын еркін айтуға дағдыланды. Оқушылардың шығармашылық белсенділіктері және сын тұрғысынан ойлау әрекеттері бағаланды. Сыныпта достық қарым-қатынас орнады. Пәнге деген қызығушылықтары артты. Нәтижелі білім алу үдерісі мұғалімдердің өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен амал көзқарастарына зейін қойып, зерделей білген білім модулдері аясында ғана жүзеге асады. Оқыту үдерісінің басында оқушылар не біледі? Оларда қандай қате ой түйіндері бар және бұны түзету үшін әр тапсырма орындалған сайын кері байланыс алып, оқушыларды іштей өзін-өзі реттеуге бағыттап отырдым. Егер мұғалім мен оқушының білім игерудегі бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. Онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздерінде де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырып, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін мүлдем ұмытып қалады. Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектісіне белсене қатысу керек; олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер – оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Оқушылардың алған ақпаратты есте сақтауының орташа пайызы; дәріс 0%, оқу 10%, аудио-визуалды қабылдау 20%, көрсетілім 30%, талқылау 50%, Тәжірибеде жасау 75%, өзгелерді оқыту 90%. (Бефель). Уақытты тиымды жеткізу үшін, оқушыларға берілетін тапсырмаларды азайтып, олардың сапасын көтеру керек. Әр сабақта Блум таксономиясының алты деңгейіне сәйкес келетін алты тапсырма берудің орнына алты деңгейді қамтитын бір тапсырма бердім. Олай болу үшін тапсырмалардың барлығы да жоғары Талдау, Жинақтау, Қолдану немесе Бағалау деңгейлерінде болды. Тайм менджментті жақсы қолдану керек: сабақ жоспарын әр минутына дейін нақтылап, соны міндетті түрде қадағаладым. Оқушыларды да уақытқа бағынуды үйреттім. Әр топта уақытты қадағалаушы болды. Тапсырманы аяқтауға берілген уақыт болған жұмысты тоқтатпау керек. Сонда ғана уақытты тиімді пайдалануға болады. Осындай талап қойып, оқушылар бірден жұмыс істеуге, тапсырманы уақытылы дұрыс орындауға, белсенділік танытуға дағдыланды. Осылайша оқушыларды өзін-өзі басқаруға, өздігімен жұмыс жасауға, бірін-бірі үйретуге, тексеруге үйреттім. Оларға еркіндік бердім, топтық жұмыс пен жұптық жұмыста өз пікірлерін білдіріп,өзара ақылдасып,сабақты бірлесе оқыды. Мысалы менің екінші cабағымның тақырыбым: "Қазақы наурызнама" сабақты бастамас бұрын бірінші оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырдым.Мен сабағымды ребус шешуден бастадым. Тәтті кәмпиттерді тарату арқылы оқушыларды топқа біріктірдім. Әр топқа бөлек тапсырма беріп, оқушылар оны топ ішінде игеріп болғаннан кейін топ құрамдарын өзгертіп, оларға екінші топқа өз тақырыбында үйретуді ұйымдастырдым.(жигсо тәсілін қолдану арқылы). Оқушыларға «Даналық сөзден дән ізде» ойынын ойнаттым. Бірінші топ мақал-мәтелдің екінші жартысын жоғалтушылар. Екінші топ мақал-мәтелдің жалғасын табушылар. «Сөз асылы мақал» Ұсынылған мәтінді топ ішінде оқып, аударып, мәтін мазмұнына мақал-мәтел жазды. Оқушыларға топ ішінде суреттер берілді.Сол суретке қарап мақал-мәтел тапты. Оқушылар топ ішінде «Веен» диограммасы арқылы, «Наурыз» сөзінің шығу тарихы мен «Наурыз» мерекесінің айырмашылығын салыстырып,түсіндірді. «3*3» тәсілі арқылы оқушылар бүгінгі сабақта үйренген Наурыз мерекесінің шығу тарихын үш оқушыға айтып берді. Оқушылар Наурыз - бірліктің мерекесі екенін топпен оқу арқылы, бірлік бар жерде тірлік бар екенін түсініп. «Наурыз - бірліктің мерекесі» деген тақырыпта эссе жазды. Әр тапсырма орындалған сайын оқушыларға кері байланыс беріп,мақтау сөздер айтып, оқушыларды жігерлендіріп отырдым. Зерттеушілік әңгіме үстінде әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынды. Әркімнің идеясы бағалы деп саналғанымен ,мұқият бағаланды. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, айтқандарын дәлелдеді, осылайша әңгімеде дәлелдеме көрінді. Менің өз сабақтарымда кемшіліктер де кездесті. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» демекші, тәжірибелі әріптестерім сабақтарыма талдау жасап, кемшіліктерімді айтып, түсіндірді. Әрине, ол мен үшін қуаныш. Алайда, сабақтарымда кемшіліктер мен қатар жетістіктерге де қол жеткіздім. Алға қойған мақсатым кемшіліктерді жою, кедергіден шығу жолдарын іздей бастадым. Мен нені өзгерте аламын? Өз сабағымда дәстүрлі білім беруді, сындарлы оқытумен алмастырамын. Осы өзгерісті енгізу барысында өзіме мынындай мақсат қойдым.

Өткізілген сабақтар оқушылар үшін өте қызықты сабақтардың біріне айналды. Алғашқы сабақтар қарапайым тапсырмалардан басталды.

«Мұғалім ретінде бұл талапқа сай болу үшін ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасап, өмірдегі болып жатқан өзгерістерді тез ұғынып, тынбай еңбек ету керектігін түсіндім. Үшінші сабағымның тақырыбы: «Наурыз - уыз мерекесі». Сабақта «Алты қалпақ» әдісін қолдану арқылы оқушылардың сыни қабілеттерін байқағанды жөн көрдім. Оқушылар қалпақ түсіне қарай түрлі – түсті топқа бірігіп,түрлі-түсті конверттегі жұмбақтың шешуін тапты. Әр тапсырма сайын оқушылар бірін-бірі жетон арқылы, фишкалар арқылы бағалап отырды. Логикалық ойындар ойнады. «Ойлы болсаң ойлап көр» әдісі арқылы жұптасып сұрақ құрастырып, өздері құрастырған сұрақтың шешуін,келесі жұп шешті. Кумулятивтік әңгіме барысында байқалған жайлар. Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әр қайысысы механикалық түрде келісе берді. Әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгендіктен оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандайда бір болсын идеяларды төзімділікпен тыңдады.Сабақ оқушыларға қызықты,көңілді өтті.

Мектептерде «Оқушы үніне» көңіл бөлуге баса назар аударылып келеді.Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жаратушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – оқушының көзқарасы тұрғысынан оқудың не екенін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазды. «Қалай оқу керектігін үйрену» бойынша жүргізілген ауқымды зерттеу барысында Кембридж университетінің зерттеушілері «Оқушы үні» жобасы бойынша жұмысқа тартылды. Ол жобаның мақсаттары ;



  • Оқушының оқыту мен оқу туралы пікірін ескеру;

  • Оқушылардан кеңес алудың әдіс-тәсілдері бойынша, мұғалімдерге арналған нұсқаулық әзірлеу.

  • Мектепте ашық және қауыпсыз диолог құрудың проблемалары мен мүмкіндіктерін анықтау болатын.

Мен сабақ соңында стикерлерге оқушы үнін жаздырып, оқушының пікірін тыңдап,оқушының да пікірі маңызды екенін ескеріп, оқушылардың өзіне сенімділігін қалыптастырып, келесі сабағымды жоспарладым.

Қорыта келгенде, оқуға үйрету оқушылардың қалай ойлайтынын әрі қарай қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту, қабілетін дамытудан тұрады.Олар өздері оқудың әр-түрлі әдістерін түсіну арқылы, сұрақ қоя отырып, қателесе отырып өздігінен білім алуға үйренеді.Кері байланыс алу арқылы, қате пікірлерді іштей түсінуіне әр –түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып нәтижеге жеттім. Мен сабағымның барысынды осыған көз жеткіздім.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет